Семинар. Аккредиттеу саласындағы қаулылар мен бұйрықтарға шолу жасау



Дата03.10.2024
өлшемі16.18 Kb.
#504260
түріСеминар
2сс


2 семинар. Аккредиттеу саласындағы қаулылар мен бұйрықтарға шолу жасау
Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес 2023 жылғы 17 қарашадағы № 323 материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының хаттамасы негізіндегі бұйрықтар:

1. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:


1) Алматы қ., «TechStrоyGroup» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
2) Алматы қ., «Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринариялық институты» ЖШС-ң сынақ орталығы;
3) «Altezza» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы, Алматы қ.;

2. Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:


1) Астана қ., «Нұрәлем-Құрылыс» ЖШС-ң сынақ зертханасының;
2) Астана қ., «Business Certification Centre» ЖШС-ң менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органының.

3. Аккредиттеу субъектісінің атауының өзгеруіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:


1) Атырау қ., «TESLA-ТАН» ЖШС калибрлеу зертханасынан / Атырау қ., «TESLA-ТАN» ЖШС калибрлеу зертханасына;
2) Атырау қ., «TESLA-ТАН» ЖШС салыстырып тексеру зертханасынан / Атырау қ., «TESLA-ТАN» ЖШС салыстырып тексеру зертханасына;

4. Нормативтік құжаттардың ҚР СТ ISO 50003-2022 «энергетикалық менеджмент жүйесі. Энергетикалық менеджмент жүйелерінің аудитін және сертификаттауын жүзеге асыратын органдарға қойылатын талаптар» талаптарына өзгеруіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:


1) Ақтөбе қ., «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-ң Ақтөбе филиалының менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органының;
2) Өскемен қ., «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-ң Шығыс Қазақстан филиалының менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органының; 3) Орал қ., «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-ң Батыс Қазақстан филиалының менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органының;
4) Қостанай қ., «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-ң Қостанай филиалының менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органының;
5) Астана қ., «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-ң орталық менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органының;
6) Шымкент қ., «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-ң Оңтүстік Қазақстан филиалының менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органының.

5. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМҚ) аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру департаменті осы бұйрықтың 1 тармағында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.


6. Ұлттык аккредиттеу орталығы талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.


Қорытындылай келе, аккредиттеу саласындағы қаулылар мен бұйрықтар сынақ зертханаларын және орталықтарын аккредиттеуге, белгілі бір себептерге байланысты ұйымдардың аккредиттеу аттестатын рәсімдеуге және ҰАО интернет- ресурсына ақпаратты енгізуге, жаңартуға бағытталған.


Пайдаланылған әдебиеттер:



  • nca.kz - Аккредиттеу субъектілері бойынша бұйрықтар.

  • nca.kz – Бұйрық № 1462-ОД 17.11.2023 Аккредиттеу және аккредиттеу аттестаттарын қайта рәсімдеу туралы


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет