Ясауидің әкесі Ибраһим шайық пен анасы Қарашаш туралы айтыңыз: Қ.А.Яссауидің әкесі Ибраһим ата Сайрамда жасаған ғұлама кісі болыпты. Ол өзінің ұстазы Мұса шайхтың қызы Айшаға (Карашаш) үйленіп, Гауһаршахназ атты қыз бен одан он жас кіші Ахмет деген бір ұл бала көреді. Ахметтің шешесі жастай дүние салады, әкесі де жеті жасында қайтыс болады. Қожа Ахмет Ясауидің арғы тегі қожалар әулеті. Әкесі – Исфиджабта даңққа бөленген әулие, Әзірет Әлінің ұрпағы Шейх Ибраһим. Анасы – Мұса шейхтың қызы Айша (Қарашаш ана). Мұса шейх те Исфиджабта әулиелігімен танылған. Қарашаш ананың шын есімі Айша бибі сайрамдық атақты Мұса шейхтың қызы болған. Айша бибі өмір сүрген ХІ ғасырда өлкемізде ғылым мен өнердің, мәдениеттің дамыған кезі болатын. Ұлы ғұлама Қожа Ахметтің анасы өз дәуірінің көзі ашық, әдепті, білімді әйелдерінің бірі болған. Қарашаш ананы бүкіл түрік әлемі ардақ тұтады. Ол ізгі аналықтың символы іспеттес. Қарашаш ананың қабірстанында ол кісіге қатысты Ибраһим қожа, Сүлеймен қожа, Сәлім қожа және Дәуіт қожа сынды жандардың да қабірлері қойылған.
Ұлы ғұлама Қожа Ахметтің анасы өз дәуірінің көзі ашық, білімді әйелдерінің бірі болыпты. Бүгінгі зерттеушілеріміз сакралды әйелдер образы туралы сөз қозғағанда, Қарашаш анадан бастайтыны – заңды нәрсе. Қарашаш ана күмбезі – ХІІІ-ХІV ғасырлардағы сәулет өнері ескерткіші. Қожа Ахмет Ясауидің анасы – Қарашаштың басына тұрғызылған. Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында орналасқан.
Арыстан бабтың Ясауиге құрманы беру туралы аңызын баяндаңыз: Ан Хазіретіміз (с.ғ.с) күндердің күнінде Ирак шаһарында асхабтар құрма жеп отырғанда, сол табақтағы бір құрма жарандардың қайсысы алса да, қолдарынан түсіп кете береді. «Бері әкелші оны жеп қояйын», деп Ан Хазіреті алып еді. «Бисмилләһи» деп аузына сала бергенде бұл шарифтың қолынан домалап түсіп кетіпті. Ан Хазірет таңданып, бұл не ғажайып оқиға деп біраз ойлануда болады. Біраз уақыт өтпей Джабраил алайһи-с-салам жетіп келеді. «Я, Мұхаммед, Құдай сізге сәлем айтты. Періштелер де қостап, ишарат үшін білдіруге келдім. Хиджратыңыздан төрт жүз жылдан кейін Сенің әулетіңнен бір Құл Қожа Ахмет атты ұл дүниеге келеді, үмметтеріңе жол басшы болады. Бұл құрманың сіздерге бұйырмай, ауыздарыңа кірмей тұрған себебі, сол ерге бұйырған нәсіп еді», — дейді. Бұған Ан Хазірет, салла-л-лаху алайхи уа-саллам, қайран қалып айтыпты: «Я, достым, Жабраил, ол заманға дейін бұл құрма қай жерде тұрып шірімей, сасымай, ескірмей қалай оған нәсіп болады», — дейді. Сонда Жебірейіл алайһи-с-салам, айтты: «Сіз ықылас қылып сахабаларыңыздың біріне бұйырыңыз, бұл аманат құрманы аузына сақтап, Ахмет атты балаға тапсыр деп жүктеңіз. Кімде-кім бұл құрманы аузында сақтаса, оның өмірі ұзақ болады», — дейді. Хазіретіміз салла-л-аху алайһи уа-саллам, олай-бұлай қарап, назары Салман ал-Фариси ради Аллах анһуға түсіпті. Жан-жағын шарлап алып айтыпты: «Я, Салман Фариси, аузыңды аш, тіліңнің астына, тісіңнің түбіне бұл құрманы аманат сақта. Менің хижратымнан төрт жүз жыл өткеннен кейін таңнан тұрып жолға түс, күн шығыста Мадина ал-Байза атты шаһар болар, онда барып айтпай танып, сұрамай білетін жеті жасар Ахмет атты ер балаға аманатты аузыңнан алып тапсыр. Инша Алла бұл құрма шарапатымен сенің өмірің ұзақ болар», — дейді. «Құлдық, тақсыр», — деп Салман ал-Фариси ради Аллаһу анһу құп тұрып, құрманы аузына алып, тіл астына салады.
Достарыңызбен бөлісу: |