Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан «Жасыл экономикаға»



Дата03.03.2016
өлшемі70 Kb.
#36219


Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан

«Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес құру туралы

Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманың іске асырылуын мониторингтеу және бағалау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1.рОсы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес
(бұдан әрі – Кеңес) құрылсын.

2.рҚоса беріліп отырған Кеңес туралы ереже бекітілсін.

3.рҚазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті ұйымдастыру және өзге де шараларды қабылдасын.

4.рОсы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

5.рОсы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2014 жылғы 26 мамыр


№ 823

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2014 жылғы 26 мамырдағы

№ 823 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН



Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

«Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес туралы

ереже



  1. Жалпы ережелер




  1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманың (бұдан әрі – Тұжырымдама) іске асырылуын мониторингтеу және бағалау, мониторингтеу және бағалау базасында тиісті ұсынымдар әзірлеу, экономиканы «жасыл» әрі орнықты даму қағидаттарында жаңғыртуды қамтамасыз ететін Тұжырымдаманы іске асыру стратегиясын, тактикасы мен тетіктерін айқындау мақсатында құрылатын консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

  2. Өз қызметінде Кеңес Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын және осы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес туралы ережені (бұдан әрі – Ереже) басшылыққа алады.

  3. Кеңестің қызметін қамтамасыз етуді Кеңестің жұмыс органы жүзеге асырады.

  4. Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Кеңестің жұмыс органы (бұдан әріжұмыс органы) болып табылады.



  1. Кеңестің негізгі міндеттері мен функциялары




  1. Кеңестің негізгі міндеттері:

  1. Тұжырымдаманың негізгі ережелерін іске асыру, оны іске асырудың стратегиясы мен тактикасын, әдістері мен тетіктерін айқындау жөнінде ұсыныстар дайындау;

  2. Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының неғұрлым маңызды әлеуметтік-экономикалық іс-шараларының нәтижелерін мониторингтеу, оларды іске асыруға кедергі болатын проблемаларды анықтау, сондай-ақ өндірісті және табиғат пайдалануды экологияландыру бағытында межеленген өзгерістерді толық көлемде орындауды қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар дайындау;

  3. «жасыл экономикаға» көшу бойынша неғұрлым маңызды проблемаларды шешуде атқарушы биліктің орталық және жергілікті органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өзара іс-қимыл жасауының тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар, оның ішінде экономиканы «жасыл» дамыту үшін қолайлы ахуал мен жағдайлар жасауға бағытталған шаралар қолдану жөнінде ұсыныстар дайындау;

  4. мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары мен даму бағдарламаларын, салалық бағдарламаларды Тұжырымдаманың басымдықтары мен қағидаттарына сәйкес келтіру бойынша бақылауды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

  1. қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарын Тұжырымдаманың бағыттарын, кезеңдерін, іске асырылу әдістері мен тетіктерін талқылауға тарту болып табылады.

  1. Кеңестің негізгі функциялары:

  1. Тұжырымдаманың іске асырылуын мониторингтеу және бағалау;

  2. мониторингтеу және бағалау базасында тиісті ұсынымдар мен ұсыныстар тұжырымдау;

  3. әр үш жыл сайын «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі ұлттық баяндаманы қарау;

  4. Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдаманың басымдықтары мен қағидаттарына сәйкес қарау;

  5. елдің «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың мазмұнын қарау және бағалау;

  6. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру болып табылады.



  1. Кеңестің құқықтары




  1. Кеңестің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және өз құзыреті шегінде:

  1. Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыруға байланысты мәселелер жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар енгізуге;

  2. консультациялар өткізуге, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан ақпарат сұратуға және алуға;

  3. проблемалық мәселелерді талқылауға қатысу үшін кәсіпкерлерді, мамандарды, ғалымдар мен тәуелсіз сарапшыларды тартуға құқығы бар.

  1. Кеңестің қызметін ұйымдастыру




  1. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңестің төрағасы болып табылады.

  2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары төрағаның орынбасары болып табылады.

  3. Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрі Кеңестің хатшысы болып табылады.

  4. Кеңес отырыстарын Кеңестің төрағасы не оның тапсырмасы бойынша Кеңес төрағасының орынбасары жүргізеді.

  5. Кеңес мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, Кеңес отырыстары заңды деп есептеледі.

  6. Кеңес мүшелері оның отырысына алмастыру құқығынсыз қатысады.

  7. Кеңес отырыстары тоқсанына бір реттен жиі өткізілмейді. Қажет болған жағдайда, Кеңес төрағасының шешімі бойынша Кеңестің кезектен тыс отырыстары өткізілуі мүмкін.

  8. Кеңес шешімдері отырысқа қатысып отырған Кеңес мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Талқыланатын мәселе бойынша дауыстар тең болған жағдайда, төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.

  9. Кеңес мүшесі қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда, өзінің ерекше пікірін білдіруге құқылы.

  10. Кеңес отырыстарының қорытындылары бойынша хаттамамен ресімделетін шешімдер қабылданады.

  11. Кеңес хатшысы:

  1. Кеңес отырыстары күн тәртібінің жобасын қалыптастырады;

  2. Кеңес отырыстарына материалдарды, сондай-ақ хаттамалық шешімдердің жобаларын дайындауды ұйымдастырады.



  1. Кеңестің жұмыс органы




  1. Кеңестің жұмыс органы:

  1. Кеңесте қарау үшін ұсыныстар жинауды жүзеге асырады, Кеңестің қарауына мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар енгізетін ұсыныстарды қалыптастырады;

  2. Кеңес шешімдерінің орындалуын бақылайды;

  3. мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардан Кеңестің міндеттерін орындау үшін қажетті ақпаратты сұратады;

  4. Кеңес мүшелерін Кеңес отырыстарының өткізілетін орны, уақыты мен күн тәртібі туралы хабардар етеді және оларды қажетті материалдармен уақтылы қамтамасыз етеді.


6. Кеңестің жұмыс топтары


  1. Кеңестің алдына қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында оның шешімімен мынадай мәселелер бойынша Кеңестің жұмыс топтары құрылады:

  1. қаржылық және инвестициялық саясат;

  2. су ресурстарын басқару;

  3. ауыл шаруашылығын дамыту;

  4. энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру;

  5. электр энергетикасын, оның ішінде жаңартылатын энергия көздерін дамыту;

  6. қалдықтарды басқару;

  7. ауаның ластануын азайту;

  8. экожүйелерді басқару;

  9. халықты ағарту және оның экологиялық мәдениетін қалыптастыру.

  1. Кеңес төрағасы жұмыс топтарының құрамын Кеңестің отырысында бекітеді.

  2. Кеңестің жұмыс топтарының құрамдарына мемлекеттік органдардың, кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктерінің және шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшылары болып табылатын Кеңес мүшелерінің өкілдері кіруі мүмкін.

  3. Жұмыс топтары Кеңеске ұсынымдар тұжырымдайды, олар Кеңес отырысында қаралып, хаттамамен бекітіледі.

  4. Кеңестің жұмыс топтарының жұмысына қатысу алмастыру құқығынсыз жүзеге асырылады.



7. Кеңестің қызметін тоқтату


  1. Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі Кеңестің қызметін тоқтатуға негіз болып табылады.

______________________

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2014 жылғы 26 мамырдағы

№ 823 Жарлығына

ҚОСЫМША


Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

«Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңестің

құрамы



Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi, төраға


Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары


Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрі, хатшы


Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі


Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі


Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі


Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі


Қазақстан Республикасының Әділет министрі


Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі


Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі


Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы

(келісім бойынша)




«Астана ЭКСПО – 2017» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)


Біріккен Ұлттар Ұйымының тұрақты үйлестірушісі/ Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму Бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі (келісім бойынша)


«MAC ALIANS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директорлар кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)


«Жасыл» экономиканы» қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясы»

заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасы (келісім бойынша)




«KazWaste» Қазақстан қалдықтарды басқару қауымдастығының атқарушы директоры (келісім бойынша)


«Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығының директоры

(келісім бойынша)



_____________________________





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет