Қазақстан Республикасы Тұнғыш Президент күні мейрамы қарсанында, балалар мен жасөспірімдерге арналған аудандық



Дата13.06.2016
өлшемі54.46 Kb.
#131213







Қазақстан Республикасы Тұнғыш Президент күні

мейрамы қарсанында,

балалар мен жасөспірімдерге арналған аудандық

«Бала би» шешендік өнер сайысының

ЕРЕЖЕСІ
Мақсаты, міндеттері:

  • қатысушылардың шешендік өнерге деген құштарлығын арттыру;

  • оқушылардың сөйлеу шеберліктерін жетілдіру;

  • білімдерін жоғарылату;

  • тез шешім қабылдауға бейімдеу;

  • ел алдында жасқанбай өз ойын жеткізуге үйрету;

  • дарынды шешендерді марапаттау.

Өзектілігі:

Қазіргі таңда оқушыларымыз батыстың әндері мен киноларын көріп өскендіктен және басқа да факторлардың әсерінен таза әдеби қазақ тілінде сөйлеуге қиналады. Күнделікті теледидардан немесе қоғамдық орындарда әліпбидің қазақы әріптерін бұрмалап сөйлейтін адамдардың да cаны аз емес. Осы орайда «Бала би» шешендік өнер сайысының дүниеге келуі, әбден орынды деп санаймыз.



Ұйымдастырушылар: «Ақмола облысы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігі, облыстық оқу – әдістемелік орталығы.

Сайыстын әріптестері:

Ақмола облысының білім басқармасы.



Ойынға қатысушылар: Облыстық сайысқа әр өңірден 1 топ қатысады. Топтың құрамы 2 оқушыдан тұрады. Олар уәзір және жырау деп аталады.

Ойынға қатысатын барлық ойыншылар да, жүргізуші де, үш би кейпіндегі әділқазы мүшелері де ұлттық нақыштағы арнайы киімде болулары керек.

«Бала би» шешендік өнер сайысының тақырыптары:

1.     Бүгінгі Отанымыздың негізгі үш жетістігін ата!

2.    «ЭКСПО-2017» көрмесінің Қазақстанға пайдасы!

3.     «Қазақстан - 2050» « Мәңгілік Ел»» атты  стратегиясын орындау барысындағы балалар мен жасөспірімдердің үлесі!

4.     Қазақ тілі бүгінгі, ғылым мен білінің, интернеттің тіліне айналдыру жолы!

5.     «Жасұландықтардың» ұйымының дамуы жолындағы үлесі қандай болуы қажет?



ОЙЫН БАРЫСЫ

«Бала би» шешендік өнер сайысы төрт айналымнан тұрады. Ойында Ұпайдың орнына «сәуле» беріледі. «Сәуле» әр бөлімнің қорытындысы бойынша беріледі. Сенің жинаған сәулеңе байланысты жеңісін яки жеңілісін анықталады. Ойында барынша көп сәуле жинаған қанат жеңімпаз атанады.Ойынның жеңімпазын анықтайтын қазылар алқасы болады. Қазылар саны әрқашан тақ санда болуы шарт. Сонымен қатар ойынды жүргізетін, жеребе тастайтын, сұрақтар қоятын жүргізуші және әр ойыншының сәулелерін санап, тіркейтін тіркеуші адам болады.


Бірінші айналым

«Қоржын» - 5 минут

Қатысушы амандасады және осы ойынның негізгі тақырыбы жайлы ой қозғайды, талдайды пікір білдіреді. «Қоржын» кезеңіндегі сөзіңнің құрылымы:



  1. «Сәлем-сөздің атасы»

  2. Мәйек (тақырып)

  3. Көрік қыздыру (тақырыптың өзектілігі)

  4. Сыр сандық (анықтама)

  5. Ұтқыр сөз (қалыптасқан жағдай)

  6. Қара сөз.

  7. Дәйек сөз

  8. Дәйек тірегі

Екінші айналым

«Ұлылар сөзі»

Бұл айналымда дана халқымыздың ұлы би-шешендерінің сөздерінен 20 сұрақ қойылады. Қатысушылар сұрақтарға жауап береді.



Үшінші айналым

Жыраулар жырлайды

Бұл айналым тек жыраулар арасында өтпек. Әр тараптың жырауы екі-үш шумақтан тұратын жыр арқылы өз тобының артықшылығын, мықтылығын дәлелдейді.




Төртінші айналым

«Таразы» - 7 минут

Бұл кезеңде ойыншылар алғашқы, жалпы ойынды таразылайды. Ойын барысындағы туындаған мәселе мен оны шешу жолында қарсылас тарап не айтты, мен айттым соны ой таразысына салады. Қорыта келіп, иә келісімге келу жолын әздейді, яки өз ұсынысының артықшылығын дәлелдейді.



ЗАҢДЫЛЫҚТАР

Кез-келген ойын белгілі бір заңдылыққа құралады.



Жалған дәйек

Ойыншы ойын барысында жалған дәйек көрсетіп, оны қарсылас тарап ескерсе, ойын автоматты түрде тоқтатылып, қарсылас тарапқа жеңіс беріледі.



Зәғәр сөз

Ойын барысында ойыншы қарсылас тарапқа сыйластық танытпаса, яғни оның ар – намысына тиер сөз айтса, оны қарсылас тарапы ескеріп, қазыға айтқан жағдайда, қарсылас тарап ескертпе алады және ұпайы төмендейді.



Бәдік сөз

Ойын деңгейін арттыру мақсатында, ойын барысында мәнсіз, мағынасыз сөздер айтылса, яки тақырыпқа сай емес пікірлер қозғалса, ойын автоматты түрде тоқтатылып, қарсылас тарапқа жеңіс беріледі. Алайда жеңіс тек қарсылас тарап ойыншының қателігін ескерген жағдайда ғана беріледі.



Шала тіл

Ойын барысында ойыншылар тек қазақ тілінде сөйлеуге міндетті. Егер ойыншылар орысша сөз қолданса және оны қарсылас тарап ескерсе, 4 ескертпе жасалады. Одан соң бесінші рет орысша сөз қолданса, ойын тоқтатылып, қарсылас тарапқа жеңіс беріледі.



БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ:

Қазылар- Ойынды бағалаушы, жеңімпаздарды анықтайтын мамандар. Қазылар қатарына қазақ тілі мен әдебиетінің мамандары, журналистер, ақындар тағайындалады.

Дауыс беру – Екінші кезеңде қойылған сұрақтарға қатысушылар жауап бере алмаған жағдайда, көрермендердің жауап беруіне мүмкіндік беріледі. Сәуле - көкбайрағымыздың ажырамас бөлігі, әрі дана халқымыз білімді адамды «көзі ашық, көкірегі ояу адам екен, кеудесінде сәулесі бар екен» деп бағалайды. Сондықтан біз де, Бала билеріміз осы ойында білімімен қатар кеудесіне сәулелерін жинаса екен деген мақсатты ұстандық. Сіздердің көп сәуле жиып кеуделеріңізге күн орнатуларыңызға тілектеспіз. Себебі ойын шарты бойынша он сәуле бір күнді құрады. Егер де сіз бірнеше ойын қорытындысы бойынша жиырма бес сәуле жинасаңыз ол екі КҮН бес СӘУЛЕ болып есептеледі.

Әр айналымның бағалануы:

«Қоржын» айналымы:

Қоржын кезеңінде Қазылар Уәзірлердің киім үлгісіне, сөйлеу мәнеріне, дауысына, тақырыпты түсінуіне, оның зерттеуі мен ойының өзектілігіне, Қара сөздермен қиыстыруына, сөздерінің салмақтылығына, мәдениеттілігіне баға береді. Бұл кезеңге барлығы 10 сәуле беріледі. Қазылар өзара келісімімен он сәулені екі қанаттың жоғарыдағы критерилер бойынша сәулелерді бөліп береді. Мысалы: оң қанатқа 4 сәуле берсе, сәйкесінше сол қанатқа 6 сәуле беріледі.



«Ұлылар сөзі» айналымы:

Бұл кезеңде Екі қанаттың жауаптарының дұрыстығы мен толықтығына көңіл бөлінеді. Уәзірлер жауапты жалпылама дұрыс бірақ толықтырып жауап бермесе, Қазылар 1 cәуле ғана, жауап толық болған жағдайда 2 сәуле береді. Жалпы 5 сұрақ қойылады, барлығы осы айналымда 10 сәуле беріледі.



«Жыраулар жырлайды» айналымы:

Аты айтып тұрғандай бұл кезеңде Уәзірлер демалып, Жырауларға кезек беріледі. Қазылар жыраулардың жырларының тақырыпқа сай келуіне, мағынасына, суырып салу шеберлігіне баға береді. Бұл кезеңде де 10 сәуле ойнатылады. Жыраулар жеңіп алған сәулелер Уәзірдің есебіне қосылады.



«Таразы» айналымы:

Қазылар таразы кезеңінде екі қанаттың жалпы тақырыптан түйген түйіндеріне, ойынды таразылауларына, қарсыласқа берген шебер жауаптарына баға береді. Таразы кезеңіне де 10 сәуле беріледі. Екі қанаттың сәулелері тең түскен жағдайда би өз шешімімен, басым түсті деген қанатқа қосымша бір сәуле береді.



Турнирдің өткізілу уақыты: 2015 жыл 4 –ші желтоқсан

Турнирдің өткізілу орны: Шортанды № 3 орта мектебі

Басталу уақыты: 10.00



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет