3.4. Қазіргі нормативтік құқықтық базаның сипаттамасын қоса алғанда, МЖӘ-ні дамытуды мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын, МЖӘ-ні дамытуды қамтамасыз ету жөніндегі қолданыстағы практика мен іс-шаралар нәтижелерін талдау
Қазіргі уақытта Қазақстанда концессия тетігін қолдана отырып, МЖӘ жобаларын іске асыру практикасы бар.
Концессия азаматтық-құқықтық қатынастар саласы болып табылады және МЖӘ-нің операциялық аспектілерін, яғни, концедент пен концессионер арасындағы мүліктік қатынастарды реттейді.
Мемлекет пен концессионер арасындағы мүліктік қатынастар «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңымен (бұдан әрі – Концессиялар туралы заң) реттеледі.
Концессиялар туралы заңға сәйкес концессия объектісі мемлекеттік меншіктегі қолданыстағы объект немесе болашақта концессия шартының талаптарын орындау нәтижесінде құрылатын объект болып таблады. Қазіргі кезде Қазақстанда қолданылатын МЖӘ моделі – ВТО (салу (қайта жаңарту) – беру – пайдалану).
Концессиялар туралы заңға сәйкес концессионерге тиісті концессия шарттарында белгіленген талаптарда мемлекеттік меншік объектісін уақытша иелену және пайдалану құқығы беріледі, бұл ретте оған объектіге билік ету құқығы берілмейді.
Бұдан басқа, Концессиялар туралы заңға сәйкес концессионер қызметін қолдау мақсатында мемлекеттiк қолдау шараларының бiрi не бiрнешеуi ұсынылуы мүмкiн.
Концессия мәселелері жөніндегі заңнама шеңберінде концессиялық жобаларды жоспарлау мен іске асыруды құқықтық реттеуге әсер ететін бірқатар нормативтік құқықтық актілер қолданылады, оның ішінде мыналар әзірленді және бекітілді:
1) Концессиялық жобаларды ұсынуды, қарауды және іріктеуді ұйымдастыру тәртібін ақындайтын қағида;
2) Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу тәртібін ақындайтын қағида;
3) Мемлекеттік кепілдіктер беру үшін концессиялық жобаның, инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптар;
4) Концессиялық ұсыныстарды, конкурстық құжаттамаларды, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерді және концессия шарттарының жобаларын сараптауға қойылатын талаптар;
5) Концессия объектісінің, концессиялық жобаның құнын және концессионер қызметін мемлекеттік қолдаудың жиынтық құнын айқындау әдістемесі;
6) Бюджеттен қаржыландыру жағдайында концессиялық жобаларды мониторингілеу мен бағалау тәртібін айқындайтын қағида.
Реттелетін қызмет түрлеріне тарифтер «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының шеңберінде белгіленеді.
Жалпы, концессия мәселелері жөніндегі заңнама шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларын, концессионер қызметіне тарифтер қалыптастыру әдістерін дамыту, мемлекеттік меншіктің қазіргі объектілерін концессияға беру жөніндегі концессия үлгілерін дамыту, концессияға беруге жатпайтын объектілер тізбесін қайта қарау, сондай-ақ концессияның жаңа модельдерін енгізу жолымен концессияны пайдалану саласын кеңейту мәселелерін пысықтау қажет.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында сенімгерлік басқаруға арналған шарт түрінде шарттық қатынастардың нысандары көзделеді, оның «басқару және ұстау» келісімшарттының түрінде МЖӘ белгісі бар.
МЖӘ негізіндегі ынтымақтастық міндетті түрде өзіне мемлекеттік мүлікті беру шартын, тәуекелдерді бөлу тәртібін, тараптардың инвестициялық міндеттемелері мен жеке секторға сыйақыны қамтуы тиіс тараптардың құқықтар мен міндеттерін өзара тиімді бөлісуді қамтиды.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес сенімгерлік басқарушыны айқындау бойынша тендер (конкурс) өткізу міндетті болып табылмайды, республикалық және коммуналдық меншіктегі мемлекеттік мүлікті беру тәртібінің бірыңғай тәсілі жоқ.
МЖӘ тетігі пайдаланылған және басқару мен ұстауға арналған келісімшарт жасалған жағдайда мемлекеттік мүлікті басқаруға жеке компанияны таңдау жөнінде конкурс өткізу міндетті болып табылады.
Бұдан басқа:
1) қолданыстағы заңнамада сенімгерлік басқару объектісі басқару мен ұстау келісімшарты бойынша объектіден кең, оның шеңберінде тек мемлекеттік меншікке тиесілі жылжымайтын мүлік беріледі;
2) шарттағы тараптар арасында айырмашылықтар бар, сенімгерлік басқару жағдайында сеніп тапсырылған мүліктің құрылтайшысы, сенімді басқарушы, пайда алушы, сондай-ақ үшінші тұлғалар тараптар ретінде әрекет етеді. Бұдан басқа азаматтық заңнама мемлекет қатысатын бір кәсіпорынды екінші мемлекет қатысатын кәсіпорындарға сенімгерлік басқаруға беруге мүмкіндік береді.
Ал басқаруға және ұстауға арналған келісімшарт бойынша жеке сектор тарапынан, жобаға біліктілікті және жаңа технологиялардың енгізуге дайын тәжірибесі бар заңды тұлғалар ғана қатыса алады;
3) объектіні беру мақсаттары мен шарттары әрқилы. Сенімгерлік басқару шеңберінде объект басқарушының объектіге инвестицияларды жүзеге асыру міндеттемесімен бірге сатып алу құқығымен немесе құқығынсыз, кепілге салу және үшінші тұлғаларға қайта сенім білдіру құқығымен беріледі.
Осыған байланысты заңнаманың тұрақтылығы қағидатын сақтау үшін мемлекет меншігі болып табылатын жылжымайтын мүлікті мемлекет қатыспайтын заңды тұлға болып табылатын жеке компанияның басқаруына және ұстауына беру тәртібін айқындайтын бірыңғай нормативтік құқықтық акт қажет.
Басқару және ұстау келісімшарты қолданылған жағдайда мемлекет жұмыстың жалпы нормаларын, тарифтік саясатты әзірлей отырып, бұл ретте білікті кадрлар, объектіні басқарудағы, және ноу-хау түрінде жеке сектордың ресурстарын тарта отырып, экономиканың әлеуметтік маңызды секторларындағы бақылау функцияларын өзінде қалдырады.
3.5. Қазақстан Республикасының жағдайларына бейімдеуге болатын шетелдік оң тәжірибеге, сондай-ақ маркетингтік зерттеулер жүргізу нәтижелеріне шолу
Қазіргі уақытта әлемнің көптеген елдерінде экономиканың дамуы мемлекет пен жеке сектордың күш-жігерін инфрақұрылымды құрудың, басқарудың және реттеудің жаңа нысандары мен әдістерін табуға шоғырландырумен сипатталады.
Халықаралық практикада МЖӘ тетіктерін белсенді пайдаланған кезде бірыңғай МЖӘ анықтамасы және оның түрлерінің жалпы қабылданған жіктемесі жоқ, әр ел МЖӘ ұғымы мен оның түрлерін дербес және тәуелсіз түрде айқындайды.
Мысалы, Еуропа Одағы (бұдан әрі – ЕО) «Мемлекеттік жеке меншік әріптестік және ЕО-ның мемлекеттік келісімшарттар мен концессиялар туралы заңнамасы туралы» Жасыл кітапқа (Green Paper) сәйкес МЖӘ-ні мемлекеттік органдар мен бизнес арасындағы инфрақұрылымды қаржыландыруды, салуды, оңалтуды, басқаруды немесе ұстауды, сондай-ақ қызметтер көрсетуді қамтамасыз етуге арналған ынтымақтастық нысаны ретінде айқындайды.
Бұдан басқа, ЕО МЖӘ-ні сипаттайтын мынадай негізгі элементтерді бөліп көрсетеді:
1) мемлекеттік және жеке сектор арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық;
2) мемлекет тарапынан қоса қаржыландыру мүмкіндігі;
3) мемлекет қызметтер көрсету сапасының өлшемдерін белгілеуі, баға саясаты мен осы параметрлердің сақталуын бақылауды айқындауы тиіс;
4) тәуекелдерді әріптестер арасында бөлу.
Италияның заңнамасына сәйкес қолданылу саласы жобалау, салу, басқару немесе қоғамдық маңызы бар жұмыстарға немесе коммуналдық қызметтерге қызмет көрсету немесе жеке инвесторлар тарапынан толық немесе ішінара қаржыландыруды да қамтитын белгілі бір қызмет көрсету сияқты қызметтің бір немесе бірнеше түрлерін қамтитын МЖӘ шарттары болып табылады.
Францияның заңнамасына сәйкес МЖӘ шарттары әкімшілік шарттар болып табылады, оларға сәйкес мемлекеттік заңды тұлға жеке меншік ұйымға қоғамдық маңызы бар қызметтер көрсету үшін қажет құрылысты қаржыландыруды орындауды; осындай құрылыс мақсаттары үшін жобалауды немесе конверсиялауды; осындай құрылысқа қызмет көрсетуді және оны басқаруды тапсырады.
Жапонияда МЖӘ-нің жеке қаржыландыруды, басқарушылық қабілет пен техникалық мүмкіндіктерді пайдалану арқылы мемлекеттік объектілерге қатысты шаралар қабылдау жолымен халыққа қол жетімді және сапалы қызметтерді кепілді ұсыну үшін әлеуметтік инфрақұрылымды тиімді жақсарту ретіндегі түрлерінің бірі болып табылатын жеке қаржылық бастамаға анықтама беріледі.
Сондай-ақ халықаралық ұйымдардың да анықтамаларын келтіруге болды, мысалы Standard & Poor,s агенттігі МЖӘ-ні шеңберінде бірнеше секторлардың тәжірибесі мен сараптамасын біріктіру және қаржылық тәуекелдер мен пайданы бөлу негізінде қоғамдық міндеттерді шешу жүргізілетін қоғамдық және жеке сектор арасындағы орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді ынтымақтастық деп айқындайды.
Егер Еуропа Қайта құру және Даму банкіне (ЕҚДБ) жүгінетін болсақ, ЕҚДБ МЖӘ-ні мемлекет мүддесі үшін немесе мемлекет атынан мемлекетке қызметтер ұсыну үшін жеке меншік сектормен ұзақ мерзімді келісімшарт деп түсінеді.
Осылайша, МЖӘ мәні мынаған сайып келеді.
Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік – құқықтар мен міндеттемелерді, тәуекелдерді, шығындар мен пайданы теңгерімді бөлу жағдайларында мемлекет жауапкершілігінің дәстүрлі саласындағы тиісті шарттарда айқындалатын нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған мемлекет пен жеке меншік субъектілерінің өзара қатынасының жүйесі.
Сонымен қатар, мемлекеттік және жеке меншік секторлар ынтымақтастығының іс жүзінде тәуекел мен жауапкершіліктің барлығы тараптардың біріне ғана жүктелетін нысандарын әріптестікке жатқызуға болмайды. Мемлекеттік сектор тәуекелдерді толық жабатын қызмет көрсетуге арналған келісімшарттар, сондай-ақ тәуекелдерді жеке сектор толық жабатын жекешелендіру ынтымақтастықтың осындай нысандарына жатқызылады.
Халықаралық тәжірибе негізінде МЖӘ жобаларының тиімді іске асырылуының мынадай факторларын бөліп көрсетуге болады:
мемлекет үшін инфрақұрылым объектілерін салу емес, қызметтердің көлемі мен сапасы басым болып табылады;
жеке сектордың инфрақұрылымды жобалау, салу, пайдалану саласындағы біліктілігі мен тәжірибесі көлемі мен сапасын мемлекет айқындайтын қызметтерді көрсету үшін пайдаланылады.
жеке сектор шығындарын өтеу оның жұмыс сапасына байланысты.
Халықаралық практикада негізінен МЖӘ-нің институционалдық және келісімшарттық екі нысаны бөлінеді.
Жасыл ктіпақа сәйкес ЕО келісімшарттық МЖӘ жоба қатысушылары арасындағы келісімшарттық қатынастарға ғана негізделетін әріптестікке жатады. Институционалдық МЖӘ мақсаты жұмыстар мен қызметтерді мемлекет пайдасына орындау болып табылатын мемлекет пен жеке әріптестің қатысуымен бірлескен кәсіпорын құруды көздейді.
Мемлекеттік және жеке сектор арасындағы әріптестікті екі жағдайда институционалдық МЖӘ-ға жатқызуға болады:
Мемлекеттік және жеке секторлардың жаңа бірлескен кәсіпорнын құру;
-
Бұл жағдайда мемлекет пен жеке сектордың бірлескен компания құруы кезінде мемлекеттік келісімшарттар мен концессиялар туралы заң нормалары қолданылмайды, бірақ мұндай кәсіпорын шеңберіндегі қызмет МЖӘ нормалары мен қағидаттарына сәйкес болуы тиіс.
ЕО-ның кейбір елдерінің заңнамасы мемлекеттік келісімшарттар немесе концессиялар тағайындау үшін аралас капиталмен әрекет ететін компанияларды пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл ретте басшылықта бұл тәсіл бәсекеге қабілеттілік пен транспаренттілікті сақтау талаптарына жауап бермейді деп атап көрсетіледі.
2. Мемлекеттік міндеттемелердің бір бөлігін жеке компанияға беру (ішінара жекешелендіруді қоса алғанда)
Бұл ретте, кейіннен МЖӘ-нің негізі қағидаттарының негізінде көрсетілетін шарт жасасу арқылы конкурстық негізге негізделген жеке секторға компания үлесін сату МЖӘ-нің институционалдық белгілеріне сәйкес болады.
ЕО-ның әр түрлі елдерінде әр түрлі тәсілдер бар, бірақ жеке капиталдың мемлекеттік компанияға қатысу үлесі нақты мемлекет пен әрбір елдің заңнамасының басымдықтарын негізге ала отырып, компанияның стратегиялық маңыздылығының деңгейі негізінде айындалады.
МЖӘ-нің келісімшарттық басқа нысанының өз кезегінде құрылымданған схемасында көрсетуге болатын, бірақ деректермен ғана шектелмейтін көптеген түрлері мен кіші түрлері бар (1-схема).
1-схема. МЖӘ келісімшарттарының құрылымданған схемасы
Әр түрлі елдерде МЖӘ келісімшарттарын қолдану тәжірибесі төмендегідей:
Ұлыбритания
Дәстүр бойынша Ұлыбританиядағы МЖӘ-нің кең тараған нысаны жеке инвестицияларды мемлекеттік инфрақұрылымға ұсыну үдерісімен негізделетін жеке қаржылық бастама (Private Finance Initiative PFI) болып табылады.
ЖҚБ-ның кең тараған нысандарының бірі мемлекеттік сектордың менеджерлері және оның министрліктері белгілейтін ерекшеліктер негізінде объектіні жеке сектор жобалайтын, салатын, қаржыландыратын және пайдаланатын нысан болып табылады.
ЖҚБ шеңберінде мемлекеттік сектор аурухана немесе мектеп сияқты активтерді иеленбейді, дегенмен келісімшарттың әрекет ету мерзімі ішінде объектілерді пайдаланғаны үшін жеке мердігердің пайдасына бірқатар келісілген төлемдерді жүргізеді. Келісімшарттың әрекет ету мерзімі аяқталған соң активтерге меншік құқығы не жеке мердігерде қалады не бастапқы келісімшарт талаптарына байланысты мемлекеттік секторға қайтарылады.
ЖҚБ Ұлыбританияда мемлекеттік шығыстардың белгілі бір деңгейінде күрделі құрылыстың көлемін арттыруға және қарқынын жылдамдатуға ықпал етті. Халықаралық қаржылық қызметтер қауымдастығының зерттеуіне сәйкес, Ұлыбританияда мемлекеттік-жеке меншік әріптестік өзге дамыған елдерге қарағанда неғұрлым кең дамыған.
1-кесте. Секторлар бойынша қол қойылған жобалар,
млн.фунт стерлинг
Салалар
|
2003
|
2004
|
2005
|
2006
|
2007
|
2008
|
1987-2008 жиынтық
|
1987-2008 % үлес
|
көлік
|
442
|
457
|
403
|
292
|
497
|
---
|
16605
|
25,2
|
денсаулық сақтау
|
707
|
2681
|
992
|
3020
|
1911
|
587
|
14435
|
21,9
|
білім беру
|
373
|
575
|
1146
|
2434
|
2415
|
2076
|
11344
|
17,2
|
қорғаныс
|
775
|
121
|
600
|
1800
|
1000
|
3291
|
9312
|
14,1
|
тұрғын үй
|
332
|
718
|
443
|
1455
|
616
|
14
|
6430
|
9,8
|
телекомму-никация және АТ
|
60
|
25
|
540
|
---
|
490
|
---
|
2672
|
4,1
|
сумен қамтамамыз ету және кәріз
|
343
|
300
|
---
|
575
|
314
|
98
|
2635
|
4,0
|
басқа жобалар
|
429
|
369
|
136
|
31
|
75
|
477
|
2505
|
3,8
|
Жиыны
|
3461
|
5245
|
4261
|
9607
|
7318
|
6543
|
65938
|
100,0
|
Дереккөз: Мемлекеттік-жеке меншік қаржыландыру институты
Оңтүстік Корея
Соңғы он жылда мемлекеттік жүйелі қолдау және МЖӘ бағдарламаларын жандандыруға бағытталған басқару саясатының негізінде Оңтүстік Кореядағы МЖӘ нарығы өсіп, мемлекеттік бюджеттің тапшылығы проблемасын шешуге мүмкіндік беретін капитал тартудың жаңа тәсілі ретіндегі өз позициясын нығайтып, тұрақты және жоғары табысты қаржы нарығына айналды. Жеке сектордың мүддесі МЖӘ дамыту жөніндегі жалпы мемлекеттік бағдарлама шеңберінде МЖӘ арқылы қаржыландыруды жандандыру жөніндегі мемлекеттік саясатта ескеріледі.
МЖӘ туралы заңға сәйкес экономиканың 15 саласындағы инфрақұрылым объектілерінің 48 түрі МЖӘ жобаларына тартылуы мүмкін. МЖӘ туралы заңда МЖӘ үшін жобаларды іріктеу өлшемдерін нақты анықтай отырып, мемлекет мемлекеттік сектордағы қоғамдық мұқтаждық үшін қосымша инвестицияларды ерекше қажет ететін салаларға жеке капитал тартпақ.
Оңтүстік Кореяда МЖӘ келісімшарттары негізінен жоба құрылымына байланысты «салу-беру-пайдалану» және «салу-беру-жалға алу» болып бөлінеді.
Айталық, салу-беру-пайдалану (лизинг) (BTL) келісімшарты шеңберінде жеке сектор инфрақұрылымдық құрылыстарды жобалайтын, салатын және пайдаланатын, ал мемлекеттік сектор үйді немесе машинаны жалға алғаны немесе кеңселерді жалға алғаны үшін төленетін төлемдерге ұқсас қызметтерге айырбастап төлемдер жүргізетін жеке инвестиция тарту тәсілі.
Жеке компания өзінің меншікті қорларын инфрақұрылымдық құрылыстарды салу үшін пайдаланады және оларды мемлекет иелігіне береді. Мемлекет өз кезегінде компанияға «құрылыстарды басқару және пайдалану жөніндегі құқықтарды» береді. Алайда, мемлекет компания көрсететін қызметтер үшін бұл төлемдерді жүзеге асырады компанияға өзінің инвестициялық және пайдалану шығыстарын қайтаруға мүмкіндік береді.
Мемлекет «салу-беру-жалға алу» келісімшартын мектептер, казармалар, кәріз құбырлары, кітапханалар және мәдени/тұрмыстық құрылыстар сияқты әлеуметтік инфрақұрылым құрылысы үшін пайдаланады. Тұтынушылардан төлемдерді өндіріп алу қиынға соғатын темір жол жобалары бойынша ірі ауқымды инвестициялық темір жол жобаларында да салу-беру-жалға алу келісімшарты пайдаланылады.
Осылайша, бұл келісімшарт жеке секторға жоғарыда анықталған деңгейден жоғары төлемдерді өндіріп алу қиынға соғатын жобаларда пайдаланылады, жеке сектордың инвестицияларын қайтару 10 жылдан 30 жылға дейін созылуы мүмкін пайдалану кезеңі ішінде үкіметтік төлемдермен жүзеге асырылады.
Салу-беру-пайдалану келісімшарттарына сәйкес ВТО жеке сектор инфрақұрылым объектілерін салады, құрылысы аяқталған соң оны мемлекет иелігіне береді және өз инвестицияларын төлемдер жинау арқылы қайтару үшін объектіні пайдаланады.
Бұл келісімшарт автожол, темір жол, айлақтар, су тазарту және жүк терминалдары кешенін салу үшін пайдаланылады. 2008 жылдың бірінші жартысында ВТО схемасы бойынша 62 триллион вон сомасына 190-нан астам жоба орналастырылады.
2-схемада «салу-беру-лизинг» және «салу-беру-пайдалану» келісімшарттарының құрылымы көрсетілген.
2-схема. BTL және BTO келісімшарттарының құрылымы
BTL
BTO
Негізгі қызметтерді көрсету
Меншікке беру
Пайдалануға құқық/мемлекеттік төлемдер
Пайдалануға құқық
Пайдаланғаны үшін төлемдер
Меншікке беру
2-кестеде BTO және BTL келісімшарттарының сипаттамалары ұсынылған.
BTL келісімшарты
|
|
BTO келісімшарты
|
Мемлекет концессия кезеңі ішінде құрылыс, рентабельді нормамен пайдалану шығыстарын жабатын төлемдерді жүзеге асырады.
|
Инвестицияларды қайтару
|
Концессионер инвестициялық және пайдалану шығындарын өтеу үшін пайдаланушылардан төлемдер жинайды.
|
Мектептер, казармалар, кәріз құбыры, мәдени және тұрмыстық тазарту
|
Объект түрлері
|
Автожолдар, темір жол, айлақтар, табиғат қорғау объектілері және т.б.
|
Төмен тәуекел және төмен қайтарымдылық
|
Жобалық тәуекел және қайтару
|
Жоғары тәуекел және салыстырмалы жоғары табыс (сұраныстың жоғары тәуекелі)
|
Сондай-ақ Оңтүстік Кореяда «салу-пайдалану-беру» және «салу-иелену-пайдалану» келісімшарттары пайдаланылады. Оңтүстік Кореяда МЖӘ жобалары жобаға кім бастамашылық ететіндігіне байланысты «сұралатын» және «cұралмайтын» санаттарға бөлінеді. Уәкілетті орган, басқарудың орталық немесе жергілікті органдары МЖӘ-нің әлеуетті жобаларын анықтайды және жеке сектордан ұсыныс беру үшін өтінімдер сұратады. «Сұралмайтын» жоба жағдайында жеке сектор МЖӘ үшін әлеуетті жобаны анықтайды және уәкілетті органнан одан әрі нұсқау сұрайды. Концессионер конкурс нәтижесі бойынша анықталады, алайда алғашқы өтінім беруші өтінімді бағалау үдерісінде қосымша ұпай алуы мүмкін.
Жалпы инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде концессиялық тетікті пайдалану қазіргі кезде әлемнің 120 елінде пайдаланылады. Дүниежүзілік банк деректері бойынша дамушы елдерде және өтпелі экономикасы бар елдерде мемлекетпен жасалған келісімшарттардың 66%-дан астамы концессияға, негізінен көлік саласына тиесілі.
Концессиядан басқа, МЖӘ-нің басқа нысандарын, мысалы, мемлекеттің өз меншігін: ғимараттарды, құрылыстарды, өндірістік жабдықты жеке бизнеске жалға беруіне байланысты туындайтын жалға беру (лизингтік) қатынастарды пайдалануды жандандыру жүргізілуде. Осындай келісімшарттарға сәйкес жеке компаниялар мемлекеттік мүлікті пайдаланғаны үшін төлемақы ретінде тиісті деңгейдегі бюджетке «жалға беру төлемін» енгізеді.
Осылайша, Дүниежүзілік банктiң (бұдан әрі – ДБ) сыныптамасына сәйкес жеке капиталдың қатысу дәрежесіне, сондай-ақ жеке секторға жүктелетін тәуекел дәрежесiне байланысты мемлекет пен жеке сектордың өзара іс-қимылының бес моделі бар (3-схема).
3-схема
Бұл сыныптамаға сәйкес, егер барлық тәуекел мен жауапкершілік бір тарапқа жүктелсе, мемлекет пен жеке сектор арасындағы ынтымастық МЖӘ болып қарастырылмайды. Мәселен, тәуекелдерді iс жүзiнде мемлекеттiк сектор толық жабатын қызметтердiң сервистік келісімшарттары немесе сатып алуы немесе тәуекелдерді жеке сектор толық жабатын жекешелендiруге арналған келісімшарттар МЖӘ-ге жатпайды.
Өз кезегінде ДБ әдіснамасы бойынша егер жеке компания пайдалану шығыстарымен және тиісті тәуекелдермен бірге пайдалану тәуекелдерінің бір бөлігін өзіне алса ғана инвестициялық жобаны МЖӘ жобасы ретінде қарауға болады. Әрі бұл жеке компанияның мемлекеттік инфрақұрылымдық объектіні дара немесе объектіні ұстаушы-компанияның акциялар пакетін иелену арқылы мемлекеттік органмен бірге немесе басқа тәсілмен пайдалану-пайдаланбауына байланысты болмайды. Мысалы, бірінші қарастырылатын топ модельдерінде («басқару және жалдау келісімшарттары») жеке компанияның пайдалану тәуекелдерінің бір бөлігін беру әдетте келісімшарттық міндеттемелер тетігі арқылы жүзеге асырылады. Үшiншi және төртiншi тобы келісімшарт бойынша мiндеттемелер (тәуекелдер) модельдерінде жеке инвестордың инфрақұрылымдық объектінің баланс ұстаушы компаниясының акциялар пакетін алуы арқылы беру тәсілі пайдаланылады.
Жеке меншік қатысатын инвестициялық жобалардың көпшілігін жоғарыда қарастырылған МЖӘ модельдері топтарының бір тобына жатқызуға болатынын атап көрсету керек. Алайда, ДБ әдiснамасына сәйкес бұл топтардың, тиісінше МЖӘ модельдерінің арасындағы шекара әрдайым айқын емес және кейбiр жобалар МЖӘ-нің бір моделінің аясынан шығып кетуі мүмкін. Бұл жағдайда жоба жеке сектордың тәуекелдерiн жақсырақ көрсететiн модельге тиісті болып есептеледi.
Бұдан басқа, халықаралық практикада инвестициялық жобаны іске асыру алдында жобаларды жеке сектор қаражатының есебінен немесе жобаның сапасы (VfM) сәйкес болатын жоба құны барысында жобаны іске асырудың тиімді моделін анықтау үшін мемлекеттік бюджет қаражатының есебінен іске асыру мүмкіндігін алдын ала салыстырмалы талдау жүргізіледі.
МЖК жобаларын iске асыру құқығына конкурстар өткiзудің халықаралық тәжірибесі конкурстық іріктеу үдерісінде бірнеше кезеңдерді бөліп көрсетуге мүмкiндiк бередi:
1) конкурсқа қатысушыларды алдын ала іріктеу;
-
конкурстық ұсыныстардың техникалық параметрлерін бағалау;
-
конкурстық ұсыныстардың қаржылық параметрлерін бағалау.
Бірінші кезең шеңберінде конкурсты ұйымдастырушы конкурсқа қатысушыларды қызметтердің белгілі бір стандарттарына сәйкес инфрақұрылымды басқару және дамыту саласында оның нақты қажеттіліктерін қанағаттандырудың жеке нұсқаларын ұсынуды сұрайды. Бұл кезеңде, әдетте, қатысушылар ұсынған шешімдер конкурсты ұйымдастырушы ұсынған инженерлік-конструкторлық тұжырымдамаға немесе болжанған бағалар немесе сыйақы деңгейі сияқты қаржы элементтерін көрсетпей пайдалану көрсеткіштеріне негізделеді.
Екінші кезеңде конкурсты ұйымдастырушы бірінші кезеңде жүргізілген келіссөздер негізінде жоба параметрлерін анықтайды және конкурстық ұсыныстарда көрсетілген қаржы параметрлерін бағалау негізінде конкурс жеңімпазын таңдайды. Сауда-саттыққа қатысушы жобаны ұйымдастырушы ұсынған барлық техникалық талаптар мен шарттардың міндетті сипатымен жазбаша келісуге тиіс, себебі техникалық ұсыныстар берілмейді.
Бұдан басқа әр түрлі әдістермен партикаға енгізу – объектілерді қаржыландыру тетіктері, көлемдері мен қызметтер көрсету сапасына байланысты болатын қызметтер.
Осылайша, халықаралық практикаға жүргізілген талдау тәжірибесін:
-
Жаңа концессияларды енгізу жолымен концессия модельдерін кеңейту;
-
Мемлекеттік меншіктің объекттілерін басқаруға беру, басқару және қамтамасыз ету, жалға алу;
-
Жеткілікті қаражатты өзі жинақтамайтын әлеуметтік жобаларда концессионердің инвестициялық қана емес сондай-ақ пайдалану шығындарын да өтеу;
-
Мемлекеттік сектордың компараторын пайдалану жоспарланған мемлекетке қоғамдық қажетті жобаларға бюджет қаражатын барынша азайтуға және дұрыс бөлуге мүмкіндік беретін бөлігінде пайдалануға болатынын көрсетті.
МЖӘ тетігін пайдалану кезіндегі объект құрылысына инвестициялық шығындар мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландырудан жоғары болатыны сөзсіз. Алайда, екінші жағынан жеке сектор сапаға тиісті талаптарды қамтамасыз ете отырып бекітілген мерзімде объектіні салуға, ал кейіннен тұрғындарға сапалы қызметтер көрсетуге мүдделі болады.
Бұдан басқа, мемлекет жеке секторға объектіні салу және пайдалану құқығын бере отырып біріншіден, инвестициялық шығасыларды төлеу мерзімін ұзарту мүмкіндігін алады, екіншіден, мемлекет салынған объектіні пайдалану кезеңінде қамтамасыз ету жөніндегі шығындарды азайтады.
-
Қазақстанда МЖӘ жобасын әлеуетті іске асырушыны таңдау жөніндегі бір сатылы және екі сатылы конкурс жүргізу жүйесін енгізу.
-
Жобалық қаржыландыру қүұралын енгізу. Жобалық қаржыландыру инвестициялық жобаны регрессіз немесе инвестордың қарыз алушыға (жоба бастамашысына) шектелген регресімен іске асыру үшін нысаналы қарыз алу болып табылады, бұл ретте төлем міндеттемелерін қамтамасыз ету аталған жобаның жұмыс істеуінен болашақ немесе ағымдағы ақша ағымдары, сондай-ақ осы жобаға қатысты активтер болып табылады. Компанияның қарызы акционерлердің теңгеріміне әсер етпейді.
Яғни, дәстүрлі қаржыландырудан негізгі айырмашылығы жобалық қаржыландыру кезінде кредиторлар борышты өтеу үшін жобаның ақша ағымдарына үміттенетіні болып табылады, ол кезде қарыз алушыны емес жобаның өзін бағалау жүргізіледі.
Халықаралық практика көптеген ірі жобаларды іске асыру халықаралық капитал нарықтарына шығу арқылы «ұзын» және арзан ақша тартуды талап ететінін көрсетеді.
Өз кезегінде жобалық қаржыландырудың жалпы қағидаттары мен сипаттамалары бар:
а) нысаналы бағдарлану қағидаты пайдаланылады, яғни нақты бір жобаны іске асыру үшін заңды тұлға (арнайы жобалау компаниясы) құрылады;
б) кредиторларға борышты қайтаруды қамтамасыз ету ету мақсатында болашақ ақша ағымдары бойынша талап ету құқықтарын беру жүргізіледі;
в) қарыз капиталы шектеулі болады (шектеулі регреспен қаржыландыру), яғни кредитордың басқа қаржы көздерін, мысалы акционердің (инвестордың) активтерін талап етуге құқығы болмайды;
г) жобалау компаниясының активтерін бөлу қағидаты пайдаланылады, ол өзгеге берілген соң бұл активтерді кредиторлардан басқа ешкімнің өндіріп алуға құқығы жоқ дегенді білдіреді. Бұл ретте бөлінген актив таратылатын массаға жатқызылмайды. Қазіргі кезде осы прецедент ҚР-ның секьюритилендіру мәселелері жөніндегі заңнамасында реттелген;
д) жоғары левередж бар, яғни борыштың жеке капиталға қатынасы 30-дан 70-ке немесе 10-нан 90-ға дейін әр түрлі болуы мүмкін, яғни жобалық қаржыландыру кезінде қарыз жоба құнының 90%-ына дейін жетуі мүмкін.
Жобалық қаржыландыру құралының маңызды факторының тағы бірі жасалған келісімшарттар негізінде жобалық тәуекелді оның барлық қатысушылары арасында бөлу болып табылады.
Қазақстан экономикасына бейімделген халықаралық тәжірибені пайдалану МЖӘ тетігін пайдалану арқылы инвестициялық жобаларды іске асыруға және қоғамдық маңызы бар қызметтер көрсетуге оң әсерін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |