Қазақстан республикасы оқу-ағарту министрлігі «Өрлеу» баұО» АҚ «Батыс Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институты» филиалы Жоба жұмысы



бет1/19
Дата21.01.2024
өлшемі71.54 Kb.
#489520
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Білім алушылармен кәсіптік бағдар беру жұмысының әртүрлі салаларында қолданылатын әдіс-тәсілдер. проект


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ
«Өрлеу» БАҰО» АҚ «Батыс Қазақстан облысы бойынша
кәсіби даму институты» филиалы


Жоба жұмысы:
.....'>«Білім алушылармен кәсіптік бағдар беру жұмысының
әртүрлі салаларында қолданылатын әдіс-тәсілдер»
Дайындағандар: кәсіптік бағдарлаушы-педагогтер
.....
.....
.....
.....
....
Тексерді: Жумагалиева Д.Ш., Кәсіби білім беру кафедрасының аға оқытушы


МАЗМҰНЫ

І. КІРІСПЕ.......................................................................................................3


ІІ. Негізгі бөлім..............................................................................................4

2.1 Кәсіптік бағдардың мәні және мазмұны.............................................6


2.2 Кәсіптік бағдар жұмысының негізгі қағидаттары,
мақсаты мен міндеттері.......................................................................11
2.3 ХХІ ғасыр мамандықтары.............................................................12
2.4 ХХІ ғасыр дағдылары.........................................................................17
2.5 Қабілеттілікті зерттеу мен кәсіптік бағыттылықты
анықтау әдіс-тәсілдері........................................................................21

ІІІ. Қорытынды.............................................................................................29


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................................32



І. КІРІСПЕ
Әлемдік білім беру кеңістігіне бағытталған білім берудің негізгі мақсаты білімді меңгеріп қана қоймай, білік пен дағды арқылы дербестік, ізденімпаздық, дені сау, өзгермелі жағдайда білімді де білікті жасөспірімдерді жан-жақты жеке тұлға ретінде даярлау. Осы мақсаттарды іске асыруда бүгінгі мектеп оқушыларына қойылып отырған мәселелер күн сайын талаптануда. Өйткені келешек қоғамымыздың басты тұлғасы бүгінгі мектеп оқушылары. Сондықтан мектепте берілетін кәсіптік бағдар жұмыстарының бүгінгі күні маңызы зор болып табылады. Жалпы білімнің басты үш міндеті бар олар: баланың өзіндік жалпы дамуын, жан-жақты дүниетанымын қамтамасыз ету, және оны болашақ белгілі бір кәсіпке даярлау. Осы үш міндеттің ішінде қоғамдық даму күрделенген сайын баланы жастай алдағы кәсіпке бағдарлай әзірлеу – ең көкейкесті мәселеге айналып отырғаны дәлелденді. Қазіргі кезеңде жалпы білімнің міндеті – баланың жалпылама дамуын қамтамасыз ету ғана емес, ең бастысы оларды жастай өз қабілеті мен қызығуына қарай белгілі бір мамандыққа арнайы бағыттай білу. Кәсіпке баулу – бұл әрбір жеке тұлғаның ерекшеліктерін және халық шаруашылығына, жеке салаларға қажетті сұранысы бар мамандықтарды ескере отырып жастарды еркін және өзіндік мамандық таңдауға дайындаудың ғылыми негізделген жүйесі.
Кәсіптік бағдар беру — жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы талдап алуға дайындауға бағытталған іс-әрекеті. Кәсіптік бағдар беру арқылы оқушыларды мамандықтар әлемінде, олардың мазмұны, ерекшеліктері, жеке тұлғаға қоятын талаптарын өз бойындағы қасиеттерімен ұштастырып, өндіріс, шаруашылық салаларының даму міндеттеріне, оның нарықтық экономика жағдайындағы рөліне сай саналы таңдалып алынған мамандыққа мүдделілігін тәрбиелеуді қажет етеді. Мамандықты саналы таңдауда адамның қабілеттілігінің қалыптасуының да үлкен маңызы бар. Ол адамның психологиялық санасының қалыптасуына байланысты. Олар: қабілеттілік, қызығушылық, бағыттың құндылығы, кәсіптік жоспар, идеялы, сенімі, т.б. Мамандық туралы жеткіліксіз білу — мамандық таңдауда кездейсоқтыққа әкеліп соқтырады. Мамандық таңдауда қателесу сайып келгенде, таңдаған мамандығын жек көріп, жұмыс орнын жиі өзгертуге себепші болады. Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының негізгі міндеттері төмендегідей:
— оқушыларды көпшілік мамандықтар туралы түсінікпен қаруландыру;
— кәсіптік қызығуы мен бейімділігін, қабілеттілігін қалыптастыру және дамыту мақсатында оқушылардың дара ерекшеліктерін зерттеу;
— мектеп бітірушілерге мамандық таңдауға көмектесу;
— оқушыларды белгілі мамандықтың түрін меңгеруге бейімдеу.
Бүгінгі күні мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстары қайтадан жандана бастады. Біз жоғарыда атап өтілген кезеңдерді талдай отырып, кәсіби бағдар беру жұмыстарының маңызын үлкен сұранысқа ие болуда деп білеміз.
Нұсқаулықта кәсіптік бағдар жұмысының мәні, мазмұны мен ерекшелігі, болашақта сұранысқа ие мамандықтарға сәйкес ХХІ ғасыр дағдыларын дамыту, білім алушылардың қабілеттерін және кәсіптік бағыттылығын диагностикалау дағдыларын қалыптастыру, мамандық таңдауда білім алушылардың тұлғалық даму моделін жүзеге асыру мен қалыптастыру бойынша ата-аналармен бірлескен жұмысын жоспарлау туралы ақпараттар берілген.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет