"Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру туралы» 1998 жылғы 5 қыркүйектегі № 845 және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы № 1315 Қаулысы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
2) «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ елді мекендердегі автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
3) «Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының арналармен, байланыс және электр беру желілерімен, мұнай құбырларымен, газ құбырларымен, су құбырларымен және темір жолдармен және басқа да инженерлік желілермен және коммуникациялармен қиылысуына рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
4) «Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында теміржол өткелдерін орналастыруға, қайта жаңартуға, жөндеуге және бұзуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
5) «Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарынан 2,5 км аз қашықтықта көпірлерден жоғары немесе төмен мелиорациялық және басқа да мақсаттар үшін өзен мен суағар арналарын тереңдетуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
6) «Халықаралық және республикалық маңызы бар жолдармен қосылған немесе жердің еңістігі бойынша жолдардан жоғары орналасқан шлюздер, бөгеттер және басқа да мелиорациялық және гидротехникалық құрылыстар орнатуға, қайта жаңартуға және жөндеуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
7) «Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарынан шығатын жерлер мен жүктерді тиеуге және түсіруге арналған алаңдар орнатуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
8) «Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарымен қиылысатын жерде темір жолдардың көтерілуіне және төмендетілуіне немесе қосымша жол төсеуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 қыркүйектегі № 845 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 31, 269-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдарын пайдаланудың тәртібінде:
12-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12-1. Жол органдары келісуді жеті жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді (техникалық шарттар мен паспорттар беруді жүзеге асырады).
Жол полициясының бөлімшелері келісуді жеті жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.»;
мынадай мазмұндағы 23-1, 23-2, 23-3 және 23-4 тармақтармен толықтырылсын:
«23-1. Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында темір жол өткелдерін орнатуға, қайта жаңартуға, жөндеуге және бұзуға және 2,5 км аз қашықтықта көпірлерден жоғары немесе төмен мелиорациялық және басқа да мақсаттар үшін өзен мен суағар арналарын тереңдетуге жол органдарының келісімін алу үшін автомобиль жолдарын пайдаланушылар мынадай құжаттарды:
1) еркін нысандағы жазбаша өтінішті;
2) автомобиль жолының титулын (атауын), мекенжайларын және жұмыс жүргізудің түрлерін;
3) жұмыс жобасын ұсынады.
23-2. Халықаралық және республикалық маңызы бар жолдармен қосылған немесе жердің еңістігі бойынша жолдан жоғары орналасқан шлюздер, бөгеттер және басқа да мелиорациялық және гидротехникалық құрылыстар орнатуға, қайта жаңартуға, жөндеуге жол органдарының келісімін алу үшін автомобиль жолдарын пайдаланушылар мынадай құжаттарды:
1) еркін нысандағы жазбаша өтінішті;
2) автомобиль жолының титулын (атауын), мекенжайларын және жұмыс жүргізудің түрлерін;
3) гидротехникалық құрылыстардың автомобиль жолдарынан арақашықтығымен жұмыс жобасын ұсынады.
23-3. Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарынан түсетін жерлер мен жүктерді тиеуге және түсіруге арналған алаңдар орнатуға жол органдарының келісімін алу үшін автомобиль жолдарын пайдаланушылар мынадай құжаттарды:
1) еркін нысандағы жазбаша өтінішті;
2) автомобиль жолының титулын (атауын), мекенжайларын және жұмыс жүргізудің түрлерін;
3) жұмыс жобасын;
4) автомобиль жолдарының атауын және мекенжайларын (км+м) көрсете отырып, халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарға жанасу, қиылысу схемасын;
5) халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына жанасуға және қиылысуға арналған белгілерді орнатудың және жұмыс жүргізілетін жерлерді қоршаудың схемасын ұсынады.
23-4. Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарымен қиылысатын жерде темір жолдардың көтерілуіне және төмендетілуіне немесе қосымша жол төсеуге рұқсат беру үшін автомобиль жолдарын пайдаланушылар мынадай құжаттарды:
1) еркін нысандағы жазбаша өтінішті;
2) автомобиль жолының титулын (атауын), мекенжайларын және жұмыс жүргізудің түрлерін;
3) жұмыс жобасын;
4) автомобиль жолдарының атаулары мен мекенжайлары көрсетілген халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарымен қиылысатын жерде темір жолдарды көтерудің және төмендетудің немесе қосымша жол төсеудің схемасын;
5) халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарымен қиылысатын жерде темір жолдарды көтеру және төмендету немесе қосымша жол төсеу белгілерін орналастыру және жұмыс жүргізілетін жерлерді қоршау схемасын ұсынады.
көрсетілген қаулымен бекітілген Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыру тәртібінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жол органдары немесе концессионер пайдаланбайтын жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігіндегі жер учаскелерін жолдың көліктік-пайдалану сапасының төмендеуіне жол бермеу, көлік құралдары қозғалысының қауіпсіздігі мен қоршаған органы қорғау талаптарын сақтау шартымен сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін жеке және заңды тұлғаларға шарт бойынша:
1) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде – автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган;
2) облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде – облыстың немесе ауданның жергілікті атқарушы органы уақытша қысқа мерзімді жер пайдалануға беруі мүмкін.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат алу үшін объектілердің иелері жол органдарына немесе жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары иелігінде болатын жергілікті атқарушы органдарға орналастыру орнын, өз деректемелерін көрсете отырып, объектіні орналастыруды ресімдеу туралы өтініш береді. Өтінішке объектінің түстік шешімдері мен өлшемдері бар эскиз қоса беріледі.
Жол органдары немесе жергілікті атқарушы органдар өтінішке сәйкес объектілердің орналасу орнын анықтайды (немесе басқа орын ұсынады), сондай-ақ сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінің өлшемдері мен көркемдік орындалуының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексереді».
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Паспортты республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойынша жол органы немесе облыстық немесе аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойынша жергілікті атқарушы орган береді және бес жұмыс күн ішінде жол полициясы бөлімшелерімен келісіледі.
Паспорт бір жылдан аспайтын мерзімге беріледі және сыртқы (көрнекі) жарнама объектісі иесінің жазбаша өтініші бойынша ұзартылады.
Орнатылған объектілердің мөлшерлері өзгерген жағдайда паспорт қайта ресімдеуге жатады.
Паспорттың қолданылуы объектінің іс жүзіндегі мөлшері паспортқа енгізілген мөлшерге сәйкес келмейтіндігі анықталған кезде тоқтатылады».
15-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Құжаттамаларды тиісінше ресімдемей және оны жол органдарында немесе жергілікті атқарушы органдарда, жол полициясы бөлімшелерінде келіспей, сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін өз бетінше орналастыруға тыйым салынады.»;
2) «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 44, 401-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімінде:
реттік нөмірлері 118 және 119 - жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
118.
|
Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру
|
Жеке және заңды тұлға лар
|
ККМ
|
ККМ Автомобиль жолдары комитетінің облыстық департамент тері
|
ККМ Автомобиль жолдары комитетінің облыстық департаменттері, ХҚКО
|
Қағаз түрінде (паспорт)
|
119.
|
Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ елді мекендердегі автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру
|
Жеке және заңды тұлғалар
|
ККМ
|
Облыстардың және Астана, Алматы қалаларының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармалары, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдері, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) сәулет және қала құрылысы бөлімдері
|
Облыстардың және Астана, Алматы қалаларының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармалары, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдері, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) сәулет және қала құрылысы бөлімдері, ХҚКО
|
Қағаз түрінде (паспорт, рұқсат)
|
»;
реттік нөмірі 120-жол алынып тасталсын;
реттік нөмірі 122-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
122.
|
«Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында теміржол өткелдерін орналастыруға, қайта жаңартуға, жөндеуге және бұзуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты
|
Жеке және заңды тұлғалар
|
ККМ
|
ККМ Автомобиль жолдары комитетінің облыстық департаменттері
|
ККМ Автомобиль жолдары комитетінің облыстық департамент тері, ХҚКО
|
Қағаз түрінде (техникалық шарттар беру)
|
»;
реттік нөмірі 125-жол алынып тасталсын;
реттік нөмірлері 126, 127-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
126.
|
«Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарынан шығатын жерлер мен жүктерді тиеуге және түсіруге арналған алаңдар орнатуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
|
Жеке және заңды тұлғалар
|
ККМ
|
ККМ Автомобиль жолдары комитетінің облыстық департаменттері
|
ККМ Автомобиль жолдары комитетінің облыстық департамент тері, ХҚКО
|
Қағаз түрінде (техникалық шарттар беру)
|
127.
|
«Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарымен қиылысатын жерде темір жолдардың көтерілуіне және төмендетілуіне немесе қосымша жол төсеуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты
|
Жеке және заңды тұлғалар
|
ККМ
|
ККМ Автомобиль жолдары комитетінің облыстық департаменттері
|
ККМ Автомобиль жолдары комитетінің облыстық департамент тері, ХҚКО
|
Қағаз түрінде (техникалық шарттар беру)
|
».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 16 қазандағы
№ 1315 қаулысымен
бекітілген
«Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ елді мекендердегі автомобиль жолдарының жолақ
бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ елді мекендердегі автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) сәулет және қала құрылысы, автомобиль жолдары саласындағы қызметтерді жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері) осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжай бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрi – ХҚКО) арқылы балама негізде осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген мекенжайлар бойынша көрсетедi.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 10-бабының 1-тармағы 2) тармақшасы, «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 2-тармағы 1-1) тармақшасы, «Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 қыркүйектегі № 845 қаулысымен бекітілген Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру тәртібінің 5-тармағы және «Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 121 қаулысы негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат:
1) осы стандарттың 3-қосымшасында көрсетілген жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурсында;
2) ХҚКО интернет-ресурсында: www.con.gov.kz;
3) мемлекеттік қызметті алушы үшін жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері ғимараттарының ең көрнекі жерінде орнатылған стенділерде;
4) ХҚКО ғимараттарында орнатылған стенділерде;
5) «электрондық үкімет» 1414 call-орталығында орналастырылған.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі елді мекендерге сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) беру немесе қағаз тасығышта облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіне сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға паспорт (бұдан әрі - паспорт) беру немесе қағаз тасығышта мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызметті көрсетудің мерзімдері:
жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелеріне жүгінген кезде:
1) өтініш берілген сәттен бастап – бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті алушыға облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ елді мекендердегі автомобиль жолдарының жолақ бөлігіндегі сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат немесе паспорт беріледі немесе жазбаша дәлелді бас тарту беріледі;
2) осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген, өтінішті тапсыру кезінде кезекте тұрудың рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды;
3) паспортты алу кезінде кезекте тұрудың рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды;
мына:
1) ХҚКО-ның аудандық бөліміне жүгінген кезде:
паспортты немесе рұқсат беру бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады (құжаттар жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелеріне жеткізілетін 2 күн және ХҚКО-ға орындалған құжаттар жеткізілетін 2 күн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi);
2) ХҚКО-ның облыстық бөліміне жүгінген кезде:
паспортты немесе рұқсат беру бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады (құжаттарды қабылдау және беру күнi мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмiне кiрмейдi);
3) осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезекте тұрудың рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды;
4) паспортты алу кезінде кезекте күтудің рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызмет:
1) жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелеріне жүгінген кезде:
жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелерінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі асқа үзіліссіз, демалыс және мейрам күндерін қоспағанда, күн сайын дүйсенбіден жұма аралығында көрсетіледі.
Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
2) ХҚКО-на жүгінген кезде:
ХҚКО-ның белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес, түскі үзіліссіз сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін, демалыс және мейрам күндерін қоспағанда, күн сайын дүйсенбіден сенбі аралығында көрсетіледі.
Қабылдау «электронды» кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
10. Мемлекеттік қызмет қажетті құжаттардың тізбесі және оларды толтыру үлгілері, нормативтік құқықтық актілердің деректері (көшірмелері) бар стенділермен жабдықталған, дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға жағдай жасалған, күту мен құжаттарды толтыруға арналған орындары бар жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелерінің ғимараттарында осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайы бойынша көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған пандуспен жабдықталған күту залында мемлекеттік қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша ХҚКО-ның ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күту креслолары, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стенділер орналасқан.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттiк қызметті алу үшiн облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ елді мекендердегі автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға мемлекеттiк қызметті алушы мынадай құжаттарды:
1) еркін нысандағы жазбаша өтінішті;
2) түстік шешімі және өлшемдері бар объектілердің эскиздерін ұсынады;
Елді мекендерге сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы мынадай құжаттарды:
1) мыналарды көрсете отырып, еркін нысандағы жазбаша өтінішті:
жеке тұлғалар үшін - өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты, пошта мекенжайы (телефоны, факсы – болған жағдайда), салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) немесе жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН);
заңды тұлғалар үшін – ұйымның атауы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер, басшының тегі, аты, әкесінің аты, пошта мекенжайы (телефоны, факсы – болған жағдайда), салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) немесе бизнес - сәйкестендіру нөмірін (БСН);
сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің мақсаты мен негізгі параметрлерін;
өтініш берушінің сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыру орнын негіздеу арқылы оның болжамды орналасқан жерінің мекенжайын;
2) сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыру ұсынылатын жер учаскесіне немесе объектісіне құқық белгілейтін құжаттың немесе кондоминиум объектілерін басқару органдары немесе өтініш берушінің өзге де заттық құқықтарға ие адамдардың сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруы ұсынылатын объектісінің меншік иесімен (меншік иелерімен) бекітілген сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыру туралы шарттың нотариалдық куәландырылған көшірмесін;
3) сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыру ұсынылатын объектінің сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің күндізгі және түнгі бейнеленуін құрайтын эскиз, сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің жұмыс етуін инженерлік қамтамасыз ету бойынша шешімдерін ұсынады.
12. Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелеріне және ХҚКО-на еркін нысанда ұсынылады.
13. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлеріне беріледі.
ХҚКО-да құжаттарды қабылдауды қызметкерлер «кедергісіз қызмет көрсету» арқылы жүзеге асырылады.
14. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған кезде жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелеріне немесе ХҚКО-да мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, онда:
1) сұрау салудың нөмірі және қабылданған күні;
2) сұрау салынған мемлекеттік қызмет түрі;
3) қоса берілген құжаттардың саны және атаулары;
4) құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;
5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелерінің лауазымды адамының немесе ХҚКО қызметкерінің тегі, аты және әкесінің аты көрсетіледі.
15. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелерінде және ХҚКО-да қолхат негізінде, онда көрсетілген мерзімде, өзі келген кезде және жеке басын куәландыратын құжатты немесе сенімхатты ұсынған кезде жүзеге асырылады.
16. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың автомобиль жолдары саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарда бекітілген талаптарға сәйкес болмауы мемлекеттік қызметті ұсыну кезінде бас тартудың негіздемесі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |