Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі №6 «Б. Момышұлы» мектеп-гимназия кмм қысқа мерзімді (сабақ)



Дата15.12.2023
өлшемі377.62 Kb.
#486649
түріСабақ

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі
№ 6 «Б.Момышұлы» мектеп-гимназия КММ
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары:
Көркемдік жазбаны орындау .Сәндеу. Безендіру
(сабақтың тақырыбы)



Бөлім:

Сәндік-қолданбалы өнер

Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты:

Сапарбаева Улданай Алибековна

Күні: .

7 А-
7 Ә-
7 Б
7 В

Сынып: 7 А, 7 Ә, 7 Б, 7 В.

7 А- Қатысушылар саны:
7 Ә- Қатысушылар саны:
7 Б- Қатысушылар саны:
7 В- Қатысушылар саны:





Қатыспағандар саны:
Қатыспағандар саны:
Қатыспағандар саны:
Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Көркемдік жазбаны орындау .Сәндеу. Безендіру

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

7.1.6.4-Шығармашылық жұмыстар жасау үшін әр түрлі (заманауи) технологиялар мен өнер материалдарын анықтау, таңдау және біріктіру

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушылардың барлығы: көркемдік жазба түрлерің біледі , түс үйлесімділігін анықтайды (білу және түсіндіру) (АКТ ны қолдану арқылы)

  • 2. Оқушылардың басым бөлігі: орындалу технологиясын қолданып, жұмыс эскизін дайындайды;

  • 3. Оқушылардың кейбіреуі: шығармашылық жұмысты орындап, қорғайды

Бағалау критерийі

1. Көркемдік жазба түрлерің біледі, түс үйлесімділігін анықтайды
2. Жұмыс эскизін дайындай алады.
3. Шығармашылық жұмыс жасайды

Пәнаралық байланыс

Тарих, сызу, бейнелеу

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау



Ресурстар

Ұйымдастыру

Сабақтың басында оқушылардың дайындығын тексеру.



«Галерея» әдісі арқылы үй тапсырмасын талдау өткен сабак кайталау

Сабақ басында техника қауіпсіздігі мен санитарлы-гигиеналық нормалар туралы нұсқама жүргуі.


Жұмысты бастамас бұрыноқушыларға жостов, хохлома, гжель және т.б. жазбаларды орындау үшін қағаз ыдыстар, бір реңкті керамикалық ыдыстарды, фанера немесе тақтайшаларды т.б. материалдарды қолдануына ұсыныс жасау.


Оқушылар амандасып ,бір-біріне сәттілік тілейді.
Ойлану арқылы оқушылар қайталау сұрақтарына жауап береді


Дескриптор: көркемдік жазба түрлерінің орындалу тәсілдерін біледі, материалдарын анықтайды. Топтық жұмыс орындалады.

Гжель.
Батикке, керамикаға, шыныға арналған бояулар жинағы керме, қылқаламдар





Жаңа білім

Оқушылардың барлығы: көркемдік жазба түрлерің біледі , түс үйлесімділігін анықтайды (білу және түсіндіру) (АКТ ны қолдану арқылы)


1– тапсырма Мәтінмен жұмыс «Миға шабуыл» әдісі бойынша бейне таспа көру арқылы оқушылар түс үйлесімділігін анықтайды.
1. Сұық түске қандай түстер жатады?
2. Жылы түске қандай түстер жатады?
3. Туыс түс дегеніміз не?
4. Батиктің қандай түрлері бар?
5. Батик сөзінің мағынасы нені білдіреді? Батик өнерінің Отаны?
Қауіпсіздік ережесі туралы оқушыларға нұсқаулық жүргізіледі
ІІ. Батиктің орындалу технологиясын қолданып, жұмыс эскизін дайындайды
2 – тапсырма. Топтық жұмыс «Кім жылдам» әдісі бойынша жұмыс эскизін дайындап, орындалу технологиясын меңгереді, жасайды
1 – топ Хохлама өнерін салу
2 – топ Гжель өрнегі
3 – топ Салқын батик
ІІІ. Шығармашылық жұмысты орындайды, жасаған жұмысың қорғайды
3 – тапсырма «Менің қолымнан бәрі келеді» әдісі арқылы жұмыс жасалынады



Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі
Жауабын зерттеу дәптеріңе жазып, суретке түсіреді.
Оқушылар бұл тапсырманы жұпта бағалайды.



Дескриптор:
- гжель өрнегінің суретін салады, анықтайды;
- хохлама өнерінің суретін салады,анықтайды;
- салқын батик өнерін орындайды
-түс үйлесімділігін анықтайды

Дескрипторлар:
1. А 4 пішімінде көркем жазба композициясын орналастырады;
2. − шығармашылық жұмысында түстік үйлесімділікті көрсетеді;
3. − жұмысында өнердің көркем тәсілдерін қолданады.



Бағалау критерийі: Эскиз салып, батик, хохлама, гжель дайындайды



https://www.youtube.com/watch?v=f4CsBV_tnf0
Батик. Шиборитехникасы.
https://youtu.be/5lffG2lr4Z0
Шыны және мата үстінде контурмен жұмыс жасау
https://youtu.be/LD1T4BhTedo



Бекіту



Кері байланыс:«Қолмен белгі беру» әдісі


Оқушылар өз туындыларына атау беріп, сыныпқа ұсынады, өздерінің және сыныптастарының жұмыстарын бағалайды.
Жұмыс орнын тазалау.



Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.







Бекітемін___________ С. Жұмахов
Оқу ісі жөніндегі орынбасары

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет