Қазақстан Республикасында спортпен шұғылдану кезiнде және үйрену мақсатында қаруды қолданудың ережесi туралы



Дата24.02.2016
өлшемі97.52 Kb.
#15511
Қазақстан Республикасында спортпен шұғылдану кезiнде және үйрену мақсатында қаруды қолданудың ережесi туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 2000 жылғы 31 қазан N 1636


Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 44-45, 535-құжат

      "Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:


      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында спортпен шұғылдану кезiнде және үйрену мақсатында қаруды қолданудың ережесi бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдары заңнамада белгiленген тәртiппен өздерiнiң қолданыстағы нормативтiк құқықтық кесiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiрудi қамтамасыз етсiн.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялауға жатады.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi

                                       Қазақстан Республикасы


                                              Үкiметiнiң
                                       2000 жылғы 31 қазандағы
                                           N 1636 қаулысымен
                                               бекiтiлген

    Қазақстан Республикасында спортпен шұғылдану кезiнде


      және үйрену мақсатында қаруды қолданудың ережесi

      Осы Ереже "Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Заңының 18-бабының 6-тармағын iске асыру мақсатында әзiрлендi.


      Осы Ереже спортпен шұғылдану кезiнде және үйрену мақсатында қаруды қолданудың тәртiбiн реттейдi.
      
                        1. Жалпы ережелер 
 
 
      1. Тирлерде, атыс жүргiзетiн арнайы орындарда және атыс стендтерiнде iрi калибрлi, кiшi калибрлi, пневматикалық және стендтi қарудан атыс, егер оларды ашуға және жұмыс iстеуiне iшкi iстер органдарының рұқсаты болған жағдайда жүргiзiлуi мүмкiн. V032257
      2. Тирлерде, атыс орындарында және атыс стендтерiнде атыс жүргiзу спорт жұмысының жоспары (күнтiзбелiк жоспары) немесе сабақ кестесi бойынша қатаң, тек үйрету және/немесе спорт ұйымдары (бұдан әрi - ұйымдар) басшыларының өкiмiмен жүргiзiледi.
      3. Оқ ату және стендтiк атыс бойынша республикалық, облыстық, аудандық, қалалық барлық жарыстар, сондай-ақ разрядтық нормаларды тапсыру жөнiндегi бiлiктiлiк жарыстары тек төрешiлер алқасының басшылығымен өткiзiледi.
      Төрешiлер алқасының құрамын жарысты өткiзушi ұйымның басшысы бекiтедi. Төрешiлер алқасы өз жұмысын осы ереженiң талаптарына және жарыс ережелерiне сәйкес ұйымдастырады. Бас төрешi жарыстардың басшысы болып табылады, олардың өткiзiлуiн қамтамасыз етедi және жарысқа қатысушылардың ережелердi және атыс кезiндегi қауiпсiздiк шараларын сақтауына жауап бередi.
      4. Барлық оқу-жаттығу атыстарын (спортшылардың жарыстарға дайындығы, секциялар мен оқу топтарындағы практикалық сабақтар, разрядтық нормаларды тапсыру дайындығы бойынша жаттығу атыстары) атыс жетекшiлерi жүргiзедi.
      5. Атысты басқаруға штаттағы жаттықтырушылар, жаттықтырушы-ұстаздар, нұсқаушы-әдiскерлер, нұсқаушылар жiберiледi. Ұйымдар басшылары атыс жетекшiлерiмен қауiпсiздiк шаралары мен ережелерi бойынша жүйелi нұсқау өткiзедi, содан соң нұсқау алғандар нұсқау берудi тiркеу журналына қол қояды. Қоғамдық жаттықтырушылар (нұсқаушылар) атыс жетекшiлiгiне рұқсат алу үшiн қоғамдық кадрларды даярлау бағдарламасы бойынша белгiленген тәртiппен оқу курсынан өтiп, сынақ тапсырулары тиiс, соның нәтижесiнде қоғамдық жаттықтырушы (нұсқаушы) атағы және куәлiгi берiледi.
      Атысушылардың атыс кезiнде ереже мен қауiпсiздiк шараларын сақтауына ұйымдар мен атыс басшылары жауап бередi.
      6. Атыс жетекшiлерiнiң тiзiмi сабақ кестесiне сәйкес жасалады және оны ұйымдардың бiрiншi басшылары бекiтедi.
      7. Тирлерге, атыс алаңдарына және атыс стендтерiне штаттағы қызметкерлердi, спорт клубының мүшелерiн және атыс жетекшiлерiн өткiзу рұқсат қағазы бойынша, ал атушы спортшыларды - атыс орнын жалға алған ұйымдардың әкiмшiлiгi растаған тiзiм бойынша, жеке басын куәландыратын құжаттарды көрсеткен кезде жүргiзiледi.
      8. Қаруды қоймадан беру қаруды уақытша пайдалануға беру кiтабы бойынша жүргiзiледi.
      Қаруды алып кiру (алып шығу), оның iшiнде жалға алған ұйымдарда, iшкi iстер органдарының нұсқаулықтарының талаптарына сәйкес жүргiзiледi.
      9. Атыс жетекшiсiне жаттығу атыстары мен жарыстарды өткiзуге арналған патрондарды беру қоймадан оқ-дәрiлердi үлестiру-тапсыру ведомосы бойынша жүргiзiледi.
      10. Сабақтарды өткiзу үшiн алынған қару мен пайдаланылмаған патрондар, қоймаға оларды берген күнi қайтарылуы тиiс. Қару мен патрондарды алған сабақтардың (атыстардың) жетекшiсi олардың сақталуына дербес жауап бередi.
      11. Тирлерде, атыс жүргiзетiн орындарда, атыс стендтерiнде, атыс жүргiзу кезiнде жетекшiден басқа, қарулар мен оқ-дәрiлердiң сақталуын және қауiпсiздiк шараларының сақталуын қадағалайтын, атыс шебi бойынша кезекшi тағайындалады.
      Атыс шебi бойынша кезекшi штаттағы қызметкерлердiң немесе дайындығы мейлiнше шыңдалған атқыштар командасы қатарынан тағайындалады, атысты жүргiзушi атыс басшысына бағынады, атыс шебiнде қарулар мен оқ пен оқ-дәрiлердiң сақталуына жауап бередi және өз әрекеттерiмен атыс жетекшiсiне көмектеседi.
      12. Қаруды тазалау және оны атысқа дайындау кезекшiнiң қадағалауымен арнайы бөлiнген жерде өткiзiлуi тиiс.
      13. Басқа елдi мекендер пункттерiнiң қатысуымен жарыстарды, жаттығу жиындарын өткiзу кезiнде, олар өтетiн жерлерде iс-шаралар жетекшiлерi қарулар мен оқ-дәрiлердiң уақытша сақталуын ұйымдастырады. Бұл мақсат үшiн қарулар мен оқ-дәрiлердi сақтау үшiн белгiленген, талаптарға жауап беретiн, тұрақты жабдықталған үй-жайлары пайдаланылады.
      14. Жиындарды немесе жарыстарды өткiзушi ұйым өзiнiң бұйрығымен қарулар мен оқ-дәрiлердiң сақталуына дербес жауап беретiн адамды тағайындайды.
 
              2. Қауiпсiздiк ережелерi мен шаралары
 
      15. Атыс кезiндегi қауiпсiздiк оның барлық қатысушыларының жоғары тәртiбiмен, атыстың жiтi ұйымдастырылуымен және белгiленген қауiпсiздiк ережелерi мен шаралардың дәл сақталуымен қамтамасыз етiледi.
      Осы Ереже негiзiнде, әрбiр тирде (атыс алаңында, атыс стендiсiнде) жергiлiктi жағдайлар мен олардың ерекшелiктерi ескерiле отырып, атысқа қатысушылардың барлығы жақсы бiлуi және орындауы тиiс қауiпсiздiк ережелерi мен шаралары жөнiндегi нұсқаулық әзiрленедi және көрнекi жерге iлiнедi.
      16. Тирде (атыс алаңында, атыс стендiсiнде) атқыштар мен маңындағы адамдардың қауiпсiздiгi қамтамасыз етiлуi, сондай-ақ оқ атылатын аймаққа адамдар мен жануарлардың өтiп кету мүмкiндiгiн болдырмауы тиiс.
      17. Қарулардың материалдық бөлiгiн меңгермеген атушылар, оны қолдана алмайтындар және қауiпсiздiк шаралары мен ережелерiн бiлмейтiндер атуға жiберiлмейдi.
      18. Тирде, атыс алаңында, атыс стендiсiнде барлық пәрмендердi атыс басшысы немесе төрешiлер алқасы бередi.
      Атуды жүргiзуге "дайындал" деген пәрмен берiлгеннен кейiн ғана рұқсат етiледi.
      Қаруды оқтау (және 25 м қашықтықтағы атыста тапанша оқ-жатардан оқ алуға) сiлтемемен бөлiнген позицияда және "оқта" деген пәрменнен кейiн рұқсат етiледi.
      Атыс аяқталғаннан кейiн "тоқта", "оқты ал" деген пәрмендер бойынша қарудан оқ алынады, содан кейiн атқыш "қарудан оқ алынды" деп баяндайды. Одан соң қару тексерiледi, пайдаланылмаған патрондар атыс басшысына қайтарылады.
      19. Атыс аймағында адамдардың немесе жануарлардың пайда болуы кезiнде әрбiр атқыш пәрмен бойынша немесе өз бетiмен оқ атуды дереу тоқтатады.
      20. Атыс шебiнен тыс жерлерде кез келген қару қаптамада, орамда немесе қорапта (жәшiкте) болуы тиiс, стендiлiк қару жинаулы күйде, ал жартылай автоматтылар оқтығы ашық күйде болуы тиiс. Қаруды орамнан, қаптамадан шығаруға тек атыс шебiнде ғана рұқсат етiледi, сонымен бiрге винтовкаларды қатысушылар атыс шебiне шақырылғаннан кейiн, ал тапаншаларды (револьверлер) - тек "дайындал" деген пәрменнен кейiн ғана шығаруға болады.
      Атыс алаңдарының пирамидаларында тұрған стендiлiк қарудың оғы алынуы тиiс. Стендiлiк мылтықтар тек атыс орындарында ғана оқталады және оғы алынады, бұл ретте ұңғылары атыс аймағына бағытталуы тиiс.
      21. Траншеялық стендтегi атқыш сол жағындағы атқыш атуға дайындалғаннан кейiн ғана мылтықты жаба алады. Атқыш бiр жердегi ату орнынан екiншi жерге мылтықты ашық түрде, ал автоматты мылтықты - оғы алынған, ұңғысы жоғары көтерiлген күйде көшуi тиiс. Атқыш бесiншi атыс орнынан бiрiншi орынға ауысуы кезiнде мылтық ағытылуы керек, патрондар мен гильзалар одан алынуы тиiс.
      22. Жартылай автоматтандырылған қаруларды екiден көп емес оқпен оқтауға болады.
      Винтовканы (тiптi егер оның оқжатары болғанда да) бiр ғана патронмен оқтауға болады.
      Тапаншаны (револьвердi) бестен аспайтын патронмен оқтауға болады.
      23. Жаттығуларды орындау кезiнде және дайындық кезiнде атқыштың патрон мен оқжатар алынғаннан кейiн ғана қаруды ұңғысын оқ бағытына қаратып қоюына (қолынан шығаруына) болады (винтовка немесе стендiлiк қару пирамидаға қойылады). Бұл ретте винтовкалар мен тапаншалардың оқтамалары ашық болуы тиiс, ал пневматикалық қарудың қозғағыш тетiгi немесе оқ қабылдағышы ашық болуы тиiс.
      Атыстың барлық түрлерi бойынша жаттығулар орындау кезiнде қару атыс шебiнен тек атыс жетекшiсiнiң немесе төрешiнiң рұқсатымен ғана шығарылады.
      24. Егер атыс аймағында кенеттен адамдар, жануарлар пайда болса немесе қауiптi жағдай туса, атыс шебiнiң жетекшiсi немесе төрешiсi "тоқта" және "оқты ал" деген пәрмендер беру арқылы атысты тез арада тоқтатуға мiндеттi.
      25. Жаттығуда соңғы рет атқаннан кейiн (немесе "тоқта" және "оқты ал" деген пәрмендер берiлгеннен кейiн) атқыш тез арада қарудан оқты алуы тиiс және өзiнiң атыс орнынан кетпей, атыс жетекшiсiне және төрешiге оқтығы ашылған қаруды, оның оғы алынғанына көз жеткiзу үшiн ұсынуы керек.
      26. Мыналарға:
      атыс үшiн ақауы бар қару беруге;
      атыс шебiнен тыс тұрып атысқа дайындалуға және нысанаға немесе басқа да заттарға көздеуге;
      атыс жетекшiсiнiң немесе төрешiнiң рұқсатынсыз атыс шебiнде қаруды оқтауға немесе атуға;
      қарумен кез-келген қимыл жасағанда (атыс кезiнде, қайта оқтау кешiгу, атылмай қалуы және т.б.) қаруды атыс шебiнен басқа жаққа бұруға;
      атыс аймағында адамдар немесе жануарлар болған кезде қаруды ұстауға;
      ақауы бар қарудан оқ атуға;
      атыс шебiнен оқталған қаруды немесе құлыпты жабық қалдыруға;
      қаруды қараусыз қалдыруға атқыш қарамағындағы қаруды оның рұқсатынсыз қолға алуға немесе ұстауға;
      оқталған қаруды атыс шебiнен алып шығуға;
      жаттығуды орындауға жатпайтын заттарды (раманы, тросты, жабдықтарды, жалаушаны, қалқанның нөмiрлерiн және т.б.) атуға;
      стендiлiк мылтықтарда иыққа асатын белбеудiң болуына;
      жабық стендiлiк мылтықты көрермендерге қарай бұруға, сондай-ақ мылтықтан патрондар мен атылған гильзаларды шығармай ату орнынан кетуге;
      басқа бiр атқыштың нысанасын көздеуге және оны атуға, атыс шебiнде пайда болған құстар мен жануарларды атуға;
      жабық стендiлiк мылтықпен атыс алаңынан тыс жерде жаттығуға тыйым салынады.
      27. Атыс үзiлген жағдайда (техникалық және басқа да себептермен) барлық атқыштардың мылтықтары ашық болуы тиiс.
      Мылтықты тек атыс жетекшiсiнiң немесе төрешiнiң рұқсатынан кейiн жабуға болады.

              3. Атысты басқаратын және атысқа қызмет


                  көрсететiн адамдардың мiндеттерi

      28. Атыс жетекшiсi немесе төрешi тирде, атыс алаңында және атыс стендiсiнде атысқа қатысушылардың белгiленген тәртiппен жүргiзiлетiн жаттығулар шарттарын, сондай-ақ қауiпсiздiк ережесi мен шараларын дәл орындауына жауап бередi. Оған атысқа қызмет көрсететiн барлық адамдар бағынады.


      29. Атыстың жетекшiсi (жарыстың бас төрешiсi):
      1) атыс басталар алдында:
      нысана жабдықтарының атыс шартына сәйкестiгiн тексеруге, сондай-ақ блиндаж жұмысының берiктiгi мен аралық жабудың жөнделуiн, блиндажбен байланыстың болуын тексеруге;
      оқ шебi бойынша кезекшiнi тағайындауға, қажет болғанда қоршауды тағайындауға, оларға нұсқау берудi және олардың өз мiндеттерiн бұлжытпай орындауын қадағалауға;
      қару мен оқ-дәрiлердi қоймадан қол қойып алуға;
      атыс жүргiзу кезiнде атқыштардың қауiпсiздiк ережелерi мен шараларын бiлуiн тексеруге;
      атқыштардың ауысымдарының есебiн жүргiзуге, атыс шебiне кезектi ауысымды шақыруға;
      атпайтын ауысымдарға күтуге арналған орынды көрсетуге (атыс орнында-атыс шебiнен кемiнде 20 метр жерде);
      тирдiң, атыс орнының, атыс стендiсiнiң дайындығына, оқ ату аумағында адамдардың, жануарлардың жоқ екенiне, сондай-ақ атқыштардың атысқа дайындығына көз жеткiзгеннен кейiн атысқа кiрiсуге пәрмен беруге мiндеттi.
      2) атыс уақытында:
      атысқа жетекшiлiк етуге және атыс нәтижелерiнiң есебiн жүргiзуге;
      атқыштарға атыс шебiнде патрондар беруге және патрон шығысының есебiн жүргiзуге;
      атқыштардың атыс ережелерi мен қауiпсiздiк шараларын сақтауын қамтамасыз етуге;
      атыс шебiнде атушы ауысым атқыштарынан басқа бөтен адамдардың болмауын қадағалауға;
      жаттығу орындауды аяқтаған әрбiр атушы ауысым атқыштарының қаруын тексеруге және қарудан оқтың алынғанына көз жеткiзуге;
      атқыштар қауiпсiздiк ережелерi мен шараларын бұзғанда, атыс шебi аймағында адамдар немесе жануарлар пайда болған кезде тез арада атысты тоқтатуға бұйрық беруге мiндеттi.
      3) атыс аяқталғаннан кейiн:
      қару оғының алынғанын тексерiсте және онда патронның қалмағанына көз жеткiзуге;
      қаруларды тазалауды ұйымдастыруға;
      қаруды және пайдаланылмаған оқ-дәрiлердi қоймаға тапсыруға мiндеттi.
      4) күтпеген жағдайларда:
      егер атқыштар, команда өкiлдерi немесе бапкерлер спорттық емес мiнез-құлықтар танытса, олар жарыстардың тәртiбiн және осы Ереженiң талаптарын бұзса, атқыштарды атысқа қатысудан аластауға, сондай-ақ тирден, атыс алаңынан, атыс стендiсiнен тысқары жерге шығарып жiберуге;
      атыс уақытында болған жазатайым оқиғалары кезiнде атысты дереу тоқтатуға бұйрық беруге, зардап шегушiге медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыруға, жақын арадағы дәрiгерлiк тiрекке, жоғары тұрған ұйымдарға және iшкi iстер органдарына хабарлауға мiндеттi.
      30. Оқ ату шебi бойынша кезекшi:
      1) атыс басталар алдында:
      атыс жетекшiсiнен оқ ату шебiндегi қару мен оқ-дәрiлердi қол қойып қабылдап алуға;
      сол қолына қызыл қолбелгiсiн тағуға мiндеттi;
      2) атыс уақытында:
      оқ ату шебiнен кетпеуге және алған қаруларды, оқ-дәрiлердi және атқыштардың қауiпсiздiк шараларын сақтауын қадағалауға;
      атыс жетекшiсiнiң рұқсатынсыз оқ ату шебiне бөтен адамдарды жiбермеуге мiндеттi;
      3) атыс аяқталғаннан кейiн:
      жетекшiге алған қару мен қалған оқ-дәрiлердi тапсыруға;
      атылған гильзаларды жинауға және оқ ату шебiн тәртiпке келтiруге мiндеттi.

      4. Ұйымдар басшыларының жарыстар мен оқу-жаттығу


      атыстарын өткiзу кезiндегi қауiпсiздiк ережелерi
      мен шараларын қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттерi

      31. Ұйымдар басшылары жарысқа қатысушылардың жарыстар мен оқу-жаттығу атыстарының белгiленген қауiпсiздiк ережелерi мен шараларын дәл орындауына жауапты болады.


      32. Ұйымдар басшылары-атыс өткiзудiң ұйымдастырушылары:
      тирлердi, атыс алаңдарын және атыс стендiлерiн атқыштар мен маңайдағы адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету шарттарына сәйкес жабдықтауға және оқ ату аумағына адамдар мен жануарларды өткiзбеуге;
      тирдiң (атыс алаңы, атыс стендiлерi) ерекшелiктерiн ескере отырып және осы Ереженiң талаптарына сәйкес атыс кезiндегi қауiпсiздiк ережелерi мен шаралары туралы нұсқаулықтың әзiрленуiн және оның көрнекi жерге iлiнiп қойылуын, штаттағы қызметкерлердiң және атысқа жiберiлген басқа ұйымдар адамдарының оларды қатаң түрде орындауын қамтамасыз етуге;
      күзетiлетiн объектiнiң (тир, атыс алаңы, атыс стендi) ерекшелiктерiн ескере отырып, өткiзу және объект iшiндегi режимнiң әзiрленуiн және оның қатаң орындалуын;
      қаруды, оқ-дәрiлердi, нысана жабдығы мен приборларды оңды күйiнде ұстауға;
      әрбiр атыс алдында атыс жетекшiлерiне, жарыстың төрешiлерiне нұсқау беруге, нұсқау берiлгенiн тiркеу журналын жүргiзуге;
      тирлердi, атыс алаңдарын және ату стендiлерiн атысқа дайындауға;
      зардап шеккендерге көмек көрсетiлуiн және атыс жетекшiлерi мен төрешiлерiнен қауiпсiздiк ережелерi мен шараларының қатаң сақталуын талап етуге;
      оқ ату және стендiлiк атыс бойынша жарыстар ережесi мен осы Ереженiң талаптарын қатаң орындауға;
      жаттығулар, жарыстар өтетiн жерлерде атысқа қатысушыларға алғашқы медициналық жәрдем көрсетуге арналған жинақталған қобдишаның және телефонның болуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
      Оқығандар: Багарова Ж.А. Икебаева .Ж.
 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет