Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы


Қаржы секторындағы бәсекелестікті арттыру



бет2/3
Дата16.06.2016
өлшемі419.34 Kb.
#138999
1   2   3
2.2. Қаржы секторындағы бәсекелестікті арттыру

 

Қазақстанның қаржы жүйесі нарықтық шоғырландырудың барынша жоғары деңгейімен сипатталады. Әсіресе, бұл елдің банктік және зейнетақы секторларына қатысты. Осындай үрдістердің болуы және Қазақстанның қаржы секторы үшін қазіргі дағдарыстың салдарлары аса ірі қаржы институттарының тәуекелдері бүкіл қаржы жүйесінің жай-күйіне жүйелік қысым көрсететін дәстүрлі теорияны тағы да растайды.



Мұндай жағдайларда дағдарыстан кейінгі дамудың негізгі басымдықтарының бірі қаржы секторындағы бәсекелестікті ынталандыру болып табылады. Мұның өзі тікелей шара ретінде бірінші кезекте банктердің капиталының ең төменгі мөлшерін біртіндеп ұлғайту қажеттілігін көздейді. Оларды ірілендіру және топтастыру не қаржы институттарының басқа түрлеріне қайта құру жаппай өнімдер бойынша ірі банктерге тиісті бәсекелестік көрсетуге қабілетті орташа банктердің нарықтық үлесінің өсуіне себепші болады. Сонымен қатар банктерді және банк өнімдерін дамытудың неғұрлым табысты шарты олардың бәсекеге қабілеттілігі болып табылады. Бұл сонымен қатар, әсіресе, аймақтарда банктік қызмет көрсетудің барынша ауқымды тізбесін қамтуды кеңейту және халықтың қол жетімділігі тұрғысынан алғанда маңызды.

Қазіргі заманғы бөлшек қаржы қызмет көрсетулерін ұсыну, ең алдымен тиісті банкаралық инфрақұрылым жасау арқылы бүгінгі күні халық барынша талап ететін төлем қызмет көрсетулерін ұсыну бойынша банктердің мүмкіндіктерін кеңейту үшін жағдайлар жасауға көңіл бөлінетін болады. Осы міндеттің шеңберінде негізгі күш-жігер тиімділікті және технологиялық үйлесімділікті арттыруға қол жеткізу мақсатында бөлшек төлемдердің қазіргі уақыттағы жекеленген және өзара әлсіз байланысқан инфрақұрылымының құрамдас бөліктерін шоғырландыруға бағытталады.

Қажет болған жағдайда қаржы секторына шетелдің қатысуын қаржы секторының әрбір сегменті бойынша жеке-жеке жиынтық жарғылық капиталдың 50%-ынан аспайтын мөлшерде шектеу жөніндегі мәселе қаралатын болады. Адал бәсекелестікті дамыту мақсатында қаржы нарығының барлық бөліктерінде бәсекелестіктің жеткілікті деңгейіне қол жеткізген кезде оның толық шығуына дейін мемлекеттің қатысуын қысқарту қамтамасыз етіледі.

 

 

2.3. Қаржы ұйымдарын реттеудегі контрциклдық принципін енгізу



 

Ағымдағы дағдарыс нәтижесінде әлемдік қаржы қоғамдастығы жасаған және реттеу жүйесін жаңғырту мен осындай дағдарыстарға жол бермеу мақсатында бұдан әрі айрықша көңіл бөлуді талап ететін түйінді қорытынды қаржылық ұйымдарды реттеудегі проциклдықты барынша аз мәнге жеткізу болып табылады.

Осыған байланысты, қаржы секторын реттеу жөніндегі қызметтің басты бағыттарының бірі контрциклдық реттеу және қадағалау қағидаттарына, оның ішінде экономиканың белсенді өсуі кезеңінде провизияларды қалыптастыру, меншік капиталды, резервтерді және өтімділікті ұлғайту және құлдырау кезеңінде жинақталған әлеуетті пайдалану арқылы одан әрі көшу болып табылады.

Меншікті капиталдың жеткіліктілігіне қойылатын талаптарды экономикадағы ахуалдың жақсаруына және бастапқы өсу белгілерінің пайда болуына қарай көтеру болжанады. Меншікті капиталдың жеткіліктілігін бағалау тәсілі сандық қана емес, сапалық тұрғыдан да жетілдірілетін болады, бұл қаржы ұйымдары капиталы құрылымының сапасын жақсартуды болжайды.

Жоғары тәуекелді операциялардың серпінді өсуі, оларды шоғырландыру шектеледі және провизиялар мен резервтерді қалыптастыруға қойылатын талаптарды арттырудан көрініс табады. Қажет болған кезде шоғырландыру лимиттерінің белгіленуі, сондай-ақ тәуекел деңгейі жоғары операцияларды жүргізуге тікелей тыйым салулар енгізілуі мүмкін.

Кредиттік тәуекелді бағалау рәсімін оңтайландыру мен провизиялардың барабар деңгейін қалыптастыру шеңберінде сонымен қатар контрциклдық тәсілді енгізу болжанады, ол тәсіл кезінде экономикалық өсу кезеңінде ықтимал шығынға резервтерді қалыптастыруға қойылатын талаптар арттырылады, ал құлдырау кезеңінде - төмендейді. Сонымен қатар стресс жағдайлары немесе күйзелістер басталған жағдайда резервтерді қалыптастыру енгізіледі. Қаржы ұйымдарының міндеттемелері бойынша күтілетін шығынды экономикалық құлдырау басталғанға дейін алдын ала тану олардың қаржылық жай-күйіне қысымды төмендете және рецессия кезеңінде қаржы өнімдерін ұсынуды қамтамасыз ете отырып, кірістің жақсы болуы сақталып отырған кезеңге дейін буферлер құруға өз үлесін қосады.

Қазіргі бар резервтерді ауыстыруға емес, арнайы резервтерді толықтыруға арналған серпінді резервтер енгізілетін болады. Серпінді резервтер нақты актив құнының шығынына қарсы, ал шартты міндеттеме жағдайында - қаржы ұйымының өз міндеттемелерін ықтимал орындауы бойынша шығынға қарсы құрылған резервтер деңгейінде күшті ауытқуларға теңдестіруші ықпал ететін болады. Қаржы ұйымдарының активтері мен міндеттемелерінің ұлғаюымен бір мезгілде арнайы және серпінді резервтер құрылуы тиіс.

Кредиттік дүрбелеңмен қоса жүретін экономикалық өрлеу кезеңінде кредит бойынша маржа кредит берумен байланысты тәуекелдің бағалау деңгейінің төмендеуі салдарынан төмендеу үрдісіне ие болатын фактіні есепке ала отырып, банк қабылдайтын тәуекелдердің жинақталуы және барабар емес баға белгілеу жүргізіледі. Даму кезеңін бағалауға балама  тәсіл ретінде бір жағынан, өтімділік пен капиталдандыру, екінші жағынан кредит бойынша маржа арасындағы кері байланыстың белгілеуге болады. Бұл сонымен қатар банктер тартатын ресурстардың оңтайлы құнын белгілеуге әсер ететін болады.

Баланстан тыс міндеттемелердің өсуін ынталандырмауға қатысты шаралар қабылданатын болады. Бұл ретте бірінші кезеңде халықаралық ұйымдар ұсынған капитал жеткіліктілігіне кеңейтілген тәсілді есепке ала отырып капиталдандыруға қойылатын талаптар күшейтіледі. Кейіннен, егер осы шаралар күткен нәтижелерге әкелмесе, осындай операцияларға қатысты тікелей тыйым салуларды белгілеуге дейін, неғұрлым қатаң әрі батыл шаралар енгізілуі мүмкін.

Оффшорлық аймақтарда тіркелген тұлғалармен өзара іс-әрекетке қатысты қаржы ұйымдарын реттеудегі тәсілдерді күшейту болжанады.

Қаржы институттары өтімділігінің барабар деңгейін қалыптастыру мақсатында өтімділіктің жеткіліктілігін бағалау үшін сандық көрсеткіштер, бағдарлар және өлшемдер белгіленеді. Банктер салымшылардың сенімдерін жоғалтқан жағдайда белгіленген мерзім ішінде (демалыс күндер басталғанға дейін) міндеттемелерді орындауға қабілетті және қаржы нарығында жалғасып отырған шиеленіскен кезеңдер ішінде тұрақты күйінде қалуы тиіс. Өтімділік деңгейінің артуы сонымен қатар өтімділігі аз активтер бағасының құбылмалылығына күйзелістердің ықпалын төмендетуге мүмкіндік береді.

Қаржы ұйымдарына қатысты сондай-ақ қаржылық левередж коэффициенттері белгіленетін болады, себебі оған тән проциклдық ағымдағы жаһандық қаржы дағдарысының бастапқы себептерінің бірі болып табылды және айтарлықтай теріс салдарларға алып келді. Бұл ретте левередждің проциклдық коэффициенттері жеке негізде, сондай-ақ шоғырландырылған негізде де белгіленетін болады.

Қорландыру және қайта қаржыландыру тәуекелдерін барынша азайту, сондай-ақ өтімділікті, оның ішінде валюталық өтімділікті жоғалтудың басқарылатын тәуекелдері бар міндеттемелердің құрылымын қалыптастыру мақсатында банктер міндеттемелерінің құрылымын қайта теңестіруге қойылатын талаптар белгіленеді. Ұйымдардың және нарықтардың елеулі зияндарын алдын ала ескерту, портфельдерінің тұрақтылығын бағалау мақсатында сақтандыру компанияларының инвестициялық қоржындарын иммунизациялау әдістері енгізілетін болады.

Уақыт аралығы бөлігінде банктердің валюталық өтімділігіне қадағалау күшейтіледі. Бұдан басқа, кредиттік тәуекелдің өтімділік тәуекеліне ықпалы активтері және шетелдік валютада тұрақты кірістері, сондай-ақ валюталық тәуекелдерді хеджирлеу құралдары жоқ заемшыларға берілген валюталық кредиттерге қатысты провизияларды қалыптастыруға қойылатын неғұрлым қатаң талаптар белгілеумен шектелетін болады.

Банктердің өтімділігін жақсарту және қайта қаржыландыру тәуекелін азайту жөніндегі шаралар шеңберінде сыртқы қарыз алудың артық деңгейін төмендету көзделеді, бұл банктердің сыртқы борыштың жиынтық міндеттемелерге арақатынасын халықаралық практикада қабылданғаннан аспайтын мөлшерге жеткізуді болжайды. Өтімділікті қалыптастыру көздерін әртараптандыру мақсатында банктердің берілген кредиттердің депозиттерге оңтайлы арақатынасын ұстап тұру жөнінде қосымша шаралар қабылданады.

Сонымен қатар контрциклдық қағидат бұдан әрі ең төменгі резервтік талаптарды қолдануға қатысты да дамитын болады.

Контрциклдық қағидат қаржы ұйымдарының инвестициялық қоржынының құрылымына және сапасына қолданылатын болады.

 

 

2.4. Күрделі қаржы құралдарын реттеу



 

Қаржы құралдары құрылымының күрделілігі және оларды шығару мен сатып алуға байланысты тәуекелдерді толық бағаламау да әлемдік қаржы жүйесінде жаһандық жүйелік тәуекелдердің үдемелі өсуінің алғышарттары болды.

Осыған байланысты құны мен тәуекелін бағалау барынша күрделі құрылымдық өнімдерді шығару мен сатып алуды реттеу қажет. Реттеу барысында оригинатордың (жасаушының) тәуекелді міндетті түрде толық немесе ішінара көтеру қағидаттары және тәуекелді қадағалау мүмкіндіктері іске асырылады. Шығаруға рұқсат етілген туынды қаржы құралдарының тізімі айқындалады, сондай-ақ туынды қаржы құралдары туралы ақпаратты көпшілікке ұсынуға және ашуға қойылатын талаптар белгіленеді. Қаржы институттарының қызметін капиталдандыру мен қорландыру мақсаттары үшін құрылымдық өнімдерді пайдалануға тікелей тыйым салу белгіленеді. Сыртқы нарықтарда тәуекелдерді хеджирлеу мәмілелерін тікелей шектейтін тетіктер енгізілетін болады. Ұйымдаспаған нарықтарда айналыста жүретін қаржы құралдарын шығаруға және сатып алуға шектеуді белгілеу жөнінде шаралар қосымша қабылданатын болады. Алыпсатарлық сипаттағы туынды құралдармен мәмілелерді барынша азайту тетіктері әзірленетін болады.

 

 

2.5. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау



рәсімдерін жетілдіру

 

Қадағалау тұжырымдамасы әлемдік практикада кеңінен пайдаланылатын, тәуекелдерді бағалауға негізделген тәсілге барынша жақындатылады. Реттеу практикасына тәуекелдер карталары енгізілетін болады. Стресс-тестинг, ертерек ден қою және тәуекелдерді шектеу бойынша жоспарларды әзірлеу рәсімдерін бұдан әрі жетілдіру болжануда.

Шоғырландырылған негізде қадағалауды бұдан әрі дамыту қадағалау, бағалау және қажет болуына орай жүйелік тәуекелдерге қатысты шаралар қабылдау үшін жекелеген банктік конгломерат институттарының және нарықтардың сенімділігіне негізгі көңіл бөлінетін реттеу мен қадағалау құрылымын бағдарға алатын болады. Банктік конгломераттарды реттеу мен қадағалау пруденциалдық реттеуді жетілдіру және банктік конгломерат қатысушылары ұшырауы ықтимал әлеуетті тәуекелдерді іс жүзінде анықтауға бағытталған топтарды инспекциялау арқылы күшейтілетін болады. Сонымен қатар басқа елдердің қадағалау органдарымен неғұрлым тығыз ынтымақтастық және олармен ақпарат алмасу арқылы трансшекаралық қадағалауды дамыту қамтамасыз етіледі.

Тәуекелдерді басқару деңгейін арттыру мақсатында қаржы ұйымдарындағы, сондай-ақ жекелеген қаржы өнімдері бойынша тәуекелдерді бағалаудың сандық және статистикалық әдістерін енгізуге және қолдануды кеңейтуге қойылатын талаптар біртіндеп арттырылатын болады.

«Ауқымды» коэффициенттер ғана емес, сонымен қатар кредит құнының кепілдікті қамтамасыз ету құнына арақатынасы сияқты неғұрлым айрықша көрсеткіштер белгіленеді деп болжануда. Контрциклдық қағидатына сәйкес экономикалық циклдің дамуына орай реттеуші осы коэффициентті өзгертуі мүмкін.

Барлық жүйелік маңызы бар қаржы институттарын, нарықтарын  және құралдарын реттеу мен қадағалаудың тиісті дәрежесін айқындау мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - Ұлттық Банк) олардың мөлшерін, левереджді, басқа қаржы ұйымдарымен, нарықтармен және құралдармен өзара байланысын, күйзелістерді трансформациялау карталарын жасау әдістемесін, реттеуші ықпал етудің талдау құралдарын қоса алғанда, кең ауқымды факторларды есепке ала отырып, жүйелілікті немесе жүйе құрушылықты айқындау әдістемесін әзірлейді.

 

 

3-бөлім. Инвесторлардың және қаржылық қызмет көрсетулерді

тұтынушылардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейту

 

Қаржылық қызмет көрсетулерді тұтынушыларды қорғау, қаржы ұйымдарының тұрақтылығын арттыру арасындағы оңтайлы теңгерімді айқындау қажет. Бір жағынан алғанда, тиімді жұмыс істейтін қаржы секторы қаржылық қызмет көрсетулерді пайдаланушылардың мүдделерін қорғаудың негізгі шарты болып табылады. Екінші жағынан алғанда, қаржы институттарының мүдделері мемлекеттік саясаттың мақсатты міндеттері мен басымдықтарына қайшы келмейтін тұрғыдан қорғалуы тиіс.

Тиісінше, қаржылық қызмет көрсетулерді тұтынушылардың мүдделерін қорғаудың қолданыстағы практикасын бағалау жүргізіледі. Атап айтқанда, қаржылық қызмет көрсетулерді тұтынушылардың құқықтық режимі және құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау практикасы күшейтіледі. Осы бағыт шеңберінде Қаржылық қадағалау агенттігі қаржылық қызмет көрсетулердің стандарттарын әзірлейді, сондай-ақ оны қаржылық қызмет көрсетулерді тұтынушылардың қаржы ұйымдарына жеке шағымдарын сотқа дейін реттеу жөніндегі өкілеттіктерін бір мезгілде бере отырып, қаржы нарығында дауларды реттеудің балама институтын - қаржы омбудсменін құрудың мақсатқа сай екендігі қаралатын болады.

Сонымен қатар қаржылық қызмет көрсетулерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында қаржылық қызмет көрсетулерді тұтынушылардың қызметтерді алу үдерісінде туындайтын талаптарын қаржы ұйымдарының қарау тәртібіне қойылатын талаптар белгіленеді.

Бағалы қағаздар нарығын заңнамалық деңгейде одан әрі дамыту мақсатында акционерлік қоғам жасайтын мәмілелер туралы ақпараттың айқындылығын арттыру, акционерлік қоғамды корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру, инвесторлардың алдында бағалы қағаздар эмитенттерінің және лицензиаттардың қызметі туралы ақпараттың мәнін ашу арқылы акционерлік қоғамдардың лауазымды тұлғаларының жауапкершілігі күшейтіледі.

Манипуляциялық мәмілелерді бақылау және болдырмау жөніндегі, инсайдерлік ақпаратты пайдалану мен таратуға бақылауды күшейту жөніндегі, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және сауда-саттық ұйымдастырушысының тәуекелдерін басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғастырылады.

Қаржылық қызмет көрсетулерді тұтынушылар мен қаржы ұйымдары арасында туындайтын қатынастарды реттейтін және қаржылық қызмет көрсетулерді тұтынушылардың тиісті сападағы қызметті сатып алуға, қызмет көрсетулер туралы шынайы және айқын ақпаратты алуға, ағартуға, олардың мүдделерін мемлекеттік және қоғамдық қорғауға арналған құқықтарын белгілеуге, сондай-ақ осындай құқықтарды іске асырудың тетігін айқындауға және қаржы ұйымдарымен жасалған шарттарға талаптарды белгілеуге мүмкіндік беретін заңнамалық база жетілдіріледі.

Жеке тұлғалардың депозиттеріне кепілдік беру жүйесінің тұрақтылығын ұлғайту үшін қатысушы банктердің күнтізбелік жарналарды төлеудің барынша консервативтік жүйесі енгізілетін болады. Тәуекелді және агрессивті стратегияларды қолдайтын банк, өз тәуекелдерін барынша азайту жөнінде шаралар қабылдайтын басқа қатысушы банктерге қарағанда, әсіресе экономикалық циклдің көтеріңкі фазасы жағдайында көбірек төлеуі тиіс.

Сақтандыру нарығында сақтандыру төлемдерінің кепілдік беру жүйесіне тартылған сақтандыру сыныптарының (түрлерінің) аясын кеңейту мүмкіндігін қарастыру қажет.

Халықтың қаржылық сауаттылығын және инвестициялық мәдениетін арттыру мақсатында ауқымды түсіндіру жұмысын жүргізу жөніндегі жұмыс жалғастырылады.

Қаржы институттарының, олардың қызметкерлерінің, аффилиирленген тұлғалардың, сондай-ақ олармен өзара іс-әрекет жасайтын Қазақстандық қаржы ұйымдарының лауазымды тұлғаларының (Қазақстандағы қызметке толық тыйым салуды қоса алғанда) қызметіне, егер олардың қызметі заңда белгіленген тәртіппен заңсыз деп танылса және Қазақстанның қаржы ұйымдарының қаржылық жай-күйіне және беделіне айтарлықтай зиян келтірсе (бірінші кезекте, Қазақстандық қаржы ұйымдары активтерінің шетелге шығуы бойынша схемалар құруы есебінен) қатаң шектеулер енгізілетін болады.

Осындай схемаларды құруға қатысқан қаржы институттарының, олардың акционерлерінің, сондай-ақ лауазымды тұлғаларының «қара тізімі» жасалынады және тиісінше, олардың Қазақстандағы қызметі заңнамалық тұрғыдан шектеледі не тыйым салынады. Бұл ретте шығарылған активтер Қазақстанға қайтарылған жағдайда мұндай шектеулерден босату мүмкіндігі берілетін болады.

Бұдан басқа, іс-әрекеттері (әрекетсіздіктері) нақты айқындалған өлшемдер негізінде дефолтқа әкелген эмитенттердің, олардың акционерлерінің, сондай-ақ лауазымды тұлғаларының «қара тізімін» қалыптастыру мүмкіндігі қарастырылады.

 

 

4-бөлім. Қаржы ұйымдарының корпоративтік басқару сапасын және



қаржы ұйымдары қызметінің айқындылығын арттыру

 

4.1. Тәуекел-менеджмент, ішкі бақылау және корпоративтік



басқару жүйесін жетілдіру

 

Жалпы әлемдік ұсынымдарды ескере отырып қаржы ұйымдарында ішкі бақылау мен тәуекел-менеджментінің тиімді жүйесін жасауға тұжырымдама және тәсілдер айтарлықтай қайта қаралады. Сонымен бір мезгілде қадағалау органының қаржы ұйымдары қолданатын осы тәуекелдерді басқару мен корпоративтік басқару жүйелерінің сапасын және тиімділігін бағалау тәсілдері мен рәсімдері, оның ішінде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін өзін-өзі бағалау бойынша қосымша талаптар белгілеу арқылы жетілдіріледі.

Қаржы ұйымдарында тәуекел-менеджментті күшейту және корпоративтік басқаруды күшейту мақсатында мынадай мәселелер қайта қаралады:

1) қаржы ұйымдары менеджментінің міндеттерін, өкілеттіктерін және жауапкершілігін нақты бөлу;

2) қаржы ұйымының бөлімшелері арасында жедел өзара іс-әрекет тетігін реттеу;

3) қызметті жүзеге асыру кезінде шешімдер қабылдаудың барынша тиімді тәртібін қамтамасыз ету;

4) қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруға байланысты тәуекелдерге рұқсат етілген лимиттерді айқындау бөлігінде барынша «қолданбалы» талаптарды белгілеу;

5) қаржы ұйымының стресс-тестингті қолдану және экономикалық капиталды жоспарлау рәсімдерін жетілдіру.

Сонымен қатар, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесі шеңберінде заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруды (жылыстатуды) және терроризмді қаржыландыруды, сондай-ақ қаржы ұйымдарындағы сыйақы және материалдық ынталандыру саясатын болдырмау рәсімдері жетілдіріледі.

Қаржы ұйымдары қызметкерлерінің кәсіби этикасының үлгі кодексін жетілдіру, оны әрбір қаржы ұйымының қабылдауы қажет. Бұл кодекс қаржы ұйымы, оның клиенттері мен акционерлері арасында мүдделер қақтығысы болған кезде туындайтын проблемалық мәселелерді реттеуі тиіс.

Тәуекелдерді басқару және корпоративтік басқару жүйелерінің сапасы және тиімділігі қаржы ұйымдары тарапынан агрессивті саясатты немесе алыпсатарлық практика көріністерін болдырмауға, сондай-ақ қаржы ұйымдарын басқару органдары сияқты тәуекел-менеджмент бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлерінің жауапкершілігіне және біліктілігіне негізделеді.

Қаржы ұйымдарының директорлар кеңесінің мүшелеріне олардың жоғары кәсіби деңгейін қамтамасыз етуге, компаниялардың қызметін жүйелі бағалау үшін тәуелсіз салалық мамандарды тартуға, заңнаманы сақтау мақсатында директорлар кеңесіне есеп беретін комитеттер құруға, ұйымдардың басшы құрамына сыйақы тағайындауға қатысты бөлігінде қойылатын талаптарды күшейту қажет. Сонымен бірге директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелерінің үлесін ұлғайтудың мақсатқа сәйкестігі қарастырылады. Жауапкершілікті арттыру мақсатында директорлар кеңесінің әрбір тәуелсіз мүшесіне нақты жауапкершілік салалары және директорлар кеңесіне есеп беретін тиісті комитеттерді басқару бекітілетін болады. Тәуелсіз директорларды сайлау тәртібіне қойылатын заңнамалық талаптарды кеңейту, бірнеше ұйымда тәуелсіз директордың функцияларын бір мезгілде орындау бөлігінде шектеу белгілеу, сондай-ақ Қаржылық қадағалау агенттігіне тәуелсіз директорларды номинациялау не тиісті қаржы ұйымының ерекшеліктеріне және мемлекеттің мүддесіне орай оларды таңдап алу үшін бірнеше кандидатураларды ұсыну құқығын беру практикасын енгізу болжанады.

Бағалау қызметі саласында қаржы және нақты активтерді бағалау сапасына және оның тәуелсіздігіне қойылатын талаптар олардың иелері - заемшылардың және сол сияқты қаржы институттары - инвесторлардың/кредиторлардың өзара мүдделерін сақтау мақсатында арттырылатын болады. Заңнамалық тұрғыдан кәсіби бағалаушылардың жауапкершілігі бекітіледі. Бағалау қызметінің халықаралық стандарттарын енгізу және олардың сақталуына реттеу мен бақылаудың тиімді жүйесін құру қажет.

Аудиторлық ұйымдардың халықаралық аудит стандарттарын енгізуі мен сақтауына және аудиторлардың біліктілігін арттыруына бақылауды күшейту талап етіледі. Сонымен қатар қаржы ұйымдарының аудитін жүзеге асыратын қазақстандық аудиторлық компанияларға қойылатын талаптар қызметкерлердің біліктілік деңгейіне, сондай-ақ тартылатын тәуелсіз сарапшылардың құзыреттілігіне қатысты күшейтіледі.

 

 

4.2. Қаржы ұйымдары қызметінің айқындылығын қамтамасыз ету



және олардың қаржы жағдайы туралы ақпаратты ашып көрсету

 

Қаржы институттарының айқындылығын арттыру мақсатында қаржы институттарындағы стресс-тестілеудің, жүйелік күйзелістер туындаған жағдайда жоспарлы іс-шаралар кешенінің нәтижелері, инвестициялау стратегиясы және қоржынның құрылымы (зейнетақы қорларына қатысты), ұйымдардың басқарушы менеджментіне бонустар төлеу жүйесі туралы ақпаратты тарату жөнінде шаралар қабылданады.

Сонымен қатар Қаржылық есептілік депозитарийіне берілетін ақпарат спектрін кеңейту мәселесі қаралады.

Қаржы ұйымдары басшыларының бонустық жүйесіне қатысты акционерлер үшін барынша айқындылықты және ықпал ету мүмкіндігін, оның ішінде жеке сыйақыларды жан-жақты баяндауға кепілдік беретін реттеу режимі енгізіледі. Жекелеген қызметі үшін басшыға төленген «нақты және маңызды» қосымша сыйақы туралы, басшыға берілген акциялардың саны туралы, сондай-ақ ұсынылған опциондар туралы ақпараттың мәні ашылатын болады.

Қаржы ұйымдары басшыларының сыйақы саясаты компанияның стратегиялық мақсаттарына және оның жұмысының тиімділік көрсеткіштеріне, сондай-ақ оның қаржы тұрақтылығының көрсеткіштеріне байланысты болады. Материалдық ынталандыру саясаты қаржы ұйымдарының басшыларын қысқа мерзімде пайданы алуға емес, ұзақ мерзімді мақсаттарға орай пайданы қамтамасыз етуге ынталандыруы тиіс. Сондықтан қаржы ұйымының бизнес-стратегиясы және оның тәуекелдерге тұрақтылығы басты бағдар болып табылады. Егер тәуекелдердің ұзақ мерзімді кезеңде көріну ықтималдылығы жоғары дәрежеде болса, төлемдер қысқа мерзімді кезеңде жүзеге асырылмайды. Тиісінше, төлемдердің мерзімі кейінге қалдыру сипатында болуы мүмкін.

Менеджменттің сапасын арттыру және акционерлік қоғамдардың лауазымды тұлғаларының фидуциарлық (дербес) жауапкершілігін күшейту үшін қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлеріне және ірі акционерлеріне, оның ішінде мінсіз іскерлік беделін айқындау өлшемдерін жетілдіруге қатысты талаптары заңнамалық деңгейде қатаңдатылатын болады. Қылмыстық жауапкершілікпен қоса, жауапкершілік атқаруға дайын болу лайықты сыйақылармен және құқықтармен теңгерілуі тиіс. Қаржы ұйымының басшысы ұйымды банкроттыққа дейін әдейі жеткізген жағдайда осы тұлғаға қатысты кез келген қаржы ұйымдарында басшылық қызметті атқаруға және қаржы ұйымының қызметіне акционер ретінде қатысуға өмір бойы тыйым салуды енгізу мүмкіндігін қарастыру қажет.

Тұлғалардың осы санатын кеңейтуге қатысты «аффилиирленген тұлғалар» ұғымын айқындау нақтыланады.

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет