«Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрлігі ақпараттандыру саласы бойынша сұрақтары мемлекеттік қызмет» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына



Дата23.02.2016
өлшемі39.27 Kb.
#3111


«Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрлігі ақпараттандыру саласы бойынша сұрақтары мемлекеттік қызмет» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА




р/с

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші – мемлекеттік органның ақпараты

1.

Мемлекеттік орган – жобаны әзірлеуші

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

2.

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына сәйкес

3.

Жоба қабылдаған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтiк-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды

4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Жобаны қабылдау қосымша қаржылық шығындарға әкеп соқтырмайды

5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі мен болжанатын тиімділігі

Жобаны қабылдау мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің шағымдану рәсімдерін жетілдіруге мүмкіндік береді

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған кесімдері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

1. «Ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитке салу» мемлекеттік қызмет стандарты 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 1402 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2. «Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімінде тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 1403 Қаулысы

3. «Бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тiзiлiмiне енгізу үшін компьютер жүйесінің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы
қорытындылар беру» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1508 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 2011ж., № 10-11, 144-бап)

4. Ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 және "Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді және мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігіне аттестаттау жүргізу ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2280 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 1241 Қаулысы (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 2012ж., № 71, 1047-бап)



7.

Заңнаманы кейіннен жобаға сәйкес келтіру қажеттігі

Талап етілмейді

8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша (құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) сараптама жүргізілген жағдайда оның нәтижелері.

Өткізілген жоқ

9.

Өзге де мәліметтер

Жоқ

10.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік жабдықтарына материалдар (көшірмелер) беру рұқсат етіледі.

Рұқсат етіледі

11

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы рұқсат (нөмірі және уақыты) және ақпарат (әрқайсысындағы байттар санын көрсете отырып, шығарылған файлдар атауы).

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің www.mtc.gov.kz ресми сайтында және www.egov.kz веб-порталында 23 қыркүйекте орналастырылған (1,65 Мбит)



Қазақстан Республикасы

Көлік және коммуникация

Министрі




А. Жұмағалиев

2013 жылғы « »







Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет