Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м а. 2011 жылғы 21 сәуірдегі №216 Бұйрығы «Ішкі су көлігі туралы»



бет9/31
Дата09.06.2016
өлшемі2.69 Mb.
#125266
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31
46. Сыныптамалық куәландыру

 

353. Кемелік құрылғыларды және жабдықтарды сыныптамалық куәландыру кемені сыныптамалық куәландыру мерзімінде жүргізіледі.

354. Сыныптамалық куәландыру кезінде Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері атқарылған жұмыстың көлемі мен сапасын растайтын құжаттарды тексереді: жұмысты қабылдау туралы актісі, ауыстырылған агрегаттарға, тораптарға, алмалы-салмалы бөлшектерге және жабдықтау объектісінің сертификаты, жүргізілген сынақтар нәтижесі бойынша актілер.

355. Сыныптамалық куәландыру кезінде Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері кезекті куәландыру кезінде қойылған талаптардың орындалғандығына, жөндеу бойынша, құрылғыларды ауыстыру мен жинақтауға дейін, құрал-жабдық пен жабдықтаудың барлық жұмыстарының аяқталғандығына, ал осы Қағиданың 342-тармағында көрсетілген құжаттар тиісті үлгіде ресімделгеніне көз жеткізеді.

356. Кемелік құрылғыларды сыныптамалық куәландыру және жабдықтау кезінде мыналарды жүргізеді:

1) осы Қағиданың 359-370-тармақтарында көрсетілгендерді сынау және тексеру;

2) егер құрал-жабдықты ауыстырумен маңызды жөндеу жұмысы жүргізілген болса, кемелік құрылғыларды кеңейтіп сынау (ТБЖҚ қолданылатын).

357. Құрылғылар мен жабдықтарды сыныптамалық куәландырудың нәтижесі сыныптамалық куәландыру актісінде көрсетіледі.



 

 

47. Жыл сайынғы куәландыру



 

358. Кемелік құрылғылармен жабдықтарды жыл сайынғы куәландыру корпусты жыл сайынғы куәландыру мерзімінде жүргізіледі.

359. Рульдік құрылғысын куәландыру кезінде рульдік жетектің, штуртростың, білікше сымдар, румпель, секторлар, буферлік серіппе, басқару бұрылуын шектегіш, гидроцилиндрлер, сорғылар, құбырлар және гидро жетектегіш арматура, сондай-ақ басқа да қарауға мүмкін бөліктері қаралады.



Рульдік құрылғы басты қозғалтқыштардың тоқтатылған және әр түрлі режимдегі жұмыс істеуі кезінде әрекетте тексеріледі. Негізгі рульдік жетекті рульді борттан бортқа бірнеше рет қою, қорды - кеменің алдыңғы жүрісінің жылдамдығы 60 % асқан кезде, рульді борттан бортқа қою арқылы тексеріледі. Бір мезгілде аксиометрдің дұрыстығы тексеріледі.

Негізгі және қордың рульдік жетектегі тоқ берудің негізгі, сондай-ақ авариялық түрінде әрекет кезінде тексеріледі.

Рульмен басқару құрылғылары әрекет кезінде тексеріледі.

360. Зәкірлік құрылғыларды қарау кезінде зәкірдің түрі және көлемінің сәйкестілігіне, сондай-ақ жобаға калибр мен шынжыр ұзындығы, зәкірдің жылдам беру мүмкіндігін және тоқтатын құрылғыға назар аударады.

361. Будың тұтану температурасы 60 оС төмен мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған мұнай құятын кемелерінің зәкірлік құрылғысын қарау кезінде, шынжырлы жәшіктерге су құйғанда өткізгіштігін тексереді.

362. Зәкірді немесе шынжырды ауыстырған жағдайда Кеме қатынасы тіркелімі сертификатының бар болуын тексереді.

363. Шлюпкалық қондырғы және құтқару шлюпкалары, шлюпкаларды түсіру және көтеру жолымен мұқият қаралады және сыналады.

Сонымен бірге құтқару шлюпкаларының жинақтылық жабдықталуы осылай тексеріледі.

364. Тізбекті құрылғыларды қарау кезінде корпустық конструкцияның тізбекті аралықтарының бекітілу жағдайына, іргетас және бекіткіш басына, шатунға, іргетасқа салпыншақ плитаның бұранды жалғануларына аса назар аударады. Екі бекіткішті авто тізбекті қарау кезінде корпустың бекіткіш жағдайына, ұстағышқа, түсіру құрылғысының және қарауға мүмкін басқа бөліктер мен тораптардың ұстағыштарына назар аударады.



Арқанды шынжырлы құрылғыларды қарау кезінде, арқанның, оның жалғану, арқанды қысқарту және керілген құрылғы мен көрсетілген құрылғыларды кеме корпусына бекіту жағдайын тексереді.

Итерілетін кемемен жалғағыш пен ағытқышқа бақылау немесе кеме иесімен авто шынжырдың формулярына жазумен осындай тексеру жүргізуді талап етеді.

365. Тіркеп-сүйрегіш құрылғыны қарау кезінде тіркеп-сүйрейтін гактың, тіркеп-сүйрейтін арқанның, тіркеп-сүйрейтін кнехтың жағдайын, олардың кеме корпусына бекітілу сенімділігінің және шектегіш құрылғы жағдайын тиісінше тексереді.



Тіркеп-сүйрейтін гактың оған бекітілген арқанмен қозғалуын, зәкірлік арқанның гактан берілуін, гактың құрылғысының рубкадан қашықтықтан берілуін, қашықтықтан және жергілікті басқару постыларынан зәкір жүкшығырының қанатты таңдау және өңдеу жұмыстарын, барабанның өздігінен тежелетін жетектегіш және арқанды еркін бүлдіруден өшіруді, жұмыс механизмін, тежегіштерді және шығырдың электр жабдықтарын тексереді.

366. Сигнал беру құралдарын тексеру кезінде сигналдық-айырғыш шам, дыбысты және пиротехникалық құралдардың Кеме қатынасы тіркелімінің талаптарына сәйкестілігін тексереді.



Шамдар және дыбыстық құралдар әрекет кезінде тексеріледі.

367. Кемелік жабдықтауды қарау кезінде құтқарғыш, навигациялық, авариялық және өртке қарсы жабдықтардың белгіленген нормаға сәйкестігін тексереді.



Жабдықтаудың техникалық жағдайын ішкі қараумен тексеру керек.

368. Ішінара бақылау жолымен Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері жеке құтқару құралдарының құтқару дөңгелектері, көкірекшелері және кеудешелері тексеру күні көрсетілген тексеру туралы мөртабан қойылып тексерілгендігіне көз жеткізеді.

369. Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері кеме иесімен жүргізілген үрленген құтқару салдарының құжаттарын тексереді және контейнерлермен, гидростатистикалық құрылғылармен және баллондармен бірге тексеру және салдарды қайта салу жыл сайын екендігіне көз жеткізеді, ал сондай-ақ суға түскен жағдайда, газ толтыру жүйесінің іске қосылуы және жарамайтын ақауларды байқағанда, Кеме қатынасы тіркелімінің Тану туралы куәлігі бар мекемелермен жүргізіледі.

370. Басқару рубкасын көтеруге арналған құрылғыны рубканы көтеру және түсіру жолымен әрекет кезінде тексеріледі. Бір мезгілде басқару рубкасының өз салмағымен түсіру мүмкіндігі, кез келген аралық орында рубканың анық шегенделуін және соңғы сөндіргіш әрекеттері тексеріледі.

371. Құрылғы, құрал-жабдық және жабдықтауды жыл сайынғы куәландыру нәтижесі жыл сайынғы куәландыру актісінде көрсетіледі.

 

 

48. Техникалық жай-күйін анықтау



 

372. Кемелік құрылғы және жабдықтаудың техникалық жай-күйі алдыңғы куәландыру актісін қолданумен куәландыру нәтижесі және тозу, ақау, зақымдану, істен шығу мәліметтері, кеме иесімен ұсынылған құжаттама бойынша жүргізілген жөндеулер мен ауыстырулар (формулярмен, сынау актісімен, өлшеу нәтижесімен) бойынша анықталады.

373. Кемелік құрылғы және жабдықтаудың тозу және ақаулық нормасы техникалық шарттарға, ұйымдастырушы-дайындаушының нұсқаулықтары мен формулярларына, Кеме қатынасы тіркелімімен танылған нормативтік құжаттарға, сондай-ақ осы Қағиданың 375-тармағының нұсқауларына сәйкес белгіленеді.

374. Егер куәландыру кезінде тозу және ақау нормасы асып кетпесе, құрылғы жұмысқа қабілетті жағдайда болса, ал жабдықтау Кеме қатынасы тіркелімі талаптарымен бекітілген нормаға сәйкес болса, кемелік құрылғы және жабдықтаудың техникалық жай-күйі жарамды деп табылады.

375. Кемелік құрылғы және жабдықтаудың техникалық жай-күй мынадай жағдайларда жарамсыз деп табылады:



1) егер олардың механизмінің және конструкцияларының жарамайтын тозулар, ақаулар немесе істен шыққан құрылғылары табылса;

2) кемелік жабдықтың жинақсыздығында;

3) егер кемелік құрылғының элементтері болатын (басқару, зәкірлік, тарту, шынжырлы, арқандап және шлюпкалы), болат арқандардың сымдарының үзілу көлемі, кез келген жерінде сегіз диаметріне тең олардың ұзындығында сымның жалпы саны 10 % құраса, сондай-ақ арқанның (тығылу, жұмарлану, қазық) шектен тыс бүлінуінде;

4) егер кемелік құрылғы элементі болып табылатын шынжырда, әбден тозу бөлімінің орташа диаметрі 20 % артығырақ, ал «М-СП», «М-ПР» және «О-ПР» сыныпты кеменің зәкірлік шынжыры номинальды диаметрде 10 % төмендесе, сондай-ақ сызат, кернегіштің (әлсіреген кернегішті бекіту кернегіштің бір ұшынан электр дәнекермен немесе түйінді ораумен рұқсат етіледі) түсу және әлсіреуі;

5) рульдің баллерін бұрау кезінде 100 көбірек немесе бұралған баллерде бұралу бұрышына қарамастан сызаттың болуы (баллерді 50 -100 дейін бұрау кезінде босаңдату немесе шпонканы тоқтату). Су үстінің қанатында кеме рулінің баллерін бұрауға рұқсат етілмейді;

6) егер гельмпорттағы төлкенің саңылау мәні осы Қағиданың 28-қосымшасында көрсетілген нормадан асса;



7) руль ұшының, бұрылатын сұғындырманың, тұрақтандырғыштың қаптамасының қалдық қалыңдығы жобалық қалыңдықтан 0,7 кем емес болса.

376. Құтқару, навигациялық, авариялық және өртке қарсы жабдықтың жеткіліксіз мөлшерінде Кеме қатынасының тіркелімі кемені пайдалану шарттарын өзгерткен жағдайда (жолаушы кемелерде жолаушылар санын азайту, жүзу аумағында пайдаланған шектеу) жүзуге рұқсат етіледі. Сонымен қатар кемедегі бар жабдықтар пайдалану шарттарының өзгерісін ескере отырып Кеме қатынасы тіркелімінің Қағида талаптарын қанағаттандыру қажет.



 

 

10-бөлім. Жүк көтеруге арналған құрылғыларды куәландыру



 

49. Жалпы нұсқаулар

 

377. Осы бөліммен кемелер мен жүзу қондырғысында орнатылған жүк көтеруге арналған құрылғыларды куәландыру регламенттенген:

1) жүзбелі кранның жоғары жағының құрылысы;

2) кеме крандары;

3) жүзбелі доктағы крандар;

4) жүк көтеруге арналған жебе;

5) бөлімшеде жүктерді көтеру мен түсіруге арналған электр жетекпен жүк көтерімділігі 250 кг және одан жоғары кеме лифтері.

378. Куәландырудың кез келген түрінде жұмыс істеуін, дұрыстығын және іске қосылудың сенімділігі тексеріледі:



1) жүк көтеруге арналған құрылғының қауіпсіздік құрылғысы мен құрал-жабдықтары: жүк көтерудің шектеуіші, кернеудің өшірілу және тұйықтау жүйесі, ақырғы ажыратқыштар, қорғағыш жерге қосу мен теңестіру, пневмо және гидро жүйенің сақтандырғыш клапандары, қорғаушы футлярлар;

2) кран жұмысы тоқтатылуы тиіс жел жылдамдығына жеткен кезде автоматты түрде кранның жұмысын тоқтататын немесе сигнал қосқыш құрылғылар;

3) тежегіштер, ұстаушылар;

4) авариялық ажыратқыштар, есіктің тұйықталуы, траптар және қоршаулар;

5) жарық және дыбысты сигнал беру.

379. Әрбір куәландыру алдында Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері жүк көтеру құрылғысын сынау туралы актісін, арқандар мен алмалы бөліктердің сертификатын тексереді, кеме иесімен табылған ақаулар, зақымданулар, ақаулығы мен оларды жою туралы жазбамен танысады.

380. Жүк көтеру құрылғысы нормалық қызмет ету мерзімінен асқанда, ал ол туралы мәліметтер үшінші кезекті куәландыру кезінде болмаған жағдайда және әрбір кейінгі 3 жыл сайын кеме иесі жүк көтеру құрылғысының металл конструкциясының техникалық жағдайы туралы Кеме қатынасы тіркелімінің Тану туралы куәлігі бар ұйымдардың тексеру және қорытынды нәтижесін ұсынады.

Ұйыммен танылған қорытындыда бір жылға дейін қысқартылуы мүмкін металл конструкцияның техникалық жағдайына байланысты мынадай тексеру мерзімі белгіленеді.

381. Жүк көтеруге арналған құрылғыларды мынадай сынақтарға алады:



1) номиналды жүк көтеру құрылғысының жүк көтерімділігінің 1,25-ке тең салмақты байқау жүгімен статистикалық сынақ;

2) номиналды жүк көтеру құрылғысының жүк көтерімділігінің 1,1 тең салмақты байқау жүгімен динамикалық сынақ.

Сынақ үшін арнайы дайындалған байқау жүктері қолданылады.

Байқау жүк орнына динамометрді қолдануға тыйым салынады.

Ауыспалы аралықты кранының байқау жүгі ең көп және ең аз аралық кезінде көтерілуі қажет, ал аралыққа байланысты ауыспалы кесте жүк көтерімділігі-әрбір жүк көтерімділігіне орнатылған ең көп және ең аз аралық кезінде көтеріледі.

Байқау жүгімен сынақ кезінде жүк көтерімділіктің шектеуіші өшіріледі.

Егер сынақ кезінде құрылғының пайдалану қауіпсіздігіне әсер ететін ақау табылса, зақымданған бөліктер мен тораптарды ауыстыру немесе жөндеу қажет, онан кейін сынақ қайталанады.

Сынауды кеме иесінің құзыретті тұлғалары жүргізеді.

Көрсетілген сынақтар нәтижесі бойынша акт жасалады.

Сыныптамалық куәландыру алдындағы сынақтар кезінде Кеме қатынасы тіркелімі қызметкерінің қатысуы міндетті.

382. Крандардың статискалық сынаулары металл конструкцияның беріктілігін тексеру мақсатында жүргізіледі, сонымен бірге жебе жүк 100-200 м жоғары көтерілгенде кранның ең аз тұрақтылыққа жауап беретін орынға орналастырылады. Қозғалмайтын жағдайда байқау жүгін кранмен 10 минуттан артық ұстамау қажет. Сынау аяқталғаннан кейін металл конструкция мұқият қаралады.



Егер сынақ кезінде көтерілген жүк түсіп кетпесе, сондай-ақ сызат, қалдық деформация және металл конструкция және механизмдердің басқа да зақымдануы табылмаса, кран статискалық сынақтан өтті деп есептеледі.

383. Статикалық сынақтан кейін, егер оның нәтижелері қанағаттанарлық болса, оны толық жылдамдықпен 3 реттен кем емес байқау жүгін көтеру және түсіру жолымен динамикалық сынақ жүргізеді.



Динамикалық сынау механизм және тежегіштің әрекетін тексеру мақсатында жүргізіледі.

Бұрылу крандарының жебелерін екі реттен борттан бортқа орнын ауыстыру немесе барлық жұмыс диапазонының бұрылу шегіне айналдыру қажет. Бір мезгілде аралықты ең аз мәннен ең көп мәнге дейін өзгертеді.

Жүк көтерімділігі ауыспалы крандарда (ұшуға байланысты) сынауды осы ұшуға сәйкес байқау жүктемесімен ең көп және ең аз аралықта сынау жүргізеді. Қозғалыстың барлық түрі толық жылдамдықта орындалады.

Динамикалық сынақ кезінде жүктің еркін ұзындығында және жебенің еркін орнығуында көтеру механизмін аяқ астынан тоқтату жолымен тежеуіш жұмысын тексереді.

384. Жасалған немесе күрделі жөнделген жүк көтеруге арналған құрылғыны, оны кемеде монтаждаудан кейін алғашқы куәландыру Кеме қатынасы тіркелімінің талабы мен осы Қағиданың 3-бөлімінің § 1 талаптарын ескере отырып жүргізіледі.

385. Жүк көтеруге арналған құрылғыны куәландыру нәтижесі жүк көтеруге арналған құрылғыны куәландыру актісінде көрсетеді.

 

 

50. Кезекті куәландыру



 

386. Жүк көтеруге арналған құрылғыны кезекті куәландыру сол құрылғы орнатылған кеме корпусын кезекті куәландыру кезінде жүргізіледі.

387. Кезекті куәландыру алдында Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері кеме иесімен ұсынылған жүк көтеруге арналған құрылғының элементтерінің, оның механизмдерінің, жүйелер мен құрылғыларының тексеру мен ақау табу құжаттарымен танысады. Ақау табу актілерінде мыналар көрсетіледі:



1) құрылғылардың негізгі жалғануларындағы саңылауларды өлшеу нәтижесі;

2) жүк көтеруге арналған құрылғының (металл конструкциялар, тораптар, бөліктер, осьтер, біліктер, біліктіректер) жауапты бөліктерінің тозуды өлшеу мәліметтері;

Қажетті жағдайларда бөліктің беріктілігі, орындалған құрал-сайманды бақылау нәтижесін ескеріп, тексеру есебімен расталады.

388. Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері пайдалану бойынша конструкцияны, нұсқаулықты, қызмет ету мерзімін, ресурсты нақты өндіруді, алдыңғы куәландыру нәтижесін, жүргізілген жөндеу және ауыстыруларды, сондай-ақ, осы Қағиданың 400-тармағында көрсетілген параметр мәндерін назарға алып, қарау, көлемін, өлшеуді және оларға қатысты әрбір нақты жағдайда ашуға, жинауға, құрылғы торабын бөліктеуді өзгерте алады.



Мұндай өзгерістер себебі кезекті куәландыру актісінде көрсетіледі.

389. Осы Қағиданың 387-тармағына сәйкес кеме иесімен ұсынылған өлшеу және ақау материалдарын көздеу нәтижесінің негізінде және іріктеп бақылауға сәйкес Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері кезекті куәландыру актісін ресімдеумен жүк көтеруге арналған құрылғының бөлік және тораптарын жөндеу және ауыстыру бойынша талаптарды ұсынады.



 

 

51. Сыныптамалық куәландыру



 

390. Жүк көтеру құрылғысын сыныптамалық куәландыру сол құрылғы орналасқан кеменің сыныптамалық куәландыруы кезінде жүргізіледі.

391. Сыныптамалық куәландыру кезінде Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері осы Қағиданың 381-383-тармақтарына сәйкес жасалған жұмыс көлемі мен сапасын растайтын жұмыс қабылдау туралы актілерін, ауыстырылған туралы агрегаттар, тораптар және алмалы бөліктер сертификатын, жүргізілген сынақтар нәтижелерін, құжаттарды тексереді.

392. Сыныптамалық куәландыру кезінде Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері кезекті куәландыру кезінде ұсынылған талаптар орындалғанына, құрылғының тораптар мен бөліктерін жөндеу және ауыстыру жұмыстары аяқталғанына, ал осы Қағиданың 420-тармағында көрсетілген құжаттар тиісті түрде әзірленгеніне көз жеткізеді.

393. Сыныптамалық куәландыру кезінде қажет болған жағдайда мүмкіндігін, ашылуын, статикалық және динамикалық сынақтар мен әрекеттегі сынақтармен қамтамасыз етумен, жүк көтеруге арналған құрылғысына қарау, сондай-ақ осы Қағиданың 378-тармағына сәйкес тексеру жүргізеді.

394. Жүк көтеруге арналған құрылғыны сыныптамалық куәландыру нәтижесі сыныптамалық куәландыру актісінде көрсетіледі.

 

 

53. Жыл сайынғы куәландыру



 

395. Жүк көтеруге арналған құрылғыны кезекті куәландыру сол құрылғы орналасқан кеменің кезекті куәландыруы мерзімінде жүргізіледі.

396. Жүк көтеруге арналған құрылғыны кезекті куәландыру ақырғы болып табылады және мыналарды қосады:



1) құрылғыларды, алмалы бөліктер мен арқандарды сынау туралы актілерінің (соңғыларына сертификаттар болмаған кезде) тиісті таңбаның бар болуын тексеру;

2) Кеме қатынасы тіркелімі қызметкерінің алдыңғы жазбаша өкімінің орындалуын тексеру;

3) орындалған жұмыстар құжаттарын (актілер, сертификаттар) тексеру;

4) жүк көтеруге арналған құрылғының барлық механизмдері мен электр жабдықтарын әрекетте тексеру;

5) осы Қағиданың 378-тармағында көзделген тексеру.

 

 

53. Техникалық жай-күйін анықтау



 

397. Жүк көтеруге арналған құрылғының техникалық жай-күйін анықтау сынау және пайдаланудағы тозулар, зақымданулар мен істен шыққан, сондай-ақ құжаттама бойынша жүргізілген жөндеулер мен ауыстыруларды (формулярлармен, кемелік актімен, жөндеу журналымен) қолданумен куәландыру нәтижесі бойынша анықталады.

398. Тозулар және конструкциялардың ақаулары, тораптар мен бөліктердің нормасы нұсқаулықтарға және дайындаушы-ұйымдар нұсқаулықтары мен формулярларына сәйкес, ал олар болмаған кезде - осы бөлімнің тиісті нұсқаулықтарымен, сондай-ақ осы Қағиданың тарауларындағы жүк көтеруге арналған құрылғы объектілерінің (механизмдер, таралу, электр жетек, пневмо және гидро жүйе) жағдайын анықтау кезіндегі тиісті бөлімдеріндегі нұсқауларды қолданумен белгіленеді.

399. Куәландыру кезінде тозу мен ақаулық нормадан аспаса және жүк көтеруге арналған құрылғының жұмысқа жарамдылығы анықталмаса, оның техникалық жай-күйі жарамды деп табылады.

400. Жүк көтеруге арналған құрылғының техникалық жай-күйі жарамсыз деп саналады, егер:



1) конструкцияның, жүк көтеруге арналған құрылғы тораптары мен бөліктерінің осы Қағиданың

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет