Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған «Туған өлкемнің ауыл шаруашылығының жетістіктері» облыстық онлайн эссе байқауын өткізу туралы ереже



бет1/3
Дата19.05.2022
өлшемі22.22 Kb.
#457649
  1   2   3
«Туған өлкемнің ауыл шаруашылығының жетістіктері»


БЕКІТЕМІН
«Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу -әдістемелік орталығының директоры
_______________ Б.Х.Абдикерова
«___» __________2021ж.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған
«Туған өлкемнің ауыл шаруашылығының жетістіктері»
облыстық онлайн эссе - байқауын өткізу туралы
ЕРЕЖЕ



  1. Жалпы ережелер

    1. Осы ереже «Туған өлкемнің ауыл шаруашылығының жетістіктері» атты студенттер облыстық эссе (әрі қарай - байқау) байқауын өткізу тәртібі мен ережелерін анықтайды

    2. Байқауды ұйымдастырушылар: «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК, «Ақтоғай аграрлық-техникалық колледжі» КММ.

    3. Байқауға қатысуға Қарағанды облысының ТжКББ ұйымдарының студенттері шақырылады.




  1. Байқаудың мақсаты мен міндеттері

Мақсаты  студенттерде патриоттық сезімді тәрбиелеу, туған өлкенің тарихы мен мәдениеті туралы білімді дамыту және тереңдету.
Міндеттері:

  • Отанға, туған өлкеге, оның табиғатына деген сүйіспеншілік, оның даңқты тарихы мен талантты адамдары үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру;

  • туған өлкенің ауылшаруашылығы туралы білімін дамыту және тереңдету;

  • Отанға, оның өткеніне, бүгініне және болашағына саналы көзқарас қалыптастыру;

  • шығармашылық жұмыста белсенді тәсілге машықтануға үйрету, қажетті ақпаратты алу арқылы түсініктерін дамыту;

  • студенттердің өзіндік зерттеу қызметін ынталандыру;

  • дарынды жастарды анықтау және қолдау.



3. Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі
3.1. Байқау 2021 жылдың 26 мамырынан 31 мамырына дейін қашықтықтан өткізіледі.
3.2. Байқауға қатысуға өтінім (1-қосымша) және эссе мәтіні 2021 жылдың 25 мамырына дейін daleea16@mail.ru электронды мекен-жайына жіберілуі керек.
3.3. 2021 жылдың 26 мамырынан 29 мамырына дейін байқаудың қазылар алқасының мүшелері байқау жұмыстарын бағалауды жүзеге асырады.
3.5. Байқау қорытындысы 2021 жылдың 31 мамырында ZOOM платформасын қолдана отырып, онлайн режимде өтеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет