ТҮКШ, жк және аж бөлімінің 2012 жылы атқарған жұмыстары туралы ақпарат. Сумен қамту бойынша



Дата08.07.2016
өлшемі27.3 Kb.
#184708
ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімінің 2012 жылы атқарған жұмыстары туралы ақпарат.
Сумен қамту бойынша:

Бүгінгі күні аудан бойынша 14 шақырым кәріз жүйелері, 41 шақырым орталықтандырылған су құбырлары, 2,5 шақырым орталықтандырылған жылу жүйелері пайдалануда.

2011 жылы Күршім ауылы Тұраров көшесіндегі орталықтандырылған ұзақтығы 1,9 шақырымды құрайтын жылу жүйесі толығымен ауыстырылды.

Былтырғы жылы бұрынғы 5 қабатты кәсіптік мектебінің жатақханасын 64 пәтерлік тұрғын үйге лайықтау жұмыстары «Өскемен құрылыс» ЖШС-імен толығымен атқарылды.

«Күршім» МКК-мен осы тұрғын үй жылумен, сумен, электрмен қамтамасыз етілді.

Атап айтқанда:

1) № 5 орта мектебінің жылыту қазандығы «Күршім» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының теңгеріміне беріліп, қосымша 2 қазандық орнатылды;

2) Күршім № 5 орта мектебінің ескіріп, тозған жылу жүйелері ауыстырылып, 64 пәтерлік тұрғын үйге жылу жүйесі тартылды.

3) Осы алаңда жаңадан су сорғы стансасы салынып, автоматты басқару жүйесі орнатылды. Бүгінгі күні тұрғын үй суық сумен жабдықталған.

2011 жылы Ақсуат және Аманат ауылдарының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында, 3 шақырым су жүйесі тартылып, 14 колонка және «СОКОЛ-5М» су тазарту қондырғылары орнатылды.

2012 жылы мердігер «Күршім» МКК-мен Күршім ауылының Бауыржан Момышұлы және Барақ батыр көшелерінде 4,5 шақырым су құбырлары жаңартылып, ауыстырылды.

2011 жылы төтенше жағдайдан құлап, істен шыққан № 1 медициналық бірлестік жанындағы су мұнарасының орнына автоматты басқару жүйесі орнатылды. Қазіргі уақытта ауылдық су жүйесіне осы басқару жүйесі арқылы суық су берілуде. «Гидробурсервис» ЖШС–мен қосымша ұңғыма бұрғыланып, қазылды.

Сонымен қатар, мердігер «Теректі» МКК-мен ағымдағы жылы Теректі ауылының көшелеріне 2,2 шақырым су жүйесі салынып, 5 колонка орнатылды.

2012 жылдың қараша айында Күршім ауылының әбден тозығы жетіп, жиі істен шығатын кәріздер желісінің 2,0 шақырымы «Күршім» МКК-мен полиэтиленді құбырға қайта ауыстырылды.

Бірнеше жылдан бері Күршім ауылының негізгі мәселесіне айналған Күршім ауылының кәріздер жүйесін қайта жаңартуға, былтырғы 2012 жылы аудандық бюджет қаражатынан қаржы бөлініп, «Востокагропромпроект» ЖШС-мен жобалық-сметалық құжаттар әзірленді.

Жолдар бойынша:

Күршім ауданы бойынша 301 шақырым аудандық маңызы бар, 551 шақырым облыстық маңызы бар, 76 шақырым республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бар.

Былтырғы 2012 жылы Күршім ауылы Б.Момышұлы көшесі мен Первомай көшесі, Барақ батыр көшелерінде – 4,0 шақырым қара қиыршық тасты жол жамылғысы салынды. Абай көшесінде 2,0 шақырым жол төсемесі салынды.

Сонымен қатар Қалжыр ауылында 2,0 шақырым кіреберіс жолдары және көше жолы жөндеуден өтті.

1,0 шақырым Сарыөлең ауылы көшесіне қара қиыршық тасты жол жамылғысы салынды.
Жарықтандыру бойынша:

«ГЭН» ЖШС-імен Күршім ауылы Б.Момышұлы көшесі 1,0 шақырым Барақ батыр көшесі 2,5 шақырым жарықтандыру желісі орнатылды.

Қайыңды ауылы жарықтандырылды.
Абаттандыру бойынша:

Бұл бағыт бойынша тірек ауылдары қатарына енгізілген Қалжыр, Теректі, Сарыөлең ауылдарында бірқатар жұмыстар атқарылды.

Атап айтқанда: Қалжыр ауылында балалар ойын алаңы және демалыс алаңы салынды. Мердігер – «ЖАС» ЖШС-і.

«Теректі» МКК-ның мердігерлігімен Теректі ауылында абаттандыру, Крахмаль көшесін қоршау және жарықтандыру, кіші футбол алаңын салу, балалар ойын алаңын абаттандыру жұмыстары атқарылды.

Мердігер – «Күршім» МКК-мен Сарыөлең ауылында демалыс паркін абаттандыру және темір қоршау орнату жұмыстары жүргізілді.

Күршім ауылындағы «Қазақ елі» монументінде қақпа, қоршау, орындықтар орнатылды, жарықтандыру жүргізілді, кіші футбол алаңы салынды, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.



ТҮКШ, ЖК және АЖ

бөлімінің бастығы Қ.Таткенов

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет