Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төлем жүйелерін дамыту және басқару департаменті Алматы, 2015 жылғы ақпан



бет1/4
Дата24.04.2016
өлшемі7.87 Mb.
#79757
  1   2   3   4




2014 ЖЫЛҒЫ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІН ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ БАНК ҚЫЗМЕТТЕРІ НАРЫҒЫН ҚАДАҒАЛАУ (OVERSIGHT) ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ





Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің

Төлем жүйелерін дамыту және басқару департаменті

Алматы, 2015 жылғы ақпан




МАЗМҰНЫ

ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІ



ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІ (БААЖ ЖӘНЕ БКЖ) 3

ТӨЛЕМ КАРТОЧКАЛАРЫНЫҢ НАРЫҒЫ 12

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АҚША АУДАРЫМДАРЫНЫҢ ЖҮЙЕЛЕРІ 19

ЭЛЕКТРОНДЫҚ АҚША НАРЫҒЫ 27

ТӨЛЕМ ҚҰРАЛДАРЫ 29




ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІ (БААЖ ЖӘНЕ БКЖ)

«ҚР Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны операторы болып табылатын, қазіргі кезде Қазақстанда қолданылып жүрген ұлттық төлем жүйелері (БААЖ1 және БКЖ2) маңызды және толық құқықтық базасының болуымен, пайдаланатын ақпараттық шешімдерінің қауіпсіздігі мен сенімділігінің жоғары дәрежесімен сипатталады. Мысалы, 2014 жылы БААЖ жұмысының үздіксіздік (жұмысқа қабілеттілік) коэффициенті 99,949%-ды, БКЖ жұмысқа қабілеттілік коэффициенті 99,997%-ды құрады, бұл елде жұмыс істейтін жүйелердің жоғары тиімділігін сипаттайды.

Бұл ретте аталған төлем жүйелері ішкі бағдарламалық өнімдерге негізделіп, хабарламалармен алмасудың жергілікті жүйесін пайдаланады, бұл жүйені пайдаланушылардың сұраныстарын толық қанағаттандыру мақсатында жүйелерге дер кезінде қажетінше теңшеу жүргізуге және пысықтауға мүмкіндік береді.

Қолданыстағы төлем жүйелерінің сенімділігі мен қауіпсіздігінің жоғары деңгейіне қарай аталған жүйелердегі төлемдер көлемінің жыл сайынғы өсу үрдісі сақталып келеді, мысалы 2014 жылы БААЖ және БКЖ арқылы 202,6 трлн. теңге сомаға 34,7 млн. транзакция жүргізілді. 2013 жылмен салыстырғанда төлем жүйелеріндегі төлемдердің саны 1,6%-ға азайды, ал төлемдердің сомасы 14,1%-ға ұлғайды.


БААЖ және БКЖ-дағы төлемдер ағынының динамикасы


млн. тр.

2012 жылы депозиттермен және бағалы қағаздармен операциялар бойынша төлемдер көлемінің азаюына негізделген төлемдер көлемінің құлдырауынан кейін БААЖ және БКЖ арқылы жасалатын төлемдер көлемі 2014 жылы өсу динамикасын жалғастырып, төлем жүйелерінің барлық жұмыс істеу кезеңінің ішіндегі ең жоғарғы деңгейге жетті.

Орташа алғанда, 2014 жылы төлем жүйелері арқылы бір күн ішінде 826,9 млрд.теңге сомаға 141,5 мың транзакция жүргізілді, бұл 2013 жылмен салыстырғанда төлемдердің саны бойынша 1,2%-ға аз және сомасы бойынша 14,5%-ға көп.

Бір күн ішінде жүргізілген төлемдер көлемінің ең жоғарғы шегі 2014 жылғы 31 желтоқсанда тіркелді және 2 752,2 млрд. теңгені құрады, бұл 2014 жылы жүргізілген төлемдердің орташа сомасынан 3,3 есе көп.

Бұл ретте 2014 жылы орташа алғанда бір күн ішінде БААЖ арқылы 804,9 млрд. теңге сомаға 57,1 мың транзакция жүргізілді, бұл 2013 жылмен салыстырғанда саны бойынша 1,2%-ға және сомасы бойынша 14,6%-ға көп. Клиринг жүйесі арқылы орташа алғанда бір күн ішінде 22,0 млрд. теңге сомасына 84,4 мың төлем хабарламасы жүргізілді, бұл 2013 жылмен салыстырғанда төлемдердің саны бойынша 2,7%-ға аз және төлемдердің сомасы бойынша 12,4%-ға көп.

Банкке келген клиент төлем жасау үшін БААЖ немесе БКЖ таңдай алады. Тез арада есептеуді талап ететін ірі сомалардағы жедел және басымдығы жоғары төлемдер үшін БААЖ-ды таңдаған жөн. Осыған байланысты аталған жүйе арқылы елдегі төлемдердің негізгі көлемі



(төлемдердің жалпы көлемінің 97,3% және олардың жалпы санының 40,3%) өңделеді, атап айтқанда бұл қаржы құралдарымен жасалатын операциялар болып табылады.

Мысалы, БААЖ-дағы төлемдердің жалпы сомасының 38,8% бағалы қағаздармен жасалатын операциялар бойынша төлемдерге тиесілі. Шетел валютасымен және бағалы металдармен жасалатын операциялар 17,2%-ды, депозиттермен операциялар 16,7%-ды құрайды.





Банкаралық клиринг жүйесін таңдау кезінде бұл жүйедегі төлемдерді есептеу күніне бір рет қана (сағат 15:00-ден 16:00-ге дейін) жүргізілетінін есте ұстаған жөн, соның салдарынан банкке сағат 15:00-ге таман немесе одан кейін төлем нұсқамасын ұсынған жағдайда төлемді есептеу келесі операциялық күні ғана жүзеге асырылатын болады. Сонымен қоса, осы жүйедегі тарифтер БААЖ-дағы қызметтер






құнынан айтарлықтай төмен, осыған байланысты ұсақ төлемдердің негізгі ағыны (төлемдердің жалпы санының 59,7% және олардың сомаларының барлығы 2,7%) осы жүйеде жасалады. БКЖ-дағы төлемдердің басым үлесі тауарларға, материалдық емес активтер мен қызметтерге тиесілі. Сондай-ақ бюджетке жасалатын төлемдердің, бюджеттен бөлінетін төлемдердің, зейнетақы төлемдері мен жәрдемақылардың үлесі де айтарлықтай.

2014 жылы БААЖ арқылы төлем жүйелерінде қолма-қол жүргізілмейтін төлемдердің сомасы БААЖ және БКЖ арқылы төлемдердің жалпы сомасының 97,3%-ын, Банкаралық клиринг жүйесі арқылы тиісінше 2,7%-ын құрады. БААЖ арқылы жүргізілген төлемдердің саны 40,3%, Банкаралық клиринг жүйесінде 59,7% болды.






2014 жылы БААЖ-дағы бір төлем құжатының орташа сомасы 14,1 млн. теңгені құрады және 2013 жылмен салыстырғанда 13,2%-ға (1,7 млн. теңгеге) ұлғайды. Банкаралық клиринг жүйесіндегі бір төлем хабарламасының орташа сомасы 2013 жылмен салыстырғанда 15,5%-ға (35,0 мың теңгеге) ұлғайып, 2014 жылы 260,5 мың теңгені құрады.



Төлемдер көлемінің өсуі негізінен депозиттермен операциялар бойынша төлемдер сомасының 42,3%-ға, сондай-ақ шетел валютасымен және бағалы металдармен операциялар бойынша төлемдер сомасының 31,7%-ға ұлғаюына негізделді. Бұл ретте өсімнің жалпы көлеміндегі аталған операциялардың үлесі 60,6% болды.

БААЖ және БКЖ-да төлемдерді тағайындау түрлері бөлігіндегі төлемдердің көлемі

Көрсеткіш атауы

2013 жыл

2014 жыл

Өзгеріс

млрд. теңгеде

млрд. теңгеде

млрд. теңгеде

%-бен

Шетел валютасымен және бағалы металдармен операциялар

25 773,4

33 951,4

8 178,0

31,7%

Депозиттер

23 371,6

33 253,9

9 882,4

42,3%

Қарыздар

2 395,2

2 766,8

371,6

15,5%

Бағалы қағаздар, вексельдер мен депозиттік сертификаттар

79 583,4

76 542,1

- 3 041,4

-3,8%

Тауарлар, материалдық емес активтер және қызметтер

24 867,5

27 614,5

2 746,9

11,0%

Басқа да төлемдер*

21 599,7

28 459,1

6 859,4

31,8%

Жиынтығы

177 590,8

202 587,8

29 811,9

14,1%

* зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларды, өзгеше аударымдарды, бюджетке төлемдер мен бюджеттен төлемдерді қамтиды.

Жалпы 2014 жылы төлем жүйелері арқылы жүргізілген төлемдердің көлемі 2014 жылғы Қазақстанның ІЖӨ деңгейінен 5,3 есе (38 033,1 млрд. теңге) асып түседі.



БААЖ және БКЖ арқылы жүргізілген төлемдердің негізгі көлемі заңды тұлғалардың төлемдеріне, оның ішінде қаржы секторы субъектілерінің төлемдеріне тиесілі. Бұл ретте БААЖ-дағы заңды тұлғалар төлемдерінің көлемі төлемдердің жалпы сомасының 99%-нан астам мөлшерді құрайды, тиісінше жеке тұлғалар төлемдерінің үлесіне 1%-дан аз келеді. БКЖ-да жеке тұлғалардың төлемдері барынша белсенді түрде (төлемдердің жалпы сомасының 8%) жүргізіледі, бұл аталған жүйенің төмен тарифтеріне негізделіп отыр. Заңды тұлғаның төлем жүйелері арқылы

жіберілген бір төлем құжатының орташа сомасы 1 867,8 мың теңгені құрады, бұл шамамен заңды тұлғалар арасындағы қолма-қол жасалмайтын нысандағы төлемдерді жүзеге асыру үшін «Ақша төлемі мен аударымы туралы» Қазақстан Ренспубликасының Заңында белгіленген 1 000 АЕК-ке (2014 жылы 1 852 мың теңгеге) тең.









БААЖ және БКЖ-да есептелген жеке тұлғаның3 бір төлем құжатының орташа сомасы шамамен 90,1 мың теңгені құрайды және зейнетақы жарналарын, әлеуметтік алымдарды аздаған сомаға («зейнетақы жарналары» бөлімі бойынша бір төлемнің орташа сомасы 4 мың теңге), сондай-ақ салық төлемдерін (орташа сомасы шамамен 25 мың теңге) төлеу бойынша төлемдердің көпшілігін жүргізумен сипатталады. Осыған байланысты жеке тұлғалардың төлемдері олардың аздаған сомасына қарай төлем жүйелері арқылы жүргізілген төлемдердің жалпы көлемінің аз ғана үлесін (1 920,9 млрд. теңге - 0,9%) иеленіп отыр.

БААЖ және БКЖ арқылы жүргізілген жеке тұлғалардың ұсынылған тауарлар, материалдық емес активтер мен қызметтер4 үшін төлеген төлемдерінің көлемі 2013 жылғы көрсеткіштерден 24,5%-ға ұлғайып, 2014 жылы 678,7 млрд. теңгені құрады. Бұл ретте төлем карточкаларын пайдалана отырып қолма-қол жүргізілмеген төлемдердің көлемі 2013 жылғы көрсеткіштерден 7,3%-ға ұлғайып, 2014 жылы 988,9 млрд. теңгені құрады.

Жалпы алғанда, жеке тұлғалардың төлем жүйелері арқылы қолма-қол жасалмайтын төлемдерінің және төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген төлемдерінің жалпы көлемі 2013 жылғы көрсеткіштерден 13,7%-ға ұлғайып, 2014 жылы 1 667,7 млрд. теңгені құрады, бұл жалпы жеке тұлғалар арасындағы қолма-қол жасалмайтын төлемдердің өскенін дәлелдейді.

Ресми деректерге5 сәйкес сатылған тауарлар мен қызметтердің (көтерме, бөлшек) жалпы көлемі 2014 жылы 22,6 трлн. теңгені6 құрады. Бұл ретте заңды тұлғалардың БААЖ және БКЖ арқылы жүргізілген төлемдерінің үлесі сатылған тауарлар мен қызметтердің, бөлшек және көтерме тауар айналымының және көрсетілген қызметтердің жалпы көлемінің 85,5%-ын құрады. Жеке тұлғалардың төлем жүйелерінде тауарларға ақы төлеу үшін жүргізілген төлемдерінің үлесі бөлшек сауда көлемінің барлығы 8,1%-ын құрады. Осыған байланысты негізгі мемлекеттік міндеттердің бірі халықтың қолма-қол ақшаны пайдаланбастан, төлемдерге қашықтан ақы төлеуді және ақы төлеудің өзге де тәсілдерін пайдалануға ынталандыру арқылы қолма-қол жасалмайтын төлемдерді бұдан былай да кеңінен қолдану болып табылады.

Жалпы алғанда, БААЖ арқылы 2014 жылы 197,2 трлн. теңге сомасына 14,0 млн. транзакция жүргізілді. 2013 жылмен салыстырғанда төлемдер саны 0,8%-ға ұлғайды, ал төлемдер сомасы 14,1%-ға өсті.



БААЖ-дағы төлемдер ағынының динамикасы

БААЖ-дағы төлемдер көлемінің өсуі негізінен депозиттермен операциялар бойынша төлемдер сомасының 42,1%-ға, сондай-ақ шетел валютасымен және бағалы металдармен операциялар бойынша төлемдер сомасының 31,7%-ға ұлғаюына негізделді.




Көрсеткіш атауы

2013 жыл

2014 жыл

Өзгеріс




млрд. теңгеде

млрд. теңгеде

млрд. теңгеде

Өсім %-бен




Шетел валютасымен және бағалы металдармен операциялар

25 773,2

33 951,1

8 177,9

31,7%




Депозиттер

23 161,3

32 920,8

9 759,4

42,1%




Қарыздар

2 237,7

2 576,7

339,0

15,2%




Бағалы қағаздар, вексельдер мен депозиттік сертификаттар

79 579,8

76 538,2

-3 041,6

-3,8%




Тауарлар, материалдық емес активтер мен қызметтер

22 000,1

24 517,1

2 517,0

11,4%




Басқа да төлемдер*

20 023,8

26 695,2

6 671,4

33,3%




Жиынтығы

172 775,9

197 199,0

24 423,1

14,1%



Пайдаланушылардың топтары бөлігіндегі төлемдер көлемінің ең көп үлесі 51,0%-бен ұйымдарға тиесілі болды. Бұл ретте барлық төлемдердің 25% Қазақстанның 5 ірі банкіне тиесілі.





Пайдаланушылардың топтары бойынша БААЖ-дағы төлемдердің ағыны

Топ

2013 жыл

2014 жыл

Өзгеріс

млрд. теңгеде

млрд. теңгеде

млрд. теңгеде

өсім %-бен

Бес ірі банк

48 171,6

49 249,5

1 077,93

2,2%

Басқа да банктер7

42 100,2

47 348,5

5 248,34

12,5%

Ұйымдар8

82 504,2

100 600,9

18 096,73

21,9%

Жалпы жиынтығы

172 775,9

197 199,0

24 423,10

14,1%

Жалпы алғанда, 2014 жылы БКЖ арқылы 5 388,8 млрд. теңге сомасына 20,7 млн. электрондық төлем хабарламалары өңделді. 2013 жылмен салыстырғанда клиринг жүйесіндегі төлем хабарламаларының саны 3,1%-ға азайды, төлемдер сомасы 11,9%-ға өсті.
БКЖ-дағы төлемдер ағынының динамикасы

БКЖ-дағы төлемдердің өсуіне негізінен депозиттермен операциялар бойынша төлемдердің, сондай-ақ тауарлар мен қызметтерге төленетін төлемдер көлемдерінің өсуі әсер етті.



БКЖ-да төлемдерді тағайындау түрлері бөлігіндегі төлемдер көлемі

Көрсеткіш атауы

2013 жыл

2014 жыл

Өзгеріс

млрд. теңгеде

млрд. теңгеде

млрд. теңгеде

%-бен

Зейнетақы төлемдері мен жәрдемақы

409,6

507,5

97,9

23,9%

Өзгеше аударымдар

159,9

202,0

42,1

26,3%

Депозиттер

210,2

333,2

123,0

58,5%

Тауарлар үшін төлемдер

1 544,4

1 661,2

116,9

7,6%

Қызметтер үшін төлемдер

1 323,1

1 436,1

113,1

8,5%

Бюджетке төлемдер және бюджеттен төлемдер

1 004,8

1 053,7

48,9

4,9%

Басқа да төлемдер

162,9

194,8

31,9

19,6%

Жиынтығы

4 814,9

5 388,6

573,7

11,9%

Пайдаланушылар топтары бөлігінде төлемдер көлемінің ең көп үлесі 2014 жылы 41,0%-бен бес ірі банк үлесіне тиді.

Пайдаланушылар топтары бойынша БКЖ-дағы төлемдер ағыны

Топ

2013 жыл

2014 жыл

Изменения

млрд. теңгеде

жалпы көлеміне %-бен

млрд. теңгеде

жалпы көлеміне %-бен

млрд. теңгеде

өсім %-бен

Бес ірі банк

2 030,0

42,2%

2 211,5

41,0%

181,5

8,9%

Басқа да банктер9

1 784,8

37,1%

2 003,8

37,2%

219,0

12,3%

Ұйымдар10

1 000,1

20,8%

1 173,5

21,8%

173,4

17,3%

Жалпы жиынтығы

4 814,9

100,0%

5 388,8

100,0%

573,9

11,9%

Соңғы 10 жыл ішіндегі төлемдердің көлемдері жөніндегі статистикалық деректер негізінде есептелген болжамдарға11 сәйкес төлемдер көлемінің төмендеу ықтималына қарай 2015 жылы төлем жүйелеріндегі (БААЖ және БКЖ) төлемдер көлемінің болжалды өсу мәні төлемдер сомасы бойынша 6,1% (214,9 трлн. теңге) және төлемдер саны бойынша 4,8% (36,3 млн. транзакция) деңгейінде қалыптасуы мүмкін.



ЕАЭО елдерінің көрсеткіштері

Еуразия экономикалық одағы елдерінің ұлттық төлем жүйелері арқылы жүргізілген ақша төлемдері мен аударымдары көлемдерінің12 аталған елдердің ұлттық ішкі жалпы өнімдеріне13 (ІЖӨ) шаққандағы қатынасы бойынша Қазақстан төлемдердің айналымдылығы жағынан үшінші орынды (төлемдер көлемдерінің ІЖӨ көрсеткіштерінен асып түсуі) иеленеді.



ЕАЭО елдерінің ұлттық төлем жүйелері арқылы жасалған ақша төлемдері мен аударымдары

Ел

Сомасы (млрд. АҚШ долл.)

ІЖӨ (млрд. АҚШ долл.)

Төлемдер көлемдерінің ІЖӨ-ден асып кетуі

Қазақстан Республикасы

1 167,4

231,9

5,3 есе

(ІЖӨ үлесі 19%)



Ресей Федерациясы

38 272,1

2 068,2

18,5 есе

(ІЖӨ үлесі 5,4%)



Беларусь Республикасы

376,2

62,3

6 есе

(ІЖӨ үлесі 16,6%)



Армения Республикасы

22,1

10,4

2,1 есе

(ІЖӨ үлесі 47,2%)



Қырғыз Республикасы

17,3

7,2

2,4 есе

(ІЖӨ үлесі 41,8%)



Төлемдер сомасының халықтың басына шаққандағы қатынасы бойынша Қазақстан ЕАЭО елдерінің ішінде Ресей Федерациясынан кейінгі екінші орынды иеленіп отыр.

Орташа алғанда халық басына шаққандағы төлемдер сомасы

Ел

халық

(млн. адам)

орташа алғанда халық басына шаққандағы төлемдер сомасы

(мың АҚШ долл.)

Қазақстан Республикасы

17,4

67,1

Ресей Федерациясы

146,3

261,6

Беларусь Республикасы

9,5

39,6

Армения Республикасы

3,0

7,4

Қырғыз Республикасы

5,8

3,0


БААЖ-да кезекте тұрған, жойылған және кері қайтарылған, сондай-ақ БКЖ-да орындалмаған төлемдер

Жүйедегі ықтимал қаржылық тәуекелдер көрсеткіштерінің бірі, негізінен, БААЖ операциялық күні ішінде өтімділіктің жеткіліксіздігі себебінен қалыптасатын қатысушылар төлемдерінің кезегі болып табылады.

Кезекте тұрған төлем құжаттары





Саны (бірл.)

Сомасы

(млрд. теңге)

2013 жыл

863

111,2

2014 жыл

4 306

243,7




2014 жылы 243,7 млрд. теңге сомасында кезекте тұрған 4 306 төлем тіркелді. Бұл ретте төлемдердің тұрып қалған орташа уақыты 16 минут 27 секундты құрады. Жүйедегі «іркілістің» қалыптасуына пайдаланушылардың кезекте тұрған төлемдерге қайта-қайта мониторинг пен талдау жүргізбеуі, сондай-ақ өз позицияларындағы өтімділікті қадағаламауы негізгі себеп болып отыр. Соның салдарынан ірі сомадағы төлемдер кезекке тап болады да, бұл барынша ұсақ сомадағы басқа төлемдерді есептеуге мүмкіндік бермейді. Жалпы алғанда, қатысушының корреспонденттік шотына қаражаттың келіп түсуі мен төлемді жүйеге жіберу арасында уақыт алшақтығы орын алатын болғандықтан, тіркелген кезектегі төлемдер басқа қатысушылар үшін қаржылық тәуекелдер тудырған жоқ.

2014 жылы кезекте тұрған төлем құжаттарының ішінде 3,5 млрд. теңге сомасындағы 12 төлем құжатын төлем жүйелерінің пайдаланушысы кері қайтарып алды немесе БААЖ операциялық күнінің жабылу себебі бойынша ҚБЕО жойды.

Барлық жойылған және кері қайтарылған төлемдерді келесі күні төлем жүйесін пайдаланушылар БААЖ-ға қайта жіберді және олар табысты есептелді.

2013 жылы және 2014 жылы БААЖ-да кері қайтарылған

және орындалмаған төлемдер

БКЖ-да 2014 жылы өтімділіктің жеткіліксіздігі салдарынан 37,9 млн. теңге сомасына 30 төлем хабарламасы орындалмады (жойылды), ал 2013 жылы өтімділіктің жеткіліксіздігі салдарынан 65,7 млн. теңге сомасына 213 төлем хабарламасы жойылған болатын.



БААЖ операциялық күнін ұзарту

2014 жылы БААЖ операциялық күнін ұзартудың жиынтық уақыты 88 сағат 8 минутты14, олардың ішінде ұзартудың ең көп уақыты – 240 минутты (4 сағатты), ең аз уақыты 10 минутты құрады. Ұзарту уақытында жүргізілген төлемдердің сомасы 232,2 млрд. теңгені, жүргізілген төлемдер саны 16,4 мың төлемді құрады.

Сағат 19:00-ден 24:00-ге дейінгі уақыт аралығында жүйелерді пайдаланушылар жалпы сомасы 615,9 млрд. теңгеге 22,3 мың төлем (БААЖ арқылы жүргізілген төлемдердің жалпы санының 0,2% және төлемдердің жалпы сомасының 0,3%) жүргізді.

Жүргізілген талдау негізінде БААЖ жұмыс кестесінен тыс ұзартылған уақыт ішінде есеп-төлемдік процесті дұрыс ұйымдастыру кезінде барлық төлем жүйесінің жұмысын қамтамасыз етуге қосымша шығын жұмсамай-ақ регламент қойылған уақытта өткізуге болатын төлемдердің аздаған мөлшері ғана келіп түсетінін атап өтуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет