Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті



Дата23.02.2016
өлшемі17.97 Kb.
#3983



Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті

Ақтөбе облысының Статистика департаменті

Баспасөз хабарламасы

№18-07-37

26.05.2015жыл





2014 жылғы Ақтөбе облысындағы кәсіпорындардың

инновациялық қызметі туралы
2014 жылдың қорытындысы бойынша облысының 1114 кәсіпорындарының инновациялық қызметіне статистикалық байқау жүргізілді. Есепті кезеңде 85 шаруашылық субъектілері инновацияларға ие болды (2013 жылы – 68 кәсіпорын).

Өнімдік, үдерістік, ұйымдық және маркетингтік инновациялар бойынша кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі 7,6%, ал өнімдік және үдерістік инновациялар бойынша 4,7% құрады. Инновацияның барлық түрі бойынша инновация саласындағы белсенділік деңгейінің ең жоғарғы көрсеткіш ірі кәсіпорындар арасында байқалып 17,1% құрады.

2013 жылмен салыстырғанда инновациялық өнімнің көлемі 46,3%-ға азайды, 4454,4 млн.теңгені құрады және одан 4128,5 млн. теңгенің өнемі өткізілді. Өткізілген инновациялық өнімнің ішінен 1416,4 млн. теңгенің өнімі экспортқа шығарылды.

Талдау кезеңі бойынша өнімдік және үдерістік инновацияларға жұмсалган шығындар көлемі алдыңғы жылмен салыстырған 13,7%-ға азайды, 40042,7 млн. теңгені (2013 жылы – 46423,3 млн. теңге) құрады. Сонымен қатар кәсіпорындардың меншікті қаражатынан өнімдік және үдерістік инновацияларға жұмсалған шығындар көлемі 20033,1 млн теңгені құрады, яғни инновациялық қызметі жүзеге асыруға кеткен шығындардың 50% құрайды.



Өнімдік және үдерістік инновациялар бойынша саласындағы

белсенділіқ деңгейі
пайызбен




Орындаған:

Департамент басшысы

Мекен-жайы:

Л.Короткова

Қ.С.Жекеев

030020, Ақтөбе қ.

Тел. (7132) 552-254

Тел. 544-221

Әбілқайыр хан д. 25










© Ақтөбе облысының Статистика департаменті



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет