Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi және жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы



Дата17.07.2016
өлшемі222.45 Kb.
#205533
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi және жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 8 тамыздағы № 1033 Қаулысы



      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 34-бабына, «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған:

      8) «II, III және IV санат объектiлерiне мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты бекiтiлсiн.


      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                                     К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы 


Үкiметiнiң       
2012 жылғы 8 тамыздағы
№ 1033 қаулысымен   
бекiтiлген      

«II, III және IV санат объектiлерiне мемлекеттiк экологиялық
сараптама қорытындысын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «II, III және IV санат объектiлерiне мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттiк қызметтi (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша орналасқан облыс, Астана және Алматы қалалары әкiмдiктерiнiң Табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармалары (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) және «электрондық үкiмет»: www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрi - портал) арқылы көрсетiледi.


      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексiнiң (бұдан әрi – Кодекс) 20-бабының 3) тармақшасына және 48-бабының 2-тармағына, «Мемлекеттiк экологиялық сараптамасын жүргiзу ережелерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрiнiң 2007 жылғы 28 маусымдағы № 207-ө бұйрығына сәйкес көрсетiледi.
      4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету туралы ақпарат уәкiлеттi органдардың интернет-ресурсiнде, осы стандартқа 1-қосымшаға көрсетiлген мекенжайлар бойынша уәкiлеттi органдардың үй-жайларында орналастырылған стендiлерде және порталда орналастырылады.
      5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нәтижесi II, III және IV санат объектiлерi үшiн «келiсiледi/келiсiлмейдi» нәтижесiмен мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысын электрондық түрде немесе қағаз тасығышта беру болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет қызмет түрлерi бойынша II, III және IV санаттарға жататын объектiлерi бар жеке тұлғаларға және заңды тұлғаларға (бұдан әрi – тұтынушылар) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:
      1) тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында анықталған қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап – алдын ала сараптама үшiн құжаттаманың мемлекеттiк экологиялық сараптамаға келiп түскен күнiнен бастап бес жұмыс күнiнен артық емес мерзiмде;
      2) тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында анықталған, алдын ала сараптамадан өткен қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап – бiр айдан артық емес;
      3) тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында анықталған барлық қажеттi құжаттарды қайталама мемлекеттiк экологиялық сараптама өткiзу үшiн тапсырған сәттен бастап – он жұмыс күнiнен аспайды;
      мемлекеттiк қызметтi алғанға дейiн кезек күтудiң жол берiлетiн ең ұзақ уақыты – 30 минуттан аспайды;
      мемлекеттiк қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң жол берiлетiн ең ұзақ уақыты – 30 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттiк қызмет ақысыз негiзде ұсынылады.
      9. Құжаттарды қабылдау осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген жұмыс кестесiне сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, күн сайын жүзеге асырылады. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiнде жүзеге асырылады. Порталда – демалыс және мереке күндерiсiз, тәулiк бойы.
      10. Мемлекеттiк қызмет:
      1) физикалық мүмкiндiктерi шектеулi тұтынушыларға қызмет көрсету үшiн жағдайлар (пандустар) көзделген уәкiлеттi органның ғимаратында көрсетiледi;
      2) порталда – жеке кабинетiнде.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      11. Мемлекеттiк қызмет алу үшiн тұтынушы мынадай құжаттар тiзбесiн ұсынады:


      1. Уәкiлеттi органға:
      1) II санат объектiлерi үшiн мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысын алу үшiн:
      көзделiп отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге де қызметке тапсырыс берушiден (инвестордан) не мемлекеттiк экологиялық сараптамаға жататын нормативтiк құқықтық актiлердiң, жоспарлар мен бағдарламалардың жобаларын әзiрлеудi жүргiзетiн мемлекеттiк органның басшысынан еркiн нысандағы iлеспе хатты;
      Қоршаған ортаға әсер етудiң iлеспе бағалау материалдарымен бiрге қоршаған ортаға әсер етушi межеленiп отырған қызметтiң жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы, келесi құрамда:
      жерге жақын қабатта ластаушы заттардың таралу жобасының, есептеудiң электрондық нұсқасы, эмиссия көлемдерiнiң «Excel» форматындағы негiздемесi;
      жоспарланып отырған қызметтiң экологиялық салдарлары туралы өтiнiш;
      қоғамдық пiкiрдi есепке алу нәтижелерi;
      қоршаған ортаға керi әсер ететiн немесе әсер етуi мүмкiн объектiлер үшiн жоспарланып отырған қызметтi iске асырудың мынадай заңды және жеке тұлғалармен келiсу құжаттары:
      жер пайдаланушылар, жер учаскелерiнiң меншiк иелерi;
      мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары;
      су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөнiндегi бассейндiк инспекция (су қорғау аймағында объектiнi орналастырған немесе қызметтi жүзеге асырған кезде);
      жер ресурстарын басқару жөнiндегi органдар;
      жер қойнауын зерделеу және пайдалану органдары (пайдалы қазбалар орналасуы мүмкiн учаскелерде), сондай-ақ жерасты суларын пайдалану кезiнде және олардың болжамды ластану көздерi болған кезде;
      орман шаруашылығын, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi орган;
      балық ресурстарын қорғау саласындағы уәкiлеттi орган (балық шаруашылығы су айдындарында әртүрлi қызмет түрлерiн жүргiзетiн кәсiпорындар үшiн);
      жергiлiктi мемлекеттiк органдарда әзiрленетiн қоршаған ортаға әсер етудi бағалаудың оларға iлеспе материалдарымен бiрге өңiрлiк бағдарламалардың жобалары, келесi құрамда:
      жерге жақын қабатта ластаушы заттардың таралу жобасының, есептеудiң электрондық нұсқасы, эмиссия көлемдерiнiң «Excel» форматындағы негiздемесi;
      жоспарланып отырған қызметтiң экологиялық салдарлары туралы өтiнiш;
      қоғамдық пiкiрдi есепке алу нәтижелерi;
      қоршаған ортаға керi әсер ететiн немесе әсер етуi мүмкiн объектiлер үшiн жоспарланып отырған қызметтi iске асырудың мынадай заңды және жеке тұлғалармен келiсу құжаттарын:
      жер пайдаланушылар, жер учаскелерiнiң меншiк иелерi;
      мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары;
      су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөнiндегi бассейндiк инспекция (су қорғау аймағында объектiнi орналастырған немесе қызметтi жүзеге асырған кезде);
      жер ресурстарын басқару жөнiндегi органдар;
      жер қойнауын зерделеу және пайдалану органдары (пайдалы қазбалар орналасуы мүмкiн учаскелерде, сондай-ақ жерасты суларын пайдалану кезiнде және олардың болжамды ластану көздерi болған кезде);
      орман шаруашылығын, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi орган;
      балық ресурстарын қорғау саласындағы уәкiлеттi орган (балық шаруашылығы су айдындарында әртүрлi қызмет түрлерiн жүргiзетiн кәсiпорындар үшiн);
      эмиссия нормативтерiнiң жобалары, келесi құрамда:
      жерге жақын қабатта ластаушы заттардың таралу жобасының, есептеудiң электрондық нұсқасы, эмиссия көлемдерiнiң «Excel» форматындағы негiздемесi;
      мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен келiсу;
      iске асырылуы қоршаған ортаға терiс әсер етуi мүмкiн, жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары әзiрлейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, нормативтiк-техникалық және нұсқаулық-әдiстемелiк құжаттардың жобалары;
      осы жобаны қайталама экологиялық сараптамаға ұсынған жағдайда - мемлекеттiк экологиялық сараптамаға ұсынылатын құжаттарға мемлекеттiк экологиялық сараптаманың бұрын берiлген қорытындыларының көшiрмелерi қоса берiледi.
      2) III және IV санат объектiлерi үшiн мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысын алу үшiн:
      көзделiп отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге қызметке тапсырыс берушiден (инвестордан) еркiн нысандағы iлеспе хат;
      қоршаған ортаға әсер ететiн оған iлеспе бағалау материалдарымен бiрге қоршаған ортаға әсер етушi межеленiп отырған қызметтiң жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы, келесi құрамда:
      жерге жақын қабатта ластаушы заттардың таралу жобасының, есептеудiң электрондық нұсқасы, эмиссия көлемдерiнiң «Excel» форматындағы негiздемесi;
      жоспарланып отырған қызметтiң экологиялық салдарлары туралы өтiнiш;
      қоғамдық пiкiрдi есепке алу нәтижелерi;
      қоршаған ортаға керi әсер ететiн немесе әсер етуi мүмкiн объектiлер үшiн жоспарланып отырған қызметтi iске асырудың мынадай заңды және жеке тұлғалармен келiсу құжаттары:
      жердi пайдаланушылар, жер учаскелерiнiң меншiк иелерi;
      мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары;
      су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөнiндегi бассейндiк инспекция (су қорғау аймағында объектiнi орналастырған немесе қызметтi жүзеге асырған кезде);
      жер ресурстарын басқару жөнiндегi органдар;
      жер қойнауын зерделеу және пайдалану органдары (пайдалы қазбалар орналасуы мүмкiн учаскелерде, сондай-ақ жерасты суларын пайдалану кезiнде және олардың болжамды ластану көздерi болған кезде);
      орман шаруашылығын, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi орган;
      балық ресурстарын қорғау саласындағы уәкiлеттi орган (балық шаруашылығы су айдындарында әртүрлi қызмет түрлерiн жүргiзетiн кәсiпорындар үшiн);
      эмиссия нормативтерiнiң жобалары, келесi құрамда:
      жерге жақын қабатта ластаушы заттардың таралу жобасының, есептеудiң электрондық нұсқасы, эмиссия көлемдерiнiң «Excel» форматындағы негiздемесi;
      мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен келiсу;
      осы жобаны қайталама экологиялық сараптамаға ұсынған жағдайда - мемлекеттiк экологиялық сараптамаға ұсынылатын құжаттарға мемлекеттiк экологиялық сараптаманың бұрын берiлген қорытындыларының көшiрмелерi қоса берiледi.
      2. Порталда:
      1) II санат объектiлерi үшiн мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысын алу үшiн:
      тұтынушының электрондық цифрлық қолы қойылған электрондық құжат түрiндегi еркiн нысандағы өтiнiм;
      электрондық салым түрiнде қоршаған ортаға әсер етудiң оған iлеспе бағалау материалдарымен бiрге қоршаған ортаға әсер етушi межеленiп отырған қызметтiң жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы, келесi құрамда:
      жоспарланып отырған қызметтiң экологиялық салдарлары туралы өтiнiш – сканерленген көшiрме ретiнде электрондық өтiнiмге тiркеледi;
      қоғамдық пiкiрдi есепке алу нәтижелерi – сканерленген көшiрме ретiнде электрондық өтiнiмге тiркеледi;
      қоршаған ортаға керi әсер ететiн немесе әсер етуi мүмкiн объектiлер үшiн жоспарланып отырған қызметтi iске асырудың мынадай заңды және жеке тұлғалармен келiсу құжаттары - сканерленген көшiрме ретiнде электрондық өтiнiмге тiркеледi:
      жердi пайдаланушылар, жер учаскелерiнiң меншiк иелерi;
      мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары;
      су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөнiндегi бассейндiк инспекция (су қорғау аймағында объектiнi орналастырған немесе қызметтi жүзеге асырған кезде);
      жер ресурстарын басқару жөнiндегi органдар;
      жер қойнауын зерделеу және пайдалану органдары (пайдалы қазбалар орналасуы мүмкiн учаскелерде, сондай-ақ жерасты суларын пайдалану кезiнде және олардың болжамды ластану көздерi болған кезде);
      орман шаруашылығын жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi орган;
      балық ресурстарын қорғау саласындағы уәкiлеттi орган (балық шаруашылығы су айдындарында әртүрлi қызмет түрлерiн жүргiзетiн кәсiпорындар үшiн);
      электрондық салым түрiнде жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдар әзiрлейтiн қоршаған ортаға әсеретудi бағалаудың оларға iлеспе материалдарымен бiрге өңiрлiк бағдарламалардың жобалары, келесi құрамда:
      жоспарланып отырған қызметтiң экологиялық салдарлары туралы   өтiнiш – сканерленген көшiрме ретiнде электрондық өтiнiмге тiркеледi;
      қоғамдық пiкiрдi есепке алу нәтижелерi – сканерленген көшiрме ретiнде электрондық өтiнiмге тiркеледi;
      қоршаған ортаға керi әсер ететiн немесе әсер етуi мүмкiн объектiлер үшiн жоспарланып отырған қызметтi iске асырудың мынадай заңды және жеке тұлғалармен келiсу құжаттары – сканерленген көшiрме ретiнде электрондық өтiнiмге тiркеледi:
      жер пайдаланушылар, жер учаскелерiнiң меншiк иелерi;
      мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары;
      су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөнiндегi бассейндiк инспекция (су қорғау аймағында объектiнi орналастырған немесе қызметтi жүзеге асырған кезде);
      жер ресурстарын басқару жөнiндегi органдар;
      жер қойнауын зерделеу және пайдалану органдары (пайдалы қазбалар орналасуы мүмкiн учаскелерде, сондай-ақ жерасты суларын пайдалану кезiнде және олардың болжамды ластану көздерi болған кезде);
      орман шаруашылығын, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi орган;
      балық ресурстарын қорғау саласындағы уәкiлеттi орган (балық шаруашылығы су айдындарында әртүрлi қызмет түрлерiн жүргiзетiн кәсiпорындар үшiн);
      электрондық салым түрiнде тұтынушының электрондық цифрлық қолы қойылған эмиссия нормативтерiнiң жобалары, келесi құрамда:
      мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен келiсу – сканерленген көшiрме ретiнде электрондық өтiнiмге тiркеледi;
      тұтынушының электрондық цифрлық қолы қойылған электрондық салым түрiнде iске асырылуы қоршаған ортаға терiс әсерлерге әкеп соғуы мүмкiн, жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары әзiрлейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, нормативтiк-техникалық және нұсқаулық-әдiстемелiк құжаттардың жобалары;
      осы жобаны қайталама экологиялық сараптамаға ұсынған жағдайда - мемлекеттiк экологиялық сараптамаға жiберiлетiн құжаттарға мемлекеттiк экологиялық сараптаманың бұрын берiлген қорытындыларының сканерленген көшiрмелерi қоса берiледi.
      2) III және IV санат объектiлерi үшiн мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысын алу үшiн:
      тұтынушының электрондық цифрлық қолы қойылған электрондық құжат түрiндегi еркiн нысандағы өтiнiм;
      электрондық салым түрiнде қоршаған ортаға әсер етудiң iлеспе бағалау материалдарымен бiрге қоршаған ортаға әсер етушi межеленiп отырған қызметтiң жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы, келесi құрамда:
      жоспарланып отырған қызметтiң экологиялық салдарлары туралы өтiнiш – сканерленген көшiрме ретiнде электрондық өтiнiмге тiркеледi;
      қоғамдық пiкiрдi есепке алу нәтижелерi – сканерленген көшiрме ретiнде электрондық өтiнiмге тiркеледi;
      қоршаған ортаға керi әсер ететiн немесе әсер етуi мүмкiн объектiлер үшiн жоспарланып отырған қызметтi iске асырудың мынадай заңды және жеке тұлғалармен келiсу құжаттары – сканерленген көшiрме ретiнде электрондық өтiнiмге тiркеледi:
      жердi пайдаланушылар, жер учаскелерiнiң меншiк иелерi;
      мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары;
      су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөнiндегi бассейндiк инспекция (су қорғау аймағында объектiнi орналастырған немесе қызметтi жүзеге асырған кезде);
      жер ресурстарын басқару жөнiндегi органдар;
      жер қойнауын зерделеу және пайдалану органдары (пайдалы қазбалар орналасуы мүмкiн учаскелерде, сондай-ақ жерасты суларын пайдалану кезiнде және олардың болжамды ластану көздерi болған кезде);
      орман шаруашылығын, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi орган;
      балық ресурстарын қорғау саласындағы уәкiлеттi орган (балық шаруашылығы су айдындарында әртүрлi қызмет түрлерiн жүргiзетiн кәсiпорындар үшiн);
      электрондық салым түрiнде тұтынушының электрондық цифрлық қолы қойылған эмиссия нормативтерiнiң жобалары, келесi құрамда:
      мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен келiсу – сканерленген көшiрме ретiнде электрондық өтiнiмге тiркеледi;
      осы жобаны қайталама мемлекеттiк экологиялық сараптамаға ұсынған жағдайда - мемлекеттiк экологиялық сараптамаға жеберiлетiн құжаттарға мемлекеттiк экологиялық сараптаманың бұрын берiлген қорытындылардың сканерленген көшiрмелерi қоса берiледi.
      12. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы ақпарат, қажеттi құжаттар тiзбесi уәкiлеттi органдардың интернет-ресурстарында, уәкiлеттi органдардың үй-жайларында орналасқан арнайы ақпараттық стендiлерде орналастырылады.
      13. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттар осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша уәкiлеттi органдардың кеңсесiне тапсырылады. Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау тұтынушының жеке кабинетiнде жүзеге асырылады.
      14. Тұтынушының осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген барлық қажеттi құжаттарды тапсыруын растау:
      1) уәкiлеттi органдар кеңсесiнiң тiркеу мөртабаны (кiрiс нөмiрi, күнi және қоса берiлген құжаттар саны) бар тұтынушының iлеспе хатының көшiрмесi;
      2) портал арқылы өтiнген кезде тұтынушыға порталдағы жеке кабинетiне тұтынушының мемлекеттiк қызмет нәтижесiн алу күнi мен уақытын көрсетумен мемлекеттiк қызметтi ұсыну үшiн өтiнiмдi қабылдау туралы хабарлама-есеп жолданады.
      15. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн тұтынушы өзi келе отырып немесе сенiмхат бойынша өкiлi, не порталдағы тұтынушының жеке кабинетiнде қабылдайды.
      16. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тартудың негiзi осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттардың толық пакетiн ұсынбау болып табылады.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Қызметтердi тұтынуға байланысты уәкiлеттi органдар басшылыққа алатын негiзгi жұмыс қағидаттары мыналар болып табылады:


      1) адамның конституциялық құқықтарын және еркiндiгiн сақтау;
      2) қызметтiк парызын орындау кезiнде заңдылықты сақтау;
      3) тұтынушылармен жұмыс кезiндегi сыпайылық
      4) көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет туралы толық ақпарат ұсыну;
      5) өтiнiштердi қараған кездегi лауазымды тұлғалар қызметiнiң ашықтығы;
      6) тұтынушы құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету;
      7) тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың қорғалуы және құпиялылығы.

4. Жұмыс нәтижелерi

      18. Тұтынушыларға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.


      19. Уәкiлеттi органның жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтерiнiң сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң бұйрығымен жыл сайын бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

      20. Уәкiлеттi лауазымды тұлғалардың әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсiндiру, сондай-ақ шағым дайындауда жәрдемдесу осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар және телефондар бойынша уәкiлеттi органдардың кеңсесiнде жүзеге асырады.


      21. Көрсетiлген қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда шағым жоғары тұрған аппеляция органына – облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкiмдiктерiне осы стандартқа 2-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар, телефондар және жұмыс кестелерi бойынша берiледi.
      22. Дөрекi қызмет көрсетiлген жағдайда шағым уәкiлеттi орган басшысының атына осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар және жұмыс кестелерi бойынша кеңсеге берiледi.
      23. Мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда тұтынушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.
      24. Шағым еркiн нысанда қағаз тасығышта не электрондық пошта бойынша қабылданады.
      25. Шағымды қабылдаудың растамасы онда берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орны, одан шағымды қарау барысы туралы бiлуге болатын лауазымды тұлғаның байланыс деректерi көрсетiлген талонды тұтынушыға беру болып табылады.
      26. Қосымша ақпаратты тұтынушы уәкiлеттi органдардың интернет-ресурсынан, осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес мекен-жайлардағы үй-жайларында орналастырылған стендiлерден ала алады.

«II, III және IV санат объектiлерiне


мемлекеттiк экологиялық сараптама 
қорытындысын беру» мемлекеттiк  
қызмет стандартына        
1-қосымша            

Облыс, Астана және Алматы қалалары әкiмдiктерiнiң
Табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу
басқармаларының атаулары мен мекенжайлары

Р/с


Уәкiлеттi органның атауы

Орналасқан мекенжайы

Жұмыс кестесi

Байланыс мәлiметтерi

1

2

3

4

5

1

«Ақмола облысының Табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ

Көкшетау қ.,
Абай к., 89-үй

жұмыс күндерi
900 – 1830,
түскi үзiлiс
1300 – 1430

(8-7162) 40-28-07
25-19-86
e-mail: dpr_2007@mail.ru

2

«Ақтөбе облысының Табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ

Ақтөбе қ.,
Әбiлхайыр хан даңғ., 40-үй, 6-қабат

жұмыс күндерi
900 – 1800,
түскi үзiлiс
1300 – 1400

(8-7132)550930,550934
550930
www.tabigi-aktobe.kz
e-mail: nedra2004@inbox.ru

3

«Алматы облысының Табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ

Талдықорған қ.,
Қабанбай батыр к., 26-үй

жұмыс күндерi
900 – 1800,
түскi үзiлiс
1300 – 1400

(8-7282) 270062
271669
www.Priroda.raldykordan.net

4

«Атырау облысының Табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ

Атырау қ.,
Әйтеке би к., 77-үй

жұмыс күндерi
830 – 1800,
түскi үзiлiс
1230 – 1400

(8-7122) 320036
354559
www.tabigat-atyrau@ e-mail: atyrau.gov.kz

5

«ШҚО Табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ

Өскемен қ.,
Тоқтаров к., 40-үй

жұмыс күндерi
900 – 1800,
түскi үзiлiс
1300 – 1400

т. (8-7232) 579468 ф.261456, 268850 www.e-priroda.gov.kz

6

«Ақмола қ. Табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ

Алматы қ., Бостандық ауданы,
Республика алаңы, 4-үй

жұмыс күндерi
900 – 1800,
түскi үзiлiс
1300 – 1400

(8-7272) 727864
2620987,
716525
www.almatyeco.kz

7

«Астана қ. Табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ

Астана қ.,
Ы.Дүкенұлы к., 23/1-үй

жұмыс күндерi
900 – 1800,
түскi үзiлiс
1300 – 1400

(8-7172) 395968
ф. 226293
87055645211 www.аstana.kz

8

«Жамбыл облысының Табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ

Тараз қ.,
Абай к., 133 а-үй

жұмыс күндерi
900 – 1900,
түскi үзiлiс
1300 – 1500

(8-7262) 436808,
451503
upr_ekologiya@mail.ru

9

«СҚО Табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ

Петропавл қ.,
Қазақстан Конституциясы к., 38-үй

жұмыс күндерi
900 – 1800,
түскi үзiлiс
1300 – 1400

(8-7152)465361,
466787 www.dpr.sko.kz

10

«Қарағанды облысының Табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ

Қарағанды қ.,
Лобода к., 20-үй

жұмыс күндерi
900 – 1800,
түскi үзiлiс
1300 – 1400

(8-7212)564127,
564127 pr-resurs.kz

11

«Қостанай облысының Табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ

Қостанай қ.,
Таран к., 10-үй

жұмыс күндерi
900 – 1800,
түскi үзiлiс
1200 – 1300

(87142) 533853, 540166 www. kostanay.gov.kz

12

«Қызылорда облысының Табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ

Қызылорда қ.,
Абай к., 48-үй

жұмыс күндерi
900 – 1900,
түскi үзiлiс
1300 – 1500

(8-7242)235487,
235157
235028
www. e-kyzylorda.kz

13

«Маңғыстау облысының Табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ

Ақтау қ.,
23-шағын ауд., 100-ғимарат

жұмыс күндерi
900 – 1830,
түскi үзiлiс
1230 – 1400

(8-7292)426791,
426790
e-mail: moup@mail.ru

14

«Павлодар облысының Табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ

Павлодар қ.,
Жеңiс алаңы, 17-үй

жұмыс күндерi
900 – 1830,
түскi үзiлiс
1300 – 1430

(8-7182) 326618, 326618
e-mail: dpr_pvl@mail.ru

15

«ОҚО Табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ

Шымкент қ.,
Желтоқсан к., н/ж

жұмыс күндерi
900 – 1900,
түскi үзiлiс
1300 – 1500

т.(8-7252)211704,
ф. 41-00-82,
211704
www.priroda-uko.kz

16

«БҚО Табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ

Орал қ.,
Бөген тұйық көшесi, 5/1-үй

жұмыс күндерi
900 – 1830,
түскi үзiлiс
1300 – 1430

(8-7112)240462,
509270
www.priroda.westkaz.kz

«II, III және IV санат объектiлерiне 
мемлекеттiк экологиялық сараптама 
қорытындысын беру» мемлекеттiк    
қызмет стандартына         
2-қосымша            

Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)
әкiмдiктерiнiң атаулары мен мекенжайлары

р/с


Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмдiктерiнiң атауы

Орналасқан мекенжайы

Жұмыс кестесi

Байланыс мәлiметтерi

1

2

3

4

5

1.

«Астана қаласының әкiмдiгi» ММ

Астана қ.,
Бейбiтшiлiк көш., 11-үй

жұмыс күндерi
900 – 1800,
түскi үзiлiс
1300 – 1400

тел: 8 (7172) 55-69-78; факс. 55-72-87 E-mail: ushastana@mail.ru

2.

«Алматы қаласының әкiмдiгi» ММ

Алматы қ., Республика алаңы, 4-үй

жұмыс күндерi
900 – 1800,
түскi үзiлiс 1300 – 1400

тел/факс 8(7272) 71-65-89;
72-58-17 E-mail: otdelselhoz@mail.ru

3.

«Ақмола облысының әкiмдiгi» ММ

Көкшетау қ.,
Абай көш., 89-үй

жұмыс күндерi
900 – 1830,
түскi үзiлiс 1300 – 1430

тел/факс 8 (716-2) 25-28-40,
40-24-46; E-mail: akm_shu_disp@mail.ru, kanz_akim@akmo.kz

4.

«Алматы облысының әкiмдiгi» ММ

Талдықорған қ.,
Тәуелсiздiк көш., 38-үй

жұмыс күндерi
900 – 1800,
түскi үзiлiс 1300 – 1400

тел. 8 (7282) 27-13-46,
27-18-33,
27-07-43;
E-mail: obl_dsh@almaty-reg.kz, tkoblakimat@global.kz

5.

«Атырау облысының әкiмдiгi» ММ

Атырау қ.,
Әйтеке-би көш., 77-үй

жұмыс күндерi
830 – 1800,
түскi үзiлiс 1230 – 1400

тел. 8 (7122) 32-54-58;
факс 35-45-91;
E-mail: atirauagro@mail.ru

6.

«Ақтөбе облысының әкiмдiгi» ММ

Ақтөбе қ.,
Әбiлхайыр хан көш., 40-үй

жұмыс күндерi
900 – 1800,
түскi үзiлiс 1300 – 1400

тел: 8(7132) 56-34-28, факс 54-17-39;
E-mail: ush_zemledelie@mail.ru, do.aktobe@minagri.kz

7.

«Шығыс Қазақстан облысының әкiмдiгi» ММ

Өскемен қ.,
Горький көш., 38/40-үй

жұмыс күндерi
900 – 1800,
түскi үзiлiс 1300 – 1400

тел. 8 (7232) 24-48-02,
факс 24-23-04, 20-42-42; E-mail: ispaevt@yandex.ru

8.

«Жамбыл облысының әкiмдiгi» ММ

Тараз қ.,
Абай көш., 125-үй

жұмыс күндерi
900 – 1900,
түскi үзiлiс 1300 – 1500

тел: 8 (7262) 45-54-86,
45-88-31, факс 45-42-05, 45-46-28

9.

«Батыс Қазақстан облысының әкiмдiгi» ММ

Орал қ, К.
Аманжолов, көш., 75-үй

жұмыс күндерi
900 – 1830,
түскi үзiлiс 1300 – 1430

тел/факс (8-7112) 51-10-65
E-mail: dshzko-zemotdel@rambler.ru, dshko-admotdel@rambler.ru

10.

«Қарағанды облысының әкiмдiгi» ММ

Қарағанды қ.
Лобода көш., 20-үй

жұмыс күндерi
900 – 1800,
түскi үзiлiс 1300 – 1400

тел/факс 8(7212) 56-09-99 E-mail: dsh_canc@krg.gov.kz

11.

«Қостанай облысының әкiмдiгi» ММ

Қостанай қ.,
Әл-Фараби көш., 66-үй

жұмыс күндерi
900 – 1800,
түскi үзiлiс 1300 – 1430

тел/факс 8 (7142) 51-17-82;
E-mail: dsh-zem@ kostanay.kz, www. kostanay.kz; e.kostanay.kz

12.

«Қызылорда облысының әкiмдiгi» ММ

Қызылорда қ.,
Абай көш., 48-үй

жұмыс күндерi
900 – 1900,
түскi үзiлiс 1300 – 1500

тел. 8(7242) 23-50-80; E-mail: sh_kyzyl@mail.ru

13.

«Маңғыстау облысының әкiмдiгi» ММ

Ақтау қ., 14
шағын ауд., 1-үй

жұмыс күндерi
900 – 1830,
түскi үзiлiс 1230 – 1400

тел: 8 (7292) 60-51-18,
43-45-52; E-mail: so.mangistau@rambler.ru

14.

«Павлодар облысының әкiмдiгi» ММ

Павлодар қ.,
Академик Сәтпаев көш., 49-үй

жұмыс күндерi
900 – 1830,түскi үзiлiс 1300 – 1430

тел. 8 (7182) 32-22-09, 32-72-32;
E-mail: kense.dsh@pavlodar.gov.kz

15.

«Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi» ММ

Петропавл қ.,
Конституция көш., 53-үй

жұмыс күндерi
900 – 1800,
түскi үзiлiс 1300 – 1400

тел. 8(7152)36-17-66, факс 36-07-45; E-mail: dshagr@mail.ru, akimat@SKO.kz, akimat@petr.kz

16.

«Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi» ММ

Шымкент қ.,
Тоқаев көш., 17-үй

жұмыс күндерi
900 – 1900,
түскi үзiлiс 1300 – 1500

тел. 8 (7252) 53-91-86, факс 54-00-60;
Е-mail: dsh_uko@mail.ru

«II, III және IV санат объектiлерiне
мемлекеттiк экологиялық сараптама 
қорытындысын беру» мемлекеттiк  
қызмет стандартына        
3-қосымша            

Кесте. Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi

Сапа және қолжетiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң кейiнгi жылдағы нысаналы мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдағы мәнi

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжатты тапсыру сәтiнен бастап белгiленген мерзiмде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесi)










2. Сапасы

2.1. Қызмет көрсету процесiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылар %-ы (үлесi)










3. Қолжетiмдiлiгi

3.1. Қызмет көрсету сапасына және олардың тәртiбi туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылар %-ы (үлесi)










3.2. Ақпаратқа электрондық форматта қол жеткiзуге болатын қызметтiң %-ы (үлесi)










4. Шағымдану процесi

4.1. Шағымдану тәртiбiне қанағаттанған тұтынушылардың
%-ы (үлесi)










5. Сыпайылығы

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)











Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет