Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Еңбек сіңірген спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеуге



бет6/31
Дата25.02.2016
өлшемі5.1 Mb.
#22189
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Еңбек сіңірген спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеуге
ӨТІНІШ

      Сiзден маған __________________________________________________


_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                       (себебi көрсетiледi)
байланысты ай сайынғы материалдық қамсыздандыру түріндегі өмiр бойы
төлем төлеуiңiздi сұраймын.
      Маған қатысты соманы (банктiң аты, банктiң CTH-i, банктiң,
МФО-сы, есеп шотының нөмірі немесе ақша почта арқылы аударылған
жағдайда оның мекен-жайы көрсетiледi) аударуыңызды сұраймын.
      Өтiнiшке мынадай құжаттарды қоса беремiн:
      1.
      2.
      3.
      4.
      5.
      Өтiнiш берушiнiң қолы ______________

«Еңбек сіңірген спортшылар мен


жаттықтырушыларға өмір бойы ай
сайынғы материалдық     
қамсыздандыруды төлеу»   
мемлекеттік қызмет стандартына
3-қосымша          

Нысан


Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткiштерiнiң мәнi

Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылдағы нысаналы мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызметтi ұсыну оқиғаларының %-ы (үлесi)

100%







1.2. Қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен алушылардың %-ы (үлесі)

100%







2. Сапасы

2.1. Қызметтi ұсыну үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған алушылардың %-ы (үлесi)

100%







2.2. Лауазымды тұлғаның құжаттарды дұрыс ресімдеу оқиғаларының (есептеулерді, есеп айырысуларды жүргізу және т.с.с.) %-ы (үлесі)

100%







3. Қолжетiмдiлiгі

3.1. Қызметтi ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртiбi туралы ақпаратқа қанағаттанған алушылардың %-ы (үлесi)

100%







3.2. Алушылардың құжаттарын бірден дұрыс толтыру және тапсыру оқиғаларының %-ы (үлесі)

90%







3.3. Ақпаратқа Интернет арқылы қол жеткiзуге болатын қызметтердiң %-ы (үлесі)

100%







4. Шағымдану процесi

4.1. Осы қызмет түрі бойынша қызмет көрсетілген алушылардың жалпы санына қарағанда негізделген шағымдардың %-ы (үлесі)

0,1%







4.2. Негізделген, қарастырылған және қанағаттандырылған шағымдардың %-ы (үлесі)

100%







4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған алушылардың %-ы (үлесі)

100%







4.4. Шағымдану мерзіміне қанағаттанған алушылардың %-ы (үлесі)

100%







5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған алушылардың %-ы (үлесi)










«Еңбек сіңірген спортшылар мен
жаттықтырушыларға өмір бойы ай
сайынғы материалдық     
қамсыздандыруды төлеу»   
мемлекеттік қызмет стандартына
4-қосымша          

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің мекенжайы мен жұмыс кестесі

Р/с №

Атауы

Мекенжайы

Телефон нөмірлері

Жұмыс кестесі

1.

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің кеңсесі

Астана қаласы, Абай даңғылы, 33-үй, 1304-кабинет

8(7172)753427

Жұмыс күндері: сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда

2.

Спорт резерві және әдістемелік қамтамасыз ету басқармасы

Астана қаласы, Абай даңғылы, 33-үй, 1408-кабинет

8(7172)753512, 753574

Жұмыс күндері: сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда

3.

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының қабылдау бөлмесі

Астана қаласы, Абай даңғылы, 33-үй, 1001- кабинет

8(7172)753010, факс 753480

Жұмыс күндері: сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2012 жылғы 27 шілдедегі
№ 981 қаулысымен   
бекітілген      

«Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы» құрметтi атағы, «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi» құрметтi атағы, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегi спорт шеберi, Қазақстан Республикасының спорт шеберi, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi жоғары санатты әдiскер, жоғары санатты ұлттық спорт төрешiсi, ұлттық спорт төрешiсi спорттық атақтары мен санаттарын беру» мемлекеттік қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік қызметті 010000, Астана қаласы, Абай даңғылы, 33-үй мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі (бұдан әрі – уәкілетті орган) мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - орталықтар) арқылы ұсынады.


      Мемлекеттік қызметтің шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарына қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметті мобильді орталықтар арқылы көрсетуге жол беріледі.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 22-1-бабының 2), 4) және 5) тармақшаларының, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 15-2-бабының, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабының, «Спорттық атақтар мен разрядтар және спорттан төреші санаттарын берудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушының 2008 жылғы 22 тамыздағы № 01-08/142 бұйрығының және «Дене шынықтыру және спорт саласында азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу мен шарттарының ережесін, сондай-ақ Жаттықтырушыларға, әдіскерлерге, нұсқаушыларға біліктілік санаттарын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 5 наурыздағы № 02-02-18/29 бұйрығының негізінде көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:
      1) уәкілетті органның www.mts.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде;
      2) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – «Орталық» РМК) www.con.gov.kz интернет-ресурсында;
      3) ресми ақпарат көздерінде және осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес орталықтардың үй-жайларында орналасқан стенділерде орналастырылады.
      Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат call-орталығының 1414 телефоны арқылы да берілуі мүмкін.
      5. Мемлекеттік қызмет нәтижесі қағаз жеткізгіште спорттық атақты беру туралы куәлікті, жаттықтырушыларға, әдіскерлерге, нұсқаушыларға 5 жыл мерзімге санаттарды беру туралы куәлікті және спорттан төреші санатын беру туралы куәлікті беру, не болмаса оларды беруден бас тарту туралы электрондық құжат нысанындағы дәлелді жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет жаттықтырушыларға, спортшыларға, әдіскерлерге, нұсқаушыларға, спортшыларға және спорттан төрешiлерге (бұдан әрі - алушылар) атақтар мен біліктіліктерді ресми тану мақсатында көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
      1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі алушы орталыққа жүгінген сәттен бастап 30 күнтізбелік күннен аспайды (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте уәкілетті мемлекеттік орган мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға бір күн қалғанда ұсынады);
      2) алушының жүгінген күнінде сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейінгі күтудің ең шекті уақыты 20 минуттан аспайды;
      3) алушының жүгінген күнінде сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең шекті уақыты 20 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Жұмыс кестесі:
      уәкілетті органда демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін 010000, Астана қаласы, Абай даңғылы, 33-үй мекенжайы бойынша жұмыс қамтамасыз етілетін кесте белгіленеді.
      Орталықтарда мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден сенбіге дейін, еңбек заңнамасына сай, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз көрсетіледі.
      Қабылдау «электрондық» кезек тәртібінде, жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
      Мобильді орталықтар құжаттарды қабылдауды орталық бекіткен кестеге сәйкес, бірақ бір елді мекенде кемінде алты жұмыс сағаты бойы жүзеге асырады.
      10. Мемлекеттік қызмет алушының тұрғылықты жері бойынша орталықтың ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтамалық бюро, күту үшін арналған орындықтар, толтырылған бланкілердің үлгілері бар анықтамалық стенділер орналасады. Ғимаратта мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жағдайлар (күтуге арналған орындықтар, стенділер) көзделген.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      11. «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы» құрметті атағын, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегi спорт шеберi, Қазақстан Республикасының спорт шебері спорттық атақтарын беру туралы мемлекеттік қызметті алу үшін алушы орталыққа мынадай құжаттар тізбесін ұсынады:


      1) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес ұсыным;
      2) жарыстың атауы, өткізу орны мен мерзімі көрсетілген, жарыстың бас төрешісі мен бас хатшысы қол қойған жарыс хаттамасынан үзінді;
      3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитетінің мөрімен расталған Олимпиада ойындарындағы жарыстар хаттамалары (спортшы орын алған жағдайда);
      4) осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес бокстан, күрес түрлерінен және басқа да жекпе-жектерден жарыстардың бас төрешісі, бас хатшысы қол қойған нәтижелері туралы анықтама;
      5) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органының қолдаухаты;
      6) 3,5 х 4,5 көлеміндегі екі фото.
      «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» құрметті атағын алу үшін алушы құжаттарды ұсынбайды.
      «Біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы» санатын беру (және/немесе растау) туралы мемлекеттік қызметті алу үшін алушы мынадай құжаттар тізбесін ұсынады:
      1) осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
      2) білімі туралы, біліктілігін арттыруы туралы құжаттың көшірмесі;
      3) жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзіндінің көшірмесі, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтен тұратын мұрағат анықтамасы;
      4) осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес белгіленген нысанда жаттықтырушы-оқытушының спортшыларды дайындауы туралы анықтама (біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі санаты жоқ жаттықтырушы санатын беруді қоспағанда);
      5) осы спорт түрінен республикалық федерацияның мөрімен расталған жарыстар хаттамаларының көшірмелері (біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі санаты жоқ жаттықтырушы біліктілік санатын беруді қоспағанда);
      6) бұдан бұрынғы санатты беру туралы куәліктің көшірмесі.
      Мынадай құжаттардың мәліметтері:
      алушы жеке тұлғаның жеке басын куәландырушы құжат.
      «Біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы» санатын беру осы стандартқа 6-қосымшаға сәйкес дене шынықтыру ұйымдары қызметкерлерінің лауазымдарына арналған біліктілік талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын құжаттардың мәліметтерін уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі арқылы электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық құжат нысанында жеке алады.
      Орталықтың қызметкері құжаттардың түпнұсқаларын олардың көшірмелерімен және мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтермен салыстырып тексереді, содан кейін түпнұсқаларды мемлекеттік қызметті алушыға қайтарады.
      «Біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi жоғары санатты әдiскер» санатын беру (және/немесе растау) туралы мемлекеттік қызметті алу үшін алушы орталыққа мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
      2) білімі туралы, біліктілігін арттыруы туралы құжаттың көшірмесі;
      3) жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзіндінің көшірмесі, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтен тұратын мұрағат анықтамасы;
      4) бұдан бұрынғы санатты беру туралы куәліктің көшірмесі.
      Мынадай құжаттардың мәліметтері:
      алушы жеке тұлғаның жеке басын куәландырушы құжат.
      «Біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi жоғары санатты әдiскер» санатын беру осы стандартқа 6-қосымшаға сәйкес дене шынықтыру ұйымдары қызметкерлерінің лауазымдарына арналған біліктілік талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын құжаттардың мәліметтерін уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі арқылы электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық құжат нысанында жеке алады.
      Орталықтың қызметкері құжаттардың түпнұсқаларын олардың көшірмелерімен және мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтермен салыстырып тексереді, содан кейін түпнұсқаларды мемлекеттік қызметті алушыға қайтарады.
      «Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты нұсқаушы-спортшы» санатын беру (және/немесе растау) туралы мемлекеттік қызметті алу үшін алушы орталыққа мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
      2) білімі туралы, біліктілігін арттыруы туралы құжаттың көшірмесі;
      3) жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзіндінің көшірмесі, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтен тұратын мұрағат анықтамасы;
      4) осы спорт түрінен республикалық федерацияның спортшының соңғы 2 жылдағы жетістіктері көрсетіле отырып санат беру туралы мөрмен расталған қолдаухаты;
      5) бұдан бұрынғы санатты беру туралы куәліктің көшірмесі.
      Мынадай құжаттардың мәліметтері:
      алушы жеке тұлғаның жеке басын куәландырушы құжат.
      «Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты нұсқаушы-спортшы» санатын беру (және/немесе растау) осы стандартқа 6-қосымшаға сәйкес дене шынықтыру ұйымдары қызметкерлерінің лауазымдарына арналған біліктілік талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын мәліметтерді уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі арқылы электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық құжат нысанында жеке алады.
      Орталықтың қызметкері құжаттардың түпнұсқаларын олардың көшірмелерімен және мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтермен салыстырып тексереді, содан кейін түпнұсқаларды мемлекеттік қызметті алушыға қайтарады.
      «Жоғары санатты ұлттық спорт төрешiсi», «ұлттық спорт төрешiсi» төреші санаттарын беру туралы мемлекеттік қызметті алу үшін алушы орталыққа мынадай құжаттар тізбесін ұсынады:
      1) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы ұсыным;
      2) осы спорт түрі бойынша республикалық федерациялардың төрешілер алқасы өткізетін төрешілердің республикалық семинарынан өткені туралы анықтама;
      3) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарының қолдаухаты.
      12. Орталық арқылы мемлекеттік қызметті алу үшін өтініштердің бланкілерін толтыру талап етілмейді.
      13. Орталықтарда құжаттарды қабылдауды операциялық залда «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы орталықтың қызметкері жүзеге асырады.
      14. Мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттар тапсырылған кезде алушыға мыналар көрсетіле отырып тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі:
      1) сұрауды қабылдау күні мен нөмірі;
      2) сұрау жасалған мемлекеттік қызмет түрі;
      3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
      4) құжаттарды беру күні (уақыты) мен орны;
      5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;
      6) алушының тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты, және олардың байланыс телефондары.
      15. Орталықта дайын құжаттарды алушыға беруді орталықтың қызметкері қолхаттың негізінде онда көрсетілген мерзімде күн сайын «терезе» арқылы жүзеге асырады.
      Егер алушы көрсетілген мерзімде қызметтің нәтижесін алуға келмесе, орталық оның бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін уәкілетті органға береді.
      16. Уәкілетті орган аталған мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай негіздемелер бойынша бас тартады:
      1) осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың толық тізбесі ұсынылмаса;
      2) құжаттарда жалған немесе бұрмаланған деректер анықталса.
      Алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырмаған жағдайда, орталық құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
      Құжаттарды қабылдаудан бас тартқан кезде орталықтың қызметкері алушыға жетіспейтін құжаттарды көрсете отырып қолхат береді.
      Өтінішті қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап, құжаттар толық ұсынылмаған не болмаса мемлекеттік қызмет көрсету үшін белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда алушыға екі күндік мерзімде беріледі.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Уәкілетті органның қызметі мынадай қағидаттарға негізделеді:


      1) заңдылық;
      2) адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін сақтау;
      3) сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру;
      4) мемлекеттік қызметшілер үшін заңнамада белгіленген тыйымдар мен шектеулерді қатаң сақтау;
      5) заң мен сот алдында баршаның теңдiгi;
      6) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы;
      7) сапа және азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін қарау кезінде төрешілік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу;
      8) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің өзара жауапкершілігі мен мүдделерінің теңбе-тең болуы;
      9) мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпия туралы заңнаманы қатаң сақтай отырып, қоғамдық пiкiр мен жариялылықты ескеру;
      10) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат беру;
      11) алушы келмеген жағдайда құжаттарды сақтау;
      12) ақпараттың сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;
      13) тиімділік;
      14) сыпайылық.

4. Жұмыс нәтижелері

      18. Алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 7-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.


      19. «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы» құрметтi атағы, «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi» құрметтi атағы, «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегi спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының спорт шеберi», «Біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы», «Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты нұсқаушы-спортшы», «Біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi жоғары санатты әдiскер», «Жоғары санатты ұлттық спорт төрешiсi», «Ұлттық спорт төрешiсi» спорттық атақтары мен санаттарын беру» мемлекеттік қызметін көрсететін мемлекеттік органның жұмысы бағаланатын осы мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      20. Уәкілетті органның уәкілетті лауазымды тұлғаларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты алу және өртініш дайындауға жәрдем көрсету осы стандартқа 8-қосымшада көрсетілген мекенжай бойынша жүзеге асырылады. Шағым уәкілетті орган төрағасының атына беріледі.


      Орталық қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәріртібі туралы ақпаратты call-орталықтың (1414) телефоны бойынша не осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша алуға болады.
      21. Орталықтың қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда шағым орталық басшысының атына беріледі.
      22. Шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда, пошта арқылы немесе қолданыстағы заңнамамен көзделген жағдайларда электрондық түрде, не болмаса жұмыс кетесі мен мекенжайлары осы стандарттың 26-тармағында және 1, 8-қосымшаларында көрсетілген уәкілетті органның, «Орталық» РМК және орталықтардың кеңселерінде қолма-қол қабылданады.
      23. Уәкілетті органның, орталықтың және «Орталық» РМК кеңсесінде өтініштің қабылданғанын растау оның тіркелгені (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.
      Алушыға оның шағымын қабылдағанын растау үшін шағымды қабылдаған адам талон береді, онда нөмірі, күні, байланыс деректері көрсетіле отырып, шағымды қабылдаған адамның тегі көрсетіледі.
      24. Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.
      Шағымды қараудың нәтижелері туралы алушыға пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.
      25. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
      26. «Орталық» РМК мекенжайы:
      Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны: Астана қаласы, Республика даңғылы, 43А үй, телефон: 8 (7172) 94-99-95, интернет-ресурс www.con.gov.kz.

«Қазақстан Республикасының еңбек   


сiңiрген жаттықтырушысы» құрметтi  
атағы, «Қазақстан Республикасының  
еңбек сiңiрген спорт шеберi» құрметтi
атағы, Қазақстан Республикасының   
халықаралық дәрежедегi спорт шеберi, 
Қазақстан Республикасының спорт   
шеберi, біліктiлiгi жоғары және орта 
деңгейдегi жоғары санатты       
жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары   
деңгейдегi жоғары санатты нұсқаушы- 
спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта
деңгейдегi жоғары санатты әдiскер, 
жоғары санатты ұлттық спорт төрешiсi,
ұлттық спорт төрешiсi спорттық атақтары
мен санаттарын беру» мемлекеттік   
қызмет стандартына          
1-қосымша               


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет