Қазақстан республикасы мәдениет және ақпарат


Сапарғали өлеңнен өрім өрген



бет13/14
Дата14.06.2016
өлшемі1.45 Mb.
#135424
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Сапарғали өлеңнен өрім өрген


Кәрі тарлан, топ жарған Иманбазар,

Тас кешу, талай қия асқан өрден:

Сан түскен шаршы топқа қарт Нұрғали,

Тасқындап жыр бұлағын толға, тебірен!

Маршалың ту ұстаған Жамбыл алып,

Сарбазы өңшең саңлақ соңына ерген.

Халықтың қабілетті ақындары

Теңіздің тереңінен маржан терген.

Бір кезде арман еткен бақыттарың,

Бұл күнде қолың ұстап, көзің көрген.

Жырларың ел жүрегі, ел тілегі,

Сөзден жауға оқ атқан өңшең мерген.

Ерді құл, аруды тұл қылмақ дұшпан,

Орныңды есіл етпек, алған төрден.

Қаптатып қара түнек ел басына,

Тұрғызбақ қорқауларды қайта көрден,

Табиғаттың заңы жоқ аңдар үшін,

Тірілтер жебірлерді мәңгі өлген.

Таралған арам тәнге жан кірмек пе?!

Кім көрген, өлмекті қайта келген!

Алмас сөз жай оғындай жарқылдасын,

Кек жыры, намыс жыры кеуде керген.

Лаулата, селдете, нөсерлеп сөз

Жауына атой берсін көктен, жерден.

Сяң – у, қалам – найза болсын,

Қаруың зор міндетпен алған елден.

Жауға ажал, елге бақыт жырын жырла,

Ардақты асыл сөзің халқым сенген.

Қарысқан қан майдан батырларым,

Халық үшін құрбандыққа қайтқан көптен.

Батыр Мәлік, қаһарман Төлегендер,

Ел ұлы, ел қаһары жанға төнген.

Ардагер қамал бұзған ерді жырла,

Алысып ажалменен жауды жеңген.

Ел күші, ел бірлігі, ел достығы –

Тамшыдан – көл, дария – туған көлден.

Еңбектің маңдайының ерін жырла,

Бір онға, оны жүзге жауап берген.

Жау тұншығып, күйресін қабырғасы,

Ақынның жүрегінен тасқан селден,

Дұшпанға сөз қаһары кем тимесін,

Орыстың найзасымен жауды жеңген.

Ақындық атыңды ақта, халық алдында,

Ас мүдірмей, ел сыны - асқар белден.

Жырла, жеңіс сенімі – қол басшыңды,

Тарихта жоқ теңдесі әлемде тең.


«Екпінді», 1943 жыл

***
Батыр ағама

(Гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлына)
Ашуы сақылдаған аязды Ақпан,

Қамалға қайсар ерім қарсы шапқан.

Таудай тажал тап келсе талқан қылып,

Күлін көкке ұшырып аспанға атқан.


Бір басын мыңға балап қан майданда,

Дұшпан белін сындырып тауын шаққан.

Бел шешпей мұз төсеніп қар жамылып,

Кірпігін күндіз-түні емес қаққан.


Елі үшін құрбандыққа басын байлап,

Қан кешіп безген ерім рахаттан.

Ел шетіне жау келсе ер тұрар ма.

Майданға шеру тартып шыққанда

«Аттан»

Қайсар қазақ ұланы қол бастаған,



Ердің аты еліне болған мақтан.

Ел састы, етек басты болған шақта,

Қиыннан қисын іздеп ақыл тапқан.
***

Ері қорған еліне

(Советтер Союзының батыры Василий Кисляковқа)


Бір биіктің басына,

Бір топ ерлер құрып шеп.

Тайсалмада, жасыма,

Биікті жауға берме деп.


Бұйрық солай берілген,

Шегінуге орын жоқ,

Ар ұят күшті өлімнен –

Деді, достар, Кисляков.


Найзағайдай жарқылдап,

Ажал оғы тұр жақын.

Жау жақындап, алқымдап,

Туды ерлерге зор қауіп.


Қара бұлттай түйіліп,

Торлап қауып қаптады.

Қалың жау шулап түйіліп,

Келеді ерлер атпады.


Елеуреген есерлер,

Ентелей басып келеді.

Дегенде атар осы-ау жер,

Команда сонда береді.


Жыртқыш аңдай жаралы,

Дұшпан тағы төкті күш.

Оқ азалып барады,

Ерлерге туды қиын іс.


Ерлер атқан автомат,

Оқ бітіп үнсіз қалғанда.

Енді дұшпан қаптамақ,

Ажал қоршап алғанда.


Оқ таусылды амал жоқ,

Қырылмайық бәріміз -

Деді сонда Кисляков

Достарым, кейін барыңыз!


Қош болыңдар, достарым,

Ел үшін жаным садаға.

Жау алдын жалғыз тосқаным,

Қалмайық енді табаға.


Жауда жалғыз қалып сіз,

Байлап берген секілді.

Өлсек бірге өлдік біз,

Кетпейміз, деп өтінді.



1941 жыл

***
Қарындастың білем атын

(герой-партизанка Тося Петроваға)
Кірлетпеген ар, ұятын,

Кірлетпеген даңқты затын.

Отаны үшін жан қиятын

Қарындастың білем атын.


Қуған ерлер елдің кегін,

Қанға малып халық жауын,

Ердің қаны кетпей тегін,

Зұлым жаудың шақты тауын.


Анасындай сүйген елін,

Өлімге де белін буған.

Жүрегінде берік сенім,

Елдің кегін қанмен жуған.


Бір топ қана партизандар,

Тап бергенде қалың жауға.

Үрейленген жыртқыш аңдар,

Таба алмады басқа сауға.


Жүздеп неміс қалды жайрап,

Қан үшін-қан, жан үшін-жан,

Күн бұрыннан қойған сайлап,

Кетті жерге атқанша таң.


Қалың тоғай. Жер балаған,

Жатыр ерлер демін алып.

Зұлым дұшпан анталаған,

Қапылыста келді қалып.


Ас даярлап от басында,

Нәзік дене жас қыз жүрген.

Анталап жау тап қасында:

«Беріл, орыс!», - деп, иттей үрген.


Балағанға ерлер жатқан,

Жаудырды жау гранатын.

Жауға жалғыз мылтық атқан,

Қарындастың білем атын.


Пистолеттен дәлдеп атып,

Оқ жаудырды жауға жалғыз.

Ондап фашист қалды жатып,

Берілмеді партизан қыз.


Бетіне ұстап бір ағашты,

Қалың жаумен ұрыс салды.

Ажал қоршап аузын ашты,

Қыздың жалғыз оғы қалды.


Мен құрбаның, ұлы Отаным!

Қыз дауысы шықты қатты.

Халқым үшін пида жаным!

Ақырғы оғын өзіне атты.


Кірлетпеген ар, ұятын,

Кірлетпеген даңқты затын.

Отаны үшін жан қиятын

Қарындастың білем атын.



22 май 1943 жыл
***

Біздің Киев

Ерлерім қаһарланып қабақ түйіп,

Ақырып арыстандай жауға тиіп.

Ел кегін, ер намысын жібермеген,

Дос сүйінген, дұшпанның іші күйіп.
Қарсыласқан жауына жер құштырып,

Қабырғасын күйретіп, тауғып үйіп.

Мұзбалақ, болат топшы қырандарым,

Жауға ажал жаудырған көктен шүйіп.


Отанның от жүректі батырлары,

Құрсанған көк болаттан сауыт киіп.

Тажалдың тырнағынан бауырларын,

Азат етті көзінің жасын тыйып.


Екі жыл түнек басып тұрған қала,

Қарсы алды батырларын беттен сүйіп.

Бөленді қызыл туға ұлы күні,

Қаһарман аты әйгілі біздің Киев.



6 ноябрь 1943 жыл

***

Москва
Москва! Сені сүйгем жүрегіммен,

Ардақты алған орным ұлы өмірден.

Тасыйды Ақ Еділдей ақ көңілім,

Құлаққа үн келгенде Кремльден.


Москва! Ең ардақты асыл сөзім,

Москва – соққан жүрек, көрер көзім,

Москва! Сені айтқанда қиял шалқып,

Ерекше қуат дарып, билейді сезім


Шарықтап көңіл құсы қанат жазып,

Москва! Сен жаныма берген азық.

Ұлы мақсат шыңына сәуле шашқан,

Жұлдызы Кремльдің – Темірқазық.


Кремль бұлттан асқан мұнарасы,

Аймалап алтын күннің шұғыласы.

Құшаққа ап сегіз ғасыр Москва тұр,

Қадірлі қасиетті әрбір тасы.


Тарихтың таң Шолпаны ұлы бейне,

Нұр төгіп туған деген Ресейде.

Адам затқа азаттық жол көрсетіп,

Ленин тұр күндей күліп Мавзолейде.


Ие етіп атақ, даңққа Совет елін,

Құлпыртып Ресейдің құтты жерін.

Сталин Москвада Кремльден –

Дүниені түгел шолып кемеңгерім.


Москва - әділетке болған қорған,

Әлсізді азат еткен түскен тордан.

Достықтың, батырлықтың тұлғасы сен –

Астанам алтын бесік – ұлы Ордам!

Мұз балақ тас түлектей шыңнан ұшқан,

Құттықтап мерекенді Күн Шығыстан,

Астанам, бір отауың өзін тіккен –

Жайнаған күн сәулелі Қазақстан.



«Екпінді», 1947, 7 сентябрь
***

Мен - советтік азамат
Мақтанамын, мен – советтік азамат,

Мақтанамын менде ерік, менде бақ.

Ұлы өмірдің мен де ұлының бірімін,

Құр дандайсу, кеуде қағу маған жат.


Қарапайым баласымын қазақтың,

Кеше бәрін көрген ауыр азаптың.

Ту көтерген мемлекет ел болдық,

Ұлы Октярь тудырған соң азат күн.


Ауыр заман, таршылықта күн өткен,

Қараңғылық тұншықтырып жүдеткен.

Қолын беріп ұлы орыс ағамыз,

Бізді бастап алып шыққан түнектен.


Бір ғасырды сөйтіп бірақ аттағам,

Бақыт таптым ата-бабам таппаған,

Жолым даңғыл – Ленин туы қолымда,

Мен советтік азаматпын – мақтанам!


Біз өмірдің өттік талай кезеңін,

Алда да әлі кезеңдер бар сеземін.

Біз жеңбейтін қиындық жоқ, қамал жоқ,

Дұшпандардың өртейтін сол өзегін.


Ұлы өмірге еркін басып келемін,

Мол күшіме, оң ісіме сенемін.

Бейбітшілік, адал еңбек, достыққа,

Арналады әнім, күйім, өлеңім.


Қанқұмарлар құрал етсе өлімді,

Біз жырлаймыз ұран етіп өмірді.

«Өлім», - дейді күдер үзген өмірден,

«Өмір!», - дейді кім өзіне сенімді.


Сенімдімін, бақыттымын – көңіл шат,

Сол бақытқа құмар бүкіл адамзат.

Досқа сену, жауды жеңу – салтымыз,

Мақтанамын, мен – советтік азамат!


«Қазақстан мұғалімі», № 18, 1 мамыр 1955 жыл
***

Отан туралы екі өлең

І

Ақ сүтін берген анадай,



Сүйемін ұлы өмірді.

Жайраңдап жас баладай

Халқым қандай көңілді.

Теңіне қай ел келеді,

Елім менің дарқаным.

Пейілің қандай кең еді,

Даласындай Арқаның!

Маңдай терің тамған жер,

Құлпырады мақпалдай.

Майданда батыр, еңбекте – ер,

Тұрамын қайтып мақтанбай.

Ән шырқасаң шалқытып,

Асқар таудан асады.

Ойды алып, бойды балқытып,

Көңілім судай тасады.

Бейбітшілік, береке,

Еңбек пен – достық сүйгенің,

Өмірің – думан, мереке

Көңілге кек түймедің.

Жау қолы жетпес аспандай,

Өз күшіне сенімді.

Әр күні бір-бір дастандай,

Сүйемін туған елімді.
ІІ
Бізде шындық, бізде бақыт, әділет,

Бізде берік айнымайтын айтқан серт.

Адамзаттың бақыты үшін жасаймыз,

Алдау, арбау, сұрқиялық арман кет.


Кім өрт салса - отқа өзі күйеді,

Кім оқ атса – оғы өзіне тиеді.

Оқпен оттан елді сақтау ниетіміз –

Бар адамзат бізді шексіз сүйеді.


Пәле қуған – пәлеге өзі жетеді,

Үрейменен өмірі өксіп өтеді.

Бізге айнала кім көр қазса - өз көрі,

Арам ниеттер өзі мүрдем кетеді.


Біз ешкімнің қорқа алмаймыз күшінен,

Жігі құрты жеген өзін ішінен.

Ажал іздеп аласұрар антұрған,

Түлен түртіп шошығандай түсінен.


Кім сүймейді туған ата-анасын,

Кім сүймейді адал жарын, баласын.

Кім сүймейді туған жерін – Отанын,

Кім сүймейді салтанатты қаласын.


Соның бәрін құртпақ үшін кім жақса өрт -

Адамзаттың жүрегіне ауыр дерт.

Сұм ажалды, қас тажалды құртуға

Бар адал жан бір ауыздан берген серт.


Гудзон, Тибр, Темза, Сена өзені,

Су орнына қанға толса өзегі

Соны ойласа санасы бар адамзат –

Қандай жүрек, қандай шыдам төзеді.


Бейбітшілік, берекенің еліміз,

Өнер, білім, ақыл – ойдың кеніміз,

Бізде шындық, бізде достық, әділет,

Жоқ ешкімге кешірілмес кегіміз.


Бізге даңғыл Ленин салған сара жол,

Бейбітшілік Ленин айтқан ұран сол.

Ленин туын бүгін көкке көтерген,

Жүз мың емес, дәл тоғыз жүз миллион қол.


«Екпінді», № 170, 1955 жыл
***

Алтын дән туралы жыр
Қазақстан даласы қалы кілем жапқандай,

Алтын астық жайқалып, теңіз толқып жатқандай.

Майданда – батыр, еңбекте – ер, Ұлы Отанның ұл-қызы

Маңдай тері тамған жер - құлпырады мақпалдай.


Қайырмасы: Несібе – елге, ерге – атақ,

Алтын астық тасқындап.

Теңіздей толқып құйылсын,

Миллиард пұт, миллиард.

Көтере алмай бастарын ырғалып тұр егін жай,

Алтын дәнді алайық, жүр барайық, қалқатай.

Көңіл – көктем, өмір – жаз, достық, бірлік, береке,

Шат шадыман халқым мәз - әр күні бір дастандай.


Қайырмасы: Несібе – елге, ерге – атақ,

Алтын астық тасқындап.

Теңіздей толқып құйылсын,

Миллиард пұт, миллиард.


Алтын дәннің асқары өсе берсін аспандай,

Астықтан алтын тау тұрсын, Алатаудан асқандай.

Ант еттік Отан анаға – миллиард біздің сертіміз

Миллиард пұт – елге құт, қас қалтырап сасқандай.


Қайырмасы: Несібе – елге, ерге – атақ,

Алтын астық тасқындап.

Теңіздей толқып құйылсын,

Миллиард пұт, миллиард.



«Семей правдасы», 1958, №175

***


Ана тілегі
Асыңды ішіп, жарығым,

Боқшаңды ал қолыңа.

Мектебіңе бар, ұлым

Ғылымның түс соңына.


Күн де шықты күлімдеп,

Жер жүзіне төкті нұр.

Іздегенім білім деп,

Тұр, құлыным, тұр, тұр, тұр!


Күлкің - күміс, тілің бал,

Таудай болсын талабың.

Әліппеңді қолыңа ал,

Құтты болсын қадамың!


Қамқор анаң, ұлы Отан,

Гүлі сенсің өмірдің.

Сенде бақыт, сенде сән,

Қуанышы көңілдің.

Азамат бол, ұланым,

Сен еркесі еліңнің.

Оқу, оқу ұраның –

Өсиеті Лениннің.


Орындай гөр жарқыным,

Өсиетін бабаңның.

Тілегі сол халқыңның,

Тілегі сол анаңның.



«Екпінді», 1946, №174
***

Бала
Бала деген ата-ананың жүрегі,

Өмір көркі, махаббаттың тірегі.

Адам болып, азамат боп ер жетсе,

Орындалар сонда ата-ана тілегі.


Күткен балаң дүние есігін ашқанда,

Күн күлгендей көрінбейме аспанда.

Өсіресің желге, күнге тигізбей,

Мәз боласың апыл-тапыл басқанда.


Мағнасыз былдырлаған сөзі де,

Сайрағандай сандуғаш құс өзіңе.

Күн-күн сайын гүлдей жайнап өскені,

Бақыт, рахат елестетіп көзіңе.


Өсіп – жетіп қалам алса қолына,

Қосылғанда шәкірттердің тобына.

Ашты дейсің өнер – білім есігін,

Түсті дейсің адамшылық жолына!


Құтты болсын ұлдарыңның қадамы,

Көп жасасын, таудай болып талабы.

Ғалым болып, өрге бассын өнері,

Қайырлы боп қолына алған қаламы.


***

Арон - Рашид пен иттер

(Ежелгі Шығыс халқының аңызынан)


Бір күні Арон - Рашид ерте тұрып,

Шаһарын кетті аралап жаяу жүріп.

Хал жайын өз көзімен көріп білмек,

Еріккеннен кеткен жоқ сейіл құрып.


Ер еді ары таза, жаны биік,

Әділ деп сыйлайтұғын халқы сүйіп.

Кез келгендер жол беріп, қол қусырып,

Тағзыммен өтіп жатыр басын иіп.


Үш-төрт ит көңілі шат масаттанып,

Жылы қанға жерігі әбден қанып.

Қасапшының үйінің қақ алдында,

Ырс-ырс етіп жатқанды демін алып.


Жалт қарап, деді, Құтпан тұра сала:

Майлыаяқ, Төрткөз, мойнақ былай қара;

Арон - Рашид падиша келе жатыр,

Қауып алып болмайық біз масқара!


Енді ұятқа қалмайық патшаға үріп,

(Қарады бәрі орнынан атып тұрып),

Сөйледі сонда Төрткөз:

- Қойшы, Құтпан,

Не деп тұрсың шатасып, құдай ұрып.
Әрине, патшаны біз қаба алмаймыз,

Жарамасып етегінен алалмаймыз.

Бір аз үріп, арсылдап – абалаймыз,

Ауыз ашпай, тіпті, үндемей қала алмаймыз.


- Патшаны құрмет ету бізге лайық,

Қаппасақ үргеніміз бола ма айып.

Ит иттігін білдірмей қалу жөн бе,

Тегінде иттікті біз ұмытпайық.


Өзара иттер сөйтіп ақылдасты,

Бәрі де Төрткөз сөзін мақұлдасты.

Тұсынан патша аяңдап өткен кезде,

Шәуілдеп ел білетін әнге басты.



1950 жыл

***

Әділ бөліс

(халық әңгімесінен)


Аш қасқыр арсалаңдап келе жатып, түлкіге кездесті.

Түлкі қылмаң қағып, қутыңдап:

- Батыр, жол болсын! Түсіңіз суық, жүрісіңіз суыт қой?

- Жол болмай келе жатыр, Түкім. Бір киікті қуып-қуып, сілем қатып келемін.

- Қолыңызға түспей құтылып кетті ме?

- Секеңдеген неме, тастан-тасқа секіріп, құз жартасқа шығып кетті.

- Әй, Қасеке-ай, тосқауыл салып, ұтылап қумаса, ол қулар жалғыз сіздің қолыңызға түспейді ғой.

- Онда бірігіп қусақ қайтеді, Түкім?

- Қусақ қуайық, Қасеке.

Қасқыр мен түлкі жорта жөнелді. Екеуі бір терең сайды бойлап, келе жатыр еді, қарсы алдарынан аң патшасы арыстан шыға келді. Қасқыр мен түлкі сасып қалды. Жүрістерін бәсеңдетіп, келіп, тағзыммен иіліп, арыстанға сәлем берді.

- Ей, екеуің бірдей асып-сасып қайда барасыңдар? – деді ашулы арыстан.

- Тақсыр, тақсыр ... деп қасқыр не айтарын білмей сасқалақтап қалды.

- Алдияр тақсыр, аң аулап бара жатырмыз. Мына арқар, киік дегендердің ызасы өтіп тұр ғой, тақсыр патшам, - деді түлкі.

- Иә, Түкім, дұрыс айтасың. Олар менің де жынымды келтіріп жүр. Мана бір арқардан айырылып қалдым.Жаңа ғана бір тау теке өзімді тасқа соғып, анау шың құзға шығып кетті.

- Бір киік менің де сілемді қатырып кетті, тақсыр,- деді қасқыр.

- Алдияр тақсыр, әміріңізге құлдық. Мен бір амал-айла айтсам, рұқсат болар ма екен? – деді түлкі.

- Е, айт, Түкіш, айт, - деді арыстан.

- Тақсыр, біз мына Қасекең екеуміз шалғыншыға шығайық. Көрінген аң атаулыны ұтылап қуып, қақпалап әкеп, осы сайға тығайық. Сіз осы сайда тосқауылда тұрыңыз, - деді түлкі.

- Мынау табылған ақыл екен Түкім. Енді тұрмаңдар, жөнеліңдер, - деді арыстан.

Қасқыр мен түлкі жорта жөнелді. Түлкінің айла-тәсілмен үшеуі қарқ -олжаға батты. Бір арқар, бір киік, бір қоян қолдарына түсті. Олжаны ортаға салып, қасқыр мен түлкі арыстанның аузына қарады. Арыстан:

- Ал енді олжаны бөлейік. Кім бөледі? – деді.

- Тақсыр ием, патшамыз сіз тұрғанда кім бөлуші еді? – деді түлкі.

- Түкім дұрыс айтады, дұрыс айтады, - деді қасқыр.

- Жоқ , мен бөлмеймін. Қасқыр бөлсін. Әй қасқыр, сен бөл. Бірақ әділ бөл! – деді арыстан.

Аш қасқыр арсаландай қуанып кетті де:


  • Мен бөлсем, тақсыр патшам: киік сіздің сыбағаңызға тисін, түкіме қоян ылайық, мен арқарды-ақ алайын, - деді қомағай қасекен.

Арыстанды ашу кернеп, көзі қанталап, шатынап кетті. Еріндері жыбыр қағып, мұрты түксиіп, аузын арандай ашып, гүрілдеп ақырып жіберді: Арсыз, ақымақ, қомағай, малғұн! - деді де қасқырға тап берді. Тап берді де бөренедей аяғымен қасқырды бірақ тарпыды. «Қыңқ» деуге мұршасы да келмей, қасқыр табанда сеспей қатты.

Ал енді сен бөл, - деді түлкіге.

Түлкінің зәре – құты ұшып кетті де, құлағын жымитып, құйрығын бұлғаңдаттып:

- Бөлейін тақсыр, бөлейін, - деді.

- Бірақ, әділ бөл, - деп арыстан гүр ете түсті.

- Әміріңізге құлдық, тақсыр! Е, әділ патшам, бөліс былай болсын. Киікті таңертеңгілік тағамыңызға жеңіз, қоянды түстік етіңіз. Ал, арқар кешкі қонақ асыңыз болсын. Алдияр тақсыр, ас болсын! – деді түлкі. Арыстан жадырап, көңілденіп кетті де:

- Түкім, бұндай әділ бөлісті кімнен үйренгенсің? – деп кеңк-кеңк күлді.

- Аржағыңыздағы қылжиып жатқанқасекеңнен үйрендім, тақсыр, - деді түлкі.



Семей, 20 қаңтар, 1965жыл

***
Бай мен қызметші

(халық әңгімесі бойынша)
Баяғыда бір байдың үй жұмысын істейтін қолбала қызметкері болыпты. Бай қайырымсыз, қатал адам екен. Күндерде бір күн баланы базардан күріш алып кел деп жұмсады. Бала күріш алып қайтты.

- Бұрыш неге әкелмедің? – деді бай.

- Сіз күріш әкел деп қана ақша бердіңіз ғой, - деді бала.

- Бар енді бұрыш алып кел, - деп баланы тағы жұмсады. Бала базарда ұзақ жүріп, бос қайтты.

- Бұрыш әкелдің бе, неге сонша көп жүрдің? – деп, бай баланы бәләғаттап, қатты ұрысты.

- Базар тарқап кеткен. Бұрыш сататындар кетіп қалыпты. Іздемеген жерім жоқ. Таба алмадым, -деп бала кейіп, жыламсырады.

- Оңбайтын баласың. Бірақ жолы бітіріп қайтатын істі, екі жұмыс етесің, - деп, бай баланы жақтан тартып-тартып жіберді.

- Мен кінәлі емес едім ғой, - деп бала жылап жіберді.

- Екіншіде бірақ жолы бітіріп қайтатын істен екі жұмыс тудырып жүруші болма! – деп бай өз сөзін сөйледі.

Бай бір күні қатты науқастанып қалды. Баланы дәрігер шақырып кел деп жұмсады. Бала тез барып дәрігер ертіп келді. Дәрігермен қоса, жұпыны киімді, еңгезердей бір кісіні де ерте келіпті. Бай аң-таң қалып:

- Мына кісің кім? – деп сұрады баладан.

Бала:


- Байеке-ау, анада өзіңіз, бір жолы жұмсағанда екі жұмысты бірге бітіріп келмедің деп, ұрыстыңыз, ұрдыңыз. Бұл жолы екі жұмысты бірақ бітіріп келдім: «Міне, Сізге дәрігер, дертіңізге шипа болсын, өлсеңіз көріңізді қазатын адам керек қой, тағы да екі рет жүргізбесін деп, көр қазушыны да ерте келдім», - деп еңгезердей кісіні нұсқады.
20 қаңтар 1965 жыл

***
Сараң кемпір мен оның зейінді баласы
Бір кемпірдің зейінді бір баласы болыпты. Ол бала қалада оқу оқиды екен. Бала демалыс уақытында ауылдағы үйіне қайтыпты. Сағынып жүрген шеше баласының келгеніне қуанып:

- Жақсы келдің балам. Сен келеді деп әзірлеп қойған тағамдарым бар еді, -дейді.

- О, не тағам, апа? – деді баласы.

- Қаздың семіз еті, майлы құймақ, қоп-қою бал қаймағы бар. Қайсысын қай кезде жегің келеді, кезек-кезек беріп отырармын, - деді. Сонда баласы:

- Апатай, мен қаздың етін құймаққа орап, бал қаймаққа малып жер едім, - депті.

***


Аңғал бала мен шал
Бір аңғал бала, белі бүкірейіп, жерге қарап, ақырындап кетіп бара жатқан қарт адамды көріп:

- Ата не жоғалттыңыз? – депті. Сонда қарт:

- Ей балам-ай, жастық шағымды жоғалтып алып, соны іздеп таба алмай келе жатқаным, - деген екен.
20 қаңтар 1965 жыл

***
Өсиет

(Тарас Шевченкодан 1845 ж.)


Өлгенде мені, қойыңдар,

Молаға байтақ жерімде.

Украинамда сүйікті,

Кең байтақ дала елімде.

Ұлан - байтақ шексіз қыр,

Көгілдір Днепр, айнала.

Көрініп тұрсын, естілсін.

Ағысы толқып долдана.


Көк теңізге құйғанда,

Украиннан ағып жау қаны,

Бәрін тастап сонда мен

Тау-тасты да, даланы –

Аспанға ұшып тәңірге,

Сонда ғана табынам.

Оған шейін ешқашан,

Мен тәңіріні таныман.


Аттаныңдар, көмген соң,

Бұғауды бұзып өтіңдер.

Дұшпанның улы қанымен,

Ерікті берік етіңдер.

Ел болғанда ерікті,

Жаңарып өмір өзгерген,

Мені де еске алыңдар,

Рақымды майда сөзбенен



«Екпінді», 1946, №50, 10 март

***


Жалғызбын мен жалғызбын

(Тарас Шевченкодан)


Жалғызбын мен жалғызбын,

Жапанда жалғыз қурайдай.

Есе, бақыт бермеді,

Бермеді ерік те құдай.

Тәңірі маған көрік берді,

Берді маған қара көз.

Жас парлады ол көзден,

Жалғыздық, қайғы болып кез.

Бауырлас жанды білмедім,

Атын естіп ағанын.

Жат ортада өстім де,

Енді солып барамын.

Қайда мендік сүйген жар,

Қайда адам, меймандос.

Жоқ олар маған ...

мен жалғыз

Болмашы емес, маған дос.

«Екпінді», 1946 жыл

Ащы тәжірибе дауысы

(Ғабдолла Тоқайдан)


Қай шақта сүйіп кейбір жолдасымды,

Көрсетіп көзден аққан мен жасымды.

Жасырмай ақтарамын қайғы шерді,

Сөйлеймін бүкпей ішке бар.


Көрініп махаббаты ол көзіме

Болады мән бергендей әр сөзіме.

Көзіне көзім тігіп қадаламын,

Шығады нұры балқып ақ жүзіне.


Бір дауыс естіледі сонда маған:

Дүниеде сенбе ешкімге бәрі жалған!

Сен оның құр сыртына мәз боп тұрсың,

Алдамшы үміт елес беріп саған.


Жан ашып аяғанмен сені есіркеп,

Іші арам, аяғаны құр сырты тек.

Жүзінен көріп тұрсаң мейрімді нұр,

Ол нұрға мағана бер басқаша деп.


Сен оған ақ көңілмен шексіз сендің,

Ақтардың түгел бәрін қайғы, шердің.

Жарқ етіп ашылғанда ақ көңілің,

Соның сен шашыраған нұрын көрдің.


Жүзінен жолдасыңның көрінген нұр,

Көз жасың мен шашылған көңілден нұр,

Ол қарабет, іші арам әрқашанда,

Махаббат, кісілік жоқ онда ешбір.


Ес кетіп таусылғандай амал – айлам,

Үн келген жаққа қарап қалып қайран:

- Періште ме, жоқ сайтан айғайлайма?

Ей дауыс, естілесің әлде қайдан?!


Дейді ол: - ренжіме, жанба, күйме,

Менің атым қаһарлы қарт тәжірибе.


«Екпінді», 27 апрель 1946 жыл

***

Медреседен шыққан шәкірттер не дейді
Көп жаттық біз,

Медреседе,

Аңғармадық ешнәрсе де.

Тапжылмадық,

Тастай қатып,

Қоңыр майда

Жел ессе де.

**

Перде құрдық,



Көкте күнге.

Нұрын шашып,

Жіберсе де.

Қарсы тұрдық,

Қарап бізде,

Жарық сәуле нұр келсе де.

**

Көрпе астында,



Ұйықтап жаттық,

Оянбай таң,

Атсадағы.

Ойланбадық,

Бағытымыздан,

Күні бойы

Батсадағы.

**

Қамсыз жаттық,



Сасық жерде.

Бейне бақыт,

Тіршілікте.

Жеркенбедік,

Бұндай халден,

Бақсыз көрге,

Кірсекте.

**

Кеуіп біттік,



Сарғайдық біз.

Құрып біттік,

Қу масақтай.

Нәжіс иіскеп,

Ләззаттандық

Кәдімгі дәл қорқаулықтай.


**

Ақтық дәмді

Нысаптарды.

Қуып шықтық,

Есімізден.

Аздық – тоздық,

Шайтаннан да

Оздық мүлдем.

**

Ассыз, сусыз



Отын – шамсыз.

Тар қапаста

Жаттық сасып.

Айт болғанда

Түс көргендей,

Шомылдық біз,

Мұзға басып.

**

Көрді ұлтымыз,



Бізді құнсыз.

Қу ағаштан

Қара тастан.

Европада


Қадірліміз

Көрдің көркі

Қара қастан.

**

Ұятсыз да



Аш болдық

Азған – тозған,

Жетім қыздай.

Жаттық биттеп,

Аштықтан біз.
**

Оқып маман,

Болдық па,

Шайнап сағыз

Шырай лас.

Не үн емес,

Қамыр да емес.

Шала піскен,

Болдық қалаш.

***


Жалқаулық,

Керек пе бізде,

Аңқаулық,

Керек пе бізде.

Болған, өскен,

Оңған шәкірт,

Мыңнан бірақ

Сирек бізде.

**

Жастық шақты,



Надандыққа

Құрбан еттік те,

Шалдық біз.

Сарлық саттық,

Бұршақ аттық,

Бәр – бәр болдық

Шаш алдық.

**

Не қорлықтар,



Не зилләттар,

Көрмедік біз,

Бұл милләттан.

Көрмей езді.

Бәйгеде бізді

Көзінде болған

Ғыйлыләттан.

**

Қорлық емес,



Татарларды,

Бұл айтқанда

Біздің мақсат,

Көзсіз болған соң

Не істейсің

Дүниеде жоқ,

Соқырға сат.

**

Көрдік олардан –



Тек құрсақ,

Олай бұрсақ,

Бұлай барсақ.

Ай-Һай терең

Берген құрсақ.

Таймас құрсақ,

Толмас құрсақ.

- аяқталмаған
*Бәр-бәр – шаш алушы, парихмахер

СОРМАҢДАЙ ЛИЗА

(Н.М.Карамзиннен)


Тұратын Москвада қала халқы,

Дәл мендей қала маңын білмес жалпы.

Мақсатсыз мендей кезіп ой мен қырын,

Серуендеп кететұғын жоқ қой салты.


Мен жаяу кетем кезіп тау мен сайын,

Ну орман, шалқып жатқан көкорайын

Әр жазда әр жерінен бір жаңалық

Көңілге хош көркемдік тұрар дайын.


Не болмаса ескіден жаңа бейне

Көз тартатын көркемдік көрем кейде.

Табиғаттың тамаша суреттері,

Ойды билеп, көңілді тербемей ме.


Ерекше көз тартатын жаным сүйіп,

Симонов монастры тұрған биік.

Тұнжырап мұңға батып мұнарасы

Тұрғандай шерге толып, тартып күйік.


Шығып сен сол биікке тұрасың келіп,

Қарасаң оң жағыңа көз жіберіп,

Кұздай үйлер, заңғардай шіркеулері

Москва алақанда тұрсын көріп.


Мұнара сансыз крест алтындаған,

Аспанның аясында жалтылдағын.

Батар күннің шапағы нұрын төгіп,

Ғажайып сәулеттенер кешке таман.


Аяқ астың көк орай жалпақ шалғын,

Шүйгін шөп шашақ атып жатқан балғын,

Табиғат еркіңді алып, елжіретіп,

Сезім қылын шертеді ұққан жанның.


Аржағы ағынды өзен жердің нуы.

Мұнартып көтеріліп көкке буы.

Балықшының қайығын шолп-шолп сүйіп,

Сынаптай сылаңдаған мөлдір суы.


Ресейде бай өлке әр тараптан,

Ауыр қайық ырғалып астық тартқан.

Өзенді өрлей жүзіп келе жатыр,

Ашкөзді Москваға жалақ қаққан.


Өзеннің арғы беті қалын орман,

Қыбырлап қара-құйрық малға толған.

Мұңды қоңыр ән шырқап жас малшылар,

Ағаштың көлеңкесін етіп қорған.


Тұрғандай бірі қалыптан бір күн танбай,

Малшыға жаздың ұзақ күні қандай,

Күн өткізер ермегі көңіл алдап –

Қайтеді өлең айтып, әнге салмай.


Одан әрі көресің көп ағашты,

Жасасқан ғасырлармен талай жасты,

Бөленген жасыл орман жапырағын,

Данилов монастры алтын басты.


Көкорай, гүл-бәйшешек ой менен қыр,

Күбірлеп құлағында шерткендей сыр.

Көз ұшында көкжиек кемерінде

Көгеріп Воробьев таулары тұр.


Сол жағын мол егіндік жалпақ жатқан,

Көрінер үш-төрт қыстақ сол тараптан,

Алыста Коломеннің селосы тұр,

Зәуілім биік сарайы нақыш жапқан.


Келіп мен осы араға жыл-жыл сайын,

Қуанышпен қарсы алам көктем айын.

Күз келсем көріп мұңлы табиғатты

Менідағы басады сарыуайым.


Монастрдан тіршілік кеткен көшіп,

Кұлазыған хабарлар ту шөп өсіп,

Қараң қалған монахтың құжырасы,

Үрейлі үрген желмен тұр тілдесіп.


Құлаған тастарына молалардың

Сүйеніп, өткендерді есіме алдым.

Құлаққа ауыр тигендей күрсінгені

Келмеске кеткен сонау ғасырлардың.


Жүрегім қалтырайды суып денем

Кейде есіз құжыраға кіріп келем,

Сол жайды мекен еткен жанды ойласам,

Ауыр хал көз алдыма еселтеген.


Көремін аппақ қу шал қарттың жеңген,

Фәниден тез көшір деп хаққа көнген,

Олжа боп әлсіздікпен ауыр дертке,

Денеден өзге сезім түгел сөнген.


Жас монах жас өмірден күдер үзген,

Темірлі терезеден көзін сүзген.

Құстарға қарайды да аһ ұрады

Сайрандап көк теңізін еркін жүзген.


Моншақтап ұлы жасы көзден тамған,

Тірі аруақ қатып-сеніп сүлдер қалған,

Күңгірі қоңыраудың естігендей

Дабылыңдай ажалдың жас жанды алған.


Сарайдың қақпасында суреттен,

Көремін кереметті болып өткен

Қалың жау қамағанда монастрды

Балықтар нәсіп болып түскен көктен.


Болмаса құдай – ана жау қашырған,

Сақталған суреттер сан ғасырдан,

Ауыр күн бастан кешкен ел тарихы

Түскендей еске осылар шерткен сырын.


Оқ атып, қылыш шауып, бүлік салып,

Қатал жау татарлар мен литвалық,

Маңайын астананың ойран етіп,

Сорлатқан Москваны қысымға алып.


Өткен күндер қан төгіс болған майдан

Ескерткіштер бір тарих осы жайдан

Москва тұр қатындай хасірет шегіп,

Тек қана рахым күткен бір құдайдан


Симонов монастры еске салған

Ерекше жүрегімнен орын алған,

Лизаның қасіреті мен қайғысы ғой,

Сормандай қайран Лиза дүние жалған.


Симонов монастры салатын ой

Мені билеп еркімді алатын ой

Аяулы ғазиз жанның күйініші

Лизаның аянышты тағдыры ғой


Уақиға осы ғой мен сүйетұғын

Тебіреніп көңілім иетұғын,

Көзімнен ағызатын ыстық жасты,

Жүрек шіркін шіркін жалындап күйе тұғын.


Шамасы монастрдан жетпіс саржан

Бір үй тұр үңірейіп иесіз қалған.

Жеке өскен әр жағында бір топ қайың,

Көк шалған айналасы жол жоқ барған.


Тозған үй иесіз қалар уақыт жетіп,

Отыз жыл бұдан бұрын кеткен өтіп.

Сүйікті сұлу Лиза дәл осы үйде

Анасы мен тұрыпты мекен етіп


Әкесі еңбек сүйіп егін еккен,

Әлді шаруа өзіне өзі жеткен.

Байыпты, тағайынды ізгі жанға

Ажал жетіп келмеске сапар шеккен.


Ол өлген соң иессіз жері қалды,

Аз ақша бір адам жалдап алды.

Бұрынғыдай мол өнім қайдан болсын,

Барған сайын шаруасы нашарланды.


Жесір әйел жоқтаумен жан жолдасын,

Еңіреп тия алмады көздің жасын.

Ақыры хасіреті жеңіп әлсіретіп,

Қарауға жарамады шаруасын.


Әкеден Лиза қалды он бес жаста,

Ауыр іс түсті қайран ғазиз жасқа.

Жұмысқа жанын салды күн-түн демей,

Шешенің сенері жоқ онан басқа.


Тоқиды күндіз-түні шекпен-шұлық,

Көктемде шашақ атқан гүлді жұлып

Жаз айында даладан жеміс теріп,

Сатады Москваға кәсіп қылып.


Қам көңіл мейірімді қайран шеше

Егіліп еміренеді Лиза десе

Қысады баяу соққан жүрегіне

Құшақтап қысқа күнде әлде неше


Құлыным қуатым сен құдай берген

Бір өзің жұбанышым көзім көрген

Қартайғанда сүйенер сүйенішім

Жалғызым жарығым сен барым сенген


Ата хақын ананың сүтін ақтап

Қарағым дамылы жоқ, жүр тықақтап

Қайырымды қалқама жәрдемші бол

Құдайым қуат беріп, өзің сақтап.


Анамсың сәбиімде емшек берген

Мен үшін түн ұйқынды төртке бөлген,

Құдай маған қол берді құрмет қыл деп,

Ана сүтін ақтайтын кезек келген.


Жан анам, жыламашы, егілмеші

Көл болып көздің жасы төгілмеші

Көз жасымыз әкемді тірілте алмас

Берік болшы, қайғыға берілмеші


Деп Лиза жұбатса да жан анасын

Өзі де төгуші еді көздің жасын

Кеше тірі әкесі, бүгін өлік

О дүние, қайтып сорлы қайғырмасын


Сырттай күліп жүреді, іші жалын

Ананы аяп білдірмей қайғырғанын

Адамдай арманы жоқ, көңілі тоқ,

Жасырын жүректегі хасірет-зарын.


Қайғылы кемпір сорлы дейді балам

Көз жасын ол дүниеде тияр анаң

Бар қызық сол өмірде деседі ғой

Әкеңді көрсем сонда бақыт табам.


- Тек қана өлгім келмес әзір менің

Мен өлсем не болады күнің сенің

Лизамды құтты орнына қондырғанша

Сабыр бер ажалыңа бар тілегім.


- Тие берсе тілегімді қадыр алла

Қосылсаң мейірімді бір адамға

Қарақтарым беріп мен ақ батамды

Көз жұмып көрге кірсем арман барма.


Әкесі өлгеніне толды екі жыл

Лиза жетім болғалы шешесі тұл

Кезегімен жаз жетіп, жер құлпырды

Қалаға Лиза келді сатыға гүл.


Әп - әдемі киінген жарқын жүзді

Бір жас жігіт көріп қызды,

Лизаға қарсы келіп, күлімсіреп

-Бикешім сатасыз ба гүліңізді?-


-Дегенше екі беті оттай жанып

-Сатам, -деп, Лиза берді гүлді алып,

-Гүліңе не сұрайсың деді жігіт,

-Бес тиын, -деді Лиза әрең барып.


Бес тиының тым арзан бір сом берем,

Дегенде Лиза жерге қарап төмен,

Жігітке бір көз тастап қып-қызыл боп,

Деді ол: -Артық ақша алмаймын мен.


Жігіт айтты: Ақ жүрек көңілім бұл

Ендеше бес тиын ал онда өзің біл

Бір сомға тұрарлық қой деп ойлап ем,

Сұлу қыздың қолымен терілген гүл.


Гүліңді бір мен үшін арнап терсең,

Басқаға сатпай ылғи маған берсең,

Тек қана сенен сатып алар едім,

Бұл шыным сұлу бикеш, сөзге сенсең.


Бес тиын алып Лиза гүлін берді

Тағзым етіп, қыз енді кетпек еді.

-Сұлу бикеш барасың қай жаққа? –деп

Қолынан жігіт ұстап жібермеді.


Лиза айтты: Қайтамын үйге –деді

Жігіт айтты: Үйлерің қай жерде еді?

Баяндап үдің жайын берді дағы

Аяндап өз жөнімен кете берді.


Қызды енді келмеді, оның бөгегісі,

Өрескел көрінгендей өз жұмысы

Мысқылдай күле қарап тоқтай берді,

Көшеден өткен-кеткен әрбір кісі


Сонымен Лиза үйіне қайтып кетті,

Көргенін шешесіне баян етті.

Анасы айтты: Бір сомын алмауың жөн,

Кім білсін адам шығар арам ниетті.


-Мейірімді жүзі бар, өзі қандай?

Десеңші дауысы қандай, сөзі қандай

Апатай-ау қимаймын жамандыққа

Олай деуге тұр тіпті аузым бармай


-Сүйтсе де жақсы еңбекпен тапқан наның

Ешкімнен текке ешнәрсе алмағаның

Қалқам сен білмейсің ғой залымдардан

Қалайша қыз байғұстың сорлағанын!


-Қалаға сен кеткенде жаным балам

Зәре қалмай сиынам, шырақ жағам

Қатерден пәле-жала сақтай гөр деп

Әр қашан тілеймін бір алладан.


Тиалмай көзге келген ыстық жасын

Лиза сүйді құшақтап жан анасын

Ертеңінде қалаға тағы кетті

Гүлдердің теріп алып таңдамасын.


Қыздың көзі бір нәрсе іздегендей

Жоқ жоғалтып күндерін үзбегендей

Гүлін әркім алғысы келседағы

Сатылмайт – дейді басқа сөзге келмей.


Кеш болды қайтатұғын уақыт жетті

Болғандай жабырқады жүрек дертті

Ешкімге бұйырмасын осы гүл деп

Москва өзеніне тастап кетті


Ертеңінде іс тігіп кешке таяу

Терезенің алдында көңілі қаяу

Мұңды назды ән салып Лиза отырды

Ақырын даусын созып қоңыр баяу.


Лиза кенет орнынан бірақ атты,

Ах! Даусы қыздың шықты қатты.

Қарап тұр терезенің әржағында,

Баяғы жап-жас жігіт келіп қапты.

Шешесі бер жағында отыр еді,

Қарағым-ау, не болды саған?, -деді

Күмілжіп: Ештеңе емес аптайым,

Көрдім, -деп, -соның өзін, жауап берді.


Соның кім? Кімді көрдің, Лиза қарғам,

-Мырзашы өзімнен гүл сатып алған,-

Дегенде барса анасы терезеге

Тағзыммен амандасты бір жас бағылан.


Сып-сыпайы жас жігіт жылы жүзді

Бетінен кемпір таппай бөтен ізді,

Көңілі келбетіне тола қалды,

Адам ғой деп ойлады бұл бір ізгі.


Жүрсіз бе, мейірімді ана, есен-аман,

Келемін әлім құрып шаршап жаман.

Жаңа сауған сүт жоқ па бір жұтатын,

Бар болса рұқсат ет шеше маған.


Шешесінің аузынан шақпай-ақ сөз,

Елгезек Лиза байғұс жөнелді тез.

Мүмкін себеп болды ма, кім біледі,

Жігітпен бұрын да бір болғаны кез.


Жып-жылдам Лиза келді сүтті алып,

Құйылған таза ыдысқа беті жабық

Стаканды тазалап, құйдыдағы

Жігітке терезеден берді апарып.


Сүтті беріп қыз төмен қарап қапты

Жас жігіт қолына алып ішіп жатты

Хор қызы құйып берген әнгәбіл су

Бола алмас деп ойлады мұнан тәтті


Әркім аңдар Лизаға ол алғыс айтты,

Ағысты тілден көрі көз мол айтты.

Ақ көңіл аңқылдаған кемпір байғұс

Ақтарып мұң мен шерін сөз молайтты.


Қайғысын опат болған байын айтты

Жалғыз қызы күні мен айын айтты

Еңбек сүйгіш, қайырымды мейірімді

Жақсы мінез Лизаның жайын айтты.


Жігіт ұйып тыңдап тұр кемпір сөзін

Ол кімнен айырмады екі көзін,

Ол арасын сөз етіп не қыламыз

Сөзден жылдам сездірер сергек сезім.


Ұятты көз тұп – тура қарау қайда

Жігітке қыз тұра алмай қарамай да

Жалт берген қыз көзінен жылдам болмас

Жарық етіп бұлтқа сіңген нажағай да


-Қызыңыздың ісіне берем баға

Ей шеше, сатса екен маған ғана

Әуре боп қала шарлап жүрмес еді,

Үйде жалғыз алаң боп Сіз де және.


-Анда – санда тұрар ем сезім келіп

Дегенде қыздың іші кетті еріп.

Қуаныштың сәулесі кезінде ойнап,

Жасыруға Лизада қалмады ерік.


Екі бетке ыстық қан келіп қалды

Алқызыл боп дуылдап оттай жанды

Жаздың жарқын кешінде батар күннің

Шапағындай сәулелі нұры тамды.


Жігіт сөзін кемпір де қабыл алды,

Бөтен ойы болар деп ойламады.

-Лизаның ісі таза, төзімді –деп,

Жігітке бар ниетімен сене қалды.


Күн батып, кеш боп кетті көз байланып,

Бір талай уақыт өтті сөзге айналып,

Кемпір жөнін сұрады жас мырзаның

Кетуге тұрғанында ыңғайланып.


-Мейірімді жас мырзам, кім дейміз біз?

-Эраст, деді жігіт, -есіміміз,

Эраст, деп ақырын ғана бес қайтарды.

Періштедей күнәсіз ақ көңіл қыз.


Қош айтты жігіт кетіп бара жатып,

Қала берді көзбенен Лиза ұзатып,

Қызының қолын қысып: Лиза, -деді,

Кемпір сорлы отырған ойға батып.


Неткен адам, мейірімді Лиза жаным

Болса еді деп осындай сенің жарың.

Жүрегі алып-ұшып, деді Лиза:

-Апатай-ау, бола ма ол ойлағаның.


-Ол мырза, -деп жаутандап екі көзі

(Кінәлі санағандай өзін - өзі)

Біз жай шаруа... деді де қалды тоқтап,

Сонымен аяқталмай Лиза сөзі.


Жас жігіт, жас мырзамыз эраст кім ол?

-Ақ сүйек тұқымынан дәулеті мол.

Ақыл-ойы кем емес, адал жүрек.

Жел мінез тұлқымалы – бар міне сол.


Тек қана ойлап өзінің рахатын,

Қызық – думан өмірге болды жақын

Салтанат ақсүйектер суығынан

Ала алмай көңіл толар қанағатын.


Қолын байлап тұрғандай тағдыр қысып

Дүние тар боп жүргенде іші пысып,

Жабырқаған жігіттің еркін алды

Көзіне жап-жас сұлу Лиза түсіп.


Өзі оқыған нәзік жыр романынан

Көңілінде елестейтін ғажап заман

Болған ба, болмаған ба сол өмірді.

Әйтеуір қиял билеп қылған арман.


Серуендеп қасыретсіз көк орайда

Шомылып мөлдір суға рахат жайда

Көк кептердей сүйісіп, сұхпаттасып,

Сайрандап сауық құрған ен тоғайда.


Гүл орманды саялап, демін алып

Бақытты, той-думанмен жүрген халық

Бар өмірін өткізген ойнап, күліп,

(Сенсеңіз суреттеген ақынға анық)


Сол өмірді көксеген біздің мырза

Арманға қол жеткендей болды риза

Қиялым көңілімдегі осы деді

Бір көргенде-ақ ес кетіп Лиза қызға.


Табиғат құшақ жайып келдеп ымдап

Ләззат ал қызығымнан деп жымындап

Тұрғандай, жас мырзаның көңілінде

Бой ұрды сол қызыққа Эраст шыңдап.


Құмары Лизадай қыз әуел баста-ақ,

Көңілін сезім билеп, нәпсі бастап,

Аз күн аужал дүниедей бел байлады,

Ақ сүйектер сауығын біраз тастап


Түн болып, қас қарайып, жапты түнек,

Анасы дұға оқып, тілек тілеп

Маңдайынан бір иіскеп, сүйді қызын

Лиза жан қайырлы түн, тыныш ұйқы деп.


Бүл түні Лиза жайлы ұйықтаған жоқ

Жүректе пайда болды ұшқыннан шоқ.

Көңілінен кетпейды Эраст қыздың

Бейнесі көз алдында ап-айқын боп.


Минут сайын алады көзін ашып,

Жүрегі алып-ұшып, ұйқы қашып

Аһ ұрып, ала қызып жата алмады,

Күн шықпай қыз шықты үйден қадам басып.


Қызыл қан бойды билеп аласұра

Дауа іздеп жас жүректің жарасына

Тұнжырап кеп отырды көк шалғынға

Москва өзенінің жағасына


Лиза қыз көңілі жүдеу, қабақ қатқан,

Қарайды боз тұманға толқын атқан

Барады тұман көкке көтеріліп,

Сынаптай шық мөлтілдеп шөпті жапқан.


Күн шығып, сәуле шашып таң да атты,

Оятты жым-жырт жатқан табиғатты,

Гүл-жапырақ жанданып, бас көтерді,

Сайрайды, сауықшы құс ән шырқатты.


Селт етпей қыз көңілі жабырқаған,

Не болды шіркін Лиза, Лиза саған?

Күн шыққанда тұрушы ең гүл-гүл жайнап,

Шат болып құспен бірге ән шырқаған.


Тұнжырап түсің қашты бүгін неден,

Таза жанның қайғысы білінбеген,

Секілді шыққа түскен күн сәулесі,

Көзіңнен көрінетін күлімдеген.


Бүгін сен бір тұнғыйық ойға баттың

Қызығы әсер етпей табиғаттың

Кіршіксіз жаны таза жас сұлудың,

Қандай күш, қандай сезім жабырқатты?!


Жас малшы мал өргізіп келе жатты,

Сызылтып сыбызғыдан ән шырқатты,

Қадалып соған Лиза қарап тұрып,

Мынандай тәтті қиял, ойға батты:


«Еркімді алып, көңілімді билеген жан,

Қара шаруа, бақташы боса жалған,

Жас малшыдай жанымнан өтсеші ол

Мал өргізіп, сызылтып сырнайдай ән.


Амансың ба сүйікті бақташым, -деп

Ит-құсынан малында аман сақтасын, -деп.

Иіліп, назбен күліп амандассам

Жақсы өріс бұдан әрі таппасың, -деп


Қойыңа шалғын мынау шалқып жатқан,

Тере тұғын гүл міне шашақ атқан.

Ол сонда күліп келіп қолымды алса»,...

Қиял ғой мұның бәрі ойды ұлатқан.


Арман мен қиял келіп араласты,

Жас қойшы сырнайлатып әнге басты,

Лизаның маңына ол келген де жоқ,

Ақтылы қойын айдап белден асты.


Отырғанда ешнәрсе ескерместен

Өзеннен дауыс келді өскек ескен.

Жалт қараса бір қайық келіп қапты,

Эрасты көріп дүние шықты естен.


Қуанғаннан қалтырап, буын құрып,

Тұрды да кетпек болып Лиза жүріп,

Аяғы бір аттауға ерік бермей,

Тапжылмай сол орында қалды тұрып.


Қайықтан қарғып түсіп Эраст барды.

Жылы жүзбен Лизаның қолын алды.

Жүрегі дырыл қағып, беті жанып.

Арманына жеткендей болып қалды.


Қыз қолын қайта тартып ала алмады.

Ал қызыл ерінге ерін тақап қалды.

О дүние, қысты, сүйді құшарлана,

Бар әлем қыз көзіне оттай жанды.


Қыз құлағы тәтті үнге әзер сенді...

Енді терең баруға болмайды енді.

Лизаны ұялшақтық аулақ тастап,

Сол минутта рахат сезім жеңді.


Эраст білді қыз өзін сүйетінін,

Жалындап жас жүрегі күйетінін,

Жаны таза кіршіксіз ақ көңілмен,

Жарым деп бойы балқып иетінін.


Екеуі бір-бірінен көз алмай,

Сүйші сәулем, сүй мені деген жандай,

Қас қаққандай болған жоқ екі сағат,

Қаншама қараса да мейрі қанбай.


Бір кезде Лиза анасын есіне алып,

Қайтуға тұрды дағы ыңғайланып,

-Эраст-ау, мені өмірлік сүйемісің?-

Деді қыз, жүрегі ойнап, от боп жанып.


-Мәңгі сүйем, Лизажан сенемісің,

-Ендеше ауызыңнан ант беремісің?

-Ант бер десең берейін, жаным Лиза,

-Сендім Эраст, антпа еді керек ісім.


-Сендім: Эраст Лизаңды алдамассың,

-Сені сәулем, алдамаспын, алдамаспын

-Сен сүйдің енді мәңгі бақыттымын,

Сорлы анам естіп көңілі судай тассын.


Жоқ Лизажан, анаңа айтпа, -депті,

Лиза сонда: қайтеді айтса нетті?

-Қарт адамдар әр істен қауіп етпек,

Анаң да ойлай берер әр күдікті.


-Менің анам ондайды ойламайт та,

-Өтінем, бұл жөнінде бір сөз де айтпа!

-Анамнан сыр жасырғым келмеуші еді,

Жарайды бірақ өзің серттен қайтпа.


Қош айтысты, сүйісті, құшақтасты,

Әр күн кеш жолығуға уағдаласты,

Лиза үйінің маңына табысуға,

Айнымайтын, аумайтын, сөз байласты.


Кездеспек осы өзеннің жағасынан

Не болмаса қайыңның арасынан

Уағда мықты, сырды ұқты көздерінің

Жаутаңдап махаббатты қарасынан


Лиза кетті Эраст тұр көзін алмай,

Той тарқап жұртта жалғыз қалған жандай

Кемінде қыз да оған жүз қарады.

Уа дүние, күйіп, жанып сүйген қандай !


Таң атпай шығып кеткен іші қайнап,

Үйіне Лиза қайтты гүл-гүл жайнап,

Көңілі тасып, шаттанып, ширақ басып,

«Ол мені сүйді!» - деген бір сөзді ойлап.


Апатай-ау, күн қандай, қандай дала,

Құлпырып, түрленіп тұр сай мен сала.

Бүгінгідей сәулелі күн көрмедім,-

Деді қыз, шешесіне тұрған жаңа.


-Дәл бүгін тамылжытып қайдағы әнін,

Көрмеп ем құстың мұндай сайрағанын,

Көрмедім бүгінгідей хош иісі анқып,

Гүлдердің шашақ атып жайнағанын.


Кемпір сонда таяғын қолына алды,

Көрмекке тамашалап алтын таңды,

Лизаның тасқан көңілі жан бергендей,

Көрінді бар табиғат сонша сәнді.


-Лизажан-ай, алыстан асып кеттім,

Тамаша ісі қандай құдіреттің,

Көрген сайын көз құрғыр бір тоймайды,

Десем де соншама жыл өмір еттім.


Көк зеңгір көк шатырдай анау аспан,

Көз салсаң көтеріліп көңілің тасқан,

Мына жерге қалайша көңілің толмас,

Жыл сайын гүл-бәйшешек, шалғын басқан.


-Жаратқан дүниені етіп мұндай

Адамды шын сүйген ғой патша құдай,

Лиза жан-ау, өлгісі келер кімнің,

Қайғы – ау уайым болмаса, мәңгі тұрмай.


-Шыныңда солай болу керек рас,

Бір алла рахымыңа иеміз бас,

Шыбын жанды ұмытар сорлы пенде

Ешқашан екі көзден ақпаса жас.


Дәл сонда Лиза кімді есіне алды,

Есіне алып, мынандай ойға қалды:

Сүйген жарды мен сірә ұмытпаспын,

Ұмытатын болсам да шыбын жанды.


Эраст пен Лиза айтылған сөзден тайып

Кетуді, санады олар үлкен айып,

Ынтыққан жас жүректер тұра алмады,

Жолықпай күнде кешке құшақ жайып.


Белгілі, сөз байласқан жері дайын,

Не өзен, не болмаса анау қайың,

Кеш болып, кемпір ұйықтап кете сала,

Табысты қыз бен жігіт күн-күн сайын.


Тұнғиық қара су мен жасыл емен,

Екеуі қатар жасап жүзге келген,

Бұтағы тарамданып суға төніп,

Ерекше бір сәулетті көрік берген.


Сол емен Лиза үйінен сексен саржан,

Көп кездесер жерлері көңілге алған.

Саясына екі жас табысқанда.

Аспаннан ай күлімдеп көзін салған.


Ақ күмістей шағылған көктемгі айға,

Қыз шашымен жел ойнап жібек майды,

Эрастың діріл қаққан саусақтары,

Сол шашты махаббатпен сипамай ма.


Білдіріп қыздың ыстық махаббатын,

Екі көзден мөлтілдеп жас таматын,

Алдына алып Эраст, құшып сүйіп,

Сол жасты ыстық ерні құрғататын.


-Қашан мені қасысың жүрегіңе

Ақ білегің айқасып білегіме,

Назды көзбен қарап сен: «сүйем жаным!»

Деп қашан жеткізесің тілегіме!


-Онда мен ұмытар ем өзімді -өзім,

Ойды алып, бойды билеп рахат сезім,

Естен шығып бар өмір, бар дүние,

Тек қана бір Эрасты көрер көзім.


-Таныс болмай тұрғанда жаным саған,

Ойда түк жоқ, болмаған көңілде алаң,

Япыр-ай, жайбарақат қалай жүрем,

Бәрі оның түсініксіз енді маған.


-Қазір ойлап өмірдің ұқтым жайын,

Сенсіз өмір маған жан-қайғы, уайым.

Нұрлы көзің болмаса, сәулем, сенің,

Қараңғы аспандағы жарық айың.


-Даусынды естімесем Эраст сенің

Бұлбұл көңіліме қонбас менің

Жібек майда жалдағы жиеркенішті,

Болмаса оттай ыстық сенің демің.


Бақташы қызды Эраст еткен мақтан,

(Лизаға солай деп ол атақ таққан),

Қыз оны шын жүрекпен қанша сүйсе,

Жас жігіт өзін-өзі сонша ұнатқан.


Ақсүйектер думаны, сән-салтанат,

Оған салқын көрінді бір түрлі жат.

Жаны таза жас қыздың махаббаты,

Тең болмай еш қызыққа ондай ләззат.


Лизаны қарындасқа балармын, деп

Өзімді аға орнына санармын деп,

Адал ниет махаббатын қорламаспын,

Ойлайды сүйтіп бақыт табармын, деп.


Әр кезде сезіміңе ақыл патша,

Бола ала ма, ей аңғырт жас байбатша,

Сен өзің жүрегіңді білемісің,

Ойлашы елендемей ұшқыр атша.


Лиза Эрасттан соншама өтінді көп,

Өтінді келіп жүр деп тауып уақыт.

Эраст-ау, сені көру әрбір жанға,

Болады деп ойлаймын үлкен бақыт.


Эрасты анасы да құп алатын,

Келгенде ол да аңқылдап қуанатын,

Өлген ерін еске алып, әңгіме айтып,

Шері тарқап кемпір де жұбанатын.


Сағынып кемпір байғұс жастық шақты,

Әңгіме етіп, сүйгенін қалай тапты,

Ерімен ең алғашқы танысқанын,

Өткізген өмірлерін тату-тәтті.


-О, дүние, бірге өткізген өміріміз,

Өл-өлгенше тоймады-ау көңіліміз.

Марқұмды өз қолымнан аттандырдым,

Жетім – жесір боп қалдық кемпір мен қыз.


Кемпірдің әңгімесін таза тыңдап,

Көңілін бөлуші еді Эраст тыңдап,

Лиза ісіне он есе артық берсе,

Артық ақша алмайтын кемпір құндап.


Күн артынан күн өтіп, апта да өтті,

Лизасын Эраст бір күн ұзақ күтті.

Көз қызарған, көңілсіз Лиза келді,

Көргенде қызды жігіт шошып кетті.


- Лиза, Лиза! Не болды саған жаным?

-Эраст-ау, қайтейін мен жыладым.

-Не болды, сәулем, айтшы жайын,

-Бәрін айтам, жасырар бар ма халым.


-Бір бай шаруа ұлына мені сұрап,

Келіпті, тұрағы да емес жырақ.

Мен жыламай, сәулем-ау кім жылайды,

Шешеме де құдасы қалыпты ұнап.


-Бердің бе ризалық, Лиза соған?

-Не деп тұрсың, шының ба бұл сұрағың?

Анамды да аяймын бір жағынан,

Көзінің жасын төгіп зар жылаған.


-Тірімді ұзатпасам сені балам,

Өлерде азап тартам, көңілім алаң,

Сен мені аямайсың,- деп жылайды,

Сүйгенім сен екенін білмейді анам.


-Дүниеде одан қымбат маған не бар.

Сәулем, сен бақыт тапсаң көңілім тынар.

Шешең қайтыс болған соң қосыламыз,

Мәңгі бірге боламыз сүйіскен жар.


Бір тамаша рахат тұрмыс құрып,

Жұмақтағы жандардай өмір сүріп,

Ну орманды, қыстақты мекен етіп,

Бақытты боп өтеміз бірге тұрып,


-Біздерге жар боларсыз қалайша сіз,-

Деді де ақырын ғана күрсінді қыз.

-Не дегенің, Лизажан!- деді Эраст

-Сен ақ сүйек, жай ғана шаруамыз біз.


-Олай деп ренжітпе Лиза мені,

Ақ жүрек, күнәсіз жан сүйген сені,

Жаным сүйген бір өзің бақытымсың,

Өмірлік жарым сенсің көңілімдегі.


Тұрғандай орындалып ақ тілегі,

(Лиза өмірден осындай бақ тіледі),

Жарым деп жаны сүйген жас жігіттің,

Мойнына оралды кеп ақ білегі,


Құшаққа енді, күн өтті күнәдан пәк,

Айқасты ақ білектер дәл шаппа-шап.

Қызу қанын серпінді сезім билеп,

Эрастқа бір керемет орнады бақ.


Лиза оған қазіргідей періште боп,

Бұрын тіпті дәл мұндай көрінген жоқ.

Айқалай аймалауы есін алып,

Құшырлана сүйгені жалынды от.


Қыз ешнәрсе білген жоқ, сасқан да жоқ,

Ешнәрседен қорыққан жоқ, қашқан да жоқ.

Қараңғы кеш бөленеді құмарлыққа,

Бір жұлдыз көктен сәуле шашқан да жоқ.


Сезім билеп ақыл-ой кетсе адасып,

Ешбір жарық жеңе алмас сәуле шашып,

Екеуін де тебірентіп, бір тиышсыздық,

Не болғанын ұқтырмай алды басып.


Аһ, Лиза, кіршіксіз ең сүттен де аппақ,

Күнәсіз күнің қайда балалық шақ.

Жарылмаған қауындай қайран Лиза.

Періштең-сақшың қайда жүрген сақтап?


Адасқандық, албырттық минут та өтті,

Лиза ұқпай не болғанын есі кетті.

Аң-таң болып Эрастан сұрап еді,

Жауап таппай, тіл қатпай үндемепті.


-Ойпырмай менде үрей жоқ, не істедік біз,

Өліп бара жатқандай болдым,- деп қыз,

Шыбын жаным... айтуға бармайды аузым,

Құдайым-ау! Бұл не Эраст? Қалдың ба үнсіз?


Күн күркіреп, нажағай жалтылдады,

Мен қорқам, Эраст!,- деп қыз қалтылдады.

Жай оты албасты деп ұрсама еді,

Күнәсіз Лиза емеспін қалпымдағы.


Қатулана қаһарлы соқты дауыл,

Қара бұлттан шүмектеп төкті жауын,

Табиғат аза тұтып тұрғандай тап,

Мезгілсіз жарылды-ау деп бір жас қауын.


Лизаны Эраст болса шын жұбатпақ,

Үйшігіне дейін кеп шығарып сап,

Қыз жігітпен қош айтар кез келгенде

Көзінен тоқтамады жас моншақтап.


Кеткенде қыз жүрегі күйіп-жанып,

Көзінен қуаныштың жасы тамып:

-Әрдайым біз бақытты боламыз деп

Эраст жаным, сендірші, сендірші анық.


-Лизажан, сенші сәулем айналайын,

Бере гөр – деді Лиза бір құдайым,

Сөзіңе сенбей қайтып тұра аламын,

Сүйгенім сенсің Эраст, күн мен айым.


Бірақ та жүрек құрғыр жетті, жетті,

Кеш жаным, көріскенше ертең депті.

Кездесіп келіп жүрді, кетіп жүрді,

Қызулы қызық күндер өтіп кетті.


Лизаның нұрлы көзі махабатты

Кіршіксіз мейірімі, балдан тәтті,

Сүйгені, ыстық құшақ аймалауы

Бәріне Эраст көңілі салқын тартты.


Қанағатсыз құл тілек аран ашқан,

Ақырында бәрінен безіп қашқан.

Жүректің рахатшыл нәзік сырын

Кім ұға алса сол мені мақұлдасқан –


-Бар тілек орындалса рахат тауып,

Махабатты алдайтын ең зор қауіп,

Лиза Эрастқа баяғы періште емес,

Қыз басынан ол дәурен кеткен ауып.


Бұрын Лиза Эрастың жанын тербеп,

Қиялын шарықтатса көкке сермеп,

Қанағатын алған соң тояттанып,

Жігітке енді бәрі тартты кермек.


Сүйісу, күнәсіз пәк сыйластықты

Жігітке таныс сезім көңіл шықты.

Ондай ләззат Эрастқа көптен мәлім,

Қуантып, жұбатпады оны тіпті.


Кешегі сұлу Лиза махабатты,

А дегенде көрінген тым ләззатты,

Көрсе қызар жел көңіл дауаламай,

Эраст қызға күн сайын салқын тартты.


Жігіт көңілі тартса да қызға сырдаң

Лиза басын жолына еткен құрбан

Эрастың рахатын бақыт санап,

Бір соған еркін беріп, мойынсұнған.


Эрастың сырдаң тартқан сезіп түрін,

Көрген сайын сыр тартып Лиза ақырын:

-Көңіліміз алаңсыз бақытты едік,

Көңілді болушы едің сен де бұрын.


-Эраст-ау, болмаушы еді менде алаң,

Деуші едім бір сенімен бақыт табам,

Сүйіскен ыстық жүрек суымас деп,

Сенгем саған, еркімді бергем саған.


Кей-кейде қош айтысып бара жатып,

Дейтұғын Эраст: -ертең болмас уақыт.

Бір тығыз ісім боп тұр келе алмаспын.

Қыз сонда күрсінетін ойға батып.


Ол кетті бес күн ұдай келмей қызға

Арылмас қайғы тәнді Лизамызға.

Қабақ қатқан көңілсіз жабырқанқы,

Алтыншы күн дегенде келді мырза.


Лизажан жатыр қазір соғыс болып,

Соғыс болса, белгілі болмақ жорық,

Аз уақытқа қош айтар келіп тұр.

Майданға аттанады біздің полк.


Лизаға Эраст сөзі оқтай тиді,

Жүрегіне басылған шоқтай тиді.

Естен танып қалардай қаны қашқан,

Қызды жігіт жұбатып, құшты, сүйді.


Жұбатты қайтарамын деп аман - есен,

Лиза жан, шықпайсың деп есімнен сен.

Мәңгі айырылмай тұрамыз бұдан былай,

Осы жолғы сапардан келген соң мен.


Тауы мүлдем шағылып, Лиза сынып,

Бағанадан тым-тырыс қалған танып,

Улы жасы көзінен кетті парлап,

Үрей бөгеп жібермей тұрған тұнып.


Елжіреп Эрастына жақын барып,

Егіліп махабатты көзін салып.

-Қалуыңа болмай ма? – деді, жаным,

Еміреніп қысып тұрып қолын алып.


-Қалуыма болады бүгін таңда,

Ертең бірақ бетіме кетпес таңба.

«Отанның қорқақ ұлы - жексұрыны»,-

Дейді ғой. Күлкі болам әр адамға.


-Олай болса бар жаным, бұйырса алла,

Күлкі болып жүргенше әрбір жанға,

Ажал оғы тап келіп, сорым қайнап,

Зар болып қалмаспын ба сүйген жарға!


-Арман жоқ Отан үшін болсам құрбан,

-Сен өлген соң маңдағы тірі тұрман.

-Аман келем, сүйгенім, саған келем,

Жаман ой ойламашы, ей Лизажан.


-Я, құдайым, бере гөр қадір аллам,

Күн сайын, сағат сайын жалбарынам.

Аман-есен көрсет деп, сәулем сені,

Сыйынам тілек-тілеп дұға қылам.


-Әттең дүние-ай сауатсыз болғанымды,

Білдіріп тұрар ең ғой сен халқыңды.

Хат білсем мен де жазып тұрма па едім,

Сарғайып санаменен, солғанымды.


-Досың үшін өзіңді сақта жаным,

Қасірет шегіп, қайғы уын татпа, жаным,

Көздің жасын көл етіп төкпе Лизам,

Сен сонда сенімімді ақтағаның!


-Қатал жанба ең, бұл қандай қиянатың,

Мен бе екем көздің жасын тия алатын,

-Сағынып-сарғаюды көп көрдің бе,

Ойласаң сөзің теріс ұялатын


-Жоқ жаным, жылаймын мен тілек тілеп.

Сен жоқта Лизаң сенің шер көкірек,

Көз жасым тиылады сонда ғана

Соғуын тоқтатқанда ыстық жүрек.


-Ғафу ет, Лиза жаным, кінә қойма,

Кездесетін қызықты уақытты ойла.

-Эраст-ау, күтетінім сол уақыт қой,

Тұрғанда шыбын жаным шықпай бойда.


-Жалған-ай, тез кездессек сондай шаққа,

Ұмытпа, Эрсат, Лизаңды есте сақта,

Өзіңнен артық көрген қимас қалқам,

Тапсырдым көріскенше жалғыз жаққа.


Не сөйлесті бұл жерде жігіт пен қыз,

Түгел бәрін жаза алмай отырмыз біз,

Ақырғы рет кездеспек болды олар,

Айырыларда қоштасып ертең күндіз.


Лизаның үйіне ертең Эрсат бармақ,

Кемпірге қол айтыса әдейі арнап,

Мейірімді жас мырза кетеді деп,

Естігенде жылады кемпір зарлап.


-Лизаның өз қолымен еткен ісі,

Менікі ғой, алмасын басқа кісі.

Болмастан кемпірге Эрсат ақша берді,

Кемпірдің келмесе де тіпті алғысы.


Қарт ана алғыс айтты, тілеп тілек,

-Жолың болсын, шырағым аман кел тек,

Оң сапар бер, бір аллам өзің сақта,

Көзім тірі тұрғанда бір көрсет деп.


-Оған дейді жалғызым, Лиза жаным,

Қосылар көңілі сүйген тауып жарын.

Аман қайтып тойыңда сен де болсаң,

Болмас еді, құдайым, тіпті арманым.


-Ана болып, балалы болса Лиза,

Ат қоятын балаға сенсің мырза.

Осы сөзді шырағым, сақта есіңде,

Ондай күнге жеткізсе мен риза.


Лиза тұр анасына қарай алмай,

Ұялып төмен қарап, көзін салмай,

Оқушы өзі-ақ сезер айтпасақ та,

Лизаның дәл сол кезде көңілі қандай.


Еске алсақ қош айтысар кетер кезді,

Лиза қалай шыдады, қалай төзді,

Соңғы рет Эрсат қысып құшағына,

Естігенде «кеш Лиза!» деген сөзді.


Алқызыл теңіздей бой көкте шалқып,

Шығыстан таң шапағы шыққан қалқып,

Еменнің саясында қыз бен жігіт,

Көзде жас, көңілі босап, бойы балқып.


Эрасттың құшағында қайғы басқан,

Қам көңіл Лиза құп-қу өңі қашқан,

Жары емес, жанымен қош айтысқандай,

Айырылып жанын берген жан жолдастан.


Көзіне көрінбейді жер мен аспан,

Уланғандай төгілген ыстық жастан,

Мұңға батып, мүлгіп тұр бар табиғат,

Салбырап жым-жырт болып қозғалмастан.


Лиза еңіреп, егіліп, Эрсат жылап,

Екеуі де көздерін жасқа бұлап,

Қош айтар уақыт жетті, Эрсат кетті,

Лиза байғұс сенделіп қалды құлап.


Тізерлеп қолын жайып, көкке бағып,

Эрсаттан көзін алмай қарап қалып,

Ұзай-ұзай көзінен болды таса

Жығылды Лиза сорлы естен танып.


Бір кезде есін жиса зорға барып,

Тұрғандай бар дүние қайғыланып,

Табиғаттың көркі жоқ көз алдында,

Бар қызықты сүйген жар кеткен алып.


-«Аһ, дүние жапан түзде неге қалдым,

Соңынан бірге кеткей сүйген жарың,

Артынан неге құстай ұшпаймын мен,

Қандай күш жібермедің, ұсап қалдың.


Не көрсем сүйген жармен бірге көрем,

Бірге болам, бір жүрем, бірге өлем,

Я болмаса жар үшін құрбан болып,

Соны сақтап, жолына басты берем.


Емес қой соғыс маған қорқынышты,

Сенсіз маған қорқыныш онан күшті,

Тоқта жаным, тоқташы, сүйген жарым.

Міне, жарың артыңнан құстай ұшты».


Енді ғана жүгіріп кетпек еді,

Эрсатты қазір қуып жетпек еді,

«Анам бар-ау» деген ой қалды ұстап,

Лизаны жібермеді, кетпе деді.


Күрсінді Лиза сорлы көңілі жасып,

Елжіреп іші-бауыры, өңі қашып,

Басы төмен салбырап, еңсе түсіп,

Үйіне әрең жетті баяу басып.


Содан бастап әр күні қасірет болды,

Анасына білдіртпей Лиза сорлы,

Жасырған өрт жандырып жас жүргін,

Сырты бүтін, қыз іші шерге толды.


Аулақта ен тоғайда қасірет шегіп,

Зарласа оңашада жасын төгіп,

Сүйгенін есіне алып еңіресе,

Кеткендей қайғы бұлты тұрған төніп.


Кейде Лиза сағыныш төксе зарын,

Орман құсы қосады мұңды сарын.

Кей-кейде үміт оты сәуле беріп,

Арылтқандай қараңғы қайғы зәрін.


«Сүйген жарым келгенде қайтып маған,

Қайғым ұмыт болады, бақыт табам», -

Осы ойды сүйеу көріп, көзі жайнап,

Алқызыл гүл бетіне жүгірген қан.


Құлпырып қыздың өңі кеткендегі,

Секілді Мақсотына жеткендегі

Жайрандап жарқын жүзі жадырайды

Дауылдан соңғы күндей көктемдегі.


Сонымен екі айдай уақыт өтті.

Бір күні Москваға Лиза кепті.

Бар жұмысы қаладан дәрі әкелмек,

Шешесінің көзіне болған дертті.


Бір үлкен көшеменен келе жатты,

Алдынан шықты арбалы салтанатты

Қараса Эраст отыр арба үстінде,

Аһ деп Лиза таңырқап қарап қапты.


Үкідей ұшты арбаға қойып бетті,

Арбалы тоқтамады өтіп кетті.

Бір қақпаның алдында бұрылғанда,

Лизадағы соңынан қуып жетті.


Арбадан түсіп Эраст жылдам жүріп,

Салтанатты үйге енді кетпек кіріп,

Ол келгенше жүгіріп келіп жеткен

Лизаның құшағында қалды тұрып.


Қысылды тіл қата алмай Эраст сасып,

Құп-қу боп кетті беттен қаны қашып.

Сағынған жар сөзіне жауап бермей,

Лизаны үйге кіргізді есік ашып.


Жетектеп оңаша үйге алып барып,

Есікті бекітіп ол кілтін салып,

-Лиза, енді уақыт солай ренжіме

Деді Эраст: - қойып едім әйел алып.


Енді мені әуре етпе, солай өмір,

Мені ұмытсаң өзіңе болар жеңіл

Сүйгем сені әлі де сүйемін мен ...

Яғни, дегенім ғой таза көңіл.


Мінеки, деп бір жүз сом ақша алып,

Лизаның қалтасына өзі салып:

-Ақырғы рет маған бір сүйгіз дағы,

Сонымен үйіңе жет аман барып.


Лизада ес қалмады үміт сөнді,

Қызды Эраст шығарды үйден енді

-Мына қызды қорадан ұзатып сал,-

Деп мырза малайына әмір берді.


Жүрек жанып бойымды билей алмай,

Эрастты адам деуге аузым бармай.

Лағнат айтып, қарғауға дайынмын мен

Отырмын қарғауғада сөз таба алмай.


Тілім мақау отырмын көкке бағып,

Көзімнен аққан жасым беттен тамып,

Шіркін-ай, неге роман жазбадым мен

Қайғылы болған халды жаздым неғып?


Соныман Лизаны Эраст алдады ма?

Соғысқа барамын деп бармады ма?

Соғысқа барды, бірақ соғысқан жоқ,

Карта ойнап жұрдай боп қалмады ма.


Жауменен соғысудың орнына ол,

Карта ойнаудан басқаға тимеді қол,

Сүйткенше соғыс бітті, бітім болды,

Эрастың Москваға қайтқаны сол.


Борышқа белшесінен әбден батты

Жер, мүлкінен айырылды тәңір атып,

Қатарына қосылар жалғыз жол бар

Сол жолмен алмақ болды басын сатып.


Өзі бай жесір қатын егде тартқан,

Эрастқа құмар болып, қатты ұнатқан,

Сол әйелдің қолына барып кірді,

Осы еді жалғыз жолы оның тапқан.


Лизаға болса да шын көңілі ақ,

Амалсыз мұндай іске болғаны тап,

Жоғарғы жағдайлардың бәрін тізсек,

Эрасты ала алар ма ақтап бірақ.


Көшеге Лиза сөйтіп шығып қалды,

Қандай қалам жаза алар мұндай халды.

«Сол ма, сол ма шығарған мені қуып,

Мені тастап сүйді ме басқа жанды?»


«Өлдім-біттім»- деді қыз басы айналып,

Ой, сезімі үзілді естен танып,

Қайырымды бір әйел көмек берді,

Сорлы қызға көшеде жатқан талып.


Бір кезде көзін ашты есі кіріп,

Әйелдің көмегімен әрең тұрып,

Әйелге ақырын ғана алғыс айтып,

Басы ауған жаққа қарай кетті жүріп.


«Енді маған өмір жоқ, қайғы мен шер.

Жұтсашы мен бейбақты қу қара жер,

Құлап қана кетсеші, үстіме аспан»

Ойы осы Лиза өмірден үзген күдер.


«Жоқ басыма құламас анау аспан,

Жер жұтпайды жатыр ғой тапжылмастан,

Қайғы-қасірет, күйініш мұң менен зар,

Қызық жоқ енді қалған өмір жастан».


Қаладан Лиза сөйтіп шығып кеткен,

Ой улап қыз ақылын тентіреткен,

Тұңғиық қара судың жағасына,

Есенгіреп, сенделіп барып жеткен.


Белгілі ол қарасу түбі терең,

Жағасында кәдімгі кәрі емен.

Тілсіз куә осылар емес пе еді,

Лиза бақыт тапқанда Эрастпенен.


Түскенде рахат күндер еске келіп,

Жаны күйіп, пішіні кетті өзгеріп,

Тұңғиық тұнжыраған ойға батты,

Көз алдына тұман қаптап күңгірттеніп.


Бір кезде Лиза басын жұлып алып,

Қарады айналаға көзін салып,

Жолмен кетіп барады көрші қызы

Шақырды Лиза айқайлап көріп қалып.


Шақырып Анютаны он бес жасар:

-Сүйікті досым, -деді, - бір сөзім бар,

Он сом алтын ақшаны берді қызға:

-Ұрлық емес осыны анама апар.


-Мейрімсіз бір жанға болдым ғашық,

Анама айтпап едім сырымды ашып.

Ол адамның аты Эраст неге керек?

Деді де Лиза сынып қалды жасып.


-Сол адам алдап мені тастап кетті,

Анама айт: құдай үшін кешірсе етті.

Жан анамның алдында кінәлімін.

Оңға келмес өкініш бір іс өтті.


-Осы болды өмірден тартылған сый,

Анама түгел жеткіз көңіліңе түй,

Міне, жаным қолыңнан сүйем сені,

Сен де мендей анамды қолынан сүй.


-Анама айт, - деп, - мені Лиза бірақ,

Тұңғиық қарасуға кетті құлап.

Анюта үрейі ұшып ойбай салып,

Жүгірді үйге қарай зарлап жылап.


Қыстақтан ел жүгіріп келіп қалды,

Лизаны судан іздеп тауып алды.

Жағада жатты өлік сұп-сұр болып,

Тапсырған әлде қашан шыбын жанды.


Жас сұлу, жаны таза аяулы жан,

Бақыт таппай алдамшы бұл жалғаннан.

Мезгілсіз қош айтысып дүниемен,

Өмірін осылайша аяқтаған.


Опасыз өмір сырын сезбес пенде,

Дүниеден өкінішпен мен көшкенде.

Танырмын ол дүниеде, жаңа өмірде

Сенімен сонда Лиза кездескенде.


Қарасу жағасына шыққан дара,

Кәрі емен қу бас қарттан жаны жара.

Сол еменнің түбінен орын сайлап,

Қойыпты Лиза қызды сол араға.


Әр кезде сол жерге кеп ойға батам,

Сүйеніп жер бесікке Лиза жатқан.

Көз алдымда қара су мөлт-мөлт етіп,

Жоғарыда жапырақ сыбдыр қаққан.


Лизасын кемпір естіп естен танды,

Қан тоқтап кәрі жүрек соқпай қалды,

Сорлы кемпір көз жұмды енді мәңгі.

Көреміз құлазыған жалғыз тамды.


Тұрады үй елесізде үрген желмен

Қыстақтың тұрғындары жоққа сенген,

Ол сорлы Лиза қыздың даусы, дейді

Түн баласы болғанда күңіренген.


Эраст өтті өмірден таппай бақыт,

Лизаның қайғысы оған кетті батып.

Қанына ортақпын деп санады өзін,

Өле-өлгенше сол қайғы ойды улатып.


Өлерден бір жыл бұрын сол Эрастпен,

Танысып ауызба-ауыз сөйлестім мен,

Дәл осы уақиғаны айтып беріп,

Лизаның бейітіне ертіп мені әкелген.


Маған Эраст осындай сырын ашты,

Екі көзден ағызып қанды жасты,

Ол дүниеде бір-бірін тауып олар,

Мүмкін енді табысты, татуласты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет