Сауданы мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау.
Дамыған елдерде мемлекеттік реттеу саясаты мынадай қағидаттарға негізделеді:
сауда саласындағы қатынастарды оның дамуын ынталандыратын нормативтік құқықтық актілер қабылдау арқылы реттеу;
болжамды келеңсіз фактілерді өзге жолмен болдырмау мүмкін болмаған ерекше жағдайларда тыйым салулар мен шектеулер белгілеу;
мемлекеттік реттеудің тиімділігі мен орындылығын немесе мемлекеттік реттеуді енгізу қажеттілігін анықтау мақсатында мониторинг жүргізу.
Ішкі сауданы реттеу.
Жалпы реттеу. Сауда өндірушілер мен сауда ұйымдарының өзара іс-қимыл үдерісінде мемлекет тарапынан араласудың төмен деңгейімен ерекшеленеді, бұл атап айтқанда көтерме сауда және диструбициялық компанияларды реттеудің жоқтығынан тауарлық позициялардың көпшілігі бойынша бағаны бақылаудың болмауынан көрінеді.
Сауда қызметі саласындағы базалық заңнамалық акті «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы болып табылады, ол оны мемлекеттік реттеудің қағиадаттары мен ұйымдастыру негізін белгілейді. Сонымен қатар қазіргі уақытта сауда ішкі сауда мәселелерін реттейтін 27 заңнамалық актімен (оның ішінде бес кодекс) және 105 заңға тәуелді актілермен (Үкіметтің 77 қаулысы, министрліктердің 28 бұйрығы) реттеледі. Бұл ретте сауданы оның түрлері бойынша нормативтік құқықтық реттеу былайша көрінеді: аукциондық сауда бойынша – 20, комиссиялық – 16, тапсырыстар бойынша сауда – 16, шекаралық өңірдегі сауда – 17, көшпелі сауда – 17, көрме-жәрмеңкелік сауда – 14, электрондық (үлгілер бойынша тауардың бөлшек саудасы) – 16, биржалық – 18 нормативтік құқықтық актілер.
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын кәсіпкерлер жасаған талдау онда заңның мыналарға қатысты көптеген сілтеме нормаларының бар екенін көрсетті:
ішкі сауданы жүзеге асыру ережесі;
бағаларды мемлекеттік реттеу;
көтерме сауданы ұйымдастыру жөніндегі талаптар;
сауда орындарынан тыс бөлшек сауда тәртібі;
әкелінетін және әкетілетін тауарларға кеден баждарын белгілеу;
тауарлардың жекелеген түрлерін әкелуге (әкетуге) тыйым салу;
тарифтік квоталар белгілеу;
тауарлардың жекелеген түрлеріне мемлекеттік монополия;
қорғау шараларын белгілеу;
аукциондық, комиссондық, шекара маңы электрондық және биржалық сауда жүргізу тәртібі;
сауда қызметі субъектілеріне қойылатын жекелеген талаптар;
дауларды шешу;
заңды бұзған үшін жауапкершілік белгілеу.
Бұдан басқа, саудадағы мемлекеттік реттеу қазіргі уақытта әлеуметтік-маңызды азық-түлік тауарларына баға белгілеу және тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінде ерекше мәнге ие болады. Мемлекет саудадағы бәсекелестікті қорғауға кепілдік беретінінен, тауарларды сатып алушы азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауды, қоғамның өзге де заңды мүдделерін өзіне алатындықтан мемлекеттік реттеуге қажеттілік туындайды.
Қазіргі заманғы терминология. Қолданыстағы заң негізінен сауда қызметін реттеуге бағытталған және саланың дамуын жеткіліксіз ынталандырады. Бұдан басқа, ішкі сауда мәселелері бойынша заңнама ішкі сауданың барлық түрлерін реттеу ерекшеліктерін көрсетпейді, қазіргі технология бөлшек сауда және көтерме сауда кәсіпорындарының қызметін ұйымдастыруға қойылатын бірыңғай және мәндес талаптарды қамтымайды. Мысалға, осы заманғы сауда пішімінің, сауда желілерінің, электронды коммерцияның айқын анықтамасы жоқ.
Дүкен саудасын ұйымдастыруға қойылатын талаптар. Дүкен саудасын ұйымдастыруға қойылатын талаптар мен сауда алаңдарымен қамтамасыз етілу нормативтері жоқ. Нәтижесінде, қала құрылысы жоспарларын іске асыру барысында бөлшек сауда объектілерін орналастыру әркелкі жүзеге асырылуда, тауарлар мен қызметтердің аумақтық қол жетімділігіне бірдей жағдай қамтамасыз етілмейді.
Біліктілікті арттыру. Сауда саласының мамандарын қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін ұйымдастыру және дамыту үшін ынталандыру заңнамалық деңгейде қалыптаспаған. Сауда объектілерінің көпшілігі сауда ұйымдары үшін персоналды даярлау және уәждемесінің төмен деңгейін атап өтеді, бұл ретте кадрлардың тапшылығы мен жеткіліксіз біліктілігі барлық деңгейде байқалады. Кадрларды жүйелі түрде даярлаумен бүгінгі күні тек қана ірі сауда желілері, әдеттегідей шетелдік ірі сауда желілері айналысады.
Сыртқы сауданы реттеу.
Мемлекет белгілі бір сыртқы экономикалық саясат жүргізе отырып, таңдау оның нақты мақсатына байланысты сыртқы сауда саясатының құралдарын пайдаланады. Бір мақсатқа жету үшін әртүрлі құралдар қолданылуы мүмкін, сондықтан әрбір нақты жағдайда мемлекет олардың сол немесе өзгеше үйлесуін таңдайды.
Бұл құралдарға:
кедендік-тарифтік – кеден тарифін пайдалануға негізделгендер (импорттық және экспорттық баждар),
тарифтік емес - барлық өзге әдістер (тыйым салулар мен шектеулер, оның ішінде сандық; үлестеу; тауарларды шығаруға және (немесе) әкелуге мемлекеттік монополия; лицензиялау, техникалық реттеу)
тауарлардың импорты кезінде ішкі нарықты қорғау шаралары (демпингке қарсы шаралар; есесін өтеу шаралары; қорғау шаралары;) жатады.
Көбіне құралдар ретінде екіжақты және көпжақты шарттар пайдаланылады.
Кеден-тарифтік саясат. Кеден-тарифтік саясат мынадай 5 халықаралық құжатқа негізделеді:
- Бірыңғай кедендік-тарифтік саясатының негізін қалыптастыратын бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы келісім – Бірыңғай кедендік тариф, сондай-ақ, оның жұмыс істеу тетігі – Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 18 қарашадағы Заңымен ратификацияланған.
- Ерекше жағдайларда Бірыңғай кедендік тариф ставкаларынан өзгеше әкелімді кедендік баж алымдары ставкаларын қолдану жағдайлары мен тәртібі туралы хаттама – Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 24 қарашадағы Заңымен ратификацияланған.
- Тарифтік жеңілдіктер беру туралы хаттама – Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 24 қарашадағы Заңымен ратификацияланған.
- Тарифтік квоталарды қолдану жағдайлары мен тетігі туралы келісім- Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 24 қарашадағы Заңымен ратификацияланған.
- Кеден одағының тарифтік преференцияларының бірыңғай жүйесі туралы хаттама – Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 24 қарашадағы Заңымен ратификацияланған.
Барлық жоғарыда аталған шарттар Кеден одағының жоғарғы органының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 18 шешіміне сәйкес (ЕурАзЭҚ мемлекетаралық кеңесінің) 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді. Сонымен қатар осы Шешіммен:
Үшінші елдердің импортына қатысты қолданылатын және экспорттық баж алымдарын қамтымайтын бірыңғай импорттық кедендік баж алымдарының жиынтығын білдіретін Кеден одағының Бірыңғай кедендік тарифі бекітілді.
Бүгінгі күні тараптар экспорттық баж алымы салынатын тауарлар тізбесін дербес анықтайтыны және Кеден одағының комиссиясын және бір-бірін хабардар ететіні болжануда.
Кеден одағының тарифтік преференциялар жүйесін пайдаланушылар дамушы елдердің тізбесі;
Кеден одағының тарифтік преференциялар жүйесін пайдаланушылар ең аз дамыған елдердің тізбесі;
Әкелу кезінде тарифтік преференциялар берілетін дамушы және ең аз дамыған елдерде жасалған және әкелінетін тауарлардың тізбесі;
Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің бірі өтпелі кезең ішінде Кеден одағының бірыңғай кедендік тарифінің ставкасынан өзгеше әкелімді кедендік баж алымдарының ставкасы қолданылатын тауарлар мен ставкалардың тізбесі;
Кеден одағы комиссиясының кедендік әкелу бажының ставкаларын өзгерту туралы шешім ымырамен қабылданатын сезімтал тауарлардың тізбесі.
Тарифтік емес реттеу шаралары. Бұл шаралар Кеден одағының шеңберінде:
Тарифтік емес реттеу шаралары туралы негізгі ережелерді анықтайтын 2009 жылғы 25 қаңтардағы үшінші елдерге қатысты бірыңғай тарифтік емес реттеу шаралары туралы келісіммен;
Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шараларын қолдану тәртібін анықтайтын 2009 жылғы 9 маусымдағы бірыңғай кедендік аумақта тауарлармен сыртқы сауданы қозғайтын шараларды енгізу және қолдану тәртібі туралы келісіммен;
Тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар мен рұқсат беру тәртібін анықтайтын 2009 жылғы 9 маусымдағы тауарлармен сыртқы сауда жасау саласындағы лицензиялау тәртібі туралы келісіммен реттеледі.
Тауарлардың импорты кезінде ішкі нарықты қорғау шаралары. Арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолданумен байланысты қарым-қатынасты реттейтін бірыңғай саясат қалыптастыру маңызды элемент болып табылады.
Кеден одағының сауда шараларын қолдану саласындағы базалық құжаты үшінші елдерге қатысты 2008 жылғы 25 қаңтардағы арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы келісім болып табылады.
Жалпы, өздігінше сыртқы сауда саясатын толық өткізу мүмкіндігі шектелген. Бірақ, Қазақстанның мәртебесін Кеден одағының мүшесі ретінде арттырумен байланысты бірқатар оң сәттер бар, өйткені енді қазақстандық нарық Кеден одағы нарығының бөлігі болып табылады, бұл шетелдік тауарларға қол жеткізу үшін оның тартымдылығын арттырады. Бұдан басқа, тауарлық шараларды қолдану саласында ресейлік-беларустік тәжірибені пайдалану отандық тауар өндірушілерді қолдау үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бірыңғай Кеден одағы тәрізді халықаралық келіссөздерге қатысу әлемдік нарықтағы позициясы нығайтуға мүмкіндік береді және сауда-инвестициялық әріптес ретінде біздің еліміздің беделіне оң көрініс береді.
Халықаралық рейтингтерге қатысу.
Мемлекет экономикасын дамытудың, оның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды өлшемі Дүниежүзілік экономикалық форум (бұдан әрі – ДЭФ) рейтингін әлемдік сауда жүйесінде тартылуы бойынша 80-орынға дейін көтеру болып табылады. 2010 жылы Қазақстан 88-орында болды.
Бұл индекс тоғыз бағытты қамтитынын атап өту қажет.
Бірінші бағыт – отандық және шетелдік тауар нарығына қол жеткізу. Бүгінгі күні Қазақстан осы бағыт бойынша 53-орында келеді. Бұл ретте аталған көрсеткішті мемлекеттік реттеу саясатын жетілдіру Кеден одағы комиссиясының шеңберіндегі өзара іс-қимылға байанысты, оның басқаруына кеден-тарифтік саясат пен тарифтік емес шаралар саласындағы саясат жатады.
Екінші бағыт – кедендік әкімшілік етудің тиімділігі. Қазақстан 103-орында (2010 жыл), жағдайдың жақсаруы 2009 жылмен салыстырғанда 3 позиция. Көрсеткіш кедендік рәсімдерді өткізу үдерісін, сондай-ақ кеден органдары мен басқа қатысушылар көрсететін қызметтер көлемін есепке алады. Аталған көрсеткішті жетілдіру бойынша шара қабылдау Кеден одағы комиссиясының шеңберіндегі өзара іс-қимылға байланысты.қазақстан ұлттық заңнама шеңберінде кедендік әкімшілік етуді оңтайландырудың елеулі әлеуетіне ие.
Үшінші бағыт – импорттық-экспорттық рәсімдердің тиімділігі. Қазақстан 125-орында, жағдайдың нашарлауы 2009 жылмен салыстырғанда 5 позицияға төмен. Бұл бағыт өзімен бірге «кедендік тазарту» үдерісін; шекаралық бақылау рәсімдерін оңайлатуды; тауарлардың импортына немесе экспортына жоғалған уақытты; тауарлардың импорты мен экспорты үшін талап етілетін барлық құжаттардың санын; тауарлардың импорты немесе экспорты үшін қажет барлық рәсімдермен байланысты шығындарды тұспалдайды. Осы бағыт бойынша Қазақстан ұлттық заңнама шеңберінде рейтингті жақсартудың кең мүмкіндіктеріне де ие.
Төртінші бағыт – ашықтық, бұл ресми емес төлемдерге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты мәселелерді тұспалдайды. Қазақстан бұл бағыт бойынша 81-орында тұр, жағдайдың жақсаруы 7 позиция. Аталған бағыт мемлекеттік саясаттың жалпыжүйелік шараларын қабылдауды талап етіді.
Бесінші бағыт – көлік инфрақұрылымының қол жетімділігі және сапасы. Қазақстан бұл бағыт бойынша 35-орында, жағдайдың жақсаруы 13 позиция. Бұл көрсеткіш Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінің қарауына жатады және өзіне бір миллион адамға ең кемі тұрақты бір (ең аз) рейсі бар әуежайлардың санын; әрбір елдің екі жақты бағыттарға қол жетімді жүк жөнелтушілерге артық жүктеме байланыс түрлерін; жолдардың жалпы санынан пайыздағы асфальталған жолдарды; авиакөлігі инфрақұрылымының және теміржол көлігі инфрақұрылымының, жолдардың, порт инфрақұрылымының сапасын қамтиды. Осы бағыт мемлекеттің инфрақұрылымды дамыту облысындағы саясатына, сонымен бірге Қазақстан Республикасының көліктік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған салалық бағдарлама шеңберінде дамытылады.
Алтыншы – көлік қызметінің қол жетімділігі және сапасы. Қазақстан бұл көрсеткіш бойынша 47-орында, жағдайдың жақсаруы 28 позиция. Аталған көрсеткіш кеме қатынасы компаниялары көрсететін қызметтердің сапасын есепке алады; халықаралық жеткізілімдердің бағасы бойынша бәсекеге қабілетті ұйымдардың жеңілдігін; логистикалық қызметтердің құзыреттілігі мен сапасын; тауар партиясын қадағалауды және іздеп табуды жүзеге асыру мүмкіндігін; белгіленген мерзім шеңберінде жүк алушыға жеткізілетін жеткізілімнің жиілігін; почта қызметтерінің тиімділігі; Сауда қызметтері жөніндегі бас келісім шеңберінде көлік секторы жөніндегі міндеттемелер индексін ескереді. Даму экономиканың жалпы экономикалық жағдайымен, сондай-ақ жеке бизнес субъектілерінің қызметімен байланысты.
Жетінші бағыт – ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың болуы мен оларды пайдалану. Қазақстан бұл бағыт бойынша 61 орында тұр, жағдай 7 позицияға жақсарған. Бұл көрсеткіш кәсіпкерлердің Интернетті пайдалану ауқымын; ұялы байланыс абоненттер санын; 100 адамға арналған кең жолақты Интернет абоненттерінің жалпы санын мен 100 адамға арналған Интернет пайдаланушыларды; 100 адамға арналған негізгі телефон желілерінің санын; мемлекеттік органдардың шұғыл қызметтер көрсету санын қамтиды. Бұл бағыт мемлекеттің байланыс технологияларын дамытумен, сонымен бірге Қазақстан Республикасының ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту туралы 2010 – 2014 жылдарға арналған салалық бағдарламасы шеңберінде іске асырумен байланысты.
Сегізінші бағыт – нормативтік құқықтық база. Қазақстан бұл бағыт бойынша 80 орында, жағдай 3 позицияға төмендеген. Бұл көрсеткіште меншік құқығы; этика мен сыбайлас жемқорлық; сот жүйесі мен мемлекеттік қызметшілер арасындағы ықпал; мемлекеттік органдардың тиімділігі; отандық бәсекеге қабілеттілік; қаржы нарығының тиімділігі; шетел қатысуы үшін ашықтық ескеріледі.
Тоғызыншы бағыт – физикалық қауіпсіздік. Қазақстан бұл бағыт бойынша 82 орында тұр, жағдай 4 позицияға төмендеген. Бұл көрсеткіште полиция қызметтерінің сенімділігі; қылмыстар мен құқық бұзушылықтар шығындары; терроризм шығындары ескеріледі.
Осылайша сауда саясатына тауарларды әкелу және әкету мәселелерімен байланысты алғашқы үш бағыттың тікелей қатысы болады, барлық қалған бағыттар республикадағы инфрақұрылымның дамуына және бизнес ахуалдың өзіне байланысты болады. Бұл ретте 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап Кеден одағының жұмыс істейтінін ескерсек, бұл бағыттар бойынша мемлекеттік реттеу саясатын жетілдіруді Кеден одағы комиссиясының шеңберінде Кеден одағы елдерімен өзара іс-қимылда жүзеге асыру қажет.
Кеден одағы шеңберінде, бірақ үшінші елдермен, оның ішінде Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру арқылы жүргізілуі қажет сыртқы нарықтарға қол жеткізуді арттырумен байланысты мәселе жоғарыда аталғандарға жатпайды.
Достарыңызбен бөлісу: |