Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі



Дата17.07.2016
өлшемі71 Kb.
#204631













Қазақстан Республикасы

Парламентінің Мәжілісі


«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне жоспарлау процесін жетілдірудің және бюджеттің атқарылуының кейбір мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

Қазақстан Республикасы Заңының жобасына

түсіндірме жазба
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне жоспарлау процесін жетілдірудің және бюджеттің атқарылуының кейбір мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасында бюджетті жоспарлау және атқарылуы бөлігінде бюджет процесінің сапасын арттыру, бюджеттің болуы мүмкін дағдарыстық құбылыстардың және сыртқы теріс факторлардың ықпалына тұрақтылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ әлемдік аренада Қазақстаның имиджін көтеру мақсатында Қазақстан Республикасы Заңының жобасы (бұдан әрі – Заң жобасы) дайындалды.

Заң жобасында Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне:

«Жана бюджеттік қағидалар» енгізу;

Қазақстан Республикасының донорлық жарнасын жүзеге асыруды камтамасыз ететін нормаларды бекіту;

мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және бюджеттік бағдарламаларды бекітудің кейбір мәселелері бөлігінде түзетулер енгізуд ұсынылады.

Әлемдік экономикада соңғы уақытта өтіп жатқан дағдарыстық құбылыстардың ықпалына бюджеттің «иммунитетін» көтеру мақсатында Бюджет кодексіне «Жана бюджеттік қағидаларды» енгізу ұсынылады, ол - бөлінетін бюджеттік бағдарламада көрсетілген және ағымдағы қаржылық жылға арналған әлеуметтік–экономикалық даму параметрлері жақсарған кезде шартты негізде қаржыландыратын шығыстар болып табылады.

Шартты негізінде қаржыландырылатын шығыстарды жүзеге асыру әлеуметтік-экономикалық дамыту болжамдарының параметрлеріне және бюджеттің кіріс бөлігінің атқарылуына нақты түрде тәуелдi болады.

Сондай-ақ, Заң жобасында мемлекет міндеттемелерін орындауға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды халықаралық ұйымдағы донорлық жарналар бойынша бағдарламамен толықтыру көзделген, оның мақсаты Қазақстан Республикасы мүшесі болтын халықаралық ұйымдарына республикалық бюджеттен қаржылық қаражатар тегін негізінде бөлуі болып табылады.

Заң жобасында мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мәслихаттары аппаратарының бюджеттік бағдарламаларын, соңғыларының құзыреттерін орнықтыруды есепке ала отырып, пысықтау және бекіту мерзімдері реттелген.

Заң жобасы іске асырудан негізгі күтілген нәтижелер ретінде:

Республиканың әлеуметтік-экономикалық дамытуына ықпал ететін тәуекелдерді басқаруды;

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде өзінің жарналарын қаржыландыру боынша Қазақстаның міндеттемелерін орындауды;

стратегиялық жоспарлардың және бюджеттік бағдарламалардың жобаларының толық және сапалы пысықталуы мен бекітілуін қамтамасыз етуді бөліп көрсетуге болады.

Заң жобасын қолдау кері әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеліп соқпайды.



Осы заң жобасында ұсынылатын іс-шараларды іске асыруға 2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында жалпы сомасы 207 828,2 млн.теңге қаржы қаражаты көзделген, оның ішінде:

  • шартты қаржыландырылатын шығыстар – 200 106,2 млн. теңге;

Азия даму қорына донорлық жарналар – 7 722,0 млн. теңге (5,2 млн. АҚШ долл., болжамды бағам бойынша 1 АҚШ долл. – 148,5 теңге, 2012-2016 жылдарға арналған ӘЭДБ көзделген).



Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі


К. Мәсімов









Каталог: sites -> default -> files
files -> І бөлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
files -> Програмаллау технологиясының көмегімен Internet дүкен құру
files -> Интернет арқылы сот ісі бойынша ақпаратты қалай алуға болады?
files -> 6М070600 –«Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» 1 «Пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау»
files -> Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Спорт құрылыстарына санаттар беру»
files -> Регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
files -> Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Және әлеуметтік даму министрлігі
files -> Регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
files -> 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
files -> Қызылорда облысының 2015 жылғЫ Әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет