Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Жамбыл ауданы білім бөлімі бекітемін: келісемін: Ә/б отырысында қаралды



бет3/36
Дата22.09.2024
өлшемі138 Kb.
#503862
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Ктп 2024-2025

Саб. №

Сағат

Үзілістер

Дс.

Сс.

Ср.

Бс.

Жм.

Сн.

Сынып

1

























2

























3

























4

























5

























6

























7

























8

























9

























10



























ІІ жартыжылдық



Саб. №

Сағат

Үзілістер

Дс.

Сс.

Ср.

Бс.

Жм.

Сн.

Сынып

1

























2

























3

























4

























5

























6

























7

























8

























9

























10



























МҰҒАЛІМ КҮНТІЗБЕСІ


Ай және тоқсан бойынша оқу күні және апта саны



ІХ

Х

ХІ

ХІІ

І

ІІ

ІІІ

IV

V

Барлығы

Жыл бойы

21

18

20

19

17

20

14

22

14

165

165

І тоқсан

ІІ тоқсан

ІІІ тоқсан

IV тоқсан

Барлығы

Жыл бойы

39
7(4)

39
7(4)

51
10(1)

36
7(1)

165
34

165
34

«Жаратылыстану» пәні бойынша жиынтық бағалау саны



Сынып

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны

1 – тоқсан

2 – тоқсан

3 – тоқсан

4 - тоқсан

5 – сынып

2

1

2

2

6 - сынып

2

1

2

2



«География» пәні бойынша жиынтық бағалау саны



Сынып

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны

1 – тоқсан

2 – тоқсан

3 – тоқсан

4 - тоқсан

7 – сынып

3

2

3

3

8 - сынып

3

3

3

2

9 – сынып

3

2

3

3

10 – сынып

3

1

2

2

11 - сынып

3

1

2

2

ДЕМАЛЫСТАР
КҮЗГІ _____________28.10.24 - 03.11.24


ҚЫСҚЫ___________30.12.24 – 08.01.25


КӨКТЕМГІ________21.03.25 – 31.03.25


ҚОСЫМША_______________________________________________________________


(1 – ШІ СЫНЫПТАР ҮШІН)________________________________________________


ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ АЯҚТАЛУЫ____25.05.25
МҰҒАЛІМ ЖҮКТЕМЕСІ



СЫНЫП
ПӘН

География

Кеңейтілген

























Сағат саны

САҒАТ САНЫ



5 «А», «Б»

2




























4

6 «А», «Б»

2




























4

7 «А», «Б»

2




























4

9 «А», «Б»

2




























4














































































































































16






































Түсінік хат

Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін негізгі орта білім беру деңгейінің 5,6-сыныптарында «Жаратылыстану» пәніне арналған тақырыптық – күнтізбелік жоспар «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (өзгерістер мен толықтырулар 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен енгізілді), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (өзгерістер мен толықтырулар 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № 412 бұйрығымен енгізілді), «2024 – 2025 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу - тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатына сай құрылған.


Жаратылыстану-ғылыми білім беру білім алушылардың бойында табиғи құбылыстар мен заңдылықтар туралы түсініктерді қалыптастырып, табиғатты танудың ғылыми әдістерін ашып көрсетеді. Ол табиғаттың бір бөлігі ретінде адамға, табиғат әлемін ұғыну ғана емес, осы өзгергермелі әлемдегі өз орнын сезінуге бағытталған және жеке тұлғалық құндылық қасиеттер жүйесін тәрбиелеуге, жеке тұлғаның дүниетанымдық, мәдени, тәжірибеге бағдарланған қасиеттерін қалыптастыруға негізделген.
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына сәйкес:
• негізгі орта білім беру деңгейінде «Жаратылыстану» (5-6-сыныптар), «География» (7-9-сыныптар);
• жалпы орта білім беру деңгейінде екі бағыт бойынша «География» (10-11-сыныптар) пәндері оқытылады.
Жоғарыда аталған пәндер бойынша оқу жүктемесінің көлемі «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің Үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығының 1–3, 11–15,103-қосымшаларында (1-4-сыныптар), 6–8, 16–20,104-қосымшаларында (5-9-сыныптар), 21–30, 85–90,105-106 - қосымшаларында (10-11-сыныптар) көрсетілген.
«Жаратылыстану» (56-қосымшаға сәйкес 5-6-сыныптар) және «География» (60-қосымшаға сәйкес 5-9-сыныптар; ЖМБ 10-11-сыныптар 116-қосымшаға сәйкес; ҚГБ 117-қосымшаға сәйкес) оқу пәндерін оқыту «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлерінің таңдау курстарының үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 399 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу бағдарламалары негізінде жүзеге асырылады.
Білім алушылардың табиғатты тануға деген қызығушылығын, зерттеу дағдыларын дамытуға, қоршаған ортаны ғылыми тұрғыдан түсініп, көре білуді қалыптастыруға бағытталған. Пәннің мазмұны «қарапайымнан күрделіге қарай, таныстан таныс емеске қарай» принципі бойынша құрастырылған. Жанды және жансыз табиғат құбылыстары мен процестерінің себептері мен байланысын түсіну, қоршаған дүниенің алуан түрлілігі мен күрделілігін сезіну оқушылардың ой-өрісін кеңейтеді.
«Жаратылыстану» оқу пәні – білім берудің кейінгі деңгейлерінде дербес пән ретінде оқылатын «География» оқу пәнін оқып-меңгеруге жол бастайтын, сондай-ақ білімнің барлық салаларында маңызды орын алатын зерттеу дағдыларының іргетасын қалайды.
«Жаратылыстану» білім беру саласындағы негізгі орта білімнің мақсаты
– функционалдық білім мен біліктерді, жоспарлау, талдау және өңдеу, түсіндіру, жүйелеу, алгоритм бойынша жұмыс, зерттеу, практикалық-эксперименттік дағдыларды жетілдіру, қорытындыларды бағалау және тұжырымдау дағдыларын қалыптастыруды; әлемнің қазіргі жаратылыстану көрінісінің негізінде жатқан іргелі ұғымдарды, заңдылықтарды, теориялар мен қағидаттарды, табиғатты ғылыми тану әдістерін, табиғатты, экономиканы және қоғамды кешенді зерттеу негізінде адамзаттың ғаламдық және жергілікті проблемаларын түсінуді тереңдетуді; экологиялық мәдениетті, ғылыми, жобалық және кеңістіктік ойлауды дамытуды; патриоттық сезімдерді, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті және ұқыпты қарауды тәрбиелеуді; білім алушыларды жаратылыстану ғылымдары бағытында кәсіби бағдарлауды іске асыруды қамтамасыз ету. «Жаратылыстану» білім беру саласындағы Жалпы орта білім берудің мақсаты: кең ауқымды дағдыларды дамыту негізінде білім алушылардың жоғары оқу орындарында білімін жалғастыруы және кәсіби өзін-өзі анықтауы үшін академиялық дайындығын қамтамасыз етуге қолайлы білім беру кеңістігін жасау болып табылады. Зерттеу қызметін ұйымдастыру және жүргізу, өңірлік және жергілікті аспектілерде қолданбалы маңызы бар жобаларды жазу, Қазақстанның жаратылыстану саласындағы ғылыми жетістіктерін зерделеу ұсынылады. Жергілікті сипаттағы материалдарды (объектілер, кәсіпорындар, ақпарат көздері) пайдалануға бағытталған оқу-жобалау қызметін ұйымдастыру арқылы білім алушыны танымдық және әлеуметтік тұрғыдан жандандыру ұсынылады. Техника, медицина, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және энергетиканың әртүрлі салаларындағы жетістіктер ғылыми идеяның дамуы мен ғылыми прогрестің жарқын мысалдары болып табылады.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы оқытудың тереңдетілген деңгейіндегі оқу пәндері бойынша оқу бағдарламасын игерудің пәндік нәтижелері негізінен жалпы кәсіби білім беруді қамтамасыз етуге бағытталған.
Жаратылыстану-математикалық бағытта оқытудың тереңдетілген деңгейі пәндері бойынша оқу бағдарламасын меңгерудің күтілетін нәтижелері негізінен кейінгі кәсіптік білім беруге даярлауға, білім алушылардың жеке қабілеттерін дамытуға бағытталған.
Жаратылыстану бағыты пәндері бойынша пәндік және метапәндік құзыреттіліктерді дамытуда түрлі әдістер мен тәсілдері қолдану ұсынылады. Мысалы:
1. Мәтінмен жұмыс. Мәтінмен жұмыс істеу ғылыми мақалаларды оқу, ғылыми жұмыстардың мәтіндерін талдау, түйіндемелер мен аннотациялар жасау білім алушыларға мәтіндермен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға, ақпарат алуға және әртүрлі көзқарастарды салыстыруға көмектеседі.
2. Топтық жұмыс. Бұл бірлескен жобалар мен зерттеулер, пікірталастар жүргізу және топтағы жұмыс нәтижелерін талдау білімалушыларға коммуникативті дағдыларды дамытуға, ұжымда жұмыс істей білуге және мәселелерді шешуге көмектеседі.
3. Білімді тәжірибемен ұштастыру: зертханалық жұмыстарды орындау, эксперименттер жүргізу, көлемді жұмыстарды істеу және білімалушылардың материалдарды пайдалануы, деректерді бақылау, талдау дағдыларын дамыту және ғылыми білімді практикада қолдану.
4. Заманауи технологияларды қолдану: деректерді талдау үшін компьютерлік бағдарламалармен жұмыс, деректерді өңдеу.
5. Өзін-өзі ұйымдастыру дағдыларын дамыту: өз жұмысын жоспарлау, басымдықтар мен мақсаттарды анықтау, жаңа тақырыптарды өз бетінше зерттеу, өзін-өзі ұйымдастыру және уақытты басқару дағдыларын дамытуға көмектеседі.
Білім алушыларының пәндік, метапәндік және түйінді (жоғары сыныптарда) құзыреттерін дамытудың жоспарланған нәтижелері
1) табиғи құбылыстарды бақылау, нәтижелерді сипаттау және қорытындылау; эксперимент нәтижелерін талдау;
2) жаратылыстану бағытындағы биология, физика, химия, география ғылымдары арасындағы байланысты сипаттау; табиғи құбылыстардың өзара байланысын орнату;
3) қоршаған ортадағы құбылыстарды түсіндіруде, денсаулықты сақтауда, тіршіліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, табиғат байлықтарын ұтымды пайдалануда, сондай-ақ сауатты тұтынушының рөлін орындау үшін жаратылыстану бағытындағы білімдерді қолдану;
4) жаратылыстану-ғылыми білімнің маңыздылығын түсіндіру, жиналған және өңделген деректерді, кесте, график, хабарлама, баяндама, презентация түрінде ұсынылатын ақпаратты синтездеу; ғылыми үлгілер мен гипотезалардың,
дәлелдемелердің және түсіндірмелердің дәлелдерін; эксперимент пен зерттеудің жоспарын жасайды.
Үлгілік оқу жоспарлары бойынша «Жаратылыстану» пәнінен оқу жүктемесінің көлемі:
1) 5-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;
2) 6-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды.
Үлгілік оқу жоспарлары бойынша «География» пәнінен оқу жүктемесінің көлемі:
1) 7-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;
1) 8-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;
1) 9-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;
1) 10-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;
1) 11-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет