Қазақстан Республикасында спорттық iс-шараларды өткiзу мен халықаралық спорт жарыстарына қатысудың ережесi туралы
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң 2004 жылғы 21 шiлдедегi N 06-2-2/229 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2004 жылғы 19 тамызда тiркелдi. Тiркеу N 3030
"Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1755 қаулысына сәйкес және Қазақстан Республикасында спорттық iс-шараларды өткiзу мен спорт түрлерi бойынша құрама командалардың халықаралық спорт жарыстарына қатысу тәртiбiн реттеу мақсатында бұйырамын:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында спорттық iс-шараларды өткiзу мен халықаралық спорт жарыстарына қатысудың ережесi (бұдан әрi - Ереже) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының бюджеттен қаржыландырылатын спорт ұйымдары өз жұмыстарында осы Ереженi басшылыққа алсын.
3. Ұйымдастыру және қаржы жұмыстарын жоспарлау басқармасы (Г.С.Әлiмбекова) белгiленген тәртiппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуге ұсынсын.
4. Бұйрық мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзiме қалдырамын.
Төрағаның м.а.
Қазақстан Республикасы Туризм
және спорт жөнiндегi агенттiгi
Төрағасының м.а. "Қазақстан
Республикасында спорттық
iс-шаралар өткiзу мен
халықаралық спорт жарыстарына
қатысудың ережесi туралы"
2004 жылғы 21 шiлдедегi
N 06-2-2/229 бұйрығымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасында спорттық iс-шараларды өткiзу мен халықаралық спорт жарыстарына қатысудың ережесi
1. Жалпы ереже
1. Осы Қазақстан Республикасында спорттық iс-шараларды өткiзу мен халықаралық спорт жарыстарына қатысудың ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1755 қаулысына сәйкес әзiрлендi және дене шынықтыру және спорт саласында спорттық iс-шаралар (бұдан әрi - жарыстар) өткiзу тәртiбiн белгiлейдi.
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:
Қазақстан Республикасының чемпионаты - үздiк спортшылар (командалар) арасында, қатысушылардың жасына шек қойылмайтын және орындарды бөлiсетiн спорт түрi бойынша өткiзiлетiн жарыстар;
Қазақстан Республикасының бiрiншiлiгi - қатысушыларының жасы жарыс ережелерiмен анықталатын және спортшылар (командалар) арасында орындар бөлiсетiн спорт түрiнен өткiзiлетiн жарыстар;
халықаралық жарыстар - кемiнде 5 (бес) мемлекеттiң өкiлдерiнiң қатысуымен спортшылар (командалар) арасында спорт түрiнен өтетiн жарыстар;
ресми халықаралық жарыстар - спорт түрлерi бойынша халықаралық федерациялардың бұқаралық-спорттық iс-шаралар күнтiзбесiне енген жарыстар;
кешендi жарыстар (iс-шаралар) - спортшылар (командалар) арасында бiрнеше спорт түрi бойынша орындарды бөлiсетiн және командалар арасында кешендi сынақ өткiзетiн жарыстар;
Кешендi ғылыми топ - спортшыларды даярлауда әдiстемелiк көмек көрсету және спортшыларға бақылау жүргiзу үшiн ғалым мамандардан құрылған спортшылардың функционалдық және техникалық деңгейiн бақылауды жүзеге асыратын ұжым.
3. Дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар жарыс ұйымдастырушылары болып табылады. Жарыстың өтетiн уақытын жарысты ұйымдастырушылар (бұдан әрi - ұйымдастырушылар) анықтайды.
4. Жарыстар спорт түрлерiнен қоғамдық бiрлестiктер (бұдан әрi - федерациялар) бекiткен және дене шынықтыру мен спорт жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiлген спорт түрлерi бойынша жарыстар өткiзудiң ережесiне сәйкес жүргiзiледi. Ұйымдастырушылар белгiлi бiр жарысты өткiзу үшiн жарыстың (бұдан әрi - регламент) регламентiн (ережесiн) бекiтедi, онда өткiзу шарты, қатысушылар құрамы, қаржыландыру көздерi көзделедi.
5. Мыналар спорттық iс-шараларға қатысушылар болып табылады: спортшылар, жаттықтырушылар, жаттықтырушы-дәрiгерлер, психологтар, әкiмшiлер, команданың немесе спортшылар тобының жетекшiлерi мен өкiлдерi, спорт мектептерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары жарыстар мен спорт түрлерiнен өткiзiлетiн оқу-жаттығу жиындары туралы Регламентте (Ережеде) көрсетiлген жағдайларда қажеттi механиктер, жөндеушiлер, атбегiлер, сүйемелдеушiлер және басқа да қатысушылар.
6. Жарысты өткiзу орындарында қызмет ететiн осы спорт түрiнен белгiленген Регламенттiң (Ереженiң) ережелерiне сәйкес төрешiлер алқасының (бригадасының) құрамындағы адамдар осы спорт жарысының төрешiлерi болып табылады.
7. Спорт жарыстары (1-қосымша) дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi органның және аумақтық атқару органдарының бекiткен күнтiзбелiк жоспарына сәйкес өткiзiледi және бөлiнген қаражаттың шегiнде мыналар көзделедi:
спорт түрi, спорттық iс-шараның атауы
өтетiн орны мен уақыты
қатысушы ұйымдар
сандық құрам (бiр команданың, спортшылардың, жаттықтырушылар мен төрешiлердiң)
өткiзушi ұйымдар.
8. Спорттық iс-шаралардың бекiтiлген күнтiзбелiк жоспарының негiзiнде жарысты өткiзушi спорт ұйымының басшысы (немесе оның орынбасары) жарыс туралы Регламенттi (Ереженi) бекiтедi, онда мыналар көзделуi қажет:
жарыстың мақсаты мен мiндетi;
оны өткiзу жүйесi;
қатысатын ұйымдар;
спортшылар құрамы мен басқа да қатысушылардың, төрешiлердiң саны;
спортшылардың жынысы мен туған жылы;
нәтижелердi бағалау жүйесi;
медико-санитарлық қамтамасыз ету мен техника қауiпсiздiгi;
төрешiлер алқасының сандық құрамы;
өтiнiмдердi берудiң мерзiмi мен тәртiбi;
қатысушылар мен төрешiлердi қабылдау шарттары;
наразылық беру және оны қарау тәртiбi;
жарыстың өтетiн орны мен уақыты;
жарысқа қатысушылар мен төрешiлердiң келу және қайту күндерi.
9. Жарыстар өткiзу сипатына қарай:
- жекелеген спортшылардың (жынысына, жасына, спорттық бiлiктiлiгiне қарай) иеленетiн орындарын анықтайтын жекелей;
- жеке бiрiншiлiктен басқа оған қатысушы командалардың орнын анықтайтын жекелей-командалық
- спортшылардың разрядтық нормалары мен бiрыңғай жiктеме талаптарын орындауды анықтайтын жiктеу;
- нәтижелерi бойынша спорт түрлерiнен құрама командаларды жасақтайтын және спортшылар мен командаларды спорт жарыстарының келесi кезеңiне жiберуге рұқсат беретiн iрiктеу, бiлiктiлiк жарыстары болуы мүмкiн.
Сондай-ақ, спорт жарыстары Олимпиада, Ойындар, Спартакиадалар, Универсиадалар түрiндегi кешендi және спорт түрлерiнен чемпионаттар, бiрiншiлiктер (спортшылардың жас топтары бойынша чемпионаттар), Кубокты ұтысқа салу, турнирлер, командалар арасындағы матчтық және жолдастық кездесулер түрiнде өткiзiлуi мүмкiн.
10. Жарысты ұйымдастырушылар:
- спорт жарыстарын өткiзу жөнiндегi күнтiзбе жоспарлар мен Регламенттi (Ереженi) әзiрлеу кезiнде әрбiр жеке жағдайда оларды өткiзудiң неғұрлым үнемдi жүйесiн таңдауы;
- спортшылар мен спорт командаларын ең жақын жолдармен қамтамасыз етуi;
- спортшылардың спорттық бiлiктiлiгiне қойылатын талаптарды қатаң сақтауы;
- оқу-жаттығу жиындарының, жарыстардың күнтiзбе жоспарына және олардың Регламентiне (Ережесiне) сәйкес спорттық iс-шаралар өткiзуi;
- спорттық iс-шараларды ұйымдастыру мен өткiзуге бөлiнген қаражатты тиiмдi пайдалануы, қатысушылар мен спорт төрешiлерiн материалдық қамтамасыз етуi қажет.
11. Қазақстан Республикасының аумағында өткiзiлетiн жарыстардың жеңiмпаздары Уәкiлеттi органның бұйрығымен және (немесе) жергiлiктi атқару органдарының шешiмiмен бекiтiлген мөлшердегi жүлделермен (заттай, ақшалай) марапатталады. Ескерткiш жүлделер саны жарысты өткiзу туралы Регламентпен (Ережемен) белгiленедi. Жүлделердi алуға кететiн шығыстар бұқаралық спорттық iс-шараларды өткiзуге көзделген қаражаттың есебiнен бөлiнедi.
12. Республикалық және халықаралық негiзгi жарыстар уәкiлеттi орган бекiтетiн спорттық-бұқаралық, сауықтыру iс-шараларының және негiзгi республикалық және халықаралық жарыстардың күнтiзбелiк жоспарына енгiзiлуi қажет.
Белгiлi бiр облыс аумағында өткiзiлетiн облыстық бұқаралық, соның iшiнде халықаралық спорт жарыстары дене шынықтыру және спорт саласындағы аумақтық атқару органы бекiтетiн спорттық-бұқаралық iс-шаралардың күнтiзбелiк жоспарына енгiзiледi.
Аудандық спорттық бұқаралық жарыстар дене шынықтыру және саласындағы аудандық атқару органы бекiтетiн спорттық бұқаралық iс-шаралардың күнтiзбелiк жоспарына енгiзiледi.
13. Дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi органның және жергiлiктi атқару органдарының бекiткен күнтiзбелiк жоспарларына сәйкес бөлiнген қаржының шегiнде қалаларда, аудандарда, облыстарда және республикалық деңгейде өтетiн жарыстарға қатысу жарыс регламентiне (ережесiне) сәйкес реттеледi.
Осы жарыстарға, соның iшiнде кешендi Спартакиадаларға, Ойындарға, Универсиадаларға қатысатын спортшылардың, жаттықтырушылардың, төрешiлердiң құрамын дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган және тиiстi жергiлiктi атқару органы бекiтедi. Тиiстi дене шынықтыру және спорт жөнiндегi орган басшысы өндiрiстiк қажеттiлiктi ескере отырып, осы жарыстарда қызмет көрсететiн қызметшiлердiң құрамын бекiтедi.
14. Халықаралық спорттық iс-шараларға қатысу уәкiлеттi орган және дене шынықтыру және спорт жөнiндегi облыстық (республикалық маңыздағы қалалық) атқару органы бекiткен күнтiзбелiк жоспарға қосылған жарыс регламентiне (ережесiне) сай бөлiнген қаражат шегiнде реттеледi.
Халықаралық, соның iшiнде кешендi: олимпиялық, Азиялық, Орталық Азия, Шығыс Азия және басқа да спорттық iс-шараларына қатысатын спортшылардың, жаттықтырушылардың, төрешiлердiң құрамын жарыс регламентi (ережесi) негiзiнде дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi орган басшысы бекiтедi. Жарыстың регламентi (ережесi) негiзiнде және өндiрiстiк қажеттiлiкке (спортшылардың сапалы қатысуына ықтимал жағдайлар жасау) үшiн уәкiлеттi орган басшысының шешiмiмен осы жарыстарда қызмет көрсететiн қызметшiлердiң құрамы анықталады. Спорттық жетiстiктердi насихаттауды жүзеге асыру үшiн делегация құрамына бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi қосылуы мүмкiн. Спортшыларға практикалық нақты көмек көрсету және олардың бiлiктiлiк деңгейi мен шеберлiгiн одан әрi дамыту үшiн ақпарат алу мақсатында дене шынықтыру және спорт жөнiндегi жергiлiктi атқару органының және осы жарысқа спортшыларды даярлауға үлес қосқан басқа да спорт ұйымдарының басшылары делегация құрамына алынады. Халықаралық Олимпиада Комитетiнiң (ХОК) талаптарына сай ХОК өткiзетiн немесе соның қолдауымен өтетiн жарыстардың делегация құрамына Ұлттық Олимпиада Комитетiнiң (ҰОК) және спорт түрлерiнен республикалық федерациялардың өкiлдерi, соның iшiнде халықаралық дәрежедегi төрешiлер де қосылуы мүмкiн.
15. Команда құрамына алынған және жарысқа қатысуға дайындалушы спортшылардың спорт шеберлiгiн арттыру және спорт жарыстарында табысты өнер көрсетуi үшiн оқу-жаттығу жиындары өтуi мүмкiн.
Спортшылардың құрамы және жиындардың ұзақтығы оқу-жаттығу жиындарының сыныптамасымен (2-қосымша) реттеледi.
16. Оқу-жаттығу жиындары бекiтiлген жылдық күнтiзбелiк жоспарға және мынадай тармақтарға сәйкес бөлiнген қаражат шегiнде өткiзiледi:
спорттың түрi, оқу-жаттығу жиынының атауы
өтетiн орны мен уақыты
қатысушы ұйымдар
сандық құрамы (бiр команданың, спортшылардың, жаттықтырушылар мен төрешiлердiң)
өткiзушi ұйымдар
17. Спорт жарыстары мен оқу-жаттығу жиындарының күнтiзбелiк жоспарының негiзiнде Қазақстан Республикасында спорттық iс-шараларды өткiзудiң және халықаралық спорттық iс-шараларға қатысудың қаржылық күнтiзбесi (3-қосымша) жасалады.
18. Негiзгi жұмыс көлемi спортшыларды тактикалық және спорттық техникалық дайындау болып табылатын оқу-жаттығу жиындары спорт жарыстарына тiкелей даярлау жөнiндегi жиындардың санатына жатады.
19. Жалпы дене дайындығы бойынша спортшыларға тексеру жүргiзу жөнiндегi (тереңдетiлген медициналық кешендi) қалпына келтiру оқу-жаттығу жиындары арнаулы жиындарға жатады.
20. Оқу-жаттығу жиындарын өткiзетiн спорт ұйымдары:
теориялық және практикалық сабақтардың, тәрбие жұмыстарының, спортшыларды даярлаудың дербес жоспарларын, кешендi ғылыми топтың жоспарын, медициналық қамтамасыз ету және сабақта қауiпсiздiктi сақтау шараларының жоспарын бекiтуi;
оқу процесiн өткiзудiң сапасына басты назар аударуы, спортшылардың техникалық және тактикалық шеберлiгiн жетiлдiруi, тәрбие жұмысын ұйымдастыруы, қатысушылар арасында тәртiптi сақтауы, мүлiктi сақтауы;
бiлiктi жаттықтырушыларды, дәрiгерлердi, массажшыларды, сондай-ақ басқа да қажеттi қызмет көрсетушiлердi анықтауы;
тамақпен, iссапар шығыстарымен, медико-биологиялық және қалпына келтiру құралдарымен қамтамасыз етуi;
спорт ғимараттарымен және базалармен, қажеттi мүкәммалдармен және жабдықтармен қамтамасыз етуi;
оқу-жаттығу жиындарындағы материалдық жауапты адамға осы ұйымға ведомстволық бағыныстағы спорт базаларында өткiзу кезiнде қаржы-шаруашылық қызметтi жүргiзу үшiн сенiмхат беруi;
техника қауiпсiздiгi жөнiндегi ережелердi қатаң сақтауы;
спортшылардың және басқа оқу-жаттығу жиындарына қатысушылардың дербес тiзiмiн бекiтуi;
Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасын ресми халықаралық жарыстарға даярлау кезiнде бiр мәрте сақтандыруды жүзеге асыруы қажет.
Оқу-жаттығу жиындарының нәтижелерi бойынша талдау жүргiзу үшiн тиiстi спорттық ұйымға жиын нәтижелерi туралы ақпарат жiберiледi.
21. Спорт жарыстары мен оқу-жаттығу жиындарын өткiзушi спорт ұйымдары спорттық iс-шараларды өткiзудiң қаржылық күнтiзбесiне және жарыстар мен оқу-жаттығу жиындарын өткiзудiң күнтiзбелiк жоспарына сәйкес әрбiр спорттық iс-шараны жеке өткiзу үшiн нормаға сәйкес қаржы шығыстарының сметасын бекiтедi.
2. Спорттық iс-шаралардың шығыстарын жабу тәртiбi
22. Спорт ұйымдары спорттық iс-шараларды өткiзу кезiнде Регламентке (Ережеге) сәйкес мынадай шығыстар жұмсауы мүмкiн:
жарысты өткiзудi ұйымдастырушылар:
спорт ғимараттарын жалға алу;
төрешiлердiң жұмысына және iссапарына ақы төлеу;
марапаттау;
баспаханалық және кеңселiк шығыстар;
көлiк шығыстары;
медициналық қамтамасыз ету, жарысқа дайындалу және өткiзу орындарда қызметшiлерге ақы төлеу;
МАИ-дың iлесуiн қамтамасыз ету және жарыс кезiнде қоғамдық тәртiптi сақтау;
егер жарыс Регламентiмен (Ережемен) көзделген болса, жарысқа қатысушыларды тамақтандыру мен орналастыру.
Қазақстан Республикасының аумағында кешендi және халықаралық спорттық iс-шаралар өткiзу кезiнде режиссерлiк-қойылым топтарына ақы төлеу, iс-шараның салтанатты ашылуы мен жабылуын (реквизиттер, киiмдер, мүкәммалдар, жабдықтар, жарықпен және дыбыспен әрлеу, жарыстың орнын безендiру) материалдық қамтамасыз етуге шығыстар көзделуi мүмкiн.
Жарысқа iссапарға жiберушi ұйымдар:
Жолақысы, спортшылардың және басқа қатысушылардың жолда болған уақытына төленетiн тәулiкақы бойынша;
спорт жарыстарында болған уақытта қатысушыларды тұрғын үй-жаймен, тамақпен және тәулiкақымен, спорттық киiммен және шерулiк киiммен (кешендi жарыстарда) қамтамасыз ету, спортшыларды сақтандыру, өтiнiм жарналары, спорт ғимаратын және спорттық мүкәммалды жалға алу, егер жарысты өткiзу Регламентiнде бұл шығыстар көзделсе, онда төрешiлердi iссапарға жiберу бойынша;
жарыс республикадан тыс жерде өтетiн болса шығу құжаттарын ресiмдеу (визалар, сауалнамалар, консульдық алым және т.б.);
ойындардың Регламентiне (Ережесiне) сәйкес, ресми халықаралық жарыстарға Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командасының қатысуы кезiнде спортшыларды бiр мәрте сақтандыру үшiн;
спортшыларға, жаттықтырушыларға, төрешiлер мен қызмет көрсетушi қызметшiлерге егер тамақтануға (тәулiкақы) немесе тәулiкақыда қалталық шығыстар үшiн (Олимпиада және Азия, Шығыс Азия ойындарында) қаражат қаралмаса, немесе тәулiкақыға бөлiнген қаражат Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген нормадан аз болса;
өкiлдiк шығыстар үшiн (Олимпиада және Азия, Шығыс Азия және Орталық Азия ойындарында).
23. Қазақстан Республикасының шегiндегi халықаралық жарыстарды өткiзу кезiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ашық чемпионаттарында қатысушыларды материалдық қамтамасыз етумен байланысты барлық шығыстарды егер жарыс Регламентiмен (Ережесiмен) өзгеше көзделмесе, онда командаларды сол жарыстарға жiберушi спорт ұйымдары көтередi.
24. Уәкiлеттi орган жекелеген, атап айтқанда футболдан, хоккейден және басқа спорт түрлерiнен республикалық жарыстар өткiзудi спорт ұйымдарына тапсырған жағдайда және кейбiр халықаралық жарыстарға қатысу кезiнде жарыс Регламентiне (Ережесiне) көрсетiлген соманы есептеудiң негiздемесiмен бiрге өтiнiмдiк жарналар қарастыруы мүмкiн.
Федерациялар немесе Уәкiлеттi орган (немесе) дене шынықтыру және спорт жөнiндегi жергiлiктi атқару органы осы спорт ұйымдарының жарысты өткiзу Регламентiнде (Ережесiнде) көзделген мақсаттарға, көлемде және мерзiмде өтiнiм жарналарын аударады.
25. Спорттық iс-шараларға (спорт ғимараттарын, спорт жабдықтарын жалға алу, медициналық қамтамасыз ету, қызмет көрсетушi қызметшiлердi ұстау) арналған қаражатты неғұрлым тиiмдi пайдалану және шығыстарды қысқарту мақсатында осы iс-шараға қатысушы әрбiр мемлекеттiк немесе қоғамдық ұйымның келiсiмi және шешiмi бойынша мемлекеттiк және қоғамдық қаражат кооперациялануы мүмкiн.
Кооперациялау тәртiбiн ұйымдар өзара келiседi, күнтiзбелiк жоспарлар мен iс-шараны өткiзу туралы Регламенттi (Ереженi) әзiрлеу мен бекiту кезiнде ескередi.
26. Спорт жарыстарына қатысу үшiн оқу-жаттығу жиындарын өткiзу кезiндегi жиынға қатысушыларды материалдық қамтамасыз етумен байланысты барлық шығыстарды сол жиындарды өткiзетiн спорт ұйымдары көтередi. Оқу-жаттығу жиындарына қосымша өткiзушi ұйымның келiсiмi бойынша спорт ұйымдарын жiберушiлердiң есебiнен спортшылар мен жаттықтырушылар тартылуы мүмкiн.
Оқу-жаттығу жиындарын өткiзу шығыстары мыналарды бiрiктiредi:
Жолақы, спортшылардың және басқа қатысушылардың жолда болған уақытына төленетiн тәулiкақы;
жиындарда болған уақытта қатысушыларды тұрғын үй-жаймен, тамақпен және тәулiкақымен, спортшыларды сақтандыру, спорт ғимараттары мен спорттық мүкәммалды жалға алу;
көлiк шығыстары және (немесе) ЖЖМ;
медициналық қамтамасыз ету;
медико-биологиялық препараттармен және қалпына келтiру құралдарымен қамтамасыз ету;
қажеттi мүкәммалдар мен жабдықтар жеткiзу;
жиындар республикадан тыс жерде өтетiн болса шығу құжаттарын ресiмдеу (визалар, сауалнамалар, консульдық алым);
ресми халықаралық жарыстарға Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командасының қатысуы кезiнде спортшыларды бiр мәрте сақтандыру.
3. Қатысушылар мен спорт төрешiлерiн спорттық
iс-шараларға жiберу тәртiбi
27. Спорттық iс-шараларға қатысушыларды, соның iшiнде спорт жарыстарына қызмет ету үшiн спорт төрешiлерiн iссапарға жiберу жарыс туралы Регламентке (Ережеге) сәйкес бұйрықтың (немесе шақыртудың) негiзiнде спорт ұйымдары жүзеге асырады.
28. Спорттық iс-шараларға шығу күнi деп жiберiлушiнiң поездың, автобустың немесе басқа көлiк құралдарының тұрақты жұмыс орнынан немесе тұратын жерiнен шыққан күнi есептеледi, ал келген күнi болып көрсетiлген көлiктiң тұрақты жұмыс немесе тұратын орнына келген күнi есептеледi.
Көлiктiң 24 сағатқа дейiн жөнелген уақытын қосқанда шығу күнi деп ағымдағы тәулiктер, нөл сағаттан бастап және одан кейiн келесi тәулiк есептеледi.
Егер поезд жүретiн станса (пристань немесе әуежай) тұрғылықты мекеннiң сыртында орналасса, онда стансаға, пристаньға, әуежайға дейiнгi жолға кететiн қажеттi уақыт есептеледi.
29. Республика аумағы шегiнде жарыстарға немесе оқу-жаттығу жиындарына қатысу үшiн командаларды немесе топтарды жiберу кезiнде команда басшысына (өкiлiне, жаттықтырушыға) "қоса берiлетiн тiзiмге сай, командасымен (тобымен) ___________________________________ жолдасқа берiлдi" деп көрсетiле отырып, бiр iссапар куәлiгi берiледi.
Тiзiмде спорттық iс-шараның және барлық қатысушылардың толық атауы көрсетiледi. Спорт ұйымының басшысы iссапар куәлiгiне және тiзiмге қол қояды және мөр басады.
30. Жоғары тұрған ұйым оқу-жаттығу жиындарында немесе жарыстарда қатысуды жалғастыру үшiн қалдырылған спорттық iс-шараларға қатысушыларға жеке iссапар куәлiгi берiледi.
31. Егер бiр тәулiктен астам уақыттағы жарыстарды және оқу-жаттығу жиындарын өткiзу қатысушыларды және спорт төрешiлерiн олардың негiзгi жұмысынан босатумен байланысты болса, оларға жарыстар мен жиындар кезiнде, жарыстар мен жиындарға бару және қайту жолына олардың негiзгi жұмыс орнынан алатын орташа жалақысы сақталып өтеледi.
32. Спорттық iс-шараларды өткiзушi спорт ұйымдарының штаттағы қызметкерлерiне, жарысқа және оқу-жаттығу жиындарына тартылған қатысушылар мен төрешiлерге орташа жалақысы тұрақты жұмыс орны бойынша сақталады.
33. Спорттық iс-шараларға қызмет етушi спорт төрешiлерi мен медицина қызметкерлерiне ақы төлеу Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы "Мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы" N 41 қаулысына сәйкес жүргiзiледi.
34. Бас төрешiлер алқасының мүшелерiне жарыстың әр күнiне қызмет еткенi үшiн ақы төленедi.
Төрешiлердiң жарыста көрсеткен қызметi үшiн бас төрешi мен бас хатшы-төрешi қол қойған, төрешiлер алқасы мүшелерi тiзiмiнiң негiзiнде өткiзушi ұйымның бұйрығы оларға ақы төлеуге негiздеме болады.
Төрешiлерге ақы төлеу жарысты өткiзушi спорт ұйымының сметасына сәйкес жарыстар өтетiн жерлерде қызмет көрсеткенi үшiн төленедi.
Спорт жарыстарына қызмет көрсеткенi үшiн төрешiлерге ақы төлеу осы Ережеде көзделген оларға көрсетiлетiн материалдық қамтамасыз етудiң басқа түрлерiне қарамастан жүргiзiледi.
35. Спорттық iс-шараларды өткiзу кезiнде уақытша қызметкерлердi (есепшiлердi, жұмысшыларды, машинисткаларды) жұмысқа тарту шарт негiзiнде (еңбек шарты) төленедi.
36. Қатысушылар мен төрешiлердi спорттық iс-шараларға жiберу кезiнде аудару есебiнен әуе, темiр жол және басқа көлiк түрлерiне билеттер сатып алуға рұқсат берiледi немесе жолақы құжаттарын тапсырудың негiзiнде екi бағытқа кеткен жолақы құны егер нормативтiк құқықтық актiлермен өзгеше көзделмесе өтеледi.
Жолақы құжаттары тапсырылмаған жекелеген жағдайларда, жарысқа жiберушi ұйым басшысының рұқсатымен авиакомпаниялар куәландырған билеттердiң көшiрмелерiне сай немесе көлiкпен жүрудiң ең төменгi құны бойынша қатысушыға және спорт төрешiсiне тұрақты жұмысы немесе тұратын жерi мен спорттық iс-шараларды өткiзетiн жерлер арасындағы жол құны өтелуi мүмкiн.
Спорттық iс-шараларды (егер бұл шығыстар бұйрықпен бекiтiлген осы iс-шаралардың сметасында көзделсе) өткiзетiн спорт ұйымдары өзге қалалардан келген спорт жарыстарының төрешiлерiне және оқу-жаттығу жиындарының өзге қатысушыларына қайтуға билеттер сатып алады және қолхатпен ведомость бойынша бередi.
Берiлген билеттiң нөмiрi мен сериясы, поездың немесе ұшақ рейсiнiң нөмiрi, баратын станциясы немесе әуежайы, жүретiн күнi, билеттiң құны ведомоста тiркелуге тиiс.
Ведомость жұмсалымдарды тiзiмнен шығаруға негiз болып табылмайды, билеттер сатып алған немесе ақысын төлеген ұйымдарға қайтарылуы қажет.
Поездарда төсек-орындарды пайдаланудың шығыстары плацкарт, купе немесе жұмсақ вагондармен барғанда, спорттық iс-шаралардың өтетiн жерлерге баруы мен керi қайту кезiнде тапсырылған түбiртектiң негiзiнде өтеледi.
37. Жарыстарды немесе жиындарды өткiзетiн спорт ұйымдары ұйымдасқан түрде жарыстарға, жаттығуларға, жүрiп-тұратын, тамақтану орындары мен вокзалдарға бару үшiн қала iшiндегi көлiктi (таксиден басқа) ұсынады.
38. Қатысушылар командалардың спорттық iс-шараларға баруы мен керi қайтуы кезiнде теңдеме жүктiң (спорттық мүлiк, мүкәммал) алып жүру құнын, сақтау камерасындағы құнын қолма-қол ақшамен төлеген жағдайда, бұл шығыстар оларды спорттық iс-шараларға жiберген спорт ұйымының тапсырған түбiртегiнiң негiзiнде өтеледi.
39. Ұзақтығы бiр тәулiктен асатын спорттық iс-шараларға барған кезде осы iс-шараларға қатысушыларға және төрешiлерге Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген, қызметтiк iссапарлар туралы ережеге сәйкес мынадай есеппен тәулiақылар берiледi:
- спортшылар мен басқа да қатысушыларға жолда болған уақытына (спорттық iс-шаралар өтетiн күндерi олар тегiн тамақтану үшiн шығыстардың қолданыстағы мөлшерiнде ақшалай қаражатпен қамтамасыз етiледi);
- спорт төрешiлерiне жолда және спорттық iс-шараларда болған кезiнде тәулiкақы берiледi.
Қазақстан Республикасынан басқа жерлердегi халықаралық жарыстарға және оқу-жаттығу жиындарына қатысу кезiнде әрбiр ел үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген нормалар есебiнен тәулiкақы төленедi.
4. Спорттық iс-шараларға қатысушыларды
тұрғын жаймен қамтамасыз ету
40. Ауданаралық, қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарға және оқу-жаттығу жиындарына қатысушылар растайтын құжаттарды ұсына отырып, күнделiктi тұру үшiн қаражатпен қамтамасыз етiледi.
41. Жарысқа қатысушылар мен төрешiлерге спорттық iс-шараларға бару және қайту жолдарында ықтиярсыз аялдау және түнi бойы немесе бiр тәулiктен аса келесi көлiктi күту кезiнде тиiстi растау құжаттары болған жағдайда, олардың үй-жай жалдауға кеткен шығыстары өтеледi.
42. Спорттық iс-шараларға командаларды жiберетiн ұйымдарға белгiленген мерзiмге бiр тәулiктен аспайтын уақытқа олардың келуiне дейiн жарысқа қатысушыларды және төрешiлердi орналастыру үшiн қонақ үйлерде орындар ұстауға рұқсат етiледi.
43. Iс-шараларға қатысушыларға қонақ үйлерде көрсетiлетiн қосымша ақылы қызметтер (теледидар, тоңазытқыш пайдалану) құжаттарды тапсыруы бойынша сметалық құжаттар шегiнде төленуi мүмкiн.
5. Спорттық iс-шараларға қатысушыларды және оларға қызмет көрсетушi басқа да қызметкерлердi материалдық қамтамасыз етудiң қосымша шарттары
44. Осы Ережеде белгiленген халықаралық және республикалық жарыстарды, сондай-ақ халықаралық және республикалық жарыстарға дайындалуға арналған оқу-жаттығу жиындарын өткiзу кезiнде жаттықтырушылардың, жаттықтырушы-дәрiгерлердiң үй-жай ақысының тәртiбi және тамақпен қамтамасыз ету шығыстарының нормалары осы жиындар мен жарыстар өткiзу кезiнде спортшылармен тұрақты бiрге болатын Республикалық спорттық медицина орталығында құрылған ғылыми кешендi топтардың қызметкерлерiне де қолданылады. Уәкiлеттi орган бекiтетiн кешендi ғылыми топтардың құрамына оқу-жаттығу жиындарын өткiзу және жарыстарға қатысу кезiнде спортшыларды ғылыми-әдiстемелiк және медициналық қамтамасыз ету үшiн қажеттi педагогтар, биологтар, биохимиктер, биомеханиктер, психологтар, инженерлер және басқа да мамандар кiредi.
45. Қазақстан Республикасының құрама командаларын көркем және спорттық гимнастика, конькимен мәнерлеп сырғанау, ат спорты түрлерiнен халықаралық жарыстарға дайындау үшiн оқу-жаттығу жиындарын өткiзу кезiнде халықаралық жарыстарға дайындайтын оқу-жаттығу жиындарының жаттықтырушылары мен басқа да қатысушылар үшiн тұрғын үй ақысын төлеу тәртiбi мен тамақтану шығыстарының нормалары, осы мақсаттарға бөлiнген қаржының шегiнде ұйымның бұйрығына сәйкес белгiленедi. Бұл сондай-ақ хореографтарға, сүйемелдеушiлерге, ат баптаушыларға да (олардың санын ұйым анықтайды) қолданылады.
46. Спорттық iс-шараға қатысушы командалар өздерiне бекiтiлген, тұрақты жұмыс iстейтiн жаттықтырушы-дәрiгерлер және массажшы-жаттықтырушылар болмаған және спорт iс-шарасын өткiзу кезеңiнде арнайы бөлiнген дәрiгерлер мен массажшылар қызмет ететiн жағдайларда, олардың спорт iс-шарасына қатысу кезеңiндегi тамақтануының және тұрғын-жайының ақысы жаттықтырушы-дәрiгерлер мен массажшы-жаттықтырушылар үшiн белгiленген нормалар бойынша төленедi.
47. Облысаралық матчтық кездесулер өткiзу кезiнде қатысушылар мен төрешiлердi материалдық қамтамасыз ету облыстық спорттық жарыстар үшiн белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
48. Қалааралық матчтық кездесулер, дене шынықтыру және спорт ұжымдары арасында матчтық кездесулер өткiзу кезiнде қатысушылар мен төрешiлердi материалдық қамтамасыз ету қалалық спорт жарыстары үшiн белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
49. Бас төрешiлер алқасының мүшелерiн тәулiкақы беруден басқасымен материалдық қамтамасыз ету дайындық пен қорытынды кезеңдердi қоса алғанда, жарыстарға қызмет ету бойынша төрешiлiк етудiң бүкiл кезеңiнде жүзеге асырылады.
Бас төрешiлер алқасының жарыстарға қызмет ету жөнiндегi төрешiлiк жұмысына мыналар кiредi:
Спортшылар жарысқа қатысқанға дейiн (мандат комиссиясының құрамындағы жұмыс күндерi, жарыс өтетiн орындардың, спорттық жарақтардың, спорттық мүкәммалдардың, төрешiлiк аппаратураның жарыс ережесiне сәйкестiгiн тексеру);
Спортшылардың қатысу кезеңiнде (жарыстың барлық күндерi);
Спортшылар жарысқа қатысып болғаннан кейiн (шағым арыздарды қарайтын қазылар құрамындағы жұмыс күндерi, жарыс қорытындыларын шығару, спортшылардың қатысу нәтижелерiн бекiту, спорт ұйымдары мен командаларға құжаттамалар ресiмдеу мен беру, жарысты өткiзушi ұйымға қорытынды тапсыру).
50. Жекелеген жағдайларда 16 жасқа дейiнгi спортшыларды халықаралық және республикалық жарыстарға, оқу-жаттығу жиындарына және басқа да спорттық iс-шараларға шақыру кезiнде оларды жарыс өтетiн жерлерге апару үшiн жiберушi спорт ұйымының есебiнен оның нұсқаушысын немесе басқа өкiлдi жiберуге рұқсат берiлiп, шығыстары төленедi.
51. Бекiтiлген күнтiзбелiк жоспар бойынша өткiзiлетiн және үлкен әрi ұзақ жүктемемен байланысты қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық (Қазақстан Республикасының iшiндегi) (кемiнде 10 км қашықтыққа алысқа жүзу, кемiнде 30 км қашықтыққа шаңғы жарысы, кемiнде 50 км қашықтыққа арналған веложарыстар, кемiнде 30 км қашықтыққа дейiнгi жаяу жарыс және жылдам асулар) жарыстарға, халықаралық және республикалық жарыстарға дайындық бойынша оқу-жаттығу жиындарына қатысушы спортшылар белгiленген тәулiктiк тамақтану нормасының 20%-не дейiнгi есеппен қосымша арнайы тамақпен қамтамасыз етiледi.
Жарыстарды, шаңғы спортынан және тас жолдағы велосипед жарыстарын, марафондық жүгiруге, жүгiруге және алыс қашықтыққа спорттық жаяу жүруге дайындыққа арналған оқу-жаттығу жиындарын (сыныптамада көзделген) өткiзу кезiнде спорт ұйымдары мен спорт қоғамдары арнайы тамақтану (сорпа, какао, шәй, сүт, шырындар, глюкозалы және аскорбин қышқылды сусындар, жемiс-жидектер және басқалар) орындарын ашады.
Ара қашықтықтар кезiнде ас қабылдауға арналған арнайы тамақтану орындарының санын және олардың орналасуын дәрiгерлермен келiсе отырып, жарыс ережелерiне сәйкес бас төрешiлер алқасы айқындайды.
Бүкiл қашықтықтағы арнайы тамақтанудың бағасы қатысушы спортшыларға бiр тәулiкке белгiленген тамақтану нормасының 20%-нен аспауы қажет.
Қазақстан Республикасы Туризм
және спорт жөнiндегi агенттiгi
Төрағасының м.а. 2004 жылғы
21 шiлдедегi N 06-2-2/229
бұйрығымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасында
спорттық iс-шаралар өткiзу мен
халықаралық спорт жарыстарына
қатысу ережесiне 1-қосымша
Негiзгi жарыстардың сыныптамасы
___________________________________________________________________
Р\с| Жарыстың атауы |Өту кезеңi|Кiм өткiзедi| Кiмдер | Ескерту
N | | | | қатысады |
___________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6
___________________________________________________________________
Халықаралық жарыстар
___________________________________________________________________
1. Кешендi спорттық-
бұқаралық
iс-шаралар:
Олимпиадалық Төрт жылда Халықаралық Олимпиада. Қысқы және
ойындар бiр рет Олимпиада лық құрама жазғы
комитетi команда ойындар
Азия ойындары Төрт жылда Азияның Ұлттық Қысқы және
бiр рет Олимпиада құрама жазғы
комитетi команда ойындар
Аймақтық ойындар Екi жылда Халықаралық Ұлттық Орталық
бiр рет Олимпиада құрама Азия, Шығыс
комитетiнiң команда Азия,
қолдауымен Афро-Азия,
Тәуелсiз
мемлекеттер
достығы
елдерi
Дүниежүзiлiк Екi жылда Халықаралық Студент. Қысқы және
Универсиада бiр рет студенттер тердiң жазғы
одағы құрама
командасы
Дүниежүзiлiк Төрт жылда Халықаралық Жасөспi.
жасөспiрiмдер бiр рет Олимпиада рiмдер
ойындары комитетiнiң құрама
қолдауымен командасы
Параолимпиялық Төрт жылда Параолимпия. Мүгедектер Қысқы және
ойындар бiр рет лық комитет құрама жазғы
командасы ойындар
Арнайы олимпия. Төрт жылда Арнайы Мүгедектер Қысқы және
лық ойындар бiр рет олимпиялық құрама жазғы
комитет командасы ойындар
(спешиал
олимпикс)
2. Спорт түрiнен *жыл сайын Спорт түрле. Ұлттық *спорт
барлық жастағы Регламент. рiнен халы. құрама түрлерiнен
топтарға арналған ке сәйкес қаралық фе. команда халықаралық
әлем чемпионат. дерациялар федерация.
тары лардың
ережесiне
сәйкес
жекелеген
спорт
түрлерi
бойынша
екi, үш,
төрт жылда
бiр рет
өтуi мүмкiн
олимпиадалық Регламент. Спорт түрле. Олимпиа. жазғы және
ойындарға дейiнгi ке сәйкес рiнен халы. далық қысқы
iрiктеу турнир. қаралық фе. құрама ойындардың,
лерi дерациялар команда спорттың
ойын түрле.
рi бойынша
әлем чемпионат. Регламент. Спорт түрле. Ұлттық Спорттың
тарына дейiнгi ке сәйкес рiнен халы. құрама ойын түрле.
iрiктеу ойындары қаралық фе. команда рi бойынша
дерациялар
3. Спорт түрлерiнен Жыл сайын Спорт түрле. Ұлттық
барлық жастағы рiнен Азия құрама
топтарға арналған федерация. команда
Азия чемпионаты лары
4. Әлем кубогы Азия Регла. Спорт түр. Ұлттық
кубогының кезең. ментке лерiнен құрама
дерi Гран-при сәйкес халықаралық команда
жарыстары федерациялар
5. Азия кубогы Азия Регла. Спорт түр. Ұлттық
Кубогының кезең. ментке лерiнен құрама
дерi Гран-при сәйкес Азия феде. команда
жарыстары рациялары
6. Халықаралық
жарыстар
(турнирлер):
"А" санатты Регламент. Спорт түрле. Республи. Жарыстар
халықаралық ке сәйкес рiнен халы. каның (турнир)
жарыстар қаралық фе. облыстың, спорт түр.
(турнирлер) дерациялар, қаланың лерiнен
ұйымдасты. ең мықты халықаралық
рушы ел спортшы. федерация.
лары, лардың
спорт күнтiзбесi.
клубтары не, респу.
бликалық
күнтiзбеге
енгiзiлген
халықаралық Регламент. халықаралық, Республи. Кемiнде
жарыстар ке сәйкес республика. каның, 5 (бес)
(турнирлер) лық облыс. облыстың, елдiң
тық, қалалық қаланың қатысуымен
спорт мықты
ұйымдары спортшыла.
ры, спорт
клубтары
халықаралық Регламент. халықаралық, Республи. Кемiнде
матчтық кезде. ке сәйкес республика. каның, 5 (бес)
сулер, ашық лық, облыс. облыстың, елдiң
турнирлер тық, қалалық қаланың қатысуымен
спорт мықты
ұйымдары спортшыла.
ры, спорт
клубтары
___________________________________________________________________
Республикалық жарыстар
___________________________________________________________________
1. Кешендi спорттық
бұқаралық iс-
шаралар:
Қазақстан Респу. Төрт жылда Орталық Облыс. Жазғы, қысқы
бликасының спар. бiр рет уәкiлеттi тардың,
такиадасы орган Алматы,
Астана қа.
лаларының
құрама ко.
мандалары
Қазақстан Респу. Төрт жылда Орталық Облыс.
бликасының бiр рет уәкiлеттi тардың
халықтық спорт орган Алматы
ойындары және
Астана қа.
лаларының
құрама ко.
мандалары
Қазақстан Респу. Екi жылда ҚР-ның Облыс.
бликасының бiр рет Бiлiм тардың,
оқушылар спарта. министрлiгi Астана Жазғы,
киадасы және Алматы қысқы
қалаларының
командалары
"Ақ бидай" ауыл Төрт жылда Орталық Облыстардың
спорты ойындары бiр рет атқарушы құрама
орган командалары
Қазақстан Респу. Төрт жылда Орталық Облыстар.
бликасының бiр рет атқарушы дың, Астана
ардагерлер спар. орган мен Алматы
такиадасы қалаларының
құрама
командалары
Барлық жастағы Жыл сайын Орталық Облыстар. Жазғы,
топтарға арналған уәкiлеттi дың, Астана қысқы
Қазақстан Респу. орган мен Алматы
бликасының чем. қалаларының
пионаттары құрама
командалары
2. Спорттың барлық Жыл сайын Орталық Облыстар. Жазғы,
түрлерiнен уәкiлеттi дың, Алматы қысқы
Қазақстан Респу. орган мен Астана
бликасының қалаларының
Кубоктары құрама
командалары
3. Спорттың барлық Жыл сайын Орталық Облыстардың,
түрлерiнен уәкiлеттi Алматы мен
Қазақстан Респу. орган Астана қала.
бликасының Кубогы ларының құрама
командалары
4. Республикалық Бұқаралық Орталық Облыстардың,
турнирлер спорттық уәкiлеттi Астана мен
iс-шара. орган Алматы қала.
лардың ларының құрама
күнтiз. командалары
бесiне
сәйкес
5. Матчтық Бұқаралық- Орталық Регламентке
кездесулер спорттық уәкiлеттi сәйкес
iс-шара. орган
лардың
күнтiз.
бесiне
сәйкес
6. Кәсiподақтардың, Бұқаралық- Кәсiподақ. Күнтiзбелiк Жазғы,
қоғамдардың, спорттық тардың, жоспарға қысқы
ведомстволардың iс-шара. спорт ұйым. сәйкес
Спорт түрлерiнен лардың дарының қатысушы
барлық жастағы күнтiз. орталық командалар
топтарға арналған бесiне кеңесi
чемпионаттары сәйкес
___________________________________________________________________
Облыстық жарыстар
___________________________________________________________________
1. Кешендi спорттық
бұқаралық
iс-шаралар:
Қазақстан Респу. Төрт жылда Облыстық Аудандардың II кезең
бликасының бiр рет уәкiлеттi құрама жазғы,
Спартакиадасы орган командалары қысқы
Қазақстан Респу. Төрт жылда Облыстық Аудандардың II кезең
бликасы халықта. бiр рет уәкiлеттi құрама
рының спорт орган командалары
ойындары
Қазақстан Респу. Екi жылда Облыстық Аудандардың II кезең
бликасының бiр рет бiлiм де. құрама жазғы,
Оқушылар партаментi командалары қысқы
спартакиадасы
"Ақ бидай" ауыл Төрт жылда Облыстық Аудандардың II кезең
спорты ойындары бiр рет уәкiлеттi құрама
орган командалары
Қазақстан Респу. Төрт жылда Облыстық Аудандардың II кезең
бликасының бiр рет уәкiлеттi құрама
ардагерлер орган командалары
спартакиадасы
2. Барлық жастағы Жыл сайын Облыстық Аудандардың Қысқы,
топтарға арналған уәкiлеттi құрама жазғы
спорттың барлық орган командалары
түрiнен облыс
чемпионаттары
3. Облыстық турнир. Спорттық- Облыстық Регламентке
лер, матчтық бұқаралық уәкiлеттi сәйкес
кездесулер iс-шара. орган
лардың
күнтiз.
бесiне
сәйкес
4. Кәсiподақтардың, Спорттық- Кәсiпо. Күнтiзбелiк Жазғы,
қоғамдардың, бұқаралық дақтардың жоспарға қысқы
ведомстволардың iс-шара. облыстық сәйкес
спорт түрлерiнен лардың кеңесi, қатысушы
барлық жастағы күнтiз. спорт командалар
топтарға арналған бесiне ұйымдары
облыстық сәйкес
чемпионаттары
___________________________________________________________________
Аудандық жарыстар
___________________________________________________________________
1. Кешендi спорттық-
бұқаралық
iс-шаралар:
- Қазақстан Төрт жылда Аудандық Дене шынық. I кезең
Республикасының бiр рет уәкiлеттi тыру ұйым. қысқы,
Спартакиадасы орган дарының жазғы
құрама ко.
мандалары
Қазақстан Респу. Төрт жылда Аудандық Дене шынық.
бликасының бiр рет уәкiлеттi тыру ұйым.
халықтық спорт орган дарының
ойындары құрама ко.
мандалары
Қазақстан Респу. Екi жылда Бiлiм де. Орта мек. I кезең
бликасының оқушы. бiр рет партаментi тептердiң жазғы,
лар спартакиадасы құрама ко. қысқы
мандалары
"Ақ бидай" ауыл Төрт жылда Аудандық Дене шынық.
спорты ойындары бiр рет уәкiлеттi тыру ұйым.
орган дарының
құрама ко.
мандалары
Қазақстан Респу. Төрт жылда Аудандық Дене шынық.
бликасының арда. бiр рет уәкiлеттi тыру ұйым.
герлер спарта. орган дарының
киадасы құрама ко.
мандалары
2. Дене шынықтыру Спорттық- Дене шынық. Барлық
ұйымдарының, бұқаралық тыру ұйым. тiлек
спорт мектепте. iс-шара. дарының, бiлдiрушiлер
рiнде, оқу орын. лардың спорт мек.
дарында, ұйым. күнтiз. тептерiнiң
дарда, мекеме. бесiне кеңестерi
лерде өтетiн сәйкес
жарыстар
___________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы Туризм
және спорт жөнiндегi агенттiгi
Төрағасының м.а. 2004 жылғы
21 шiлдедегi N 06-2-2/229
бұйрығымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасында
спорттық iс-шаралар өткiзу мен
халықаралық спорт жарыстарына
қатысу ережесiне 2-қосымша
Оқу-жаттығу жиындарының сыныптамасы
___________________________________________________________________
Р/с|Жиындардың атауы| Жиындарды | Жиынның | Жиынға |Жиынға қаты.
| | өткiзетiн | ұзақтығы | қатысу. |сушылардың
| | ұйым | | шылар |ең көп саны
___________________________________________________________________
1. Халықаралық жарыстарға дайындау жөнiндегi оқу-жаттығу жиындары
___________________________________________________________________
1.1 Қазақстан Рес. Дене шынық. 24 күнге Қазақстан Дене шынық.
публикасының тыру мен дейiн Республи. тыру және
құрама коман. спорт жө. касы құ. спорт жөнiн.
далары мүшелерiн нiндегi ор. рама ко. дегi орталық
тiкелей әлем, талық және мандала. және облыстық
Еуропа, Азия облыстық рының (республика.
чемпионаттарына, (республи. мүшелерi лық маңыздағы
Олимпиадалық, калық ма. қалалық) ат.
параолимпиялық ңыздағы қарушы орган.
ойындарға және қалалық) дар белгiлейдi
басқа халықара. атқару
лық жарыстарға органдары
дайындау жөнiн.
дегi оқу-жаттығу
жиындары
1.2 Тiкелей универ. Осы халық. 24 күнге Осы халы. Жарыстарға
сиадаға, сту. аралық жа. дейiн қаралық жiберiлетiн
денттер арасын. рыстарға жарыстарға саны екi
дағы әлем, қатысу үшiн қатысушы құрамнан, ал
Еуропа және Азия команда. командалар спорттың
чемпионаттарына, ларды жiбе. жекпе-жек
МССЖ чемпинатта. ретiн түрлерi
рына дайындау ұйымдар бойынша үш
жөнiндегi оқу- құрамнан
жаттығу жиындары аспайтын
спортшылар
1.3 Қазақстан Респу. Дене шы. 18 күнге Қазақстан Дене шынық.
бликасының құрама нықтыру дейiн Республи. тыру мен
командалары мүше. және касының спорт жөнiн.
лерiн халықаралық спорт құрама дегi орталық
жарыстарға дайын. жөнiндегi коман. және облыстық
даумен байланысты орталық далары (республи.
арнайы оқу-жаттығу және об. калық маңыз.
жиындары (жалпы лыстық дағы қалалық)
дене дайындығы, уәкiлеттi атқару
спортшыларды органдар органдары
тексеру, қалпына
келтiру үшiн)
1.4 Басқа халықаралық халықа. 18 күнге Халықара. Жарыстарға
жарыстарға (ресми, ралық дейiн лық спорт. қатысуға
жолдастық) тiкелей спорттық тық байла. жiберiлетiн
дайындау жөнiндегi байланыс. ныстардың құрам 30
оқу-жаттығу тардың жоспарында пайызға
жиындары жоспарына көзделген көбейген
сәйкес халықара.
команда. лық жарыс.
ларды тарға қа.
халықа. тысушы ко.
ралық жа. мандалар
рыстарға
жiберетiн
ұйымдар
___________________________________________________________________
II. Республикалық жарыстарға дайындау жөнiндегi оқу-жаттығу жиындары
___________________________________________________________________
2.1 Тiкелей Қазақстан Дене 21 күнге Облыстар. Жарыстарға
Республикасының шынықтыру дейiн дың, жiберiлетiн
Спартакиадасына және Астана саны екi
(кешендi) дайын. спорт жө. және құрамнан
дауға арналған нiндегi Алматы аспайтын, ал
оқу-жаттығу облыстық қ.қ. спорттың
жиындары (респу. құрама жекпе-жек
бликалық коман. түрлерi
маңыздағы далары бойынша үш
қалалық) құрамнан
атқару аспайтын
органдары спортшылар
2.2 Қазақстан Респу. Команда. Қазақстан Жарыстарға
бликасының чемпио. ларды дене Республи. спортшылардың
наттары мен шынықтыру касының саны екi
Кубокты ұтысқа және спорт чемпионат. құрамнан
салу жарыстарына жөнiндегi тары мен аспайтын, ал
тiкелей дайындау уәкiлеттi Кубокта. спорттың
үшiн оқу-жаттығу органның рына қа. жекпе-жек
жиындары жоспары тысушы түрлерi
бойынша командалар бойынша саны
өтетiн чем. үш құрамнан
пионаттар аспайтын
мен Қазақ. құрамалар
стан Рес.
публикасының
Кубогына
қатысуға
жiберетiн
ұйымдар
2.3 Басқа республи. Дене шы. 18 күнге Республи. Жарыстарға
калық жарыстар нықтыру дейiн калық жа. жiберiлетiн
мен республика және рыстар мен спортшылардың
бiрiншiлiктерiне спорт жө. Қазақстан саны екi
тiкелей дайында. нiндегi Республи. құрамнан
луға арналған уәкiлеттi касының аспайтын, ал
оқу-жаттығу органның бiрiншiлi. спорттың
жиындары жоспары гiне қаты. жекпе-жек
бойынша сушы ко. түрлерi
өткiзiле. мандалар бойынша үш
тiн рес. құрамнан
публикалық аспайтын
жарыстар құрамалар
мен бiрiн.
шiлiктерге
қатысу
үшiн ко.
мандаларды
жiберушi
ұйымдар
2.4 Республикалық Команда. 18 күнге Республи. Жарыстарға
жарыстарға дайын. ларды дейiн калық жа. жiберiлетiн
далумен байланысты респуб. рыстарға спортшылардың
арнайы оқу-жаттығу ликалық қатысушы саны екi
жиындары жарыстар. командалар құрамнан
ға жiбе. аспайтын, ал
ретiн спорттың
ұйымдар жекпе-жек
түрлерi
бойынша үш
құрамнан
аспайтын
құрамалар
- жалпы дене дайын. 18 күнге
дығына арналған дейiн
- спортшыларды тек. 7 күнге
серуге арналған дейiн
- қалпына келтiру 12 күнге
жиындары дейiн
___________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы Туризм
және спорт жөнiндегi агенттiгi
Төрағасының м.а. 2004 жылғы
21 шiлдедегi N 06-2-2/229
бұйрығымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасында
спорттық iс-шаралар өткiзу мен
халықаралық спорт жарыстарына
қатысу ережесiне 3-қосымша
Қазақстан Республикасында спорттық iс-шараларды өткiзу мен халықаралық спорттық iс-шараларға қатысуға арналған қаржылық күнтiзбе:
__________________________________________________________________
N |Iс-шараның| Өтетiн |Қатысушылардың саны| Теңгелiк шығыстар
р/с| атауы |орны мен|-------------------|----------------------
| | мерзiмi|спорт.|Жаттықтыру. |Төрешi. |Жалақы|тамақ
| | |шылар |шылар, басқа|лердiң, |аудару|
| | | |қатысушылар |жұмыс. | |
| | | | |шылардың| |
| | | | |жалақысы| |
__________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7 8
__________________________________________________________________
Теңгелiк шығыстар
__________________________________________________________________
Дәрi- |Бұқ. Спорт |Ел |Елден тыс |Спорт ғи. |Байланыс |Авто.
дәрмек, |шараларға |iшiн.|жердегi |мараттарын|қызметi |көлiк
фармако.|қатысушыға |дегi |жолақы, |және мүкә.|(шұғыл |қызметi
логиялық|жүлделер, |жол. |тәулiкақы,|ммалдарды |қажет |
құралдар|медальдар, |ақы, |әуежай |жалға алу |болғанда)|
|грамоталар,|тәу. |алымдары, | | |
|дипломдар, |лiк. |жүкақы, | | |
| кеңсе |ақы |кедендiк | | |
|тауарлары | |басқа | | |
| | |шығыстар | | |
| | |(қажетiне | | |
| | | қарай) | | |
__________________________________________________________________
9 10 11 12 13 14 15
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Теңгелiк шығыстар |Шығыстардың|Валюталық | Барлық
--------------------------------|жиынтығы | шығыстар | шығыстар
Баспаханалық| өкiлдiк шығыстар |теңгемен | | теңгемен
және басқа |(уәкiлеттi органның| | |
шығыстар | шешiмi бойынша) | | |
__________________________________________________________________
16 17 18 19 20
__________________________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |