Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысының хаттамасы



Дата13.06.2016
өлшемі77.83 Kb.
#133851


Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Адам құқықтары жөніндегі комиссияның

кеңейтілген отырысының

ХАТТАМАСЫ

Астана қаласы № 32-50.1 2015 жылғы 19 наурыз


Сұлтанов Қ.С. төрағалық етті

Қатысқандар:
Комиссия мүшелері: Әбішев Т.Д., Әйтімова Б.С., Амандықов Қ.Я.,

Ахметжанова Б.Т., Дүйсенова Т.Б., Имашев Б.М.,

Есполов Т.И., Қасымов Қ.Н., Ким В.Г.,

Құсманғалиева Ж.Ж., Меркель И.Д., Нәби Г.Ә.,

Нұрбаев Г.К., Оңғарбаев Е.Ә., Сейдуманов С.Т.,

Өтегенов Ш.Ә., Шаханова Н.Ж.

Басшылар, басшылардың Балықбаев Т.О., Әбдіров Н.М.,

орынбасарлары, мемлекеттік Волков А.Ю., Жайылғанова А.Н.,

органдардың, мекемелердің Сүлеймен Ү.Ә., Мәкенова А.М.,

өзге лауазымды адамдары: Жонтаева Ж.А., Әбдікәрім М.С., Сәрсенова Р.С., Балапанова З.М.


ҚР Президенті Әкімшілігінің

қызметкерлері: Көптілеуова Ә.Х.

Басқа шақырылған Балашов О.Б., Волкова О.А., Ғабдуллина Қ.Ғ.,

адамдар: Ерғожа Л.А., Жақыпова П.К., Жасанова К.М.,

Қазкенов Р.К., Нарқұлов М.С., Нұрабаева З.Т.,

Ударцев С.Ф., Шәкерхан А.Ш., Шутова З.Е.



Күн тәртібі:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Қазақстан Республикасындағы бала құқықтарын қамтамасыз етудегі қызметі туралы.

2. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның Сарапшылар кеңесінің құрамындағы өзгерістер туралы.

3. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның 2015 жылға арналған жұмыс жоспары туралы.



  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Қазақстан Республикасындағы бала құқықтарын қамтамасыз етудегі қызметі туралы.

(баяндамашы: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің орынбасары Тахир Оспанұлы Балықбаев).

Талқылауға: Сұлтанов Қ.С., Әйтімова Б.С., Балықбаев Т.О., Имашев Б.М., Есполов Т.И., Қасымов Қ.Н., Ахметжанова Б.Т., Меркель И.Д., Әбішев Т.Д., Нұрабаева З.Т. қатысты.

Талқылау қорытындысы: Т.О.Балықбаевтың баяндамасы мақұлданып, назарға алынсын.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның ұсынымдық сипаттағы шешімі:



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі:

1) балаларды адамгершілік-рухани тәрбиелеу мәселелерінде ата-аналарды бұқаралық ағартуды, адамгершілік-рухани тәрбие бойынша лекторийлер ұйымдастыру, ата-аналарға арналған баспа материалдарын шығаруды қамтамасыз етсін;

2) Астана, Алматы қалалары мен облыстар әкімдіктері білім басқармаларымен бірлесіп мектептердегі тәрбие жұмысын күшейту жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын;

3) Астана, Алматы қалалары мен облыстар әкімдіктері білім басқармаларымен бірлесіп мектептердің психологиялық қызметтері мен психологтарының қызметін, соның ішінде тәуекел топтармен, сондай-ақ девиантты жасөспірімдермен жұмысты күшейту жөніндегі қызметін жетілдірсін;

4) АҚШ-тың, Оңтүстік-Шығыс Азия мен Еуропалық одақ елдерінің мектеп жүйесіндегі педагогикалық қызметтердің тәжірибесін оны қазақстандық мектептердің практикалық қызметінде қолдану мақсатымен зерделесін;

5) жалпы білім беретін мектептер мен колледждерде медиацияны дамыту шараларын қабылдасын;

6) лайықты балалар тәрбиелеген көпбалалы отбасылар, үздік отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасылық тәрбие туралы телехабарлар мен жарияланымдар жасауға көңіл бөлсін;

7) ірі балалар үйлерін өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылар мен балаларды қолдау, балалар үйлерінің түлектерін әлеуметтік бейімдеу және кәсіби бағдарлау жөніндегі орталықтарға қайта бейімдеу мүмкіндіктерін қарастырсын;

8) жетім балаларды қазақстандық азаматтардың отбасыларына орналастырудың балама нысандарын ұлғайтсын, қонақжай, қабылдаушы (фостерлік) отбасыларын заңнамалық актілерде бекітсін;

9) фостерлік ата-аналарды алмастыратын қабылдаушы отбасыларын құру жүйесіне қатысты шараларды қабылдасын;

10) дамуындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру ортасына одан әрі кіріктіру жөніндегі жұмысты жалғастырсын;

мүгедек балаларды кәдімгі балалармен біріктіріп оқытуды (инклюзивтік білімді) барлық-жерлерде дамытсын;

11) зорлық-зомбылық пен адам саудасының құрбаны болған кәмелетке толмаған балаларға көмек көрсету бойынша тиімді ведомствоаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастырсын;

12) халықты қатыгездікпен қараудың және балаларға қарсы зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде хабардар етудің, өңірлік ақпараттық науқанның, акциялардың пәрменді тетіктерін әзірлесін;

13) балалар мен жасөспірімдердің өзін-өзі танытуына, әлеуметтік бейімделуіне және оңалуына арналған бос уақытты өткізуге арналған және сауықтыру мекемелері, қосымша білім беру ұйымдары жүйесін дамытсын және олардың аз қамтылған және жағдайы төмен отбасылардан шыққан балалар үшін қолжетімдігін қамтамасыз етсін;

14) Астана, Алматы қалалары мен облыстар әкімдіктері білім басқармаларымен бірлесіп оралмандардың, еңбек мигранттарының, азаматтығы жоқ адамдар мен босқындардың жалпы білім беретін мектептерге бармайтын балаларын айқындау және осы мандаттық топтар балаларының бастауыш және орта білім алу құқықтарын қамтамасыз етудің қажетті шараларын қабылдау жөніндегі жұмысты жалғастырсын;

15) БҰҰ Білім алу құқығы жөніндегі арнайы баяндамашысы Кешор Сингхтің ұсынымдарын іс жүзіне асырсын;

16) Астана, Алматы қалалары мен облыстар әкімдіктері білім басқармаларымен бірлесіп оқушылар мен оқытушылардың қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамасында және БҰҰ Бала құқықтары туралы конвенциясында кепілдік берілген бала құқықтары туралы ағарту жұмысын күшейтсін;

17) қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасы мен БҰҰ Балаларды қорғау және шетелдік бала асырап алу саласындағы ынтымақтастық туралы конвенциясына сәйкес бала асырап алу агенттіктерінің қызметін реттеу шараларын қабылдасын.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі:

1) денсаулық сақтау ұйымдарында саламатты бала кабинеттері жүйесін ұлғайту шараларын қабылдасын;

2) ата-аналар мен жастарға көмек ретінде ерте жүктілік және нәрестеден бас тартудың профилактикасы жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды дайындасын;

3) балалардың денсаулығын сақтау және білікті медициналық көмек алу конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын;

4) еліміздің емдеу мекемелерін сапалы вакциналармен қамтамасыз етсін.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі:

1) жағдайы төмен отбасылар, қараусыз және панасыз қалған балалар арасында айқындау және оларды есепке алу үшін жеке профилактикалық жұмыстарды жалғастырсын;

2) балаларды зорлау және саудаға салу, кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстар фактілерінің алдын алу және болдырмау жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізсін.
Астана, Алматы қалалары мен облыстар әкімдері:

1) балалар мен жасөспірімдердің өзін-өзі танытуына, әлеуметтік бейімделуіне және оңалуына арналған бос уақытты өткізуге арналған сауықтыру мекемелері, қосымша білім беру ұйымдары жүйесін дамытсын және олардың аз қамтылған және жағдайы төмен отбасылардан шыққан балалар үшін қолжетімдігін қамтамасыз етсін;

2) қосымша білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту шараларын қабылдасын;

3) балалардың бос уақыттарын ұйымдастыруға арналған аула клубтарын құру мүмкіндіктерін қарастырсын;

4) азаматтық қоғамның балалардың құқықтарын қорғау мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге қатыстылығын күшейтуге ықпал етсін. Үкіметтік емес ұйымдарды әлеуметтік қауіпті жағдайдағы отбасылар мен балаларды ерте айқындауға қатысуға тартсын;

5) балалар үйлерінің түлектерін тұрғын үймен қамтамасыз ету және жұмыспен қамту жөніндегі кешенді жоспарларды әзірлесін;

6) үш ауысымды мектептерді елеулі қысқарту жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын:

7) шағын жабдықталған мектептер жұмыс істейтін шалғай елді мекендерде балалардың сапалы білім алуға қолжетімдігін қамтамасыз етсін;

8) мектеп оқушылары арасында қылмысты одан әрі төмендету мақсатында жалпы білім беретін мектептерге кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлардың қосымша бірліктерін енгізу мүмкіндіктерін қарастырсын.

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі:

1) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы отбасылық тәрбиенің оң тәжірибелерін тарату, отбасылық құндылықтарды насихаттау жөніндегі жұмысты жалғастырсын;

2) балаларда, жасөспірімдер мен жастарда адамгершілік-рухани құндылықтарды, қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-білім беру және білім беру-ойын-сауық сипатындағы фильмдер, телехабарлар өндіруді, кітаптар, брошюралар, плакаттар шығаруды ұйымдастырсын.

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп:

1) Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл (бала Омбудсмені) моделін құру жөнінде ұсыныс енгізсін;

2) Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның жұмысын қоғамдық бастамамен жұмыс істейтін хатшылар мәртебесін босатылған хатшылар мәртебесіне өзгерту есебінен нығайтсын және комиссия жұмысының өлшемдерін әзірлесін.

2. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның Сарапшылар кеңесінің құрамындағы өзгерістер туралы.

(ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның хатшысы Тастемір Дәуітұлы Әбішевтің ақпараты).

Талқылауға: Сұлтанов Қ.С., Оңғарбаев Е.Ә., Әйтімова Б.С., Жайылғанова А.Н., Әбішев Т.Д. қатысты.

Қазақстан Республикасы Президентіжанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның шешімі:

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның Сарапшылар кеңесінің құрамы Комиссия хатшылығы ұсынған тізімге сәйкес саны 40 сарапшы болып бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның 2015 жылға арналған жұмыс жоспары туралы.

(ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның хатшысы Тастемір Дәуітұлы Әбішевтің ақпараты).

Талқылауға: Сұлтанов Қ.С., Имашев Б.М., Әбішев Т.Д. қатысты.

Шешім:


1. Т.Д.Әбішевтің ақпараты назарға алынсын.

2. Комиссия жоспарының 26 тармағы Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының мемлекеттік қызметшілеріне, үкіметтік емес ұйымдардың және жұртшылықтың өкілдеріне арнап адам құқықтары бойынша оқыту семинар-тренингтерін өткізу жөніндегі қосымша іс-шаралармен толықтырылсын.

3. Комиссия жоспарының 30 тармағы жабық мекемелердегі азаптауды болдырмауға бағытталған ұлттық алдын алу тетік мәселелеріне арналған «дөңгелек үстел» өткізу жөніндегі қосымша іс-шарамен толықтырылсын.

4. Адам құқықтары жөніндегі комиссияның хатшылығы Комиссия жоспарының барлық тармақтарын іске асыру жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын.




Комиссия төрағасы Қ.Сұлтанов

Комиссия хатшысы Т. Әбішев





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет