Талқылауға арналған сұрақтар



Дата03.01.2022
өлшемі27.08 Kb.
#451181
мик-эк 11 Ринат


Талқылауға арналған сұрақтар

1. Нарықтық құрылым түрі (тұрпаты) ретінде монополияның мәнін ашыңыз.

Монополияның қандай түрлері сізге белгілі? Монополиялық билік көздері қандай?

2. Қысқа мерзімді кезеңде монополист пайдасының өсу шарты қандай?

3. Ұзақ мерзімді кезеңдегі монополистің тепе-теңдігін сипаттаңыз.

4. Монополияның қоғамдық шығындары деген не?

5. Монополиялық билікті анықтау үшін қандай көрсеткіштер қолданады?

6. Монополия қызметін реттеу мақсатымен мемлекет қандай шараларды қолданады?

Монополия — бұл мемлекеттердің, фирмалардың, ұйымдардың, сауда жасаушылардың қандай да бір шаруашылық қызметін жүзеге асырудағы айырықша құқығы. «Монополияның үш негізгі көзі бар: «техникалық түсінік», тікелей және жанамалай үкіметтік қолдау және жеке келісім. Қашан қандай да бір нақты адам немесе кәсіпорын, басқа біреулер билік етуге жол жоқ жерде өз шарттарын қоя аларлықтай жағдайда қандай да бір тауарларды немесе игі қызметтерді бақылай алса, монополия сол кезде бар болып шығады». Жетілмеген бәсекемен салғастырғанда монополияның өте маңызды нәтижесі болып өнім шығаруды азайту, бағаны көтеру және табысты тұтынушылардан өндірушілерге өткеру саналады. Тарихи кезеңде әр елдің экономикасына монополияның әр түрлері құрылды: Табиғи монополия және жасанды монополия. Қазақстан Республикасындағы табиғи монополияға жатады.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттің антимонополиялық қызметінің басты міндеті:

табиғи монополия субъектінің қызметін реттеу;

монополиялық биліктің күшейіп, еркінсуіне жол бермеу, ескерту жасау;

мемлекеттік кәсіпорындар мен органдардың ақылы қызмет көрсету ретін бақылау;

сәйкес құқықтық, нормативтерді әзірлеу.

Табиғи монополия субъектісі жылына бір реттен аз емес өзінің амортизациялық қоры туралы есеп беруі керек.

Нарықтық қатынастарда, табиғи монополияны мемлекет реттеу керек. Президент жарлығымен Қазақстан Республикасында 1998 жылдың шілдесінде “Табиғи монополия туралы” заң шықты. Табиғи монополияны түсіндіретін, оның қызмет етуін реттейтін көптеген құқытықты-нормативті актілер жасалды.

Монополияның мәнi , түсiнiгi.

Монополия – грек сөзiнен «монос» – бiреу, жалғыз, «палео» – сатамын, яғни жалғыз сатамын деген ұғымда. Монополия — бұл мемлекеттердің, фирмалардың, ұйымдардың, сауда жасаушылардың қандай да бір шаруашылық қызметін жүзеге асырудағы айырықша құқығы.

Жетілмеген бәсекемен салғастырғанда монополияның өте маңызды нәтижесі болып өнім шығаруды азайту, бағаны көтеру және табысты тұтынушылардан өндірушілерге өткеру саналады.

Монополиялық бағаның құрылуына қарсы сондай-ақ, жақсы тұрмыстағы белгілі «таза шығындар» дегенге саяды. Олар тұтынушылар үшін заттың құнынан шығынға ұшырап, бәсеке баға үстінде ол өнімді сатып алар да еді, бірақ монополиялық бағада тауарларды алмастыратын төменгі сапалы заттарды сатып алуға мәжбүр. Монополистер (тағы басқа кімдер болса да) кейбір тұтынушылар үшін бұл шығындардың орнын толтырмайды, өйткені монополист өзі шығарған өнімнің санынан табыс таппайды. Қоғам кедейлене түседі, себебі тауарды алмастыратын төменгі сапалы заттарды шығаратын салаға қарағанда, өндірістік ресурстарды өнім санын қысқартатын экономика саласында одан да тиімді пайдалануға болар еді.

Біздің ғасырымыздың 30-шы жылдары Эдуард Чемберлен жасаған монополистік бәсекенің теориясы өзінің мақсаты етіп жетілген бесеке мен монополияның тайталастық күштерін жарастыруды қояды, алайда ол мақсат сөзсіз олардың орташа арифметикасы болып табылмайды. Егер рынок келесі белгілермен сипатталынатын болса, онда монополистік бәсеке бар деп саналады:

1. Рынокта сатушылар мен сатып алушылардың көп болуы, мұның үстіне олардың бәрі ұсақсатушылар (немесе сатып алушылар) болып келеді.

2. Барлық сатып алушылар мен сатушылар рыноктагы баға туралы және сатылатын тауарлардың сипаттамалары туралы ең соңғы ақпараттарды біледі.

3. Рынокқа шығу және одан кетудің толық еркіндігі бар.

4. Сатушылардың өнімдері өртекті болып келеді. Сатып алушының көзқарасы тұрғысынан әрбір сатушының өнімі белгілі дәрежеде кез келген басқа сатушының өнімінен аздап болса да өзгешеленеді.

Төртінші белгісі шешуші болып саналады — әрбір өндіруші басқалардан гөріөзгешелеу, бірақ алмастыруға болатын өнімдерді сатады. Рынокта көптеген сатушылар бар, алайда, олардың әрқайсыларының өнімдері бір-бірінен басқалау және осы қызмет саласында басқа өндірушілердің сатып жатқан өнімдерімен деөзгешелеу болып келеді. Ол фабрика таңбасына қарап немесе басқаша белгі салу тәсілдерінін арқасында ажыратылады.

Монополистік бәсеке моделіне қарағанда антитрестік заңнама үшін олигополия теориясы өте маңызды болып келеді. Оның негізгі постулаты былай, егер рынок бірнеше сатушылардантұратын болса, онда барлық сатушылар белгілі дәрежеде өздерінің өзара тәуелділіктерін мойындайды. Сол себепті әрбір сатушы шығарылатын өнімнің көлемін және бағасын белгілей отырып рыноктағы өз үлесін ұлгайту мақсатында бағаны төмендетпейді деген сөз, себебі олар өздерімен бәсекелестіктегі сатушылардың да өздеріне дәл солай жауап қатып, бағаны азайтуын күтеді, сонда ғана түскен тауар тез өтетін болады.

Осының нәтижесінде олигополистік сатушылар үйлестіру мен болжалдауға назар тіктейді. Бәсеке бүркемелеу арқылы бағаны төмендетуден (сапаны жақсарту, несие шарты, жеткізіп беру қызметтері арқылы, тіпті болмаса,

жасырын ішінара бағаны азайту арқылы) және бағалық емес, бәсекеден, мысалы, өнімдерді бөлшектеу, жарнама және өнім таратуды ынталандырудан көрініс табады. Мұндай бәсеке, алайда, бәсекелестердің қарсы шаралары алдындағы қорқынышқа немесе орташа жиынтық шығындардың өсуіне орай шектелінеді (ол олигополистік үстеме таза табысты бөліп шығарудың мүмкін еместігіне жеткізеді). Монополистің бәсекедегі олигополияның қарама-қайшылығы — бәсекелес сатушылардың көптігінен таза табыс мөлшерлі деңгейге дейін төмендейді, олардың әрқайсылары бәсекелестерінің есебінен рынокта өз үлестерін ұлғайтуға тырысады. Сол себепті фирмалар арасында үйлесу мүмкін емес.

Монополияның түрлерi.

Тарихи кезеңде әр елдiң экономикасына монополияның әр түрлерi құрылды:

а) Табиғи монополия. Сирек және орны толтырылмайтын өндiрiс элементтерiне бiр ғана субьектiнiң ие болып пайдалануы. Мысалы, жер қойнауының пайдалы қазбалары: сирек металлдар, құнарлы жерлер. Мұндай монополия тұрақты болады. Қазақстанда табиғи монополияға жатады: халыққа коммуналды қызмет (сумен, газбен,электр күшiмеен, жылумен қамтамасыз ету), темiржол, әуе жолы, энергетиканың обьектiлерi. Мұнайды, мұнай өнiмiн, газды тасу, байланыс қызметi, қорғаныс кәсiпорындарының кешенi, ядролық кәсiпорын, уландыратын,нашақорлық заттар, қымбат бағалы заттар, қымбат бағалы металлдар.

Бұл субьектiлердi мемлекет монополияға қарсы және баға туралы саясатқа сәйкес қатаң бақылайды және реттеу шараларын жүргiзедi.

б) жасанды монополия – бiреулердiң қолында белгiлi бір өнiмнiң тек нарығы, болмаса, тек өндiрiс және сату нарығы болады. Бұл кездейсоқ, тұрақты және жалпыға бiрдей болуы мүмкiн.

Кездейсоқ монополия сатушыға, болмаса, сатып алушыға болады ұсыныс пен сұраныстың уақытша тиiмдiлік қатынастары болғанда, болмаса, өнiмдi өндiрiп сату үшiн өте қолайлы жағдай, мүмкiншiлiк болса (озық технология, техника, жұмыс күшi). Бiрақ, бәсеклестiң салдарынан бұл экономикалық тиiмдiлік артықшылық тұрақты болмайды.

Тұрақты монополия болатындар–iрi кәсiпорындар, өндiрiстi , тауарларды өткiзу нарқын өздерiне қаратқан. Мысалы, ағылшынның «Ост- Инд», Германияның «Ганза» компаниялары.

ХIХ ғасырдың аяғында тұрақты монополияның кеңiнен дамыған түрлерi: картельдер, синдикаттар,трестер, концерндер, конгломераттар.

Картель – бұл өнеркәсiптiң бұл саласындағы бiрнеше кәсiпорындарының одағы. Бұған қатысушылар құрал - жабдыққа және өнiмге өздерi ие, өздерiнiң меншiгiнде болады. Өнiмдi нарықта өздерi өткiзедi, сатады, бiрақ жалпы өндiрiлетiн өнiмдегi әр қайсысының үлесi (квота), сату бағасы, сататын нарқы, тағы басқа туралы өзара келiсiм болады.

Синдикат – бұл бiр түрлi өнiм шығаратын бiрнеше кәсiпорындардың бiрлестiгi. Мұнда шаруашылыққа кезектi материалдық жағдайлар, ресурстар әр қайсысының өз меншiгiнде қалады, ал дайын өнiмдi өткiзетiн жалпы ортақ сауда кәсiпорны ұйымдастырылып, тауарды сол сатады.

Трест – бұл монополияда құрал–жабдық. дайын өнiм, осыған қатынасушылардың бiрiктiрiлген, ортақ меншiгi болып саналады

Концерн – бұл сөз жүзiнде бiрiне – бiр тәуелсiз кәсiпорындардың және банктердiң одағы (өнеркәсiп, сауда, көлiк). Мұнда бас фирма басқаларына қаржылық бақылау жүргiзедi.

Конгломерат – бiрнеше шағын және орташа, бiр бiрiмен өндiрiстiк байланысы жоқ кәсiпорындардың бiрлестiгi.

Жалпыға бiрдей монополия формасы пайда болды осы ХХ ғасырдың екiншi жартысында. Мұнда халық шаруашылығы барлық жағынан да кәсiпкерлердiң бiрлестiгiне бағындыру (мемлекеттiң көмегiмен) негiзiнде құралған. Бiрлестiктер көп нарықта негiзгi сатушылар және сатып алушылар болып саналады. Мұнда (мемлекеттiң көмегiмен) негiзiнде құралған. Бiрлестiктер көп нарықта негiзгi сатушылар және сатып алушылар болып саналады. Мұнда мемлекеттiң өзi iрi монополия болады. (әскери -өнеркөсiп кешенi).

Қалыптасқан, әдеттен шаруашылықта, қоғамда кездеседi – монополия – жеке өзi сатып алушының нарқы. Кейбiр экономиканың маңызды секторын қолдау саясатында, мысалы, ауыл – шаруашылық өнiмiн мемлекет өзi сатып алады.

Екi жақты монополия – белгiлi бiр нарықта тауарды әкелiп сатушы мен бiрiккен сатып алушылардың қарсыласуы.

Капиталистiк экономиканы монополияндыру өндiрiстiк ғылыми – техникалық прогресстiң ықпалымен шоғырландырудың нәтижесiнде. Бiрақ, кейiнгi уақытта ғылыми- тхникалық революция басқа да үрдiс (тенденция) туындырды – ол шағын және орташа техникалық жоғарғы класстық кәсiпорындардың ролiн жоғарлату. Дамыған елдерде шаруашылықтың 70-80% шағын және орташа кәсiпорындар құрайды. Америка Құрама Штатында «Шағын бизнесті» ұлттық өнiмнiң жартысына жақынын өндiредi. Жаңа технология мұнда өндiрiсте тез және көп енгiзiледi, қолданылады. Қазақстан Республикасында да қазiргi уақытта шағын және орташа кәсiпорын құруға молынан мүмкiншiлiк берiлiп отыр.

Монополия бәсекелiктi жоймайды, тек тәсiлдерiн өзгертедi. Жетiлмеген бәсекелiк болады, егер тек бiрнеше iрi кәсiпорындар белгiлi бiр арнайлы тауарларды сол қалыптасқан бағамен ұсынады, сатады. Жетiлмеген бәсекелiктiң үш түрi болады; а) монополия; б) олигополия; в) өнiмдi дифференциялау.

Өнiмдi дифференциялау дегенiмiз - әрбiр тауардың орнын басарлық, оның бәсекелігiнде болатын басқа тауар –субститут барлығы.

Жалпы бұрынғы бытыраңқы, еркiн бәсекенiң орнына жекелеген салалардың, ұлттық шаруашылықтың шеңберiнде және бүкiл дүниежүзiлiк шаруашылық

көлемiнде монополиялардың арасындағы бәсекелiк орналасады. Оның негiзгi мақсаты – басқаларға қарағанда пайданы көбiрек табу.

Қазiргi уақытта бәсеке күресi дүниежүзiлiк нарықта айрықша шиеленесуде. Мысалы, АҚШ-пен Жапония арасы. Монополизмді бәсекелiк күрестiң жаңа әдiстерi пайда болуда. Монополизмге дейiн бағалық бәсеке болды, яғни бәсекелiктiң бағасынан гөрi төмен баға қою арқылы бағаны түсiрiп, оны нарықтан ағыстыру. Бұл монополизм уақытында сирек болатын құбылыс. Ендi монополиялар тәуекелдiгiнен бағаны өзгерткеннен гөрi өндiрiстiк қуаттардың өнiм шығаруын азайтып,не көбейтiп амал қолданылады. Тiптi дағдарыстар кезiнде де бағалар бiршама тұрақты күйiнде қалады да, экономикалық өрлеулер кезеңiнде артады.

Бірақ, баға бәсекесі мүлдем болмайды деген сөз емес. Ол көбінесе, жасырын түрде болады, яғни өнім нарық құжаттарында жарияланған бағалардан біршама төмен бағамен өткізіледі.

Монополистік бәсекеде өнімнің сапасын арттырудың, сатып алушыларға кепілдіктер беріп, қызмет көрсетудің маңызы арта түсуде. Бұл ғылымиө техникалық прогреспен обьетивті түрде байланысты. Оның іс - қарқыны олардың бәсекелік қабілетінің шешуші шарты

Әр алуан жаңалықтар енгізулі бәсекелік күресте аса күшті қару болып отыр.

Бәсекелеліктің түрлері.

Сала ішіндегі бәсекеге шетел монополиялары да қатысып, ерекше шиеленіседі.

Салааралық бәсеке күрес жойылмайды, өршеленеді. Мысалы, «тұтынушылардың доллары үшін» және капиталды пайда аз беретін саладан, оны көп жоғары беретін салада пайдалану үшін.

Монополиялар «бөгде – аутсайдер» деп аталатын, яғни моноподық бірлестікке кірмеген кәсіпорындармен үнемі күресте болады. Күрестің айлалы, жауыздық әдістерге толы көптеген түрлерін қолдана отырып, «бөгделерді құртып жібереді»

Орта пайда алу мақсатындағы бәсеке күресімен қатар үстем пайда үшін күрес тоқталмайды.

Бәсеке ұлттық нарықта ғана емес әлемдік нарықта болады.

Монополиялардың бірімен бірінің күресі әрдайым қауіпті сипатта болады. Бір саладағы монополиялар, саланы бүтіндей қожалығына айналдыру, тек өз үстемдігін жүргізу үшін күреседі.

Монополистік шаруашылықтағы бәсекенің мәні - монополдық үстеме жоғары пайда түсіру. Монополиялардың өзара бәсекелестіктің түрлері бірнеше: қарсылсушыны шикізатсыз, өткізетін нарықсыз, несиесіз қалдыру. Қарсыласушы жұтағанша бағаны төмендету, сосын қайтадан көтеру. Бәсекелесушінің кәсіпорын өртеп жіберу, мамандарды өзіне тарту, қаржыдан жайсыздандыру, үкімет тапсырмасы үшін күрес, тағы басқа.

Монополия экономикалық тұрғыдан өзінің үстемдігін монополиялық бағада монополиялық пайдада жүзеге асырады.

Тестілер , жаттығулар

1. Ұзақ мерзімде монополист нағыз бәсекелеске қарағанда:

а) өз кәсіпорын көлемін өзгерте алмайды

б) саланы тастап кете алмайды

в) өндіріс көлемін өзгертеді

г) кәсіпорын көлемін өзгертуге мүдделі емес

д) басқа фирмалардың бәсекелестігінен қорғалған

2. Сақтандыру компаниясы автокөлік фирмасын сатып алды. Бұл қосылудың (бірігудің) қай түрі?

а) конгломераттық

б) көлденең

в) тік


г) бұл қосылу емес

3. Монополиялық өндіріс жағдайларындағы нарық билігін іске асыру деген, ол ...

а) монополист ең жоғары бағаны белгілеуі мүмкін

б) монополистің бағасы шекті табыстан асып түседі

в) монополист кепілді түрде жоғары пайда алады

г) монополист тұтынушылардың сұранысын ескермеуі де мүмкін

д) барлық жауаптар дұрыс

4. Ең жоғары пайда алғысы келген монополист өз өніміне бағаны төмендетеді, егер ...

а) орташа шығындар түссе (төмендесе)

б) жарнамаға шығындар өссе

в) шекті табыс шекті шығындардан асса

г) шекті табыс ауыспалы шығыстармен теңелсе

д) орташа шығындар бағамен теңелсе

1. «А» және «В» фирмалар әр салада қызмет істейді, әр қайсысы өз саласында монополист. Екі фирманың шекті шығындары 10 долларға тең. «А» фирма өнім бірлігінің бағасы – 20 доллар. «В» фирма өнімнің бағасы белгісіз, «В» фирма өніміне сұраныс икемділігі 1,25 тең. Осы фирмалардың қайсысы көптеу монополиялық билікке ие?

2. «А» фирма

2. Көлденең және тік қосылудың (бірігудің) мысалдарын келтіріңіз



Көлденең бірігіу егер екі жиһаз сататын кәсіпорын біріксе

Тік қосылу ет саласындағы және балық саласы қосылу

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет