Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгi, дене шынықтыру және спорт саласындағы жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы



бет1/8
Дата03.07.2016
өлшемі0.76 Mb.
#175558
  1   2   3   4   5   6   7   8
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгi, дене шынықтыру және спорт саласындағы жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 27 шiлдедегi № 981 Қаулысы



ҮЗIНДI:



Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң      
2012 жылғы 27 шiлдедегi
№ 981 қаулысымен   
бекiтiлген      

«Екiншi және үшiншi разрядтар, бiрiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдiк разрядтар, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты

Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттiк қызметтi ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) дене шынықтыру және спорт мәселелерi жөнiндегi атқарушы органдары (бұдан әрi - жергiлiктi атқарушы органдар) мекенжайлары осы стандартқа 1, 2-қосымшаларда көрсетiлген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрi - орталықтар) арқылы көрсетедi.


      Мемлекеттiк қызметтiң шалғайдағы елдi мекендердiң тұрғындарына қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттiк қызметтi мобильдi орталықтар арқылы көрсетуге жол берiледi.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызмет «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 22-1-бабының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларының, «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 15-2-бабының, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабының, «Дене шынықтыру және спорт саласында азаматтық қызметшiлердi аттестаттаудан өткiзу мен шарттарының ережесiн, сондай-ақ Жаттықтырушыларға, әдiскерлерге, нұсқаушыларға бiлiктiлiк санаттарын беру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрiнiң мiндетiн атқарушының 2011 жылғы 5 наурыздағы № 02-02-18/29 бұйрығының, сондай-ақ «Спорттық атақтар мен разрядтар және спорттан төрешi санаттарын берудiң ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрiнiң мiндетiн атқарушының 2008 жылғы 22 тамыздағы № 01-08/142 бұйрығының негiзiнде көрсетiледi.
      4. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат:
      1) Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгiнiң (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) www.mts.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттiк қызметтер» бөлiмiнде;
      2) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының (бұдан әрi – «Орталық» РМК) www.con.gov.kz интернет-ресурсында;
      3) ресми ақпарат көздерiнде және осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес орталықтардың үй-жайларында орналасқан стендiлерде орналастырылады.
      Мемлекеттiк қызмет туралы ақпарат сондай-ақ call-орталығының 1414 телефоны арқылы берiлуi мүмкiн.
      5. Мемлекеттiк қызмет нәтижесi қағаз жеткiзгiште 5 жыл мерзiмге спорттық разряд немесе санат беру туралы бұйрықтан үзiндi не мемлекеттiк көрсетуден бас тарту туралы электрондық құжат нысанындағы дәлелдi жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет жаттықтырушыларға, әдiскерлерге, нұсқаушыларға, спортшыларға және спорт төрешiлерiне (бұдан әрi - алушылар) спорттық разрядтары мен бiлiктiлiктердi ресми тану мақсатында көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:
      1) мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi алушы жүгiнген сәттен бастап күнтiзбелiк 30 күннен аспайды (құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi, бұл ретте жергiлiктi атқарушы орган мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi аяқталғанға бiр күн қалғанда ұсынады);
      2) алушы жүгiнген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға дейiнгi күтудiң жол берiлетiн ең көп уақыты 20 минуттан аспайды;
      3) алушы жүгiнген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң жол берiлетiн ең көп уақыты 20 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
      9. Жұмыс кестесi:
      жергiлiктi атқарушы органдарда демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, түскi асқа үзiлiс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес оның жұмысы қамтамасыз етiлетiн кесте белгiленедi.
      Орталықтарда мемлекеттiк қызмет демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден сенбiнi қоса алғанға дейiн, еңбек заңнамасына сай, белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн үзiлiссiз көрсетiледi.
      Қабылдау «электрондық» кезек тәртiбiнде, жеделдетiлген қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.
      Мобильдi орталықтар құжаттар қабылдауды орталық бекiткен кестеге сәйкес, бiрақ бiр елдi мекенде кемiнде алты жұмыс сағаты бойы жүзеге асырады.
      10. Мемлекеттiк қызмет алушының тұрғылықты жерi бойынша орталықтардың ғимаратында көрсетiледi. Залда анықтамалық бюро, күту үшiн арналған орындықтар, толтырылған бланкiлердiң үлгiлерi бар анықтамалық стендтер орналасады. Ғимаратта мүмкiндiгi шектеулi адамдар үшiн жағдайлар (күтуге арналған орындықтар, стендiлер) көзделген.
      Спортшыны спорттық атаққа, разрядқа ұсыну үшiн құжаттар жергiлiктi атқарушы органдарға және орталықтарға тиiстi норматив немесе талап орындалған сәттен бастап алты ай iшiнде жiберiледi.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      11. «1 жасөспiрiмдiк разряд спортшысы», «2 жасөспiрiмдiк разряд спортшысы», «3 жасөспiрiмдiк разряд спортшысы» спорттық разрядтарын беру туралы мемлекеттiк қызметтi алу үшiн алушы орталыққа мынадай құжаттар тiзбесiн ұсынады:


      1) осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес белгiленген нысандағы ұсыным;
      2) жарыстың атауы, оны өткiзу мерзiмi мен орны көрсетiлген, жарыстың бас төрешiсi мен бас хатшысы қол қойған хаттамадан үзiндi;
      3) осы спорт түрiнен республикалық федерацияның мөрiмен расталған жарыстар хаттамаларының көшiрмелерi;
      4) осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес бас төрешiсiнiң, бас хатшысының қол қойған бокс, күрес түрлерi мен басқа да жекпе-жектердiң нәтижелерi туралы анықтамасы.
      Мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын құжаттардың мәлiметтерiн жергiлiктi атқарушы орган тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесi арқылы электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық құжат нысанында алады.
      Орталық қызметкерi түпнұсқаларды құжаттардың көшiрмелерiмен және мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк ақпараттық жүйелерiнен алынған мәлiметтермен салыстырып тексередi, содан кейiн түпнұсқаларды мемлекеттiк қызметтi алушыға қайтарады.
      «Бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы», «Бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы» санаттарын беру (және/немесе растау) туралы мемлекеттiк қызметтi алу үшiн алушы орталыққа мынадай құжаттар тiзбесiн ұсынады:
      1) осы стандартқа 6-қосымшаға сәйкес белгiленген нысандағы өтiнiш;
      2) бiлiмi туралы, бiлiктiлiгiн арттыруы туралы құжаттардың көшiрмелерi;
      3) еңбек кiтапшасының немесе жұмыс берушiнiң оны тоқтату күнi мен негiздемесi туралы белгiсi бар еңбек шартының немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негiзiнде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушiнiң актiсiнен үзiндiнiң көшiрмесi немесе қызметкердiң еңбек қызметi туралы мәлiметтен тұратын мұрағат анықтамасы;
      4) осы стандартқа 7-қосымшаға сәйкес белгiленген нысандағы анықтама («Бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi санаты жоқ жаттықтырушы» санатын берудi қоспағанда);
      5) осы спорт түрiнен облыстық федерацияның мөрiмен расталған жарыстар хаттамаларының көшiрмелерi («Бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi санаты жоқ жаттықтырушы» бiлiктiлiк санатын берудi қоспағанда);
      6) бұдан бұрынғы бiлiктiлiк санатының берiлуi туралы куәлiктiң көшiрмесi.
      Мынадай құжаттардың мәлiметтерi:
      жеке тұлға үшiн - алушы жеке тұлғаның жеке басын куәландырушы құжат.
      Мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын құжаттардың мәлiметтерiн жергiлiктi атқарушы орган тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесi арқылы электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық құжат нысанында алады.
      Орталық қызметкерi түпнұсқаларды құжаттардың көшiрмелерiмен және мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк ақпараттық жүйелерiнен алынған мәлiметтермен салыстырып тексередi, содан кейiн түпнұсқаларды мемлекеттiк қызметтi алушыға қайтарады.
      «Бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы», «Бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы» санаттарын беру осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес дене шынықтыру ұйымдарының қызметкерлерi лауазымдарына арналған бiлiктiлiк талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      «Бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер», «Бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер» санаттарын беру (және/немесе растау) туралы мемлекеттiк қызметтi алу үшiн алушы орталыққа мынадай құжаттар тiзбесiн ұсынады:
      1) осы стандартқа 6-қосымшаға сәйкес белгiленген нысандағы өтiнiш;
      2) бiлiмi туралы, бiлiктiлiгiн арттыруы туралы құжат;
      3) еңбек кiтапшасының немесе жұмыс берушiнiң оны тоқтату күнi мен негiздемесi туралы белгiсi бар еңбек шартының немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негiзiнде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушiнiң актiсiнен үзiндiнiң көшiрмесi немесе қызметкердiң еңбек қызметi туралы мәлiметтен тұратын мұрағат анықтамасы;
      4) бұдан бұрынғы бiлiктiлiк санатының берiлуi туралы куәлiк.
      Мынадай құжаттардың мәлiметтерi:
      жеке тұлға үшiн - алушы жеке тұлғаның жеке басын куәландырушы құжат.
      «Бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер», «Бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер» санаттарын беру осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес дене шынықтыру ұйымдарының қызметкерлерi лауазымдарына арналған бiлiктiлiк талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      Мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын құжаттардың мәлiметтерiн жергiлiктi атқарушы орган тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесi арқылы электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық құжат нысанында алады.
      Орталық қызметкерi түпнұсқаларды құжаттардың көшiрмелерiмен және мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк ақпараттық жүйелерiнен алынған мәлiметтермен салыстырып тексередi, содан кейiн түпнұсқаларды мемлекеттiк қызметтi алушыға қайтарады.
      «Бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы» санатын беру (және/немесе растау) туралы мемлекеттiк қызметтi алу үшiн алушы орталыққа мынадай құжаттар тiзбесiн ұсынады:
      1) осы стандартқа 6-қосымшаға сәйкес белгiленген нысандағы өтiнiш;
      2) бiлiмi туралы, бiлiктiлiгiн арттыруы туралы құжаттардың көшiрмелерi;
      3) еңбек кiтапшасының немесе жұмыс берушiнiң оны тоқтату күнi мен негiздемесi туралы белгiсi бар еңбек шартының немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негiзiнде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушiнiң актiсiнен үзiндiнiң көшiрмесi немесе қызметкердiң еңбек қызметi туралы мәлiметтен тұратын мұрағат анықтамасы;
      4) спорт түрiнен республикалық федерацияның спортшының соңғы 2 жылдағы жетiстiктерi көрсетiлген, санатын беру туралы мөрмен расталған қолдаухаты;
      5) бұдан бұрынғы санатының берiлуi туралы куәлiк.
      Мынадай құжаттардың мәлiметтерi:
      жеке тұлға үшiн - алушы жеке тұлғаның жеке басын куәландырушы құжат.
      «Бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер», «Бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер» санаттарын беру осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес дене шынықтыру ұйымдарының қызметкерлерi лауазымдарына арналған бiлiктiлiк талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      Мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын құжаттардың мәлiметтерiн жергiлiктi атқарушы орган тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесi арқылы электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық құжат нысанында алады.
      Орталық қызметкерi түпнұсқаларды құжаттардың көшiрмелерiмен және мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк ақпараттық жүйелерiнен алынған мәлiметтермен салыстырып тексередi, содан кейiн түпнұсқаларды мемлекеттiк қызметтi алушыға қайтарады.
      «Спорт төрешiсi» төрешi санатын беру туралы мемлекеттiк қызметтi алу үшiн алушы орталыққа Қазақстан Республикасының спорттық жiктегiшiнiң талаптарына сәйкес төрешiлiк практикасы тәжiрибесiн (курстар, семинарлардан өткенiн) растайтын құжатты ұсынады.
      12. Орталық арқылы мемлекеттiк қызметтi алу үшiн өтiнiштердiң бланкiлерiн толтыру талап етiлмейдi.
      13. Орталықта құжаттарды қабылдауды операциялық залда «кедергiсiз» қызмет көрсету арқылы орталықтың қызметкерлерi жүзеге асырады.
      14. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн барлық қажеттi құжаттар тапсырылған кезде алушыға мыналар көрсетiле отырып тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат берiледi:
      1) сұрауды қабылдау күнi мен нөмiрi;
      2) сұрау жасалған мемлекеттiк қызмет түрi;
      3) қоса берiлген құжаттардың саны мен атауы;
      4) құжаттарды беру күнi (уақыты) мен орны;
      5) құжаттарды ресiмдеуге өтiнiштi қабылдаған орталық қызметкерiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты;
      6) алушының тегi, аты, әкесiнiң аты, уәкiлеттi өкiлдiң тегi, аты, әкесiнiң аты және олардың байланыс телефондары.
      15. Орталықта дайын құжаттарды алушыға берудi орталықтың қызметкерi қолхаттың негiзiнде онда көрсетiлген мерзiмде күн сайын «терезе» арқылы жүзеге асырады.
      Егер алушы көрсетiлген мерзiмде қызметтiң нәтижесiн алуға келмесе, орталық оның бiр ай iшiнде сақталуын қамтамасыз етедi, содан кейiн жергiлiктi атқарушы органға бередi.
      16. Жергiлiктi атқарушы органдар аталған мемлекеттiк қызметтi көрсетуден мынадай негiздемелер бойынша бас тартады:
      1) осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттардың толық тiзбесi ұсынылмаса;
      2) құжаттарда жалған немесе бұрмаланған деректер анықталса;
      3) спортшыға спорттық атақтарды беру құжаттарын тиiстi норматив немесе талаптар орындалған сәттен бастап алты айдан асып кеткен мерзiмде ұсынылса.
      Алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттардың бiрiн тапсырмаған жағдайда, орталық құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
      Құжаттарды қабылдаудан бас тартқан кезде орталықтың қызметкерi алушыға жетiспейтiн құжаттарды көрсете отырып қолхат бередi.
      Өтiнiштi қараудан бас тарту туралы дәлелдi жауап, құжаттар толық ұсынылмаған не болмаса мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн белгiленген мерзiмде ұсынылмаған жағдайда алушыға екi күндiк мерзiмде берiледi.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Жергiлiктi атқарушы органдардың қызметi мына қағидаттарға негiзделедi:


      1) заңдылық
      2) адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексiн сақтау;
      3) сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне қарсы тұру;
      4) мемлекеттiк қызметшiлер үшiн заңнамада белгiленген тыйымдар мен шектеулердi қатаң сақтау;
      5) заң мен сот алдында баршаның теңдiгi;
      6) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы;
      7) сапа және азаматтар мен ұйымдардың өтiнiштерiн қарау кезiнде төрешiлiк пен сөзбұйдалық көрiнiстерiне жол бермеу;
      8) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң өзара жауапкершiлiгi мен мүдделерiнiң теңдiгi;
      9) мемлекеттiк құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпия туралы заңнаманы қатаң сақтай отырып, қоғамдық пiкiр мен жариялылықты ескеру;
      10) көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет туралы толық ақпарат беру;
      11) алушы келмеген жағдайда құжаттарды сақтау;
      12) ақпараттардың сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;
      13) тиiмдiлiк;
      14) сыпайылық.

4. Жұмыс нәтижелерi

      18. Алушыларға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы стандартқа 8-қосымшаға сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.


      19. «Екiншi және үшiншi разрядтар, бiрiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдiк разрядтар, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру» мемлекеттiк қызметiн көрсететiн жергiлiктi атқарушы органның жұмысы бағаланатын осы мемлекеттiк қызметтiң сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәнi жыл сайын жергiлiктi атқарушы органның бұйрығымен бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

      20. Уәкiлеттi лауазымды тұлғалардың әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi туралы ақпарат алу және өтiнiштер дайындауға жәрдем көрсету осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша жүзеге асырылады.


      Орталық қызметкерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты call-орталықтың (1414) телефоны бойынша не осы стандартқа 1, 2-қосымшада және 26-тармақта көрсетiлген мекенжайлар мен телефондар бойынша алуға болады.
      21. Көрсетiлген қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, алушы осы стандартқа 9-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша жоғары тұрған инстанцияға жүгiне алады.
      Орталықтың қызметкерi дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда шағым орталық басшысының атына берiледi.
      22. Шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда, пошта арқылы немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электрондық түрде, не болмаса жұмыс кестесi мен мекенжайлары осы стандартқа 1, 2, 9-қосымшаларда және 26-тармағында көрсетiлген жергiлiктi атқарушы органдардың, әкiмдiктердiң, «Орталық» РМК және орталықтардың кеңселерiнде қолма-қол қабылданады.
      23. Жергiлiктi атқарушы органдардың, әкiмдiктiң, орталықтың және «Орталық» РМК кеңсесiнде өтiнiштiң қабылданғанын растау оның тiркелгенi (мөртабан, кiрiс нөмiрi және тiркеу күнi шағымның екiншi данасына немесе шағымға iлеспе хатқа қойылады) болып табылады.
      Алушыға оның шағымының қабылдағанын растау үшiн шағымды қабылдаған адам талон бередi, онда нөмiрi, күнi, байланыс деректерi көрсетiле отырып, шағымды қабылдаған адамның тегi көрсетiледi.
      24. Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртiппен және мерзiмдерде жүзеге асырылады.
      Шағымды қараудың нәтижелерi туралы алушыға пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.
      25. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда алушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.
      26. «Орталық» РМК мекенжайы:
      Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Мемлекеттiк қызметтердi автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметiн үйлестiру комитетiнiң «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттiк кәсiпорны: Астана қаласы, Республика даңғылы, 43А-үй, телефон: 8 (7172)94-99-95, интернет-ресурсы: www.con.gov.kz.

«Екiншi және үшiншi разрядтар,  


бiрiншi, екiншi және үшiншi    
жасөспiрiмдiк разрядтар, бiлiктiлiгi
жоғары және орта деңгейдегi екiншi
санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi
жоғары деңгейдегi екiншi санатты 
нұсқаушы-спортшы, бiлiктiлiгi жоғары
және орта деңгейдегi екiншi санатты
әдiскер, спорт төрешiсi спорттық
разрядтары мен санаттарын беру»
мемлекеттiк қызмет стандартына 
1-қосымша            

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының дене шынықтыру және спорт мәселелерi жөнiндегi жергiлiктi атқарушы органдарының мекенжайлары мен жұмыс кестелерi

Р/с №

Атауы

Мекенжайы

Телефон нөмiрi

Жұмыс кестесi

1

2

3

4

5

1.

Астана қаласы әкiмдiгiнiң туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы

Астана қаласы, Кенесары көшесi,14-үй

8(7172)556753, 557299, факс 391402

Жұмыс күндерi: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн, демалыс және мереке күндерiн қоспағанда

2.

Алматы қаласы әкiмдiгiнiң туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы

Алматы қаласы, Республика алаңы, 4-үй

8(7272)71-65-74, 61-25-29, 71-65-72

Жұмыс күндерi: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн, демалыс және мереке күндерiн қоспағанда

3.

Алматы облысы әкiмдiгiнiң туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы

Талдықорған қаласы, Желтоқсан көшесi, 222-үй

8(7282)251057

Жұмыс күндерi: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн, демалыс және мереке күндерiн қоспағанда

4.

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы

Көкшетау қаласы, Пушкин көшесi, 11 «а»-үй

8(7162)763427, факс 763378

Жұмыс күндерi: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн, демалыс және мереке күндерiн қоспағанда

5.

Ақтөбе облысы әкiмдiгiнiң туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы

Ақтөбе қаласы, Әбiлхайыр хан даңғылы, 40-үй

8(7132)552636, факс 552636

Жұмыс күндерi: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.00-ға дейiн, демалыс және мереке күндерiн қоспағанда

6.

Атырау облысы әкiмдiгiнiң туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы

Атырау қаласы, Абай көшесi, 10 А-үй

8(7122)32-05-24, факс 32-05-26

Жұмыс күндерi: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн, демалыс және мереке күндерiн қоспағанда

7.

Шығыс Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы

Өскемен қаласы, Карл Либкнехт көшесi, 19-үй

8(7232)250668, 252446, 296244, 578769, 577658

Жұмыс күндерi: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн, демалыс және мереке күндерiн қоспағанда

8.

Батыс Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы

Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 201-үй

8(7112)505272, 511740, 512711, 506589, 500862

Жұмыс күндерi: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн, демалыс және мереке күндерiн қоспағанда

9.

Жамбыл облысы әкiмдiгiнiң туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы

Тараз қаласы, Желтоқсан көшесi, 72-үй

8(7262)450514

Жұмыс күндерi: сағат 9.00-ден 18.00-ға дейiн, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн, демалыс және мереке күндерiн қоспағанда

10.

Қарағанды облысы әкiмдiгiнiң туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы

Қарағанды қаласы, Бұхар жырау даңғылы, 53-үй

8(7212)507112, факс 507114

Жұмыс күндерi: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн, демалыс және мереке күндерiн қоспағанда

11.

Қызылорда облысы әкiмдiгiнiң туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы

Қызылорда қаласы, Мұратбаев көшесi, 1-үй

8(7242)230564, факс 230138

Жұмыс күндерi: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн, демалыс және мереке күндерiн қоспағанда

12.

Қостанай облысы әкiмдiгiнiң туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы

Қостанай қаласы, Таран көшесi, 83-үй

8(7142)575330, 575216, факс 575330, 575216

Жұмыс күндерi: сағат 8.30-дан 18.00-ге дейiн, түскi үзiлiс сағат 12.30-дан 14.00-ге дейiн, демалыс және мереке күндерiн қоспағанда

13.

Маңғыстау облысы әкiмдiгiнiң туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы

Ақтау қаласы, 12-ықшам ауданы, «Мұнайшы» спорт кешенi

8(7292)310579, 310436, 330131

Жұмыс күндерi: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн, демалыс және мереке күндерiн қоспағанда

14.

Павлодар облысы әкiмдiгiнiң туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы

Павлодар қаласы, 1 май көшесi, 170-үй

8(7182)619400, 619153, факс 619150

Жұмыс күндерi: сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн, демалыс және мереке күндерiн қоспағанда

15.

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы

Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесi, 28-үй

8(7152)46-60-40, факс 46-62-58

Жұмыс күндерi: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн, демалыс және мереке күндерiн қоспағанда

16.

Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы

Шымкент қаласы, Мәделi Қожа көшесi, 1-үй

8(7252)224288, факс 423352

Жұмыс күндерi: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн, демалыс және мереке күндерiн қоспағанда

«Екiншi және үшiншi разрядтар,  
бiрiншi, екiншi және үшiншi    
жасөспiрiмдiк разрядтар, бiлiктiлiгi
жоғары және орта деңгейдегi екiншi
санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi
жоғары деңгейдегi екiншi санатты 
нұсқаушы-спортшы, бiлiктiлiгi жоғары
және орта деңгейдегi екiншi санатты
әдiскер, спорт төрешiсi спорттық
разрядтары мен санаттарын беру»
мемлекеттiк қызмет стандартына 
2-қосымша            


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет