Қазақстан Республикасында сауданы дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы


Бөлшек сауда арналарының және пiшiмдерiнiң артықшылықтары мен кемшiлiктерi



бет2/4
Дата23.02.2016
өлшемі1.07 Mb.
#4714
1   2   3   4

Бөлшек сауда арналарының және пiшiмдерiнiң артықшылықтары мен кемшiлiктерi

БӨЛШЕК САУДА АРНАЛАРЫ МЕН ПIШIМДЕРI ТИIМДIЛIГIНIҢ ӨЛШЕМДЕРI

Базарлар/ЖК

"В"/"С"/"Дүңгiршектер" санатының дүкендерi

"А" санатының жеке дүкенi

Сауда желiсi

МЕМЛЕКЕТТIК МҮДДЕЛЕР

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау

Iс жүзiнде жоқ дерлiк

Төмен

Орташа

Жоғары

Мониторинг және статистика мүмкiндiгi

Iс жүзiнде жоқ дерлiк

Төмен

Орташа

Жоғары

Отандық өндiрушiнi қорғау және жылжыту

Iс жүзiнде жоқ дерлiк

Iс жүзiнде жоқ дерлiк

Төмен

Жоғары

Салықтардың жиналуы

Төмен

Төмен

Төмен

Жоғары

Санитарлық нормалар мен талаптарды сақтау

Төмен

Төмен

Орташа

Жоғары

IШКI ҮДЕРIСТЕР

Жеткiзушiден жеңiлдiктер мен тауар кредиттерiн алу мүмкiндiгi

Iс жүзiнде жоқ дерлiк

Iс жүзiнде жоқ дерлiк

Төмен

Жоғары

Қазiргi заманғы жоспарлау жүйелерiн пайдалану

Iс жүзiнде жоқ дерлiк

Iс жүзiнде жоқ дерлiк

Төмен

Жоғары

Басқарушы кадрлық ресурстардың сапасы

Төмен

Төмен

Орташа

Жоғары

Менеджмент пен штатқа арналған үлестiк шығындар

Жоғары

Жоғары

Орташа

Төмен

Үшiншi тұлғалар қызметiнiң құны (көлiк компаниялары, консультациялар және т.б.)

Жоғары

Жоғары

Орташа

Төмен

Логистикалық инфрақұрылымды пайдалану тиiмдiлiгi (көлiк, қойма, тоңызатқыштар, жүкшiлер және т.б.)

Төмен

Төмен

Орташа

Жоғары

Логистикаға арналған үлестiк шығындар

Жоғары

Жоғары

Орташа

Төмен

Өндiрушiлермен тiкелей жұмыс iстеу мүмкiндiгi

Төмен

Төмен

Орташа

Жоғары

САТЫП АЛУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫС

Ұсынылатын бағалар

Орташа

Жоғары

Орташа

Төмен

Ассортименттiң ауқымдылығы

Төмен

Төмен

Жоғары

Жоғары

Жарнама компанияларының тиiмдiлiгi

Жоқ

Жоқ

Төмен

Жоғары

Адалдықтың тиiмдi дисконттық және өзге де бағдарламалары

Жоқ

Жоқ

Төмен

Жоғары

      Кестеде келтiрiлген факторлар баға үстемелерiнiң төмен деңгейiмен сауда қызметiн жүргiзудiң мүмкiндiгiн қамтамасыз етедi. Мысалы, Батыс Еуропаның, МЕТRО, RЕАL, Аuсhаn, Саrrеfour сияқты және басқа да сауда желiлерi 3 - 4%-да «Өндiрушi - Сауда Желiсi» тiзбегiндегi орташа баға үстемесi кезiнде жұмыс iстейдi, ол операциялық тиiмдiлiгiне және олардың қызметiнiң ауқымының тиiмдiлiгiне негiзделген.
      Ұсақ дүкендер, базарлар және тiптен, «А» санатының жекелеген дүкендерi бөлшек желiлермен салыстырғанда бәсекелестiк қабiлетi жоқ екенi мәлiм және елде әлсiз инфрақұрылымдық дамуға және бөлшек саудадағы инвестициялардың жеткiлiксiз деңгейiне, сәйкесiнше, сауда үстемелерiнiң үлкен деңгейiне байланысты ғана жұмыс iстеуiн жалғастырады.
      Осылайша, әртүрлi пiшiмдердегi өңiрлiк бөлiнiсте бөлшек сауда алаңдарына шолу жасау және олардың тиiмдiлiгiне салыстырмалы талдау жүргiзу қазiргi заманғы сауда пiшiмдерi мен сауда желiлерiнiң дамуының артықшылықтарын көрсетедi. Дамыған елдер осы жолмен жүрiп өттi және Қазақстан да осы жолмен жүретiнi айқын.
      Көтерме сауда.
      Көтерме сауда - бұл жеке, отбасылық, үй және өзге де осындай пайдаланумен байланысты емес кейiннен сатуға немесе өзге де мақсаттарға арнаған тауарларды өткiзу жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет.
      Көтерме сауда бөлшек сауданы жүзеге асыру орнын алыс, оқшауланған жерлердiң болуы кезiнде мамандандырылған немесе аралас дүкендерде, сауда үйлерiнде және базарларда жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң деректерiне  сәйкес 2009 жылы 2005 жылмен салыстырғанда көтерме тауар айналымы (ағымдағы бағада) 127,5%-ға ұлғайып, 6 872,3 млрд. теңгенi құраған. 2009 жылы көтерме тауар айналымында азық-түлiк тауарларының үлесi 16,9%, азық-түлiк емес тауарларының үлесi - 83,1 % құрады.
      Соңғы бес жылда елдiң көтерме тауар айналымындағы елеулi үлестi Алматы алады - 3 075,3 млрд. теңге немесе көтерме сауданың жалпы көлемiнен 45%. Екiншi көрсеткiш Астана қ. бойынша 1 002,5 млрд. теңге (немесе 15%) мөлшерiнде, үшiншi орында - Қарағанды облысы (495,1 млрд. теңге немесе 7%).
      Соңғы бес жыл үшiн көтерме сауда көлемдерiнiң жыл сайынғы өсуiнiң неғұрлым көп пайызы Астанада (64%), ең төменi - Солтүстiк Қазақстан облысында (19%) байқалды.

      2008 жылы республиканың көтерме сауда құрылымында ең көп үлестi мұнай өңдеу өнiмдерi - дизель отыны мен автомобиль бензинi, сондай-ақ, қара металдар мен астық, яғни, халық тұтыну емес тауарлары мен азық-түлiктiк емес тауарлар алды.


      Алматы бойынша базар үлесiнiң және көтерме сауданың өсуiнiң жоғары көрсеткiштерi бұл қаланың айрықша рөлiмен түсiндiрiледi. Алматы аса iрi автопаркi бар қала (ЖЖМ елеулi тұтыну және автомобилдердi көп сату), сондай-ақ тамақ өнiмдерiн елеулi бөлiгiн орналастыру орны (сыра, шарап, ас суын, шырындарды және сүт және кондитер өнiмдерiн өндiру) болып табылады.
      Көлемдердi тең бөлiнбеуi себептерiнiң бiрi өзара байланыстардың бұзылуы және көтерме сауда кәсiпорындарында меншiктi айналым қаражатының жеткiлiктi көлемiнiң болмауы болып табылады, бұл көбiнесе iрi өткiзу базарларының маңында, яғни өнiмдi тұтынудың неғұрлым көп деңгейi бар өңiрлерде тауарлардың үлкен көлемiнiң шоғырлануына алып келедi.
      Осылайша, Қазақстандағы көтерме сауда бүгiнгi күнi ең алдымен, ЖЖМ, астық, қара металдар, құрылыс материалдары сияқты тұтынушылық емес тауарлардағы қажеттiлiктi қамтамасыз ете отырып, сауданың жеке буыны болып табылады. Көтерме сауда бөлшек саудамен байланыстырушы буын рөлiн атқармайды, тауар ағындарын реттегiш функциясын орындамайды, бұл ондағы айналыстағы тауарлардың құрылымынан көрiнедi, мұнда бөлшек саудада өткiзiлетiн тауарлардың түрлерi айтарлықтай емес.
      Биржалық сауда
      Биржалық сауда - бұл сауда-саттықтарды, оның iшiнде, электрондық сауда-саттықтарды, мәмiлелердi тiркеудi және ресiмдеудi жүргiзу жолымен тауар биржасында жүзеге асырылатын биржалық тауарларды өткiзу жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет.

      Республикада 2010 жылғы 1 мамырда лицензия алған 33 брокерлiк-дилерлiк ұйым және 4 тауарлық биржа қызметiн жүзеге асырады: «Еуразия Сауда Жүйесi» тауар биржасы» (ЕСЖ), «Қазақстан» халықаралық тауар биржасы», «Жамбыл облысының» тауарлық биржасы», «Астана» әмбебап тауар биржасы». ҚРСА деректерiне сәйкес 2009 жылы осы биржалардағы мәмiлелердiң саны 2005 жылмен салыстырғанда 3,7 есе төмендеген. Дегенмен, бұл ретте, сауда-саттыққа шығарылатын тауарлардың көлемi 29%-ға өстi. Жасалған мәмiлелердiң төмендеу серпiнiн атап өту қажет. Мәселен, егер 2005 жылы сауда-саттыққа шығарылатын биржалық тауарлардың жалпы көлемiнен мәмiлелер тауарлардың 84% бойынша жасалған болса, 2009 жылы - 58% бойынша жасалды.



Қазақстан Республикасында 2005 - 2009 жылдар аралығындағы тауар биржалары қызметiнiң негiзгi көрсеткiштерi

Көрсеткiштер

2005

2006

2007

2008

2009

Биржалар саны, бiрлiк

12

11

9

10

9

Мәмiлелер саны, бiрлiк

4 200

1 852

1 057

671

1 119

Сауда-саттыққа шығарылатын биржалық тауарлар көлемi, млн.теңге

73 199

28 543

12 068

25 383

94 548

Жасалған мәмiлелер бойынша биржалар айналымы, млн.теңге

61 768

28 430

12 030

13 659

55 120

      Тауар биржаларындағы жасалған мәмiлелердiң негiзгi үлесi мал және өсiмдiк өнiмдерiне, майларына жатады, олардың үлесi бес жылдық кезең үшiн жасалған мәмiлелердiң жалпы көлемiнен 61%-ды және 2009 жылы жасалған мәмiлелердiң 97%-ын құрады. Жасалған мәмiлелердегi екiншi орынды минералдық өнiмдер иеленедi (кендер, отын, мұнай және мұнай өнiмдерi), олардың үлесi 2005 жылы 75%-дан 2009 жылы 3%-ға дейiн төмендедi.


      Осылайша, биржалық сауда ел экономикасына елеулi әсер етпейдi, атап айтқанда, 2009 жылы көтерме тауар айналымының жалпы келемiндегi оның үлесi 1% аспайды. 2005 жылдан басталған кезеңде тауар биржаларының саны 3 бiрлiкке азайды, ол бұл нарықтың құрылымдалмағандығын, жаңа ойыншылардың мүмкiн кездейсоқ пайда болуын, бұл бизнестiң әлсiз тартымдылығын бiлдiредi. Сатудың бұл арнасы тұтынушылардың бiрде бiр тобында (өнеркәсiптiк кәсiпорындар, көтерме және бөлшек сауда кәсiпорындары, дистрибуциялық компаниялар, азық-түлiк тауарларын сату жөнiндегi трейдерлер, мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiк компаниялар) жоғары сұранысқа ие емес. Тауар биржалары арқылы өткiзiлуi мүмкiн ресурстар (тауарлар) иелерiнiң тарапынан ұсыныстар сатудың осы арнасы үлесiн ұлғайтуға мүдделi емес.
      Баға конъюктурасына тауар биржаларының iс жүзiнде әсер ете алмауы мұнда кeмшiлiк болып табылады. Белгiлi Лондон тауар биржалары халықаралық сату арнасы функциясын орындаудан басқа, сондай-ақ, әлемдi тауарлық нарықтарға елеулi әсер ете отырып, қандай да бiр тауарлардың бағасын белгiлеудi қалыптастырады, мәселен тауар биржалары арқылы тиiстi биржалық тауарлармен 5-тен 20%-ға дейiн әлемдiк сауда жүредi. Бұл жағдайларда республикада биржалық сауданы дамытуға биржалық тауарлардың тiзбесiн және олардың қалыптасу кезеңiнде қолданылатын тауар биржалары арқылы тауарларды өткiзу көлемдерiн заңнамалық тұрғыдан айқындауда көрiнiс беретiн ұсынысты белсендi мемлекеттiк ынталандыру әсер ете алады.
 

      Электрондық сауда.


      Электрондық сауда байланысының электрондық құралдарын пайдалана отырып, тауарларды сатуға-сатып алуға арналған электрондық саудаға қатысушылардың келiсiмiнiң (шартының) негiзiнде сауда мәмiлелерiн жасау жолымен жүзеге асырылады.
      Әлемдiк бөлшек саудада Интернет арқылы сатудың рөлi артады, бiрақ, электрондық сауданың ену деңгейi әлi өте үлкен емес және елдер арасында елеулi айырмашылықтары бар. Аумағы шағын алаңдармен және халықтың жоғары тығыздығымен сипатталатын неғұрлым технологиялық дамыған елдерде электрондық сауданың үлесi 5% жетедi және одан да жоғары. Қазақстанда электрондық сауданың перспективасы алыс қашықтармен халықтың тығыз емес қоныстануымен, логистикалық жүйелердiң әлсiз дамуымен, Интернеттiң сауда функцияларын пайдаланбаумен (және оны салыстырмалы түрде жоғары емес пайдаланумен), көптеген нарықтардың аздаған келемдерiмен және ауқымның тиiмдiлiгiн төмендететiн тұтыну тауарларының сегменттерiмен күрделенедi.
      Қазақстанда 2009 жылдың соңында Интернеттi пайдаланушылардың саны 3,15 млн. адамды немесе 100 адамға 19,8 пайдаланушыны қүрады. Бiрақ, бұл цифрлар Интернеттi тауарлар мен қызметтердi пайдаланушылар ретiнде пайдаланатындардың санына қарағанда, электрондық поштаны, желiлiк қоғамдастықтар мен жаңалық ресурстарын пайдаланушылардың санын бiлдiредi.
      Ұсыныс тұрғысынан соңғы жылдары Қазақстанда электрондық сауда шеңберiнде бизнес тарапынан қызығушылық пайда болды, ол әртүрлi бейiндегi жиырмадан астам интернет-дүкендердiң, ұялы байланысты төлеу  жөнiндегi карточкаларды, мультимедиялық өнiмдi, кiтаптарды, сондай-ақ азық-түлiктi сату жөнiндегi алаңдардың пайда болуымен сипатталады.
      Алайда, қазақстандық Интернет пайдаланушылар санының салыстырмалы түрдегi аздығына қарамастан, сарапшылар КZ дөмендiк аймағындағы Интернет сатулардың әлi де елеулi қалып қоюын атап өтуде, бұл осы нарықтың аздаған сыйымдылығымен, сатып алушылардың көпшiлiгiнiң сенiмсiздiкпен қарауымен байланысты болып отыр.
      Қазақстанда сауданың бұл түрiнiң дамуын тежейтiн мынадай бiрқатар факторлар бар:
      Интернеттi пайдаланушылардың салыстырмалы түрдегi санының аздығы;
      Интернеттiң қазақстандық бөлiгi контентiнiң дамымауы, ол КZ дөмендiк аймағындағы Интернеттi пайдаланушылар санының аздағы проблемасын қиындатады, өйткенi, пайдаланушылардың көпшiлiгi неғұрлым мазмұнды және әртүрлi Ресей сайттарын пайдалануға артықшылық бередi;
      қазақстандық компаниялардағы қызметтi оңтайландырудың iшкi резервтерi, оның iшiнде мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету есебiнен;
      Интернет пайдаланушылар мен қазақстандық бизнестiң құпия қаржылық ақпаратты беру кезiнде байланыс құралдарының сенiмдiлiгiне сенiмсiздiгi;
      Қазақстан, әсiресе өңiрлер халқының көп бөлiгiнiң сатып алу қабiлетiнiң төмендiгi;
      бөлшек сауданың дәстүрлi арналарының жетiлмеуi. Бұл арналар жақсы дамыған жерлерде ғана Интернет оларға жаңа сапа алып келедi;
      электрондық төлем жүйелерiнiң салыстырмалы түрде дамымауы;
      қазақстандық электрондық бизнес нарығының дамуының әркелкiлiгi;
      оларды пайдаланатын қазақстандық компаниялар үшiн электрондық төлем жүйелерiнiң жоғары құны да маңызды болып табылады (банктердiң комиссиялары 3% дейiн жетедi).
      Дегенмен, дамыған электрондық сауда - бұл технологиялық қажеттiлiктiң ұлғаюы және өмiр бейнесi бойынша күшейе түсетiн халықаралық тренд. Алайда, электрондық сауданы бөлшек сауда және сауданың басқа да түрлерiнен, қор нарығының және қаржылық қызметтердiң дамуынан айырып қарауға болмайды. Бұл аспектiде кәдiмгi сауда немесе банктiк қызмет үшiн технологиялық шешiм ретiндегi электрондық сауданың рөлi электрондық сауданың абстрактiлiк жеке дамуына қарағанда неғұрлым назар аударатын болып көрiнедi.
      Осылайша, электрондық сауданы дамыту үшiн негiзгi мағынаға коммуникациялық технологиялар саласындағы инфрақұрылым ие, өйткенi ол негiзiнен оның даму деңгейi мен пайдалану кендiгiне байланысты.
      Қоғамдық тамақтандыру қызметтерi.
      Қоғамдық тамақтануға тағам өнiмдерiн өндiрумен, қайта өңдеумен, сатумен және ұйымдастырумен байланысты кәсiпкерлiк қызмет жатады.

      ҚР Статистика агенттiгiнiң деректерiне сәйкес қоғамдық тамақтану объектiлерiнiң саны 2005 - 2009 жылдар кезеңiнде 1,6 есе дерлiк артты және 22,7 мың мекеменi құрады.


      Өңiрлер бойынша қоғамдық тамақтану қызметтерiнiң көлемi бойынша жетекшi позиция Алматыға тиесiлi (28,3 млрд. теңге). Екiншi орынды Атырау облысы (14,2 млрд. теңге), үшiншi орынды — Астана (9,9 млрд. теңге) алады.
      Сонымен бiрге қоғамдық тамақтану қызметi нарығының негiзгi ерекшелiктерi мен үрдiстерi мыналар болып табылады:
      Алматы мен Астанада мейрамхана бизнесiнiң шоғырлануы;
      нарықтың құрылымсыздығы, iрi ойыншылардың болмауы;
      объектiлердiң пiшiмi бойынша көпшiлiк қабылдаған стандарттардың жоқтығы, маңдайшадағы жазулар мен мазмұнының жиi сәйкес келмеуi;
      шетелдiк брендттер санының онша көп еместiгi (негiзiнен түрiктердiкi);
      қоғамдық тамақтану жүйесiндегi франчайзингтiң нашар дамуы;
      орташа мейрамхана немесе дәмхана қызметiнiң аз уақытты мерзiмi, осы бизнестiң жоғары қауiптiлiгi және шығындылығы;
      стихиялық, көбiнесе кенеттен болатын, сұраныс, сынып/санат сияқты тұрақты клиенттердiң жоқтығы;
      әдеттегiдей тек қана дисконтты карталармен шектелетiн клубтық жүйенiң бiр жақты дамуы;
      персоналды даярлаудың орталықтандырылған жүйесiнiң болмауы.
      Сонымен қатар қоғамдық тамақтану саласы негiзiнен шағын бизнеспен айналысатынын атап өту керек. Ресейден айырмашылығы Қазақстанда табысты бизнесмен-рестораторлар, оның iшiнде өзiнiң саны онша көп еместiгi себептi танымал емес.
      Осылайша, аталған сала көп жағдайда оның тұтынуға деген сұранысының өзгеруiне байланысты болады. Оның одан әрi дамуы көбiнесе қызметi қызмет көрсету стандарттарын, клиенттер үшiн жағдайлардың сапасына бағытталған қоғамдық бiрлестiктердi, ұйымдарды дамыту  жолымен өзiндiк реттеумен байланысты.
      Сыртқы сауда.
      Сыртқы сауда деп шығаруды (экспорт) және (немесе) әкелудi (импорт) қамтитын елдер арасындағы сауда түсiнiледi. Нарықтық  экономика жағдайында сыртқы сауда операцияларын кәсiпорындар мен ведомстволар дербес жүзеге асырады. Бұл ретте мемлекет сыртқы сауда саясатының құралдарын пайдалану арқылы (кедендiк-тарифтiк саясат, тарифтiк емес саясат, тауарлардың импорты кезiнде iшкi нарықты қорғау шараларын қолдану, келiсiмдер жасасу жолымен сауда қарым-қатынастарын дамыту) сыртқы тауар тасқынын реттейдi.
      2010 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Ресей Федерациясымен және Беларусь Республикасымен бiрлесiп, Кеден одағының шеңберiнде жұмыс iстейдi. Кеден одағын құрудың негiзгi мiндетi осы аумақтан шығатын тауарларға қатысты бiрыңғай кеден аумағын құру, сондай-ақ оларға кедендiк баждар мен экономикалық сипатына шектеу қолданылмайтын еркiн айналымға шығарылған үшiншi елдерден әкелiнген тауарлар болып табылады. Бұл ретте қатысушы мемлекеттер бiрыңғай кеден тарифiн және үшiншi елдердiң тауарларымен сауда жасауды реттеудiң бiрыңғай шараларын қолданады.
      Сыртқы сауда құрылымы.
      Қазақстан үшiн Кеден одағының елдерi негiзгi әрiптестердiң бiрi болып табылады, олардың республиканың сыртқы саудасындағы үлесi 18% құрайды және тұрақты болып табылады.
      Тұтас алғанда, Қазақстанның сыртқы сауда серпiнi соңғы 5 жылда өсумен сипатталады. Егер 2005 жылы тауар айналымы 45,2 млрд. АҚШ долл. құраса, 2009 жылы сыртқы сауданың деңгейi 71,6 млрд. АҚШ долл. құрап, 58,4% өстi. Салыстыру үшiн, Ресей Федерациясында тауар айналымы 2009 жылы 469 млрд. АҚШ долл. (қазақстандық айналымнан 6,5 есе көп), ал Беларусьта 49,8 млрд АҚШ долл. құрады.
      Бағыттар бойынша сыртқы саудадағы үлестiк салмақ. Қазақстанның ТМД елдерiмен тауар айналымының үлестiк салмағы 2009 жылы 26,3% (немесе 18,8 млрд. АҚШ долл.), ал алыс шетел елдерiмен сауда үлесi 73,7% (немесе 52,7 млрд. АҚШ долл.) құрады. Тауар тасқынының бағыттары бойынша сыртқы сауда құрылымындағы едәуiр өзгерiстер орын алған жоқ. 2009 жылы елдер арасындағы Қазақстанның негiзгi сауда әрiптестерi:
      - ЕО елдерi (40,2% - 28,8 млрд. АҚШ долл.);
      - Ресей (17,4% - 12,4 млрд. АҚШ долл.),
      - Қытай (13,2% - 9,5 млрд. АҚШ долл.),
      - Украина (4,8% - 3,4 млрд. АҚШ долл.),
      - АҚШ (2,8% - 2,0 млрд. АКДI долл.) болды.
      Сыртқы сауда сальдосы. Қазақстандық сыртқы сауда сальдосы экспорттың едәуiр көлемiне байланысты оң болып табылады. Сөйтiп, 2009 жылы сальдо 2005 жылмен салыстырғанда (10,5 млрд. АҚШ долл.) 40,9%-ға ұлғайып 14,8 млрд. АҚШ долл. құрады, бұған алыс шетел елдерiне экспорттық жеткiзiлiмдердiң артуы есебiнен қол жеттi. Бұл ретте ТМД елдерiмен саудадағы сальдо керiсiнше терiс болып табылады және (-5,3) млрд. АҚШ долл. құрайды, бұл 2005 жылғы көрсеткiштен 30%-ға төмен.
      Оң сальдо ұлттық валюта бағамының өсуi үшiн қолайлы фактор болып табылатынын атап өту керек. Алайда оған көбiнесе шикiзат экспорты, атап айтқанда отын-энергетикалық тауарлар көлемiнiң (барлық экспорттың 69,5%) өсуi есебiнен қол жеттi.
      Импорт
      Негiзгi жеткiзушiлер. Қазақстандық кедендiк статистика деректерiне сәйкес 2009 жылы импорт 2005 жылмен салыстырғанда $17,4 млрд. -тан $28,4 млрд. дейiн, яғни 63,7%-ға ұлғайды. 2009 жылы Қазақстанға негiзгi жеткiзушiлер алыс шетел елдерi болды, оған барлық импорттың 57,5% келдi.
      Қазақстанға әкелiнетiн тауарлар. 2009 жылы Қазақстанға әкелiнетiн негiзгi өнiм:
      Қазақстанның негiзгi тауарлық топтар импортының серпiнi, 2005  және 2009 жж.

      Импорттың құрылымы Қазақстан көбiнесе дайын өнiмдердi, жабдықты, көлiк құралдарын әкелетiнiне куәлiк бередi.


      Қазақстанға Кеден одағына мүше елдерден әкелiнетiн тауарлар. Қазақстандық кедендiк статистиканың деректерi бойынша Ресейден келетiн импорттың үлесiне 31,3% немесе 8,9 млрд. АҚШ доллары, ал Беларустан келетiн импорттың үлесiне - 1,3% немесе 367,1 млн. АҚШ доллары келедi.
      Қазақстанға Ресейден әкелiнетiн негiзгi өнiмдер:
      - шикi мұнай - 16,3% (1,4 млрд. АҚШ долл. немесе 6,1 млн. тонна);
      - мұнай өнiмдерi - 7,1% (635,9 млн. АҚШ долл. немесе 1,5 млн. тонна);
      - қара металдан жасалған құбырлар - 5,2% (458,2 млн. АҚШ долл. немесе 192,9 мың тонна);
      - қара металдан жасалған металл конструкциялар - 1,5% (134,8 млн. АҚШ долл. немесе 26,4 мың тонна) болып табылады.
      Осылайша, әкелiнетiн тауарлардың негiзгi үлесi Павлодар мұнай-химия зауытында өңделетiн шикi мұнайды қоспағанда, түпкiлiктi пайдалану үшiн пайдаланылатын дайын өнiмдер болып табылады.
      Қазақстанға Беларусь Республикасынан әкелiнетiн негiзгi өнiмдер:
      - пневматикалық резеңке жаңа шиналар мен доңғалақ тыстары - 10,3% (37,7 млн. АҚШ долл. немесе 500,7 мың дана);
      - қызылшадан жасалған қант - 8,6% (31,5 млн. АҚШ долл. немесе 55,9 мың тонна);
      - сүт және қоюлатылған қаймақ - 7,4% (27,1 млн. АҚШ долл. немесе 18 мың тонна);
      - ұшу аппараттары (тiкұшақтар, ұшақтар) - 5,6% (20,6 млн. АҚШ долл. немесе 4 дана);
      - тракторлар - 5,0% (18,5 млн. АҚШ долл. немесе 1 028 дана);
      - астық жинауға немесе ауыл шаруашылық дақылдарын бастыруға арналған машиналар немесе механизмдер - 5,0% (18,3 млн. АҚШ долл.);
      - жүк көлiк құралдары - 4,3% (15,8 млн. АҚШ долл. немесе 96 дана);
      - сарымай - 4,2% (15,3 млн. АҚШ долл. немесе 5 810,3 тонна) Беларусьтен көбiнесе дайын өнiмдер де әкелiнедi. Бұл ретте ең көп үлес азық-түлiк тауарларына (сүт, қант), сондай-ақ машина жасау өнiмiне тиесiлi.
      Кеден одағы құрылғанға дейiн Қазақстанның кеден-тарифтiк саясат көбiнесе тұтынушылардың мүддесiн қорғады және шын мәнiнде отандық өндiрiстiң дамуын ынталандырған жоқ. Нәтижесiнде, бүгiнгi күнi республикада өндiруге мүмкiндiк бар тауарлар импортының едәуiр үлесi жоғары. Бұл ретте бұл сипаттама негiзiнен халық тұтынатын тауарларға және өнеркәсiп өндiрiсiнде пайдаланылатын тауарларға жатады.
      Сонымен, кеден-тарифтiк қорғаудың орта есеппен 10 - 20% дейiн артуы машина жасау, металлургия, құрылыс материалдарын өндiру, химия және мұнай-газ-химия, жеңiл және келешекте фармацевтика саласына оң ықпалын тигiзедi. Азық-түлiк өнiмдерi бүгiнгi күнi елдiң нарықтарында ұсынылды және оның негiзгi бәсекелесi ТМД елдерiнен, оның iшiнде Кеден одағы елдерiнен әкелiнетiн тауарлар болып табылады, оларға қатысты кедендiк баж қолданылмайды.
      Экспорт.
      Негiзгi сатып алушылар. Қазақстандық кедендiк статистиканың деректерiне сәйкес 2009 жылы республиканың экспорты 43,2 млрд. АҚШ долл. құрады. Өсiм 2005 жылмен салыстырғанда (27,8 млн. АҚШ долл.) 55,1% алыс шет елдерге жеткiзiлiмдердiң (өсiм 53,1%-ға) көбеюiмен байланысты. Бұл елдердiң қазақстандық тауарлардың негiзгi сатып алушылары болып табылатынын және олардың үлесiне барлық экспорттың 84,3% (немесе 36,4 млн. АҚШ долл.) келетiнiн, сонымен бiрге ТМД елдерiнiң үлесi Қазақстанның жалпы экспортында 15,7% (немесе 6,8 млн. АҚШ долл.) құрайтынын атап өту қажет.
      Қазақстаннан шығарылатын тауарлар. Қазақстандық өнiмнiң экспорттық жеткiзiлiмдерi көбiнесе шикiзаттық сипатта болады. Мәселен, отын-энергетикалық тауарларды шығару (мұнай және мұнай өнiмдерi) 69,5% ($30 млрд.); қара металлдар - 6,9% ($3 млрд.); бейорганикалық химия өнiмдерi - 5% (2,1 млрд. АҚШ долл.); кендер, қож, күл - 4% (1,7 млрд. АҚШ долл.) құрайды. Экспорттың ұқсас құрылымы 2005 жылы да болды және iс жүзiнде өзгерген жоқ.

      Кеден одағына мүше елдерге шығарылатын тауарлар. Қазақстандық кедендiк статистиканың деректерi бойынша Ресейге экспорттың үлесiне 8,2% немесе 3,5 млрд. АҚШ долл., ал Беларусқа экспорттың үлесiне - 0,1% немесе 54,7 млн. АҚШ долл. келедi.


      Қазақстаннан Ресейге шығарылатын негiзгi өнiм түрлерi:
      кендер мен темiр концентраттары - 13,7% (485,5 млн. АҚШ долл. немесе 8,3 млн. тонна);
      тас көмiр - 11,6% (412 млн. АҚШ долл. немесе 23,8 млн. тонна);
      шикi мұнай - 9,8% (347,3 млн. АҚШ долл. немесе 1,8 млн. тонна);
      жасанды корунд - 8,6% (305,2 млн. АҚШ долл. немесе 1,4 млн. тонна);
      химиялық радиоактивтi элементтер - 7,6% (268,6 млн. АҚШ долл. немесе 3 мың тонна);
      темiрден жасалған жазық прокат - 6,3% (223,8 млн. АҚШ долл. немесе 277,7 тыс. тонна);
      мұнай газдары - 4,7% (168,3 млн. АҚШ долл. немесе 6,7 млн. тонна).
      Осылайша, әкелiнетiн тауарлардың негiзгi үлесi шикiзат немесе түпкi өнiм өндiру үшiн пайдаланылатын жартылай фабрикаттар болып табылады.
      Қазақстаннан Беларусь Республикасына шығарылатын негiзгi өнiмдер:
      темiрден жасалған жазық прокат - 44,7% (24,5 млн. АҚШ долл. немесе 33,1 мың тонна);
      салқындай басылған жазық прокат - 17% (9,3 млн. АҚШ долл. немесе 20,7 мың тонна);
      конвейерлiк таспалар немесе жетек белдiктер — 5,2% (2,8 млн. АҚШ долл. немесе 1 мың тонна);
      ыстықтай басылған жазық прокат - 5,1% (2,1 млн. АҚШ долл. немесе 2 мың тонна);
      ферроқорытпалар - 3,9% (1,8 млн. АҚШ долл. немесе 4,7 мың тонна) болып табылады.
      Беларусьқа сонымен қатар көбiнесе не шикiзат не кейiннен өңдеу үшiн жартылай фабрикаттар шығарылады.
      Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Кеден одағы құрылғанға дейiн Қазақстанның экспортты реттеуге қатысты кеден-тарифтiк саясаты көбiнесе шикiзат пен жартылай фабрикаттар шығаратын отандық кәсiпорындарды қолдағанын, бiрақ дайын өнiмдердi өңдеудi және кейiннен өндiрудi ынталандырмағанын байқауға болады. Нәтижесiнде, бүгiнгi күнi шикiзаттық өнiмдер мен жартылай дайындалған өнiмдер экспортының едәуiр үлесi болып отыр. Бұл ретте бұл сипаттама негiзiнен металлургиялық және мұнай өнiмдерiне қатысты. Кедендiк-тарифтiк қорғаудың орта есеппен 10-20% дейiн артқанын ескере отырып, машина жасау, дайын металлургия өнiмдерiн өндiру, құрылыс материалдарын өндiру, химия және мұнай-газ-химия, жеңiл өнеркәсiп сияқты салаларда шикiзат қажеттiлiгi туындайды.
      Сауданы мемлекеттiк реттеудiң қолданыстағы саясатын талдау.
      Дамыған елдерде мемлекеттiк реттеу саясаты мынадай қағидаттарға негiзделедi:
      сауда саласындағы қатынастарды оның дамуын ынталандыратын нормативтiк құқықтық актiлер қабылдау арқылы реттеу;
      болжамды келеңсiз фактiлердi өзге жолмен болдырмау мүмкiн болмаған ерекше жағдайларда тыйым салулар мен шектеулер белгiлеу;
      мемлекеттiк реттеудiң тиiмдiлiгi мен орындылығын немесе мемлекеттiк реттеудi енгiзу қажеттiлiгiн анықтау мақсатында мониторинг жүргiзу.
      Iшкi сауданы реттеу.
      Жалпы реттеу. Сауда өндiрушiлер мен сауда ұйымдарының өзара iс-қимыл үдерiсiнде мемлекет тарапынан араласудың төмен деңгейiмен ерекшеленедi, бұл атап айтқанда көтерме сауда және диструбициялық компанияларды реттеудiң жоқтығынан тауарлық позициялардың көпшiлiгi бойынша бағаны бақылаудың болмауынан көрiнедi.
      Сауда қызметi саласындағы базалық заңнамалық актi «Сауда қызметiн реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы болып табылады, ол оны мемлекеттiк реттеудiң қағидаттары мен ұйымдастыру негiзiн белгiлейдi. Сонымен қатар қазiргi уақытта сауда iшкi сауда мәселелерiн реттейтiн 27 заңнамалық актiмен (оның iшiнде бес кодекс) және 105 заңға тәуелдi актiлермен (Үкiметтiң 77 қаулысы, министрлiктердiң 28 бұйрығы) реттеледi. Бұл ретте сауданы оның түрлерi бойынша нормативтiк құқықтық реттеу былайша көрiнедi: аукциондық сауда бойынша - 20, комиссиялық - 16, тапсырыстар бойынша сауда - 16, шекаралық өңiрдегi сауда - 17, көшпелi сауда - 17, көрме-жәрмеңкелiк сауда - 14, электрондық (үлгiлер бойынша тауардың бөлшек саудасы) - 16, биржалық - 18 нормативтiк құқықтық актiлер.
      «Сауда қызметiн реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын кәсiпкерлер жасаған талдау онда заңның мыналарға қатысты көптеген сiлтеме нормаларының бар екенiн көрсеттi:
      iшкi сауданы жүзеге асыру ережесi;
      бағаларды мемлекеттiк реттеу;
      көтерме сауданы ұйымдастыру жөнiндегi талаптар;
      сауда орындарынан тыс бөлшек сауда тәртiбi;
      әкелiнетiн және әкетiлетiн тауарларға кеден баждарын белгiлеу;
      тауарлардың жекелеген түрлерiн әкелуге (әкетуге) тыйым салу;
      тарифтiк квоталар белгiлеу;
      тауарлардың жекелеген түрлерiне мемлекеттiк монополия;
      қорғау шараларын белгiлеу;
      аукциондық, комиссондық, шекара маңы электрондық және биржалық сауда жүргiзу тәртiбi;
      сауда қызметi субъектiлерiне қойылатын жекелеген талаптар;
      дауларды шешу;
      заңды бұзған үшiн жауапкершiлiк белгiлеу.
      Бұдан басқа, саудадағы мемлекеттiк реттеу қазiргi уақытта, әлеуметтiк-маңызды азық-түлiк тауарларына баға белгiлеу және тауарлардың сапасы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерiнде ерекше мәнге ие болады. Мемлекет саудадағы бәсекелестiктi қорғауға кепiлдiк беретiнiнен, тауарларды сатып алушы азаматтардың өмiрi мен денсаулығын қорғауды, қоғамның өзге де заңды мүдделерiн өзiне алатындықтан мемлекеттiк реттеуге қажеттiлiк туындайды.
      Қазiргi заманғы терминология. Қолданыстағы заң негiзiнен сауда қызметiн реттеуге бағытталған және саланың дамуын жеткiлiксiз ынталандырады. Бұдан басқа, iшкi сауда мәселелерi бойынша заңнама iшкi сауданың барлық түрлерiн реттеу ерекшелiктерiн көрсетпейдi, қазiргi технология бөлшек сауда және көтерме сауда кәсiпорындарының қызметiн ұйымдастыруға қойылатын бiрыңғай және мәндес талаптарды қамтымайды. Мысалға, осы заманғы сауда пiшiмiнiң, сауда желiлерiнiң, электронды коммерцияның айқын анықтамасы жоқ.
      Дүкен саудасын ұйымдастыруға қойылатын талаптар. Дүкен саудасын ұйымдастыруға қойылатын талаптар мен сауда алаңдарымен қамтамасыз етiлу нормативтерi жоқ. Нәтижесiнде, қала құрылысы жоспарларын iске асыру барысында бөлшек сауда объектiлерiн орналастыру әркелкi жүзеге асырылуда, тауарлар мен қызметтердiң аумақтық қол жетiмдiлiгiне бiрдей жағдай қамтамасыз етiлмейдi.
      Бiлiктiлiктi арттыру. Сауда саласының мамандарын қайта даярлау  және бiлiктiлiгiн арттыру жүйесiн ұйымдастыру және дамыту үшiн ынталандыру заңнамалық деңгейде қалыптаспаған. Сауда объектiлерiнiң көпшiлiгi сауда ұйымдары үшiн персоналды даярлау және уәждемесiнiң төмен деңгейiн атап өтедi, бұл ретте кадрлардың тапшылығы мен жеткiлiксiз бiлiктiлiгi барлық деңгейде байқалады. Кадрларды жүйелi түрде даярлаумен бүгiнгi күнi тек қана iрi сауда желiлерi, әдеттегiдей шетелдiк iрi сауда желiлерi айналысады.
      Сыртқы сауданы реттеу.
      Мемлекет белгiлi бiр сыртқы экономикалық саясат жүргiзе отырып, таңдау оның нақты мақсатына байланысты сыртқы сауда саясатының құралдарын пайдаланады. Бiр мақсатқа жету үшiн әртүрлi құралдар қолданылуы мүмкiн, сондықтан әрбiр нақты жағдайда мемлекет олардың сол немесе өзгеше үйлесуiн таңдайды.
      Бұл құралдарға:
      кедендiк-тарифтiк - кеден тарифiн пайдалануға негiзделгендер (импорттық және экспорттық баждар),
      тарифтiк емес - барлық өзге әдiстер (тыйым салулар мен шектеулер, оның iшiнде сандық үлестеу; тауарларды шығаруға және (немесе) әкелуге мемлекеттiк монополия; лицензиялау, техникалық реттеу)
      тауарлардың импорты кезiнде iшкi нарықты қорғау шаралары (демпингке қарсы шаралар; есесiн өтеу шаралары; қорғау шаралары;) жатады.
      Көбiне құралдар ретiнде екiжақты және көпжақты шарттар пайдаланылады.
      Кеден-тарифтiк саясат. Кеден-тарифтiк саясат мынадай 5 халықаралық құжатқа негiзделедi:
      - Бiрыңғай кедендiк-тарифтiк саясатының негiзiн қалыптастыратын бiрыңғай кедендiк-тарифтiк реттеу туралы келiсiм - Бiрыңғай кедендiк тариф, сондай-ақ, оның жұмыс iстеу тетiгi - Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 18 қарашадағы Заңымен ратификацияланған.
      - Ерекше жағдайларда Бiрыңғай кедендiк тариф ставкаларынан өзгеше әкелiмдi кедендiк баж алымдары ставкаларын қолдану жағдайлары мен тәртiбi туралы хаттама — Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 24 қарашадағы Заңымен ратификацияланған.
      Тарифтiк жеңiлдiктер беру туралы хаттама - Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 24 қарашадағы Заңымен ратификацияланған.
      - Тарифтiк квоталарды қолдану жағдайлары мен тетiгi туралы келiсiм - Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 24 қарашадағы Заңымен ратификацияланған.
      - Кеден одағының тарифтiк преференцияларының бiрыңғай жүйесi туралы хаттама - Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 24 қарашадағы Заңымен ратификацияланған.
      Барлық жоғарыда аталған шарттар Кеден одағының жоғарғы органының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 18 шешiмiне сәйкес (ЕурАзЭҚ мемлекетаралық кеңесiнiң) 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне ендi. Сонымен қатар осы Шешiммен:
      Үшiншi елдердiң импортына қатысты қолданылатын және экспорттық баж алымдарын қамтымайтын бiрыңғай импорттық кедендiк баж алымдарының жиынтығын бiлдiретiн Кеден одағының Бiрыңғай кедендiк тарифi бекiтiлдi.
      Бүгiнгi күнi тараптар экспорттық баж алымы салынатын тауарлар тiзбесiн дербес анықтайтыны және Кеден одағының комиссиясын және бiр-бiрiн хабардар ететiнi болжануда.
      Кеден одағының тарифтiк преференциялар жүйесiн пайдаланушылар дамушы елдердiң тiзбесi;
      Кеден одағының тарифтiк преференциялар жүйесiн пайдаланушылар ең аз дамыған елдердiң тiзбесi;
      Әкелу кезiнде тарифтiк преференциялар берiлетiн дамушы және ең аз дамыған елдерде жасалған және әкелiнетiн тауарлардың тiзбесi;
      Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң бiрi өтпелi кезең iшiнде Кеден одағының бiрыңғай кедендiк тарифiнiң ставкасынан өзгеше әкелiмдi кедендiк баж алымдарының ставкасы қолданылатын тауарлар мен ставкалардың тiзбесi;
      Кеден одағы комиссиясының кедендiк әкелу бажының ставкаларын өзгерту туралы шешiм ымырамен қабылданатын сезiмтал тауарлардың тiзбесi.
      Тарифтiк емес реттеу шаралары. Бұл шаралар Кеден одағының шеңберiнде:
      Тарифтiк емес реттеу шаралары туралы негiзгi ережелердi анықтайтын 2009 жылғы 25 қаңтардағы үшiншi елдерге қатысты бiрыңғай тарифтiк емес реттеу шаралары туралы келiсiммен;
      Үшiншi елдерге қатысты тарифтiк емес реттеу шараларын қолдану тәртiбiн анықтайтын 2009 жылғы 9 маусымдағы бiрыңғай кедендiк аумақта тауарлармен сыртқы сауданы қозғайтын шараларды енгiзу және қолдану тәртiбi туралы келiсiммен;
      Тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар мен рұқсат беру тәртiбiн анықтайтын 2009 жылғы 9 маусымдағы тауарлармен сыртқы сауда жасау саласындағы лицензиялау тәртiбi туралы келiсiммен реттеледi.
      Тауарлардың импорты кезiнде iшкi нарықты қорғау шаралары. Арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолданумен байланысты қарым-қатынасты реттейтiн бiрыңғай саясат қалыптастыру маңызды элемент болып табылады.
      Кеден одағының сауда шараларын қолдану саласындағы базалық құжаты үшiншi елдерге қатысты 2008 жылғы 25 қаңтардағы арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы келiсiм болып табылады.
      Жалпы, өздiгiнше сыртқы сауда саясатын толық өткiзу мүмкiндiгi шектелген. Бiрақ, Қазақстанның мәртебесiн Кеден одағының мүшесi ретiнде арттырумен байланысты бiрқатар оң сәттер бар, өйткенi ендi қазақстандық нарық Кеден одағы нарығының бөлiгi болып табылады, бұл шетелдiк тауарларға қол жеткiзу үшiн оның тартымдылығын арттырады. Бұдан басқа, тауарлық шараларды қолдану саласында ресейлiк-беларустiк тәжiрибенi пайдалану отандық тауар өндiрушiлердi қолдау үшiн қолайлы жағдай жасауға мүмкiндiк бередi. Сондай-ақ бiрыңғай Кеден одағы тәрiздi халықаралық келiссөздерге қатысу әлемдiк нарықтағы позициясы нығайтуға мүмкiндiк бередi және сауда-инвестициялық әрiптес ретiнде бiздiң елiмiздiң беделiне оң көрiнiс бередi.
      Халықаралық рейтингтерге қатысу.
      Мемлекет экономикасын дамытудың, оның бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттырудың маңызды өлшемi Дүниежүзiлiк экономикалық форум (бұдан әрi - ДЭФ) рейтингiн әлемдiк сауда жүйесiнде тартылуы бойынша 80-орынға дейiн көтеру болып табылады. 2010 жылы Қазақстан 88-орында болды.
      Бұл индекс тоғыз бағытты қамтитынын атап өту қажет.
      Бiрiншi бағыт - отандық және шетелдiк тауар нарығына қол жеткiзу. Бүгiнгi күнi Қазақстан осы бағыт бойынша 53-орында келедi. Бұл ретте аталған көрсеткiштi мемлекеттiк реттеу саясатын жетiлдiру Кеден одағы комиссиясының шеңберiндегi өзара iс-қимылға байланысты, оның басқаруына Кеден-тарифтiк саясат пен тарифтiк емес шаралар саласындағы саясат жатады.
      Екiншi бағыт — кедендiк әкiмшiлiк етудiң тиiмдiлiгi. Қазақстан 103-орында (2010 жыл), жағдайдың жақсаруы 2009 жылмен салыстырғанда 3 позиция. Көрсеткiш кедендiк рәсiмдердi өткiзу үдерiсiн, сондай-ақ кеден органдары мен басқа қатысушылар көрсететiн қызметтер көлемiн есепке алады. Аталған көрсеткiштi жетiлдiру бойынша шара қабылдау Кеден одағы комиссиясының шеңберiндегi өзара iс-қимылға байланысты қазақстан ұлттық заңнама шеңберiнде кедендiк әкiмшiлiк етудi оңтайландырудың елеулi әлеуетiне ие.
      Үшiншi бағыт - импорттық-экспорттық рәсiмдердiң тиiмдiлiгi. Қазақстан 125-орында, жағдайдың нашарлауы 2009 жылмен салыстырғанда 5 позицияға төмен. Бұл бағыт өзiмен бiрге «кедендiк тазарту» үдерiсiн; шекаралық бақылау рәсiмдерiн оңайлатуды; тауарлардың импортына немесе экспортына жоғалған уақытты; тауарлардың импорты мен экспорты үшiн талап етiлетiн барлық құжаттардың санын; тауарлардың импорты немесе экспорты үшiн қажет барлық рәсiмдермен байланысты шығындарды тұспалдайды. Осы бағыт бойынша Қазақстан ұлттық заңнама шеңберiнде рейтингтi жақсартудың кең мүмкiндiктерiне де ие.
      Төртiншi бағыт - ашықтық, бұл ресми емес төлемдерге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты мәселелердi тұспалдайды. Қазақстан бұл бағыт бойынша 81-орында тұр, жағдайдың жақсаруы 7 позиция. Аталған бағыт мемлекеттiк саясаттың жалпы жүйелiк шараларын қабылдауды талап етедi.
      Бесiншi бағыт - көлiк инфрақұрылымының қол жетiмдiлiгi және сапасы. Қазақстан бұл бағыт бойынша 35-орында, жағдайдың жақсаруы 13 позиция. Бұл көрсеткiш Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң қарауына жатады және өзiне бiр миллион адамға ең кемi тұрақты бiр (ең аз) рейсi бар әуежайлардың санын; әрбiр елдiң екi жақты бағыттарға қол жетiмдi жүк женелтушiлерге артық жүктеме байланыс түрлерiн; жолдардың жалпы санынан пайыздағы асфальталған жолдарды; авиакөлiгi инфрақұрылымының және темiржол көлiгi инфрақұрылымының, жолдардың, порт инфрақұрылымының сапасын қамтиды. Осы бағыт мемлекеттiң инфрақұрылымды дамыту облысындағы саясатына, сонымен бiрге Қазақстан Республикасының көлiктiк инфрақұрылымды дамыту жөнiндегi 2010-2014 жылдарға арналған салалық бағдарлама шеңберiнде дамытылады.
      Алтыншы - көлiк қызметiнiң қол жетiмдiлiгi және сапасы. Қазақстан бұл көрсеткiш бойынша 47-орында, жағдайдың жақсаруы 28 позиция. Аталған көрсеткiш кеме қатынасы компаниялары көрсететiн қызметтердiң сапасын есепке алады; халықаралық жеткiзiлiмдердiң бағасы бойынша бәсекеге қабiлеттi ұйымдардың жеңiлдiгiн; логистикалық қызметтердiң құзыреттiлiгi мен сапасын; тауар партиясын қадағалауды және iздеп табуды жүзеге асыру мүмкiндiгiн; белгiленген мерзiм шеңберiнде жүк алушыға жеткiзiлетiн жеткiзiлiмнiң жиiлiгiн; почта қызметтерiнiң тиiмдiлiгi; Сауда қызметтерi жөнiндегi бас келiсiм шеңберiнде көлiк секторы жөнiндегi мiндеттемелер индексiн ескередi. Даму экономиканың жалпы экономикалық жағдайымен, сондай-ақ жеке бизнес субъектiлерiнiң қызметiмен байланысты.
      Жетiншi бағыт — ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың болуы мен оларды пайдалану. Қазақстан бұл бағыт бойынша 61 орында тұр, жағдай 7 позицияға жақсарған. Бұл көрсеткiш кәсiпкерлердiң Интернеттi пайдалану ауқымын; ұялы байланыс абоненттер санын; 100 адамға арналған кең жолақты Интернет абоненттерiнiң жалпы санын мен 100 адамға арналған Интернет пайдаланушыларды; 100 адамға арналған негiзгi телефон желiлерiнiң санын; мемлекеттiк органдардың шұғыл қызметтер көрсету санын қамтиды. Бұл бағыт мемлекеттiң байланыс технологияларын дамытумен, сонымен бiрге Қазақстан Республикасының ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту туралы 2010 - 2014 жылдарға арналған салалық бағдарламасы шеңберiнде iске асырумен байланысты.
      Сегiзiншi бағыт - нормативтiк құқықтық база. Қазақстан бұл бағыт бойынша 80 орында, жағдай 3 позицияға төмендеген. Бұл көрсеткiште меншiк құқығы; этика мен сыбайлас жемқорлық сот жүйесi мен мемлекеттiк қызметшiлер арасындағы ықпал; мемлекеттiк органдардың тиiмдiлiгi; отандық бәсекеге қабiлеттiлiк; қаржы нарығының тиiмдiлiгi; шетел қатысуы үшiн ашықтық ескерiледi.
      Тоғызыншы бағыт - физикалық қауiпсiздiк. Қазақстан бұл бағыт бойынша 82 орында тұр, жағдай 4 позицияға төмендеген. Бұл көрсеткiште полиция қызметтерiнiң сенiмдiлiгi; қылмыстар мен құқық бұзушылықтар шығындары; терроризм шығындары ескерiледi.
      Осылайша сауда саясатына тауарларды әкелу және әкету мәселелерiмен байланысты алғашқы үш бағыттың тiкелей қатысы болады, барлық қалған бағыттар республикадағы инфрақұрылымның дамуына және бизнес ахуалдың өзiне байланысты болады. Бұл ретте 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап Кеден одағының жұмыс iстейтiнiн ескерсек, бұл бағыттар бойынша мемлекеттiк реттеу саясатын жетiлдiрудi Кеден одағы комиссиясының шеңберiнде Кеден одағы елдерiмен өзара iс-қимылда жүзеге асыру қажет.
      Кеден одағы шеңберiнде, бiрақ үшiншi елдермен, оның iшiнде Дүниежүзiлiк сауда ұйымына кiру арқылы жүргiзiлуi қажет сыртқы нарықтарға қол жеткiзудi арттырумен байланысты мәселе жоғарыда аталғандарға жатпайды.
      Сала үшiн күштi және осал тұстарын, мүмкiндiктерi мен қауiптерiн талдау.
      Iшкi сауданың жай-күйiн SWОТ - талдау.

Күштi тұстары

Әлсiз тұстары

- iшкi сауданы дамыту үшiн заңнамалық және институционалдық негiздiң болуы;
- iшкi сауданы дамыту стратегиясын әзiрлеу қажеттiгiн түсiну;
- қазақстандықтардың тұтынушылық әрекетiндегi оң өзгерiстер;
- iшкi өндiрушiлердi тарифтiк қорғаудың барабар деңгейi;
- бөлшек сауда нарығында қалыптасқан күштi қазақстандық ойыншылардың болуы.

- сауда бойынша заңнаманың «бытыраңқылығы», сондай-ақ нормативтiк құқықтық актiлерде қазiргi заманғы терминологияның жоқтығы;
- әкiмшiлiк кедергiлер;
- инженерлiк-техникалық инфрақұрылым салу мен пайдалануға беру құнының жоғарылығы;
- жаңа дүкендер не жұмыс iстеп тұрған дүкендер үшiн алаңдардың жеткiлiксiздiгi;
- отандық кәсiпорындар өнiмi ассортиментiнiң ауқымсыздығы, оның импорттық тауарлармен салыстырғанда бәсекеге қабiлетiнiң әлсiздiгi;
- iрi қалаларда көлiк-логистикалық орталықтардың (КЛО) жоқтығы, сондай-ақ «ауылдық жер» байланысының логистикалық проблемасы;
- сауда кәсiпорындары мен желiлерiнiң айналым қаражатының тапшылығы мен қарыз жүктемесiнiң жоғарылығы;
- кәсiптiк-техникалық, оның iшiнде сауда мамандықтары бойынша бiлiм беру жүйесiнiң әлсiздiгi

Мүмкiндiктер

Қауiптер

Қазақстанның қайта өңдеушi өнеркәсiбiн дамыту;
- отандық өнiм өндiрiсiнiң өсiру;
- әкiмшiлiк кедергiлердi төмендету бойынша мемлекеттiк саясатты жүргiзу;
- көлiк-логистикалық орталықтар желiсiн дамыту;
- бәсекелестiктi өсiру, сауда желiлерiнiң бәсекеге қабiлеттiгiн өсiру;
- орта тапты қалыптастыру, халықтың төлем қабiлетiнiң үлесiн ұлғайту.

- қазақстандық сауда кәсiпорындары мен желiлерiнiң банкрот болуы;
- шетел сауда желiлерi тарапынан отындық ойыншыларды ығыстыру мен сiңiру;
- шағын бизнес кәсiпорындарын қазiргi заманғы сауда пiшiмдерiмен ығыстыру.

      Сыртқы сауданың жай-күйiн SWОТ - талдау

Күштi тұстары

Әлсiз тұстары

- Еуропа мен Азия арасындағы стратегиялық орналасуы, бұл республиканың транзиттiк әлеуетiн дамытуға мүмкiндiк бередi;
- Кеден одағындағы мүшелiк.

- теңiзге тiкелей шығыстың жоқтығы;
- ТМД және Кеден одағы елдерiнен әкелiнетiн азық-түлiк тауарларының  импорттық жеткiзiлiмдерiне тәуелдiлiк;
- республикада өндiрiлетiн өнiмнiң бәсекеге қабiлетiнiң төмендiгi;
- қазақстандық экспорттың шикiзаттық бағыты;
- сыртқы сауда саясаты шаралары бойынша шешiмдер қабылдаудың талдамалық дайындығының әлсiздiгi;
- қабылданатын шешiмдер бойынша iскер топтармен өзара байланыстың әлсiздiгi;
- сыртқы сауда саясатындағы өзгерiстер бойынша шешiмдердi әзiрлеу мен қабылдау рәсiмдерiнiң пысықталмағандығы;
- сыртқы саудадағы өзгерiстердiң және қабылданған шешiмдердiң iске асырылуының мониторингi жүйесiнiң жоқтығы.

Мүмкiндiктер

Қауiптер

- алыс және жақын шетелдермен, оның iшiнде Кеден одағы шеңберiнде жұмыс iстеу мен ДСҰ-ға кiру арқылы әрiптестiктi дамыту;
- мыналар арқылы өткiзу нарығын ұлғайту:
1) Кеден одағын дамыту;
2) ДСҰ-ға кiру;
3) Ресейге, ҚХР мен Үндiстанға аумақтық жақындықты пайдалану;
4) дайын өнiмнiң импорты кезiнде кедендiк әкелу баждары ставкаларының жоғарылығы мен шикiзатқа арналған баждың төмендiгi, бұл Кеден одағы шеңберiнде жалпы нарықты құру кезiнде iшкi өндiрiстi дамытуға мүмкiндiк бередi.

- ТМД елдерiнен, әсiресе Кеден одағы елдерiнен азық-түлiк тауарларының да, азық түлiк емес тауарларының да импорттық жеткiзiлiмдерiне қарай өсуi;
- Оңтүстiк-Шығыс Азия елдерiнде, әсiресе Қытайда шығарылатын азық-түлiк емес тауарлары бойынша жоғары бәсекелестiк;
- тұрақсыздықтың жоғарылығы, конъюнктура мен республикадан экспортталатын тауар бағаларының елеулi ауытқушылығы.

      Сауданы мемлекеттiк реттеумен байланысты проблемалар.
      Мемлекеттiк реттеумен байланысты проблемалар iшiнде көп жылдар бұрын пайда болған барынша кешендi және бүгiнде сауда секторын дамытуға айтарлықтай кедергi жасайтын проблемалар бөлiп алынады.
      Бiрiншiден, бұл сауда бойынша заңнамадағы «бытыраңқылық» мәселесi, яғни әртүрлi нормативтiк құқықтық актiлерде сауда мәселелерiнiң болуы.
      Екiншiден, нормативтiк құқықтық актiлерде қазiргi заманғы терминологияның, қазiргi заманғы сауда пiшiмдерi (супермаркет, гипермаркет, дискаунтер, «А», «В», «С» класты дүкендер) мен қоғамдық тамақтандыру мекемелерi жiктемесiнiң жоқтығы.
      Инфрақұрылым проблемасы. Сауда алаңдарының жетiспеушiлiгi.
      Бүгiнде Қазақстанда елеулi инфрақұрылымдық проблема «А» пiшiмiне жататын сауда алаңдарының тапшылығы болып табылады. Бұл проблема бiрiншi кезекте iрi қалаларға қатысты болады. Мәселен, Петропавл және Талдықорған сияқты қалаларда «А» санатты алаңдармен қамтамасыз ету тиiсiнше 272 және 223 шаршы метрдi құраса, елiмiздiң аса iрi мегаполисi Алматыда бұл көрсеткiш 84 шаршы метрге тең, бұл тiптен республика бойынша қала халқын қамтамасыз етудiң орташа деңгейiнен 91 шаршы метрге төмен.
      Бұл проблема алаңдардың қат болуы көрiнiсiнде күрделене түседi, тiптен жалдау мен сатып алу құны жылжымайтын мүлiк нарығындағы тұралау жағдайының өзiнде айтарлықтай жоғары күйiнде қалып отыр. Осылайша, алаңдардың тапшылығы мен жалдау бағасының жоғарылығы бөлшек бизнестi ұйымдастыруға кiретiн шығындардың жоғарлауына және түптеп келгенде, бұл дүкендердегi тауарлар бағаларының жоғарлауына әкеледi.
      Инженерлiк-техникалық коммуникацияларды салу мен пайдалануға беру құнының жоғарылығы. Көбiне оған кететiн шығыстар бөлшек сауда объектiсiн салуға кететiн барлық шығындардың 50%-ына дейiн жетедi. Мұның бәрi тағы да отандық бөлшек сауданың тиiмдiлiгi мен бәсекеге қабiлеттiгiне әсер етедi.
      «Ауылдық жер - қала» байланысындағы логистикалық проблема. Ауылдық жерлердегi және ұсақ қалалардағы шағын бизнес деңгейiндегi, шаруа және фермерлiк қожалықтар өндiрiстерi дайын өнiмдi жолға қойылған және шығынсыз тасымалдау арнасының жоқтығы нәтижесiнде ұсақ өңiрлiк өндiрушi қала желiсiне қол жеткiзу алаңынан тыс қалуымен байланысты қиындыққа тап болып отыр. Ауылдық және қашықтағы өндiрушiнiң елеулi проблемасы сауда желiсiне кiру кезiнде қажет болатын өз өнiмiн сапалы орамамен қамтамасыз етуге қабiлетсiздiгi болып табылады.
      Iрi қалаларда көлiк-логистикалық орталықтардың (КЛО) болмауы. КЛО өндiрушi мен сауда желiлерiнiң арасында iрi буын ретiнде көрiне отырып, бөлушi көтерме орталықтары (көтерме алаңдары) рөлiн орындай алады.
      Тұтастай алғанда, алаңдардың жетiспеушiлiгi мен тиiсiнше жалдау ставкаларының жоғарылығы, логистика мен сақтаудың шығындығының көптiгi барлық сауда жүйесiнiң жалпы тиiмсiз болмауы мен бәсекеге қабiлетсiздiгiн болжайды. Қазiргi кезде инфрақұрылым (алаң, инженерия, логистика және қоймалау) мәселелерi сауда саласының ең аз зерделенген бөлiгi болып табылады, алайда дәл осы салада тұтастай алғанда барлық сауда жүйесiнiң тиiмдiлiгiн жақсартудың елеулi резервi бар.
      Қаржы мәселелерi. Сауда бизнесiнiң барынша өзектi проблемаларына, мыналарды жатқызуға болады:
      бiрiншiден, сауда кәсiпорындары мен желiлерiнiң қарыз жүктемесi деңгейiнiң жоғарылығы. Мәселен, қарыздардың ЖIӨ-ге қатынасы ретiнде бұл сала бойынша өндiрiстiк әдiспен есептелген сауданың қарыз жүктемесi 128%-ды құрады.
      екiншiден, бұл айналым қаражатының тапшылығы. Сауда бизнесiне дағдарыстың ықпалы банктiк кредит беру көлемiнiң қысқаруымен де, тұтыну сұранысындағы өзгерiстерге де байланысты күштi сезiлдi.
      Бiлiктi мамандардың жетiспеушiлiгi. Сауда секторының кадрлық проблемалары қаржылық емес және шикiзаттық емес сектор үшiн ортақ. Қысқаша оларды мынадай түрде белгiлеуге болады:
      - кәсiптiк-техникалық, оның iшiнде сауда мамандықтары бойынша бiлiм беру жүйесi бұзылған;
      - жоғары бiлiм беру жүйесiндегi сауда мамандықтарының шағын үлесi, олардың жоғары оқу орындары үшiн де, талапкерлер үшiн де танымал еместiгi;
      - қысқа мерзiмдi бiлiм беру жүйесi (тренингтер, семинарлар, мастер-кластар) тек Алматыда ғана жұмыс iстейдi;
      - жеке тренингтiк орталықтардың құны шағын бизнес үшiн қол жетiмсiз;
      жеке рекрутингтiк агенттiк қызметтердiң құны шағын және орта бизнес үшiн қол жетiмсiз, персоналды iздеудiң басқа арналары (жұмысқа  орналастыру агенттiгi, мамандандырылған газеттер мен сайттар) үлкен тиiмдiлiкпен және кәсiбилiкпен ерекшеленбейдi;
      - толыққанды НR қызметiне iрi сауда желiлерi ғана мүмкiндiгi бар;
      - сауда секторында топ-менеджменттiң тапшылығы.
      Оң шетелдiк тәжiрибеге шолу жасау.
      Сауданы мемлекеттiк реттеудiң халықаралық тәжiрибесiнде бастапқы кезеңде шағын және орта кәсiпкерлердi iрi бөлшек сауда кәсiпорындарының ығыстыруын, бөлшек нарықты шетелдiк бөлшек бизнес көшбасшыларының басып алуын, бөлшек сауда кәсiпорындарының барынша тиiмдi iрi пiшiмдерiнiң таралуы кезiнде бөлшек саудадағы жұмыспен қамтудың төмендеуiн болдырмауға бағытталған қатаң реттеу қолданылады. Бұл шаралар iрi пiшiмдi сауда объектiлерiн ашуға рұқсат алуды қиындату, жұмыс уақытын белгiлеуге дейiн болған қатаң талаптармен iлесе жүрдi.
      Алайда, экономиканың даму шамасына қарай жаңа сауда мақсаттарын қалыптасады, мысалы, жоғарылатылған бағаларды төмендету, сапа стандарттарын арттыру, логистикалық инфрақұрылымды дамыту, бөлшек сауда тиiмдiлiгiн арттыру. Осыған байланысты дамыған елдерде де (Франция, Нидерланды, Ұлыбритания, Жапония), дамушы елдерде де (Қытай, Сингапур, Үндiстан) елдерiнде де қолданылатын мемлекеттiк реттеудiң оңтайландырылған талаптары жүргiзiледi. Бұл шаралар iрi сауда пiшiмдерiн дамытуға ықпал етiп, саланың өнiмдiлiгiнiң, тиiмдiлiгi мен бәсекеге қабiлетiнiң өсуiне әкелiп, ауқым тиiмдiлiгiн iске асыруға, барынша жоғары тиiмдiлiкке қол жеткiзуге мүмкiндiк бередi.
      Көтерме және бөлшек сауда.
      Халықаралық тәжiрибеде көтерме және бөлшек сауданы реттеудiң нақты моделi жоқ, өйткенi бұл әрбiр елдiң қажеттiлiгiне байланысты болады. Мәселен, Франция, АҚШ және Польша iрi пiшiмдi сауданы дамытумен белсендi айналысты, ал Жапония сияқты елдер керiсiнше ұсақ дүкендердiң дамуын қолдай отырып, iрi пiшiмдердi дамыту үшiн мүмкiндiктердi шектеуге ұмтылды. Алайда, тұтастай бiрқатар әмбебап құралдар да бар, олардың көмегiмен қандай да бiр мақсаттарға қол жеткiзуге болады.
      Үлкен пiшiмдi дүкендердi дамытуды шектеу. Бұл шаралар алаңы белгiлi бiр шектiк деңгейден асатын дүкендердi ашуға мiндеттi түрде келiсiм белгiлеу жолымен iске асырылады. Орташа алғанда бұл деңгей 300-ден 3000 шаршы метр аралығында түрленiп отырады.
      Көптеген Еуропа елдерiнде жаңа сауда объектiсiн салуға немесе ашуға рұқсат ету үшiн жобаның коммерциялық орындылығына сараптамадан өтiп, тиiстi рұқсат алу керек. Бұл ретте жаңа объектiнiң жұмыспен қамтуға, бағалар мен жұмыс iстеп тұрған шағын бизнеске әсерi ескерiледi. Сауда объектiлерiн ашуға арналған мұндай рұқсаттар Австрияда (сауда алаңдарының шектiк деңгейi - 800 шаршы метр), Бельгияда (400 шаршы метр), Венгрияда (3000 шаршы метр), Германияда (800 шаршы метр), Данияда (1000 шаршы метр), Испанияда (2500 шаршы метр), Италияда (1500 шаршы метр), Польшада (2000 шаршы метр), Португалияда (500 шаршы метр), Финляндияда (2000 шаршы метр) бар.
      Мысалы, Францияда сауда және индустрияны дамыту туралы заңда (1996 жыл) жаңа сауда объектiсiн салуға және ашуға арналған рұқсат етудiң рәсiмдерi нақты айқындалған. Бизнестiң алуан түрлерiн үйлесiмдi дамыту үшiн мынадай қағидаттар белгiленген: дистрибуцияның жаңа нысандарының жоспарланбаған өсiмiнiң алдын алу, жергiлiктi жоспарларға сәйкес және қоршаған ортаға залалын тигiзбейтiн теңгерiмдi қалалық даму.
      Үлкен пiшiмдi дүкендердi орналастыру бойынша шектеулер. Бұл мақсат жоспарлау жүйесiнiң көмегiмен орындалады. Мәселен, Ұлыбританияда мемлекеттiң негiзгi тетiгi жердi пайдалануды жоспарлау жүйесi болып табылады, ол қалалық орындардағы супермаркеттердiң орналасуын реттейдi. Ұлыбританияда бөлшек сауданы реттейтiн арнайы заңнама жоқ, алайда мемлекеттiң қала орталығына таяу супермаркеттер салуға рұқсаттар берудi шектеу арқылы қызметтi жанама реттеудiң құралдары бар.
      Жапонияда бөлшек сауданың үлкен сауда орталықтарының орналасу орындары туралы заң бар. Оған сәйкес дүкендi ашу кезiнде оның қоршаған жағдайға әсерi — сауда орталықтары орналасқан жерлерде жол кептелiсiнiң болуы мүмкiндiгi т.б. зерделенедi. Олар жүзеге асыратын қызметтiң жергiлiктi қоғамға үйлесiмдiлiгi қажеттiлiгi зерделенедi.
      Биржалық сауда.
      Биржалық сауданы дамыту саласында басқа елдердiң тауар биржалары қызметiнiң iлгерiндi тәжiрибе бар. Ресей Федерациясында тауар биржаларын құру және олардың қызметi «Тауар биржалары және биржалық сауда туралы» РФ Заңымен, сондай-ақ биржалардың құрылтай құжаттарымен, биржалық сауданың ережелерiмен және биржалардың заңнамаға сәйкес қабылданған басқа да iшкi құжаттарымен реттеледi. Атап айтқанда, әрбiр биржа биржалық тауарлардың тiзбесiн дербес белгiлеуге құқылы, бiрақ бұл ретте биржалық сауда практикасының биржалық саудаға қоятын талаптары ескерiледi. Ресейдiң негiзгi  биржалық тауарлары: астық («Мәскеу Банкаралық Валюталық биржасы»), бензин мен қант, (РСЖ), сондай-ақ цемент, көмiр мен тыңайтқыш (МҚБ) болып табылады.
      Беларусь Республикасында «Тауар биржалары туралы» Заңға сәйкес тауар биржасы акционерлiк қоғам нысанында құрылады. Биржаларды реттеу  және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi орган - Беларусь Республикасының Сауда министрлiгi болып табылады. Беларусь Республикасының Министрлер кеңесi заңды тұлғалар мен дара кәсiпкерлер биржалық сауда-саттықта, оның iшiнде сыртқы сауда-саттықта жасауға мiндеттi тауарлар тiзбесi мен мәмiлелердi және мұндай мәмiлелердi жасау шарттарын бекiтедi. Тiзбеге негiзгi стратегиялық тауарлардың 86 позициясы қосылған: тас көмiр, брикеттер, шөкемтастар мен тас көмiрден алынған қатты отынның ұқсас; тазартылған мыс және өңделмеген мыс қорытпасы.
      Әлемде ең дамыған, көп ғасырлық жинақталған тәжiрибесi мен әлемдiк қаржы нарығында жетекшi рөл атқаратын ағылшын тауар және қор биржаларының жүйесi болып табылады; олардың iшiнде тауарлардың нақты түрлерiне мамандандырылған Лондон металдар биржасы мен Лондон тауар биржасы iрi әлемдiк биржалар болып табылады.
      Электрондық сауданы реттеу
      2000 жылғы маусымда Еуропа одағында «Ақпараттық қоғам қызметтерiнiң, және атап iшкi нарықтағы электронды сауданың кейбiр құқықтық аспектiлерi туралы директива» (Электрондық сауда туралы директива) қабылданды. Қабылданған актi Еуропа одағы iшкi нарығының, мекеме еркiндiгi мен қызметтер ұсыну еркiндiгi сияқты жалпы қағидаттарына, сондай-ақ ұлттық заңнаманы үйлестiру туралы ережелерге негiзделедi. Бұған байланысты аумағында қызмет көрсетiлетiн мемлекеттi айқындау мәселесiнiң маңызы зор. Мұндай қызмет коммерциялық кәсiпорынды шектеусiз мерзiмге құруды көздеуi тиiс. Бұл ережеге сәйкес оның сайты деректерiнiң нақты орналасқан орны емес, ал оның нақты экономикалық белсендiлiгi, яғни қызметтi ұсыну қамтамасыз етiлетiн орын қызметтердi жеткiзушiнiң орналасқан орны болып табылады.
      ЕО iшкi нарығының қағидаттарын iске асыру ақпараттық қоғам қызметтерiн көрсету үшiн билiктен алдын ала рұқсат алу қажетсiздiгi туралы көрiнiстен де байқалады. Бұл ретте жеткiзушi фирмалық атауын, шынайы орналасқан жерi, электрондық почта мекенжайын қамтитын өзi туралы ақпаратқа тұрақты қол жетiмдiлiктi қамтамасыз етуге мiндеттi.
      Қоғамдық тамақтандыру қызметi.
      Бұл саланы реттеу мемлекеттiң секторды дамытуға мүдделiлiгiне байланысты болады. Мәселен, Мальтада қоғамдық тамақтандыру қызметтерi саласына айрықша назар аударылады, осыған байланысты «Қоғамдық тамақтандыру объектiлерiн құру тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы» тиiстi қаулы (2005 жыл) жұмыс iстейдi. Бұл елде барлық қоғамдық тамақтандыру объектiлерiн мiндеттi түрде лицензиялау жүргiзiледi, оны жергiлiктi билiк жүзеге асырады. Осыған байланысты осы нормативтiк құқықтық актiмен тамақтандыру объектiлерi 3 класқа бөлiнедi: «Бiрiншi класс», «Екiншi класс» және «Үшiншi класс», оның iшiнде:
      - мейрамханалар да үш класқа бөлiнедi;
      - снэк-барлар мен қарапайым барлар «Бiрiншi» және «Екiншi кластарға» жiктелген;
      - күнгi клубтар мен дискотекалар «Стандарт» ретiнде жiктелуi тиiс. АҚШ-та Michelin Red Guide Trip Organization халықаралық жүйесi жұмыс iстейдi. Ол ерекше мейрамханалар үшiн жұлдыз бередi (ең көбi үш жұлдыз):
      * - «өз санатындағы өте жақсы мейрамхана»;
      ** - «онда қайта баруға лайық»;
      *** - «арнайы саяхат жасауға лайық» (Michelin жүйесi).
      Отелдер мен отелдер жанындағы мейрамханаларда да осындай жүйе пайдаланады, ең көбi 7 жұлдыз. Бұл жүйеге сәйкес қоғамдық тамақтандырудың барлық қалған объектiлерi санаттар бойынша бөлуге жатпайды.
      Бұл секторды мемлекеттiк реттеу мен нормативтiк бақылаудың негiзгi құралы лицензиялау болып табылады, ол алкоголь сусындары мен темекi өнiмдерiн сатуды жүзеге асыратып сауда объектiлерiне қолданылады. Алайда әлемдiк стандарттарға сәйкес болуын рейтингтiк бағалау мен бақылауды Michelin Red Guide Trip Organization ұйымы реттейдi. Оның үстiне сәйкестiкке әдiл тексеру жүргiзу мақсатында инспекцияны бұл ұйымның сарапшысы (бiлiктiлiк жүйесi өлшемдерiн толтыру үшiн), сондай-ақ жекелеген өңiрдiң қауiпсiздiк мэриясы комиссиясы құпия өткiзедi.
      Мұндай жүйе Ұлыбритания мен Францияда да бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет