Қазақстан Республикасы Президентiнiң



бет1/4
Дата03.07.2016
өлшемі426 Kb.
#175748
  1   2   3   4


Қазақстан Республикасы

Президентiнiң

2010 жылғы

Жарлығына



2- ҚОСЫМША




«Валюталық операция туралы хабарлама куәлік беру»

мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. Валюталық операция туралы хабарлама куәлік беру жөніндегі мемлекеттiк қызметті (бұдан әрi – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппараты және аумақтық филиалдары көрсетеді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң мемлекеттiк қызмет көрсететiн орталық аппараты бөлімшелерінің және аумақтық филиалдарының мекенжайлары мен байланыс деректерi осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген.



2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабы және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4516 тіркелген, 2007 жылғы 2 ақпандағы № 17 (1046) «Заң газеті» газетінде жарияланған, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 129 қаулысы негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттiк қызмет туралы ақпарат және осы Стандарттың мәтіні Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң орталық аппаратында және аумақтық филиалдарында тұтынушылар үшiн қолжетiмдi орында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң интернет-ресурсында (www.nationalbank.kz) орналастырылған.

5. Валюталық операция туралы қағаз тасымалдауыштағы хабарлама куәлік көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының резиденттері – заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі – тұтынушы) олар валюталық операцияны жасаған кезде көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: тұтынушы валюталық шарт туралы ақпарат ұсынған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде;

2) банктер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратына электронды түрде хабарлайды.

Заңды (банктерден басқа) және жеке тұлғалар валюталық операция туралы толтырылған хабарламаны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi аумақтық филиалының хат-хабар қабылдауға және тіркеуге уәкілетті бөлімшесіне/жауапты тұлғасына кезек күтпестен тапсырады (немесе хат-хабар қабылдауға арналған арнайы жабдықталған жәшiкке салады);

3) валюталық операция туралы хабарлама куәлікті тұтынушыға не оның сенiм бiлдiрiлген тұлғасына (сенiмхат негiзiнде) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының және/немесе аумақтық филиалының жауапты орындаушысы кезек күтпестен береді.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Құжаттарды қабылдау және беру, демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiнгi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн күн сайын жүзеге асырылады.

Құжаттарды қабылдау және беру кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

10. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының және аумақтық филиалдарының үйлерінде көрсетіледі. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының және аумақтық филиалдарының үйлері мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қол жетімді болуы үшін пандустары бар кіру есіктерімен жабдықталған.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Тұтынушы валюталық операция туралы хабарлама куәлікті алу үшін осы Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша валюталық операция туралы толтырылған хабарламаны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынады.

12. Валюталық операция туралы хабарламаның нысанын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсынан (www.nationalbank.kz) және/немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппараты бөлімшесінің және/немесе аумақтық филиалының жауапты орындаушысынан осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша алуға болады.

13. Банктер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратына берілетін деректердің конфиденциалдылығы мен түзетілмейтіндігін қамтамасыз ететін криптографиялық қорғаныш құралдарымен бірге ақпаратты кепілдікпен жеткізудің тасымалдау жүйесін пайдалана отырып электронды түрде хабарлайды.

Заңды (банктерден басқа) және жеке тұлғалар валюталық операция туралы толтырылған хабарламаны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі аумақтық филиалының хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті бөлімшесіне/жауапты тұлғасына осы Стандарттың 3-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша тапсырады (немесе хат-хабар қабылдауға арналған арнайы жабдықталған жәшікке салады).

Хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті бөлімше/жауапты тұлға сағат 09.00-ден бастап сағат 18.00 аралығындағы кезеңде әрбір екі сағат сайын арнайы жабдықталған жәшіктен құжаттарды алады. Алынғаннан кейін құжаттарды хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті бөлімше/жауапты тұлға тіркейді және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi аумақтық филиалының басшылығына бұдан әрi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi аумақтық филиалының жауапты бөлiмшесi қарауы үшін жібереді.

14. Банктердің валюталық операция туралы электронды түрде келіп түскен хабарламаларын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Статистика» автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйесі (бұдан әрі – «Статистика» ААШЖ) қабылдайды.



Хабарламада қателер болмаған жағдайда қабылдау туралы электронды хабарлама қалыптастырылып, банкке жіберіледі.

Хабарламада қате болған жағдайда қате туралы банкке электронды хабарлама қалыптастырылады және «Статистика» ААШЖ-не хабарлама қабылданбайды. Банк хабарламаға түзетулер енгізіп, қайтадан жіберуі тиіс.

«Статистика» ААШЖ-не хабарлама қабылдау тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақпарат технологиясы үшін жауапты бөлімшесі осы Стандарттың 4-қосымшасында көрсетілген мекенжай бойынша түсіндіреді.

Құжаттар пакетін қолма-қол тапсырған жағдайда тұтынушының (банктерден басқа) қолына осы Стандарттың 5-қосымшасына сәйкес құжаттардың алынғаны туралы талон беріледі.

Талонды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі аумақтық филиалының хат-хабар қабылдауға және тіркеуге уәкілетті бөлімшесі/жауапты тұлғасы осы Стандарттың 3-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша жазады.

Тұтынушы құжаттарды почтамен жіберген немесе хат-хабар қабылдауға арналған арнайы жабдықталған жәшiк арқылы тапсырған жағдайда құжаттардың алынғаны туралы талон берiлмейдi.



15. Валюталық операция туралы хабарлама куәлікті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының және/немесе аумақтық филиалының жауапты орындаушысы тұтынушыға не оның сенiм бiлдiрiлген тұлғасына (сенiмхат негiзiнде) жеке басын куәландыратын құжатын ұсынған кезде валюталық операция туралы хабарлама куәліктерді беруді есепке алу журналына қол қойғыза отырып береді.

Хабарлама туралы куәліктің тұтынушының келмеуі себебінен 7 (жеті) жұмыс күнінен асатын мерзімде берілуі мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзу болып табылмайды.

16. Валюталық операцияларды жасау жағдайларын нақтылау мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тұтынушыдан валюталық операцияларды жүзеге асыруға негіз болатын валюталық шартты талап етуге құқылы. Валюталық операция туралы хабарламаны растау тұтынушы талап етілетін құжаттарды ұсынғаннан кейін жүзеге асырылады.

3. Жұмыс қағидаттары
17. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бөлімшелерінің тұтынушыға қатысты басшылыққа алатын жұмыс қағидаттары:

1) әдептілік;

2) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат;

3) мемлекеттік қызметтің уақтылы көрсетілуі;

4) тұтынушының қарауға ұсынған құжаттарының сақталуы;

5) тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың қорғалуы және конфиденциалдылығы;

6) тұтынушы құжаттарды алу үшін келмеген жағдайда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құжаттарды сақтау мәселелерін реттейтін нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген мерзiмде олардың сақталуы.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы Cтандарттың 6-қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызмет көрсетудiң сапа және қолжетiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мақсатты мәндерi жыл сайын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бұйрығымен бекiтіледi.

5. Шағымдану тәртібі
20. Іс-әрекетке (әрекетсiздiкке) шағымдану және шағымды дайындауға көмек көрсету тәртібін түсіндіруді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға жауапты бөлімшесі осы Стандарттың 7-қосымшасында көрсетілген мекенжай бойынша, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі аумақтық филиалының жауапты орындаушысы осы Стандарттың 3-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша жүзеге асырады.

21. Тұтынушы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң орталық аппаратының немесе аумақтық филиалының уәкiлеттi лауазымды тұлғаларының iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасына не оның орнындағы тұлғаға, немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi аумақтық филиалының басшысына осы Стандарттың 8-қосымшасында көрсетiлген мекенжайлар бойынша шағым жасай алады.

22. Егер тұтынушы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі аумақтық филиалының басшысы қабылдаған шараларға қанағаттанбайтын болса немесе мәселені жоғары тұрған сатының қарауы талап етілсе, тұтынушы шағымды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының атына не оның орнындағы тұлғаға жазбаша түрде жолдай алады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының не оның орнындағы тұлғаның атына берiлетiн мемлекеттiк қызметтi көрсету жөнiндегi шағымдар 050040, Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21-үй мекенжайы бойынша почтамен жіберіле немесе қолмен беріле отырып, жазбаша түрде қабылданады.

23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

24. Шағымдарды тіркеу, есепке алу және қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.

Шағымды беру кезінде іс-әрекетіне шағым жасалатын субъектінің атауы немесе лауазымды тұлғалардың қызметі, аты-жөні, өтініш жасау себебі мен талаптары көрсетіледі.



Шағымдарды қарау нәтижелері туралы тұтынушыға жазбаша түрде хабарланады.

Қолмен қабылданған шағым жеке тұлғалардың өтiнiштерiн есепке алу журналында немесе заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу журналында тiркеледi.

25. Өтініштің қабылданған күні мен уақыты, қабылдаған қызметкердің аты-жөні көрсетілген талон шағымның қолмен қабылданғанын растайтын құжат болып табылады.

26. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалы басшылығының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауы осы Стандарттың 8-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тиісті аумақтық филиалында тұтынушылар үшін қолжетімді орында орналастырылатын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі аумақтық филиалы басшылығының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауы мына мекенжайда: 050040, Алматы қаласы, «Көктем-3» ықшам ауданы, 21-үйдегі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының үйінде тұтынушылар үшін қолжетімді орында орналастырылатын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.
______________________

«Валюталық операция туралы

хабарлама куәлік беру» мемлекеттік

қызмет стандартына

1-ҚОСЫМША


Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік қызмет көрсететін

орталық аппараты бөлiмшелерінің және аумақтық филиалдарының мекенжайлары және байланыс деректері


р/с



Орталық аппарат бөлімшесінің және аумақтық филиалдың атауы

Заңды мекенжайы

Кабинет нөмiрi

Коды, телефоны

1

2

3

4

5

1.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппараты

050040, Алматы қаласы, «Көктем-3» ықшам ауданы, 21










Төлем балансы және валюталық реттеу департаменті







8 (727) 2596818

қабылдау бөлмесі




Төлем балансы және валюталық реттеу департаментінің халықаралық инвестициялар басқармасы







8 (727) 2704640

2.

Орталық филиал

010000, Астана қаласы,

Бейбiтшiлiк к-сі, 21












Экономикалық талдау және статистика бөлімі




215

8 (7172) 703364

3.

Ақмола филиалы

020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Әуезов к-сі, 214










Жиынтық-экономикалық бөлім




8

8 (7162) 250211,

251618

4.

Ақтөбе филиалы

030006, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Асау-Барақ к-сі, 45










Экономикалық талдау және статистика бөлімі




3

8 (7132) 210726

5.

Алматы қалалық филиалы

050000, Алматы қаласы,

Панфилов к-сі, 98










Төлем балансының статистикасы бөлімі




304

8 (727) 2443640

6.

Алматы облыстық филиалы

040008, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Төлебаев к-сі, 58/64










Экономикалық талдау және статистика бөлімі




3-қабат

8 (7282) 272144

7.

Атырау филиалы

060002, Атырау облысы, Атырау қаласы, Уәлиханов к-сі, 2










Экономикалық талдау және статистика бөлімі




307

8 (7122) 328525

8.

Шығыс Қазақстан филалы

070019, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан к-сі, 3










Экономикалық талдау және статистика бөлімі




605

8 (7232) 254694

9.

Жамбыл филиалы

080000, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Қазыбек би к-сі, 137










Экономикалық талдау және статистика бөлімі




203

8 (7262) 457868

10.

Батыс Қазақстан филиалы

090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж. Досмұхамедов к-сі, 16










Экономикалық талдау және статистика бөлімі





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет