1. Несие және несие жүйесі 6 1 Несие мәні және қажеттілігі мен қызметтері 6



бет1/14
Дата21.06.2016
өлшемі0.53 Mb.
#151324
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


Мазмұны


Кіріспе 3

1.Несие және несие жүйесі 6

1.1 Несие мәні және қажеттілігі мен қызметтері 6

1.2 Несиенің формалары мен олардың жіктелуі және несиелеуді ұйымдастыру қағидалары 16

1.3 Қазақстандағы несие жүйесінің даму кезеңдері 23

2. Екінші деңгейлі банктерде жеке тұлғаларға несие беруді ұйымдастыру 32

2.1 “Тұран Әлем Банк” АҚ – ның жеке тұлғаларға несиелердің берілу тәртібі мен саясаты 32

BВ-/тұрақты/В 34

ВВ-/В 34

ВВB/Тұрақты/А-3 34

2.2 «Тұран Әлем Банк» АҚ-ның жеке тұлғаларға тұтыну несиесін беру операцияларына талдау 38

Кесте 4 40

Төлем 41

Кесте 6 42

Жеке тұлғаларға несие беру нарығының 2000-2006 жж. арасындағы көрсеткіштері, (млн АҚШ долл)* 42

Кесте 7 43

Тұтыну мақсатына берілген халыққа несие беру динамикасы, 2005 ж* 43

7-кестеден көрініп тұрғандай, тұтыну мақсатына берілген халыққа несие беру динамикасы 2005 жыл бойынша ай сайынғы өсім шамаман 1 пайызға артып 2005 жылы 4пайыздан 12 пайызға өскен. Бұл көрсеткішті диаграмма түрінде берсек мынадай сызыққа ие болады, 1 сурет: 43

Сурет 1 - Тұтыну мақсатына берілген халыққа несие беру динамикасы, 2005 43

Кесте 8 43

Қазақстан бойынша жеке тұлғаларға берілген несиелердің банктер арасындағы үлесі* 43

Кестеде көрініп отырғандай «БанкТұран Әлем» АҚ банктер арасында алғашқы үштікте орын алып жеке тұлғаларды несиелеуде 2006 жылы 86 855 млн теңгені құраса, ол көрсеткіш 2005 жылы 47 202 млн теңге болған. Бір жыл ішінде жеке тұлғаны несиелеу үрдісі екі есеге дейін өскенін көруге болады. 44

Кесте 9 44

«Шұғыл жағдайдағы несиелердің» төлем көрсеткіштері* 44

2.3 « Тұран Әлем Банкі» жеке тұлғаларды ипотекалық несиелеу ерекшеліктері 46

Жылдық 48

3. Қазақстан Республикасындағы жеке тұлғаларды несиелеу операцияларын жетілдіру жолдары 54

Қорытынды 60

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 62



Кіріспе


Нарықтық экономикалық қатынастарда несие барлық өндірістік

жұмыстардың, ғылыми-техникалық процестердің негізгі қозғалысын, заңды тұлғалардың кәсібін ұлғайтуға, жеке тұлғалардың өмірін жақсартуға, шағын және орта бизнесті, фермерлік шаруашылықтарды кеңейтуге негізгі үлесті қосады.

Несиенің формалары оның құрылымымен және белгілі бір дәрежеде несиелік қатынастардың мәнімен тығыз байланысты келеді.

Мемлекеттің несие жүйесінде коммерциялық банктердін алатын орны өте зор. Олар қарыз капиталы нарығының әр түрлі саласында жан-жақты іс-әрекет етеді. Коммерциялык банктер несие ресурстарының негізгі бөлігін шоғырландырып, өз клиенттеріне несие беру, депозит кабылдау, есептесу, бағалы қағаздарды, шетел валютасын сатып алу-сату мен оларды сақтау және басқа да көптеген қаржылык қызмет көрсетеді.

Коммерциялык банктер - нарықтық экономикада несие жүйесінің негізгі буыны. Олардың міндеті акша айналымы мен капитал айналымынын үздіксіз козғалысын камтамасыз ету, өнеркәсіп мекемелерін, мемлекет пен халықты несиелеу, халық шаруашылығына қор жинау үшін жағдай жасау болып табылады

Қазіргі коммерциялық банктер қаржы делдалы ретінде ақша капиталын салааралық және аймакаралық кайта бөлуді қамтамасыз етіп, маңызды халық шаруашылық қызмет атқарады. Капиталды салалар мен жүйелерге бөлу және қайта бөлудің банктік механизмі өндірістің объективтік қажеттілігіне байланысты шаруашылықты дамытуға және экономиканың құрылымын өзгертуге мүмкіндік туғызады.

Коммерциялық банктің жалпы мақсаты оның табыстылығы, рентабельділігі, өтімділігі, тәуекелдерді төмендету, несие қоржынын оптималдау (несиелік, депозиттік және т. б.), оның қызметінің бағыттары ұстанымы тұрғысындағы банк саясатының басымдылықтарын анықтауы керек. Банк әлеуметтік жүйе болып табылатындықтан, адамдар өз қызметінде өз мақсаттарын, мүдделерін, ойларын жетекшілікке алады, сондықтан да банк мақсаттары оның иелерінің жетекшілерінің, қызметкерлерінің, сонымен бірге банк клиенттерінің және банктік қадағалау органдарының жекелеген мақсаттарына негізделеді. Банк иелерінің маңызды мақсаты — банктің өсуі (активтердің, меншікті капиталдың клиенттердің, операциялардың, ең алдымен, табыстардың көбеюі және акция бағасының көтерілуі). Басқарушыларға кең ауқымды, әр түрлі мазмұнды мақсаттар тән, өйткені олар банктің бүкіл жұмысына жауап береді, яғни олардың жұмысының мақсаты пайданың өсімі болып табылады. Банк клиенттерінің, мақсаттары табыс алу ұстанымына байланысты әр түрлі болады, өйткені мүдделер қарама-қарсы, сөйте түра олар серіктесі ретінде сенімді банк болғанын қалайды. Банк қызметкерлерінің негізгі мақсаты — ағымдағы табыстың деңгейін көтеру. Ал мемлекетті алдымен оның өнімділігі мен тұрақтылығы ойландырады.

Коммерциялық банктің негізгі мақсаты — кең мағынадағы оның дамуы, яғни, коммерциялық кәсіпорын ретінде оның сандық жағынан дамуы және сапалы дамуы — қызмет етудің, тиімділігін көтеру, сонымен бірге банк акционерлері, клиенттері, қызметкерлері және банктік қадағалау органдарының мүдделерін қамтамасыз ету ұстанымы банктің әлеуметтік институт ретінде дамуы туралы болып табылады.Бұл дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасындағы несие қатынастарының, несие жүйесінің, кейбір жаңа дамып келе жатқан несие операциялары түрлерінің қазіргі жағдайы мен даму болашағын ашып көрсету болды.

Несие-есептеу операциялары -ол банктің несие ресурстарын орналастыру қызметіндегі несие беру операциясы. Банк табысының көп бөлігі осы операцияларды жүргізуден түседі.

Коммерциялык банктердің клиенттеріне беретін қарызын біраз белгілерге байланысты топтастыруға болады:

- борышқордың типіне байланысты - кәсіпорынға, үкіметке және жергілікті үкімет органдарына, халыққа, басқа банктерге берілетін қарыз;

- пайдаланатын мерзімінб байланысты - қысқа мерзімді (1 жылға дейін), орта мерзімді (1 жылдан 5 жылға дейін), ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары);

- қызмет ету ортасына байланысты - өндіріс аясына берілген қарыз және айналыс аясына берілген қарыз;

- борышқордың қай салаға тиістілігіне қарай -енеркәсіпке, саудаға, ауыл шаруашылығына, транспортқа берілетін қарыз;

- қамтамасыз етілуі бойынша - кепілді, қорғаулы, қауіпсіз және қамтамасыз етіямеген (бланктік);

- өтеу тәсіліне қарай - бір уақытта және бөлік-бөлікпен өтелетін қарыз.

Несиені банктер несиелеудің мына негізгі принциптері (қағидалары) сақталғанда ғана береді: қамтамасыздық, қайтарылымдылық, мерзімділік, төлемділік және мақсаттылық.

Несиені өтеу және беруге байланысты, банктің сыйақы ставкаларының мөлшері олардың өзгерістеріне байланысты барлық сұрақтар құқықтың өз аралық міндеттемелерін және жан-жақты жауапкершіліктерді анықтайтын несиелік келісімдердегі қарыз алушылар мен банк арасындағы қорытындылар негізінде шешіледі.

Осы диплом жұмысын жазу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамалы және нормативті актілері (Заңдар, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің Қаулылары мен Ережелері және т.с.с.) “Тұран Әлем банкі” есептері мен сайты қолданылды. Жеке тұлғаларды несиелендіру аясындағы шетел ғалымдарының және мамандарының еңбектері, сонымен бірге статистикалық және анықтама материалдары қолданылды.

Диплом жұмысының негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерінің жеке тұлғаларды несиелендіру жүйесін қарастыру.

Зерттеу мәселелері:

1) несие түсінігін анықтау, оның шетелдегі және Қазақстан Республикасындағы дамуын қарастыру;

2) «Тұран Әлем Банк» АҚ материалдар негізінде, Қазақстанның коммерциялық банктерінің жеке тұлғаларды несиелендіру тәжірибесіне талдау жүргізу;

3) Қазақстан Республикасындағы жеке тұлғаларды несиелеудің даму мәселелері мен келешегін қарастыру.

Бұл жұмыстың бірінші бөлімінде несие және несие жүйесі туралы түсінік беріліп, яғни Қазақстан Республикасындағы несие жүйесінің даму кезеңдерінен бастап, несиенің мәні, қажеттілігі мен қызметтері, несиенің формалары мен олардың жіктелуі және несиелеуді ұйымдастыру қағидалары туралы теориялық негіз барынша ашылып жазылды.

Ал, екінші бөлімінде «ТұранӘлемБанкі» АҚ мысалындағы жеке тұлғаларды несиелеу ерекшеліктерін көрсетіп, тұтыну несиесінің түрлері мен оның ставкаларын талданған.

Жұмыстың үшінші бөлімінде Қазақстан Республикасындағы жеке тұлғаларды несиелік қатынастардың даму болашағы жазылған, яғни жеке тұлғаны несиелеу операцияларының болашағы, ипотекалық несиелеу нарығын жетілдіру жолдары ашылды.

Экономикалық категория ретінде, несие - бұл кәсіпорындар, ұйымдар және бірлестіктер, сондай-ақ, халық арасындағы несие қорын құру және оларды қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығын білдіреді.

Диплом жұмысының құрылымы қойылған талаптарға сай жазылған. Жұмыс: кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет