Қазақстан Республикасы



Дата25.02.2016
өлшемі132.77 Kb.
#23678
Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және

даму министрінің

2015 жылғы №_______

бұйрығымен бекітілген

«Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатын
беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты




  1. Жалпы ережелер

      1. «Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).


2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы немесе www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.



  1. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:

әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатын беру – үш ай;

әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатының телнұсқасын беру – күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде;

2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификаты не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және қағаз түрінде.

Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатының сәйкестік куәлігін көрсетілетін қызметтің беруші көрсетілетін қызметті алушы өзі келген кезде, берілген сертификаттарды есепке алу және тіркеу журналына қол қойғызып береді.

Көрсетілетін қызметті алушы порталда әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатын электрондық құжат нысанында «жеке кабинеттен» алады.

7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі.

Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттау үшін алым төлемі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексінде айқындалған тәртіппен және мөлшерде жүзеге асырылады.

Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттау үшін алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

1. класына (санаты) байланысты әуеайлақтың жарамдылығы бойынша:

А немесе Б немесе В класы/санатталмаған – алым төленетін күні қолданыстағы 1349 айлық есептік көрсеткіш;

А немесе Б немесе В класы / I-санаты – алым төленетін күні қолданыстағы 1604 айлық есептік көрсеткіш;

А немесе Б немесе В класы / II немесе III-санаты – алым төленетін күні қолданыстағы 2078 айлық есептік көрсеткіш;

Г класы/ санатталмаған – алым төленетін күні қолданыстағы 1203 айлық есептік көрсеткіш;

Д класы/санатталмаған – алым төленетін күні қолданыстағы 948 айлық есептік көрсеткіш;

Е класы/санатталмаған – алым төленетін күні қолданыстағы 692 айлық есептік көрсеткіш;

2) типі және класына байланысты тікұшақ айлағының жарамдылығы бойынша:
1) жер беті деңгейінде орналасқан:

I, II, III класы жабдықталмаған – алым төленетін күні қолданыстағы 364 айлық есептік көрсеткіш;

I, II, III класы ішінара жабдықталған – алым төленетін күні қолданыстағы 419 айлық есептік көрсеткіш;

I, II, III класы жабдықталған – алым төленетін күні қолданыстағы 510 айлық есептік көрсеткіш;

3) жер бетіндегі:

I, II, III класы жабдықталмаған – алым төленетін күні қолданыстағы 328 айлық есептік көрсеткіш;

I, II, III класы ішінара жабдықталған – алым төленетін күні қолданыстағы 382 айлық есептік көрсеткіш; 

I, II, III класы жабдықталған – алым төленетін күні қолданыстағы 437 айлық есептік көрсеткіш; 

4) палубалық тікұшақ айлағы немесе тікұшақ палубасы:

I, II, III класы жабдықталмаған – алым төленетін күні қолданыстағы 255 айлық есептік көрсеткіш;

I, II, III класы ішінара жабдықталған – алым төленетін күні қолданыстағы 309 айлық есептік көрсеткіш; 

I, II, III класы жабдықталған – алым төленетін күні қолданыстағы 328 айлық есептік көрсеткіш.

Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттау көрсетілген алым мемлекеттік бюджетке төленгеннен кейін жүзеге асырылады.
      Алым төлемі екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.

Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық сұрау салу жіберілген жағдайда, төлемді «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асыруға болады.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 17:30-ға дейін.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады;
      2) портал – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).

9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның уәкілетті өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге: 

әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатын алу үшін мынадай құжаттарды қоса бере отырып, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

1) заңды тұлға үшін – өтініш берушінің бірінші басшысы куәландырған және мөрмен расталған жарғының, өтініш берушіні заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің* не анықтаманың көшірмелері.
      Ескертпе: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;

2) жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;


3) әуеайлақ (тікұшақ айлағы) және радионавигациялық құралы орналасқан жер учаскесін (жеке меншіктегі), құрылысты пайдалану құқығына акт көшірмесі;

4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына  2-қосымшаға сәйкес әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылық сертификатына өтініш беруші міндеттемесінің көшірмесі;

5) пайдаланушының әуе қозғалысына қызмет көрсету және метео қамтамасыз ету органдарымен өзара іс-қимыл жасасу шарттарының көшірмелері;

6) әуе қозғалысын басқару объектілері мен ұшуды жарық сигналымен қамтамасыз ету жүйесін ұшу кезінде тексеру актілерінің көшірмелері;

7) радиотехникалық жабдық және әуе қозғалысын басқару және оған қызмет көрсету жөніндегі диспетчер немесе радиооператор пункті жабдықтарының тізбесі;

8) әуеайлақ (тікұшақ айлағы) жөніндегі нұсқаудың, метеорологиялық қамтамасыз етудегі басшылыққа алынатын құжаттың, әуеайлақ (тікұшақ айлағы) ауданында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу және өрт сөндіру жөніндегі жедел жоспардың көшірмелері;

9) ұшуды жүргізу бойынша (бірлесіп пайдаланылатын әуеайлақтар үшін) нұсқаулық көшірмесі;

10) инженерлік-техникалық персоналды оқыту және біліктілігін арттыруды растайтын құжаттар көшірмелері;

11) аэронавигациялық ақпарат жинағына (бұдан әрі – AIP) енгізу үшін ақпарат беру және алмасу бойынша нұсқаулық;

12) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты лауазымдық нұсқаулықтар тізбесі;

13) әуеайлақтың жарамдылығы сертификатының қолданысы кезеңінде авиациялық тосын оқиғалар, оқиғалар және оларға алғышарттар туралы ақпарат (өтінімді қайта ұсынған кезде);

14) әуеайлақты (тікұшақ айлағын) сертификаттау үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.

Осы тармақта көрсетілген растайтын құжаттардың тізбесіне, егер олар көрсетілген құжаттаманы әзірлеуге тартылса, ғылыми-зерттеу ұйымдарының және тиісті құзыретті органдардың қорытындысы қоса беріледі.
Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатының телнұсқасын алу үшін негіздеме, тиісті өзгерістерді растайтын құжаттар және бұрын берілген сертификат (ұрлану (жоғалу) жағдайларынан басқа) қоса берілген еркін нысандағы өтінішті ұсынады.

Порталда:


әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта тізбеленген құжаттарды электрондық түрде қоса бере отырып, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті береді.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
көрсетілетін қызметті берушіге – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттардың топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, оның көшірмесіндегі тіркеу туралы белгі қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;

портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні және уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

10. Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) азаматтық әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) пайдалануға жарамдылығы нормаларына сәйкес келмеуі мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздеме болып табылады.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойыншакөрсетілетін қызметтіберушініңжәне(немесе)оныңлауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не мына мекенжай бойынша Министрлік басшысының атына беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық поштаның мекенжайы: caa@mtc.gov.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 24-26-05.
Шағым пошта арқылы не жұмыс күндері жазбаша нысанда көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

Шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымғажауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шараларды қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.

Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.

Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. 

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Шағымда: 


жеке тұлғаның – тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы;

заңды тұлғаның – атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.


12. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде
электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып
қойылатын өзге де талаптар

13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.mtc.gov.kz («Азаматтық авиация комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде) интернет-ресурсында орналастырылған.

14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі болады.

15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.

16. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 240749, 241291, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414

________________________

«Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының)


жарамдылығы сертификатын беру»
мемлекеттік көрсетілетін    
қызмет стандартына      

1-қосымша 


         

______________________________________________________


      (көрсетілетін қызметті берушінің атауы)

Әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының) жарамдылығына сертификаттау жүргiзуге өтінім
1. ________________________________________________________________
              (ұйымның, өтiнiш берушiнiң атауы, оның мекенжайы)
негiзiнде әрекет ететiн _____________________________________________
          (әуеайлақтың атауы)

атынан
______________________________________________________________


                         (басшының Т.А.Ә., лауазымы) __________________________________________________________________
       (нормативтiк актiлердiң атауы және оларды көрсету)      талаптарына сәйкес келетiнiн мәлiмдейдi және осы
объектiнiң сертификаттық талаптарға сәйкестiгiне инспекциялық
тексеру жүргiзудi сұрайды.

2.Әуеайлақ класы бойынша қосымша ақпарат ___________________________


әуеайлақтың Халықаралық азаматтық авиация ұйымы санаттарының
бiрi бойынша жабдықталуы __________________________________________
3.Қосымша:

________________________________________________________

   
  Басшы _______________ ____________________

 (Т.А.Ә.)            (қолы)


  Бас бухгалтер _______________ __________________

                      (Т.А.Ә.)             (қолы)

    
  М.О.    Күнi______________
________________________
«Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының)
жарамдылығы сертификатын беру»
мемлекеттік көрсетілетін    
қызмет стандартына      

2-қосымша

     

Әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатына
өтiнiш берушiнiң мiндеттемесi

Мен, _______________________________________________________________
                           (Т.А.Ә.,лауазымы)
осымен ______________________________ әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының)
__________________________________________________________,
                      (нормативтiк құжаттардың атауы)
сертификаттау талаптарына сәйкес келетiнiн, ұсынылған
құжаттамадағы ақпарат әуеайлақтың нақты жағдайына сәйкес
келетiнiн куәландырамын және:

1) әуеайлақты (тiкұшақ айлағын) нормативтiк құжаттаманың


сертификаттау талаптарына және ережелерiне сәйкес пайдалануға
және ұстауға;

2) аэронавигациялық ақпарат басылымдарындағы (АIP)


деректердiң әуеайлақтың нақты жай-күйіне сәйкестiгiн қамтамасыз
етуге;
      3) әуеайлақта (тiкұшақ айлағында) сертификаттау және
нормативтiк талаптарға сәйкессiздiктер анықталған кезде,
әуежайда дереу ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн қажеттi
шектеулер енгiзiп, бұл туралы уәкiлеттi органға хабарлауға;
4) Ұшуды жүргiзу жөнiндегi нұсқаулыққа және Әуеайлақ
(тiкұшақ айлағы) ауданында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзу
және өрт сөндiру жөнiндегi жедел жоспарға толықтырулар мен
өзгерiстер енгiзуге уәкiлеттi органнан мақұлдау алуға;

5) АIP-ге енгiзу үшiн дайындалған материалдарды уәкiлеттi


органға бекiтуге жiберуге мiндеттенемiн.

     


Басшы _____________ ____________________
              (Т.А.Ә.)           (қолы)

    


  М.О. 20 __ ж. «___»_________

________________________

«Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының)
жарамдылығы сертификатын беру»
мемлекеттік көрсетілетін    
қызмет стандартына       
3-қосымша        

 

______________________________________________________


(көрсетілетін қызметті берушінің атауы)
Электрондық құжат нысанындағы өтінім
      1. ____________________________________________________________
          (ұйымның, өтiнiш берушiнiң атауы, оның мекенжайы)
негiзiнде әрекет ететiн _____________________________________________
                                    (әуеайлақтың атауы)
атынан ______________________________________________________________
                          (басшының Т.А.Ә, лауазымы)
_____________________________________________________________________         (нормативтiк актiлердiң атауы және оларды көрсету)
талаптарына сәйкес келетiндiгiн мәлiмдейдi және осы объектiнiң
сертификаттық талаптарға сәйкестiгiне инспекциялық тексеру
жүргiзудi сұрайды.
      2. Әуеайлақ сыныбы бойынша қосымша ақпарат ___________________
әуеайлақтың Халықаралық азаматтық авиация ұйымы санаттарының
бiрi бойынша жабдықталуы __________________________________________
      3. Қосымша: ___________________________________________________

     
Басшы _______________ ____________________


               (Т.А.Ә.)             (қолы)

     


Бас бухгалтер _______________ ___________________

     (Т.А.Ә.)           (қолы)



     

М.О.      Күнi______________



________________________

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет