Қазақстан Республикасында құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуы



Pdf көрінісі
Дата20.10.2023
өлшемі109.9 Kb.
#481265
Мурат Улан СӨЖ 7



Қазақстан Республикасында құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуы
 
Саяси ғылымда өзінін ұзақ және тағлымдық тарихы бар құқықтық мемлекеттің 
калыптасу теориясы мен тәжірибесі жеткіліксіз зерттелген. Кұкыктык мемлекет 
идеясы ежелгі дүниеде туындады. Ежелгі Грекия философтарынын, еңбектерінде 
азаматты саяси адам, қоғам мүшесі деп есептеу негізделген, сондықтан да оның 
сол қоғамның зандарын орындауға міндетті екені атап көрсетілген. Коғам ішінде 
адамның өз құқықтары мен міндеттері болады. Алайда, адамның қоғамға бағынуы 
оның тұлғасын басып жаншуға деиін жетпеуі керек. Мемлекет қол астындағыларды 
заңмен басқаруды басшылыққа алған азаматтық өмірдің міндетті нормаларын 
орнатады. 
Ежелгі Грекия философы Платон былай деп жазған: «Мен заңыңда күші жоқ. және 
біреудің билігінде болатын мемлекетті таяуда күйрейді деп ойлаймын. Мен заң — 
билеушілерге үстемдік еткен жерде, олар (билеушілер) онын. құлы болған кезде, 
мемлекет және оған құдай сыйлаған қаншама игіліктер аман қалады деп 
есептеймін» 
Көрнекті философтардың еңбектерінде құқықтық мемлекет идеясының жан-жақты 
негізделгенін, оның құндылықты мәні халық егемендігін биліктің қайнар көзі 
ретінде бекітуінде, онын еркіндіктері мен құқықтарына кепілдік беруінде, 
мемлекеттің қоғамға бағынуында жатқанын айтуға тиіспіз. Құқықтык мемлекеттің 
тұтас тұжырымдамасы ХҮШ ғасырдың соңы — XIX ғасырдың басында қалыптасты. 
«Құқықтық мемлекет» ұғымының өзі XIX ғасырдың бірінші жартысында неміс 
ғалымдары К.Велькерт пен Р.Фон Мольдің еңбектерінде жазылып, еуропалық 
әдебиеттерде толығымен орнықты. 
Құқықтық мемлекетті қалыптастырудың маңызды алғы шарттары —жеке меншік, 
азаматтық қоғам және азаматтық сана сияқты әлеуметтік ерекше құбылыстар 
болып табылады. Олардың әлеуметтік маңыздылығы бұлардың әрқайсысының 
дербестігімен, жеке-жеке өмір сүру фактісімен ғана анықталмайды, керісінше, 
олардың өзара қимыл-әрекеті, әрбір элементтің бірін-бірі күшейтуімен және соған 
тәуелділігімен анықталады. Жеке меншік қай уақытта тиімді болады, егер де ол 
сенімді корғалған болса ғана тиімді. Азаматтық коғам алуан түрлі қоғамдық 
қатынастардың мемлекеттен біршама дербестігін, олардың автономиялы болуын 
көздесе, бұл — мемлекеттік биліктің ішкі шектеушілігі болғанда және онда адам 
құқығы алға қойылғанда ғана мүмкін нәрсе. Азаматтық сана адам мен мемлекеттің 
бір-бірімен карым-қатынасындагы өзара міндеттердің болуынан көрінеді. Яғни 
тұлғаның мем-лекетті әлеуметгік тәртіп пен жеке бастың қауіпсіздігін қамтамасыз 
ету факторы ретінде қарастыруы мемлекеттің азамат алдындағы жәие азаматтың 
мемлекет алдындағы өзара борыштарлық сезімімен толыққанда ғана көрініс 
табады. 
Құқықтық мемлекеттің қалыптасуы жеке және қоғамдық өмірдің бүкіл салаларын 
табандьг түрде демократияландырумен тығыз байланысты. Өрке-ниетті заңдылық 
принциптерін сактап, нығайту және бұзбау керек, құқықты құрметтеу кажет. 
Қоғамның дағдарыссыз қалыпты дамуын қамтамасыз ететін, демократиялық 
принциптердің бұрмалануына жол бермейтін тұрақты әрекет ететін саяси және 
құқықтық механизмдер қажет. 
Құқықтық мемлекет — адамзат қоғамының гуманизм, әділдік, құқық, тендік, 
демократияшылдық, сонымен қатар қайырымдылық, тұлғаны құрметтеу, аяушылық 
білдіру сияқты құндылықтары оның өлшем-бірліктері болып табылатын, құқық 
үстемдік ететін, құқық идеясы биік тұратын мемлекет. Әрине, дегенмен, 
қайырымдылық және аяушылық білдіру құқықтың шеңберінен шығып кетеді, ол 


таза адамгершілік категориялары. Алайда, қоғамның құқықтық өмірі өзінің осы 
қырынсыз өркениетті деп танылуы екі-талай. 
Құқық демократиялық қоғамға нұқсан келтіретін және оның прогрессивті дамуына 
кедергі жасайтын қайсыбір бассыздық, құқық бұзушылық, басқа да келеңсіз 
құбылыстардың көріністеріне қарсы тұруға қабілетті. Ол тұлғаның еркін дамуына 
ықпал етеді, өйткені, әлеуметтік еркіндік шаралары көрінісінің ең жоғарғы формасы 
алға шығады. Сондықтан құқыктык мемлекет қоғамдық. өмірдің ізгіліктік 
бастауларын нығайтуға шақыратын, бірден бір жоғары әлеуметтік құндылық 
болуымен қатар, адамның бостандығын, ар-намысын, абыройын қамтамасыз 
ететін және қорғайтын маңызды практикалық құрал. 
Өзінің құқықтары және еркіндіктері бар адам құқықтың басты және негізгі субъектісі 
болып табылады. Кейде ғалымдар құқықты алып жүруші азамат емес, мемлекет 
деген пікір айтып қалып жүр. Мұнымен келісу мүмкін емес. Қалай дегенмен де, 
мемлекет халықтың атынан сөйлеуші ғана. Өркениетті қоғамда мемлекет құқықтық 
саналып, тұлғаның құқығын және еркін қорғайды. Адамның құқығы мен еркіидігі 
мемлекеттің, үкіметтің берген тартуы (сыйы) емес, керісінше, әрбір адамның, кез 
келген тұлғаның еркін ажырамайтын сапасы (қасиеті). Халық — мемлекет пен 
үкімет және заң үшін өмір сүрмейді, керісінше мемлекет пен үкімет және құқықтық 
заң халық үшін тірлік етеді. Азаматтың құқығы мен бостандығын жариялау, оларды 
заңда бекіту маңызды. Бірақ сол құқық пен бостандықты қамтамасыз ету одан да 
маңыздырақ. Адамның құқығы мен бостандығына кепілдікті қамтамасыз ету сол 
адамның құқықтық мемлекетте өмір сүріп жатқандығының айқын айғағы. Құқықтық 
мемлекет құқықтың басымдығын, құқықтық заңның бәрінен жоғарылығын, 
халықаралық құқықтың артықтығын, таптық, ұлттық, жергілікті шектелген 
құндылықтардан жалпы адамзаттық, құндылықтардың басымдығын ұйғарады. Егер 
халықаралық құқық осы құндылықтарды мойындап, бекіткен болса, онда мемлекет 
өз ішінде қабылданған құқық нормаларын тек бекітумен шектеліп қалмай сөзсіз 
оған кепілдік те беруі тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет