Қазақстан республикасы ұлттық банкінің АҚша-несие саясатын жетілдіру бағыттары



Дата03.07.2016
өлшемі188.82 Kb.
#175825
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫН ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ.

2006 жылдың 1 наурыз айындағы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында ақша-несие саясаты туралы мәліметтерді талқылады. Жолдауда айтылғандай, «Ақша-несие саясатының негізгі мақсаты – инфляцияны тежеуді қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жету жолындағы жауапкершілік Ұлттық банк пен Үкіметке жүктеледі. Олардың қолында сол үшін барлық өкілеттіктер мен құралдар бар. Ақша-несие саясатының келесі міндеті – қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету, инфляция өсімінің залалды зардаптарын төмендету, сонымен бір мезгілде экономикалық өрлеуді ынталандыру үшін нақтылы айырбас бағамының икемділігін сақтап тұру. Осы орайда Ұлттық қор маңызды рөл атқаруға тиіс. Үкімет Қор қаражатының ашықтығын және ұтымды құралуы мен пайдаланылуын қамтамасыз етуге тиіс».

Ел экономикасы дамуының тұтастай алғанда оң үрдісін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ақша-несие саясаты шараларын жетілдіруді іске асырып отыр[2, б.11 (2.1 басымдық)].

2003 жылдың шілдесінде «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, ақша-несие саясатын жүргізуге қатысты бірқатар өзгерістер енгізілді, ол 2004 жылы 1 қаңтарда күшіне енді.

2004 жыл Қазақстан қаржы секторының реформаланған мемлекеттік реттеу жағдайларында жұмыс істеуінің алғашқы жылы болды, атап айтқанда, 2004 жылдан бастап қаржы нарығындағы барлық реттеу және қадағалау қызметтерін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі жүзеге асырады.

Реттеу және қадағалау функцияларын бөлу Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ерекше мәртебеге ие болуын айқындады, ол қызметі классикалық орталық банкке тән қызметтерге шоғырландырылған ТМД-дағы жалғыз орталық банк болып табылады.

Жаңадан туындаған нақты жағдайлар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің саясатындағы мәндердің ауысуына жол ашты. 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің негізгі мақсаты бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз етуді орындау үшін, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының негізгі бағыттары қабылданған кезде мынадай екі фактор ескерілді.

Біріншіден, Қазақстанда қаржы нарығының дамуымен ақша агрегаттарының және инфляцияның арасындағы өзара байланыстың әлсірегені байқалды. Сондықтан ақша агрегаттарының болжамдары мақсатты болып табылмайды және олар бойынша өсу шегінін, әсіресе, Қазақстанда инфляциялық таргеттеу қағидаттарын ендіру жағдайларында қатаң міндеттелген болып табылмайды. Соған қарамастан, олар нарық үшін маңызды бағдар болып қала береді және Ақша-несие саясатының 2005 - 2007 жылдарға арналған негізгі бағыттарын жасаған кезде ескеріледі.

Екіншіден, 2005 жылдың нәтижесінде қалыптасатын инфляцияға 2004 жылы жүзеге асырылған шаралар ықпал ететін болады, сонымен қатар 2005 жылы ақша-несие саясаты 2006 жылғы нәтижелерге ықпалын тигізеді.

Сондықтан да Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының негізгі бағыттарьнда басым түрде 2005 жылға арналған шаралар сипаттала отырып, тұтастай алғанда алдағы үш жылға болжамдар берілген, ал әр жылдың аяғында оның нәтижелері бойынша алдағы жылға арналған көрсеткіштер нақтыланады.

Ақша-несие саясаты саласында – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің негізгі мақсаты бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету болады.

Кейінгі жылдарда әлемдік нарықтардағы үрдістер Қазақстанның макроэкономикалық дамуына оң әсерін тигізеді және сонымен катар бірқатар мәселелер туғызады. Олардың бірі нақты сектор кәсіпорындары мен коммерциялық банктердің сыртқы қарыздар алуы себепті банк жүйесінде өтімділіктің шамадан артық болуында, бұл банктердің экономикаға несиелерінің жедел өсуіне алып келеді. Мысалы, 2004–2007 жылдар аралығындағы кезеңде ЖІӨ-нің 26,4%-ға, ал банктердің экономикаға несиелері 2 еседен астам өсуі күтілуде. Шетел инвестицияларының едәуір әкелінуіне, сондай-ақ соңғы жылдары бюджет шығыстарының өсуіне байланысты жағдай шиеленісіп отыр. Мұндай жағдайда экономиканың «қызып кету» қаупінің болуы ықтимал.

Ақша-несие саясатының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінің болжамдарын әзірлеген кезде сыртқы және ішкі нарықтардағы ахуалдың өзгеруіне байланысты экономиканы дамытудың үш сценарийлік нұсқасы қарастырылды: базалық нұсқасы (мұнайдың қалыпты бағаларының нұсқасы), мұнайдың жоғары бағаларының нұсқасы және мұнайдың төмен бағаларының нұсқасы.

Доллардың еуроға қатынасының өзгеруі әлемдік валюталардың бағамдарын болжау күрделі болғандықтан, теңгенің АҚШ долларына қарағанда айырбас бағамының динамикасына елеулі дәрежеде әсер ететініне қарамастан, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болжамның барлық сценарийлік нұсқаларында доллардың еуроға 2004 жылдың соңындағы деңгейде теңдігін сақтау болжамын қабылдады.

Базалық нұсқаны әзірлеген кезде болжамдардың негізіне 2005 жылы тұтастай алғанда сыртқы және ішкі нарықтардағы ахуал 2004 жылғы қалпында қалады деген болжам қабылданған еді. Негізгі қазақстандық экспорт тауарлары бағаларының жоғары деңгейде сақталуы болжанады. Мәселен, 2005 жылы "Брент" сортты мұнайдың әлемдік орташа бағасы бір баррель үшін 35 доллар деңгейінде, бұдан кейін 2006 жылы 30 долларға дейін төмендей отырып, 2007 жылы мұнайдың әлемдік нарықтағы бағаларының осындай деңгейде сақталуы болжанады. 2005 жылы әлемдік пайыздық ставкалардың 2,5%-дан 3,0%-ға дейін, 2006-2007 жылдары 3,5%-дан 4,0%-ға дейін біртіндеп жоғарылауы күтіледі. Осыған қарамастан, ішкі ставкалармен салыстырғанда олардың біршама төмен деңгейі банктер мен кәсіпорындардың сыртқы қарыз алуының көп көлемде сақталуына ықпал ететін болады. Сонымен, базалық нұсқада валютаның едәуір көлемде әкелінуін сақтау болжанады, бұл Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Халықаралық резервтерінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры активтерінің ұлғаюына алып келеді. Елде қолайлы сыртқы экономикалық факторлармен қатар макроэкономикалық тұрақтылықты сақтау 2005-2007 жылдар ішінде экономикалық өсудің жоғары қарқынына қолдау жасауға ықпал ететін болады (кесте 1).
Ақша-несие саясатының 2005 - 2007 жылдарға арналған негізгі көрсеткіштерінің болжамы (базалық нұсқа)

Кесте 1

Жылдар

2004


2005

2006

2007


Инфляция (орташа алғанда кезең ішінде), %

6,9

4,9-6,5

4,8-6,2

4,1-5,5

Қайта қаржыландыру ставкасы (кезеңнің аяғында),%

7,0

7,0

6,5

6,0

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жалпы алтынвалюта резервтер млрд, АҚШ долл. өзгеруі %-бен

9,3

87,0


11,7

26,3


13,1

11,5


14,7

12,1


Ақша базасы, млрд. теңге өзгеруі %-бен

578

82,3


803

39,0


1022

27,3


1248

22,1


Ақша массасы, млрд. теңге өзгеруі %-бен

1635
68,2

2123
29,9

2760
30,0

3470
25,7

Резиденттердің депозиттері, млрд. теңге өзгеруі %-бен

1255
71,2

1590
26,6

2093
31,6

2677
27,9

Банктердің экономикаға несиелері, млрд. теңге өзгеруі %-бен

1484
51,7

1960
32,0

2520
28,6

3123
24,3

Жеке тұлғалардың мерзімді теңгелік депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы ставкасы, %

9,3

8,3
-10,3

8,0
-10,0


7,5
-9,5



Заңды тұлғаларға берілген теңгелік несиелер бойынша орташа алынған сыйақы ставкасы, %

13,7

13,2
-15,2

12,7
-14,7

12,2
-14,2

Ескерту - Кесте Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 29 қаңтардағы №10 қаулысынан алынған.

Осы жағдайларда ақша-несие саясатының негізгі мақсаты Елді әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған орташа мерзімді жоспарында айқындалған шекте инфляцияны сақтау болады.

Осы мақсатқа жету үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ақша-несие саясатының операциялары бойынша ықпал ету шараларын күшейтетін болады және өзінің негізгі ставкаларының реттеуші ролін одан әрі жоғарылатуға ықпал етеді.

Базалық нұсқа бойынша, едәуір экономикалық өсу және шетел валютасының Қазақстанға көп көлемде әкелінуі сияқты 2004 жылы инфляцияның жоғарылауына ықпал еткен негізгі факторлар 2005 жылы да өзінің ықпал етуін сақтайды деп болжанады. Сонымен бірге 2004 жылы өндіруші кәсіпорындар бағаларының 23,8%-ға жоғары өсуі 2005 жылы тұтыну бағалары өсуінің айқындаушы факторы болуы мүмкін. Осы факторлардың инфляцияға ықпалын барынша азайту үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ақша-несие саясатын қатайту жөнінде шаралар қабылдайтын болады.

Осы шаралардың бірі 2005 жылдың басында ресми қайта қаржыландыру ставкасын жоғарылату болуы мүмкін. Алайда, экономикада инфляциялық әлуеттің азаюына қарай оның біртіндеп төмендеуі болжанады.

Қаржы нарығындағы кірістілікті реттеу мақсатында қысқа мерзімді ноталар шығарылатын болады, алайда олардың айналыс мерзімдерін едәуір азайту болжанады. Осы жағдайларда, шамадан артық өтімділікті реттеудің басты құралы банктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі депозиттері болады және сондықтан да олардың көлемі едәуір артады.

Банк жүйесінің өтімділігі жоғарылауының жалпы үрдісімен қатар банктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі депозиттерінің көбеюі резервтеу коэффициентінің, яғни банк жүйесі резервтерінің банк жүйесіндегі резиденттердің депозиттеріне қатынасының біршама жоғары деңгейін (0,17) қамтамасыз ететін болады.

Өз кезегінде, бұл ақша агрегаттарының ұлғаюына мультипликативті әсер етеді. Тұтастай алғанда 2005-2007 жылдары ақша базасы мен ақша массасы 2,1 еседен астам ұлғаюы күтілуде. Алайда, инфляцияның қалыптасуында және инфляциялық күтулерде монетарлық факторлар ықпалының соңғы жылдары байқалған әлсіреу үрдісі салдарынан ақша базасының осындай едәуір кеңеюі инфляциялық қысым жасамайтын болады. Соған қарамастан, ұзақ мерзімді кезеңде монетарлық факторлар есебінен инфляциялық әлуеттің жинақталуына жол бермеу мақсатында, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ақша базасының кеңею қарқындарын төмендету жөнінде шаралар қабылдайтын болады. Осы кезеңде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шамадан артық өтімділікті реттеу бойынша операцияларының көлемі бір жылда орташа алғанда 600 млрд. теңгеден астам болуы мүмкін.

Елде макроэкономикалық тұрақтылықты сақтау, экономиканың қаржы секторын тұрақты дамыту және банк жүйесінде бәсекені жоғарылату айналыстағы қолма-қол ақшаның өсу қарқындарымен салыстырғанда депозиттердің өсу қарқындарының басымдықпен өсуіне ықпал етеді. Бұл қолма-қол ақша басымдығы коэффициентінің, яғни айналыстағы қолма-қол ақшаның резиденттердің банк жүйесіндегі депозиттеріне қатынасының төмендеуіне алып келеді. Осылайша, ақша мультипликаторы біртіндеп жоғарылайтын болады, бұл ақша ұсынысының ұлғаюына алып келеді. Экономикалық өсудің жоғары қарқындары, іскерлік белсенділіктің жоғарылауы, халықтың номиналдық және нақты ақшалай кірістерінің өсуі, сондай-ақ инфляцияның төмен қарқынының сақталуы ақшаға сұраныстың өсуіне ықпал етеді. Бұл ақша айналысының жылдамдығын төмендетуге және экономиканы монетизациялау деңгейінің 2007 жылы 37,8%-ға дейін жоғарылауына әкеледі.

Мұнайдың жоғары бағалардың сценарийінде алдағы кезеңде мұнайдың әлемдік бағаларының жоғарылау үрдісі жалғасады және 2005-2007 жылдары "Брент" сортты мұнайдың орташа бағасы бір баррель үшін 45 доллар болады деген болжам жасалды.

Әлемдік пайыздық ставкалар 2,5-3,2% шегіндегі төмен деңгейде қалады, ал банктердің сыртқы қарыз алуының нетто-әкелінуі базалық нұсқамен салыстырғанда екі еседен астам ұлғаяды деп болжанады. Мұнайдың әлемдік бағалары жоғарылаған кезде экономиканың өсу қарқындары базалық нұсқаға қарағанда едәуір жоғары деңгейде қалыптасады.

Экономикалық өсудің жоғары қарқындары және валюта әкелінуінің ұлғаюы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің халықаралық резервтерінің едәуір өсуіне алып келеді - олардың жоғарылауы базалық нұсқадан жоғары бағалардың сценарийі бойынша 2005 жылғы 1,5-тен 2006-2007 жылдары 3 есеге дейін болады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шамадан артық өтімділікті реттеу бойынша операциялары көлемінің базалық нұсқамен салыстырғанда екі есе дерлік ұлғаюына қарамастан (2007 жылы реттеу көлемі 1100 млрд. теңгеден астам болуы мүмкін), экономикадағы ақша ұсынысы ұлғаяды, бұл ақша агрегаттарының едәуір жоғары қарқынмен өсуіне алып келеді.Осы жағдайларда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің күш салуына қарамастан, инфляция орташа алғанда бір жылда Елді әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған орташа мерзімді жоспарында белгіленген шектен асады.

Нақты көрсетуде негізгі ресми ставкаларды әлсіз оң ретінде сақтау үшін, сондай-ақ нарық субъектілеріне ақша - несие саясатын қатайту туралы ескерту мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2005 жылы ресми қайта қаржыландыру ставкасын жоғарылата отырып, бұдан кейінгі жылдары инфляция мен инфляциялық күтулер төмендеген кезде оны біртіндеп төмендететін болады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі инфляция бойынша мақсатқа жету үшін шамадан артық өтімділікті алу бойынша операциялар жүргізетін болады, олардың ішіндегі негізгілері бұрынғыдай, қысқа мерзімді ноталар шығару және банктердің депозиттерін тарту, сондай-ақ ең аз резервтік талаптардың тетігін пайдаланады.

Мұнайдың төмен бағалардың сценарийі кезінде 2005 жылы мұнайдың әлемдік бағаларын бір баррель үшін 30 долларға, 2006 жылы 24 долларға және 2007 жылы 19 долларға дейін төмендету туралы болжам жасалды.

Әлемдік пайыздық ставкалар 2005 жылдың өзінде-ақ 4,5-5,0 %-ға дейін айтарлықтай өседі, ал 2007 жылдың аяғында 5,5-6,0% деңгейіне жетеді деп болжанады. Сонымен бірге банктердің сыртқы заем алуының нетто-әкелінуінде ресурстардың қымбаттауы салдарынан базалық нұсқамен салыстырғанда 2007 жылдың аяғында 2,3 еседен астам төмендеу үрдісі болады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің халықаралық резервтері базалық нұсқамен салыстырғанда шамалы ұлғаятын болады. Қарастырылып отырған кезеңде экономиканың жыл сайынғы өсу қарқыны баяулайды және базалық нұсқаға қарағанда төмен болады деп болжанады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шамадан артық өтімділікті реттеу бойынша операцияларының көлемі бір жылда орташа алғанда 560 млрд. теңгеге жуық болуы мүмкін[14, б.76-78].

Осы жағдайларда ақша-несие саясатыныц негізгі мақсаты инфляцияны елді әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған орташа мерзімді жоспарында айқындалған шекте сақтау болады. Осы мақсатқа жету үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өзінің негізгі ставкаларын реттейді, ең аз резервтік талаптар тетігін пайдаланады және ақша - несие саясатының операцияларын жүргізетін болады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қарастырылған нұсқалардың ішінен базалық нұсқаны анағұрлым шынайы деп таниды.

Сонымен, банк жүйесіндегі өтімділікті шектеу жөніндегі міндет таяу перспективада әлі де болса көкейкесті күйінде қалады деп күтіледі.

Артық өтімділік мәселесінің өткірлігін төмендету үшін және банктердің өтімділігін неғұрлым икемді түрде реттеу үшін ең аз резервтік талаптарды қалыптастыру тетігіне тиісті өзгерістер енгізілетін болады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осы мақсаттар үшін банктер міндеттемелерінің құрылымын анықтаудың олар бойынша ең аз резервтік талаптардың нормативін сақтауға тиіс түрлі нұсқаларын, сондай-ақ олардың орындалу тәртібін қарастыратын болады және тиімді ақша-несие саясатын жүргізу үшін неғұрлым оңтайлы нұсқа тандап алынады.

Өтімділікті шектеу жөнінде көзделген шараларға қарамастан, алдағы үш жылда ақша агрегаттарының жылдық өсімдері экономикалық өсудің қазіргі кездегі қарқынын сақтауды қамтамасыз ететін болады.

Ақша-несие саясатын қатайту несиелер бойынша нарықтық ставкаларға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми ставкалары әсерінің сипатын өзгертуді болжайды. Егер өткен жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шаралары экономиканы несиелеу, оның ішінде ставкаларды төмендету бойынша банктер қызметтерін жандандыру жөніндегі міндеттерді шешуге бағытталса, «экономиканың қызып кетуін» болдырмау қажеттігі жағдайында ставкаларды төмендету мәселесі енді өзіндік мақсат ретінде қойылмайды.

Экономикадағы ставкалардың деңгейі нақты жағдайды негізге ала отырып пайда болатын тәуекелдер мен факторларға балама нарықтық негізде қалыптасуы тиіс. Сонымен бірге қайтарылуына Жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беру (сақтандыру) қоры кепілдік беретін жеке тұлғалардың жаңадан тартылатын салымдары бойынша сыйақысының шекті ставкаларын белгілеу тәжірибесі қайта қаралуға тиіс.

Активтері үнемі өсіп келе жатқан жинақтаушы зейнетақы қорлары инвестициялау үшін ұзақ мерзімді құралдардың жетпеуі жағдайында активтердің едәуір бөлігін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарына салады, соған байланысты ақша-несие саясатының банктік өтімділікке ықпалын төмендетеді. Сондықтан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қаржы секторын шолуда зейнетақы активтерін есепке алудың методологиялық аспектілерін және тиісті шаралар қабылдау үшін олардың ақша-несие саясатына ықпалын зерделеуді ниет етіп отыр.

Қазақстан Ұлттық Банкі қабылданатын шешімдер процесінің тиімділігін арттыру үшін, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, мүдделі мемлекеттік органдардың, Парламенттің, ғылыми топтардың, сондай-ақ экономиканың қаржы және нақты секторлары өкілдерінің қатысуымен ақша-несие саясаты жөніндегі консультативтік-кеңестік орган құратын болады. Бұл орган ақша-несие саясатының неғұрлым маңызды мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасына ұсынымдар дайындайды деп болжанады.

Ресми қайта қаржыландыру ставкасының реттеушілік қасиетін күшейту үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі практикаға ресми қайта қаржыландыру ставкасын мерзімді (тоқсан сайын) қайта қарауды және белгілеуді тәжірибеге ендіруді жоспарлап отыр. Дамыған елдердің орталық банктерінің тәжірибесі мұндай практиканың мақсатқа сай екендігін көрсетеді. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ақша нарығының жалпы жай-күйіне, заемдар бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейі мен инфляциялық күтулерге байланысты ресми қайта қаржыландыру ставкасын мерзімді қайта қарай отырып, сол арқылы қаржы нарығына қаржы саласында күтілетін үрдістер жөнінде маңызды бағдарлар береді. Жұртшылықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ниетін және бағаларын терең түсінуі үшін ресми кайта қаржыландыру ставкасын әр кезде қайта қарау баспасөз конференцияларында немесе баспасөз релиздерінде қабылданған шешімді тиісті түрде түсіндірумен қатар жүретін болады.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өз күш-жігерін ақша-несие саясаты құралдарының алуан түрлері жөніндегі ставкаларды келісуге және қысқа мерзімді ставкалардың реттеуші ролін арттыруға жұмсайтын болады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі инфляция жөніндегі болжамдардың дәлдігін арттыру мақсатында трансмиссиялық тетіктің моделін әзірлеу жұмысын жалғастырады. Ашық нарық операцияларының ауқымы кеңейтіледі, бағалы қағаздардың меншік портфелін ұлғайту және жаңа қаржы құралдарын дамыту жөнінде шаралар қабылданады.

Өтімділіктің артық болуы сақталып отырған жағдайда инфляцияны реттеу жөніндегі міндет оны реттеуді жүргізуге арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шығыстарын көбейтеді. Сондықтан, мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару саласында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бірлескен іс-әрекетін күшейту талап етіледі.

Валюта саясаты саласында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қандай да бір ұзақ мерзімді белгіленген дәлізді айқындамай-ақ, өзгермелі айырбас бағамының режимін сақтауға ниет етіп отыр.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюта нарығында "енжар позиция" деп аталатын бағытты ұстануға ниеттеніп отыр, бұл Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюта нарығына қатысуын азайтуды білдіреді. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің іс-әрекеті валюта бағамының уақытша және алып-сатарлық ауытқулары салдарының әлсіреуіне ғана бағытталады.

Бағамның ауытқуы ақша сұранысы мен ұсынысының арақатынасына байланысты болады. Әлемдік валюталардың аса жоғары кұбылмалылығы жағдайында валюта нарығындағы ахуал көбінесе әлемдік нарықтағы ахуалға қарай айқындалады.

Валюталық реттеу және валюталық бақылау саласында Қазақстанда валюталық режимді одан әрі бейтараптандыруға бағытталған саясат жалғасады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заңының жобасы қарауда жатыр. Осы заң жобасы ұлттық валютаның толық айырбасталу қағидаттарына кезең кезеңмен көшуі үшін тиімді база құру мақсатында әзірленді.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жаңа заң жобасының тұжырымдамасына сәйкес валюталық операцияларды жүргізу тәртібін, лицензиялау мәселелерін, валюталық операцияларды тіркеуді, валюталық операциялар туралы хабарламаны және экспорт-импорт валюталық бақылау рәсімдерін реттейтін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауды бастады.

2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап валюталық операцияларды лицензиялау толық жойылады, сондай-ақ сыртқы сауда келісім-шарттарында айқындалған мерзімдерге байланысты валюта түсімдерін қайтаруды талап ету белгіленетін болады, бұл валюталық операцияларды жүзеге асыру тәртібін едәуір жеңілдетеді және валюталық заңнама талаптарын орындауға сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың шығасыларын азайтады.

Жеке сектордың инвестициялық шешімдер қабылдауына және шетел нарығына қазақстандық капиталдың неғұрлым белсенді экспансиясы үшін жағдайлар жасауға мемлекеттің әкімшілік араласуын азайту күтіліп отыр.

Валюталық тәртіпті толық бейтараптандырудың міндетті талаптарының бірі заңсыздық белгілері бар операцияларды шектейтін және бақылайтын жүйенің болуы болып табылады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Үкіметінде заңсыз жолмен алынған ақшаны жария етуге қарсы іс-әрекет жүйесін құру жөніндегі кешенді шаралар кіретін заң жобасы жатыр. Ол барлық мүдделі тараптардың, оның ішінде олардың ақпарат ағындары құрылатын жүйенің іргетасы болып табылатын банктердің қатысуымен және олардың мүдделерін ескере отырып, ақшаның жария етуімен күрес жөніндегі тиімді жүйені құруды қарастырады.

«Экономиканың қызып кетуін» алдын алу жөнінде уақтылы шаралар қабылдау мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі елге шетел валютасының келу жағдайын бақылайтын болады және қажет болған жағдайда туындайтын тәуекелдерді төмендету бойынша шаралар қабылдау мүмкіндігін қарастырады.

Төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету саласында төлем жүйелерінің тиімді және сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету, олардың тұ-рақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуді қадағалау мен бақылауды жүзеге асыру, төлем құралдарының жаңа түрлерін дамыту, Микропроцессорлық карточкалар негізінде төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесін дамыту бағдарламасын іске асыру бойынша одан әрі шаралар қабылданатын болады.

Төлем карточкаларының ұлттық жүйесінің жұмыс істеуіне қойылатын жалпы талаптар 2004 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірлеген "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне қаржы нарығын реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасында қарастырылған.

2005 жылы елдің ішінде бөлшек сауда саласында қолма-қол жасалмайтын төлемдерді жүзеге асыру үшін тиімді төлем құралы және оған алуан түрлі төлемдер мен төлемге жатпайтын «қосымшаларды» орналастыру үшін көп функциялы карточка болуға бейімделген ұлттық төлем карточкасын ендіруге ерекше назар аударылатын болады.

Сонымен бірге, төлем карточкаларына қызмет көрсету және сауда ұйымдарында төлем карточкаларын қабылдау желілерін кеңейту жөнінде бірыңғай ұлттық желі құру бойынша жұмыс жалғастырылады.

Қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал ету саласында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өз қызметін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігімен тығыз үйлестіреді.

Ақша-несие саясаты қаржы нарығының тұрақтылығын сақтауға ықпал етеді. Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамыту тұжырымдамасына сәйкес қаржы нарығын одан әрі дамыту алдағы үш жылда оның барлық бөліктерін халықаралық стандарттарға жақындату бағытында жүргізіледі. Экономиканың нақты секторының қажеттіліктерін қанағаттандыратын, тұрақты және тиімді жұмыс істейтін қаржы жүйесін қалыптастыру жалғастырылады.



ЕурАзЭО және ТМД сияқты интеграциялық бірлестіктер шеңберінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жалпы төлем жүйесін ұйымдастыру және қаржы нарықтары интеграциясының басқа бағыттары бойынша жұмыстарды жүргізуді жалғастырады.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Бірыңғай экономикалық кеңістік, Шанхай Ынтымақтастық ұйымы және Орталық-Азия Ынтымақтастығын қалыптастыру бойынша мемлекетаралық және ведомствоаралық топтардың жұмысына белсенді түрде қатысуға ниет етіп отыр.Осылайша, ақша - несие саясаты саласындағы қазіргі кездегі негізгі бағыттары жүзеге асырылып, жетілдіріліп келеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет