Студенттер үшін қосымша ақпарат
1. Тұратын жерлерге орналастыру:
Жабдықталған жатақханалар:
№ 1 жатақхана Төле би көшесі 36 а, орын саны – 512
№ 2 жатақхана Ы.Жахаев көшесі 65, орын саны – 176
№ 3 жатақхана Абай даңғылы, орын саны – 256
№4 магистранттар мен студенттерге арналған жаңа жатақхана- 400
Жатақханаларда интернетке қосылған компьютерлермен жабдықталған оқу залдары, өзіне қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған медицина орталығы және кір жуатын және т.б. орындар бар.
2. Тамақтандыру
Университетте 7 студенттік асхана, «Жігер», «Қаракөз» студенттік кафелер жұмыс істейді.
3. Медициналық қызметтер
Дәрігерлік пунктпен қамтамасыз етілген;
4. Студенттерге қаржылай көмек көрсету
Әлеуметтік тұрмысы төмен отбасынан шыққан студенттер жолақымен қамтылған.
5. Студенттердің өзін-өзі басқару жүйесі
Студенттің өзін-өзі басқару жүйесі Студент-жастар одағы арқылы жүзеге асады.
Студенттік өзін-өзі басқару жүйесі студенттік өмірдің жалпы мəселелерін шешу мақсатында белсенді қызмет атқарады. Жастар ісі жөніндегі комитет студенттердің ынта жəне өз əрекетінің қабілетін дамыту, ұйымдастыру ептілігін дамыту, оқумен, əлеуметтік мəдени жəне ғылыми əрекеттермен айналысу, студенттердің қоғамға пайдалы еңбектеріне байланысты сұрақтарды шешумен айналысады. Мұндағы мақсат - оқу жұмысы жөнінде, əлеуметтік-тұрмыстық сұрақтарды, студенттердің ғылыми жұмыстарын, көлемді мəдени жұмыстарды атқара алатын белсенді жастарды іріктеу. Студенттердің өзін-өзі басқару əрекетінің басты идеясы олардың өкілеттілігін барынша кеңейту болып табылады.
Студент-жастар одағының атқарушы органдары құрамына: студент-жастар одағы төрағасы, оның орынбасарлары, студенттік кеңестер, старосталар кеңесі, студент кәсіподақ комитеті, студенттер Альянсы, «Ұлағат» қоғамдық бірлестігі, «Зерде» студенттер ғылыми қоғамы, «Қыран» еріктілер жасағы, «Стимул» әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету қоғамы, «Интеллектуал» оқу озаттары қоғамы, қызығушылық бойынша клубтар - “Ақиқат“ дебат клубы; Көңілді тапқырлар клубы, «Грация» би клубы, Көркемөнерпаздар клубы, әскери-патриоттық клуб, баспасөз клубы кіреді.
Жазғы демалыс айларында облыс көлеміндегі студенттік құрылыс жасақтары құрылыс-жөндеу жұмыстарына, «Жасыл ел» жасағы аймақтағы көгалдандыру-тазалық жұмыстарына белсене атсалысады.
Университеттің студенттік өзін-өзі басқару Кеңесі, кәсіподақ белсенділері студенттердің жатақханалардағы тұрмыс-тіршілік жағдайлары, демалыстарын ұйымдастыру, өздігінше іс-әрекеттеріне байланысты барлық мәселелерді шешумен шұғылданады. Университеттің студенттік өзін-өзі басқару Кеңесінің қызметі қоғамдық сайланбалы орган ретінде студенттік жатақханалар кеңестерінің жұмыстарына жалпы басшылықпен үйлестіру жүргізіп отыруға бағытталған. Өзін-өзі басқару Кеңесі тұрғындардың жалпы жиналысында құрамында 15 адам санымен бір жыл мерзімге сайланады.
6. Оқу жағдайы (сабақ оқуға арналған материалдық база)
Университеттің білім беру қызметінде:
-
10 оқу ғимараты;
-
13444 орынға арналған 4 жатақхана;
-
2 миллион данадан астам кітап қоры;
-
920 орынға арналған 7 оқу залы;
-
40 орынға арналған 2 электрондық оқу залы;
-
1300-ге жуық компьютермен жабдықталған компьютерлік парк;
-
64 мамандандырылған оқу зертханалары;
-
4 шеберхана;
-
7 студенттік асхана;
-
1 дәрігерлік пункт;
-
1 оқу-әскери полигоны;
-
1 спорттық сауықтыру кешені;
-
7 спорт залы және 3 спорт алаңы;
-
1 жылыжай;
-
студенттер сарайы, мұражайлар мен көрме залдары пайдаланылады.
Университет баспаханасынан «Сыр түлегі» жастар газеті мен «Хабаршы» ғылыми-әдістемелік журналы шығады.
Университет жанында:
1. Агробиологиялық және қолданбалы зерттеулер ғылыми орталығы;
2. Қорқыттану және өлке тарихы ғылыми-зерттеу институты;
3. Археология және этнография ғылыми-зерттеу орталығы;
4. Педагогикалық зерттеулердің ғылыми орталығы;
5. «Аймақтағы кәсіпкерлікті дамыту» орталығы;
6. Коммерциализациялау және технологиялар орталығы;
7. «Анализдеудің физика-химиялық әдістері» инженерлік бейіндегі зертханасы жұмыс жасайды. Зертхана кең ауқымдағы турлі заттардың химиялық анализін жасау міндеттерін шешуге арналған және сертификатталған соңғы үлгідегі талдағыш қондырғылармен толық жабдықталған.
Университетте « Қорқыт Ата атындағы ҚМУ тарихы мұражайы және «Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан» оқу-көрме залы, археология және этнография көрмелері жұмыс істейді.
Университет кітапханасы Қызылорда облысы оқу орындары кітапханаларының әдістемелік орталығы болып табылады. Қазіргі уақытта кітапхананың жалпы 2 млн. данадан аса басылым бар. Онда сирек кездесетін, ағылшын тіліндегі түпнұсқа әдебиеттер, электронды оқулықтар және миллионға жуық арнайы техникалық әдебиеттер жинақталған. Оқырмандарға екі электронды зал қызмет көрсетеді. Кітапханада оқырмандар конференциясы, тақырыптық көрмелер, жаңа әдебиеттер көрмесі, өнер адамдарымен кездесулер өткізілді.
7. Халықаралық бағдарламалар/тағылымдамадан өту/алмасу бағдарламалары
Университеттің халықаралық қызметі келешектегі әлемдік білім және ғылым қауымдастығына енуге бағытталған. Бұл жұмыс алдыңғы қатарлы шетелдік университеттермен серіктестік бағдарламалары шеңберінде, халықаралық білім беру бағдарламалары мен жобаларын жүзеге асыру, бірлескен ғылыми-зеттеу қызметін іске асыру, ғылыми-практикалық семинарлар мен конференцияларды ұйымдастыру, оқытушы кадрлармен алмасу және студенттік мобильділікті дамыту арқылы жүзеге асырылады. 2005 жылдан бері университет жоғарғы оқу орындарының Еуропалық Ассоциацисы (Брюссель, Бельгия), Еуразия-Тынық мұхит университеттерінің желісі (Вена, Австрия), Болон үдерісінің бастапқы негізі болып саналатын Университеттердің Ұлы Хартиясы (Болонья, Италия) құрамының мүшесі болып табылады.
2011 жылы 18 қарашада университет ТМД-ның 129 университетін біріктіретін жоғары оқу орындарының Еуропалық Ассоциациясының мүшесі болды (М.В.Ломоносов атындағы МГУ, Мәскеу).
Университеттің халықаралық байланыс қызметі төмендегі бағыттар бойынша жұмыс жасауда:
- шетелдік жоғары оқу орындарымен тiкелей келiсiм шарттар жасау арқылы әріптестік-ынтымақтастыққа қол жеткізу, бірлескен оқу бағдарламаларын жүзеге асыру;
- университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылардың сыртқы академиялық ұтқырлығын жүзеге асыру;
- елшiлiктермен, түрлi халықаралық қорлар және орталықтармен ынтымақтастық жасау;
- Магистратура, аспирантура/ (Ph.D) докторантура және ғылыми тағылымдама бағдарламалары бойынша кадрларды даярлау (Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Түркия, Корея, Италия, Австрия, Германия, Польша, Япония, Малайзия, Ресей);
- Қос дәрежелі бағдарламалар бойынша білім беру, студенттермен алмасу, тілдік және мәдени, академиялық бағдарламаларды жүзеге асыру (Түркия, Корея, Канада, Ұлыбритания, АҚШ, Қытай, Австрия, Германия, Ресей);
- студенттер, магистранттар және докторанттармен практикалық сабақ өткізу, дәріс оқу үшін шетелдік ғалымдарды, мамандарды және оқытушы-волонтерларды шақыру (АҚШ, Ұлыбритания, Египет, Түркия, Франция, Корея, Ресей);
- Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың шетелдік студенттерін оқыту (Корея, Түркия, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Қытай);
- әр түрлі халықаралық бағдарламалар бойынша халықаралық және ғылыми жобаларды дайындау (ЮНЕСКО бағдарламасы, Европалық Одақтың Темпус бағдарламасы, АҚШ-тың Халықаралық Ғылыми Зерттеу және Алмасу Кеңесі (АЙРЕКС), Эдмунд Маски магистрлік бағдарламасы, Фулбрайт докторлық бағдарламасы (АҚШ), сонымен қатар, шетелде оқытушы-профессорлар құрамының бiлiктiлiгiн жоғарылату бағдарламалары, Халықаралық ғалымдармен ынтымақтастықты дамыту ассоциациясы (ИНТАС), Британ Кеңесі, Канаданың Халықаралық ынтымақтастық агенттігі, Жопонияның Халықаралық ынтымақтастық агенттігі, Премьер-министр жанындағы халықаралық ынтымақтастықтың Түрік әкімшілігі, Корея Халықаралық ынтымақтастық агенттігі және Халықаралық қоры);
- шетелде тілдік курстар және тағылымдамалар, әртүрлі курстар арқылы оқытушы-профессорлар құрамының біліктілігін жоғарылату (Халықаралық білім беру бойынша Америкалық кеңес АСПРЯЛ/АКСЕЛС, Британдық Кеңес, Германияның академиялық алмасу қызметі (DAAD) және т.б.).
Бүгінгі күнге дейін АҚШ, Ұлыбритания, Корея, Түркия, Австрия, Германия, Италия, Канада, Франция, Қытай, Египет, Ресей, Украина, Литва, Тәжікстан, Қырғызстан сияқты дамыған елдердің жоғары оқу орындарымен әріптестік байланыс орнатылып, алдыңғы қатарлы ғылыми орталықтармен, қорлар және қоғамдық ұйымдармен 60 жуық ынтымақтастық келісім шарттар мен меморандумдар жасалынды.
Келiсiм шарттардың негiзгi бағыттары оқытушылармен және студенттермен өзара алмасу, оқытушылардың бiлiктiлiгiн арттыру, халықаралық конференциялар және семинарларға қатысу, магистрлер мен аспиранттарды және ғылым докторларын даярлау болып табылады
Жыл сайын «Болашақ» бағдарламасы өкілдерінің қатысуымен халықаралық қатынастар департаменті университет студенттеріне және оқытушы-профессорлар құрамына презентациялар ұйымдастырып отырады.
«Болашақ» халықаралық стипендиялық бағдарламасы бойынша университетіміздің оқытушылары ғылыми тағылымдама және магистратура бойынша Жапония, Малайзия, Ресей, Украина, Канада т.б. елдерден білімдерін шыңдады, қос дипломдық білім алу бағдарламасымен оқып жатқан студенттеріміз де бар.
Қос дипломдық бағдарлама бойынша Корея Республикасы мен Ресей Федерациясы жоғары оқу орындарымен тығыз байланыс жасалып жатыр.
Жыл сайын университетіміздің 90-100 магистранттары Ресей Федерациясы мен Түркия Республикасы және т.б. жоғары оқу оқу орындарында ғылыми тағылымдамадан өтеді.
Ресей Федерациясының жоғарғы оқу орындарымен жасалған келісімшарттар негізінде Новосібір мемелекеттік университетінде және Ухта мемлекеттік техникалық университетінде магистранттарымыз оқуларын жалғастыруда.
Жыл сайын университеттің 40-қа жуық магистранттары Ресей Федерациясының, Түркия және т.б. елдердің жетекші оқу орындарында ғылыми тағылымдамадан және iс-тәжiрибе жинақтаудан өтуде.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттің университеті тарапынан Еуразия-тынықмұхит университеттерінің Желісі (EURASIA-PACIFIC UNINET), ЖОО-ң еуропалық Ассоциациясы (EURASHE) жұмыстарына қатысу, университеттердің Ұлы Хартиясына қол қою тек оқыту сапасын арттыруға ғана емес, жоғары кәсіби білімнің жалпыеуропалық жүйесі мен Болонья Декларациясы талаптарына жауап беретін ғылыми кеңістікке енуге де үлкен мүмкіндік берді.
Еуразия-Тынықмұхит университететтерінің желісіне мүше болу университет оқытушыларына жылдағы UNINET (ҚХР Нанк университеті, 2010), (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2011), конференцияларына қатысып, баяндама жасауға, ЖОО-ғы жұмыс тәжірибесін еуропалық әріптестерімен бөлісуге, жоғары білім проблемалары бойынша бірлескен халықаралық жобалар орындауға, оқу үдерісіне жаңа білім технологияларын енгізуге мүмкіндік береді.
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ АҚШ, Канада, Түркия, Жапония, Нидерландия, Оңтүстік Корея, Египет, Австрия, Франция, Қытай, Ресей, Белоруссия, Украина, Қырғызстан, т.б. алыс және таяу шетелдердегі жетекші жоғары оқу орындарымен, ғылыми орталықтармен тығыз байланыс орнатқан.
Университет 2010 жылдың қазан айынан бастап 510978-TEMPUS-1-2010-1-AT-TEMPUS-JPCR «Геоинформатика: энергияны, ресурстарды және қоршаған ортаны басқару» Темпус бірлескен жобасын жүзеге асыруда.
Бүгінде университет шет елдік әріптес жоғары оқу орындарымен 60-тан аса келісім-шарт жасады. 2012-2013 оқу жылында сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша университеттің 5 студенті Корея Республикасы, АҚШ жоғары оқу орындарында, ал Корея Республикасының Кангнам университетінің 9 студенті академиялық алмасу бағдарламасы бойынша біздің университетте білім алуда.
2013-2014 оқу жылының 1-академиялық кезеңінде сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасымен төмендегі мамандықтар бойынша Польша Республикасының Лодзь университетіне конкурс негізінде өткен 3 курстың 10 студенті мемлекеттік қаржы есебінен оқитын болады.
8. Спортпен шұғылдану жағдайы/базасы
Студенттер арасында спорттың 8 түрінен, спартакиадалар өткізіледі. Білім алушылар үшін 22 спорт секциялары ұйымдастырылған.
9. Студенттердің демалу жағдайы/базасы
Студенттердің бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру үшін университетте Студенттер сарайы, 6 спорт залы, 2 жаттығу залы, 2011 жылы пайдалануға берілген «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешені жұмыс істейді.
Жатаханалар жанында студенттерді этнопедагогикалық тәрбиелеуге арналған Ұлттық тәрбие орталығы жұмыс істейді.
10. Студенттік қауымдастықтар
ҚМУ жастармен жұмыс жасау құрылымының жаңа жүйесі төмендегі сызбада көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |