Қазақстан Республикасы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін типтік бағдарламасы Астана 2015 Жоба Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі балалық шақ»


Балалардың тіршілік әрекеттерін ұйымдастыру



бет2/16
Дата16.06.2016
өлшемі1.24 Mb.
#139918
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

2. Балалардың тіршілік әрекеттерін ұйымдастыру

Балалар өмірінің алғашқы жылы сапасы жағынан бір-бірінен айырмашылығы бар төрт кезеңнен тұрады:

туғаннан 2,5-3 айға дейін;

2,5-3 айдан 5-6 айға дейін;

5-6 айдан 9-10 айға дейін;

9-10 айдан 12 айға дейін.

Әрбір жас кезеңіне арналған балалардың физиологиялық сұраныстары мен физикалық мүмкіндіктеріне есептелген күн тәртібі ұсынылады.

Туғаннан 2,5-3 айға дейін әр 3 сағат сайын, 7 рет тамақтандыру, сергектендіру ұзақтығы 1-1,5 сағат, күндізгі ұйқы 1,5- 2 сағаттан 4 рет.

2,5-3 айдан 5-6 айға дейін 3,5сағаттық үзіліспен 6 рет тамақтандыруға көшу, сергектендіру ұзақтығы 1,5-2 сағат, күндізгі ұйқы 1,5- 2 сағаттан 3-4 рет.

5-6 айдан 9-10 айға дейін 4 сағат аралығында 5 рет тамақтандыру, сергектендіру ұзақтығы 2-2,5 сағат, 1,5- 2 сағаттан үш рет күндізгі ұйқы.

9-10 айдан 12 айға дейін 4,5-5 сағат аралықпен 4-5 рет тамақтандыру, сергектендіру ұзақтығы 2,5-3 сағатқа созылады, ал күндізгі ұйқы 2-2,5 сағаттан 2 рет.

Күн тәртібіндегі өзгерістерді анықтауда баланың жасын ғана емес, сонымен бірге денесінің дамуын және денсаулық жағдайын, оның жеке ерекшеліктерін ескеру керек.

Балалар өмірінің алғашқы айларында баланың кеуде тұсынан 60-70 см жоғарыда, ал 2,5-3 айдан бастап бала қолын созып, ұстау үшін түрлі ойыншықтар ілінетін, манежде сергектенеді. Бір манежде бір кезеңде 5 баладан жатқызуға болады.

Шамамен 4-5 айдан бастап ұстау, қарау, жанасу үшін балаларға түрлі сылдырмақтар, ал 5-6 айдан бастап доптар, әр түрлі материалдан, әр түрлі бейнедегі және әр түрлі дыбыстағы ойыншықтар және ермек-ойыншықтар және басқалар қажет.

Жақсы еңбектейтін және жүруді игере бастаған балалар ыңғайлы, қауіпсіз, әдемі және гигеналық жиһазбен жабдықталған, еденнің қоршалған бөлігіне біртіндеп көшіріледі.

Туғаннан бастап 5-6 айға дейінгі балаларды сергектендіру кезінде ойын -сабақтар тек қана жеке жағдайда, ал 5-6 айдан 1 жасқа дейін жеке де сондай-ақ, топпен де жүргізіледі. 2 айдан 8-9 айға дейінгі балалармен ойын-сабақтар манежде немесе едендегі қоршаудың ішінде, 8-9 айдан бастап, үстел басында немесе топтық бөлмеде өткізіледі.

Жеке ойын-сабақтардың ұзақтығы – 2-3 минут, топпен 5-7 минут. Айналасын бағдарлаудың қарапайым қабілеттері, сондай-ақ сенсорлық біліктер пайда болғаннан соң (шамамен 5-6 айдан бастап) бір мезгілде қатарынан бірнеше баламен (5-7 балаға дейін) айналысуға болады. Балалардың даму деңгейлерін есепке алып, шағын топтарды қалыптастыру.

3. Тәрбие мен оқытудың мазмұны

Осы жастағы балаларды дамыту ересектердің және басқалардың арнайы үйретуінсіз пайда болмайтын біліктерді қалыптастыруға бағытталған. Аталған топта ойын-сабақтар әрбір баламен жеке, күніне бірнеше рет өткізіледі және сондай-ақ өздігінен ойнайтын ойындармен алмастырылады. Ойын- сабақтар сол немесе басқа біліктерді меңгеру мүмкіндігіне қарай күрделенеді.

Мақсаты: туғаннан бастап 1 жасқа дейінгі балалардың денесінің, психикалық, сенсорлық дамуына жағдайлар жасау.

Міндеттері:

- балалардың толыққанды дене дамуын қамтамасыз ете отырып, олардың денсаулығын нығайту;

- ересектің тілін түсіну білігін және белсенді сөйлеуді меңгеруге дайындық жұмысын дамыту;

- еңбектеуді және жүруді, көріп және естіп бағдарлауды игеру, сенсорлық тәжірибені байыту;

- қуануға, назар аударуға, ренжуге, қанағаттануға қызығушылығын ояту.


4. Режимдік сәттерді ұйымдастыру кезінде дамыту және тәрбиелеу

Балаларға қойылатын ортақ талаптар мен жағдайлардың тұрақтылығын сақтау арқылы режимдік сәттерге деген оң қарым-қатынас қалыптастыру.

Қажеттілік шамасына қарай тамақтандыру.

Балалардың киінуіне, тамақтануына, ұйқыға жатуына жағымды тәртіп орнату. Балаларды осы үдерістерге күш жеткенше қатыстыру.

Терең және ұзақ ұйқыға барлық жағдайларды жасау және сақтау.

Ауырып қалған және бейімделу кезеңдегі балаларды таза ауада ұйықтатуға біртіндеп үйрету.

Әрбір баланың белсенді сергектенуі үшін жағдайлар жасау: 2 айдан бастап – манежде, 7-8 айдан бастап едендегі қоршаудың ішінде.

Ойын-сабақтарды ұйымдастыру және өткізу кезінде білім беру үдерісінің мақсатқа бағытталуын және жүйелілігін сақтау.

Ересектермен белсенді тіл табысатын және дербес өзімен өзі айналыса білетін баланы ынталандыру, балалардың жағымды эмоциялық күйіне қолдау жасау. Пайда болған теріс әдеттерге уақытылы ескерту.

Балаларға жеке қарым қатынас жасау тәсілдерін қолдану. Ойын материалын түрлендіру, жаңғырту және күрделілендіру. Балалардың қызығушылықтарын есепке алып және әрекеттің түрлерін ауыстыра отырып, дербес қимылдар мен қозғалыстарға, белсенді тіл қатуға үйрету.

Әрбір бала ересектерді, өзін ести алатындай, басқа балалардың үн қатуларын (гуілдеу, былдыр) тыңдайтындай топта тыныш жағдай жасау.

Топтағы тәртіпті сақтау, шашылған ойыншықтарды орындарына жинау, оларды жүйелі түрде өңдеп отыру. Массаж бен гимнастиканы маман жүргізуі керек.

Ас үлесін түрлендіру және салынған мөлшерді тауысуға балаларды үйрету.

Тамақтану кезіндегі өздігінен әрекеттерді дамыту: 2,5-3 айдан бастап, бөтелкені ұстауға, ауызға апаруға; 4-5 айдан бастап қасықпен тамақтануға, 5-6 айдан бастап ересектің көмегімен кеседен ішуге, ал 7 айдан бастап өздігінен нанды, пірәндікті, печеньені жеуді үйрету.

1 жасқа таяу тамақты өздігінен қабылдау дағдыларын қалыптастыру.

7-8 айға дейін баланы қолдарына ұстап, ал 8 айдан бастап (өз бетінше отыра алған кезден) бастап – биік үстел басында тамақтандыру. 11-12 айдан бастап өзбетінше төмен үстелге жақындауға, креслоға отыруға үйрету.

Балаларды ересектердің «Тамақтанамыз» деген сөздерін түсінуге үйрету. Ыдыстарды даярлауда кейбір заттардың атауларын таныстыру (кесе, тәрелке, қасық), қимылдарды түсінуді үйрету (отыр, іш, нанды же және басқалар).

Баланың тілін белсендіру (бер, мә және басқалар).

7-8 айдан бастап үстел басында отырған екі баланы кезекпен тамақтандыру. 8-9 айдан бастап мәдени-гигиеналық дағдыларды (қасында отырған балаға тілектестік танытуды, майлықты қолдануды, тамақтанып болған соң ересекке басты изеп немесе жеңілдетілген сөзбен «рахмет» айтуды) қалыптастыру.

Ұйқы үдерісіне жағымды қарым-қатынас қалыптастыру. Ұйықтауға жағдайлар жасау, баяу бесік жырын айту және с.с.

Әр баланың ерекшеліктеріне сәйкес жеке қарым қатынас тәсілін сақтау. Бейімделу кезеңінен өтетін балаларға ерекше назар аудару.

Өмірдің алғашқы аптасынан бастап қосымша әсер етпей-ақ (тербету, емізік және басқалар) ұйықтауға үйрету.

Олардың эмоциялы жағымды қатынасын қамтамасыз ете отырып, ояну шамасы бойынша балаларды тұрғызу. Киінудегі реттілікті сақтау. Белсенді дауыстап үн қатуға жағдайлар жасау.

Ересектердің заттарды, аяқ киімдердің, киімдердің атауларын атаған кезінде тілді түсінуін дамыту; балаларды кейбір әрекеттерді орындауға тарту.


5. Гигиеналық шараларды өткізу

Су шараларын өткізуде жағымды жауапты қалыптастыру. Баланы күнделікті шомылдыру, ластану шамасына қарай, тамақтанудың алдында беттерін және қолдарын жуу. Ересектің сөйлеп, қостауын түсінуді қалыптастыру. Қолдарды жуу, жуыну барысындағы баланың сөйлеуіне және қимылдық жауабына қолдау көрсету.

7 айдан бастап бала түбекке отыруға сұрануды қалыптастыру. Ұйқыдан тұра салып баланы, егер бала құрғақ болып оянса, сондай-ақ тамақтанғаннан кейін 10-15 минуттан сон түбекке отырғызу керек.

Баланы белгілі бір орында және жеке түбекке отырғызу.

Тазалықтың қарапайым дағдыларын және тазалық сақтауды қалыптастыру.

6. Ойындағы дамыту мен тәрбиелеу

Ойындарды сергектендіру уақытында жеке және шағын топтармен өткізу. Қабылдауды, жағымды көңіл-күйді дамыту, қарапайым қимылдарды, заттармен қимылдарды үйрету.

Балаға және барлық балаларға тікелей айтылған ересектің сөзін тыңдау және түсіне білуді дамыту. Құрбыларына тілектестік қатынасты, эмоциялы елгезектікті, нұсқауды тыңдай және өзінің жетістіктеріне куана білуге тәрбиелеу.

Туғаннан бастап 2,5-3 айға дейін

Қабылдауды жетілдіру

Баяу қозғалатын ойыншықты көздерімен қадағалай білу үшін жағдайлар жасау (10-15 күндей).

Балада ілініп тұрған ойыншыққа, өзімен жылы сөйлесіп тұрған ересектің жүзіне назар салуды (20 тәулікке жақын), жүзіне алғашқы күлкіні үйіре білуді (1 айға жақын) қалыптастыру.

Баланы тік ұстап, онымен жылы сөйлесу (2 айда). Манеждің айналасындағы сөйлеушілер мен баяу қозғалған ересектерді, оның дауысын, жақын арадағы түрлі дыбыстарды, баяу әнді тыңдауды қадағалай білуді қалыптастыру (3 айда). Балада «жандану кешенін» шақыру (жымию, гуілдеу және т.б.).

Ересектің қолдарында тік қалыпта тұрған баламен көздерін шоғырландырып және күлуге баулып сөйлесу. Алғашқы дыбыстарды айтуға, ересектердің тілдесулерін тыңдауға үйрету.

Қимылдарды дамыту

Басын көлденең және тік қалыпта ұстай білуін дамыту. Баланы ішімен жатқызу, кішкене қолға алу (туғаннан 1 айға дейін).

Аяқтарын тіреуді дамыту үшін қатты беткейдің үстін аяқтарымен тіреп серпуін дамыту. Сәбидің қолтығынан көтеру (2,5-3 айдан).

Заттармен әрекеттерді дамыту

Қарапайым қимылдарды дамыту үшін жағдайлар жасау (1,5-2 айдан бастап ойыншықтарды ілу).

Баланың кеудесінің тұсында ілініп тұрған ойыншықты алу және ұстай білуді қалыптастыру (2-3 айда).

Музыкалық сабақтар

Баланың дыбысты естуін, дауыс шыққан жаққа бұрылуын дамыту, дыбыс көзін табуға түрткі болу.

Дыбысты тыңдай білуді қалыптастыруға, оған жағымды және эмоциялық тұрғыда үн қатуға мүмкіндік беру (күлкі, гуілдеу және басқалар).

2,5-3 айдан 5-6 айға дейін

Қабылдауды жетілдіру

Балалардың көріп және естіп жауап беруін бекіту және байыту.

Көзқарасымен, басын бұрып дыбыс көзін табуға ұмтылуын ынталандыру (сөйлейтін ересек, дыбысты ойыншық және с.с.).

Қозғалатын нысандарды қадағалауды, әр түрлі қалыпта (шалқасынан, ішімен жатып; ересек адамның қолында тұрып) қозғалмайтын заттарға көзқарасын шоғырландыра білуді жетілдіру.

Әртүрлі заттардан шығатын дыбыстарды тыңдауға баулу.

Жылы және әндетіп сөйлеп, оған күліп оның жағымды жауабын алу.

Балада көріп, естіп, бағдарлап жауап беру әсерінен жаңа біліктердің: төмен ілінген ойыншықты қозғау, оны ұстап алуға, ұстап сипауға ұмтылдыратын жаңа біліктер қалыптастыру (3-4 айда).

Бала мақсатты бағытталып ойыншыққа ұмтылып, оны алу және ұстап тұру, онымен алдау (4 айда) жағдайларында қолдардың көру-қозғау үйлесімділігін дамыту.

Тіл дамыту

Тілді түсінудің негізі ретінде есту және көру байланыстарын қалыптастыруға мүмкіндік беру.

Манеждің айналасындағы онымен сөйлескен және қозғалған ересекті іздеуге, алғашқы дыбыстарды шығаруға түрткі болу.

3 айдан бастап көріп және естіп алынған түрлі әсерлерді ажыратуды дамыту үшін: түрлі заттарды қолданып, дауыс ырғаған өзгертіп, балалармен сөйлесу.

Белсенді сөйлеудің алғышартын қалыптастыру. Эмоциялы-жағымды қолдау үшін әрбір баламен әрдайым және жылы сөйлесу, барынша жарқын эмоциялардың туындауына (күлкі, жалпы жанды қимылдар, дыбыстар) мүмкіндік беру. Балаға сөйлеген кезде бөлек буындарды айту (ма-ба-па) және олардың қайталап айтуына түрткі болу.

Артикуляциялық аппаратты дамытуға мүмкіндік беру.

Қимылдарды дамыту

Ойыншықты алуға және ұстап тұруға түрткі бола отырып, қимылдарды дамыту (3-4 айда). Түзетілген қолдардың алақандарына сүйеніп, ішімен жата білуге жаттықтыру (4-5 айда).

Еңбектеуге үйрету. Денесінің кеуде тұсын көтеру және ұстап тұруды, жан-жағына (4 айда), ішінен арқасына (5 айда) арқасынан ішіне (6 айда) домалауды орындауға жаттықтыру.

Аяқтарды тіреуді дамытуды, баланы қолтығының астынан тік ұстауды, аяқтарын қойып және аяқтарын тіреп көтерілуге итермелеу. Қатты нәрсеге аяқтарын тіреуді үйрету (5 айда).

Заттармен әрекеттерді дамыту

Балаға ойыншықты алып, онымен алдауға көмектесу (3-4 айда).

Түрлі қалыпта ойыншықтарды ала білуді, әр қолына бір ойыншықтан алуды дамыту (4- 5 айда).

Ересектің қолынан ойыншықты алу (5 айда), оны бір қолынан екінші қолына салуды уйрету (6 айда).

Музыкалық сабақтар

Музыканы қабылдауға мүмкіндік беру.

Естіп қабылдауды дамыту: ересектердің ән салуына және музыкалық аспаптардың дыбыстарына эмоциялы ықыластықты тарту.

Сылдырмақты, қоңырауды, дабылды өздігінен сылдырлатуға, тарсылдатуға, ересектердің көмегімен қолдарын көтеруге және түсіруге, жүрелеп отыруды үйрету.

5-6 айдан 9-10 айға дейін

Қабылдауды дамыту

Көру, есту, сипау анализаторлары арқылы баланың қабылдауын дамыту. Әртүрлі пішіндегі және түрлі материалдан жасалған заттарды қолдану арқылы зейінді дамытуға, боялған және ашық түсті ойыншықтарды, ыдыстарды және басқаларды эстетикалық қабылдауға мүмкіндік беру.

Қолдардың үйлесімділігін (кез-келген қалыптағы ойыншықтарды алуды және ұстай білуді), ойыншықты, затты ұстауды (еңбектеуге және одан әрі жүруге дайындау) дамыту.

Тіл дамыту

Ересектің сөзін түсінуді дамыту үшін, заттар мен оны білдіретін сөздің арасындағы байланысты белгілеуге көмектесу және баланы әсерлермен байыту. Баланың ересектің сөзі бойынша жақын адамды, белгілі орында үнемі табылатын заттарды көзқарасымен іздеуге талпынысын ынталандыру. Жағдайға сәйкес «бер», «болмайды» сөздерін түсінуді үйрету. 8-9 айдан бастап балалардың бөлменің әр жерінен табылатын заттарды іздеуіне түрткі болу.

Белсенді сөйлеудің алғышартын дамытуды жалғастыру. Былдырдың қалыптасуына және жай буындарға еліктеуге (6-7 айда) қозғау салу, күрделі жаңа буындар мен дыбыстардың үндестігіне (8 айдан бастап) еліктеуге баулу, баламен үндесіп оның ересектің дауысының түрлі ырғағына жауап беруіне ықпал ету. Әрбір баланы эмоциялық-жағымды күйге түсіру үшін балалардың ересектермен түрлі ойын-сауықтарда бірлесіп әрекет етуге талпынысын дамыту және қолдау.

Балалардың шағын тобымен ойын. Балаларды таныс ойыншықтармен қимылдар қатарын орындауға итермелеу.

Ойын-сауықтарда дыбысты ойыншықтарды көрсету кезінде тілдік түрлі дыбыстар мен олардың үндестігінің, былдырдың пайда болуын белсендіру. Балалардың жағымды, эмоциялық күйіне, құрбыларына достық қатынасына жағдайлар жасау.

Қимылдарды дамыту

Еңбектеуде, орнынан тұруда, аяқтарын басуда қимылдарды дамыту.

Еңбектеуге үйрету, ойыншықтың көмегімен өзіне шақыру (6 айдан бастап).

Белсенді еңбектей білуді қалыптастыру (7 айдан бастап).

Жатқан қалпынан өздігінен тұра білуді, отыруды, тепе-теңдікті сақтай отырып, тіреудің көмегімен тұру және отыруға (8 айда) жаттықтыру.

Тіреуді қолдарымен ұстап адымдай, бір заттан екінші затқа көшуді, төбешікке өрмелеуді және түсуді, заттардың арасынан еңбектей білуді (8-9 айда) дамыту. Тіреуден ұстап баспалдақтың бойымен төбеге көтерілу (9 айдан бастап).

Балалардың шағын тобымен ойын сабақтар. Ересектермен бірлесіп әртүрлі дыбыстармен ырғақты қимылдары орындауға үйрету (қолдарын көтеру, түсіру, аяқтарын бүгу, ашу). Өздігінен қимылдарды ынталандыру.

Заттармен әрекеттерді дамыту

Әртүрлі қимылдарды алдымен көрсету бойынша, сосын ересектің сөзі бойынша орындай білуді дамыту ( 5-7 айда).

Заттармен олардың қасиеттеріне сәйкес әрекет ете білуді қалыптастыру. Түрлі ойыншықтармен қамтамасыз ету (8-10 айда).

Қолдың саусақтарының ұсақ маторикасын және қимылдарын дамыту.

Балалардың шағын тобымен ойын сабақтар. Доптармен, шығыршықтармен және басқалармен жалпы ойындарды ұйымдастыру.

Музыкалық сабақтар

Балалардың музыкалық қабілеттілігін дамыту.

Музыканың сипатына эмоциялық-жағымды үн қатуды ынталандыру.

Дыбыстарды айту және буындарды қосылып айта білуді дамыту. Би әуендерін қабылдау кезінде белсенділіктің пайда болуына мүмкіндік беру.

Ересектердің көмегімен күрделі емес шапалақтау, жүрелеу, топылдату сияқты қимылдарды орындай білуді қалыптастыру.

9-10 айдан 12 айға дейін

Қабылдауды жетілдіру

Көру, есту, жанасу түйсіктерін жетілдіріп, сенсорлық қабілеттерін дамытуды жалғастыру. Дөңгелек пішінді заттардың домалайтынын және шегіне жеткен кезде құлайтынын, ал шаршы пішінді заттардың үстіне басқа затты қоюға болатынын және с.с. түсіне білуді қалыптастыру.

Түрлі аспаптардың дыбысталуын тыңдауды ұсыну, түрлі материалдардан жасалған заттарды жаншуға, мыжуға мүмкіндік беру.

Балалардың шағын тобымен ойын сабақтар. Өздері дыбыстау немесе «сөйлейтін» ойыншықтарды ұсыну, түрлі ойын-сауықтарды өткізу.

Тіл дамыту

Қоршаған кеңістікті бағдарлауды кеңейту. Ересектің сөзін: ойыншықтардың атаулары бойынша олардың орналасқан жерін табу, түрлі белгілері бойынша айырмашылығы бар заттарды бір және сол сөзбен белгілеуге болатынын, «болады» - «болмайды», «жақсы» - «жаман» сөздерінің мәнін түсіну қабілеттілігін қалыптастыру. Қарапайым тапсырмаларды («...тамақтандыр», «...әкел», «...бер» және басқалар) орындау.

Түрлі ойыншықтармен бірдей және сол сияты қимылдарды орындауды белсендіру (қуыршақты, аюды, қоянды және т.б. ұйықтату).

Суреті бойынша таныс заттарды жеңілдетілген сөз түрінде атай білуді қалыптастыру. Суреттердің көркем безендірілуіне эмоциялы үн қосуға шақыру.

Белсенді сөйлеуді дамытуды жалғастыру. Жаңа сөздерге еліктеуді (10 айда), таныс заттар мен қимылдарды білдіретін жеңілдетілген атауларды (мысық – мяу-мяу, тырсылдайды – түк, түк) және алғашқы толық сөздерді (ана, әке, көке және басқа) үйрету.

Балалардың шағын тобымен ойын сабақтар.

Мазмұнды ойыншықтарды көрсетуді (таныс бейнелермен: үй, жануарлар), тірі нысандарды бақылауды (мысық, ит және т.б.), тапсырмаларды («Шаршыны әкел» және т.б.) қолдана отырып тілді және кеңістікті бағдарлауды дамыту.

Айналадағы қарапайым эстетикалық қабылдауды қалыптастыру.

Өзінің эмоциясын білдіре отырып, ізгі ниетшілдікті, достық ықыласты тәрбиелеу.

Қимылдарды дамыту

Бұрын игерілген қимылдарды жаттықтыруды жалғастыру.

Балаларды екі қолынан ұстап, кейіннен бір қолынан содан соң қолынан ұстамай өздігінен жүруге үйрету (10-11 айда).

Ойыншықтармен (доптар, шарлар және т.б.), ойын жабдықтарымен (дидактикалық үстелдер, жәшіктер және т.б.) ойындар арқылы қимылдардың үйлесімділігін дамыту.

Балалардың шағын тобымен ойын сабақтар. Балаларды қуанышты эмоциялық күйге бөлеп, әртүрлі ойын-сауықтарды қолдану арқылы тік жүру, қоршаған кеңістікті бағдарлау дағдыларын жетілдіру.

Заттармен әрекеттерді дамыту

Әртүрлі қимылдарды үйретуді жалғастыру. Жағымды нәтижелерге жете отырып, заттық-қатыстық қимылдарды жасауға мүмкіндік беру.

Ересектерге еліктеу бойынша қимылдарды белсендіру.

Ұсақ қол моториканы жетілдіру үшін қолдардың саусақтарын жаттықтыру.

Балалар тобымен ойын сабақтар. Түрлі топтық тапсырмаларды ұсыну (доптарды тебеміз, пирамидаларды жинаймыз және т.б.).

Музыкалық сабақтар

Еліктеумен сүйемелденетін, ересектің музыкалық-қимылдар көрсетуіне (ән салу, би қимылдары) балалардың қызығушылығын дамыту.

Вокалдық және аспаптық музыканы қабылдау кезінде қанағаттану сезімін білдіре білуді дамытуға мүмкіндік беру. Қарама-қарсы сипаттаға музыкаға эмоциялық ықыластықты қалыптастыру. Металлофон, флейта, балалар пианиносының дыбысына және басқаларға қызығушылығын ояту.


Ойын әрекеті

Баланың жиі қуануы, күлуі және белсенді болуы үшін балалардың ерте жастан толыққанды дамуын және денсаулығын нығайту үшін на жағдайларды қамтамасыз ету. Эмоциялық-жағымды жағдайлар туғызу үшін себептерді кеңейту, оларды қуанышқа бөлей алатын жағдай туғызуға міндетті болатын, ойын-сауықтар, ойындар өткізу, олармен үнемі қарым-қатынаста болу.

Ересектердің басшылығымен балалар ойнаған ойыншықтарды балаларға еркін пайдалануға беру. Белгілі бір уақыт өткеннен кейін, балалардың ойыншыққа деген қызығушылығы жоғалмау үшін оларды ауыстыру және жаңалау.

Ән балалардың эмоциялық ортасына, физикалық және ақыл ойының дамуына пайдалы әсер ететін болғандықтан, балалардың қабылдауына қолжетімді, халықтық және классикалық әндерді тыңдауға баулу. Ойындарды түрлі музыкалық ойыншық аспаптармен өткізу.


Күтілетін нәтижелер:

Туғаннан бастап 2,5-3 айға дейін

- ересектердің қолдарында тік қалыпта болып та, ішімен жатып та басын жақсы ұстайды. Ойыншықтарды қолдарымен алып және ұстап, бастарын жан жаққа бұрады;

- дауыс шыққан жаққа қарай басын бұрады. Өздігінен сергектеніп, гуілдейді. Ересектердің созылыңқы дыбысына (дауысты) гуілдеп жауап береді. Жеке дауыс ырғағы пайда болады;

- қолдарын шынтағымен тіреп те, арқасымен жатып та, ересектердің қолында бүйірімен жатып та әр түрлі қалыптағы ойыншықтарды байқайды. Үлкен нысандардың (адамдар, жануарлар) қозғалысын мұқият қарайды;

- ойыншыққа қарап, оның дыбысын естіп, (аздаған уақытқа) тынышталады. Музыкалық аспаптардың дауысына, үлкендердің әнін (күледі) тыңдайды. Жымияды.

2,5-3 айдан бастап 5-6 айға дейін

- екі қолынан немесе қолтығынан ұстаған кезде аяқтарын түзу ұстап аз уақытқа тұрады;

- екі немесе бір қолынан ұстап, демесе аз уақытқа отырады. Шалқасынан жатып бүйіріне, шалқасынан жатып ішіне, екпетінен жатып шалқасына аунай алады;

- ересектердің дауысына құлақ қойып, өзінің былдырымен буындарды қайталайды. «Анау қайда?» деп ересектердің сұрақ қоюына қарай таныс зат жаққа қарай алады. Дауысты дыбыстарды, буындарды созылыңқы айтады;

- ойыншықтардың қозғалғанын ұзақ қадағалайды. Қолдарын оған созады, ұстап алады, жібермейді;

- бір затпен ұзақ уақыт шұғылданады: ойыншықтарды әртүрлі қалыптан алады, бір қолынан басқа қолына салады, аузына қарай апарады, ығыстырады, қарайды, олардың дауысына (әуеніне) құлақ қояды.


5-6 айдан 9-10 айға дейін

- әртүрлі бағыттарда тез еңбектейді, төрт тағандап жастыққа шығып алады, балалар төбешігіне өрмелеп шығады. Жатқан қалыптан тұрып отырады. Өз еркімен түзу отырады. Кедергіден ұстап, секіреді. Бір қолынан ұстаған кезде тұрады;

- ересектердің қимылдарын артынан қайталайды: қолдарын көтереді, түсіреді, шапалақтайды;

- мәнерлі дыбыстарға (өзінше) еліктейді: «түшкіреді», «пысқырады», «гуілдейді», «абалайды», «мияулайды». Сергу сәттерінде қатты былдырлайды. Ересектердің өтініші бойынша қатар тұрған үш ойыншықтың біреуін табады. «Жат», «тұр», «таста», «ал» және басқа сөздерді түсінеді. Жеке заттардың мағынасын біледі: шыны аяқ, қасық, құты, тарақ;

- ойыншықты екі қолымен ұстап ойнайды, ұсақ заттармен қалай әрекет ету керек екенін біледі (қақпақшаларды ашады, төге салады, ыдыстың ішіне салады);

- ересектермен ойнаған көңілді ойындарға, би қозғалыстарға шаттанады. Әртүрлі жағдайларда ерекше бет әлпеті пайда болады: қызығушылық, қанағаттанушылық, қуаныш, назар аудару, реніш.



9-10 айдан бастап 12 айға дейін

- кедергінің астымен еңбектейді. Жоғарыға қарай еңбектейді, жылжып түседі. Дивандарға, креслоға тырбаңдап мініп, еденге түседі. Сүйенішсіз тұрады. Тізерлеп, түзу тұрып, еңкейеді. Бір қолмен ұстап жүреді. Балаларға арналған төбешіктің баспалдақтарымен жетектегенде адымдап (ересектердің көмегімен) көтеріледі. Сүйенішсіз өзбетінше бірнеше қадам жасайды немесе сүйенішсіз 3-5 метрге дейін өзі жүреді;

- жаңа сөздерге еліктеп, ересектердің сөзін (ырғақты-екпінмен) қайталайды, «Телефонмен сөйлесуді» жүргізеді, ересектердің сұрақтарына жеңіл сөздермен жауап береді;

- кітаптардағы суреттерге деген қызығушылығы пайда болады, күледі, секіреді, «қосылып ән айтады» немесе әуенді дыбыстарды, әндерді тыңдайды, көрсетілген би қозғалыстарына, қимылдарға еліктейді;



- заттардың әрекеттері бойынша олардың әлеуметтік маңызын, негізгі қозғалыстың кейбір түрлері мен өзіне-өзі қызмет көрсетудің қарапайым амалдарын орындайды.

Күн тәртібінің үлгісі





Туғаннан бастап 2,5-3 айға дейін

2,5-3 айдан

5-6 айға дейін

5-6 айдан

9-10 айға дейін

9-10 айдан

12 айға дейін

Үйде




Үйде

Сергектену

6.00-7.00

6.00-7.30

6.00-8.00

6.30-9.00

Тамақтандыру

6.00

6.00

6.00



Үйде

Мектепке дейінгі ұйымда

Балаларды қабылдау





7.00-3.00

7.00-8.00

Таза ауада ұйқы

7.00-9.00

7.30-9.30

8.00-10.00

-

Тамақтандыру

9.00

9.30

10.00




Сергектену

9.00-10.00

9.30-11.00 10.00­12.00

10.00-10.30



Ойын сабақтар

9.30-9.40

10.00-10.30

10.30-11.30

8.00-8.40

Таза ауада ұйқы

10.00-12.00

11.00-13.00

12.00-14.00

9.00-11.30

Тамақтандыру

12.00

13.00

14.00

11.30

Сергектену

12.00-13.00

13.00-14.30

14.00-16.00

11.30-14.00

Ойын сабақтар

12.20-12.40

13.30-14.00

14.30-15.30

12.00-13.30

Таза ауада ұйқы

13.00-15.00

14.30-16.30

16.00-18.00

14.00-16.00

Тамақтандыру

15.00

16.30

18.00

16.00

Балалардың үйге қайтуы





15.00-19.00

16.00-19.00

Үйде




Үйде

Сергектену

15.00-16.00

16.30-18.00

18.00-20.00

16.00-20.00

Ұйқы

16.00-18.00

-





Тамақтандыру

18.00





19.00

Сергектену

18.00-19.00







Ұйқы

19.00-20.00

18.00-19.30





Сергектену

20.00-21.00

19.30-21.00





Шомылдыру

20.45

20.30

19.45

19.45

Тамақтандыру

21.00

20.45





Түнгі ұйқы

21.00-6.00

21.00-6.00

20.00-6.00

20.00-6.30

Түнгі тамақтандыру

24.00 (3.00)

23.30 (3.00)

22.00(3.30)

23.00

(10 айдан бастап)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет