ЖШС «Көркем & M» бөбекжай-балабақшасы
Бекітемін:
ЖШС «Көркем & M» бөбекжай балабақшасының
басшысы _______А.Т.Дегенбаева
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде 2023-2024 музыкадан мектепалды «Балапан» тобына арналған ұйымдастырылған
іс-әрекеттің перспективалық жоспары
Айы
|
Ұйымдастырылғаніс-әрекет
|
Ұйымдастырылғаніс-әрекеттіңміндеттері
|
Қыркүйек
|
Музыка
|
Музыка тыңдау.
Балаларды шығармалардың эмоционалды мазмұнын, олардың сипатын, көңіл-күйін, динамикалық ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету.
Музыкалық шығармаға көзқарасын білдіру, оның сипаты, мазмұны туралы айту.
Ән айту.
Ән айтуда дауыспен вокалдық-есту қабілетін үйлестіруді жетілдіру.
Музыкалық-ырғақтық қимылдар.
Музыканың және оның бөліктерінің сипатындағы өзгерістерге сәйкес қимылдарды өзгерте отырып, жаттығуларды орындауға үйрету: марш сипатын анық ырғақты жүрумен;
|
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде 2023-2024 музыкадан мектепалды «Балапан» тобына арналған ұйымдастырылған
іс-әрекеттің перспективалық жоспары
Айы
|
Ұйымдастырылғаніс-әрекет
|
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері
|
Қазан
|
Музыка
|
Музыка тыңдау.
Музыканың сипатын бейненің мазмұнымен, оның көңіл-күйімен байланыстыра білуді қалыптастыру.
Өмірдің кейбір құбылыстарын бейнелеу тәсілі ретінде әлемдік және қазақ музыка өнерінің шығармаларымен таныстыру.
|
Достарыңызбен бөлісу: |