1
ЖОБА
«Су құбыры-кәріз желілеріне қызмет көрсету және оларды пайдалану»
Кәсіби стандарты
1.Жалпы ережелер
1. «Су құбыры-кәріз желілеріне қызмет кӛрсету және пайдалану»
кәсіби
стандарты (бұдан әрі – КС) ЭҚЖЖ бойынша«37 Кәріз» жүйелері» кәсіби
қызметі аясындағы еңбек біліктілігі, құзіреттілігі, мазмұны,
сапасы және
шарттары деңгейіне қойылатын талаптарды анықтайды және келесілер үшін
арналған:
1) кадр саясатын қалыптастыру және персоналды басқару арқылы еңбек
саласы және кәсіби білім саласының ӛзара әрекеттесуін реттеу;
2) даярлау,
білікті
жоғарылату
және
кәсіби
қайта
даярлау
бағдарламаларын жасауға арналған талаптарды реттемелеу;
3) персоналды
аттестациялау
және
сертификаттау
кезінде
жұмыскерлердің ӛкілеттіліктерін бағалау үшін қойылатын талаптарды
реттемелеу;
4) Лауазымдық нұсқаулықтардың жасалынуын ұйымдастыру;
5)
Ӛндірістердің,
еңбек
және
басқарудың
ұйымдастырылу
ерекшеліктерін ескере отырып, еңбек тӛлемі жүйелерін айқындау.
2. Осы кәсіптік стандартта келесі
терминдер мен анықтамалар
қолданылады:
біліктілік – қызметкердің нақты еңбек міндеттерін сапалы орындауға
дайын болу деңгейі;
біліктілік деңгейі – күрделілігі, еңбек қызметінің стандарттан басқа
болуы, жауапкершілігі және дербестігі бойынша сараланатын қызметкерлер
дайындығы мен құзыреттілігіне
қатысты талаптар жиынтығы;
ұлттық біліктілік шеңбері (ҰБШ) – еңбек нарығында құпталатын
біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы;
ұлттық біліктілік жүйесі (ҰБЖ) – еңбек нарығы тарапынан мамандар
біліктілігіне
деген
сұраныс
пен
ұсыныстарды
құқықтық
және
институционалды реттеу тетіктерінің жиынтығы;
салалық біліктілік шеңбері (СБШ) – салада
құпталатын біліктілік
деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы;
сала - бір типті ӛнім құруда, ӛндіріс технологиясы, жұмыс істейтіндердің
негізгі қорлары мен кәсіптік дағдыларында ортақ мақсаты бар кәсіпорындар
мен ұйымдардың жиынтығы;
кәсіби топ – ортақ интеграциялық негізі бар (ұқсас немесе жақын
мақсаттар, объектілер, технологиялар, сондай-ақ еңбек құралдары) және
оларды орындау үшін еңбек міндеттері мен құзыреттілігінің ұқсас жинағын
болжайтын шағын топтар жиынтығы;
2
кәсіби шағын топтар – еңбек міндеттерінің
тұтас жинағымен және
оларды орындауға қажетті құзыреттіліктермен қалыптасқан, мамандықтар
жиынтығы;
кәсіптік стандарт бірлігі – осы қызмет түрі үшін тұтас, аяқталған, дербес
және маңызды болып табылатын нақты еңбек функциясының ашық
сипаттамасынан тұратын кәсіптік стандарттың құрылымдық
элементі;
кәсіп – білімі туралы тиісті құжатпен расталатын және арнайы
дайындықтың нәтижесінде пайда болған арнайы білім, білік мен
практикалық дағдылар кешенін білуді талап ететін
адам еңбегі қызметінің
негізгі түрі;
еңбек функциясы – еңбек үдерісінің бір немесе бірнеше міндеттерін
шешуге бағытталған ӛзара байланысты іс-қимылдар жиынтығы;
БТБА – Жұмыс және жұмысшылар кәсіптерінің Бірыңғай тарифтік-
біліктілік анықтамасы.
СКШ – Су- кәріз шаруашылығы.
2. Кәсіптік стандарт паспорты
3. Кәсіптік стандарттың атауы: Су құбыры-кәріз
желілеріне қызмет
кӛрсету және оларды пайдалану
4. Кәсіптік стандартты әзірлеу мақсаты: Осы кәсіби шағын топтың
кәсіптер тізбесін жасау және анықталған кәсіптер үшін кәсіп карточкаларын
әзірлеу.
5. Кәсіптік
стандарттың
қысқаша
сипаттамасы:
Суды
тиімді
пайдалануды қамтамасыздандыру, су-құбыры және кәріз жүйелерінің
техникалық жағдайына бақылау.
6. Негізгі топ: Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы (жұмыста).
Кәсіби топ: Су-құбыры кәріз шаруашылығы (СКШ) (жұмыста).
3. Кәсіп карточкалары
7. Кәсіптер тізбесі:
Су таратқыш ,СБШ бойынша 2 біліктілік деңгей.
Су жинау мотористі, СБШ бойынша 2 біліктілік деңгей.
Су құбыры-кәріз шаруашылығындағы қашықтықтан басқару тетігінің
операторы, СБШ бойынша 3 біліктілік деңгей.
Су құбыры-кәріз
желілерін аралаушы , СБШ бойынша 3 біліктілік
деңгей.
Су құбыры шаруашылығының бақылаушысы, СБШ бойынша 3
біліктілік деңгей.
Гидротехникалық құрылыс тексерушісі, СБШ бойынша 3 біліктілік
деңгей.
Апатты-қалыпқа келтіру жұмыстарының слесары, СБШ бойынша 3
біліктілік деңгей.