Ќазаќстан республикасы


,12-дәріс. Синтетикалық материалдардан жасалған киімдердің гигиеналық қасиеті



бет13/45
Дата03.01.2022
өлшемі0.89 Mb.
#450771
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   45
Киім және аяқ киім гигиенасы лекция

11,12-дәріс. Синтетикалық материалдардан жасалған киімдердің гигиеналық қасиеті
Синтетикалық талшықтар жайлы ақпарат

Тоқыма талшықтарына қойылатын негізгі техникалық талап жоғары механикалық беріктік. Ол затта ісер ететін, молекула аралық тартылыс күштеріне байланысты. Молекулалар неғұрлым үлкен және бір біріне жақын орналасқан болса, соғұрлым ол күштер көп болады. Химиялық талшықтар өндірісінде пайдаланылатын полимерлер тәртіпсіз орналасқан сызықты молекулалардан тұрады. Полимерге беріктігі жоғары талшықты структура беру үшін, олардың түзу бойына орналасуын тәртіптеу керек. Полимер макромолекулаларының, олардың қайта орналасу процесінде, көбірек қозғалғыштық пайда болу үшін, алдын ала молекула аралық күштерін кеміту қажет. Бұл заттарды еріту немесе балқыту жолымен іске асырылады. Осыған химиялық талшықтар өндірудің екі әдісі негізделген: ерітіндіден иіру және балқымадан иіру.

Көптеген синтетикалық талшықтарды, пластмассалар қай мономерден алынатын болса, сол мономерден алады (полителен, полипропилен, поливинилхлорид, полистирол және басқа да талшықтар)

Синтетикалық маталардың бірқатар жақсы қасиеттері бар: иілімділігі жоғары, берік, жууға, пішінің өзгертетін әсерлерге, химиялық және биологиялық факторлардың әсеріне төзімді. Бірақ, бірқатар кемшіліктері де бар, соларға байланысты іш киімдерді дайындау үшін синтетикалық маталардың қолданылуы шұғыл шектеледі. Бұл кемшіліктеріне ең алдымен, төмен гигроскопиялылығы мен гидрофобтылығы жатады, нәтижесінде су булары мен басқа да бөлінген газ тәрізді заттарды матаның талшықтары сіңірмейтіндіктен, олар саңылауларда жиналып, киім асты кеңістіктің желдетілуіне кедергі жасайды, бұл ондағы ылғалдылықтың жоғарылауына және адам денесінің жаз уақытында тез қызуына, ал қыста - тез салқындауына әкеп соғады.

Бұнымен бірге, синтетикалық маталардың теріс қасиеттеріне статикалық электрлікті жинауға қабілеттілігі және жоғары липофильділігі жатады, осының нәтижесінде, олар жағымсыз иістерді өздеріне ұстап қалады және жуғанда жақсы тазармайды. Матаның бетінде статикалық электрліктің жиналуы адамда шаншу сезімдерін туғызады, қан тамырларының жиырылуы басым жүретінвегетативтік-қан тамырлары қызметінің бұзылуы, тез дамитын қажу, бас ауруын тудырады. «Электрленген» киім денеге жабысып қалады, өзіне шаң мен микроағзаларды тартады. Полимерлік маталардың химиялық тұрақтылығының төмендеуі, киім асты кеңістігінде бос мономерлердің де, сол сияқты мата дайындау үрдісінде қолданылған басқа да заттардың бөлінуіне әкеп соғады. Олар ағзаға тітіркендіретін, тері арқылы сіңетін және сенсибилизациялаушы әсер етуі мүмкін.

Синтетикалық талшықтардан жасалған сыртқы жылы киімдердегі киім

гигиенасы

Сыртқы жылы киімдер - олардың негізгі міндеті денеге қажетті жылуды сақтау және оны атмосфералық жел мен ылғалдылықтан қорғау болып табылады. Ол 3 қабаттан тұрады. Сыртқы, жабын қабаты ауа-, буөткізгіштігі, гигроскопиялылығы және ылғал сіңіргіштігі төмен, яғни, суық атмосфералық ауаның киім астындағы аралыққа дейін өтіп кетуін тежейтін, қар мен жауын суынан сақтайтын, жылу қорғау қасиеті жоғары матадан тігіледі. Балаларға арналған қыстық киімдердің сыртқы қабатын су өткізбейтін заттармен қанықтырылған табиғи талшықтардан жасалған маталардан немесе синтетикалық жолдармен алынған маталардан тігуге болады. Ортаңғы жылусақтағыш қабаты кеуектілігі жоғары, ауаны ұстап қалатын (мақта, ватин, ватилин, синдипон т.б.), табиғи, жасанды немесе синтетикалық талшықтардан жасалған маталардан тігіледі. Бұл қабаттың жылусақтағыш қасиеті жоғары болуы үшін және ол денеге тиіп тұрмайтындықтан, мұнда синтетикалық талшықтардан жасалған маталарды қолдануға болады. Ішкі қабат (астары) - ауа-, буөткізгіштігі, ылғалсіңіріуі және гигроскопиялылығы жоғары, яғни, киім асты аралығында қолайлы гигиеналық жағдай жасауға қажетті маталардан даярланады.

Синтетикалық маталардан жасалған іш киімдердің қолайсыз әсерлерін ескере отырып, 3 жасқа дейінгі және жаңа туған балаларға бұл маталардан іш киім тігуге рұқсат етілмейді. Бұл жастағы балалардың денесіне жанасатын киімдеріне (ползунки, колготки) 20% ғана синтетикалық ацетат талшықтарын қосуға, сонымен қатар, мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған іш киімдеріне мақта-сиблонды матаны (70% мақта және 30% сиблон) қолдануға рұқсат етіледі.

Синтетикалық материалдардың қасиеттері, киімге әсері


Киім әр түрлі қызметтерді атқарады. Ол адамды сыртқы ортаның қолайсыз факторларынан қорғайды, қолайлы жылылық жағдай қамтамасыз етеді, теріні ластанудан, механикалық зақымдалудан қорғайды. Пайдаланылуына қарай киімнің бірнеше түрлері болады: тұрмыстық, кәсіптік, спорт, балалар, әскери, ауруханалық киімдер. Киімдердің әрбір түріне өзіндік гигиеналық талаптар қойылады, бірақ олар үшін келесі гигиеналық талаптар жалпы болып табылады:

1. Жергілікті жердің белгілі климаты, ауа райы және жыл мезгілі жағдайында қолданылатын киімдердің осы жағдайларда ағзаның қолайлы жылулық жағдайын қамтамасыз ететін жылу сақтайтын қасиеті болу керек.

2. Киімнің ауа өткізгіштігі мен су өткізгіштігі адам жүрген орта жағдайыларына байланысты болуы керек.

3. Киімнің пішімі адамның еркін қимылдауын шектемеуі, тыныс алу мен қан айналымын қиындатпауы, дененің жеке бөліктерін қыспауы керек.

4. Ағзаға қосымша дене жүктемесін түсірмеу үшін, киім шектен тыс ауыр болмауы керек, оның салмағы адамның дене массасының 8-10% аспауы керек.

5. Синтетикалық материалдардан тігілген киім спецификалық иіс шығармайтын, денсаулыққа зиянды химиялық заттар бөлмейтін, сол сияқты, киімнің бетіне статикалық электрлікті жинамайтын болуы тиіс.

6.Киім берік және оңай тазартылатын болуы керек.

Қоршаған ортаның жағдайларына сәйкес киімнің қолайлылығы киім астылық микроклимат пен адамның жылу сезінуі көрсеткіштері бойынша анықталады. Киім астлық микроклимат деп, киім мен тері арасындағы ауа қабатының физико-химиялық сипаттамаларының (температура, ылғалдылығы, көмірқышқыл газының концентрациясы) жиынтығын атайды. Олардың шамасы мен динамикасы ағзаның жылу реттейтін үрдістерімен, метеожағдайлармен және киімнің қасиеттерімен анықталады.



Синтетикалық талшықтарды көмірсутек шикізаттарынан (мұнай, газ, таскөмір) және басқа да органикалық қосылыстардан химиялық синтездеу реакциялары арқылы алады. Синтетикалық талшықтарды алу жолы мен қасиеттеріне байланысты біріктірілген бірнеше топтарға бөледі: полиамидтік (капрон, нейлон, перлон, ксилон және т.б.), полиэфирлік (лавсан, терилен, дакрон, т.б.), полиуретандык, поливинилхлоридтік (хлорин, винол), поливинилспирттік (винилон, куралон), полиакрилнитрильдік (нитрон, орлон, т.б.). Талшықтардан дайындалатын жіптер иерілген және тығыз немесе борпылдақ, жеңіл болады. Матаның құрылымы маталық және тоқылған (трикотажды) болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет