Қазақстан Республикасымен 2012 жылы қол қойылған және күшіне ену үшін мемлекетішілік рәсімдерді жүргізілуіне әзірленген келісімдер



Дата23.02.2016
өлшемі93.06 Kb.
#4981
Қосымша

Қазақстан Республикасымен 2012 жылы қол қойылған және күшіне ену үшін мемлекетішілік рәсімдерді жүргізілуіне әзірленген келісімдер:

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы қазақстан-қытай мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісім (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 маусымдағы №750 қаулысы).

2. 2006 жылғы 4 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Респуликасының Үкіметі арасындағы қазақстан-өзбек мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімнің хаттамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі №1154 қаулысы).

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркіменстан Үкіметінің арасындағы қазақстан-түркімен мемлекеттік шекарасы арқылы халықаралық теміржол өткізу пункттері туралы келісім (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 мамырдағы № 694 қаулысы).

4. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Норвегия Корольдігі арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келісім (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 мамырдағы № 704 қаулысы).

5. 1998 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы қазақстан-ресей мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттама (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 мамыр № 639 қаулысы).

6. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Рееспубликасының Үкіметі арасындағы әуе қатынасы туралы келісім (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қыркүйектегі № 1167 қаулысы).

7. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының радио қызметтері пайдаланатын 30 - 2000 МГц радиожиілік белдеуінде радиожиіліктер беруді үйлестіру туралы келісім (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 тамыздағы № 1050 қаулысы).



Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасымен күшіне ену жөнінде мемлекетішілік рәсімдерді орындауына байланысты күшіне енбеген келісімдер:

Азаматтық авиация саласында:

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сингапур Республикасының Үкіметі арасындағы әуе қатынасы туралы келісім (29.05.1996 ж.)

Келісімнің қазақ және орыс тіліндегі мәтінінің ағылшын тіліндегі мәтініне сәйкес келмеуіне байланысты тек ағылшын тіліндегі нұсқасына қол қойылды. Қазіргі уақытта қазақстан тарапымен Келісімнің жаңа нұсқасы әзірленіп, дипломатиялық арналар арқылы сингапур тарапына жолданды.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы әуе қатынасы туралы келісім (23.09.1997ж.) қол қойылды.

Келісімнің қазақ тіліндегі мәтіні орыс тіліндегі мәтінге сәйкес келмеуіне байланысты 24.02.2009 ж. ҚР Парламент Мәжілісімен келісім пысықтау үшін қайтарылды.

Келісімнің күшіне енуі үшін тиісті мемлекетішілік рәсімдер жүргізілді. Ратификациялау үшін негіздеме болатын тармақтарды алып тастауға қатысты Келісімге өзгерістер енгізу туралы Хаттама жобасы әзірленіп, мемлекеттік органдармен келісілуде.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Латвия Республикасының Үкіметі арасындағы әуе қатынасы туралы келісім (19.05.1998 ж.).

Келісімнің қазақ тіліндегі мәтіні орыс тіліндегі мәтінге сәйкес келмеуіне байланысты 14.11.2007 ж. ҚР Парламент Мәжілісімен келісім пысықтау үшін қайтарылды.

Ратификациялау үшін негіздеме болатын тармақтарды алып тастауға қатысты Келісімге өзгерістер енгізу туралы Хаттама жобасы әзірленіп мемлекеттік органдармен келісілді. Хаттаманы келісу нәтижесі бойынша 2010 жылғы 26 қарашада Рига қаласында Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі мен Латвияның Қатынас министрлігінің делегациялары арасында кездесу өткен болатын.

Қазақстан тарапы Әуе қатынасы туралы келісімнің бірқатар нормалары ескіргенін және оның күшіне ену бойынша рәсімдерді аяқтау үшін осы нормаларды алып тастау қажеттігін хабарлады.

Осыған орай, Контрагент қазақстан тарапы әзірлеген Хаттама жобасын қарастырып, ұсынылған өзгерістерді енгізу қажеттігін түсінетіндігін, алайда, келісімге өзгерістер енгізу үшін белгілі бір қиындықтар туғызатын ратификация рәсімдерін қайта жүргізу қажеттігі хабарлады. Латвия Еуропа Одағының мүшесі ретінде екі жақты келісімдерге өзгерістер енгізуді ЕК-пен келісу қажеттігін хабарлады. Бұл ретте ЕК міндетті түрде Еуропа Одағы ұсынып отырған өзгерістерді «көлденең» келісім шеңберінде енгізуді ұсынады. Өзгерістерді енгізуде контрагенттің өзі белсенді іс-қимыл танытпайды және осы мәселені Әуе қатынасы туралы келісімнің күшіне енгеннен кейін ғана талқылауды ұсынады.

Сонымен бірге, контрагент Әуе қатынасы туралы келісімнің күшіне ену бойынша рәсімдерді аяқтау қажеттігін түсіне отырып, Келісімнің бірқатар нормаларын қолдану бойынша қазақстандық ұстанымды қабылдап, өзінің ұстанымын дипломатиялық арналар арқылы хабарлауға келісті.

Келісімнің бірқатар ережелерінің қолданылмайтыны туралы ескертумен тиісті ноталарды алғаннан кейін Әуе қатынасы туралы келісімді бекіту туралы ҚР Үкімет қаулысының жобасын әзірленетін болады.

Қазіргі кезде нотаның жобасы мүдделі мемлекеттік органдармен келісілуде.

4. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Болгария Республикасының Үкіметі арасындағы олардың сәйкес аумағы және олардан тыс әуе қатынасы туралы келісім (15.09.1999 ж.).

Келісімнің қазақ тіліндегі мәтіні орыс тіліндегі мәтінге сәйкес келмеуіне байланысты 21.06.2004 ж. ҚР Парламент Мәжілісімен келісім пысықтау үшін қайтарылды.

Ратификациялау үшін негіздеме болатын тармақтарды алып тастауға қатысты Келісімге өзгерістер енгізу туралы Хаттама жобасы әзірленіп, мемлекеттік органдармен келісілді және контрагентке жолданды.

5. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Эстония Республикасының Үкіметі арасындағы әуе қатынасы туралы келісім (26.04.2001 ж.).

Келісімнің қазақ тіліндегі мәтіні орыс тіліндегі мәтінге сәйкес келмеуіне байланысты 17.03.2004 ж. ҚР Парламент Мәжілісімен келісім пысықтау үшін қайтарылды.

Ратификациялау үшін негіздеме болатын тармақтарды алып тастауға қатысты Келісімге өзгерістер енгізу туралы Хаттама жобасы әзірленіп, мемлекеттік органдармен келісілді. Хаттаманы келісу нәтижесі бойынша 2010 жылғы 25 қарашада Таллинн қаласында Эстонияның Экономика және коммуникация министрлігінің делегациясымен кездесу өтті.

Қазақстан тарапы Әуе қатынасы туралы келісімнің бірқатар нормалары ескірген және оның күшіне енуі бойынша рәсімдерді аяқтау үшін осы нормаларды алып тастау қажеттігі туралы хабарлады.

Контрагент Қазақстан тарапы әзірлеген Хаттама жобасы қарастырып, Қазақстан тарапы ұсынған өзгерістерді енгізу қажеттігі бойынша түсінігін білдірді.

Сондай-ақ, контрагент келісімге өзгерістер енгізу үшін ол белгілі бір қиындықтарды туғызатын ратификация рәсімдерін қайта жүргізу қажеттігін хабарлады. Эстония Еуропа Одағының мүшесі ретінде екі жақты келісімдерге өзгерістер енгізуді ЕК-пен келісу қажеттігін хабарлады. Бұл ретте ЕК міндетті түрде Еуропа Одағы ұсынып отырған өзгерістерді «көлденең» келісім шеңберінде енгізуді ұсынатын болады.

Өзгерістерді енгізуде контрагенттің өзі белсенді іс-қимыл танытпайды және осы мәселені Әуе қатынасы туралы келісімнің күшіне енгеннен кейін ғана талқылауды ұсынады.

Сонымен бірге, контрагент Әуе қатынасы туралы келісімнің күшіне ену бойынша рәсімдерді аяқтау қажеттігін түсіне отырып, Келісімнің бірқатар нормаларын қолдану бойынша қазақстандық ұстанымды қабылдап, өзінің ұстанымын дипломатиялық арналар арқылы хабарлауға келісті.

Қазіргі кезде нотаның жобасы мүдделі мемлекеттік органдармен келісілуде.

6. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Нидерланды Корольдігінің Үкіметі арасындағы әуе қатынасы туралы келісім (27.11.2002 ж.).

Келісімнің қазақ тіліндегі мәтіні орыс тіліндегі мәтінге сәйкес келмеуіне байланысты 25.05.2004 ж. ҚР Парламент Мәжілісімен келісім пысықтау үшін қайтарылды.

Ратификациялау үшін негіздеме болатын тармақтарды алып тастауға қатысты Келісімге өзгерістер енгізу туралы Хаттама жобасы әзірленді, мемлекеттік органдармен келісілді және контрагентке жіберілді.

7. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Арнайы Әкімшілік ауданы Гонконгтің Үкіметі арасындағы халықаралық әуе қатынасы туралы келісім (21.12.2006 ж. Гонконг).

Келісімнің қазақ тіліндегі мәтіні орыс тіліндегі мәтінге сәйкес келмеуіне байланысты 31.03.2009 ж. ҚР Парламент Мәжілісімен келісім пысықтау үшін қайтарылды.

Ратификациялау үшін негіздеме болатын тармақтарды алып тастауға қатысты Келісімге өзгерістер енгізу туралы Хаттама жобасы әзірленді, мемлекеттік органдармен келісілді және контрагентке жіберілді.

Автомобиль көлігі саласында:

8. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы халықаралық автомобильмен жүк тасымалдау туралы келісім (08.02.2008 ж. Астана).

Келісімнің қазақ тіліндегі мәтіні орыс тіліндегі мәтінге сәйкес келмеуіне байланысты 04.04.2009 ж. ҚР Парламент Мәжілісімен келісім пысықтау үшін қайтарылды. 24.04.2009 ж. пысықталған Келісім мәтіні контрагентке келісуге жіберілді. Осы уақытқа дейін жауап келіп түскен жоқ.

Темір жолы көлігі саласында:

9. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы аумағы бойынша ресейлік жүктерді және Ресей Федерациясы аумағы бойынша қазақстандық жүктерді тасымалдауға қолайлы тарифтік шарттарды жасау туралы келісім (20.11.2009 ж. Ялта).

Келісімнің қазақ тіліндегі мәтіні орыс тіліндегі мәтінге сәйкес келмеуіне байланысты 17.06.2010 ж. ҚР Парламент Мәжілісімен келісім пысықтау үшін қайтарылды. Осы келісімнің күшін жою туралы шешім қабылданды, ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесіне тиісті хат жіберілді.

Транзит және логистика саласында:

10. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Латвия Республикасының Үкіметі арасындағы транзит тәртібі туралы келісім (19.05.1998 ж. Алматы).

Оны ратификациялау бойынша құжаттарды мемлекеттік тілге аудару сапасына қатысты ескертулерге орай ҚР Парламент Мәжілісімен қайтарылды. Осы заң жобасын ратификациялау бойынша рәсімдерді жүргізу үшін қазақ тіліндегі мәтіні пысықталып, Латвия тарапымен келісілді.

Қазіргі кезде Латвияның СІМ келісу туралы нотасы келіп түсті және ратификация бойынша құжаттар ҚР мемлекеттік органдарымен қайта келісілуде.

Аталған келісімнің күшін жою туралы шешім қабылданды. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Латвия Республикасының Үкіметі арасындағы транзит тәртібі туралы келісімнің күшін жою туралы» ҚР Үкіметінің қаулы жобасы әзірленіп, мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберілді, қазіргі уақытта ҚР Әділет министрлігінің ескертулері пысықталуда.

Ақпараттық технологиялар саласында:

11. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Латвия Республикасы Үкіметінің арасындағы ақпараттық технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы келісім (13.11.2006 ж. Астана қ.)

Келісімде тікелей келісімдер негізінде жүзеге асырылатын ақпараттық технологияларды дамыту және қолдану бойынша тәжірибе алмасу көзделген болатын. Алайда, талдау барасында Дүниежүзілік экономикалық форумының бәсекелестікке қабілетті жаһандық индексінің көрсеткіштері бойынша ақпараттық технологияларды дамыту саласында Қазақстан Республикасының Латвия Республикасынан басым түскені анықталды.

Келісім жасалғанына 6 жыл өткендіктен, ол өзінің өзектілігін жоғалтты.

Халықаралық тәжірибелер негізінде Қазақстан Республикасында «электрондық үкімет» құрылуына және Қазақстан Республикасында ақпараттық технологиялар мен ақпараттандырудың жедел дамуына байланысты қазіргі кезде Министрлікте «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Латвия Республикасы Үкіметінің арасындағы ақпараттық технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің қатысушысы болмау ниеті туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы әзірленуде.

12. 2009 жылғы 29 желтоқсанда Астана қаласында және 2010 жылғы 25 қаңтарда Брюссель қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен НАТО арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасының аумағында Халықаралық қауіпсіздікке жәрдемдесу күштерінің (ХҚЖК) операциясын қолдау үшін Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүктерді темір жол транзиті мәселесі жөніндегі ноталар алмасу нысанындағы келісім. (29.12.2009 ж. Астана, 25.01.2010 ж. Брюссель)

13. 2009 жылғы 29 желтоқсанда Астана қаласында және 2010 жылғы 25 қаңтарда Брюссель қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен НАТО арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасының аумағында Халықаралық қауіпсіздікке жәрдемдесу күштерінің (ХҚЖК) операциясын қолдау үшін Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүктерді темір жол транзиті мәселесі жөніндегі ноталар алмасу нысанындағы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2012 жылғы 21 мамырда Астана қаласында және 2012 жылғы 12 маусымдағы Брюссель қаласында жасалған ноталар алмасу нысанындағы хаттама

Келісім ұзақ мерзімде сақтау үшін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жолданды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінен Келісімнің куәландырылған көшірмесі келіп түскеннен кейін ратификациялау бойынша рәсімдер жүргізіледі.



Қазақстан Республикасымен мемлекетішілік рәсімдері орындалды, бірақ контрагенттерінің мемлекетішілік рәсімдерінің орындалуы туралы ақпараттың болмауына байланысты күшіне енбеген:

Автомобиль көлігі саласында:

14. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдау жөніндегі келісім (08.11.2006 ж. Лондон). ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің 26.12.2007 ж № 04-10/6497 хатымен ҚР Сыртқы істер министрлігіне сұрау салынды. ҚР СІМ-нің хабарлауынша Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігіне нота жіберілгенімен осы уақытқа дейін жауап келіп түспеген.

15. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Бельгия Корольдігінің Үкіметі арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдау туралы келісім (05.12.2006 ж. Брюссель).



ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің 26.12.2007 ж № 04-10/6497 хатымен ҚР Сыртқы істер министрлігіне сұрау салынды. ҚР СІМ-нің хабарлауынша Бельгия Сыртқы істер министрлігіне нота жіберілгенімен осы уақытқа дейін жауап келіп түспеген.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет