Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №42 Қаулысы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы»



бет1/6
Дата12.07.2016
өлшемі356 Kb.
#193009
  1   2   3   4   5   6
Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру және резиденттердің экспорт және импорт бойынша келісімшарттардың есептік нөмірлерін алу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 42 Қаулысы

 

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру және резиденттердің экспорт және импорт бойынша келісімшарттардың есептік нөмірлерін алу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының осы қаулының қосымшасына сәйкес қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы 2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

 

 

Ұлттық Банк

Төрағасы

 

Г. Марченко

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлігі

Министр

Б.Жәмішев

2012 жылғы 12 наурыз

 

Қазақстан Республикасы



Ұлттық Банкі Басқармасының

2012 жылғы 24 ақпандағы

42 қаулысымен



бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру және резиденттердің экспорт және импорт бойынша келісімшарттардың есептік нөмірлерін алу қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру және резиденттердің экспорт және импорт бойынша келісімшарттардың есептік нөмірлерін алу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген және экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру тәртібін, сондай-ақ резиденттердің экспорт және импорт бойынша келісімшарттардың есептік нөмірлерін алу талаптарын (оның ішінде келісімшарттың сомасына қатысты асып кеткен жағдайда келісімшарттың есептік нөмірін алу талап етілетін шекті мәнін) айқындайды.



Экспорттық-импорттық валюталық бақылау - бұл уәкілетті банктер, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - Ұлттық Банк) және басқа да мемлекеттік органдар резиденттердің шетел және ұлттық валютаны репатриациялау талабын (бұдан әрі - репатриациялау талабы) орындауын қамтамасыз ету мақсатында өз құзыреттері шеңберінде жүзеге асыратын шаралар кешені.

Экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру тәртібі репатриациялау талабының орындалуын бақылаудың негізгі және қосымша (жеке жағдайлардан) рәсімдерінен және оларды аяқтау талаптарынан, репатриациялау талабының орындалуын бақылаудың мақсаттары үшін келісімшарттар бойынша ақпарат алмасудан, сондай-ақ өтпелі ережелерден тұрады.

2. Осы Қағидаларда қолданылған ұғымдар Заңда көрсетілген мағыналарда пайдаланылады.



Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай терминдер мен ұғымдар да пайдаланылады:

1) бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН) - сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде заңды тұлға (филиал және өкілдік) үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір;

2) валюта айырбастаудың нарықтық бағамы - Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының негізгі сессиясында қалыптасқан және Ұлттық Банк бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп белгілейтін тәртіппен айқындалған теңгенің шетел валютасына қатысты орташа алғандағы биржалық бағамы, сондай-ақ теңгенің Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында сауда-саттық жүргізілмейтін, Ұлттық Банк бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп белгілейтін тәртіппен кросс-бағамдар пайдаланыла отырып есептелетін шетел валютасына қатысты бағамы;

3) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) - сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде жеке тұлға үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір;

4) келісімшарт - тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспортын немесе импортын көздейтін валюталық шарт;

5) келісімшарт бойынша салыстырып тексеру акті - келісімшарт бойынша тауарлардың қозғалысын салыстырып тексеру нәтижелері бойынша келісімшартты есептік тіркеу банкі мен кеден органы жасаған акт;

6) келісімшарттарды тіркеу журналы - келісімшарттардың есептік нөмірі берілген келісімшарттарды тіркеу үшін келісімшартты есептік тіркеу банкі жүргізетін журнал;

7) келісімшартты есептік тіркеу - келісімшарттың түпнұсқасына немесе көшірмесіне тиісті белгі қоя отырып, келісімшартқа келісімшарттың есептік нөмірін беру, сондай-ақ келісімшарт шеңберінде есеп жүргізу және міндеттемелердің орындалуы бойынша есептілік беру;

8) келісімшартты есептік тіркеу банкі - келісімшарт шеңберінде репатриациялау талаптарының орындалуын бақылау мақсатында келісімшартты есептік тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті банк (оның филиалы), Ұлттық Банктің аумақтық филиалы (бұдан әрі - филиал);

9) келісімшарттың есептік нөмірі - келісімшартты есептік тіркеу банкі беретін, валюталық операциялар бойынша есепті және есептілікті қамтамасыз етуге арналған тіркеу нөмірі немесе осы Қағидалар қолданысқа енгізілгенге дейін келісімшарт бойынша ресімделген мәміле паспортының нөмірі;

10) Қазақстан Республикасының кеден органдары (бұдан әрі - кеден органдары) - кеден істері саласындағы уәкілетті органның облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана) бойынша аумақтық бөлімшелері, Қазақстан Республикасының кедендері және кеден бекеттері;

11) Қазақстан Республикасының салық органдары (бұдан әрі - салық органдары) - салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана) бойынша, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ уәкілетті органның ауданаралық аумақтық бөлімшелері;

12) лицензия - резиденттің резидент емеске коммерциялық кредит беруі үшін Ұлттық Банк 2006 жылғы 31 желтоқсанға дейін берген лицензия;

13) мәміле паспорты - репатриациялау талаптарының орындалуын бақылау мақсаттары үшін осы Қағидалар қолданысқа енгізілгенге дейін келісімшарт бойынша ресімделген құжат;

14) репатриациялау мерзімі - экспорт датасы мен экспортты төлеуге валюта келіп түскен күн арасындағы не импорт бойынша ақша төленген және (немесе) аударылған күн мен резидент емес міндеттемелерін орындамаған және (немесе) толық орындамаған жағдайда импорт бойынша пайдаланылмаған аванс қайтарылған күн арасындағы, не импорт бойынша ақша төленген және (немесе) аударылған күн мен келісімшартта пайдаланылмаған авансты қайтару мерзімі болмаған жағдайда импорт күні арасындағы уақыт кезеңі;

15) экспортер немесе импортер - келісімшарт жасаған не келісімшарт бойынша резидент емеске талап қою құқығы өткен Қазақстан Республикасының резиденті (заңды тұлға, оның филиалы, сондай-ақ жеке кәсіпкер).

  

2. Репатриациялау талабының орындалуын бақылаудың негізгі рәсімдері



 

3. Уәкілетті банктер, сондай-ақ Ұлттық Банктің филиалдары осы Қағидалардың 29-тармағының 1)-5) және 7) тармақшаларында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, елу мың АҚШ доллары баламасынан жоғары сомаға келісімшарттар бойынша репатриациялау талабының орындалуына бақылауды жүзеге асырады.



Егер келісімшарт АҚШ долларынан өзгеше валютамен көрсетілсе және келісімшартта АҚШ долларына қатысты айырбастау бағамына нұсқау болмаса, келісімшарт сомасының АҚШ долларындағы баламасын айқындау үшін қайта санау келісімшарт жасалған күнгі валюта айырбастаудың нарықтық бағамы пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.

Егер келісімшарт АҚШ долларынан өзгеше валютамен көрсетілсе, резидент еместің орындалмаған міндеттемелерінің сомасы келісімшарт валютасында оны кейіннен келісімшарт бойынша репатриациялау мерзімі аяқталатын айдың соңғы күніндегі валюта айырбастаудың нарықтық бағамын пайдалана отырып АҚШ долларына қайта санау арқылы есептеледі. Келісімшартты есептік тіркеуден алу мақсатында резиденттің орындалмаған міндеттемелерінің сомасын АҚШ долларына қайта санау келісімшартты есептік тіркеуден алған күнгі валюта айырбастаудың нарықтық бағамы пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.

Егер келісімшарт міндеттемелерді орындау валютасынан өзгеше валютада көрсетілсе және келісімшарт тараптары міндеттемелерді орындау валютасын келісімшарт валютасына қайта есептеудің бағамы айқындалмаса, орындалған міндеттемелер сомасын келісімшарт валютасына қайта есептеу міндеттемелерді орындау күнгі валюта айырбастаудың нарықтық бағамы пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.

4. Репатриациялау мерзімі келісімшарттың есептік нөмірін талап ететін келісімшарттар бойынша осы Қағидалардың 1-қосымшасының нысаны бойынша келісімшарттың есептік нөмірін алуға арналған өтініште, ал есептік нөмірді алуды талап етпейтін келісімшарттар бойынша еркін нысандағы өтініште көрсетіледі. Есептік нөмірді алуды талап етпейтін келісімшарттар үшін экспортердің немесе импортердің репатриациялау мерзімі көрсетілген өтініші болмаған жағдайда, бұл мерзім 180 күнтізбелік күнге тең болып қабылданады.

Репатриациялау мерзімін экспортер немесе импортер келісімшарт бойынша тараптардың міндеттемелерді осы Қағидалардың 2-қосымшасында көзделген тәртіппен орындау талаптарына қарай есептейді және толық жылдар мен күндердің саны ретінде көрсетіледі.

5. Репатриациялау мерзімі еркін нысандағы өтініште мынадай жағдайларда жаңа репатриациялау мерзімін көрсету арқылы өзгертіледі:



1) егер бұған дейін экспортер немесе импортер көрсеткен репатриациялау мерзімі келісімшарттың талаптарына сәйкес келмесе және (немесе) осы Қағидалардың нормаларын ескерместен есептелсе;

2) келісімшарт бойынша тараптардың міндеттемелерін орындау мерзімдеріне және талаптарына әсер ететін жағдайлардың басталуын растайтын мынадай құжаттар болса:

келісімшартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар;

соттың немесе өзге мемлекеттік органның, төрелік соттың шешімі;

3) келісімшарт бойынша тараптардың міндеттемелерін орындау мерзімдерін және талаптарын өзгертуге әсер ететін дүлей күш жағдайларының туындауы.

Дүлей күш жағдайлары туындаған немесе соттың немесе өзге мемлекеттік органның, төрелік соттың шешімінде келісімшарт бойынша резидент еместің міндеттемелерін орындау мерзімдері болмаған кезде репатриациялау мерзімі үш жылдан аспайтын мерзімге ұзартылады.

6. Валюталық бақылау мақсаттары үшін тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) экспортының немесе импортының күні болып:



1) тауарларды Кеден одағының кеден шекарасы арқылы өткізген кезде - сыртқы сауданың кедендік статистикасында экспорт немесе импорт ретінде есепке алынатын кедендік рәсім ретінде тауардың орналастырылуын растайтын тауарлар декларациясында көрсетілген, тауарлардың шығарылған күні;

2) тауарларды Кеден одағының кеден аумағының ішінде импорт үшін өткізген кезде, «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (бұдан әрі - Салық кодексі) тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті ресімдеу көзделген жағдайда - Қазақстан Республикасы салық органының тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу жөніндегі өтінішті қабылдағаны туралы белгі қойған күні;



3) қалған жағдайларда:

өзара сауданың кедендік статистикасында экспорт немесе импорт ретінде есепке алынатын кедендік рәсім ретінде тауардың орналастырылуын растайтын тауарлар декларациясында көрсетілген, тауарлардың шығарылған күні (тауарлар декларациясын ресімдеу көзделген кезде);

тауарлар беруді, жұмыстар орындауды (қызметтер көрсетуді) растайтын құжаттарға қол қойылған (қабылданған) күн;

нақты берілген тауарлар, орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) үшін шот-фактураның, инвойстың берілген күні;

жұмыстар орындалғанын (қызметтердің көрсетілгенін) растайтын құжаттарға қол қоюды (қабылдауды) және нақты орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) үшін шот-фактура, инвойс беруді көздемейтін келісімшарттың талаптарына сәйкес міндеттемелерді орындаудың басталған күні;

аумағына тауарлар импортталған Кеден одағына мүше мемлекеттің салық органының тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті қабылдағаны туралы белгі қойған күні саналады.

7. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін валютаны репатриациялау жөніндегі талаптың орындалуын бақылауды жүзеге асыру кезінде уәкілетті банкке немесе Ұлттық Банктің филиалына келіп түсетін құжаттар валюталық бақылау құжаттары болып табылады. Мұндай құжаттарға мыналар жатады:



1) осы Қағидалардың 1-қосымшасында белгіленген нысан бойынша немесе келісімшарттың есептік нөмірін алуды талап етпейтін келісімшарттар бойынша еркін нысандағы келісімшарттың есептік нөмірін алуға өтініш;

2) есептік тіркеуден өтуі тиіс келісімшарттар үшін есептік нөмірдің берілгені туралы белгісі бар келісімшарт (түпнұсқасы немесе оның көшірмесі);

3) мыналарды:

келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімдерінің және талаптарының немесе тараптарының өзгергенін;

келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалғанын (тауарлар декларациясын, жұмыстардың орындалғанын (қызметтердің көрсетілгенін) немесе тауарлардың Кеден одағының кеден аумағының ішінде экспорт немесе импорт үшін өткізілуін растайтын құжаттарды қоса алғанда);

экспортердің немесе импортердің шетел банкіндегі банк шотының Заңның 12-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген шоттарға сәйкес келуін растайтын құжаттар;



4) шетел банктеріндегі банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді-көшірмелер, төлем және шетел банктеріндегі банк шоттарынан төлемдер мен (немесе) аударымдарды растайтын және сәйкестендіретін өзге құжаттар;

5) лицензия, тіркеу куәлігі, хабарлама туралы куәлік, мәміле паспорты;

6) келісімшарт бойынша салыстырып тексеру акті.

Егер тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініште экспортталған немесе импортталған тауарлар бойынша жиынтық сома болмаса, экспортер немесе импортер бұл жиынтық соманы келісімшартты есептік тіркеу банкіне валюталық бақылау құжаты ретінде ұсынылатын тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің көшірмесінде көрсетеді.

Экспортер немесе импортер уәкілетті банктің немесе Ұлттық Банк филиалының талап етуі бойынша ұсынатын валюталық бақылау құжаттарының көшірмелері экспортердің немесе импортердің уәкілетті тұлғасының мөрімен және (немесе) қолымен расталады. Электрондық құжат айналымы болған кезде экспортер немесе импортер ұсынатын құжаттардың электрондық көшірмелері экспортердің немесе импортердің цифрлық қолтаңбасымен расталады.

Шет тілдегі валюталық бақылау құжаттарының көшірмелері уәкілетті банктің немесе Ұлттық Банк филиалының талап етуі бойынша экспортердің немесе импортердің уәкілетті тұлғасының мөрімен және (немесе) қолымен расталып, мемлекеттік тілдегі немесе орыс тіліндегі аудармасымен қоса ұсынылады.

8. Тауарларды экспорт немесе импорт үшін Кеден одағының кедендік аумағы ішінде алып өтуді растайтын құжаттары мыналар болып табылады:



1) тауарларды импорт үшін Кеден одағының кедендік аумағы ішінде алып өткен кезде, Салық кодексінде тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті ресімдеу көзделген кезде - тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш (Қазақстан Республикасы салық органының жанама салықтардың төленгені туралы белгісі бар қағаз жеткізгіште);

2) қалған жағдайларда:

тауарды өзара сауданың кедендік статистикасында экспорт немесе импорт ретінде есепке алынатын кеденді рәсім арқылы алып өтуді растайтын, тауарларға арналған декларация;

тауарлардың өткізілуін және (немесе) жұмыстардың орындалуын (қызметтердің көрсетілуін) растайтын акт;

нақты өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) үшін шот-фактуралар, инвойстар;

Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарлар экспортын растау үшін тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш (аумағына тауарлар импортталған Кеден одағына мүше мемлекеттің салық органының жанама салықтардың төленгені туралы белгісі бар қағаз тасымалдағышта).

9. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін тауарларды экспорт немесе импорт үшін Қазақстан Республикасының аумағынан алып өту деп:



тауарларды өзара сауда статистикасында экспорт немесе импорт ретінде есепке алынатын Қазақстан Республикасының аумағынан (аумағына) Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына (аумағынан) алып өту;

сыртқы сауданың кедендік статистикасында экспорт немесе импорт ретінде есепке алынатын кедендік рәсімдердің бірінде орналастырылған тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасынан алып өту түсініледі.

10. Экспортер немесе импортер тараптардың келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындау мерзімдері мен талаптарына әсер ететін жағдайлар туындаған жағдайда, растайтын құжаттарды келісімшартты есептік тіркеу банкіне ұсынады.



Құжаттар олар бар болған кезде резидент еместің экспортер немесе импортер алдындағы орындалмаған міндеттемелерінің сомасы баламасы елу мың АҚШ долларынан асқан репатриациялау мерзімі аяқталатын айдың соңғы күнінен кешіктірмей ұсынылады.

Вексель бойынша төлем алған кезде немесе вексель бойынша талаптар құқықтарын үшінші тұлғаға өткізу кезінде растау құжаттарын экспортер немесе импортер вексель бойынша төлем немесе вексель бойынша талаптар құқықтарын өткізу күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде ұсынады.

Келісімшарт бойынша ақша төлемдерін және (немесе) аударымдарын резидент емес үшінші тұлға жүзеге асырған кезде импортер келісімшартты есептік тіркеу банкіне резидент емес үшінші тұлғаның атауын немесе аты-жөнін, тұратын елін, төлемнің күнін, сомасы мен валютасын көрсете отырып, осы ақша төлемдері және (немесе) аударымдары бойынша ақпаратты төлемдер және (немесе) ақша аударымдары жүргізілген күннен бастап күнтізбелік 180 күннен кешіктірмей ұсынады.

11. Егер репатриациялау мерзімі аяқталып, ал резидент еместің экспортер немесе импортер алдындағы келісімшарт бойынша орындалмаған міндеттемелерінің сомасы елу мың АҚШ доллары баламасынан асып кетсе, уәкілетті банк репатриациялау мерзімі аяқталғаннан кейінгі айдың бесінен кешіктірмей экспортердің немесе импортердің атына резидент еместің келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі мен талаптарына немесе резидент еместің келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындауына әсер ететін жағдайларды растайтын құжаттарды ұсынуы туралы сұрату (жазбаша нысанда не электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып) жібереді.

Экспортер немесе импортер репатриациялау мерзімінің ұзартылуын немесе резидент еместің келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындауын растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда, уәкілетті банк Ұлттық Банкке осы Қағидалардың



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет