Орындаған: Железин аудан прокуроры



Дата14.06.2016
өлшемі10.78 Mb.
#135838


Жадымда қалар мәңгілік...



Орындаған:
Железин аудан прокуроры Қ. Атығаев

Железин а.

2015 жыл




Мазмұны:

І. Кіріспе бөлім.



ІІ. Негізгі бөлім:

1. Железин ауданының батырлары

2. Ұлы Жеңіс күніне арналған шаралар

ІІІ. Қорытынды бөлім:

1. «Жадымда қалар мәңгілік» өлеңі

2. Фото суреттер



Адам баласы жарық дүниеге жаралғаннан бері өмір сүру үшін, бостандығы үшін әр алуан дүрбелеңдерге тап болады. «Орманына қарай аңы, заманына қарай заңы» - дегендей, әр кезең жаңа мақсаттардың қойылуымен, өмір сүру үшін жаңа талаптардың туындауымен болса да, адам баласының жерге деген қызығушылығы артпады. Осының арқасында үлкен аумақтарды қамтыған қанқұйлы соғыстар әлем картасы аталатын ала қағаз бетін бір талай өзгерткен болатын. Дүние жүзіндегі үлкен де, қуатты елдердің бірі – Кеңес мемлекеті ыдырауға айналды. Не бір үлкен мемлкеттер – империялар құрылып, тарап кеткен. КСРО құрамында болған республикалар еркіндік алды. Бөлек-бөлек тәуелсіз мемлекет бола ма, бірнешеуі бірігіп шағын одақтас мемлекет бола ма, бәрі қайтадан, басқаша біріге ме, өздері шешеді. Тоқпақ пен зорлықтың дәмін татып қалған республикалар дербестік жолын таңдады. Ыдыраған империяның орнына осылайша он бес тәуелсіз мемлекет өсіп шықты. Солардың бірі Орталық Еуразия алабындағы ғажайып әрі қайталанбас тарихы бар – Қазақстан Республикасы еді.

Талай жылдар бойы жер үшін күресіп жатқан халық, қандай ғана қиыншылықтарға тап болмады. Соғыс... Қаншама адамдарды жұрт түсінбей өлтірді, сөйтіп мына тіршілікке үлкен зиян келтірді. Ашаршылық... Қайта өлім. Түсінбеушілік...Өткен өтті, бірақ бәрі есепте, қандай азап, қандай азап ұғыспау, түсінбеген кінәлі емес десекте, қылмыспен тең түсінуге тырыспау. Қозғалыстар... Қазақстанның тәуелсіздігіне жол ашқан алғашқы қадамдар. Жаңа ойлар... Экономикасы мен саяси жағдайы тұрақты демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет.

Ашық аспан аясында бейбіт ғұмырды арман еткен, «соғыс» аталатын гәпті мүлдем ұмытуға, орын алған жағдайды болдырмауға тырысқан, болашақ, бүліксіздік ұстанымдарын биікке көтеретін Жеңіс күнін асыға күткен ата-бабаларымыздың аңсағаны – дүниежүзіндегі қызу, көптен күткен 9 мамыр Ұлы Жеңіс күні мерекесіне айналды.





Осы күнге жету үшін адам баласы, әсіресе қазақ халқы талай қиындықты бастан кешірді. Өйткені ол соңғы үш жүз жыл бойы тәуелсіздіктен айырылған еді. Екі жүз жылға жуық патшалы Ресейдің отары болды. Ал соңғы 75 жылда Кеңес мемлекетінің құрамында болып, дербектістікті де, тәуелсіздікті де мүлде жоғалтты.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алған сәттен бастап көптеген елеулі табыстарға қол жеткізді. «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол» дегендей, мемлекетіміздің басты қадамын жасап келе жатқан Қазақстан Республикасы Президентіміз Н.Ә. Назарбаев жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі – Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігінің, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығының арқасында болып отыр. Сондықтан бұл күн жас мемлекетіміз үшін – біртұтас елдіктің, ынтымақтастық пен татулықтың, сонымен қатар өткенге деген тағзымды салауат пен болашаққа деген сенімді үміттің мерекесі болып табылады.








Сыртқы жаудан қорғап қалу жолында ата-бабаларымыз жүздеген жылдар бойы шапқыншыларға қарсы ерлікпен шайқасты. Отаршылдық бұғаудан құтылу үшін үздіксіз күресті. Бұл жолда халқымыздың миллиондаған перзенті құрбан болды, солардың бірі, Железин ауданының кең өңірінде дүниеге келген, атамекенім, ауылым деп, топырағын сүйген, Кеңес Одағының батыры Иван Васильевич Бабин еді.



И.В. Бабин 1899 жылы Павлодар облысы Үрлітүб ауданы Железинка селосында кедей шаруа отбасында туған.

Соғысқа дейін туған жері «Железинский» колхозында жұмыс істеп, егіс бригадасының бригадирі болды. Қызыл Армия қатарына 1941 жылдың маусым айының аяғында Үрлітүб ауданының әскери коммисариаты шақырды. Батыр 1944 жылы 13 қыркүйекте Польшаны азат етуде қайтыс болды.

Совет қимылдары поляктардың аумағына 1944 жылдың шілдесінде көшеді. ССРО сыртқы істер халық комиссариаты совет әскерлерінің басты мақсаты – поляк халқын фашист басқыншыларынан құтқарып, көмек көрсету және тәуелсіз демократиялық Польшаны қалпына келтіру екенің мәлімдеді.

Бірінші Белоруссия майданының әскерлері Батыс Бугтан өтіп, поляктардың жерімен батысқа жылдам жылжып шілденің айында Висло өзеніне жетіп, поляктардың астанасы Варшаваға жақындады. Лондонда эмиграцияда жүрген поляк басшысы өзінің саяси мақсатына қол жеткізу үшін қолдауды қажет етті. Көтеріліс тоқтап қалды. Гитлершілер Варшаваны талқандап, ал оның мындаған тұрғындары саяси меңмендіктің бақытсыз құрбандарына айналды.

1-ші Белоруссия майданымен бірге 1-ші Украина майданы Батыс Бугтан өтіп, 17 шілдеде Польшаның аумағына кірді.

Польшаның жеріндегі ұрыстарға көптеген павлодарлықтар қатысты. Железинка селосының тұрғыны атты әскерлер бөлімшесінің командирі, кіші сержант Иван Бабин 1944 жылдың 13 қыркүйегінде поляктың Конты деревнясы маңында болған қатты ұрыстардан кейін полктің 1-ші эскадроны кейін серпілді. 3-ші эскадронға бұл жағдайды қалпына келтіру бұйрық етілді. Шабуыл басталған кезде Бабин жауынгерлік саптың алдында болып, өз үлгісімен жауынгерлерді жігерлендіріп отырды.

Жойқын ұрысөз жалғасын тауып, И.Бабин автоматымен және жекпе-жек күресте жаудың 17 сарбазын, 2 офицерін мерт қылады. Жау жағы қайсар кавалеристердің езгісіне шыдамай, тылдағы орынға ауысады. Фашистерге бекінуге мүмкіндік бермес үшін оның жауынгер жолдастары іздерінен өкшелеуге кірісті. Бірақ бұл уақытта дзоттан жауы пулеметі қылтіп, эскадронның бірінші байқаған Иван Васильевичтің жылжуына кедергі жасады.

Өз жауынгерлерінің көзінше «Отан үшін жолдастар алға!» деп ұран тастаған ол жау дзотының амбразурасын кеудесімен жауып Матросовтың ерлігін қайталады.

1944 жылы 13 қыркүйекте Польшаны азат ету үшін болған ұрыстарды ерлікпен қаза тапты. Александр Матросывтың ерекше ерлігін қайталаған біздің жерлесіміз үкіметтің ең жоғары марапатына ие болды.

Қайтыс болғаннан кейін 1945 жылдың 10 сәуірінде Иван Васильевич Бабинге Совет Одағының Батыры атағы берілді. Туған жерінде батырға бюст орнатылып, көшелердің біріне оның есімі берілген. 




Биыл Ұлы жеңіске 70 жыл толып, соғыстың қаһарлы жылдары бірте-бірте алыстауда, әйтсе де адамзат дүниежүзін фашистік құлдықтан аман алып қалған халықтың ғажайып ерліктерін ешқашан ұмытпақ емес.

Мыңдаған отандастарымыз опасыздықпен тап берген жауға шекарада қарсы тұрды. Олардың бірі Иван Григорьевич Ледовский еді.

Ол 1920 жылы Железинка ауданының Моисеевка ауылында шаруа отбасында дүниеге келді. Отбасы әкелерінен ертерек айырылғандықтан, оған мектепті тастауға тура келді. Су тасушы, табыншы, бу диірменінде от қыздырушы кейін колхозда тракторис және комбайнер болып қызмет жасайды. 1938 жылы әскер қатарына шақырылды.

Алдымен ол Ленинградта әскер қатарында болып, фин соғысына қатысады. Кейін Брест бағытына жолдама алады. Ол осында фашистердің соққысына ұшырап, екі рет жараланып, тұтқыннан әзер дегенде босап шығады. 1944 жылдың 24 маусымында Гомель облысының, Рогачев ауданының Озераны ауылы үшін күресте, 2-ші Белорус майданының 250-ші атқыштар дивизиясы 918-ші атқыштар полкінің пулемет взводының командирі аға лейтенант И.Г.Ледовский айырықша көрінген еді.

Днепрден бірнеше жерден өтіп, 28 маусымда гитлершілер қорғанысының маңызды торабы Могилев қаласын басып алған 2-ші Белоруссия майданы шабуыл қарқынын үдетті. 1-ші Белоруссия майданы әскерлермен бір мезгілде шабуылға шығып, дұшпанның қорғанысын бұзып, Бобруйск маңында бес неміс дивизиясын қоршап алды. 29 маусымда «Бобруйский котел» жойылды. Шабуылды үдете отырып, майдан әскері Друть, Березина өзендердің бойындағы аралық шептерде дұшпанның қарсылығын басып, 2-ші және 3-ші Белоруссия майдандарының әскерлерімен бірге Минскіге беттеді.

1-ші Беларуссия майданында маусымның аяғында Березина өзенінен Железинка ауданы Моисеевка селосының тумасы, аға лейтенант Иван Ледовскийдің взводы өтті. Взводқа дұшпанның күшін барлау тапсырған болатын. Барлау меншектеліп қоймай, аға лейтенант өз взводымен жаумен шайқасқа түседі. Осы ұрыста 70-тен аса гитлершілер өлтіріліп және тұтқынға алынып, қару-жарақтар қоймасы мен бастып паромды қолға түсіреді. Паромның және өткелдің алынуы совет әскерлерінің өзен арқылы жылдамырақ өткізіп, одан әрі шабуылды үдетуге мүмкіндік берді.

1945 жылдың 24 наурызында Иван Григоревич Ледовскийге Совет Одағының Батыры атағы беріледі. И.Г. Ледовский сонымен қатар Ленин орденімен, 2-ші дәрежелі Отан соғысы, Қызыл жұлдыз орденімен және медальдармен марапатталды.

1945 жылы әскер қатарынан босап, соғыстан кейін Новокузнецкіде, Талғарда өмір сүрді. Өмірінің соңғы жылдары өзі дүниеден өтіп, жерленген жері Павлодарда өмір сүрді.

Облыстық тарихи-өлке тану музейінде оның фото суреттері, марапаттау қағазы, құжаттары, хаттары және естеліктері сақтаулы. Павлодар қаласында көше атауы беріліп, Жеңіс аланыңда Батыр мүсіні орнатылды (1990).




Железин ауданының кең өңірінде дүниеге келген, туған жерінің тағы бір мақтан тұтқан Кеңес Одағының батыры Александр Спиридонович Квитков 1922 жылы Павлодар облысы Үрілтүп (қазір Железинка) ауданында Железинка селосында жұмысшы отбасында туған. Орта мектепті аяқтаған соң Кайманачихинск совхозында, кейін Үрілтүп аудандық партия комитетінде жұмыс істеді.

1941 жылы наурыз айында армия қатарына шақырылады. 77-ші гвардияшылар дивизиясының, 218-ші гвардия атқыштар полкінің, 5-ші ротаның бөлімше командирі, гвардия аға сержанты Александр Квитков жүздеген шақырым майдан жолынан өтті.

Соғыстан кейін де Кеңес Армиясының құрамында қалды. Әскери училищені бітірген соң, кейін В.И. Ленин атындағы әскери-политехникалық академиясында өз білімін келешек жас жауынгерлерге беруін жалғастырған еді. А.Квитковтың алғашқы наградасы «Ерлік үшін» медалін Украинаның Киреевка селосы түбінде жау күшіне барлау жасап, онда ерлік және батылдық көрсеткені үшін алды. Бұл жерде басым күші бар гитлерліктер дзоттар орнатып, траншеялар жыртып, қару-жарақ қоймаларын орналастырған еді. Жаудың қару-жарақ нысаналары да Киреевкаға қарай бағытталған еді. Квитков басқарған жауынгерлер түнгі мезгілде жасырын түрде жаудың қорғаныс шебіне барып, барлық оқ жаудыратын орындарын картаға түсіріп өз бөлімшелеріне қайтып оралады. Біздің барлаушыларымыздың белгілеген нақтыны саналары артиллеристерімізге гитлерліктердің қару орналасқан жерлерін жау сатып, қорғаныстарын бұзуға мүмкіндік берді.

Шегінген жаудың ізіне түскен 77-ші гвардия атқыштар дивизиясы Черниговкаға қарай жақындай түсті. Қала маңында кескілескен ұрыс ете қалды. Квитков бөлімшесі қатардағылардан бұрын қала ішіне кіреді. Бірақ қираған үйдің бірінің ішінен олардың үстінен бұршақтай оқтың астына қалады. Жау пулеметінен атқылаған оқ тоқтаусыз еді. Бірнеше солдаттарынан айырылып қалып, екі солдатымен Квитков сол үйдің ішіне қарай бас ұрады.
Жасырын түрде үй шатырына шыққан олар, пулеметтің үнін өшіріп, екі фашисін мерт қылады. Қалғандары тым-тырақ айқашқан болатын. Көше жаудан тазартылып, А.С. Квитков екінші мәрте – Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталынды.

Чернигов қаласын тазартқан дивизия ендігі кезекте Днепрге шығады. 1943 жылдың 26-нан 27-не қараған түнде бөлімше командирі Квитков десант қайығы мен үздіксіз атқылаған жау оғының астына қарамастан өзеннің арғы бетіне ұмтылады. Оң жақ жағалауға тақағанда снаряд соққысынан қайық аударылып түсті. Кеңірдегіне дейін суық суда қалған Квитков пен оның сарбаздары жағаға шығып, жау траншеясына алғашқылардың бірі болып жақындайды.

Адам санының аздығын ескерген сарбаздарымыз қисынды бағытта оқ жаудыра бастайды. Кеңес әскерилерінің саны артық деп абыржыған олар, ақырындап шегіне бастайды. Іздеріне түскен жауынгерлеріміздің ішінен Квитков окопқа біріші болып кіріп, фашистермен жекпе-жек айқасқа түседі. Бірақ көп ұзамай жау жағы алданғандарын түсініп, қайтадан жоғалтқан бағыттарын қайтаруға ұмтылады. Осы сәтте Квитков бөлімшесі үш мәрте жаудың қайта шабуылын кері қайтарып, біздің полкімізге жағадан өтуге мүмкіндік жасады.

Днепрді жаудан тазартуда көрсеткен ерлігі үшін СССР Жоғарғы Кеңесі Президиумы 1944 жылы 15 қаңтардағы жарлығымен Александр Спиридонович Квитковқа Совет Одағының Батыры атағын береді.




Кескілескен шайқас күндерінде Қазақстан еңбекшілері де тылда жан аямай еңбек етті.

Бүгінгі таңда аудан бойынша ҰОС 3 ардагері, тылда еңбек еткен 222 еңбекшілер, тұтқындарды ұстайтын лагерьдің 2 тұтқыны, 16 Афганистандағы орын алған әскери оқиғасына 16 қатысушы және Чернобыльдағы болған апатын жоюда қатысқан 5-і тіркелген.

Жыл сайын жоғары аталған тұлғаларға арналған шаралар жоспарланып, аудан әкімінің қаулысымен бекітіледі, оған қоса, жоспарды іске асыру үшін ақша қаражаттары бөлінеді.




Сөйтіп, ата-бабаларымыздың алдында мақсаты боп бейбіт өмірді орнықтыру, туған топырағымыз үшін күресу болса, біздің алдымыздағы тұрған міндет – Ұлы жерімізді нығайта түсу. Ол үшін мемлекет басшысымен қарастырылатын жоспарлар, билік жүйесімен атқарылатын қызметтер, түрлі мемлекеттік бағдарламалар орасан зор, билікке келген жаңа тұлғалардың ойларына мол. Ең бастысы мемлекеттіздің негізі Ата Заңымыз – Конституцияға қайшы келмеуі тиіс. Бұған жоғары қадағалауды жүзеге асыратын покуратура органдары.

Республиканың мемлекеттік органдар жүйесінде прокуратураның конституциялық орны бөлек. Билiк бөлу институтының «тежемелiк әрi тепе-теңдiк» жүйесі элементтерiнің функцияларының бiрiн орындаған кезде, Қазақстан Республикасындағы бiртұтас мемлекеттiк билiктің барлық салаларының келісімді әрекеттендіруін туғызады.

Қазақстан Республикасы құқықтық мемлекет болғандықтан, құрылғаннан бері бүгінгі күнге дейін мемлекет атынан заңдылыққа жоғары қадағалауды, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, заңды тұлғалар мен мемлекеттiң заңды мүдделерiнiң сақталуын қадағалауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының прокуратурасы, кез келген заңдылық бұзушылықты анықтау және жою жөнiнде шаралар қолданады, Республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келетiн заңдар мен өзге де құқықтық актiлерге наразылық жасайды, сотта мемлекеттiң мүддесiн бiлдiредi, сондай-ақ заңда белгiленген жағдайларда тәртiп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.

Сөйтіп, мемлекет алдында қызмет өткергенмен қоса, кележатқан мерейтой қарсанында ағымдағы жылдың 28 наурызында аудан прокуратурасының бастамасымен аудан мектептерінің 5-7 сыныптағы оқушылардың арасында футбул турнирі өтті.

Өткізілген шараның ашу рәсімі аудан әкіміне беріліп, денсаулық пен спортқа айрықша көңіл бөлу керектігі туралы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтің сөздерін жастарға жеткізіп, ұйымдастырушы тұлғаларға өз алғысын білдірді.





Железин аудан прокуроры Қ.С. Атығаев оқушылармен



Ауданның құқық қорғау саласындағы басшылары мен мектеп оқушылары



Футбол турнирінің жүлдегерлері, 28.03.2015ж.
Таң атпай басталған жарысымыз өз мәресіне жетті. «Көңіл – шашылған нұр» - дегендей, жылы-жылы жас лебіздер өткен күнімізді жарқыратып, өздері де, қонақтар мен ұйымдастырушылар да риза боп, футболдың нәтижесін қорытындылады. Орын алған топтарды қызу құттықтап, дайындаған сыйлықтарын ұсынды. Сөйтіп, Жеңіс

күніне – 70 жылдық мерейтойына арналған футбол

турнирінде бірінші орынға ие болған Железин ауылының

№2 жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары, екінші

орын иесі – Башмачинск ОЖБМ, үшінші орын – Железин

ауылының №3 ОЖБМ аттанды.

Отан адамға өмір қуанышын, өзінің күшіне деген сенім, елі үшін мақтаныш сезімін сыйлайды. Ел деп келгеніміз, ертеңгі күнімізге сенгеніміз шығар, халқымыздың келешегі үшін, неге де болса көнгеніміз шығар. Бір туғанымыз көп болмаса да, Аллаға шүкір, сүйенер жұртымыз бар екен...

Кішкене отбасымыздан басталатын кең-байтақ ұлы Отанымыздың қаһарлы батырлары көптен күткен Ұлы Жеңіс күні құтты болсын деп, көк аспанымызбен астасқан көк туымыз әрдайым биіктен желбірей берсін, бейбіт өмір келешек ұрпақтармен жалғаса берсін!






***

Ұлы жерім, болашағым, сен үшін!

Шайқасқа түсті ата-бабам жинап күшін.

Ғұмырдың нұрлы таңын көрейік деп,

Жолдастар, алға бастық, ел бағы үшін!
Отқа жанып, тұрған анау Жер-Анамыз,

Тұтқынға түскен жау қолында жандарымыз.

Ерлігі мен намысына тиген ұлы-қызына

Аттанып олар, Қызыл әскердің тұрды бір сабына.
Сөйтіп, өтті күннен күнге айлар, жылдар...

Жер бетінен жоқ боп кетті қалалар.

Бірін-бірі қырып-жойып, қан төгізіп,

Соғысқа аунап қалған миллиондаған адамдар.
Жанжал үстінде жоғалтып тұрсың досыңды,

Елестеттің бір мезетте бірге жүрген кезіңді.

Ақ орамалдағы жылап қалған анасын да,

Сенімен бірге тапсырып жіберген оның баласын да.
Тірі қалып соғыстан, қайта оралсам ауылыма,

Қай бетімен қараймын сол ананың жасына!?

Кішкентайдан бірге өскен досың еді,

Көмегінді көрсете алмай оның жалғыз баласына.
Міне, нағыз майдан, осы екен, ағайын,

Жоғалтасын жақындарын секунд сайын.

Есін жимай, халі жаман боп, соғыс алаңында жатқанда,

Тірісінде, сені өлік боп, адам баласы басып-таптағанда.
Е, жаратушы, осы ма екен, ғаламат!?

Билікке қызығушылығы артқан адамзат.

Не бары, сол ортақ емес пе Ұлы жер!?

Қатыгездік танытып жатқан бір жамағат.


Әйтсе де, халқына ант берген, соғысқан ата-баба

Жауына соққы беріп, жеңісті жеткізе білген ұрпағына.

Қан мен тер төгіп, құрбан болған батырлардың,

Ғажайып ерліктері ұмытылмас ешқашанда.
Сол мамырдың тоғызында – Жеңіс күні,

Жиналады ардагерлер сапқа тұрып,

Жарқыратып өңірінде ордендері,

Тарихта қалған оқиғаларын еске алып.
Қаһарлы жылдары бірте-бірте алыстауда,

Қапа болды... жиналатын ардагерлерміздің саны да азаюда,

Жарылып тұрған бомба әлі көз алдымда деп,

Әңгімесін бастайды бір атамыз ауылда.
70 жыл бұрын жас едім, бала едім...

Жастықтың дәмінен бір татпай, бара бердім.

Өмірдің көрмегенін, көргізіп,

Соғыстан кемістікпен тірі келдім.
Аяқ-қолым бүтін болмай, көзім жоқ,

Міне-міне ашық аспан, мөлдір-көк.

Жеттім бе екен, осы күнге, ей халайық!

Жастарға менің айтар сөзім көп...
Бағалай біл Отаныңды, туып-өскен жеріңді,

Ақтай біл ана сүтін, нәр алған күндеріңді,

Тілеймін болашаққа ашық аспан, бейбіт өмір

Мақтан тұта, ата-баба жеңісін, ұмытпай тарихынды.
Деп, атамыз, жастарды жинап қасына,

Айта берді әңгімесін құйып құлақтарына.

Бір көзімен алаңдатып, жаққа қарап,

Полктас бауырлардың қосылуын күтіп тұр қатарына.
Әлі жоқ, міне жоқ, уақыт жылжып барады,

Асыға күткен қарт атамыз, сол-ақ күнді жыл бойы қалады.

Саптағы солдаттарды еске алып, тұрған ол,

Жалғыздықта үміт үзбей, үңіле алға қарады.
Елең-елең келе жатыр жас баламен ұстасып,

Мынау Бауыржан ғой деп, қуанып қалды онымен бір құшақтасып.

Жасы мен жалғыз аяқ, қолының кемістігіне қарамай,

Білдіртпей тұр ақсақал, келгендермен бір қауышып.
Еске алып, қайта – қайта 70 жыл бұрын өткенді,

Кеше ғана сол алаңда соғысқандай сезінді.

Бір көзімен ашып-жұмған атамыз,

Алыста бәрі қалғанын ол түсінді.
Бір тамшы жас бетінен ағып кетіп,

Бұл жылда да жалғыз қалмаппын, үлкен бақыт!

Өмірде енді сол солдаттай ұққан жан жоқ

Осы екен, ағайын, нағыз достық.
Ұлы Жеңіс құтты болсын баршамызға!

Міндет қып, жеткізейік ата-баба ерлігін ұрпағымызға.

Бауыржан Момышұлы, Талғат Бегельдиновтердің батырлығын,

Мәншүктей, Әлиядай қыздардың батылдығын.

Жадымызда бұл есімдер қала берсін,

Қасиетті рухы бейбіт тірлігімізге нұрындай шуақ етсін!!!
Авторы: Железин аудан прокурорының көмекшісі М.Нурбекова






















Қолданған әдебиеттер тізімі:
1.Қазақстан Республикасының Конституциясы.

2.Қазақстан Ұлы Отан соғысында, «Библиокітап», 2010.

3. Павлодар облысы Железин аудан бөлімінің мемлекеттік мұрағатынан алынған материалдар.

4. «Родные просторы» газетінен алынған материалдар.

5. Герои Советского Союза: краткий биогр. слов. Т.1. – Москва, 1987.

6. Гончаров В. «Битва за Днепр», 1943 г. - АСТ, АСТ Москва, Хранитель, 2006.

7. «Подвиг народа» сайтындағы құжаттар.

8. «Мемориал» сайтындағы құжаттар.









Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет