Тақырып 1. Кәсіпорындарды біріктіру. Сатып алу әдісі (ҚЕХС (IFRS) 3)
Лекция жоспары: ( 2 сағат)
1.Бизнесті біріктіру түсінігі.
2. Біріккен кәсіпорындар формалары
2.Қаржылық есептің ақпараттарын ашу.
1. Бизнесті біріктіру – жекелеген кәсіпорындардың бір экономикалық ұйымға бірігіп, таза активтерге және басқа кәсіпорындардың операцияларына бақылау алуы. Сатып алу – компаниялардың бірігуі, мұнда бір компания сатып алушы, ол сатушының активтері мен операцияларына бақылау жүргізеді.
Мүдделерді біріктіру – компаниялардың бірігуі, мұнда біріккен компаниялардың акционерлері біртұтас таза активтерге бақылау жүргізіп, табыстар мен тәуекелді бірдей бөліседі. Мұнда ешқандай да жақ сатып алушы ретінде қарастырылмайды.
Бақылау – компанияның қаржылық және шаруашылық саясатын басқару мүмкіндігі, ол қызметтен табыстар алу көзделеді.
Азшылық үлесі – еншілес компанияның операцияларының таза нәтижелері мен таза активтерінің бір бөлігі. Онда аналық компания тікелей немесе жанама түрде үлестеріне иелік ете алмайды.
Әділетті құн – бір – біріне тәуелсіз екі жақтың арасында активтерді немесе міндеттемелерді айырбастауға болатын сома.
Сатып алу датасы – жаңа иесіне таза активтер мен операцияларды бақылаудың ауысу уақыты.
Бизнестің бірігуі бухгалтерлік есепте қаржылық есеп берушілікте таза мәні бойынша көрсетіледі.Бизнесті біріктіргенде жақтар есеп жүргізудің әдістерін келісіп таңдап алады.
Сатып алу әдісі арқылы бизнесті біріктіру компаниялардың активтерін сатып алу арқылы жүргізіледі. Басқа компанияның активтерін сатып ала отырып, оның міндеттемелерін де алады.Компания тұтас сатып алынғанда, оның жекелеген активтерін бағалау қиынға түседі. Қарыздық міндеттемелердің ағымдағы құны пассивтің таза құнына тең.Егер қарыздық міндеттеменің пайыздық ставкасы болса, есеп берушілікте сәйкес сыйақы мен дисконтты көрсету керек. Егер активтер акцияға айырбасталса, оның құны акциялардың таза құнымен анықталады.
Қор нарығында айналатын бағалы қағаздардың таза құнын, сатып алынған компанияның құнына қарағанда анықтау жеңілірек.
2. Біріккен кәсіпорынның әр түрлі формалары мен құрылымдары бар. Біріккен қызметке қатысу туралы ҚЕХС 3 негізгі түрі бар:
Бірге бақыланатын операциялар бірге бақыланатын активтер мен бірге бақыланатын субьектілер
Келісімшарттың болуы біріккен бақылаудың инвесторларының елеулі ықпал етуінің қауымдасқан кәсіпорынға салынған инвестициядағы қатысу үлесі;
Келісімшарттың куәсі болып біріккен қызметтің қатысушылар арасындағы біріккендер немесе немесе хаттама;
Келісімшартта мынадай сұрақтар қамтылуы тиіс:
1 Біріккен кәсіпорын есептілігі бойынша міндеттемелері, қызметі және ұзақтылығы
2 Біріккен кәсіпорындағы директорлар кеңесінің немесе басқа да балама басқа орындарды тағайындау
3Біріккен қатысушылардың капиталға салған үлестірін анықтау
4 Біріккен қызметке қатысушыларының арасында өндіріс көлемі,табыс пен шығыстарының, нәтижелерін бөлісу
Келісімшарт біріккен қызметтің бір мүшесінің басшы ретінде немесе біріккен кәсіпорын жетекшісі етіп тағайындайды.
Кейбір біріккен кәсіпорын қызметі корпорация, серіктестік, кәсіпорын емес біріккен қызметке қатысу активтерін және ресурстарын пайдалануды білдіреді. Біріккен қатысушы өзінің қорларынан және негізгі құралдарды пайдаланады. Ол сонымен қатар міндеттемелер мен шығындарды өзі көтереді, қаржыландыруды өзі алады. Біріге бақылатын қызметке мысал ретінде екі немесе одан да көп қатысушылар өз ресурстарын қызметтерін біріктіріп біріге отырып бөлісуі.
Әрбір қатысушы өндіріс процесінің өзіне тиесілі бөлігін жүзеге асырады.Әрбір шығысын өзі көтеріп, өнім өткізуден түскен табысты өзінің үлесіне алады және бұл үлес келісімшарттың негізінде болады.
Біріге бақылатын активтер:
Кейбір біріккен кәсіпорындар біріккен кәсіпорын мүддесін сатып алады немесе салынған бір немесе бірнеше активтерін біріккен қызметке қатысушылар біріге бақылау мен біріге иемденуін талап етеді. Біріккен қызметтің әрбір қатысушысы болашақтағы экономикалық табысындағы өз үлесін біріге бақыланатын активтер үлесі арқылы бақылайды.Біріге бақыланатын активтер үлесіне сәйкес біріге бақыланатын қызметке қатысушы өзінің жеке қаржы есептілігінде және шоғырланған қаржылық есептілігінде мыналарды жеке көрсетеді:
Активтердің сипатына сәйкес жіктелген біріге бақыланатын активтеріндегі өз үлесін;
Керек міндеттемелерін;
Басқа қатысушылармен қатар біріккен кәсіпорын міндеттемелеріндегі өз үлесін;
Біріккен кәсіпорында өндіретін өнімдегі сатудағы өз үлесін;
Зияндағы өз үлесін;
Шығындардағы өз үлесін;
Біріге бақыланатын субьектілер- корпорация серіктестік немесе басқа да кәсіпорын ретінде құрылған және біріккен қызметте әрбір қатысушысы қатысушы үлесіне ие біріккен кәсіпорын.
Субьект- жоғарыда көрсетілгендей басқа да кәсіпорындарда жұмыс істейді тек бір айырмашылығы қатысушы арасындағы келісімшарт негізінде субьект экономикалық қызмет біріккен бақылау орнатады.
Біріге бақыланатын субьект- біріккен кәсіпорын активтерінде бақылап, міндеттемелер қабылдап, табыстары мен шығыстарын көреді жеке қаржыландыруды да ала алады. Әрбір қатысушының біріге бақыланатын субьект қызметінің нәтижелеріне, үлесіне сәйкес иемденуге құқығы бар,алайда, олардың кейбіреулері біріккен кәсіпорын болып өндіруден өнімді ұсынады.
3. Бизнесті біріктіргенде активтер мен міндеттемелерді бағалау мына тәртіпке сүйенеді:
өтімді бағалы қағаздар ағымдағы нарықтық құны бойынша бағаланады;
өтімді емес бағалы қағаздар кәсіпорынның таза табысының нарықтық бағаларға қатысы арқылы анықталады;
дебиторлық қарыздар ағымдағы пайыздық ставкаларды қоса есептегендегі таза құны бойынша есептеледі;
дайын өнім мен тауарлар – сату шығындарын алып тастағандағы бағасы арқылы есептеледі;
шикізат мен материалдар ағымдағы қалпына келтіру құны бойынша есептеледі;
жер мен ғимараттар пайдалану мақсатына қарай нарықтық құны бойынша бағаланады;
машиналар мен жабдықтар алғашқы құнынан амортизация құнын алып тастағандағы құны арқылы анықталады;
материалдық емес активтер бекітілген құны бойынша бағаланады;
төленуге тиісті шоттар мен вексельдер ағымдағы құны бойынша пайыздық ставкаларды қосып бағаланады.
Бизнесті біріктіру қаржылық есепте көрсетілгенде мына деректер ашылуы керек:
Біріккен бизнестің атауы мен түсінігі;
Компанияның есеп әдісі;
Есептік мақсатта бизнестің бірігуінің күшіне енген уақыты;
Бизнесті біріктіргенде айналысатын өндірістік қызмет;
Дауыс құқы бар акцияларды сатып алу, олардың пайызы;
Біріккендегі активтер мен міндеттемелердің сомасы;
Сатудан түскен табыс, таза табыс және біріккен компаниялардың қаржылық есебіндегі басқа да деректер.
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
1.Бизнесті біріктіру деген не?
2.Біріккен компанияларда есеп қалай жүргізіледі?
3.Азшылық үлесі деген не?
4.Сатып алу датасы нені білдіреді?
Достарыңызбен бөлісу: |