Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
ғылыми-техникалық кеңесі отырысының
ХАТТАМАСЫ
Астана қаласы № 10 2010 жылғы 24 желтоқсан
Төрағалық етуші: Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
вице-министрі Петров В.В.
Қатысушылар: 1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
министрлігінің Ғылыми-техникалық кеңес
мүшелері (тізім бойынша)
2) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
министрлігінің ОА құрылымдық бөліністерінің,
ведомостволары, бағынысты ұйымдардың
басшылары мен мамандары (тізім бойынша);
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІНІҢ ОҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫН АЛҒАН МИНИСТРЛІКТІҢ БАҒЫНЫСТЫ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ҚОЛДАНБАЛЫ ТАҚЫРЫПТАРЫН ҚАРАУ ЖӘНЕ БЕКІТУ
Петров В., Ғаббасов С., Ысқақов М., Аюбаев Т., Шәріпханов С., Ысқақов Е., Әмірғалинов С., Жұмағалиев Р., Хамимолда Б., Шарафиев А., Седелев В.
Елбасы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен тарату саласындағы тапсырмаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) 2010-2014 жылдарға Стратегиялық жоспарының негізгі бағыттарын тиімді жүзеге асыру мақсатында, Министрліктің Ғылыми-техникалық кеңесі (бұдан әрі - ҒТК) ШЕШТІ:
1. Министрліктің орталық аппаратының құрылымдық бөліністерінің, ведомостволары, бағынысты және ғылыми ұйымдардың басшылары ұсынған есептер мен баяндамалар мәліметке алынсын:
1.1 «ТЖ саласындағы ғылыми зерттеулер» 009 бюджеттік бағдарламасы аясында 2011 жылы қаржыландырылуға жоспарланып отырған қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстар (бұдан әрі - ҒЗЖ) тақырыптары;
1.2 «ТЖ саласындағы ғылыми зерттеулер» 009 бюджеттік бағдарламасы аясында 2012-2014 жылдар орындалуға жоспарланып отырған ТЖ саласындағы кешенді қолданбалы ҒЗЖ тақырыптары;
1.3 Министрліктің орталық аппаратының құрылымдық бөліністерінің, ведомостволары, бағынысты ұйымдардың Министрліктің ҒТК 2010 жылғы 30 шілде және 18 қарашадағы берілген тапсырмаларының орындалуы туралы есебі;
2. Министрліктің «ҰҒЗО» РМК (Әмірғалинов С Т.) және ӨҚжАҚ ҒЗО РМК (Жұмағалиев Р.М.) басшылары:
2.1 бір айлық мерзімде: «ТЖ саласындағы ғылыми зерттеулер» 009 бюджеттік бағдарламасы аясында 2011 жылы қаржыландырылуға жоспарланып отырған мынадай қолданбалы ҒЗЖ күнтізбелік жоспаралары мен техникалық тапсырмаларынн белгіленген тәртіпте бекітуге дайындау;
Өнеркәсіптік кәсіпорындардың қауіптілік сыныбының мониторнигінің компьютер жүйесі мен әдістемесін өңдеу және авариялық, өндірістік жарақат пен кәсіптік ауру бойынша көпфакторлы талдама негізінде қатерді бағалау;
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың себептері мен салдарын модельдеу мен монторингі бойынша интеграцияланған логистиканың жүйесін өңдеу;
Қазақстан Республикасы мұнай газ саласында өрт қауіпті технологиялық процесстер қатерін бағалау мен басқару бойынша зерттеулер жүргізу;
2.2 Министрдің 2009 жылғы 21 сәуірдегі № 80 бұйрығымен бекітілген ҒЗЖ ұйымдастыру мен жүргізу ережесінің, сондай-ақ «ҒЗЖ орындау тәртібі» (МЕМСТ 15.101-98) және «ҒЗЖ туралы есеп» (МЕМСТ 7.32-2001) Мемлекетаралық стандарттың сақталуын қамтамасыз ету.
3. Министрліктің КТИ ММ (Сұлтанғалиев А.М.), «Қазселқорғау» ММ (Баймолдаев Т.А.), ММ МАО (Ысқақов Е.С.) «ҰҒЗО» РМК (Әмірғалинов С Т.), ӨҚжАҚ ҒЗО РМК (Жұмағалиев Р.М.) басшылары:
3.1. бір айлық мерзімде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі – ҚР БҒМ) ағымдағы жылғы 8 желтоқсандағы мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ескертулерін (бұдан әрі - МҒТС) («2012-2014 жылдарға «ТЖ саласындағы ғылыми зерттеулер» 009 бағдарламасы бойынша бюджеттік өтінімдерге МҒТС нәтижелері қоса беріледі), сондай-ақ Министрліктің осы ҒТК отырысында айтылған ұсынымдар, толықтырулар мен ұсыныстарды есепке алумен мынадай ҒЗЖ бойынша «2012-2014 жылдарға «ТЖ саласындағы ғылыми зерттеулер» 009 бағдарламасы бойынша бюджеттік өтінімдер жобасы көлімін қаржыландыруға жеткілікті негіздемеге сәйкес түзетулер енгізу:
- Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға арналған таукен жыныстары және топырақтар массиві аймағында қауіпті аймақтар өлшемдерін болжау мен бағалау әдістерін өңдеу;
- Қазақстан Республикасы өрт қауіпсіздігін ғылыми-техникалық жобалау жүйесін зерттеу мен өңдеу жүргізу;
- ҒАЖ технологияны пайдаланумен Қазақстанның Оңтүстік Шығыс аумағының таулы аймақтарында селді, көшкінді және шөгінді қатерге тартылудың ғылыми-негізді картасын құру және зерттеу жүргізу;
- селдің, көшкіннің және шөгінді қатердің таралу аумағы мен туындау ошағына ғылыми зерттеу жүргізу және ҒАЖ технологияны пайдаланумен Іле Алатауы бассейндерінің паспортын құру;
әр түрлі ТЖ медика-санитарлық салдарын болжау мен жоспарлау жүйесін жетілдіру;
табиғи және эндогенді өрттермен күрес әдістерін өңдеу;
3.2 екі айлық мерзімде Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 72 бұйрығымен бекітілген Бюджеттік өтінімдi жасау және ұсыну ережесiн бекiту туралы ережесіне сәйкес, осы хаттаманың 3.1-тармағында көрсетілген қолданбалы ҒЗЖ тақырыптары бойынша өңделген бюджеттік өтінімдер жобасын Министрліктің Экономика және қаржы департаментіне,, оларды одан әрі республикалық бюджет комиссиясының қарауына жолдау үшін ұсынсын.
4. Министрліктің Стратегиялық жоспарлау, ақпараттық-талдама жұмыстар, ғылым және жаңа технологиялар департаменті (Ғаббасов С.Ғ) басшысы:
4.1 екі апталық мерзімде ағымдағы жылдың 8 желтоқсанындағы МҒТС ескертулерін есепке алумен 2012-2014 жылдарға «ТЖ саласындағы ғылыми зерттеулер» 009 бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарының бағынысты мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдары өңдеген ҒЗЖ кешенді тақырыптарының бюджеттік өтінімдер жобасын қаржыландыру көлімінің жеткілікті негізделуіне сәйкес түзетулер енгізу қажеттілігі туралы және орындауға ұсынылған хаттар жолдау, атап айтқанда:
- Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің «Ғарыштық зерттеулер мен технологиялар ұлттық орталығы» АҚ-ның «Ғарыштық зерттеулер институты» еншілес ЖШС «Қазақстан аумағында табиғи және техногендік сипаттамадағы төтенше жағдайлардың жер беті-ғарыштық мониторингінің ғылыми-әдістемелік негізін дамыту» тақырыбы бойынша;
- ҚР БҒМ «Парасат» Ұлттық ғылыми-технологиялық холдингы АҚ (бұдан әрі – «Парасат» ҰҒТХ АҚ) «География институты» Алматы облысы Іле Алатауының солтүстік баурайы өзендері бассейндерінде жынысты қауіпті үйінді және теңіз-мұзды көлдер каталогын құру» тақырыбы бойынша;
- ҚР БҒМ «Парасат» ҰҒТХ АҚ «Қ.И.Сәтбаев атындағы геология ғылымдары институты» ЖШС «Қазақстан аумағында Іле Алатауы баурайында (Алматы маңы ауданы) қорғаныс шаралары жүйесін ұсынымдарын өңдеу» тақырыбы бойынша;
4.2 екі апталық мерзімде ҚР БҒМ 2012-2014 жылдарға «ТЖ саласындағы ғылыми зерттеулер» 009 бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарының бағынысты мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдары өңдеген ҒЗЖ кешенді тақырыптарын қосу қажеттілігі туралы және ағымдағы жылдың 8 желтоқсанындағы ҚР БҒЖ МҒТС орындауға ұсынылмаған нәтижелерін қайтадан қарау және одан әрі Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы ЖҒТК енгізу үшін хат жолдау, атап айтқанда:
Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының «Геофизикалық зерттеулер» ЕМК «Бұрынғы Семей полигоны аумағында қатерді төмендету үшін сейсмикалықты зерделеу» тақырыбы бойынша;
- ҚР БҒМ «Парасат» ҰҒТХ АҚ «Сейсмология институты» ЖШС мынадай тақырыптар бойынша:
- «Астана қаласында жер сілкінісін болжау және жинау, өңдеу, талдау қайталау орталығын құру»
- «2012-2020 жылдары ғимараты, коммуникация, аспаптары мен жабдықтары, байланыс құралдары, автокөлігі бар 52 жаңа сейсмикалық станция және қатты қозғалыстарды тіркейтін 40 пункт ашу»;
- «Алматы қаласы аумағының жаңа әдістемелік негізде сейсмикалық шағын аудандау картасын өңдеу»
- ҚР БҒМ «Парасат» ҰҒТХ АҚ «У.М.Ахмедсафин атындағы гидргеология және геоэкология институты» ЖШС «Оңтүстік Шығыс Қазақстан таулары жаңа теңіздері селдік қауіптілігін зерттеу және оның жақын онжылдықта өзгеруін болжау»
4.3 екі апталық мерзімде Министрліктің ҒТК туралы Ережесінің 15-тармағына сәйкес Төтенше жағдайлар министрлігіне Министрліктің ҒТК құрамына ӨҚжАҚ ҒЗО РМК директоры Р.М. Жұмағалиевты; КТИ Оқу және ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары С.Д.Шәріпхановты; «Қазселқорғау» ММ «Ауа райы» ҒӨК директоры Н. Б. Өзбековті енгізу туралы ұсыныс дайындау және енгізу;
4.4 Министрліктің құрылымдық ұйымдарының ғылыми-қолданбалы қызметін жалпы үйлестіруді жалғастыру, сонымен қатар Министрлік басшылығы келісімімен Министрліктің аумақтық органдары мен орталық аппаратының құрылымдық бөліністерін тартумен Министрліктің ғылыми-зертету ұйымдарының қызметін мақсатты барып тексеру жүргізілсін.
5. Министрліктің ӨҚҚ (Әубәкіров С.Г.) және ӨҚжАҚ ҒЗО РМК (Жұмағалиев Р.М.) басшылары:
5.1 Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес көмірсутекті газдарды, мұнай және мұнай өнімдерін өңдеу бойынша ашық технологиялық қондырғыларда өртті сөндіру бойынша әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі - Әдістемелік ұсынымдар) жобасы бекітілсін;
5.2 жоғарыда аталған Әдістемелік ұсынымдарды Министрліктің аумақтық бөліністерінде жұмыста басшылыққа алу үшін жолдансын.
6. Министрліктің АБД (Құндақбаев М.К.), «Есептеу техникасы, телекоммуникация, информатика және жағдайды талдау бойынша орталық» РМК (Чумаков О.Г.) басшылары:
Министрліктің web-сайтында халықты, объектілер мен аумақтарды табиғи апаттан, зілзаладан, авариядан қорғау саласындағы ғылыми-қолданбалы өңдеулер туралы ақпарат орналастыруды жалғастырсын.
7. Осы хаттаманың шараларын орындау бойынша жүргізілген жұмыстар туралы есеп белгіленген мерзімдерде, сондай-ақ тоқсан сайын тоқсанның соңғы айының 30-на Министрліктің Стратегиялық жоспарлау, ақпараттық-талдама жұмыстар, ғылым және жаңа технологиялар департаментіне ұсынылсын.
8. Осы хаттама қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
9. Осы хаттаманың орындалуын өзім бақылаймын.
Вице-министр В. Петров
Достарыңызбен бөлісу: |