Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің
Ғылыми-техникалық кеңес отырысының
ХАТТАМАСЫ
Астана қаласы №18 2013 жылғы 16 тамыз
-
Төрағалық етті:
|
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар вице-министрі В.В. Петров
|
Қатысқандар:
|
1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ғылыми-техникалық кеңесінің мүшелері;
2) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі құрылымдық бөлімшелерінің, Комитеттердің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен мамандары
|
Өрт, өнеркәсіптік қауіпсіздігі мен азаматтық қорғаныс саласындағы ұлттық стандарттарды әзірлеу туралы
__________________________________________________________________
(С. Ғаббасов, В.Беккер, Ж. Жұмашев, Н. Елеусінов, Н. Данияров,
Б.Хамимолда, Р.Жұмағалиев)
Мемлекет басшысы бекіткен Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының негізгі мақсаттарының бірі – техногендік авариялардан, жойқын апаттар мен дүлей зілзалалардан болған қауіп-қатерді азайту және залалды барында төмендету бойынша жағдай жасалуына қол жету мақсатында Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) Ғылыми-техникалық кеңесі (бұдан әрі – ҒТК) ҰСЫНАДЫ:
1. Министрлік құрылымдық бөлімшелері және ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары мен мамандарының:
1.1 өрт, өнеркәсіптік қауіпсіздігі мен азаматтық қорғаныс саласындағы ұлттық стандарттарды әзірлеу;
1.2 мұнай және мұнай өнімдерін өндіру, сақтау, қайта өңдеу, қамтамасыз ету, тасымалдаумен айналысатын объектілердегі өрт қауіп-қатерлерін басқару және бағалау әдістемесі жобасы;
1.3 объектілердің (ғимараттар мен құрылыстар) инженерлік қауіпсіздігін бағалау бойынша әдістемелік ұсынымдар жобасы;
1.4 Беларусь ТЖМ, Қазақстан ТЖМ және Ресей ТЖМ бірлескен ғылыми-техникалық кеңесінің кезекті отырысына материалдарды дайындау бойынша жұмыстарды барысы туралы баяндамалары мен есептері назарға алынсын.
2. Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің төрағасы (Н.А. Құнанбаев), Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы (С.Ғ. Әубәкіров), Азаматтық қорғаныс департментінің директоры (бұдан әрі - АҚД) (Ж.Қ. Жұмаешв) «Өнеркәсіп қауіпсіздігінің ұлттық ғылыми-техникалық орталығы» АҚ (бұдан әрі – «ӨҚ ҰҒЗО» АҚ) (Н.А. Данияров), «Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс ғылыми-зерттеу институты» АҚ (бұдан әрі – «ӨҚжАҚ ҒЗИ» АҚ) (Р.М. Жұмағалиев) ағымдағы жылғы 10 қыркүйекке дейін мерзімде Министрлік басшылығына:
2.1 Кедендік одақтың өрт қауіпсіздігі, төтенше жағдайлардан қорғау және азаматтық қорғаныс саласындағы техникалық регламентімен үйлестірілген мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізсін және оларды әзірлеу жағдайларын Беларусь, Қазақстан және Ресей ТЖМ бірлескен ғылыми-техникалық кеңесінің кезекті отырысында қарасын;
2.2 Қазақстан Республикасының мемлекеттік тапсырысы шеңберінде өрт, өнеркәсіп қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласындағы ұлттық стандарттарды әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізсін.
3. Министрліктің ӨҚжАҚ ҒЗИ АҚ (Р.М. Жұмағалиев) президенті:
3.1 мұнай мен мұнай өнімдерін өндіруге, сақтауға, қайта өңдеуге, қамтамасыз етуге, тасымалдауға байланысты объектілердегі өрт қаупін бағалау және басқару әдістемесін белгіленген тәртіпте іс жүзінде пайдалануды мақұлдасын және ұсынсын;
3.2 өрт қауіпсіздігі саласында әзірленген жобаларды Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу комитетіне белгіленген тәртіпте бекітуге енгізсін.
4. Министрліктің «ӨҚ ҰҒЗО» АҚ (Н.А. Данияров) бас директорының міндетін атқарушы:
4.1 Министрліктің ҰТК осы отырысында айтылған ескертулерді, толықтыруларды және ұсыныстарды ескере отырып, Объектілердің (ғимараттар мен құрылыстардың) инженерлік қауіпсіздігін бағалау жөніндегі әдістемелік ұсынымды пысықтап, оны белгіленген тәртіпте практикада қолдану үшін бекітуге дайындасын;
4.2 осы хаттаманың 4.1-тармағында көрсетілген Әдістемелік ұсынымдар негізінде техникалық реттеу саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жобалық стандартты әзірлесін.
5. 2012 жылғы 20 желтоқсандағы Бірлескен ҒТК отырысы шешімінің ұсынымдарын орындау жөніндегі Министрліктің орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының есептерін мақұлдасын.
6. Министрліктің ТЖжӨҚМБК (Н.С. Құнанбаев), ӨҚК (С.Ғ.Әубәкіров), АҚД (Ж.Қ. Жұмашев), Ақпараттандыру және байланыс департаменті (бұдан әрі – АБД) (Н.Ә. Елеусінов), «ӨҚ ҰҒЗО» АҚ (Н.А. Данияров), «ӨҚжАҚ ҒЗИ» АҚ (Р.М. Жұмағалиев) басшылары ағымдағы жылғы 10 қыркүйекке дейінгі мерзімде:
- Бірлескен ҒТК кезекті отырысына баяндамалар мен көрсетілетін материалдарыды пысықтасын және оларды Министрліктің Стратегиялық жоспарлау, ақпараттық-талдау жұмысы, ғылым және жаңа технологиялар департаментіне (бұдан әрі – СЖ, АТЖ, ҒЖТ департаменті) ұсынсын.
7. Министрліктің «ӨҚ ҰҒТО» АҚ (Н.А. Данияров) және «ӨҚ жАҚ ҰҒИ» АҚ (Р.М. Жұмағалиев) басшылары ағымдағы жылғы 30 тамызға дейін:
- 2013 жылғы 17 шілдедегі Беларусь ТЖМ, Қазақстан ТЖМ және Ресей ТЖМ Бірлескен алқа отырысы хаттамасының 4.2-тармағына сәйкес 2013 жылғы қыркүйекте Бірлескен ҒТК кезекті отырысында қарау үшін осы қызмет салаларында техникалық реттеудің маңыздылығы мен қажеттілігін назарға ала отырып, төтенше жағдайлардан қорғау және азаматтық қорғаныс саласында нормативтік техникалық базаны жетілдіру жөнінде нақты ұсыныстар енгізсін.
8. Министрліктің АҚД (Ж.Қ. Жұмашев), АБД (Н.Ә. Елеусінов) басшылары ағымдағы жылғы 30 тамызға дейін:
8.1 Бірлескен ҒТК құрамында төтенше жағдайлардан қорғау саласында халықты оқытып-үйретуді, ақпарлауды және хабардар етуді ұйымдастыру мәселелері бойынша сараптама тобының құрамына кандидатураларды енгізсін;
8.2. Беларусь ТЖМ әзірлеген Төтенше жағдайлардан қорғау саласында халықты оқытып-үйретуді, ақпарлауды және хабардар етуді ұйымдастыру мәселелері бойынша сараптама тобы туралы ереже жобасын қарасын және ұсыныстар енгізсін.
9. Министрлік басшылары, ҒТК мүшелері – Министрлік ТЖжӨҚМБК (Н.С. Құнанбаев), ӨҚК(С.Ғ. Әубәкіров), Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті (А.Ә. Сәду), АҚД (Ж.Қ. Жұмашев), Төтенше жағдайларды жою департаменті (Д.Ж. Сатылғанов), Төтенше жағдайлардың алдын алу департаменті (Е.К. Төлеужанов) , АБД (Н.Ә. Елеусінов), Астана қ. Төтенше жағдайлар департаменті (М.Қ. Ысқақов), Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары» АҚ (С.У. Данбаев), «Көкшетау техникалық институты» (С.Д. Шәріпханов) «Өрт сөндіруші» АҚ (Ж.Е. Токушев), Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің орталық штабы» РМҚК(С.Б. Ахметов), «ӨҚ ҰҒТО» АҚ (Н.А. Данияров) және «ӨҚ жАҚ ҰҒИ» АҚ (Р.М. Жұмағалиев) ағымдағы жылғы 30 тамызға дейін: СЖ,АТЖ,ҒЖТ департаментіне 2014 жылға арналған Бірлескен ҒТК жұмыс жоспарына өз ұсыныстарын енгізсін.
10. Министрліктің СЖ,АТЖ,ҒЖТ департаментінің директоры (С.Ғ. Ғаббасов):
10.1 екі апталық мерзімде Бірлескен ҒТК кезекті отырысын дайындалу және өткізу туралы» Министрдің бұйрық жобасын әзірлесін және келісуге Министрлік басшылығына енгізсін.
10.2. Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының ғылыми-қолданбалы қызметін жалпы үйлестіруді жалғастырсын.
11. Осы Хаттама іс-шараларын орындау бойынша атқарылған жұмыс туралы есепті белгіленген мерзімдерге сәйкес, сондай-ақ тоқсанның соңғы айының 30-на тоқсан сайын СЖ,АТЖ,ҒЖТ департаментіне ұсынсын.
12. Осы хаттама қол қойылған күннен күшіне енеді.
13. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар вице-министрі В. Петров
Достарыңызбен бөлісу: |