Республикалық құқықтық ақпарат орталығы



Дата14.06.2016
өлшемі30.67 Kb.
#135066
Республикалық құқықтық ақпарат орталығы

Мемлекеттiк құқық саясатын қалыптастыру мен жүзеге асырудың пәрмендi тетiгiн жасау, Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 16 маусымдағы N 1228 Жарлығымен Әдiлет министрлiгi жанынан Республикалық құқықтық ақпарат орталығы құрылды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 сәуірдегі N 487 Қаулысымен Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi саласы Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзудi қамтамасыз ету болып белгiленді. Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмi - нормативтiк құқықтық кесiмдердiң деректемелерiн және осы кесiмдер туралы ақпараттық-анықтамалық сипаттағы басқа да мәлiметтердi қамтитын Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық кесiмдерiн мемлекеттiк есепке алудың бiрыңғай жүйесi. Мемлекеттік тізілімнің ақпараттық мазмұнымен интернетте мына адрес бойынша танысуға болады: www.zanorda.kz. РҚАО “Закон («Заң») Деректер базасы” электрондық ақпараттық-іздеу жүйесінің Қазақстандағы алғашқы әзірлеушісі болып табылады. “Закон” ДБ – Қазақстан Республикасының заңнамалық, заңға тәуелді және өзге де актілерінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ең ірі электрондық жиынтығы. 90000 астам құжаттан тұрады. Базаның бағдарламалық қабықшасының түгелдей нормативтік кеңістікті, сондай-ақ оның жекелеген бөлімдерін аралап шығуға мүмкіндік беретін, кеңейтілген іздеу және сервистік мүмкіндіктері бар. Базаны жаңарту күнделікті жүргізіледі. “Закон” ДБ туралы неғұрлым нақты ақпаратты мына адрес бойынша табуға болады: www.rkao.kz.

Әділет министрлігінің тапсырмасы бойынша 2005 жылдан бастап РҚАО «бір терезе» қағидасы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына арналған «Құжаттарды қабылдау және тіркеу» бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындау және сүйемелдеу ұйымдастырылды.

Республикалық құқықтық ақпарат орталығымен ақпараттық толықтыру қамтамасыз етіледі:
«Заңнамалық актілер», «Қазақстан Республикасы Президентінің актілері» бөлімдері бойынша «электрондық үкімет» веб-порталы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің веб-сайтының нормативтік базасын және Әділет министрлігінің веб-сайтын.

Әділет министрінің 2006 жылғы 30 қазандағы № 280 бұйрығымен Әділет министрлігінің веб-сайтын әкімшілендіру мен техникалық сүйемелдеу РҚАО-на бекітілген.

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне арналған «Мемлекеттік функциялардың Тізілімін өзектендіру» тақырыбы бойынша ұлттық және экономикалық қауіпсіздік саласында зерттеу жұмыстары жүргізілді.

РҚАО Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше – мемлекеттермен құқықтық ақпаратпен алмасуды жүзеге асырады.



РҚАО-на жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында республика көлемінде барлық аймақ бойынша филиалдар желісі құрылды. Штат жоғары сыныпты мамандармен жабдықталған: инженер-бағдарламашылармен, жүйетехниктермен, заңгерлермен, экономистермен. Республикалық құқықтық ақпарат орталығы туралы неғұрлым нақты ақпаратты Интернетте мына адрес бойынша табуға болады: www.rkao.kz.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет