Ә. Сарсен Ақай селолық округінің әкімі Ауыл жағдайы басты назарда



Дата17.07.2016
өлшемі164.5 Kb.
#205808
Ә.Сарсен

Ақай селолық округінің әкімі

Ауыл жағдайы басты назарда

Ақай селолық округі Ақай, Көлтабан, Бұлақсай елді мекендері орналасқан. Ондағы тұрғын үйлер саны 263, жалпы халқының саны – 797 адам, соның ішінде мектеп жасындағы оқушылар саны 154 адам, зейнеткерлер саны 127 және мүгедектер саны – 7 адам.

Еңбекке жарамды тұрғындар – 230, жұмыспен қамтылғандар саны – 214, оның ішінде өзі- өзі жұмыспен қамтығандар – 100, жұмыссыздар саны -16 адам.

Тұрғындарды жұмыспен қамту мақсатында еңбек биржасы арқылы 4 адам жұмысқа қабылданды.

Ауыл әкімшілігіне жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен 1 арыз жер телімін алуға, 81 қосалқы шаруашылық туралы өтініштері қанағаттандырылды.

Селолық округтің жалпы жер көлемі 65906 (га). Оның 11298 (га) егістік, 28874 (га) жайылымдық жерлер.

Округ бойынша 40 шаруашылық ШҚ мен 1 ЖШС-тің бүгінгі танда 24 ШҚ – ғы мен 1 ЖШС –і енбек етуде.Аудандық жер қатынастары бөлімімен және салық комитетімен бірлесе отырып, ауылшаруашылық жерлерін игере алмай отырған 6 ШҚ – ғы жабылып, жаңадан 1 ШҚ – ғы құрылды.

Биылғы егінді алқап округ бойынша 4310 га жерді құрады. Оның 2590 га бидай, 1720 га арпа егілді.

2012-2013 жылдарының қысында сапалы мал азығын дайындауға қатысатын 15 ШҚ – ы бар. Олардағы техника саны: 22 трактор, 4 комбайн, 43 орақ. Қысқа қажетті шөп дайындаудын екі айлық көлемі -4,1 ц, болса, бүл тапсырма 101,1% орындалды.Сонымен қатар 70 тонна тартылған ұн кебегіне сұраныс беріліп, 5,0 тоннасы ауыл тұрғындарына таратылды. « Иран » ЖШС – нен арзандатылған бағамен берілетін ұнды жеткізу жұмысы ұйымдастырылуда. Ай сайын бұл жұмыстар жүргізіліп отырады.

Мал басының жалпы саны округ бойынша 1724 бас ірі қара, 5816 бас ұсақ мал.713 бас жылқы бар.

Ірі қарадан сарып ауруына қарсы қан алынып, нәтижесінде 19 бас ауру деп танылды. Мал иелерімен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, малдардың көзі жойылды. Ұсақ малдармен де тиісті профилактикалық шаралар жүргізілді.

Сәуір айында ұсақ малдарды бірдейлендіру жұмысы басталып, ветеринариялық паспорттар берілді. Елді мекендерде 3 мектеп оқушыларға білім беруде. Мұндағы оқушылар саны 150. Ильинка орта мектебінің білім беру сапасы ҰБТ – ның қорытындысы бойынша 78,2 пайыз, аудан бойынша екінші орында.

Білім мекемелерінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

Әр мекеме бойынша қажетті қатты отынға сұраныс беріліп, келісім шарт жасалынды. Әр мекемеге қажетті қатты отын толық тасымалданды.

Ильинка орта мектебіне резервте тұрған қазандықтың тозып, істен шығуына байланысты «КВ-300» маркілі бұрын қолданыста болған қазандық «Парижская коммуна ХХІ ғасыр » ЖШС – нен табылып, қажетті жөндеу жұмыстары жүргізілген соң жылу жүйесіне іске қосылды. Бүгінгі таңда мектепте «КВ-300» маркілі 2 қазандық іске жарамды болып тұр.

Округте 2 медициналық пункт қызмет қөрсетеді. Мұнда 3 медицина қызметкерлері бар. Тұрғындардың денсаулығын нығайту, адамдардың әлеуметтік жағдайын оңалту мәселелері үнемі басты назарда тұр.

Жоспарға сәйкес скринингтік тексерулер өткізілді. Диспансерлік есепке алынған 111 адам, оның ішінде бала саны 26. Олар тегін дәрі – дәрмектермен қамтамасыз етілді.

Ауылда 176 абоненттік номерлерге Казақ телеком және Билайн ұялы байланысы халыққа қызмет көрсетуде. Округте Қазпошта филиалы тұрғындарға зейнетақы және газет - журнал басылымдарын жеткізіп тұрады.

Селолық кітапханада 20556 дана кітап қоры бар, 101 дана жаңа кітап қосылды. Оқырман саны 382.

Ауыл көшелеріне атау беру жұмысы шешілуде. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша ауыл көшелерін жарықтандыру мақсатында аудандық әкономика бөліміне берілген сұраныс негізінде В.Фоменко,Ә.Молдағұлова көшелерін жарықтандыру үшін бюджеттен 772,0 мың теңге қаржы бөлінетіндігіне байланысты 2013 жылға қажетті сметалық – жобалау құжаттары дайындалды.

Халықты азық – түлікпен қамтамасыз ету басты міндеттердін бірі болып саналады. Осы бағытта округ бойынша 5 сауда нүктесі халықты азық- түлікпен қамтамасыз етуде. Әлеуметтік маңызы бар азық – түлік бағалары барлық сауда нүктелерінде қадағаланып отыр. Бағаны бақылап отыру мақсатында әрбір сауда нүктесіне Ақсақалдар кеңесінің мүшелері бекітілді.

Жұмыспен қамту -2020 мемлекеттік бағдарламасы қазақстандықтардың әлеуметтік әл- ауқатын арттыруға бағытталған. Бұл бағытта тұрғындарға кәсіптік білім беру және қайта даярлауда мамандықтар бойынша тегін оқытылады. Оған кондитер мамандығына 1 адам оқып шықты.

Ауыз су мемлекеттік бағдарламасы аясында алдағы жылы тұрғындарды ауыз сумен қамту мәселесі қарастырылады.

Алдағы уақытта радио- телевизия станциясы орнатылады деп күтілуде. Бүгінгі таңда Қазақстан телеарнасы және 30 үйде Отау ТВ арналары пайдаланып отыр. Тағы 13 үйден сұраныс түсіп отыр.

Облыс әкімінің бастамасымен «Көркейе бер, туған жер!» акциясы бастама алды. Ауылдасымыз, мектебіміздің бұрынғы түлегі медицина ғылымының кандидаты, экономика ғылымының докторы қөз хирургі М.Қ. Қуралова ауыл тұрғындарына 2,5 млн тенге көлемінде тегін емдеу жұмыстарын жүргізді.

Ақай ауылының кіре берісіндегі ауыл атауын өзгертуге «Нұрқаным» ШҚ – нан 40,0 мың теңгеге ауыл маңдайшасы жаңартылды. Ильинка орта мектебінің ұжымы, «Абылай», «Исламбек», «Ауылым», «Парижская коммуна ХХІ» ЖШС мен ШҚ – ның басшыларының көмегімен(жалпы көлемі 804,0 мың теңге) көлемінде мектеп спортзалының едені ауыстырылып, жаңадан жасалынды, мектептің материалдық базасын жаңарту мақсатында плафондар (24 дана)мен терезелерге жалюздер (19 терезеге)сатып алынды.



Көлтабан негізгі мектебі бойынша кәсіпкерлер К.Жұбаниязова 70,0 мың теңгеге кеңсе жабдықтары, К.Қожантаева 15,0 мың теңгеге аспалы шамдар, «Талап», «Исламбек» ШҚ – нан (55,0 мың теңге), 1997 ж мектеп түлектерінен 37,0 мың теңгеге мектептің материалдық базасын нығайтуға,мектеп ұжымынан 30,0 мың теңгеге мектеп алдына субұрқақ орнатылды.

Округ орталығынан күре жолға қосылатын 16 шақырым жолдың жиегін шөптерден тазартуға «Исламбек» ШҚ- мен келісім шартқа отырып, жол жиегіндегі шөптер шабылды, жеңіл жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы келісілді. Аудандық бюджеттен бөлінген 300,0 мың теңге қаржының 50,0 т жол белгілерін жасауға, 250,0 мың жол жиегіндегі шөптерді шабуға және жөндеу жұмыстарын жүргізуге жұмсалды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет