Қазақстан Республикасында экономикалық жағдайын және инвестицияны пайдалану тиімділігін талдау



Дата02.07.2016
өлшемі123.92 Kb.
#172318
УДК 330:339.727.22(574)
Қазақстан Республикасында экономикалық жағдайын және инвестицияны пайдалану тиімділігін талдау
Карабаева А.С.
Атырауский институт нефти и газа, г. Атырау, Казахстан
Инвестиции определяют будущее страны в целом, отдельного субъекта хозяйствования и являются локомотивом в развитии экономики. А привлечение иностранных инвестиций в экономику республики и их освоение способствуют повышению производительного потенциала ее экономики, служат важным инструментом передачи технических и управленческих навыков.

Investments define the future of the country in general, the certain subject of managing and are the locomotive in development of economy. And attraction of foreign investments into economy of the republic and their development promote increase of productive potential of its economy, serve as the important instrument of transfer of technical and administrative skills.

Инвестициялық ахуал дегеніміз - инвестордың тиімді капитал салуға жұмсау саясаты, экономиканы мөдениетті барлық жағдай мен шараларды есепке алу. Басқаша айтқанда инвестициялық ахуалдың анықтамасы— инвестицияны бөлуте жайлы жағдай жасайтын капиталды сыртқа шығаратын елдердің экономикалық саяси табиғи ресурстардың және арнаулы іс-әрекеттің жиынтығын білдіреді. Бірақ біздің пікірімізше бұндай анықтама әлі толық емес. Көптеген шетелдік және жергілікті экономистер инвестициялық ахуал және сыртқы фактор түсігіне геосаяси орналасу орнын басқа ұлттық рыноктарға жақындығында қосады.

Еліміздің бизнес-ахуалын талдау барысында күрделі қаржы бөлудің барлық параметрлерін балмен бағалайды, содан кейін жалпы қорытындыға келтіреді. Қорытындысында инвестициялық тәуекел көрсеткіш немесе елдің инвестициялауға сенімділік көрсеткіші арқылы инвестициялық ахуалы сандық жағынан өлшеу мүмкін болады. Бұл көрсеткіштер инвесторлардың тәуекел мен шығынын сондай-ақ шетелдік капиталды тартуға тұтынушы елдің шығынын білдіреді.

Макродәреже мен микродәреже арасында су айырылысы сияқгы қатал бөлініс жоқ. Олардың жиынтығында капитал салым жасауда жақсы ыңғайлы жағдай жасау үшін, оның басқару мекемелерінің елдегі біріккен саясаты ретінде ұстануға болады. Инвестиция ахуалдық экономикалық ортадағы алатын орнына біріншіден экономиканың жалпы жағдайы, қаржы жүйесі, валюталық-несиелік зерттеу, қолданып жатқан кедендік және салыктық жүйелер әсер етеді. Қаржы механизмінің жағдайы несиелік рейтингтің және оның банктердегі көрсеткіштерін білдіреді. Рейтинг қаржы рыногының даму дәрежесі және соған сәйкес халықаралық капитал рыногынан қаржылар тартуға әсерін тигізеді. Елдің рейтингісі неғұрлым жоғары болған сайын жалпы инвестициялық тәуекелділік төмен болады. Атап өтпесе болатын тағы бір жайт, бүгінде шетелдік компания өзінің салалық өндірістік комплекісін қосымша жетілдіріп ұлғайту үшін шетелде қызмет атқарып жатқан кәсіпорындарға күрделі қаржы енгізу арқылы жүргізіп отыр. Сондықтан инвестициялық ахуалды бағалауға реcпубликалар салаларының жағдайы ғана емес, экономикадағы кұрылымдық өзгерістер мемлекет иелігін алу мен жекешелендіру процесі, жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды игеріп алу мүмкіндігі де әсер етеді. Шетел инвестициясын тартуға өте үлкен әсер ететін себептер ол ұлттық экономиканың даму деңгейі болып табылады.

Дегенмен де бұл жағдайды түгелділігін, тиімділігін мемлекеттік баскару мекемелерінің құрылымын ұйымдастырып, жетіддіріп жақсартуға байланысты. Өмірде бос артық қаржы балмағандықтан шетелдік инвестициялық күрделі қаржыларға біз бұрынғыдан да көбірек мұқтажбыз. Барлық кәсіпорындар қарыздануда, мерзімі өтіп қайтарылмай жатқандары көп, соның нәтижесінде бұның барлығы отаңдық өнеркәсіпті мемлекеттік каржыландырудың іс жүзінде толық болып өндірістің құлдырауына әкеліп соқтыруда. Бұл қиыңдықтардың мәні өндірістің заттай факторларында негізгі қорлардың ескілігі елеулі сезілуден олардың тозу дәрежесі әжептеуір өсіп барады. Қазақстан қазір жаңа технология мен өте жетілген техникаға мұқтаж. Оны әкелуді шетелдік инвесторлар камтамасыз етуі мүмкін. Қазақстандық кәсіпорындар өзінің құрал-жабдықтарының тозуынан ғана емес, сонымен бірге басқада көптеген көрсеткіштер бойынша рыноктық экономика талаптарына сәйкес келмей отыр. Ондай кәсіпорындар жабылып жатыр немесе қайтадан рынокка сай құрылып, болмаса орнына жаңа өнеркәсіптер кұрылуы қажет. Ал, бұл көптеген инвестицияны тартуды талап етеді. Мына жағдайда да қоса айта кетуге болады.

Инвестициялық ахуал бұл рыноктық реформалардың жетілген
белгісі, дүние жүзілік бірлестіктің меншік кұқығының сенімді елдегі
жалпы жағдай да сенімді деуге болады. Республикада саясатшылар мен
экономистердің пікірінше шетелдік күрделі қаржыны тарту төмендегі
проблемаларды шешуге мүмкіндік береді:


  • Сыртқа шығару мүмкіңдігінің артуы:

  • Оны шикізат сипатынан арылту:

  • Елдің сыртқа шығару қызметтерін күшейту және сыртқы рыноктағы үлесін арттыру

  • Сырттан әкелінетін өнімдерді дамыту:

  • Өндірістің ғылыми техникалық деңгейі:

  • Жаңа техника мен технология:

  • Басқару әдісін өнім өткізу арқылы көтеру:

  • Артта қалған және тоқырап ыдыраған аудандардың дамуына көмектесу: -ұлттық экономикада жаңа жұмыс орнын жасау:

  • Қазіргі заманғы өндірістік және басқару мамандарын оқыту дайындау.

Жоғарыда айтылған мақсатты белгілерді барлық дамыған және дамушы мемлекеттер пайдаланады.
Кесте 1. Нақты ЖІӨ-ң ҚР-ғы инвестицияларының өзгеру динамикасы

Жылдар

ЖІӨ-гі инв-р-ң

үлес салмағы, %



Нақты бағадағы

ЖІӨ, млрд. тн.



Нақты көлем индекстері

алдыңғы жылға %



Негізгі капиталға салынған инв-р, нақты бағада млрд. тн.

Инв-р индексі, салыст. баға алдың. жылға салыс.баға., %

2011

29,1

3776,3

109,8

1100,0

110,6

2012

28,8

4612,0

109,3

1327,9

116,6

2013

27,6

5542,5

109,4

1530,6

110,6

Ескерту – статистика бойынша ҚР Агенттігінің мәліметтерімен құрылған

Сөйтіп шетелдік инвестицияның қалыптасуына ыңғайлы жағдай жасау ұлттық және шетелдік инвесторлар қызметтерін біртіндеп сөйлестіруге әсерін тигізуде. Республика әлемдік практикада "ұлттық тәртіп" ретінде анықталған жағдайды анықтауға тырысуда. Қазіргі кезде шетелдік инвесторлар өте тиімді жағдайда тұр. Тек экономикалық және саяси елде таза ұлттық тәртіп болады және шетелдік инвесторға тиімді болады. Қазақстанда шетелдік инвесторлар сенімін пайдаланатын тыңғылықты экономикалық саясат қажет. Сол мерзім бітуіне сәйкес инвестициялаудың ескі тәртібін нақты "ұлттық тәртіп" негізі ретінде ұсынуға болады. Бүгінгі инвесторға жеткілікті дәрежеде ыңғайлы жағдай жасалуда және сыртқы инвесторлармен орын алған келіспеушіліктер жойылуда.

Инвестиция құрылымындағы сәйкессіздіктер тиімділік деңгейі бойынша салалар дифференцияларының күшеюіне алып келмеуге болмайды. Жоғарырақ тиімділік кен өндіру салаларында, кері тиімділік химиялық өнеркәсіпте және машина мен жабдықтар өндірісінде.

Қазақстандағы институционалды инвесторларға коммерциялық банктер, сақтандыру компаниялары, инвестиция және зейнетақы қорлары жатады. Бұл институттардың инвестициялық ролі мыналарға негізделеді:



  • ақша қаражаттарының дәстүрлі салалардан жаңаларға, яғни, бос ақша қаражаттарын аккумуляциялау, инвесторларды қаражаттардың тиімді пайдалану туралы хабардар ету, тәуекелдерді басқару, тәуекелдерді сақтандыру бойынша қызмет көрсетулерді кеңейту, үрдістерді мамандандыру арқылы тиімдіректеріне ауысу;

  • жаңа кәсіпорындарды ұйымдастыру және оларды басқаруда қатысу, несиелеу жүйесін жақсарту жолымен тұтыну белсенділігін және инвестициялық сұранысты ынталандыру.

Институционалды инвесторлар ортасында көбірек дамыған институттар банктер болып табылады. 2013 жылдың соңына қарай республикада 34 екінші деңгейлі банктер жұмыс істеді. 2013 жылдың 1 қарашасына банк секторының жеке капиталының жиынтық есебі капиталы 486,3 млрд. теңгені құраған. Банктердің жиынтық активтері 3871,2 млрд. теңгені құрайды. Несиелік салымдардың көлемі 2012 жылдан 4 есеге өсіп, 2013 жылдың маусым айына 1901,9 млрд. теңге болған.

Екінші деңгейлі банктер несиелерінің құрылымын талдау несиелеу объектілер кескінінде (в разрезе) келесі тенденцияларды анықтады. Айналым құралдарын сатып алуға несиелер ең көп үлес салмақты қамтиды – 2012 жылы 81 % және 2013 жылдың маусымында 57 % , позитив ретінде соңғы 5 жылда 24 % құлдырау тенденциясын айтып кетуге болады. Негативті болып негізгі қорларды сатып алуға несиелердің төмен деңгейі келеді, соңғы 5 жылда шамамен – 5,6 %, бірақ, осы көрсеткіш өсуінің оң динамикасын айта кеткен жөн – 2011 жылы 2,7 %-дан 2013 жылы 9,4 % (3,4 есеге өскен).

Қазақстанның даму банкі мемлекеттік институционалдық инвесторлардың бірі болып табылады. Қазақстанның Даму Банкінің үш жылдық тәжірибелік жұмысы кезінде қаржыландыруға 55 инвестициялық жобалар мен экспорттық оперциялар, 1033,5 млн. АҚШ доллары Банк қатысуымен 555,7 млн. АҚШ доллары эквиваленттік жалпы соммаға, мақұлданған және қабылданған. Осы жобаларды жүзеге асыру 60 мың жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Қазақстанның Даму Банкі – “ұзын” инвестициялық жобаларды (20 жылға дейін) ең төмен пайызға (орташа 8-9 жылдық пайыз) несиелейтін, бүгінгі таңда Қазақстандағы жалғыз қаржылық институт.

Инвестициялық қорлар инфрақұрылымдық облигациялар арқылы салымдар жасайды. Мемлекет жеке сектордың бос ақша қаражаттарын ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру үшін – электр желілерінің құрылысы, машина құрылыстық газ және мұнай құбырлары, темір және автокөлік жолдарын – мобильдеу негізгі мақсаты болып табылады. Оның бірінші жобасы Шар - Өскемен теміржолдарын салу, кезекте – Жезқазған-Бейнеу теміржолының құрылысы, Солтүстік-Батыс электр желілері және тағы да басқа.

Қазақстандағы институционалды инвесторларға жинақтаушы зейнетақы қорлары 2013 жылдың аяғына салымшыларының зейнетақы жинақтары 610,3 млрд. теңгені құрады, ал, зейнетақы жинақтарының жалпы соммасындағы таза инвестициялық табыстың үлесі 23,7 % құрайды.

Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық қызметінің талдауы келесі көріністі бейнелейді. Мемлекеттік құнды қағаздарға инвестициялар үлесі төмендеді, сонымен қатар ҚР-ң қаржы Министрлігінің құнды қағаздарына 2012 жылы 53,8 %-дан 2013 жылы 24,4 %-ға дейін. Шетел имитенттерінің құнды қағаздарына салымдар 2011 жылы 3 % -дан 2013 жылы 2 %-ға дейін азайды, сонымен қатар, халықаралық қаржы ұйымдарының құнды қағаздарына 2011 жылы 3,6 %-дан 2013 жылы 0,6 %-ға дейін. Толықтай, мұны біз позитивті динамика ретінде бағалаймыз, немесе шетел активтеріне инвестицияларды кеңейту ресми ұзақмерзімді капиталды шығаруға жағдай жасайды деп есептейміз.

Отандық экономикалық агенттердің мемлекеттік емес құнды қағаздарына инвестициялардың өсуін оң тенденция ретінде қарастырамыз: 2011 жыл 23,2 %-дан 2013 жылы 34,6 % -ға дейін.

Экономиканың нақты секторындағы №1 артықшылық Каспий теңізінің Қазақстандық секторын меңгерудің мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру болып келеді. Сонымен қатар, оның бағыттарына халықаралық ынтымақтастық, көмірсутекті кешенді және қалдықсыз пайдалануға келісім шарттар жасау арқылы елдің тәуекелін азайту.

Жаңа экономика жағдайында нақты сектордағы инвестициялық және де инновациялық артықшылықтарды әкімшілік модификациялау және мемлекетпен жаңа кертартпа тәртіппен байланысты автономды бизнес –бірліктерді енгізу қажет. Инновациялық үрдістерді де жүзеге асыру үшін нақты сектордың ірі компанияларының әкімшілік стимулдарын мемлекет қалыптастыру керек.

Біз, аймақтық инвестициялық программалар ресурстарды тиімді пайдалануына, даму артықшылықтарын анықтауға, инновациялық даму мен кластерлік әдісіне бағытталуы керек деп ойлаймыз. Кластерлерді дамытуға инвестицияның мультипликативті әсері облыстың потенциалын күшейтеді және мыналарда көрініс табады: байланысты және қолдаушы салалардың өсуімен; облыстың салықтық потенциалын кеңейтумен; жаңа технико-экономикалық парадигмаға өтумен; индустриалды –инновациялық даму деңгейінің өсуімен; халық ағыны, оның жұмыспен қамтылуының артуымен, сәйкесінше, тұтыну сұранысының өсуімен.

Дүниежүзілік тәжірибе мен ғылымдағы әдістерді жалпылай отырып экономиканың нақты секторына қаржы капиталын құюдың келесі жолдарын ұсынамыз: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен несие тарихтарының мәліметтерінің тұтас базасын құру; жергілікті билік органдарының кепілімен шағын және орта кәсіпорындарды несиелеуді кеңейту; қоймадағы өнімдердердің және тағы басқалардың айналым құралдарының бір бөлігін кепілдеме (залог) ретінде пайдалану; қаржы лизингісін кең пайдалану; инновациялық технологияларды енгізу; несие тапсырыстарын Интернет арқылы қабылдау; шағын және орта бизнеске несиелерді сақтандыру жүйесін кеңейту; қаржыландырудың құрылымдық формасын қолдану.

Біздің ойымызша, барлық экономикалық агенттерінде өндірістік инветициялардың, сонымен қатар, инновацияның қаржыландыруының жеке қорларын қалыптастырудың міндетті тәртібін енгізу, және бөлек банктік спецшоттарға (инвестициялық субшоттар) алғашқы қаржы көздерінің қаражаттарын және инвестициялардың, материалды емес активтердің тозу құралдарының, амортизациялық аударымдардың, табыстың реинвестицияланатын бөлігінің, интелектуалды және өнеркәсіп меншігінің объектілерін сатудан түскен табыстың, құнды қағаздардың, қаржылық қолдау ретінде мемлекетпен ұсынылатын және қаржылық инвестицияларды жүзеге асыру үшін қайтарымсыз көмек ретінде түсетін қаржылардың міндетті кіруін (зачисление) регламенттеу қажет.

Сонымен қатар, инвестициялық процестерді жеделдету үшін маркетингтің кең көлемде енгізілуі қажет. Инвестициялау қажеттілігі маркетингтік тұрақтылықта қажетсінеді. Яғни, дәлелденбеген қаржыландырудың қосымша көздерін және олардың мақсатсыз қолданылуын болдырмау үшін кәсіпорындар, сонымен қатар, маркетингтік зерттеулер тәжірибесіне көңіл аударады. Инвестиция жоспарын дайындаған кезде кәсіпорын өндірістің негізгі құралдар жағдайы туралы мәліметтерді талдап, және жабдықтар паркін жаңарту бойынша дәл болжау жасау керек.

Шетел капиталын тартуға қолайлы факторлар:


  • Мелекеттің саяси тұрақтылығы;

  • Макроэкономикалық жағдай;

  • Объектиті заңдылық;

Батыс экспортерінің ойынша Қазақстандағы инвестициялық ахуал қолайлы, бірақ, қаржылық тәуекел, салықтық заңдылықтағы және әкімшілдіктегі жеткіліксіздіктер, сақтандыру саласындағы құқықтық инфрақұрылымы дамуының жеткіліксіздігі және тағы басқалар сияқты маңызды қайшылықтар шетел капиталы мен инвестициялардың түсім процесін тоқтату мүмкін. Бірақта Қазақстан шетел инвесторлары үшін іскерлік ахуалдың базалық параметрлері бойынша тартымды нарық болып келеді, республикаға ірі нарықтық потенциал, табиғи және еңбек ресурстарының молшылығы тән.

Шетел инвестицияларын тарту және оларды пайдалану мемлекеттің түпкілікті ынталарына және елдің сыртқы қарызға алуларының жалпы стратегиясына сай болып, оның сыртқы қарыздары бойынша позицияларын нашарлатпау керек.



Қазақстан Республикасында инвестициялар жүзеге асырылады:

  • Шетел капиталының (біріккен кәсіпорындардың) үлескерлік қатысуымен кәсіпорынды құру;

  • Филиалдары мен өкілділіктерінің шетел инвестицияларына түгелдей қатысты кәсіпорындар құру;

  • Кәсіпорын меншігіне мүліктік кешендерін, үйлер, ғимараттар, кәсіпорындағы қатысу үлесін, акциялар, облигациялар мен басқа құнды қағаздарды шетел инвесторларымен сатып алу;

  • Жер мен басқа табиғи ресурстарды пайдалану құқықтарын, сонымен қатар басқа да мүліктік құқықтарын иелену;

  • Қарыздар, несиелер, мүліктер және мүліктік құқықтарды және тағы да басқаларын ұсыну.


Список литературы


  1. Стратегия индустриально-инновационного развития до 2015 года

  2. Осипова Г.М. “Экономикалық теория негіздері” // Алматы, 2002 жыл.

  3. Шмален. “Основы и проблемы экономики предприятия” // М., 2001 год.

  4. Крылов Э.И., Журавкова Э.И. “Анализ эффективности инвес. и иннов. деятельности предприятия” // М., Финансы и стат., 2001 год, с. 384.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет