Әзіл, жұмбақ есептер Мақсаты: Оқушыларға жұмбақ есептерді жасыру; Оқушыларды қазақтың әзіл есептерімен таныстыру; Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту



Дата26.03.2023
өлшемі399.18 Kb.
#471125
0912 2 топ


09.12.2022ж
Әзіл, жұмбақ есептер
Мақсаты: Оқушыларға жұмбақ есептерді жасыру;
Оқушыларды қазақтың әзіл есептерімен таныстыру;
Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
Оқушылардың математика үйірмесіне қызығушылығын арттыру;
№1 тапсырма
Ұшты- ұшты тырна ұшты,
Атып едім қарға түсті
Жауабы:
Жерде қар бар
№2 тапсырма
Бала аттан құлады,
Неге құлады?
Жауабы:
Жерге құлады
№3 тапсырма
Адамның басы қай кезде
үйде болмайды?
Жауабы:
Форточкадан немесе
есіктен басын шығарып
тұрғанда
№4 тапсырма
Төрт балауыз шам
жанып тұр еді . Бір балауыз шамды
өшірсе нешеуі
қалады?
Жауабы:
Өшірген біреуі қалады,
қалғаны жанып бітеді
№5 тапсырма
Ағаш басында бес торғай қонып отыр еді, біреуін атып алдым. Нешеуі қалады?

Жауабы:
Атып алынған біреуі қалады, қалғаны ұшып кетеді
№6 тапсырма
Қалада 15 қабатта тұратын бір кісі жұмысқа барар кезде таңертең лифтімен төмен түсіп, кешке жұмыстан шаршап келе жатып лифттімен 12 қабатқа дейін көтеріліп, әрі қарай баспалдақпен шығады, неліктен?
Жауабы:
Себебі ол ергежейлі, оның бойы 12 деген жазуы бар батырмаға ғана жетеді
№7 тапсырма
Асан үйіне келген бес досына тарелкаға салып бес алма алып келді. Достары бір-бірден алма алғанда, тарелкада бір алма қалды. Қалай болғаны?
Жауабы:
Бір досы тарелкамен алды
№8 тапсырма
Ертемен дүкенге бір кісі келіп 25 долларға шляпа сатып алды. Ол дүкеншіге ұсақ ақшалары болмағандықтан, көршісіне барып майдалатып келді де, 75 доллар қайтарып берді. Біраз уақыт өткесін көршісі ұсақтатқан ақшасының жалған екендігін айтып 100долларын басқа купюраға ауыстырып алды. Дүкенші неше доллар шығын шығарды?
Жауабы:
200 доллар
№9 тапсырма
Бір кісі найзағай жарқылдаған сайын шашын тарайды екен, неге?
Жауабы:
Фотоға түсіріп жатыр деп ойлайды екен
№10 тапсырма
Қатты жылдамдықпен келе
жатқан жүк машинаны бір қолымен кім тоқтата алады?
Жауабы:
Жол полициясы
№11 тапсырма
Электровоздың түтіні батысқа қарай созылып жатса, өзі қай бағытқа
қарай жүріп жатыр?
Жауабы:
Электоровозда түтін болмайды
№12 тапсырма
Елімізде талдармен жасалған қорған қай қалада?
Жауабы:
Талдықорғанда
№13 тапсырма
Жүзе алмайтын адам суға түссе қалай шығады?
Жауабы:
Үсті су болып шығады
№14 тапсырма
Ақтөбеде біреу Өскеменде жоқ, Алматыда екеу Астанада көп? Ол не?
Жауабы:
«А» әріпі
№15 тапсырма
Шайға қант салған кезде, қандай жағдайда қант құрғақ болады?
Жауабы:
Құрғақ шайдың үстіне салғанда
№16 тапсырма
Қай айда 28 күн бар?
Жауабы:
Барлық айда
№17 тапсырма
Екі бөлмеде 76 адам болған, олардың біреуінен 30 адам, екіншісінен 40 адам шығып кеткенде бөлмелердегі адамдардың саны тең болды. Алғашқыда әр бөлмеде неше адам болған?
Жауабы:
33 адам және 43 адам
№18 тапсырма
Бір жанұяда 6 бала бар. Әр баланың жасы-жай сан. Бес баланың жасы ең кішісінің жасынан 2, 6, 8, 12 және 14-ке артық. Ең кіші бала неше жаста?
Жауабы:
5,7,11,13, 17, 19.
№19 тапсырма
Екі қарғаның біреуі оңтүстікке, екіншісі солтүстікке қарап отыр.Олар біріне –бірі:«Достым, мен сені көріп отырмын,»- дейді. Олар бір-бірін қалай көреді?
Жауабы:
олар бір-біріне қарама-қарсы отыр
№20 тапсырма
1 ден 100 ге диін 7 саны канша рет кездеседі
Жауабы:
19 рет
Назар аударғандарыңызға
Рахмет!!!!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет