Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау
комитетінің
2009 жылғы «15» сәуірдегі
№ 13 бұйрығымен
келісілген
Негізгі желдету желдеткіш қондырғыларына өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамаларын жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар
Кіріспе
Негізгі желдету желдеткіш қондырғыларына (бұдан әрі-НЖЖҚ) сараптама зерттеулер (өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы) жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі-әдістемелік ұсынымдар) жабдықтың техникалық жағдайын және негізгі желдету желдеткіш қондырғыларының элементтерін анықтауға, олардың қалдық ресурстарын және алдағы пайдалану мүмкіндігін анықтауға арналған.
Әдістемелік ұсынымдар пайдалы қазбаларды жер асты тәсілдерімен өндіру кезінде және тау-кен өнеркәсіп салаларында қолданылатын негізгі желдету желдеткіш құрылғыларына таратылады.
Терминдер және анықтамалар
1. Құрылымды зерттеу-техникалық жағдайын бағалауға, олардың қабілеттілігін қалпына келтіру жобасын өңдеуге, күшейту немесе қайта құруға қажетті құрылымдардың техникалық жағдайы туралы мәліметтерді жинау бойынша инженерлі-техникалық жұмыстар жиынтығы.
2. Құрылымды табиғи куәландыру-құрылымдық (жобалық) құжаттардан, ақаулардан, зақымдалулардан құрылымдардағы ауытқуларды анықтау мақсатында қажетті жағдайда аспаптық әдістерді қолдану арқылы табиғи жағдайдағы құрылымды өлшеу және байқау.
3. Сынама-өзінің сипаттық учаскесінен таңдалған, материал құрамын анықтау мақсатында стандартты үлгілерді жасауға арналған құрылымның кесіндісі.
4. Құрылымдардың жұмысқа қабілетсіз жағдайы-тым болмаса бір параметрдің мағынасында нормативті-техникалық және (немесе) құрылымдық (жобалық) құжаттамалар талаптарына сәйкес келмейтін, берілген функцияларды орындау қабілеттілігін сипаттайтын құрылымдардың жағдайы.
5. Шекті жағдай-оны алдыңғы уақытта пайдалануға болмайтын немесе мақсатқа сай емес, жұмыс қабілетін қалпына келтіру мүмкін емес немесе талапқа сәйкес емес кездегі объект жағдайы.
6. Бас тарту-бұзылу нәтижесінде объектінің жұмысқа қабілеттілік жағдайының бұзылуы.
7. Ауыспалы ақау-өндірістік қауіпсіздік талаптарға сәйкес, міндеті бойынша жабдықты қолдануға тәжірибеде мүмкін емес немесе жол берілмейтін ақау.
8. Елеулі ақау-міндеті бойынша жабдықты қолдану және оның ұзақтылығына әсер ететін, бірақ қиын емес ақау.
9. Негізгі желдеткіш қондырғы-екі желдеткіш агрегатын қосатын, олардың біреуі кіру және шығу элементтерімен қосылған резервті болып табылатын: электқозғалтқыштарына, дыбыс бастырғыш құрылғыларына желдеткіш қондырғылар ғимаратына жеткізетін ауа ағынын қайта қосу және реверстеуге арналған жалғастыратын канал, диффузор, шығатын бөлік және қосалқы құрылғылар-желдеткіш жиынтығы.
1-тарау. Жалпы талаптар
1-параграф. Міндеті және қолданыс аймағы
10. Әдістемелік ұсынымдардың күші негізгі желдетудің діңдік және сыртқа тебуші желдеткіштерге таралады.
11. НЖЖҚ эксперттік жүргізу-қызмет ету мерзімін өтеген, механизмдер және түйіндердің нақты жағдайын бағалауға арналған техникалық диагностика бойынша жұмыс жиынтығы. Техникалық диагностикалаудың негізгі міндеті НЖЖҚ алдағы уақытта пайдалану мүмкіндігін анықтаудан тұрады.
12. НЖЖҚ сараптама зерттеуі орнатылған тәртіпте жүргізілетін техникалық қызмет көрсету мен тексеруді, жабдықты реттеуді ауыстырмайды.
13. НЖЖҚ сараптама зерттеуі нормативті қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін жүргізіледі, кейінгі жеті жылда бір реттен кем емес. Нормативті қызмет ету мерзімі қарастырылады:
20 жыл-желдеткіш жұмыс дөңгелегінің диаметрі 2500 мм дейін НЖЖҚ үшін;
25 жыл-желдеткіш жұмыс дөңгелегінің диаметрі 2500 мм 3150 мм дейін НЖЖҚ үшін;
30 жыл-желдеткіш жұмыс дөңгелегінің диаметрі 3150 мм жоғары НЖЖҚ үшін.
2-параграф. Сараптама зерттеу ұйымы
14. НЖЖҚ сараптама зерттеуі Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау жөніндегі комитеттің 2008 жылы 4 желтоқсанда № 49 бұйрығымен келісілген Өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамаларын жүргізу туралы әдістемелік ұсыныммен анықталатын тәртіпте іске асырылады.
15. Сараптамалық зерттеудің барлық кезеңі ағымында қауіпсіз жұмыс жүргізу мен толық көлемде жұмыс орындауды қамтамасыз ететін шаралар қолданылады.
16. Сараптамалық зерттеу жүргізетін мамандар өнеркәсіптік қауіпсіздік талабы бойынша нұсқауландырылған.
3-параграф. Ұйымдардың көрсететін құжаттары
Зерттеулер жүргізу үшін келесі құжаттар қажет:
Зауыт-дайындаушының желдеткіштерге беретін құжаттары;
соңғы бес-алты жылда шахта негізгі желдеткіш қондырғысын ретке келтіру және жөндеу бойынша есеп беру құжаты;
пайдалану құжаттары, сонымен қатар бақылау, жөндеу, ертеде жүргізілген сараптамалық зерттеулер туралы мәліметтері бар құжаттар;
техникалық диагностикаға жіберілетін түйіндер сызбалары және олардың элементтері;
соңғы бес жылда авария зерттеу актілері;
алдыңғы зерттеу нәтижесі бойынша діріл диагностикасы және ақаукөргіштің қорытындысы.
4-параграф. НЖЖҚ зерттеу бойынша жұмыс кезеңдері
17. Техникалық құжаттарды талдау.
18. Алдын ала зерттеу жүргізу.
Алдын ала зерттеу кезінде осы Әдістемелік ұсынымның 1-бөлімінің 1-тарауына сәйкес діріл деңгейіне аспаптық өлшем жүргізіледі. Алдын ала зерттеу нәтижесінде НЖЖҚ НТҚ талаптарына сәйкес келмеуі анықталған кезде, зерттеу жүргізетін аттестациялық ұйыммен келісілген ауытқуларды уақытында жою шаралары қабылданады.
19. Техникалық құжаттар талдауы және алдын ала зерттеу нәтижесі ескерілген НЖЖҚ сараптамалық зерттеу бойынша жұмыс бағдарламасы құрылады. Жұмыс бағдарламасы шахтаның техникалық жетекшісімен бекітіледі.
20. Осы Әдістемелік ұсынымға сәйкес техникалық диагностика жүргізіледі.
21. НЖЖҚ сараптамалық зерттеу нәтижесі бойынша техникалық есеп беру рәсімделеді.
5-параграф. Сараптамалық зерттеу нәтижесін рәсімдеу
22. Зерттеу жүргізген аттестациялық ұйымның зерттеу нәтижесі бойынша НЖЖҚ жағдайына баға беретін техникалық есеп беру рәсімделеді.
Техникалық есеп беруде ұсынылатын форма 1-қосымшада көрсетілген.
Техникалық есеп беру:
желдеткіштің жауапты элементтерді ақаукөргіш және көзбен шолу бақылауы бойынша қорытынды;
НЖЖҚ соңғы бақылау сынамалары актісінің көшірмесі;
зерттеу жүргізу нәтижесі бойынша ақаулар тізімі;
зерттеу жүргізген мамандардың ұсынымдары және шешімдері.
Техникалық есеп беру сараптамалық зерттеулер жүргізген ұйымның техникалық жетекшісімен бекітіледі.
23. Нормативтік қызмет мерзімін атқарған НЖЖҚ алдағы уақыттағы пайдалану мүмкіндіктеріне, оның бөлек элементтеріне, түйіндері мен механизмдеріне анықталған ақаулардың, олардың түрлері және олардың желдеткіштерді пайдалануға әсер етуін талдау негізінде сараптамалық техникалық комиссия ( бұдан әрі-СТК ) қорытынды береді.
Негізгі желдету желдеткішінің техникалық жағдайын бағалаудың негізгі факторы «ротор-іргетас» жүйесіндегі желдеткіштің діріл деңгейі болып табылады.
СТК шахта басшылығына желдеткішті күрделі жөндеу өткізуге тоқтату, қайта құру немесе егер бірнеше қайталанатын балансирлеу және реттеу кезінде пайдалану нормаларымен негізделген шекаралардағы діріл деңгейін ұстау қамтамасыз ету мүмкін болмаса, оны айырбастау шешімдерін қабылдауға ұсыным жасай алады.
24. НЖЖҚ элементтерін жөндеу, сынау, есептеу, қосымша зерттеулерді жүргізу мақсатындағы бөлек жағдайларда, СТК ұқсас ұйымдардың құзырлы мамандарын тарта алады.
25. СТК кезекті сараптамалық зерттеу уақытын белгілейді.
СТК қажет жағдайларда НЖЖҚ бөлек элементтерін жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша кезекті жұмыстарды жүргізуге дейін пайдалану мерзімдерін, НЖЖҚ жабдықтарының техникалық жағдайларын қоса есептегенде кезекті сараптамалық-техникалық зерттеулерге дейін пайдалану мерзімдерін қысқарта алады.
26. Анықталған ақауларды жою бойынша шараларды көрсету арқылы НЖЖҚ келесі пайдалану мүмкіндігі, кезекті сараптамалық зерттеу күні, желдеткіштің бөлек элементтерін жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыс жүргізу нормативтік мезгілін қысқарту туралы СТК қорытындысы шахтаның бас механигімен бекітіледі.
Сараптамалық-техникалық комиссияның қорытындысына ұсынылатын форма 2-қосымшада көрсетілген.
27. Сараптамалық-техникалық комиссия қорытындысы НЖЖҚ техникалық құжаттарымен бірге оны пайдалану аяқталғанға дейін сақталады.
28. Кейбір жағдайларда қорытынды бекіту кезінде СТК мүшелері арасында келіспеушілік болса, СТК көп мүшелердің келісімі бойынша төраға шешім қабылдайды.
1-бөлім. Зерттеу технологиясы және НЖЖҚ жауапты элементтерінің техникалық жағдайын бағалау
1-тарау. Діріл сараптамалық зерттеу және желдеткіштердегі механикалық бөлімдер түйіндерінің техникалық жағдайын бағалау
1-параграф. Негізгі түсініктер және анықтамалар
Техникалық жағдайды бағалау үшін мүмкін болатын өлшенетін көрсеткіштерден (Sа орын ауыстыру амплитудасы, Vэф тербелістің тиімді жылдамдығы, тездету) тербеліс жылдамдығын Vэф (мм/с) (діріл жылдамдығы) қолдануға ұсынылады, бұл параметр тербеліс үдерісінің энергиясын толық сипаттайды.
Машинаның (әсіресе мойынтіректерде) функционалды маңызды нүктесінде өлшенетін діріл тиімді жылдамдығының максималды көрсеткіші қарқынды діріл деп аталады. Ол діріл қаупінің көрсеткіші болып табылады, машинада пайда болған механикалық зақымдалуларды анықтауға мүмкіндік береді.
Білікке қуаттылық бойынша топталған, бір-біріне ұқсас машиналар механикада ұқсас бақылауларға қарап алғашқы жақындауда эквивалентті сияқты бағалауға болатын механикалық тербелісті тудырады. Бұл негізге алынатын рұқсат әртүрлі топтағы машиналарға арналған діріл интенсивтігін сапалы интервалдарға бөлетін принцип үшін алынған.
Белгілі бір гармониканың үлкейетін амплитудасы жиі диапазонда қарастырылатын ең үлкен амплитудамен (әдетте ротор айналымы жиілігінде) құрастырылатын деңгейге жеткенде кең жолақты өлшеулер (мысалы, 10-1000 Гц диапазонында) нәтижесі негізінде машиналық жабдық жағдайының өзгергендігін табуға жол берілмейді.
Электр қозғалтқыш және желдеткіштің (1-сурет) механикалық тербеліс тірегі спектрлерін салыстыру жолымен тербеліс үдерісі компоненттерінің біреуінің деңгейінің көбеюі бойынша жабдықтардың техникалық жағдайының өзгерісін уақытында көруге болады. Әртүрлі нақты ақауларға діріл жүктеме жалпы спектрінде әртүрлі үйлесімдердің анықталған құрамдары сәйкес келеді (1-кесте).
2-параграф. Өлшеу-тіркеу аппараттары
Өлшеу өңдегіштерінен (құрылғы), күшейту өңдегіштерінен және көрсету аспаптарынан тұратын өлшеу-тіркеу аппаратуралары келесі талаптарға сәйкес келеді:
өлшеу өңдегіштері өлшеу бағыты бойынша таңдалынатын (бұрмалау коэффиценті 5 % артық емес);
зерттеу объектісінің жергілікті ауытқу массасының өлшеу өңдеуіш массаларымен өзара қатынасы 10 % артық емес;
өлшеу-тіркеу трактасының кемшілік шегі 10 % артық емес (10-10 000 Гц жиі диапазонда 2 % артық емес);
жиі диапазон діріл қарқындылығын бағалау үшін шешуші маңызы бар барлық жиі компоненттерді қамтиды (2-1000 Гц тардан гөрі, 1-10 000 Гц артығырақ);
1-сурет. Желдеткіш және электр қозғалтқыш тірегінің механикалық тербеліс спектрлері
1-кесте
Механикалық тербелістердің идентификациясы (дірілжүктеулі спектрлерінде тербелістердің мүмкін себептері)
-
Тербелістің пайда болу себептері
|
Сәйкестендірілген тербеліс жиілігі
|
|
|
|
|
|
|
|
Әртүрлі
|
Өте жоғары
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
Баланстың үйлесімсіздігі
|
|
|
|
x
|
0
|
0
|
|
|
|
Орталықтандырмау
|
|
|
|
x
|
x
|
0
|
|
|
|
Іргетастың ауытқуы
|
|
0
|
|
x
|
0
|
0
|
|
|
|
Мойынтірек корпусының ауытқуы
|
0
|
0
|
0
|
x
|
0
|
|
|
|
|
Ротордың діңдік соғуы
|
0
|
0
|
0
|
x
|
0
|
0
|
|
|
|
Итеру мойынтіректерінің ақаулары
|
|
|
|
|
|
|
x
|
0
|
|
Тіреу мойынтіректерінің ақаулары
|
|
x
|
x
|
x
|
x
|
|
|
|
|
Мойынтірек түйіндеріндегі үлкейген саңылаулар
|
|
|
|
x
|
x
|
x
|
|
|
|
Ротордың электромагнитті асимметриясы
|
x
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Фазалы асимметрия
|
|
|
|
|
|
|
|
|
x
|
Резонанстар
|
Құрамына байланысты
|
Аэродинамикалық күштер
|
|
|
|
0
|
|
x
|
|
0
|
|
Тайғанау мойынтіректерінің ақаулары
|
|
x
|
|
|
|
|
|
|
|
Ескерту: х-тербелістің сипатты жиілігі; 0-сипатты жиілікке қосымша пайда болатын тербеліс жиілігі; -ротор айналымының жиілігі; -желідегі тоқтың жиілігі;
динамикалық диапазон бөлек компоненттер амплитудаларының барлық көрсеткіштерін қамтиды (0-200 мм/с тар емес);
көрсететін аспап (тіркейтін) діріл жылдамдығының орта квадраттық көрсеткішін (бұдан әрі-ОКК) бейнелеуге арналған квадраттық сипаттамасы бар;
аппараттық немесе алгоритмдік әдістермен діріл үдерістері спектрінің тар жолақты талдау мүмкіндігі бар (Фурье жылдам түбегейлі өзгеріс негізінде);
жеке компьютерге беруге арналған өлшеу үдерістері туралы ақпараттар жинау және қатты тасымалдаушыларда бейнелеу мүмкіндігі бар;
климаттық орындау өлшеу жүргізу шарттарына сәйкестендірілген.
Бұл талаптарға діріл диагностикалық аппаратуралардың келесі жиынтықтары жауап береді:
«Диамант» (Диамех, Ресей) болжанатын қызмет көрсету жүйесімен «Топаз» немесе CUO60 талдағыштары;
DC-7B немесе Expert ALERT (DLI, АҚШ) сараптамалық дианостикалық жүйесімен WATCHMAN талдағыштары;
Master TREND (CSI, АҚШ) сараптамалық жүйесімен 2400 талдағышы;
PRISM2 (Palomar, АҚШ) диагностикалық жүйесімен Microlog 6100 талдағышы;
СF-1200 (ОNО SOККI, Жапония) талдағышы;
СОМРАSS (В&К, Дания) жүйесі.
Итеру мойынтіректерінің техникалық жағдайын талдау үшін:
«Кварц» немесе «Диамант» (Диамех, Ресей) болжанатын қызмет көрсету жүйесімен «Малахит» коллекторы талдағыштары;
АЛ-2-3 (ПКФ ЭП, Ресей) аспабы;
А2011 (SPM, Швеция) соғу импульстарының талдағыштары;
VIBROTIP (Pruftechnik, Германия) құрастырушы қолданылады.
Жоғарыда тізбектелген талаптарға жауап беретін басқа аппараттық бағдарламалық жиынтықтар қолданылады.
3-параграф. Өлшеу жүргізу
Бақылау нүктелерін тағайындаудан бұрын тіркелетін белгі бергіштің үлкен көрсеткіші бар көп ақпаратты нүктелерді анықтау үшін контурлық сипаттама өлшеп алынады. Бақылау нүктелері бақылау кинематикалық сұлбасында көрсетілген (олардың орналасу үлгісі 2-суретте көрсетілген) және бір жерде өлшеуді жүргізу үшін зерттелетін машина корпусында белгіленген. Егер механикалық тербеліс тарату жолы қозу нүктесінен тіркеу нүктесіне дейін сөнудің біркелкі коэффициенті болмаса, біркелкі сипаттағы ақаулар өлшеу түбегейлі өзгерісінде әртүрлі формалы және амплитудалы сигналдарды тудырады, соңынан әртүрлі интерпретация және қорытындылардың себебі болуы мүмкін. Сонымен қатар, қатты бұзылған белгілер болып жатқан жердегі форма өзгеру және кернеуліктің жергілікті концентраторларынан, қатты реберден алыс корпустарда бақылау нүктелері тағайындалады.
Діріл параметрлері барлық мойынтіректік тіректерде НЖЖ геометриялық діңіне қатысты үш ортогоналдық бағытта өлшенеді: тік, көлденең, діңдік.
Діріл компоненті тіктігі ішпектің ұзындық ортасы үстінен мойынтірек қақпағының үстіңгі бөліктерінде өлшенеді.
Діріл компоненті көлденеңдігі көлденең жеке бөлікке ажыратудан тікелей жақын жоғарғы қақпақта мойынтірек ішпегінің ұзындық ортасына қарама-қарсы өлшенеді.
Діріл компоненті діңдігі көлденең жеке бөлікке ажыратудан тікелей жақын жоғарғы қақпақтың бүйір жағында мойынтірек ішпегінің қалыңдық ортасына қарама-қарсы өлшенеді.
Егер мойынтіректің жоғарғы қақпағының ішпекпен қатты байланысы болмаса немесе жоғарыда көрсетілген нүктелерге белгі көрсеткіш орнатуға кедергі болатын басқа конструктивті ерекшеліктер болса, диапазон жиілігі 10-1000 Гц резонансы жоқ және ішпектің тірек бөлігімен қатты байланысқан мойынтірек корпусының басқа нүктелерінде діріл параметрлеріне өлшеу жүргізуге жол беріледі.
Әрбір бақылау нүктесіндегі компоненттерді әрбірін өлшеу нәтижесін бақылау уақыты 30 секундтан кем емес. Діріл жылдамдығы ОКК өлшеу нәтижесін есептеу саны үштен кем емес.
4-параграф. Діріл қарқындылығын бақылау
29. Діріл мөлшерленетін параметрі ретінде жұмыс жолағында жиілігі 10-100 Гц болатын діріл орта квадраттық көрсеткіш жылдамдығы орнатылады. Егер діріл үдерістері 2-ден 10 Гц дейін диапазонда қиын тербеліспен көрсетілсе, 2 Sa тербеліс шегін шектеу бойынша қосымша шарттар енгізіледі.
НЖЖ техникалық жағдайы 1-бөлімнің 1-тарауы 3-параграфы бойынша өлшенген діріл компонентінің бірінің артық көрсеткіш бойынша бағаланады.
30. НЖЖ жалпы жағдайын бағалауға арналған діріл қарқындылығы аралығы 2 және 3-кестеде көрсетілген.
I топ-қуаттылығы 150 кВт дейін орындаушы машинамен қатты байланыстырылған электр қозғалтқыштар.
II топ-арнайы іргетастарда орнатылған, айналу элементтерімен ғана қуаттылығы 300 кВт-қа дейін орта машиналар.
2-кесте
Достарыңызбен бөлісу: |