Талдықорған қаласы әкімшілігі «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсты жариялайды



Дата13.06.2016
өлшемі47.97 Kb.
#132121
Талдықорған қаласы әкімшілігі «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсты жариялайды
040000, Алматы облысы Талдықорған қаласы Абай көшесі, 256, телефондар: 8(7282) 247323, электрондық адрес: akimattld@mail.ru

  1. Қала әкімінің орынбасары (Е-1 санаты), индексі – 89-03

Еңбек сіңіргеніне байланысты лауазымдық қызметақысы – 150740 теңгеден 203208 теңгеге дейін.

Білімі: Жоғары әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқықтық, техникалық ғылым және технология.

Функционалдық міндеттері:

Қаланы көгалдандыру, абаттандыру, жол шаруашылығы, көлік мәселелері, газбен қамту, электр қуатымен қамту, шағын және орта кәсіпкерлік, сауда және қызмет көрсету, агроөнеркәсіптік кешен, экология, су және орман шаруашылығы, телекоммуникация мәселелерімен айналысады. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің (өнеркәсіп саласы), тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөлімінің (көлік, жол, абаттандыру, санитарлық тазалық мәселелері), кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, ветеринария бөлімдерінің қызметін бағыттау. Статистика басқармасының, «Көркем Талдықорған» МКМ, «ЖТБО» ҚМКК - ның, «Алатаугаз» ҚМКК, «104» апаттық газ қызметі» МҚКК, «Жерұйық» коммуналды базары» ҚКК, «Автотұрақ» ҚКК - нің қызметтерін үйлестіріп, бағыттау. Өнеркәсіптік кәсіпорындармен, «Жетісугаз» АҚ, «Жигули» ЖШС, телекоммуникацияның облыстық дирекциясымен, ПИК, квартал комитеттерімен, сауда кәсіпорындарымен, барлық меншіктегі ауыл шаруашылық субъектілері, шағын және орта кәсіп субъектілерімен, автомобиль және темір жол көліктері кәсіпорындарымен, «Жетісу» авиакомпаниясы» ААҚ, «Ұлттық экспертиза және сертификаттау орталығы» ААҚ – ның Талдықорған филиалымен, облыстық ауыл шаруашылық департаменті, қоршаған ортаны қорғау аумақтық басқармасы, орман және аңшылық шаруашылығының аумақтық басқармасымен, ауыл шаруашылығы Министрлігінің қалалық аумақтық басқармасы, облыстық табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы және барлық меншіктегі шикізат өңдеу өндіріс орындарымен өзара бірлесе әрекет етеді және байланыста болады. Газ жабдықтары мен аспаптарын пайдалануда қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі комиссияның, қалалық эвакуация, көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі және азық – түліктің негізгі түрлері мен коммуналдық қызмет бағаларына бақылауды жүзеге асыру жөніндегі комиссиялардың қызметтеріне басшылық жасайды. Компьютер құралдарымен жұмыс жасай білу.

Кәсіби құзыреттер: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес немесе ғылыми дәрежесінің болуы;

4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес.
Конкурс қатысушыларына және үміткерлерге.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күні

Қажетті құжаттар тізбесі:

1) үлгі бойынша өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Әңгiмелесу өткiзудiң мерзiмi мен орны:

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 5 жұмыс күн ішінде өтеді. Өткізілетін орны: Алматы облысы Талдықорған қаласы Абай көшесі, 256, 316 кабинет.



Байқаушылар туралы ақпарат:

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы облысы бойынша департаментінің, басқа да мемлекеттік органдар мен «Нұр Отан» партиясының өкілдері.



Ішкі конкурсқа қатысатын тұлғалардың құжаттарын қабылдау:

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.



Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет