Ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі
Меншiк немесе мүлiктiк жалдау (сенiмгерлiк басқару және өзге де шарт нысандары) құқығында ғимараттың (ғимарат, құрылым, құрылыс бөлiгiнiң) болуын растайтын құжаттың көшiрмесi;
өтiнiш берушiнiң қолымен және мөрiмен куәландырылған, көрсетiлген ойын жабдығына меншiк құқығын растайтын құжаттардың көшiрмелерiмен бiрге ойын жабдығының тiзбесi;
күзет қызметiн жүзеге асыруға заңнамада белгiленген тәртiппен лицензия алған жеке және (немесе) заңды тұлғалармен жасалған шарттың (шарттардың) көшiрмесi;
ойын мекемесi жұмысының, ставкаларды қабылдаудың және өткiзiлетiн бәс тiгудiң мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi қағидалары;
бiрiншi талап ету бойынша салымды беру шартымен (талап етiлгенге дейiнгi салым), тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 20 000 мөлшерiнде салым ашуға Қазақстан Республикасының аумағындағы екiншi деңгейлi банкпен жасалған шарттың көшiрмесi;
кассалар тiзiмi.
«Букмекер кеңсесі қызметімен
айналысу үшін лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензияның
телнұсқасын беру» мемлекеттік
қызмет стандартына
3-қосымша
Нысан
Ойын жабдығының тізбесі
Орны: _________________________________________________________
Меншік иесі: __________________________________________________
Р/с №
|
Ойын жабдығының түрі
|
Дайындаушы зауыт, сериялық нөмірі
|
Сәйкестік сертификатының деректері
|
Тестілеу күні
|
Ұтыс пайызы
|
Техникалық жағдайы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
М.О. қолы
«Букмекер кеңсесі қызметімен
айналысу үшін лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензияның
телнұсқасын беру» мемлекеттік
қызмет стандартына
4-қосымша
Нысан
Кассалар тізімі*
_______________________________________________________________
өтінім берушінің атауы
_______________________________________________________________
ойын бизнесінің саласын, ойын мекемесінің орналасқан жерін,
оның атауын көрсету
Р/с №
|
Елді мекен
|
Орналасқан жері
|
Электрондық кассаның мекенжайы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
|
|
|
|
*Кассалардың ашылуы немесе қолданыстағы кассалардың орналасқан жерінің өзгеруі кезінде 10 күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органға кассалардың өзгертілген тізімін ұсынуға міндеттенемін
М.О. қолы
«Букмекер кеңсесі қызметімен
айналысу үшін лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензияның
телнұсқасын беру» мемлекеттік
қызмет стандартына
5-қосымша
Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткiштерiнiң мәнi
Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерi
|
Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi
|
Көрсеткiштiң келесi жылдағы нысаналы мәнi
|
Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1. Уақтылылығы
|
1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызметтi ұсыну оқиғаларының %-ы (үлесi)
|
100%
|
|
|
1.2. Қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен алушылардың %-ы (үлесі)
|
100%
|
|
|
2. Сапасы
|
2.1. Қызметтi ұсыну үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған алушылардың %-ы (үлесi)
|
100%
|
|
|
2.2. Лауазымды тұлғаның құжаттарды дұрыс ресімдеу оқиғаларының (есептеулерді, есеп айырысуларды жүргізу және т.с.с.) %-ы (үлесі)
|
100%
|
|
|
3. Қолжетiмдiлiгі
|
3.1. Қызметтi ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртiбi туралы ақпаратқа қанағаттанған алушылардың %-ы (үлесi)
|
100%
|
|
|
3.2. Алушылардың құжаттарын бірден дұрыс толтыру және тапсыру оқиғаларының %-ы (үлесі)
|
90%
|
|
|
3.3. Ақпаратқа Интернет арқылы қол жеткiзуге болатын қызметтердiң %-ы (үлесі)
|
100%
|
|
|
4. Шағымдану процесi
|
4.1. Осы қызмет түрі бойынша қызмет көрсетілген алушылардың жалпы санына қарағанда негізделген шағымдардың %-ы (үлесі)
|
0,1%
|
|
|
4.2. Негізделген, қарастырылған және қанағаттандырылған шағымдардың %-ы (үлесі)
|
100%
|
|
|
4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған алушылардың %-ы (үлесі)
|
100%
|
|
|
4.4. Шағымдану мерзіміне қанағаттанған алушылардың %-ы (үлесі)
|
100%
|
|
|
5. Сыпайылық
|
5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған алушылардың %-ы (үлесi)
|
|
|
|
«Букмекер кеңсесі қызметімен
айналысу үшін лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензияның
телнұсқасын беру» мемлекеттік
қызмет стандартына
6-қосымша
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің мекенжайы мен жұмыс кестесі
Р/с №
|
Атауы
|
Мекенжайы
|
Телефон нөмірі
|
Жұмыс кестесі
|
1.
|
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің кеңсесі
|
Астана қаласы, Абай даңғылы, 33-үй, 1304-кабинет
|
8(7172)753427
|
Жұмыс күндері: сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда
|
2.
|
Ойын бизнесі басқармасы
|
Астана қаласы, Абай даңғылы, 33-үй, 1409-кабинет
|
8(7172)753152, 753438
|
Жұмыс күндері: сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда
|
3.
|
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының қабылдау бөлмесі
|
Астана қаласы, Абай даңғылы, 33-үй, 1001-кабинет
|
8(7172)753010, факс 753480
|
Жұмыс күндері: сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда
|
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 27 шілдедегі
№ 981 қаулысымен
бекітілген
«Тотализатор қызметімен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті 010000, Астана қаласы, Абай даңғылы, 33-үй, 15-қабат мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі (бұдан әрі – уәкілетті орган) мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - орталықтар) арқылы және алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы немесе «Е-лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы ұсынады.
Мемлекеттік қызметтің шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарына қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметті мобильді орталықтар арқылы көрсетуге жол беріледі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 28-бабының 4) тармақшасының, «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 9-бабының, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 15-2-бабының, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабының және «Ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1261 қаулысының негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:
1) уәкілетті органның интернет-ресурсында: www.mts.gov.kz, «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде;
2) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының интернет-ресурсында (бұдан әрі – «Орталық» РМК) www.con.gov.kz;
3) ресми ақпарат көздерінде және осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес орталықтардың үй-жайларында орналасқан стенділерде;
4) порталда орналастырылады.
Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат порталдың call-орталығының 1414 телефоны арқылы да берілуі мүмкін.
5. Мемлекеттік қызмет нәтижесі www.elicense.kz порталында тотализатор қызметімен айналысу құқығына 10 жыл мерзімге берілетін электрондық құжат нысанындағы лицензия не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы электрондық құжат нысанындағы дәлелді жауап болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына (бұдан әрі - алушылар) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі алушы орталыққа немесе порталға жүгінген сәттен бастап 15 жұмыс күнінен аспайды (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте уәкілетті мемлекеттік орган мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн қалғанда ұсынады);
2) алушы жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейінгі күтудің жол берілетін ең көп уақыты 20 минуттан аспайды;
3) алушы жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің жол берілетін ең көп уақыты 20 минуттан аспайды;
4) телнұсқа өтiнiш берiлген күнінен бастап екі жұмыс күнi iшiнде беріледі;
5) қайта ресімделген лицензия өтiнiш берiлген күнінен бастап он жұмыс күнi iшiнде беріледі.
8. Мемлекеттік қызмет «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексі) белгіленген 640 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тотализатор қызметімен айналысу құқығына жыл сайынғы лицензиялық алымды бюджетке төлеу түрінде берілетін ақылы негізде көрсетіледі. Бұл ретте лицензияның телнұсқасын беруге алымның ставкасы лицензия беру кезіндегі ставкасының 100 %-ын, лицензияларды қайта ресімдеу ставкасы лицензия беру кезіндегі ставкасының 10 %-ын құрайды, бірақ 4 айлық есептік көрсеткіштен аспайды.
Тотализатор қызметімен айналысу үшін лицензия алуға, қайта ресімдеуге, лицензияның телнұсқасын беруге электрондық сұрау портал арқылы берілген жағдайда, ақы төлеу «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
9. Жұмыс кестесі:
уәкілетті органда демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін 010000, Астана қаласы, Абай даңғылы, 33-үй мекенжайы бойынша оның жұмысы қамтамасыз етілетін кесте белгіленеді.
Орталықтарда мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден сенбіні қоса алғанға дейін, еңбек заңнамасына сай, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз көрсетіледі.
Қабылдау «электрондық» кезек тәртібінде, жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
Мобильді орталықтар құжаттар қабылдауды орталық бекіткен кестеге сәйкес, бірақ бір елді мекенде кемінде алты жұмыс сағаты бойы жүзеге асырады.
Портал тәулік бойы жұмыс істейді.
10. Мемлекеттік қызмет:
1) алушының тұрғылықты жері бойынша орталықтың ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күтуге арналған орындықтар, толтырылған бланкілердің үлгілері бар анықтамалық стендтер орналасады. Ғимаратта мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жағдайлар (күтуге арналған орындықтар, стенділер) көзделген;
2) порталда – жеке кабинетте көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшiн алушы мынадай құжаттарды ұсынады:
орталыққа:
1) өтініш;
2) заңды тұлға үшін – жарғының көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары берілмеген жағдайда нотариалды түрде куәландырылған);
3) алушының салық органында 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін есепке тұрғаны туралы куәліктің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды түрде түрде куәландырылған) көшірмесі;
4) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мөлшерде тотализатор қызметімен айналысу құқығына жыл сайынғы лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі қағаз жеткізгіште;
5) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер мен құжаттар.
6) осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес өтінім берушінің қолымен және мөрімен расталған, көрсетілген ойын жабдығына меншік құқығын растайтын құжаттардың көшірмелерімен бірге ойын жабдығының тізбесі;
7) осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес кассалар тізімі.
Мына құжаттардың мәліметтері:
1) жеке тұлға үшін - алушы жеке тұлғаның жеке басын куәландырушы құжат;
2) заңды тұлға үшін - алушыны заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
3) дара кәсіпкер үшін - алушыны дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік.
Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын құжаттардың мәліметтерін уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі арқылы электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық құжат нысанында алады.
Орталық қызметкері түпнұсқаларды құжаттардың көшірмелерімен және мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтермен салыстырып тексереді, содан кейін түпнұсқаларды мемлекеттік қызметті алушыға қайтарады.
Лицензия жоғалған немесе бүлінген жағдайларда алушыға лицензияның телнұсқасы беріледi.
Қайта ресімделген лицензия:
1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгерген кезде;
2) дара кәсіпкер қайта тіркелгенде, оның атауы мен мекенжайы өзгергенде;
3) заңды тұлға бірігу, қосылу, бөлініп шығу немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастырылғанда;
4) заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекенжайы өзгерген жағдайларда беріледі.
Қызмет түрінің және (немесе) кіші қызмет түрінің атауы өзгерген жағдайда, лицензиат осы тармақта белгіленген тәртіппен лицензияны қайта ресімдеу туралы сұрау беруге құқылы.
Порталда:
1) алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;
2) заңды тұлға үшін жарғы (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары берілмеген жағдайда нотариалды түрде куәландырылған) электрондық сканерленген көшірме түрінде электрондық сұрауға тіркеледі;
3) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер мен құжаттар сканерлерген көшірмелер түрінде құжаттың электрондық сұрауына тіркеледі;
4) осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес өтінім берушінің қолымен және мөрімен расталған, көрсетілген ойын жабдығына меншік құқығын растайтын құжаттардың көшірмелерімен бірге ойын жабдығының тізбесі сканерлерген көшірмелер түрінде электрондық сұрауға тіркеледі;
5) осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес кассалар тізімі сканерлерген көшірмелер түрінде электрондық сұрауға тіркеледі.
Мынадай құжаттардың мәліметтері:
1) жеке тұлға үшін - алушы жеке тұлғаның жеке басын куәландырушы құжат;
2) заңды тұлға үшін - алушыны заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
3) дара кәсіпкер үшін - алушыны дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
4) алушыны салық органында есепке қою туралы куәлік;
5) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы мәліметтер.
Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын құжаттардың мәліметтерін уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық құжат нысанында алады.
Лицензия жоғалған немесе бүлінген жағдайларда алушыға лицензияның телнұсқасы беріледi.
Қайта ресімделген лицензия:
1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгергенде;
2) дара кәсіпкер қайта тіркелгенде, оның атауы мен мекенжайы өзгергенде;
3) заңды тұлға бірігу, қосылу, бөлініп шығу немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастырылғанда;
4) заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекенжайы өзгерген жағдайларда беріледі.
Қызмет түрінің және (немесе) кіші қызмет түрінің атауы өзгерген жағдайда, лицензиат осы тармақта белгіленген тәртіппен лицензияны қайта ресімдеу туралы электрондық құжат нысанда сұрау беруге құқылы.
12. Телнұсқа алу үшін алушы (немесе сенімхат бойынша өкілі) лицензияның жоғалу, бүліну фактісін растайтын құжаттарды қоса отырып, сұрау береді.
Алушы қайта ресімдеу туралы сұрауды лицензияларды, лицензиялардың көшірмелерін және лицензияларға қосымшаларды (бар болған жағдайда) қайта ресімдеу кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттарды қоса береді.
Орталық арқылы мемлекеттік қызметті алу үшін өтініштердің бланкілерін толтыру талап етілмейді.
Мемлекеттік қызметті портал арқылы алу үшін электрондық сұраудың нысанын толтыру қажет.
Орталықтарда бекітілген нысандағы өтініштердің бланкілері күту залындағы арнайы бағанда, сондай-ақ «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады.
13. Орталықтарда құжаттарды қабылдау операциялық залда «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылады.
14. Мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттар тапсырылған кезде алушыға мыналар көрсетіле отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі:
1) сұрауды қабылдау күні мен нөмірі;
2) сұрау жасалған мемлекеттік қызмет түрі;
3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
4) құжаттарды беру күні (уақыты) мен орны;
5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;
6) алушының тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары.
Портал арқылы жүгінген кезде алушыға порталдағы «жеке кабинетіне» алушының мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті ұсыну үшін сұраудың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі.
15. Орталықта дайын құжаттарды алушыға беруді орталықтың қызметкері қолхаттың негізінде онда көрсетілген мерзімде күн сайын «терезе» арқылы береді.
Егер алушы көрсетілген мерзімде қызметтің нәтижесін алуға келмесе, орталық оның бір ай бойы сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін уәкілетті органға береді.
Порталдағы «жеке кабинетте» - сұрау жеке жіберілген кезде.
16. Уәкілетті орган аталған мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай негіздемелер бойынша бас тартады:
1) аталған субъектілер санаты үшін қызмет түрімен айналысуға Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынса;
2) алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;
3) қызметтің түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым енгізілмесе;
4) алушыға өтініш білдірілген қызмет түрімен айналысуға тыйым салатын оған қатысты заңды күшіне енген соттың үкімі болса.
Алушы осы стандарттың 11 және 12-тармақтарында көрсетілген құжаттардың біреуі тапсырмаған жағдайда, орталық құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Құжаттарды қабылдаудан бас тартқан кезде орталықтың қызметкері алушыға жетіспейтін құжаттарды көрсете отырып қолхат береді.
Алушының өтінішін қараудан бас тарту туралы уәкілетті органның дәлелді жауабы орталыққа екі күн мерзімде жіберіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |